Enbekshi QazaQ

Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ АШЫЛУЫ ӨТТІ 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге қалада алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуына қатысты. Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастайды. Қала әкімі тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтай отырып, мектептер тапшылығы мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті болғанына тоқталды. Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде елімізде апатты және үш ауысымды мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке блоктары бар заманауи мектептерде балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қарастырылған, заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар, робототехника сыныптарымен жабдықталған. Қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылып, сандық бейнекамералар мен турникеттер орнатылды. Сондай-ақ, хореографиялық және төрт спорт залы, демалыс аймақтары, воркаут және нетворкинг бар. Жалпы, Шымкентте ұлттық жоба аясында 18 жайлы мектеп ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/871747
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ 16.11.2024
«Tulip hall» ғимаратында 25 қазан —Республика күніне арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйлеп, Ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталды.—Республика күні —елдік пен бостандықты, мемлекет бірлігі мен патриотизмді дәріптейтін ұлы мереке. Рухымызды қайта жаңғыртып, ұлттық мүддеміз бен тарихи бейнемізді биікке көтеру – біздің ұрпаққа жүктелген асыл борыш.Бұл күн – Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи сәт ретінде аса қымбат. Ұлттық мерекеміздің маңызын жас ұрпаққа жеткізу, патриоттық сезімді күшейтіп, ел бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті парызы, — деді Ғабит Әбдімәжитұлы.Бүгінгідей күрделі кезеңде еліміздің өркениет көшінен қалмай, тұрақты даму жолын жалғастыруы үшін халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығын сақтау өте маңызды.Сонымен қатар қала әкімі осынау мерекеге Шымкент қаласының да зор жетістіктермен келіп отырғанын баяндады. Шымкент қаласында да экономиканы дамыту мен халықтың тұрмысын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаламызда кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып, инвестиция тарту көлемі жыл сайын артып келеді. Биыл қалаға 928 миллиард теңге инвестиция тарту көзделіп отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,1 пайыз көп.Алдағы үш жылда 3,6 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 2028 жылға дейін жүзеге асатын 220 инвестициялық жоба дайындалды. Бұл жобалар арқылы 29 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал етеді.Қаламыздағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер де жақсарып келеді. Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6 пайызға өсті. Қаланың бюджеті былтырғы жылмен салыстырғанда 122 миллиардқа артып, 779 миллиард теңгеге жетті. Оның 50 пайызы әлеуметтік саланы қолдауға бағытталды, себебі халық атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көруі тиіс. Салтанатты жиында өзінің кәсіби міндеттерін сапалы атқарып, қоғамның ортақ мүддесіне адал қызмет еткен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтар түрлі мемлекеттік наградалар, Алғыс хат және Грамоталармен марапатталды. Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/871844
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ – АНАЛАРҒА МІНДЕТ 16.11.2024
25 қазан – Республика күніне орай Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері №24 «Алма» бөбекжай-бақшасында ата-аналармен кездесіп, «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында ауқымды сұхбат құрды.Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасы аясында өткен тәрбиелік жиынға қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, кеңес мүшесі Уралхан Сейілбекова арнайы қатысты. Кеңес мүшелері ата-аналармен ұрпақ тәрбиесіне қатысты пікір алмасты.Кездесуде жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу әрбір ата-анаға жүктелген абыройлы әрі мерейлі міндет екені айтылды. Ұрпақ тәрбиесінде ата-аналар институтының айрықша мәнге ие екендігі түсіндіріліп, білім беру ұйымдарының әлеуетімен жас ұрпақ бойына жаман кеселдер туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру – жас буынды жағымсыз әдеттерден ерте бастан іргесін аулақ салуға әсер ететіні баяндалды.Өз кезегінде ұлттық тәрбиені дәріптеу арқылы ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды әрбір тәрбиешісі жақсы меңгергенін жеткізген балабақша меңгерушісі Гүлмира Тойбаева бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасын табатынын жеткізді.Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру бағытында әзірленген «Салауатты сана» жобасының мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында қоғамның әлеуметтік кеселдеріне жүйелі түрде қарсы тұруды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/872390
ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА 16.11.2024
Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті.Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясындағы іс-шараның мақсаты – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберлердің бұйымдарын дәріптеу арқылы өскелең жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеу.Фестиваль аясында жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар қойылған көрме ұйымдастырылып, «Достық үйінің» үлкен залында этно стильдік және заманауи сәндік киім үлгілерінің көрсетілімі өтті.Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов қатысып, ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлерін құттықтады.– Біздің мақсат – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шымкенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туындыларын дәртіптеу арқылы жалпыұлттық бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау, – деді басқарма басшысы.Фестиваль барысында қазақтың ұлттық киімдерінің этно стильдік және заманауи үлгілері бойынша Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Ақ баян» сән театрының топтамасы, А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледждің топтамасы, Г.Еспай жетекшілік ететін «Ару аналар» топтамасы №5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің топтамасы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» топтамасы, Б.Жетібаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» топтамасы және Орталық Азия инновациялық университетінің «Сән» топтамасы жұртшылық назарына ұсынды.Өз кезегінде кәсіби мамандардан жасақталған қазылар алқасы фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарды анықтап, арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/874165
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ЖЕТІСАЙДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК» 16.11.2024
Түркістан облысының аудан, қалаларын 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту жұмыстары жалғасуда. Бүгін Жетісай ауданының даму жоспары пысықталды. Ауданның басымдықтары мен мәселелері ашық айтылып, тиісті тапсырмалар берілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан басшысына өндіріс орындарын ашу, су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығын дамыту, өңдеу өнеркәсібін жандандыру жөнінде тапсырмалар берді.– Ауданның әлеуеті жоғары болғанымен көрсеткіштер ойдағыдай емес. Тұтас команда жұдырықтай жұмылып, жүйелі жұмыс атқаруы керек. Елге нақты жобалар, өндіріс орындары қажет. Суармалы жерді толық игеру, су үнемдеу технологияларын енгізу бағытын күшейтіңіздер. Ауданға тиісті қолдау көрсетілуде. Соны тиімді пайдаланыңыздар. Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, терең өңдеуге басымдық берілсін. Ізденіңіздер, нәтиже көрсетіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың айтуынша, ауданды дамыту үшін негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, өнеркәсіп және құрылыс саласы бағыттарына басымдық беріліп отыр. Ол үшін инвестиция тарту, жаңа технологияларды ендіре отырып, өнімділікті арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жанданбақ.Ауданда биылғы 9 айда жалпы өңірлік өнім көлемі 112,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға артып отыр.Әзірленген даму стратегиясында барлық көрсеткішті жақсарту көзделген. Жалпы өңірлік өнім көлемін 2030 жылға дейін 2,3 есе өсіріп, 387 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. Оның ішінде өнеркәсіп өнім көлемін 19,3 млрд. теңгеден 38,5 млрд. теңгеге дейін, құрылыс көлемін 10,4 млрд. теңгеден 14,8 млрд. теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы өнімі көлемін 249,1 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2030 жылға дейін өнеркәсіп 2 есе, өңдеу өнеркәсібі 2 есе, құрылыс көлемі 1,4 есе, сауда 2,3 есе, ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 2,4 есе артпақ.