Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жетісудағы Ақсу және Көксу қант зауыттарына бүгінге 352 мың тонна қант қызылшасы қабылданды 16.11.2024
Биыл Жетісу облысында 13 700 гектарға қант қызылшасы егілсе, одан жалпы 615 мың тонна қызылша жиналады деп күтілуде. Қазіргі уақытта 8 600 гектардан 403 мың тонна жиналды, бұл жалпы себілген көлемнің 63 %. Бүгінгі күнге соның 352 мың тоннасы Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізілді. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Брифинг барысында Н. Кененбаев журналистерге облыстағы қант қызылшасын жинау және өнімді зауыттарға өткізу мәселелеріне қатысты кеңінен баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні 13 700 гектар қызылша алқабының қалған 5 100 гектарында тәтті түбір жинау жұмыстары қарқынды жүруде. Гектар өнімділігі биыл 472 центнерден айналып отыр. Бұл – жақсы көрсеткіш.Облыстағы екі зауыттың қуаттылығы 700 мың тонна өнім өңдеуге жетеді. Бүгінгі күні бұл кәсіпорындарға облыс шаруашылықтарынан 352 мың тонна өткізілді. Екі зауыт та өңдеу жұмыстарын бастады.- Бізде қант қызылшасының себілуінен бастап, жиналуына дейін барлық процес ойластырылған. Қызылшаны қазу жұмыстары жалпы 103 комбайнмен басталған. Оған қосымша өнімді жинап алуға бюджеттен қаражат бөлініп, 19 жапырақ жинағыш пен 20 комбайн сатып алынып, шаруаларға таратылды. Ендігі жерде зауытқа өнім өткізуге тұрған көлік кептелісін азайту мақсатында Көксу қант зауыты үшін әр ауданға жасалған график жаңартылды. Көксу зауыты бүгінге дейін күніне 3 мың тонна қабылдаса, оны 4 мыңға дейін көтеру керек деп шештік. Қазір 13 700 гектар алқаптың қалған 5,1 мың гектарында жүріп жатқан қазу жұмыстарын қараша айының 20-сына дейін аяқтауға толық мүмкіндігіміз бар. Жалпы қант қызылшасын жинау мен өткізу мәселелері облыстық жедел штабтың тұрақты бақылауында, - деді Н. Кененбаев. Брифингіде зауыттардың басшылары да кәсіпорындардың өнім қабылдау бағытындағы жұмыстарына тоқталды.- Көксу зауытына осыған дейін күніне 150-160 машинаға дейін, яғни 3 мың тоннаға дейін қабылдадық. Қазір бүгінге дейін кагат алаңында жатқан 140 мың тонна өнімді өңдеуге кіргізіп жатырмыз, дегенмен алаңдар бірден босай қоймайды, орнын тазалау жұмыстары жүреді. Қазір қосымша жер дайындап жатырмыз, соған сәйкес ертеңнен бастап 4 мың тонна қабылдауға көшеміз, - деді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов.Сол сияқты Ақсу қант зауыты да өз режимінде жұмыс істеуде.- Бүгінгі күні Ақсу зауытына 210 мың тонна қант қызылшасы кірді. Қазанның 22-сіне дейін күніне 300 машинадай қабылдағанбыз, қазір кагат алаңының толуына байланысты күніне 160-170 машина кіруде. 25 қарашадан бері Жамбыл облысынан қызылша қабылдау тоқтатылды. Қазір Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының шаруашылықтарынан қызылша қабылданып жатыр. 1 қарашадан кейін Талдықорған өңірінен өнім қабылдаймыз, - деді Ақсу қант зауытының директоры Самат Надирбаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/874455
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау: Жамбыл облысында 11 мыңнан аса шаруа 19,7 млрд.теңге субсидия алды 16.11.2024
Жамбыл облысында 2024 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы саласында 348 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.Жыл басынан бері 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 19,7 млрд.теңге субсидия төленді. Қаржы институттары арқылы 1 045 агроқұрылымға 15,2 млрд.теңге несие берілді.Күзгі дала және егін жинау жұмыстарын мерзімінде жүргізу мақсатында 10 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда 421 жаңа техника (411 трактор, 10 комбайн) сатып алынып, жаңару көрсеткіші 7,4 пайызды құрады.Облысқа бөлінген 11,4 мың тонна дизель отынының 8,4 мың тоннасы жеткізілді. 7,4 мың тонна дизель отыны шаруаларға таратылды (бағасы 1 литріне 250 теңге).Өңірде жыл сайын минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі артып келеді. 