Қоғам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысты 15.11.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады.Мемлекет басшысы форумның елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, тың игеру науқанының түрлі салдары болғанына қарамастан, ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс жасалды. Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі астықты елдердің біріне айналды.– Қазақстан егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде алтыншы орын алады. Біз бидай экспорттайтын 10 ірі мемлекеттің қатарына кіреміз. Ұн экспорты бойынша көш басындағы елдің біріміз. Биыл түрлі қиындыққа қарамастан, қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шын мәнінде, диқандарымыз тамаша нәтижеге жетіп отыр. Құттықтаймын және баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент жүйелі жұмыстардың нәтижесінде инфляция деңгейі төмендегенін, ал ұлттық экономиканың өсімі биылғы қаңтар-қазан айларында 4 пайыздан асқанын жеткізді.– Жыл соңында жалпы құны 1,2 триллион теңгені құрайтын 180 индустриалды жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда, Қарағанды облысында катодты мыс, Павлодар облысында ферроқорытпа, Қостанай облысында жүк көліктерінің бөлшектері, Жамбыл облысында цемент, бағалы металл өңдеу өндірісі секілді ірі зауыттар жұмыс істей бастайды. Қазіргі уақытта Алматы облысында вольфрам кенін қайта өңдеу, Қостанай облысында Chevrolet Onix автокөлік маркасын құрастыру, Жамбыл облысында мыс концентраты, Алматы облысында жылу оқшаулағыш материалдары және Шымкент қаласында қыш тақталары өндірістері пайдалануға берілді. Атырау облысында полипропилен шығаратын зауыттың ашылуы мұнай-газ химиясы саласының толықтай қалыптасуына ықпал етті. Алдағы уақытта полиэтилен мен бутадиен өндіру жоспарланған. Маңғыстау облысында еуропалық консорциумның қатысуымен «жасыл» сутегі өндірісі жобасы жүзеге асырылады. Осылайша елімізде озық халықаралық стандарттарға сай және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнім өндіретін жаңа кәсіпорындар құрылып жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы негізгі мақсат ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру екенін айтты.– Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек. Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде алда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүйелі жүргізу, саланы индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыру, ауыл шаруашылығы ғылымын өркендету, селекция мен тұқым шаруашылығын жандандыру, озық технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігін арттыру және агроөнеркәсіп саласының экспорттық әлеуетін күшейту мәселелерін қозғады.Мемлекет басшысы келесі жылдың Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғанын атап өтіп, нағыз еңбек адамдары жоғары деңгейде ұлықталуға тиіс екенін айтты. Президент бұл бастама қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби құндылықтарды дәріптеуге ықпал ететініне сенім білдірді.– Білім мен тәжірибенің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатыны жайында көптеп мысал келтіруге болады. Мұндай сабақтастық шын мәнінде өз ісіне берілген кәсіби мамандарды қалыптастырады. Ауыл шаруашылығы саласында да үлгі тұтатын еңбек әулеттері жетерлік. Несібесін қара жерден айырып отырған ауыл тұрғындары отбасы құндылықтарын ерекше сақтайды. Үлкендердің айтқанына құлақ асып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайды. Мықты фермерлік шаруашылық, әдетте бірнеше ұрпақтың еңбегі арқылы құрылады. Бұл салада табысқа тез жету қиын. Бірақ шаруалар қажырлы еңбек пен төзімнің қайтарымы болатынын жақсы біледі, – деді Мемлекет басшысы.Форумда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Қайып ата» ЖШС директоры Сырым Ертаев, «Зенченко және К» КС директоры Геннадий Зенченко, Alarko Holding бас директоры Үміт Нури Йылдыз, «Aitas KZ компаниялар тобы» АҚ вице-президенті Рабиға Тоқсейітова сөз сөйледі.Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды.Атап айтқанда, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Отан» ордені «Зенченко және К» серіктестігінің бас директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға берілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының бір топ еңбеккері ІІ және ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Бұдан бөлек, Президент ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады. Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған. Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды.Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды. Іс-шараға агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884455
ТҮРКІСТАН: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 15.11.2024