Ауданға соңғы 5 жылда 90,2 млрд. тенге инвестиция тартылса, 2024-2030 жылдар аралығында құны 115,2 млрд. теңге болатын 69 жобаны іске асырып, 4 683 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда. Нәтижесінде салық түсімі артып қана қоймай, негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 3,8 есе өседі. Өнеркәсіп саласында құны 63,2 млрд. теңге болатын 20 жоба іске асып, 2706 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, бюджетке 1 млрд. 260 млн. теңге салықтық түсімдер түседі деп межеленген. Ауданда 50 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда жер телімдерін мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстары жүріп жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/873376
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ САНЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР 16.11.2024
Түркістан облысында жалпы 362 287 зейнеткер бар. Оның ішінде: 186 489 азамат жасына байланысты зейнетақы алушы болса, 175 198-і базалық зейнетақы алушы. Сонымен қатар, өңірдің 346 238 азаматы жәрдемақы алушылар қатарында. Бұл жайында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бегман Нұрмаханов брифингте мәлімдеді.«Түркістан облысы елімізде көпбалалы отбасылар көптігінен көш бастап тұр. Бүгінгі таңда өңірде 120 549 көпбалалы отбасы жәрдемақы алады. Сондай-ақ, 64 354 көпбалалы анаға департамент жәрдемақы белгілеген. Бұдан бөлек, 75 262 облыс тұрғыны мүгедектігі бойынша жәрдемақы алса, 21 839 азамат асыраушысынан айрылу себебінен мемлекеттік жәрдемақы алады» - деді спикер.Сонымен қатар, департамент басшысы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу жұмыстарына тоқталды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 1 қазан айындағы көрсеткіш бойынша облыста мүгедектігі бар адамдардың саны 100 029-ға жетіп, республикадағы жалпы мүгедектер санының 13,7%-н құрады. Мүгедектігі бар адамдардың 15 189-ы кәмелет жасына толмағандар болса, қалған 84 840-і 18 жастан асқан облыс тұрғындары.Жыл басынан бері департамент тарапынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша барлығы 196 тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру қорытындысымен 51 нұсқама беріліп, жалпы 160 нысанға 34 млн. 187 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Оның 33 млн. 228 мың теңгесі өндірілген.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/873548
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛУДЕ 16.11.2024
Түркістан облысының тұрғындары көтерген мәселелер заң аясында шешімін тауып келеді. Өңір халқын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізілуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов кезекті рет азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.Қабылдауға келген тұрғындар сан түрлі мәселені ортаға салды. Басым бөлігі мемлекет тарапынан тұрғын үй алу мәселесін көтеріп, инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізді.Түркістандық азаматша мемлекет тарапынан берілген пәтерді бірінші қабатқа ауыстырып беруді сұрады. Азаматшаға заң аясында ондай мүмкіндік қарастырылмағаны түсіндірілді. Кентау қаласынан келген кәсіпкер қайтарымсыз грант алу, отандық өнім шығаруға сертификат алу, әлеуметтік дүкен ашу, ат спортын дамытуға қолдау көрсетуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары іс бастаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрқашан қолдау болатынын жеткізіп, заң аясында ұсыныстары қаралатынын айтты.Сауран ауданынан келген азаматша жұмыстан негізсіз босағаны туралы шағымын айтты. Бұл мәселе бойынша Облыстық еңбек инспекциясы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілмек.Түркістандық көпбалалы ана жұбайына азаматтық алуға ықпал етуді сұрады. Өтініш иесіне азаматтық алу заңнамасы түсіндірілді. Тағы бір тұрғын баспана алуға көмек көрсетуді сұрады. Оған тұрғын үй тек заң аясында кезек реттілігімен берілетіні айтылып, кезекке тұру тәртібі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер мен пәтер жалдау ақысын субсидиялау туралы түсіндірілді. Одан бөлек, қабылдауда тұрғын үй ауласын ретке келтіру, жол белгілерін орнату, жылу және жарық мәселелері туралы мәселелер көтерілді.Жалпы, Зұлпыхар Жолдасов жеке қабылдауда көтерілген әрбір мәселе назарсыз қалмайтынын айтып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелер заң аясында шешімін таппақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/873671