2024 жылы 415,4 мың гектар алқапқа 83,1 мың тонна тыңайтқышты енгізу жоспарланған. Бүгінде 1 мыңнан аса шаруа 370 мың гектар жерге 74,2 мың тонна минералды тыңайтқышты енгізді.626,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, 352,9 мың гектар алқаптағы масақты дәнді дақыл толықтай орылып, 586,4 мың тонна астық жиналды.Ауа райының қолайлы болуына және агротехникалық шаралардың мерзімінде жүргізілуі есебінен масақты дәнді дақылдардан алынған орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 10 ц/га-дан 16,6 ц/га-ға дейін өсті.Қазір картоп, майлы дақылдар, көгөніс, бақша және қант қызылшасын жинау жұмыстары жүріп жатыр.Биыл 3,8 млн.тоннадан астам өнім алу күтіліп отыр.600 мың тоннадан астам қант қызылшасын жинау және өңдеу жоспарлануда. Меркі қант зауыты 450 мың тонна шикізат (175,8 мың тонна өткізілді) қабылдайды, қалғаны Ақсу қант зауытында қайта өңделеді. Бүгінгі күнге 15,5 мың тоннаға жуық өнім өткізілді. Шикізатты тасымалдау шығындары берілетін субсидияның нормативін 25 теңгеден 45 теңгеге көтеру есебінен өтеледі.Меркі қант зауытына Үкімет тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде. Зауыттың айналым қаражатын толықтыруға Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала - 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие берілуде.Меркі қант зауытына өткізілген өнімді жергілікті бюджет есебінен субсидиялау басталды (бағдарлама бойынша қалған 172 млн.теңге шаруаларға төленуде). Қолда бар қаржымен 6,8 мың тонна өнім субсидияланды.600 мың тоннаға жуық өнімді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен тағы 16 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/870734
Жамбыл облысында медициналық нысандар пайдалануға берілді 16.11.2024
25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл ауданы Қоңыртөбе ауылында медициналық пункт ашылды.Қоңыртөбе елді мекені Жамбыл ауылдық округіне қарайды. 570-тен аса тұрғыны бар.Ағымдағы жылы «СК Алем» ЖШС медициналық пункттің құрылысын 5 айда жүргізіп, халықтың игілігіне тапсырды.Аталған жобаға 136,4 млн.теңге қарастырылған. Ғимарат барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.– Мемлекетіміздің назарынан аядай ауылдарда тыс қалмай жатқаны қуантады. Осы күнге дейін қоңыртөбеліктер тозығы жеткен ғимаратта ем қабылдап жүрді. Бүгін міне еңселі медициналық пункт қажетке берілді. Бұл ауыл азаматтары үшін үлкен қуаныш. Мұнда денсаулығын емдету үшін емес, ауру-сырқаттың алдын алу үшін келуді жазсын, – дейді ауыл ақсақалы Орынбай Рысбаев.Айта кетейік, Жамбыл ауданында 36 денсаулық сақтау нысаны бар. Жыл соңына дейін Қостөбе, Тоғызтарау ауылдарындағы медициналық пункттің, Қаратау елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталады деп күтілуде.Аудандағы орталық аурухананы да күрделі жөндеуден өткізу жоспарға қойылған.Алдағы жылдары Шоқай, Қапал, Құмтиын, Бәйтерек ауылдарында медициналық пункт ғимаратын соғу бойынша жоспар әзірленуде.Айтулы мереке қарсаңында Қордай ауданы Масаншы ауылындағы емхана ғимараты кеңейтіліп, ел игілігіне берілді.Заманауи медициналық мекеме бір ауысымда 150 адамды қабылдай алады.Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жаңа нысан тек масаншылықтардың ғана емес, көршілес Қаракемер, Қарасай ауылдық округі тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етеді.Емханада 8 дәрігер, 40 медбике, 21 кіші буын медицина қызметкері жұмыс істейді.Бүгінде Қордай ауданындағы 41 елді мекенде 45 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/870754
Ербол Қарашөкеев қызылша жинау жұмыстарымен танысты 16.11.2024
Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл 11,2 мың гектарға қант қызылшасы егіліп, 600 мың тоннадан астам өнім алу күтілуде.Жұма, 25 қазан күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тәтті түбірді жинау барысымен танысу үшін Байзақ ауданына ат басын бұрып, диқандардың мәселесіне құлақ түрді.Ербол Қарашөкеев «Зулуфов», «Чаушев», «Ветеран», «Адлер» шаруа қожалықтарына барып, жұмыс қарқынын бақылауға алды.Мемлекеттік қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айта келе, өзекті мәселелердің оң шешілуіне күш салынатынын жеткізді.