Бүгін Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты», «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы филиалы, Шымкент қаласының салалық басқармасы, облысымыздағы жол салушы мердігер, авторлық, техникалық қадағалаушы мекемелері және аудан, қала әкімдіктерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.Мәжіліс барысында автомобиль жолдары саласы бойынша өзекті мәселелер ортаға салынды. Нақтырақ айтқанда, жол жөндеу жұмыстарына жаңа технологияларды қолдану, сметалық құжаттамаларды әзірлеу кезінде нормативтік базаға енгізіліп жатқан өзгерістер және карьерлердің бірыңғай электрондық базасын қалыптастыру, авторлық, техникалық қадағалаушы мекемелер тарапынан туындайтын сұрақтар және облыстағы жол мамандарын қайта даярлаудан өткізу бойынша нақты мәліметтер берілді.Жиын барысында «ҚазжолҒЗИ» Президенті Алибаева Арман және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Бас директоры Айтбаев Болатбек баяндама жасап, өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ мердігер мекемелердің және аудан, қала әкімдіктерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/884442
Астанадан бір күнде 28 мың текше метрден астам қар шығарылды 15.11.2024
Астанада қардың мол жаууы салдарынан тазарту жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мәселен, 15 қараша күні Астанадан 2 195 рейспен 28 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 295 мың текше метрден астам қар 23 мыңнан астам рейспен жеткізілді.Түнгі ауысымда қаланы қардан тазартуға 1200-ге жуық арнайы техника мен 280-нен астам жол жұмысшы шықты.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884436
Қазақстан Елшісі Швеция Короліне сенім грамоталарын тапсырды 15.11.2024
Стокгольм, 2024 жылғы 14 қараша – Стокгольм қаласындағы Патша сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Олжас Сүлейменовтің Швеция Патшасы Карл XVI Густавқа сенім грамоталарын табыстау салтанатты рәсімі өтті.Сұхбат барысында қазақ дипломаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швед монархына ізгі тілектерін жеткізіп, диалогты жоғары деңгейде жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Елші Мемлекет басшысының саяси реформалары Қазақстан дамуының жаңа кезеңін ашқанын және елдегі одан әрі демократиялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер үшін берік негіз қалағанын хабарлады.Осы тұрғыда қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» технологиялар, жоғары технологиялық өндіріс және машина жасау, су ресурстары мен қалдықтарды басқару, көліктік өзара байланысты дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект пен ақпараттық технология сияқты салаларда өзара тиімді әріптестік үшін елеулі іске асырылмаған әлеуетті атап өте келе, Швециямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту осы лауазымдағы жұмысының маңызды бағыты болып табылатынына назар аударды.Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Баку қаласында (Әзербайжан) өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (СOР29) тараптары конференциясының 29-шы сессиясы Патшаның ерекше қызығушылығын тудырды. Осы сессияның шеңберінде Қазақстан павильонында жасыл технологиялар, жаңартылатын энергия және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы бастамалар ұсынылған.ҚР Елшісі Швецияның орнықты даму және «жасыл экономикасына» ауысу саласындағы жетістіктері мен кең тәжірибесін жоғары бағалап, бұл тұрғыда Қазақстанның жаһандық климаттық күн тәртібіне, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі өршіл мақсатқа, сондай-ақ елдің Арал теңізін сақтау жөніндегі күш-жігеріне бейілділігі туралы хабардар етті.Соныңа қарай Швеция Патшасы қазақ дипломатына екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған жауапты миссияда табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/884448
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумындағы сөзінен үзінді 15.11.2024
«Қазақта «Еңбегіне қарай – өнбегі» деген сөз бар. Мұны, ең алдымен, ауыл халқының ерен еңбегінің жемісі деуге болады. Мемлекет тарапынан да тиісті жұмыс жүргізілді, қажетті көмек берілді. Қазір елімізде жаңа экономикалық бағдар аясында нақты шаралар қолға алынып жатыр. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде инфляция деңгейі төмендеді (биылғы қазан айында жылдық инфляция 8,5 пайызды құрады), сондай-ақ ұлттық экономиканың өсімі 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында 4 пайыздан асып, жақсы қарқын алды. Мұнайдан тыс салаларды дамыту арқылы оң динамика байқалады. Бұл – маңызды үдеріс. Ішкі жалпы өнім өсімінің үштен екісінен астамы сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс пен ауыл шаруашылығына тиесілі. Осы бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыру керек. Қазақстан шет елдерден тікелей инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр. Биыл жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның қазіргі несие рейтингі инвестициялық сенімділік деңгейінде тұрғанын растады. Қыркүйекте Moody’s агенттігі Қазақстанның ұзақмерзімді рейтингін «Тұрақты» деңгейіне көтерді. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтиже»«Инвестиция экономиканың кен өндіруден тыс салаларына көбірек тартылды. Өңдеу секторы көлемі жағынан қазірдің өзінде кен өндіруді басып озды әрі үздіксіз өсіп келеді (өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесі 47 пайызды құрайды). Бұл салада бүгінде 630 мың азамат жемісті еңбек етеді. Жыл соңында жалпы құны 1,2 триллион теңгені құрайтын 180 индустриалды жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда, катодты мыс (Қарағанды облысы), ферроқорытпа (Павлодар облысы), жүк көліктерінің бөлшектері (Қостанай облысы), цемент, бағалы металл өңдеу өндірісі (Жамбыл облысы) секілді ірі зауыттар жұмыс істей бастайды. Қазіргі уақытта вольфрам кенін қайта өңдеу (Алматы облысы), Chevrolet Onix автокөлік маркасын құрастыру (Қостанай облысы), мыс концентраты (Жамбыл облысы), жылу оқшаулағыш материалдары (Алматы облысы) және қыш тақталары (Шымкент қаласы) өндірістері пайдалануға берілді. Атырау облысында полипропилен шығаратын зауыттың ашылуы мұнай-газ химиясы саласының толықтай қалыптасуына ықпал етті. Алдағы уақытта полиэтилен мен бутадиен өндіру жоспарланған. Маңғыстау облысында еуропалық консорциумның қатысуымен «жасыл» сутегі өндірісі жобасы жүзеге асырылады. Осылайша елімізде озық халықаралық стандарттарға сай және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнім өндіретін жаңа кәсіпорындар құрылып жатыр. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта «Отау», «Наурыз» және «Асыл мекен» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары ашылды. Сондай-ақ көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 17 мыңнан астам отбасының баспана мәселесі шешімін тапты».«Агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Негізгі мақсатымыз – ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Бүгінде Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексіндегі еліміздің көрсеткіштері жақсарып келеді. 2022 жылы осы рейтингте 32-ші орынға шықтық. Қазақстан ТМД елдері ішінде көш бастап тұр. Бірақ жайбарақат отыруға болмайды. Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек. Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты».«Енді алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталайын. БІРІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүйелі жүргізу қажет. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру ақсап тұрған саланың бірі еді. Биыл мемлекет бұл мәселені шешіп, бөлінетін қаржы көлемін айтарлықтай арттырды. Біз пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау арқылы несиелеудің күрделі әрі көлеңкелі жүйесінен бас тарттық. Диқандар енді көктемгі егін егу және жиын-терін жұмыстарына 5 пайыз мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие алады. Мұндай несиелеу көлемі алғаш рет жарты триллион теңгеден асты (580 миллиард теңге, бұған дейін 180 милллиард теңге болған), алдағы уақытта бұл көрсеткіш бір жарым триллион теңгеге дейін жеткізіледі. Дәнді дақылдар түсімі биыл гектарына 16 центнерді құрады. Бұл көпжылдық орташа көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары. Кейбір алқаптан гектарына 40 центнерден немесе одан да көп өнім жиналды. Бидай сапасы мен балауызының деңгейі (32 пайыз) жоғары. Бұған заманауи агротехнологияларды, жоғары сапалы тұқымды, тыңайтқыш пен пестицидтерді пайдалану, сондай-ақ ауылшаруашылық техникаларын жаңарту арқылы қол жеткіздік. Енді біздің алдымызда жиналған өнімді сақтау және оның бағасын құлдыратуға жол бермеу міндеті тұр. Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырамын. Бұл нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін керек. Астықты өңірлердегі қоймаларды босату мақсатында Ауыл шаруашылығы және Көлік министрліктері бидайды басқа облыстарға тасымалдауды жедел қамтамасыз етуі қажет. Бұл істе облыс әкімдерінің үйлесімді жұмыс істегені маңызды. Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарын дер кезінде қаржыландыру – мол астық жинаудың кепілі. Жыл сайын төлемдерді кешіктіру салдарынан шаруалар егін егу барысында көп қиындықты бастан өткереді. Сондықтан менің тапсырмам бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген несие биылғы желтоқсан айынан бастап берілетін болады. Соның нәтижесінде диқандар жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді, басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытында сатып ала алады. Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда аталған салаға жеке инвестициялар тарту керек екенін айтқан едім. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекет тарапынан субсидиялауды біртіндеп қысқартып, оның орнына банктердің ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беруін ынталандырған жөн. Отандық қаржы институттары агрокәсіпорындарға ұзақмерзімді әрі қолжетімді қаражат ұсынуға тиіс».«Бүгін – Ұлттық валюта күні. Төл валютамыз – тәуелсіздіктің символы. Теңгенің тұрақтылығы Қазақстан экономикасының орнықты дамуына ықпал етеді. Мемлекеттің қаржы саясаты бірінші кезекте нақты сектордың өркендеуіне бағытталғаны дұрыс. Бұл салада мемлекеттік қолдаудың ауқымдылығын ескере отырып, есептеу мен қадағалаудың тиімділігін жолға қою қажет. Менің тапсырмам бойынша ауыл шаруашылығындағы статистиканы бұрмалау, жалған құжат толтыру, көзбояушылық фактілерін түп-тамырымен жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде біз саланың нақты жағдайын бағамдай аламыз, экономикалық шығынға соқтыратын тиімсіз шешім қабылдамаймыз. Үкімет субсидия берудің ашықтығын толық қамтамасыз етіп, саланы нарықтық әдіс-тәсілдер арқылы нығайтуды қолға алуы қажет. Бұл салада стратегиялық тұрғыдан сенімді әрі мұқият ойластырылған мемлекеттік реттеу тетіктеріне көшу маңызды».«ЕКІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыру қажет. Былтырғы Жолдауда үш жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойдым. Біз негізгі азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыра бастадық. Атап айтқанда, таяу жылдары сүт өндіру көлемін 600 мың тоннаға көбейтуге мүмкіндік беретін 116 заманауи тауарлы сүт фермасы салынады. Жалпы қуаты жылына 220 мың тонна құс етін өндіретін 29 фабриканы, сондай-ақ қуаты жылына 850 миллион жұмыртқа өндіретін 11 құс фабрикасын пайдалануға беру көзделген. 