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 16.11.2024
Мақтаарал ауданында мақта-тоқыма кластерін дамытуда 2024-2030 жылға дейін жалпы құны 70 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы арқылы 3020 адам жұмыспен қамтылып, бюджетке қосымша 1 млрд. 862 млн. теңге салықтық түсімдер түседі деп болжануда. Бұл туралы облыс әкімдігінде Мақтаарал ауданының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясы талқыланған мәжілісте айтылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтааралдың даму қарқынын арттыру керектігін айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.– Біз Мақтаарал ауданын дамытуда негізгі басымдықтарды айқындап, жоспарлап алмасақ, экономикалық даму болмайды. Нақты ұсыныстар аз. Даму жоспарын нақтылап, күшейте түскен жөн. Мақта кластері, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу маңызды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын терең өңдеуге басымдық берілсін. Логистикалық әлеуетті көтеру де назарға алынсын. Жұмысты жандандырыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды жоспарды жетілдіруді тапсырды.Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, «Cotton МАКТА» ЖШС тарапынан 2025-2026 жылдар аралығында жылдық қуаттылығы 10 мың тонна болатын жіп иіру фабрикасын салу жоспарлануда. 800 жаңа жұмыс орны ашылады. «Global Textile» ЖШС тарапынан Бірлік ауылдық округінен 10 гектар жерге 13,8 мың тонна қатты және боялған жайма өңдеу фабрикасын салу жобасы әзірленуде. Бүгінгі таңға 10 мың тонна мақта шикізатын қабылдайтын бекетінің құрлысы жүргізілуде. Жоба құны – 21 млрд.теңге, 1000 адамға жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар. «Тulpar textile» ЖШС 2025-2028 жылдары 5 мың тонна жіп иіретін фабрика салуды көздеп отыр. Ал «Тамила» ЖШС 2026 жылы мақта қабылдау зауытын салуға ниетті. Сонымен бірге «ХлопкоПромЮг» ЖШС, «ZHANNASYL TEXTILE» ЖШС, және «ZHYBEK TEXTILE» ЖШС-лары да мақта кластері бойынша жобаларды жүзеге асырады.Даму стратегиясында инвестициялық жобаларға басымдық берілген. Мақтаарал ауданы бойынша 2024-2030 жылдарға жалпы құны 94,1 млрд. теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орындары – 3810. Салықтық түсімдер 2 млрд. 451 млн. теңгеге ұлғайып 10 млрд. 431 млн. теңгеге жетеді деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 15,8 млрд. теңге болатын 26 жоба жүзеге асып 541 жұмыс орны құрылады. Өнеркәсіп саласында жалпы құны 75,3 млрд. теңге болатын 16 жоба жүзеге асып, 3100-ден астам жұмыс орны құрылады деп көзделген Салықтық түсімдер 1 млрд. 969 млн. теңгеге жетеді деп межеленген. Туризм саласында 11 жоба жүзеге аспақ.Өнеркәсіп саласындағы 11 жобаның, 7-еуі индустриалды аймақта орналаса, 4 жоба арнайы аймақтарда жүзеге аспақ. Мақтаарал ауданы индустиралды аймағының жалпы жер аумағы – 24 гектар. Қазіргі таңда аталған аймақта құны 3 млрд. 450 млн. теңгені құрайтын, 137 жұмыс орнын қамтитын 4 жоба жұмыс істеуде. 2024-2030 жылдары аралығына жалпы құны 4 млрд. 740 млн. теңгені құрайтын, 7 жоба жоспарланып, 100-ге жуық жұмыс орны ашылады деп болжануда.Егін шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша 2030 жылға дейін мақтаны 30 мың гектарға мөлшерлеп, яғни 3,7 мың. гектарға азайтып, өнімділікті 60 центнерге ұлғайту жоспарланып отыр. Мақта дақылының 15 мың гектарын су үнемдеу технологиясымен егу межеленген. Жүгері дақылын 2,6 мың гектардан 4,1 мың гектарға көбейту, маш дақылын 0,2 мың гектардан 2,1 мың гектарға көбейту жоспарға енгізілген. 2025 жылы «Agro Gruz» логистикалық компаниясы арқылы 10 мың тонна өнімді сақтауға арналған қойма ашу жоспарланып отыр. Тұт ағашы алқабы ұлғаяды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/873674
ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАТЫН МАҚТА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ 16.11.2024