Байзақтық шаруа Таласбек Шертаев жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиеге қант қызылшасын жинайтын комбайн алғанын, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жинау жұмыстарына үлкен көмегін тигізіп отырғанын жеткізді.Байзақ ауданында 67 шаруа 3 мың гектар жерге қант қызылшасын еккен. Оның 0,7 мың гектары жиналып, 52,9 мың тонна өнім алынды. Бүгінде 50,6 мың тонна тәтті түбір қант зауыттарына жөнелтілді.Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша биыл 11,2 мың гектарға қант қызылшасы егілді. 600 мың тоннадан астам өнім алу көзделген (орташа өнімділік 570 ц/га).Қазіргі таңда 3,2 мың гектар жиналып, 229,3 мың тонна өнім алынды (орташа өнімділік 711,4 ц/га).Меркі қант зауыты 450 мың тонна шикізат қабылдайды. Қалған 100-150 мың тоннаға жуық өнім Ақсу қант зауытында қайта өңделетін болады.Облыс фермерлері Ақсу қант зауытына қызылшаны өткізуді бастады, бүгінгі күнге 18,1 мың тоннаға жуық өнім өткізілді.Меркі қант зауытына Үкімет және жергілікті билік тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде.Қант зауытымен келісілген кестеге сәйкес қабылдау жұмыстары 10-шы қыркүйектен басталып, бүгінгі күнге 179,4 мың тонна өткізілді.Тәуліктік қабылдау қуаттылығы қазан айының 10-нан бастап 4,5 мың тоннадан 5,9-6,0 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.Зауыттың айналым қаражатын толықтыруға Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала - 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие берілуде.Шикізатты тасымалдау шығындары берілетін субсидияның нормативін 25 теңгеден 45 теңгеге көтеру есебінен өтелетін болады.Меркі қант зауытына өткізілген өнімнің 6,8 мың тонна жергілікті бюджет есебінен (172 млн.теңге) субсидияланды.Жалпы 600 мың тоннаға жуық өнімді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 16 млрд.теңге қаражат бөлу жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/871960
Е. Қарашөкеев жыл қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуді тапсырды 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде 2024 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы қаралды.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша, есепті кезеңде облыстың экономикалық өсімі 3,7 пайызды құрады.Ең жоғары көрсеткіш құрылыс (20,6%), тұрғын үй құрылысы (2,3%), инвестиция (1,7%), сауда (2,1%), сондай-ақ көлік (13,5%) және байланыс (9,1%) салаларына тиесілі.Негізгі капиталға 328,3 млрд.теңге инвестиция тартылды.Өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесі 65,2 пайызды құрап, 420,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылыс индустриясы саласында өсім 1,2 пайызды, дайын металл бұйымдарының өндірісі - 68,9 пайызды құрап, оң динамика қалыптасты. Сонымен бірге химия өнеркәсібінде сары фосфор өндірісі 12,3 пайызға артты.Тау-кен өндіру саласындағы өсім 2,6 пайызды, электрмен жабдықтау – 14,7 пайызды, сумен жабдықтау – 7,8 пайызды құрады.Бұдан соң Ербол Қарашөкеев көрсеткіштері төмен қалыптасқан аудан әкімдерінің есебін тыңдады. Тараз қаласы мен аудандарға жыл соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттеді.Қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Ербол Қарашөкеев бюджет қаражатын тиімді және толық игеру бойынша нақты тапсырмалар берді.Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың, Жамбыл, Сарысу, Шу аудандары әкімдерінің баяндамалары жеке тыңдалды.Кеңейтілген әкімдік мәжілісінің қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев облыс орталығы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бойынша жауаптылардың алдына бірқатар нақты міндет қойды. Бұдан бөлек, нысаналы көрсеткіштерді орындауда әкімдер мен басқарма басшыларының жеке жауапкершілігі барын еске салды.- Ауыл шаруашылығы статистикасында жалған деректердің бары анықталды. Алдағы уақытта мұндай фактілердің жолын кесу қажет. Нақты ахуалды көрсетіп, жергілікті жердегі жағдайды бақылап, өзекті мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу – өте маңызды, – деп түйіндеді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/873699