100 мыңға жуық ірі қараға арналған 6 бордақылау алаңын, сондай-ақ 50 мың бас уақ малға арналған бордақылау кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Үкімет алғашқы мамандандырылған биржа ашуды қолға алды. Бұл кешенде мал саудасының заманауи ережелері сақталып, фермерлер мен тұтынушылар арасында басы артық делдалдар болмайды».«ҮШІНШІ. Ауыл шаруашылығы ғылымын өркендету аса маңызды. Қазір жаһандық азық-түлік нарығында бәсеке күшейіп келеді. Оған төтеп беру үшін ғылымды дамытуға баса мән беру керек. Соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыру – стратегиялық міндеттің бірі. Картоп пен қант қызылшасы бойынша отандық тұқымның үлесі 10 пайызға да жетпейді. Осындай мәселелерді шұғыл шешу қажет. Биыл Дәнді-дақылдар селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту туралы кешенді жоспар қабылданды. Нақты міндеттер қойылды. Үкіметке диқандарды елімізде өндірілген тұқыммен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл көрсеткішті 2028 жылы 80 пайызға жеткізу қажет. Ал жоғары сапалы (яғни, элиталық) тұқымның үлесі кемінде 15 пайыз болуы керек. Ол үшін шетелдің озық тәжірибесін зерттеген жөн. Мен жақында француз кәсіпкерлерін осы саладағы инвестициялық жобаларды бірге жүзеге асыруға шақырдым. Сондай-ақ жуырда Моңғолияға мемлекеттік сапармен барғанымды білесіздер. Ол жақта да өте маңызды келіссөздер болды. Моңғолия басшысымен бірге көптеген мәселені талқыладық. Екі көшпенді халықтың ұрпағы ретінде жылқы туралы да айттық. Моңғол жылқылары аласа болғанымен, өте төзімді әрі ұзаққа шабады екен. Біз «Тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп, арғымақты айрықша қадірлеген елміз. Тұтас тарихымыз тұлпардың тұяғымен жазылған. Жалпы, қазақтың мінер көлігі де, ішер асы да жылқымен тығыз байланысты. Саумал мен қымыздың сан түрлі дертке шипа екені баршаға мәлім».«Қазір елімізде жылқы саны үздіксіз өсіп келеді. Бұл – жақсы үрдіс. Дегенмен асыл тұқымды жылқының үлесі бір пайызға да жетпейді, яғни 4,2 миллион жылқының 40 мыңы ғана асыл тұқымды. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысына баса мән берген жөн. Қазақстанда жылқының бірнеше түрі бар. Оның ішінде қазақпен бірге жасап келе жатқан жабының орны ерекше. Кейін оған Қостанай, Көшім және Мұғалжар тұқымдары қосылды. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Мен бұған дейін Адай жылқысы Маңғыстаудың баға жетпес қазынасы екенін айттым. Оны әлемге таныту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырдым. Қазір Адай жылқысы ресми түрде бөлек тұқым ретінде тіркелді. Бұл арғымақтар Ұлы дала жорығында, басқа да аламан бәйгелерде топ жарып жүр. Қостанай жылқысы да мықты екені белгілі, алайда, жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр, небәрі 280 бас қалды. Сондықтан жылқының санымен қатар, сапасын арттыру – маңызды міндет. Биыл қазақ жылқысының тұқымын сақтау және көбейту үшін арнайы заң қабылдадық. Енді бұл бағытта тағы бір маңызды қадам жасаймыз. Мен Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырамын. Білікті мамандар мұны көптен бері айтып жүр. Құзырлы органдар қысқа мерзім ішінде осы мәселені пысықтап, қаржы көздерін нақтылауы керек».«ТӨРТІНШІ. Ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды белсенді түрде енгізу қажет. Бізде минералды тыңайтқыштар аз қолданылады. Бұл – отандық агросектордағы өзекті мәселе. Биыл егіс алқаптарына бұрынғыдан екі есе көп тыңайтқыш себілді. Бұл – ғылыми тұрғыдан қажет тыңайтқыштың 41 пайызы деген сөз. Жалпы жұмыс қарқыны жаман емес. Бірақ біз агротехнологиясы дамыған озық елдердің деңгейіне ұмтылуымыз қажет. Сондықтан импортқа тәуелді болуды азайту керек. Өзімізде шығарылатын тыңайтқыштар ауыл шаруашылығын толық қамтамасыз етпейді, сұраныстың жартысын ғана өтейді. Қазір елімізде құны 4 миллиард доллар болатын ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның арқасында 7 миллион тонна минералды тыңайтқыш өндірілмек. Осылайша біз ішкі нарықты толық қамтамасыз етеміз, ал артығын экспортқа шығаруға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек органикалық тыңайтқыш өндірісін дамыту маңызды. Халықаралық тәжірибеге қарасақ, қойдың жүнін суармалы жерге тыңайтқыш ретінде тиімді пайдалануға болады».«Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі цифрландыру мен автоматтандыру мәселесі ұдайы назарда болуға тиіс. Бұл бағытта жақсы нәтижелер бар. Кейінгі бес жылда еліміздегі цифрлы фермерлік шаруашылықтар саны алты есеге жуық өсіп, бүгінде 200-ден асты. Бұл – шын мәніндегі болашақтың кәсіпорындары. Онда озық технологиялар жаппай енгізіледі. Бірақ бұған тоқмейілсуге болмайды. Аталған саладағы қызметтер мен процестерді толығымен электронды форматқа көшіруді жеделдету қажет. Субсидия алу мен жеңілдіктерді пайдалану алгоритмдері фермерлер үшін барынша қарапайым және түсінікті болуы керек. Бұл туралы ақпараттардың формалары мен мазмұны барынша қолжетімді болғаны жөн. Жасанды интеллект пен «үлкен деректерді» пайдалану арқылы ғана өндірістің барлық кезеңінде дәл есептеу, бақылау мен болжау мүмкін болмақ. Жалпы жан-жақты цифрландыру агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетін арттырады, көлеңкелі сектордың үлесін азайтуға септігін тигізеді және саладағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдірудің маңызды факторына айналады.».