«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-нің директоры Сюй Цзе мақтаны терең өңдеп, дайын өнімді экспортқа шығаратын көпсалалы кешеннің капсуласын салды. Аймақ басшысы бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығын айта келе, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге шығаратын жаңа бастамаға сәттілік тіледі.Келер жылы жүзеге асатын жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасының құрамында жіп иіретін, мата шығаратын, бояп, өңдейтін 11 цех салынады. 2000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жылына 13000 тонна иірілген жіп, үйге арналған 50 миллион метр тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын шығарады. Өндіріс орнының қуаттылығы жыл сайын артып отырады.Мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған өндіріс орнының құрылысын Xinjiang Lihua Group Co., LTD компаниясы қолға алды. Компания әлемге танымал «Louis Vuitton», «Gucci» брендтерімен тікелей жұмыс істейді. Алдағы уақытта Түркістанда шығаратын жіптер мен маталарды әйгілі брендтерге сатуды көздеп отыр.Түркістан облысы – елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Облыста мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық берілуде. Елімізде бәсекеге қабілетті тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспорт нарығына тәуелді болып отыр.Өзекті мәселені шешу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен өткен жылы «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілді. Оған сәйкес 4 бағытта, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі. Нәтижесінде 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделген. Нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік жойылмақ.Түркістан облысында жылда 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Өңірде егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде. Осы мақсатта Қытай тәжірибесі негізінде биыл Арыс қаласы және Жетісай, Сауран, Ордабасы аудандарында 2,5 гектар алқапқа элиталы сортты мақта егілді. Бұл технология суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан 60-65 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Шаруалардың айтуынша, нәтижесі таңғаларлықтай.Мақта-тоқыма кластерін дамыту мақсатында 2023 жылы Мақтаарал ауданында «Cotton Мақта» ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Замануи қытайлық технологиямен жабдықталған мақта өңдеу зауыты өткен жылы 40 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Бұдан бөлек, облыста Қытай және Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.Айта кетейік, Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату мақсатында 2018 жылғы құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағы – 3987,39 гектар, 6 қосалқы аймақтан тұрады.Бүгінгі таңда «TURAN» АЭА инвестициялық портфелі жалпы құны 530,085 млрд. теңгені құрайтын 129 жобадан тұрады. Оның ішінде 214,55 млрд. теңгеге 28 жоба іске асырылды. Бүгінде 353,87 млрд. теңгеге 95 жоба іске асырылуда. Одан бөлек, «TURAN» АЭА өнеркәсіптік субзоналарының аумағында 41,083 млрд. теңгеге қатысушылар ретінде 13 өнеркәсіптік жоба тіркелді. Атап айтқанда, «BASPOLYMER» ЖШС, «Туран Жол» ЖШС, «Gesso Tech» ЖШС, «QazEcoPack» ЖШС, «PSI Mineral Technologies» ЖШС, «Панель Систем КЗТ» ЖШС, «Exclusive Stroy Montazh» ЖШС, «ТуркестанТемирБетон» ЖШС, «Kentau Red Star» ЖШС, «АЛТЫН ДАЛА МАҚТА» ЖШС, «Многопрофильный Кентауский Завод» ЖШС, «ER-QAN» ЖШС, «Sayat Technology» ЖШС.Бұл аймақта 6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Барлық жобалар іске қосылғанда 7 221 жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта 2,5 мың жұмыс орнын құрайтын, жалпы сомасы 175,72 млрд. теңгенің 13 инвестициялық жобасы пысықталуда.«TURAN» АЭА қатысушылары жер және мүлік салығынан, импортқа кедендік баждардан, корпоративтік табыс салығынан, жерді жалға алу төлемінен, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/873869
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды 16.11.2024
Мемлекеттік сыйлық:1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/870017