Меркі қант зауытында қызылша қабылдайтын қосымша екі алаң ашылады 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданындағы бірқатар қант қызылшасы алқаптарын аралап, диқандармен кездесті.Облыс әкімі алдымен «Қуан и Д», «Мыхан Орда», «Трансфер», «Жылыбұлақ-Меркі» шаруа қожалықтарының егістік алқабына барып, тәтті түбірді жинау барысымен танысты.Биыл меркілік диқандар 3 771 гектар алқапқа қант қызылшасын егіп, 29 қазандағы жағдай бойынша 1 400 гектар жерден өнім алды. Жинау жұмыстары жалғасуда.Облыс әкімі Меркі қант зауытына да барып, қант қызылшасын қабылдау барысын көрді.Айта кетейік, аталған зауыт диқандардан 450 мың тонна тәтті түбір қабылдайды.Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қант қызылшасын өткізуде мәселелер туындамас үшін бірқатар шешімдер қабылданды.Атап айтқанда, кәсіпорынға жақын жерден қосымша қызылша қабылдауға арналған екі алаң құрылады. Бұл ұзын-сонар кезекті болдырмауға оң ықпал етеді.Бұдан бөлек, «Меркі қант зауыты» ЖШС-не мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие беріледі. Өндіріс ошағы бұл қаржы арқылы шаруалар алдындағы берешегін өтейді. Оның ішінде қабылдаған қант қызылшасы үшін 15 теңге, 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан шаруаларға тасымалдау шығындары үшін 3 теңгеден берілетін болады.Ербол Қарашөкеев жауаптыларға қосымша екі алаңды дайындау жұмыстарын екі-үш күнде аяқтау керектігін ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/874018
Солтүстікте заманауи креативті индустрия орталығы ашылды 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Петропавлда «Qyzyljar creative center» креативті индустрия орталығының ашылуы өтті. Салтанатты шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Әдиева, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, аудан әкімдері, жастар және өңір жұртшылығы қатысты. Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңірлерде таланттарды тарту және шығармашылық өнімдерді коммерцияландыру ретінде Шығармашылық индустрия орталықтарын құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асты. Жобаны СҚО әкімдігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырды. Ғимарат өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, қайта жаңғыртылды. Шығармашылық жобаларды ауқымды ету үшін заманауи инфрақұрылым мен техникалық құрал-жабдықтар жасалды, инновациялық қондырғылар орнатылды. Бұл мәдени мұра мен жаңа технологиялар ұштасатын Солтүстік Қазақстандағы креативті индустрияның дамуына ықпал ететін инновациялық хаб. Орталықтың ашылуы шығармашылық жобаларды жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету; жаңа жұмыс орындарын құру; креативті экономика үшін бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау, жастардың кетуін азайту, дарынды жастарды қолдау, шығармашыл жастарды біріктіруге септеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/870695
СҚО-да Республика күні аталып өтілді 16.11.2024
Бүгін облыста Ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға еліміз бен өңірдің дамуына елеулі үлесін қосқан солтүстікқазақстандықтар қатысты. Бүгінгі салтанатты жиында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жерлестерді Ұлттық мерекемен құттықтап, отанымыздың дамуына еңбегі сіңген бірқатар солтүстікқазақстандықтарға Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті. Республика күні – тәуелсіздіктің бастауы. Мемлекет басшысы «қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам» - деді. Үш онжылдықта береке мен ынтымақтың арқасында Қазақстан биік белестерді бағындырды. Еліміздің жетістіктерін бағалап, дамыту – үлкен парызымыз. Біздің облыста экономика тұрақты дамып, жаңа жобалар іске асуда. "Солтүстік Қазақстан облысының халқы елінің дамуы үшін аянбай еңбек етуде. Еліміз дамып, өркендей берсін! Ұлттық мереке құтты болсын!", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/870702