«БЕСІНШІ. Ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігі маңызды. Мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу жөнінде міндет қойдым. Бұл мақсатқа 120 миллиард теңге бөлініп, отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жылына 5 пайызбен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталды. Қазақстанда 8 ірі бірлескен кәсіпорын, соның ішінде «Клаас» неміс концерні мен ресейлік «Ростсельмаш» компаниясы табысты жұмыс жатыр. Биыл шамамен 160 миллиард теңгеге жуық қаржыға 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн (оның 107-сі «Клаас» компаниясына тиесілі) шығарылды. Үкімет еңбек өнімділігін арттыруға, импортталатын қосалқы бөлшектерді локализациялап, ұсақ бөлшектерден құрастырылатын өндірісті қолдауға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса мән беруі керек».«АЛТЫНШЫ. Ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін күшейту қажет. Мұнда көлік-логистика мүмкіндіктерінің шектеулі болуы кедергі келтіреді. Мысалы, еліміздегі логистика мен сақтау жүйелерінің жеткілікті болмауынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер зор шығынға ұшырап отыр. Сондықтан сақтау инфрақұрылымын, соның ішінде элеваторлар, көкөніс және жеміс-жидек сақтау қоймаларын дамыту маңызды бағыт болуға тиіс. Сыйымдылығы 700 мың тонна болатын қоймалар салу мен жаңғыртудың кешенді жоспары қабылданды. Бұл жұмысты ұдайы бақылауда ұстау керек. Біз дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтап қана қоймай, түрлі елдердің талаптарына бейімделген икемді жеткізу жүйесін құра отырып, экспортты әртараптандырғанымыз жөн. Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан және Ауғанстанға жоспарлы түрде астық тасымалдау жұмысы басталды. Иран нарығына кіруге рұқсат алып, 250 мың тонна арпа жөнелттік. Сондай-ақ Қытайға, Еуропа Одағы елдеріне және Солтүстік Африкаға астық жеткізіледі. Теңізбен тасымалдауды арттыру үшін Құрық портында жаңа астық терминалы іске қосылды. Жаңа нарықтардың азық-түлікке сұраныс көлемі ұлғайып келе жатқанын ескерсек, Солтүстік – Оңтүстік және Транскаспий бағыты сияқты халықаралық дәліздердің рөлі арта түседі Қазақстанды Еуразияның негізгі көлік-логистикалық орталығы ретінде құру жөніндегі стратегиялық міндет – менің кейінгі жылдардағы халықаралық деңгейде жүргізіп жатқан келіссөздерімнің басты тақырыбына айналды. Бұл мәселеде аталған дәліздерге ыңғайлы жол табу және ішкі логистиканы жақсарту өте маңызды. Сондықтан алдағы алты жылда (2030 жылға дейін) біз теміржол желісін ауқымды түрде жаңғыртуды көздеп отырмыз. Он бір мың шақырым темір жолды жөндеп, бес мың шақырымнан астам жаңа темір жол салу жоспарлануда. Қазірдің өзінде «Дарбаза – Мақтаарал», «Достық – Мойынты», «Бақты – Аягөз» және «Алматы қаласының айналма жолы» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл Орталық Азия мен Қытай бағытындағы жүк тасымалының артуына жол ашады. Автокөлік жолдарының желісін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жыл соңына дейін «Астана – Балқаш – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Ақтөбе – Қандыағаш» және «Атырау – Астрахань» автомобиль жолдарының құрылысы аяқталады».«Биыл Қазақстанның экспортқа 12 миллион тонна астық шығаруға мүмкіндігі бар. Бұл – өте көп өнім және зор жауапкершілік. Диқандардың өнімін сыртқы нарыққа шығаруға жан-жақты қолдау көрсету – Үкіметтің басты міндеті. Экспорттық әлеуетімізді арттыра түсу үшін әлемдік нарықта сұранысқа ие бағалы дақылдарды көбірек өсіру қажет. Сонымен бірге ішкі нарыққа өткізудің ұтымды жолдарын барынша пайдалану керек. Алматы, Астана, Шымкент қалаларымен іргелес аймақтардағы диқандардың мол мүмкіндігі бар. Осы орайда Ақмола облысын үлгі ретінде айтуға болады. Бұл аймақ елорданың «азық-түлік белдеуі» деген атқа лайық екенін дәлелдеді. Биыл облыстың ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімі екі есе өскен. Бұл – өте жақсы нәтиже. Сондықтан ауқымды ішкі нарығы бар қалалармен шектесетін басқа да аймақтар осы бағытта белсенді жұмыс істеуі керек. Қазақстанда сан түрлі азық-түлік өнімі шығарылады. Жұрт өз өнімдерімізді көбірек сатып алу үшін оны елге танытып, кеңінен насихаттау керек».«Халқымыздың 40 пайызы ауылда тұратынын білесіздер. Агроөнеркәсіп кешені бүкіл елдің, әсіресе, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Сол себепті мен ауылды өркендету ісіне айрықша мән беремін. Бұған сайлау алдындағы тұғырнамада ерекше назар аудардым. Президент сайлауынан кейін алғашқы Жарлығым ауылды дамытуға арналды. Менің тапсырмаммен Үкімет бес жылды қамтитын тұжырымдама қабылдады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде нақты нәтиже бар. Биыл 200-ге жуық ауылға су құбырын тарту үшін қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін ауыл халқының 95 пайыздан астамы таза сумен қамтамасыз етіледі. Ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үшін арнайы жоба қолға алынды. Бүгінге дейін 140-тан астам нысан салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 13 ауыл мектебі пайдалануға берілді. Соңғы бес жылда жергілікті маңызы бар 38 мың шақырым жол жөнделді. Маңызды міндеттің бірі – ауыл халқының табысын арттыру. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріле бастады. Соның нәтижесінде ауылда 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Осындай ауқымды жұмыс жалғасын табады. Себебі ауылды көркейту – стратегиялық міндет. Бұрын жабылып қалған кейбір аудандар былтыр менің тапсырмаммен қайта құрылды. Бұл – әсіресе, шеткері орналасқан елді мекендерге серпін беретін қадам».«Қуатты аймақтар – қуатты ел» деген сөз. Біз осы қағидаға сай жұмыс істеуіміз керек. Себебі мықты мемлекет боламыз десек, ауылды дамыту аса маңызды. Осы орайда мен баршаңызға үндеу тастағым келеді. Ауыл – бәріміздің алтын бесігіміз. Қалада туып, өмір бойы қалада тұрған қазақтың да тамыры – ауылда. Халқымыздың салт-дәстүрі, тілі мен ділі, бәрі де ауылда сақталған. Жаһандану дәуірінде қазақты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақтауымыз керек. Мен табысқа жеткен әр адам туған жеріне қамқор болуы қажет деп үнемі айтып жүрмін. Бүгін ортамызда «Қазақстанның Еңбек Ері» Иван Адамович Сауэр отыр. Ол жетекшілік ететін «Родина» агрофирмасы ауыл шаруашылығында бизнесті оңтайлы жүргізудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бұл – Астананы азық-түлікпен қамтамасыз етуге және облыс экономикасының дамуына зор үлес қосып қана қоймай, өзінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының қамын ойлайтын озық кәсіпорын. Сыр бойындағы Нағи Ілиясов және Таң, Арқадағы Шахтерское, Қызылжар өңіріндегі Новоникольское ауылдары да көпке үлгі. Әр аймақта осындай гүлденген елді мекендер бар. Бірақ ауылдан шыққан мықты кәсіпкерлер одан әлдеқайда көп. Мен іскер азаматтарды ауыл-аймақты көркейтуге шақырамын. Адал еңбекпен табысқа жеткен азамат ауылын дамытуға үлес қосқаны жөн деп ойлаймын. Бұл біз үнемі айтатын отаншылдық, елге жанашырлық қасиеттердің нақты көрінісі болары сөзсіз. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы да осындай құндылықтарға негізделген. Жоба аясында елді мекендеріміз тазарып, жаңаша келбетке ие бола бастады. Қоршаған ортаға қамқорлық қоғамдық мәдениеттің арқауына айналды. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды. Менің тапсырмаммен Үкімет арнайы тұжырымдама қабылдады. Басты мақсат – халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру».«Еңбекқорлық пен жауапкершілік ұлтымыздың бірегей болмысына айналуға тиіс. Бүгінде әлеуметтік желілерде әдемі өмір сүру мен оңай олжа табу туралы жарнамалар көбейіп кетті. Бұл халықтың санасына барлық жетістікке қиналмай қол жеткізуге болады деген бос қиялды сіңіреді. Жастардың белгілі бір бөлігі соған сеніп, алтын уақыттарын босқа сарп етуде. Кез келген жетістікке тынымсыз еңбек қана жеткізетіні даусыз. Бұрынғылар «Еңбек бәрін жеңбек» деп бекер айтпаған. Еліміздегі әр азаматтың адал әрі жауапты еңбек арқылы табысқа жеткенін қалаймын. Бұл – азаматтарымыздың өмірлік мақсатына айналуға тиіс. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасының мәні де осында жатыр. Мен жастарға сенетінімді үнемі айтып келемін. Ауыл шаруашылығы жастардың өзін танытуына мол мүмкіндік береді деп ойлаймын. Ауылға маман тартудың қаншалықты қиын екенін жақсы білетін шаруашылық басшылары бұл іске ерекше мүдделі. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлауға үлкен көңіл бөлініп келеді. Соңғы жылдары елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Оның төртеуі агроном, мелиоратор, биотехнолог және эколог сияқты ауыл шаруашылығы саласында сұранысқа ие мамандарды халықаралық бағдарламалар бойынша даярлайды. Жалпы, мемлекет пен бизнес ауылдағы барлық мәселені бірлесіп шешуі керек. Агроөнеркәсіппен айналысу үшін ауылға келген жас кәсіпкерлерді бағалаймын. Мемлекет те сіздердің еңбектеріңізді ұмыт қалдырмайды. Жолдауда Үкімет пен барлық мемлекеттік органдар отандық бизнеске, шетелдік инвесторларға жол ашуы керек екенін тапсырған болатынмын. Ауыл тұрғындарына қол ұшын созып, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға атсалысатын кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтар мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Олардың инвестициялық жобаларына қолдау көрсетіп, бюрократиялық кедергі келтірмеу керек. Бір сөзбен айтқанда, шаруалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажет. Үкімет пен әкімдер жерді табыс көзіне айналдырып, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге атүсті қарайтындарға тосқауыл қоюға тиіс. Жауапкершілігі мол кәсіпкерлер мен инвесторлар ғана елдегі оң өзгерістердің нағыз көшбасшысы бола алады. Сіздер ынтымақ-бірлік пен нағыз патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарта бересіздер деп сенемін. Мемлекет сіздерге жан-жақты қолдау көрсетіп, лайықты бағалайды. Мемлекет пен агробизнес арасындағы байланысты жақсарту үшін бүгінгі Форумды жыл сайын өткізуді ұсынамын».«Мен Жолдауда жұмысшы мамандық иелеріне, өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақ беруді ұсындым. Мемлекеттік марапаттар жүйесін 9 құрметті атақпен толықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы бар. Бұл – елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне шынайы құрметтің белгісі. Қазір депутаттар тиісті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Келесі жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы. Жыл бойы біз нағыз еңбек адамдарын жоғары деңгейде ұлықтайтын боламыз. Бұл қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу жылы болмақ»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/884418