Стоп кредит қызметі: азаматтарды қаржылық тәуекелдерден қорғауға арналған құрал 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға Стоп-кредит (Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту) қызметін қосу мүмкіндігі туралы еске салады.Енді қызмет «eGov mobile» мобильді қосымшасында және «Электрондық үкімет» веб-порталының басты бетте қолжетімді. Қызметті ЭЦҚ арқылы немесе логин мен парольді қолдану арқылы қосылуға болады. Ол үшін сайттың басты бетінде «Сервистер» бөліміне өтіп, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» опциясын таңдау қажет.Қызмет шексіз мерзімге іске қосылады және азаматтың өтініші бойынша өшірілуі мүмкін.Министрлік киберқауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және ұсыныстарды орындауға шақырды: Әр түрлі аккаунттар үшін күрделі және бірегей парольдерді пайдалану.Құрылғылардағы бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру.Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау.Антивирус бағдарламаларын пайдалану.Жеке ақпаратты бөгде сайттарға және қосымшаларға сенбеу.Аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру.1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.Банктік реквизиттерді үшінші тұлғаларға хабарламау.Осы нұсқауларды орындау деректеріңізді қорғауға және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871266
Маңғыстауда тұңғыш рет әскери катер құрастырылып, пайдалануға берілді 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Маңғыстау облысында құрастырылған «Шапшаң» әскери десанттық катері Каспий теңізіне түсірілді.Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Қарулы Күштердің контр-адмиралы Ратмир Камратов және әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты.Су жаңа катер теңіздегі мемлекет шекарасын, елдің біртұтастығын қорғауға қызмет етеді.Алғашқы болып сөйлеген Қорғаныс министрінің орынбасары жауынгерлер катерін теңізге жіберу қазақ жұрты үшін қуанышты сәт екенін айтты. Оның сөзінше, Маңғыстауда жасалған катер өңірдің теңіз әлеуетінің қарқынды дамып жатқанын аңғартады.-Президент жолдауында айтқандай, жаһандық әскери техника өндірісі дамыған мемлекеттердің ұлттық қорғаныс жүйесінде шешуші рөл ойнайды. Қазіргі заман – жаңа технология заманы. Бұл катер – Отанымыздың инженерия саласының жоғары деңгейінің айқын дәлелі», - деді Сұлтан Қамалетдинов.Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында болып жатқан тарихи оқиғаның ғалымдардың төккен тері мен еңбегінің нәтижесі екенін айтты.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ құрылыс индустриясын дамыту, тереңдету қажет деп бағыт-бағдар берген еді. Міне, нәтижесін, жемісін көріп отырмыз. Өңірімізде жасалған отандық өнім ел тыныштығын күзетіп, теңіз әскерлерінің нәтижелі қызмет етуіне көмектеседі. Осы жобаны жүзеге асырған азаматтарға, мамандарға, құрылысшыларға көп рахмет айтамын. Азаматтар өздерінің шеберліктерін дәлелдеді, - деп әкім ризашылығын білдірді.Жаңа катерді құрастырған «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС-нің директоры Дмитрий Донскойдың айтуынша, тек қорғаныс саласында емес, азаматтарға арналған, туризм, транспорт бағытында, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын техникаларды да жасауға мүмкіндіктері бар.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871472
Маңғыстау облысының әкімі өңір жастарымен кездесті 16.11.2024
Бүгін, 24 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір жастарымен кездесті. Кездесуге 14-35 жас аралығындағы Ақтау қаласының және аудандардан келген белсенді жастар мен қоғам белсенділерінен жиналған барлығы 300 ден астам адам қатысты. Іс-шара еркін, сұрақ-жауап форматында өтті.Жиынға қатысушылар облыс басшысына жастар мәселесіне қатысты көкейдегі орамды ой-ұсыныстарын ортаға салды. Жастардың бір тобы облыс әкіміне білім, өнер, спорт, руханият салаларында кездесетін қиындықтарын жеткізсе, енді бір тобы ауыз су, жол, облыс орталығын абаттандыру, лудомания мәселелерін көтерді. Сондай -ақ, мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған арнайы орталық ашу жөнінде ұсыныс білдірді.Облыс басшысы кездесуге жиналған жастардың сауалдарына жауап беріп, жастардың қоғамдағы маңыздылығын атап өтті.- Өңірде талмай еңбектеніп, еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқан жалынды жастармен кездескеніме қуаныштымын. Жастарға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жолдарын бірлесе іздестіру үшін осы жиында бас қосып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет жастардың әлеуметтік жағдайына, оларды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша көңіл бөліп келеді. Алайда, жастар саясаты саласында бірқатар мәселелер бар екенін білеміз, соларды шешу үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Кездесу соңында Нұрдәулет Қилыбай жастардың айтқан ұсыныстары мен сауалдарын негізге ала отырып, алдағы уақытта өзекті мәселелерді шешу мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты ретінде қарастырылатынын тілге тиек етті.Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау облысы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы 235 мыңға жуық жас бар. Ол облыс халқының 29,7%-ын құрайды. Оның ішінде – 103 348 қалада, 131 548 ауылдық елді – мекендерде тұрады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871477