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-Министрі Р.А. Коняшкиннің халықпен кездесуі және Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарын қабылдау 16.11.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің Вице-Министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 28 қазанда С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында сағат 15:00-да Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 16:00-да Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 25). Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-715-250-21-97 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз. Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/870934
СҚО әкімі мен Сыртқы істер вице-министрі инвестиция тарту мәселелерін талқылады 16.11.2024
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровпен кездесті. Жиынға «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов пен өңір кәсіпкерлері қатысты. Кездесуде инвестиция тарту және мемлекеттік қолдау құралдары мәселелерін талқылады.Өңірімізде инвестиция тарту бойынша жұмыс тұрақты түнде жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірлік деңгейде Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес құрылып, инвесторлардың туындаған проблемалық мәселелерін жедел шешуге септесуде.Жыл басынан бері облысқа 316 миллиард теңге тартылса, оның 74 пайызы жеке инвестицияның үлесі. Облыста 755 миллиард теңгеге 46 инвестжобаны қамтитын республикалық жобалар пулы жүзеге асуда. 7,2 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Әрбір жобаның орындалу барысы күн сайын қадағаланып, инвесторларға барлық кезеңдерінде көмек пен қолдау көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/871403
СҚО-да дәстүрлі жәрмеңкеге жүзден аса агрокәсіпорын келді 16.11.2024
Бүгін облыс орталығында Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында барлық аудандардың қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов келіп, сатып алушылар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тілдесті.Жәрмеңкеге жүзден астам агрокәсіпорын қатысты. Олар ет, сүт, балық және көкөніс өнімдерінің 100-ден астам түрін әкелді. Сондай-ақ келушілер макарон және кондитерлік өнімдерді, жұмыртқа, бал және өңдеуші кәсіпорындардың өнімдерін сатып алды.Ауылшаруашылық жәрмеңкелері әрқашан тұрғындардың үлкен қызығушылығын тудырады. Қалалықтар азық-түлік алуға қуана келеді, сонымен қатар жергілікті фермерлерге қолдау көрсетеді. Жәрмеңкеде барлығы 1207 тонна өнім мен 780 тонна жем-шөп сатылды. Жалпы, мұндай жәрмеңкелер тұрғындарды экологиялық таза өнімдермен қолжетімді бағамен қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/871408
СҚО әкімінің Республика күнімен құттықтауы 16.11.2024
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!Сіздерді Ұлттық мерекеміз - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әрбір қазақстандық үшін ұлы мереке, тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің мызғымас белгісі. Халқымыздың болашағы жарқын болып, әрбір отбасы бақ-берекеге бөленсін! Еліміз қарыштап дамып, әлемде беделі арта берсін. Жас ұрпақ тәуелсіздіктің қадірін біліп, Отанымызға адал қызмет етсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/872114
Ұлттық мереке - Республика күніне орай орталық алаңда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
Ұлттық мереке - Республика күніне орай орталық алаңда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Шараға облыс басшылығы, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары мен өңір тұрғындары қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/872116
СҚО әкімі жайлы мектептердің құрылысын тексерді 16.11.2024
Қазіргі заманда балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Облысымызда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асуда. «Орман» және «Береке» шағын аудандарында әрқайсысы 600 орындық екі жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр.Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов беру нысандарының құрылыс барысын тексерді. «Орманда» мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Өңір басшысы «Берекедегі» құрылыс алаңында жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды. "Жайлы мектептер – сапалы білімнің кепілі! Заманауи, жайлы мектептердің ашылуы ұрпаққа негізделген жаңа білім беру ортасын қалыптастырады", - деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желіде. Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында «Жас өркен» және «Қопай» шағын аудандарында 1,5 мың орындық тағы екі мектептің құрылысы басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/872495