ЖАҢА АЛЛЕЯДА ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 130 ШЫНАР АҒАШЫ ЕГІЛДІ 15.11.2024
Түркістанда мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы аясында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аумағында аллея ашылды. Онда біртуар тұлғаның мерейтойына орай 130 түп шынар ағашы отырғызылды. Игі іске ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев және аталған оқу орданың ректоры Жанар Темірбекова, ғалымдар мен тарихшылар, ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері, студенттер атсалысты. Университет басшылығы алдағы уақытта аллеяның аумағы кеңейіп, үлкен паркке айналады деді.Таңертең бастау алған «Тұрар және Түркістан идеясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясысы әрі қарай панельдік отырысқа ұласты. Ғылым жолындағы Тұрар өмірін зерттеушілер қазіргі таңда оның еңбектерін насихаттап, есімін ұлықтау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылылып жатқанын тілге тиек етті. Тұлғалық болмысын айқындай түсетін еңбек жолы жайлы баяндамалар жасалды. Атап айтсақ, «Рысқұлов және қырғыз зиялылары», «Рысқұлов – әлемдік тұлға», «Рысқұлов және Алаш зиялылары», «Рысқұлов және Түркістан», «Рысқұловтың публицистикасы», «Рысқұлов және Түркістан үшін күрес», «Рысқұлов және Ататүрік, Түркі бірлігі» атаулармен басқа да тақырыптар аясында ақпараттар айтылды.Жиында профессор, Қырғызстанның Жокорку Кенеш экс-спикері Зайнидин Курманов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразалы Сәбден, Өзбекстан Республикасы, Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институтының директоры, профессор Кахраман Раджабов, Халықаралық Түркі академиясының сарапшысы Тимур Козырев, университеттің қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Хангелді Әбжанов сынды өзге де ғалымдар маңызды тақырыптарды қозғады.Осылайша қазақ халқы мен түркі мемлекеттерінің, Орта Азия халықтарының ынтымағы мен амандығын армандаған баба рухына бүгінгі ұрпақтары тағзым етті. Оның артында қалдырған өшпес ізі, тарих сахнасындағы рөлі тағы да айтылып, жаңғырды. Заманында ашаршылықтан зардап шеккен халқының қамын жеген ұлт жанашырының ел біле бермейтін, сан салаға сіңірген еңбегі сараланды. Мазмұнды іс-шара күні ертең туған жері Түлкібас ауданында рухани шара жалғасады деп жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/884424
Елорда оқушылары «Ақберен» өнер байқауында топ жарды 15.11.2024
Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен Астана қаласында «Ақберен» өнер байқауы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қаладағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде өткен өнер байқауында еліміздің әрбір өңірінен 120 оқушы алты номинация бойынша қатысты.Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының оқушылары 1 алтын, 2 күміс медальға ие болды.«Ақындар айтысы» номинациясында 76 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Абылай Қайратұлы І орын, «Көркемсөз оқу» номинациясында 87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Саяжан Азаматқызы және «Эссе жазу» номинациясында 84 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мұрат Ажар II орын иеленді.Айта кетейік, «Үздік команда» номинациясында Астана қаласы ІІ орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884378
Астанада қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланды 15.11.2024
Елордада қоғамдық тәртіпті бұзушылармен және вандализмнің кез келген жағдайымен күрес жалғасуда. Құқық қорғау органдары құқық бұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 14 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында 29 жастағы астаналық қонақ үйдің алдыңғы есігін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірді.Сол күні сағат 20:30 шамасында елорданың ойын-сауық орындарының бірінде 33 жастағы қала тұрғыны жанжал шығарды. Ашу үстінде ол бөлменің есігі мен қабырғасын әдейі зақымдаған. Осы ісімен шамамен 100 АЕК мөлшерінде материалдық шығын келтірді.Тағы бір оқиға 11 қарашада түскі уақытта болды. 34 жастағы ер адам қоғамдық орында өзін дөрекі ұстап, өзгелерді қорлаған.Қоғамдық тәртіпті бұзушылардың бәрі табылып, жауапқа тартылды.Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыс жүріп жатыр.Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот 275 адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884433
Алматының Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында 34 ескі үй сүрілді 15.11.2024