Ақтауда жылу желілерін қалпына келтіру үшін 25 бригада тынымсыз тер төгуде 16.11.2024
Ақтаудағы жылу желілеріндегі ақауларды қалпына келтіруге 150-ге жуық коммуналдық сала мамандары жұмылдырылды.Қазір қалада жылу желілерінде орын алған 27 ақау жөнделіп жатыр. Оған Ақтау әкімдігі тарапынан 6 жұмыс тобы және «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінен 11 бригада және Жаңаөзен қаласынан арнайы келген 8 бригада жұмылдырылды. Олар тұрғындардың үйлеріне жылудың тезірек жетуіне барын салуды.-Ақтауға Жаңаөзен қаласынан «Өзенмұнайсервис» мекемесінен келдік. Жаңаөзеннен 8 жұмыс тобы келді. Қаладағы құбырлардың біразы ескірген екен. Ақтаулық жігіттерге әр шағын аудан бойынша сол құбырларды ауыстыруға көмектесіп жатырмыз, - деді «Өзенмұнайсервис» мекемесінің дәнекерлеушісі Қазихан Байбозов.-Қасымызда арнайы дәнекерлеушілер, слесарь жөндеушілер барлығы атсалысып жұмыс жасауда, - деді «ҚазақГазӨңдеу» зауытының шебері Әсет Айтқұлов.Тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жатқан жұмыс бригадаларына қала кәсіпкерлері ыстық шай мен бәліштер үлестірді.Ақауларды жөндеу жұмыстарына барлығы 49 техника жұмылдырылған.Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871863
Маңғыстауда Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табысталды 16.11.2024
24 қазан күні Ақтауда Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды құттықтап, алғыс білдірді. Мерекелік кеште әлеуметтік-экономикалық дамуға айтарлықтай еңбек сіңірген түрлі сала қызметкерлері марапатталды.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай еліміздің мақтанышы, белгілі күйші Сержан Шәкіратты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Сондай-ақ, елдің дамуына айрықша үлес қосып жүрген азаматтарға «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, сондай-ақ қоғамдық наградалар табысталды.Өңір басшысы жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтап, Республика күнінің маңыздылығын атап өтті.- 2022 жылы өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күнін жаңғыртып, оның ұлттық дәрежедегі ерекше мереке екендігін атап өткен болатын. Айтулы күн тарихымызға алтын әріптермен жазылып, ұлттық мереке статусы берілді. Өздеріңізге белгілі, келер 2025 жыл Ақтау қаласы - Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде белгіленді. Облыс орталығында түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуы бағытында көптеген шешімдер қабылданып, жұмыстар атқарылып жатыр. Әлі де жасалатын міндеттер тұр. Оны өздеріңізбен бірге ынтымақ, бірлікте атқарамыз деп сенемін. Осы сәтті пайдалана отырып, қиын-қыстау кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлікте қызмет етіп, күні-түні аянбай еңбек еткен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Осынау айтулы мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық-саулық, құт-береке тілеймін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Салтанатты шара елімізге белгілі эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871864
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы 16.11.2024
Құрметті отандастар!Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы.Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді.Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз.Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық. Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін.Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871867
Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! 16.11.2024