"Sensitive" ансамблі халықаралық байқауда жеңіске жетті 16.11.2024
Біздің «Sensitive» би ансамблі жаңа белестерді бағындыруда. Солтүстікқазақстандық ұжым Мәскеуде өткен "Inclusive Dance" халықаралық байқау-фестиваліне қатысты. Біздің ерекше балаларымыз 700-ден астам қатысушылар арасында Гран-при мен төрт бірінші орынды жеңіп алды."Жетекшісі Ольга Ростовщикова мен би ансамблін лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Ансамбль балалары талантта шек жоқ екенін, сахнада жарқырауға әркімнің де қабілеті бар екенін дәлелдеді. Сіздің жұмысыңыз, табандылығыңыз және шынайылығыңыз бәрімізді шабыттандырады, ал жеңіс - талпынған жан үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екенін тағы бір растау. Жарайсыңдар, біз әрқайсыңызбен мақтанамыз! Алда тек жаңа биіктер, бұдан да көп жетістіктер болсын!", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/873757
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ 16.11.2024
Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы күні меркесіне орай сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін осы саланың бір топ маманы марапатталды.Жиынды ашқан Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев жиналғандарды мерекемен құттықтап, учаскелік және аудандық сайлау комиссияларының жұмысын жоғары бағалады. Комиссия мүшелерінің біліктілігі мен кәсібилігінің арқасында республикалық референдум, аудандық мәслихат депутаттарының және әкімдердің сайлауы талаптарға сай өтті. Салтанатты шарада 7 адам Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ведомстволық наградасы - «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, ҚР ОСК Төрағасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын иеленді.календариАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/874161
ШЫМКЕНТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ОРНЫНДА ЭКОПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ 16.11.2024
Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады, оның 38,6 гектары көгалдандыруға бөлінеді. Құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылады. Табиғи ландшафтқа сәйкес келетін велосипед жолдары салынады. Ал көмірқышқыл газын шығаратын құбырлар қолайлы етіп жүргізіледі. Экопарк ойын алаңдарынан спорт нысандарына дейін 9 ашық демалыс аймағы ұсынылады. 10 шақырымдық серуендеу жолында 4000-нан астам жапырақты ағаштар отырғызылып, табиғи оазис атмосферасы құрылады. Қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты салынады. Жоба инвестициясы 5 млрд теңгені құрады, бас демеушісі-Hexo Foundation. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың соңына жоспарланған, барлық жұмыстар тек бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізіледі. Осы жылдың көктемінен бастап полигонда ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: 250 000 текше метр топырақ төселді, тереңдігі 120 метр бес ұңғыма бұрғыланды, жоспарланған 3000-нан 500 метр қоршау орнатылды. Журналистермен кездесуде саябақтың атауы таңдалып, қала әкімінің тарапынан қолдау тапты. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/869325
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ОТБАСЫН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН СЛЕСАРДЫ МАРАПАТТАДЫ 16.11.2024