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 25 қазан – халқымыз үшін ерекше күн, себебі осы күні ұлтымыздың болашағының бағдарын айқындаған тарихи шешім қабылданды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланған, елдігіміздің асқақ рухын танытқан мерейлі сәт. Тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабаларымыздың арманы орындалып, еліміз өз тағдырын өз қолына алған күн.Республика күні – еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістер мен жетістіктердің символы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің одан әрі дамуына бағытталған маңызды бастамаларды көтерді. Әсіресе, экономикалық өсімді жеделдету, халықтың әл-ауқатын арттыру және жаңа саяси реформаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді. Президентіміздің Жолдауында айтылғандай, әрбір азамат ел тағдырына өз үлесін қосуы керек, себебі болашақтың іргетасы бүгін қаланады.Біз бірлігімізбен және ортақ мақсаттарға ұмтылу арқылы Отанымыздың болашағын жарқын ете аламыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін!Елдіктің Туы ылайым биік,Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын!Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет ҚилыбайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871868
Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
25 қазанда Ақтаудағы Мемлекеттік ресми рәсімдер алаңында Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру салтанатты шарасы өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ел ағалары, түрлі сала өкілдері мен әскерилер және қала тұрғындары қатысты.Ұлттық мерекеге жиналған жұртшылық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге шырқады.Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, бұл күн — мемлекеттің құрылу жолындағы тарихи қадамның көрінісі екендігін атап өтті.- Расында да, бақыт деген осы шығар?! Көк байрағымыз желбіреп, бейбіт елде ұлттық мерекемізді тойлап жатырмыз. Тудың желбіреуі түгілі, туды армандап жүрген халық қаншама?!Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Республика күні – мемлекеттің құрылу жолындағы тарихи қадамның символы болуы тиіс. Осындай шаралар жас ұрпаққа, әр саладағы мамандарға қажырлы еңбек етуге ынта беріп, олардың патриоттық рухын оятады. Әрбір азамат ел ертеңін қалыптастырушы тұлға екенін ұмытпауы қажет. Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа нық қадам басайық. Мереке құтты болсын, ағайын! - деді Нұрдәулет Қилыбай.Салтанатты шара патриоттық әндер шырқалған концертке ұласты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/872384
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды жеке қабылдады 16.11.2024
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында өңір тұрғындары өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылауға мүмкіндік алды.Өтініш берушілер арасында көктемгі су тасқыны салдарынан келген шығынды өтеу мәселесі көтерілді. Сондай-ақ Сарыкөл ауданындағы су тапшылығы мен жол жағдайына қатысты сұрақтар түсті. Азаматтар тұқым шаруашылығын және балық шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Бұдан бөлек, тұрғын үй беру мәселесі де көтерілді.Құмар Ақсақалов барлық өтініштердің мұқият қаралатынын және көрсетілген проблемаларды шешу үшін тиісті шаралар қабылданатынын айтты. Әкім халықпен кері байланыстың маңыздылығын атап өтіп, жергілікті биліктің тұрғындар сұраныстарына жедел жауап беруге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/866860
Қостанай облысының әкімі «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» кеңесіне қатысты 16.11.2024
Қостанай облысында «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты кеңейтілген кеңес өтті, оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты - этносаралық келісімді нығайту мәселелерін және Ассамблеяның бастамаларын талқылау.Облыс әкімі өңірдің тұрақтылығы мен өркендеуі үшін этносаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік органдардың тұрақты жұмысы азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтіп, экономикалық көрсеткіштердегі оң динамика туралы деректерді ұсынды.Кеңес барысында жұмыс орындарын ашуға және жергілікті экономиканы дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары ұсынылды. Білім беру және білікті кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Лугмар Буларов азаматтар арасында бірлік пен ынтымақтың қажеттілігін атап өтіп, Ассамблея реформаларды қолдауда және барлық этностарды мемлекет дамуының стратегиялық міндеттеріне тартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.Кеңес қатысушылардың өңірдегі этносаралық келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған ұсыныстарын талқылаумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/867360