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ермахан Манқараевты марапаттап, газ саласы маманының батылдығы мен кәсібилігін атап өтті.14 қазанда ол көршісінің өтінішімен пәтердегі газ жабдықтарын тексеру кезінде көміртегі тотығының жоғары деңгейін анықтап, шұғыл әрекет еткен.Есікті қосалқы кілттермен ашқанда балалар ес-түссіз, ал анасы ауыр күйде жатқан. Ермахан Манқараев көміртегі тотығы деңгейін тексергеннен кейін құрылғыларды бірден ажыратып, терезелерді ашып, балаларды құтқара бастаған. Тынысы жоғалған ұлдарға жансақтау әрекеттерін, жанама жүрек массажын жасағанда олардың дем ала бастағаны байқалған.Оқиға орнына шұғыл жеткен дәрігерлердің айтуынша, слесардың сауатты әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Отбасы ауруханаға көміртегі тотығымен ауыр уланумен түсті. Шымкентке Астанадан қонаққа келген тұрғындар көмектескендердің барлығына алғыстарын білдірді.Пәтердегі қауіптің көзі - қарапайым газ бағанасы болған, мұржасы қоқысқа толы болған.Әкімдік тұрғындарға қайғылы жағдайдың алдын алу үшін газ жабдықтары мен түтін мұржаларын үнемі тексеріп отыру керектігін ескертеді.Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігі жанында газтехникалық инспекция жұмыс істейді, оның міндеттеріне газ жабдығының жай-күйін тексеру және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу кіреді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/869517
РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЛА ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ 16.11.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан – баршаға және баршаға. Қазір және мәңгі" сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндеттер белгіледі. Президент 2029 жылға дейін республика бойынша апатты жағдайдағы 1500 тұрғын үйді бұзып, иелеріне жаңа пәтер беруді тапсырды.Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасымен Шымкент қаласының тұрғын үйлерін жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мегаполисте 2 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй бар, оның 70 пайыздан астамы жарты ғасырдан астам бұрын салынған және апатты жағдайдағы тұрғын үйлер. Бүгінде қалада осындай 134 тұрғын үй бар. Сүрілмес бұрын тұрғындардың толық келісімін алу керек.Бүгін Shymkent City шағын ауданында қала әкімі бағдарлама шеңберінде тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті. Айналма өткеліндегі тұрғын үйлердің бірі сүрілуге жататын нысандар тізіміне енгізілген. Бұл ғимарат 60 жылдан астам уақыт бұрын салынған және заманауи қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыру талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай үйлер тұрғындардың өміріне ғана емес, айналадағы инфрақұрылымға да қауіпті саналады.Бағдарлама шарты бойынша апатты үйлердің иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Сонымен қатар, жаңа пәтер алдыңғысынан орташа есеппен 20 м² үлкен. Тұрғындар есептегіштерге қосымша ақы төлемейді. Тұрғын үй заманауи талапқа сай әрленген.Бағдарламаны іске асыру азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге, қаланың сәулеттік келбетін жасауға, экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік береді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/871241
ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 300-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ 16.11.2024
Республика күні қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 304 отбасы қоныс тойын тойлады. Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады.Ұлық мереке қарсаңында пайдалануға берілген Бозарық шағын ауданында орналасқан баспаналарды тұрғын үй кезегіндегі азаматтар Отбасы банк арқылы «2-10-20», «5-10-20» бағыттары бойынша несиелік негізде рәсімдеген. Жаңа қоныстанушылар арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.Бүгінде 304 пәтерлік 8 көпқабатты тұрғын үйге конкурс жүргізілді. Қазіргі таңда азаматтармен сатып алу сату келісім шарты жасалуда. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарлама аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы 400 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйге конкурс өткізілуде.Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар халқымыздың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталуда. Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы аз азаматтарды ынталандыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен 311 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізген болатын. Жыл соңына дейін тағы 4 мыңнан астам пәтер беру жоспарлануда.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/871255