Алматыда тұрғын үй қорының жаңартылуы «Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы» аясында жалғасуда. Жетісу ауданында 2030 жылға дейін 135 үйді қамтитын жаңа реновациялау бағдарламасы бекітілді.Қазір ауданда 304 пәтерді қамтитын 34 ескі үй бұзылды. Келесі жылы 30 үйдің 280 пәтерінің иесін жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр.Мысалы, Қрылов, Скрябин, Гончаров көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында инвестор 16 ескі үйдің орнына 944 пәтерден тұратын 11 үйдің құрылысын жүргізуде.Бұзылған үйлердің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілді. Бүгінгі таңда 9 үй толық аяқталған, ал қалған 2 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.Сонымен қатар, Боткин, Казаков, Гончаров, Скрябин көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында тағы бір компания 6 ескі үйдің орнына 576 пәтерден тұратын 11 үй салып жатыр.Бүгінде бірінші кезектегі 3 үй пайдалануға беріліп, бұзылған үйлердің тұрғындары сол жерге көшірілді. Қалған 8 үйдің құрылысы жалғасуда.Бағдарлама аясында жаңа үйге көшкен тұрғындардың бірінің айтуынша, олардың отбасы ескі, сейсмикалық қауіпті үйдің орнына заманауи тұрғын үй кешеніне көшкен.«Біз жөнделіп, дайындалған, алаңы бірдей жаңа пәтер алдық. Үйдің құрылысы кезінде бізге уақытша баспана тегін берілді. Мұндай бағдарламалар өте маңызды, себебі әркімнің жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға мүмкіндігі жоқ, әсіресе ескі үйдегі жылжымайтын мүлікті сату қиын», – деді Фарида Ишмеметова.Айта кету керек, тұрғындарды ескі үйлерден жайлы пәтерлерге көшіруді жеделдету мақсатында Алматы әкімдігі 2030 жылға дейінгі реновациялау бағдарламасын әзірледі.Бағдарлама аясында сейсмикалық тұрақсыз, пайдалану мерзімі өткен және өмірге қауіп төндіретін үйлерді бұзылады. Олардың орнына заманауи тұрғын үй кешендері салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884364
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді 15.11.2024
16-17 қарашада сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Алматы және Жетісу облыстарының ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна құрайды, оның ішінде:* Ет өнімі – 80 тонна;* Жеміс-көкөніс өнімі – 100 тонна;* Сүт өнімі – 60 тонна;* Балық өнімдері – 5 тонна;* Өзге өнімдер – 55 тонна.Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.Құрметті көлік иелері!Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 15 қарашасында сағат 20:00-ден 17 қарашасында 20:00-ге дейін жабылады.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884368
2024 жылғы қаңтар-қазандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары 15.11.2024
www.stat.gov.kzБаспасөз хабарламасы№ 1039-ІҚ2024 жылғы 15 қараша 2024 жылғы қаңтар-қазандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары 2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 610,6 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-қазандағы деңгейге қатысты алғанда 100,8%-ға бағаланды.Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,3%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,8%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,5%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.2024 жылғы қаңтар-қазанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 1 115,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 1,4%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 1,3%-ға өсті.Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қазанда 447,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,9%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 28,2%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 4,3%-ға байқалды.Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 40,7 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 116,2%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 24,1%-ге өсу байқалды.Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 6,2 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 17,0%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 36,5%-ға, суды жинау, тазарту және бөлуде – 0,6%-ға байқалды.Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 50,2%-ы), Жарма ауданында – 19,9%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 16,3%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,7%, Бородулиха ауданында – 3,4%-ы өндірілді. Әдіснамалық түсіндірмелерӨнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы Орындаушы: өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманыА.Т.МайкибаеваТел. +7 7222 52-49-18Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысыШ.А. ИсахановаТел. +7 7222 52-49-18Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884390
Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы 15.11.2024
2026 жылғы қаңтар-маусымындағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға өсті және 307,1 млрд. теңгенi құрады.Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7%-ды құрады.Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 59,9 %-ын құрады және 2025 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 13,3%-ға көбейді.Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 40,1%-ын құрады.Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 64,8%-ын азық-түлік емес тауарлары, 35,2%-ын азық-түлік тауарлары құрады.Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 235,5 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76,7%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,3%, Жарма ауданына –4,3%-дан, Бородулиха ауданына -2,3%, Үржар ауданына –3,0%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,7% (Курчатов қаласы), 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,8%-ға дейін (Бесқарағай ауданы), 1,4%-ға дейін (Мақаншы ауданына), 1,5%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.2026 жылғы қаңтар-маусымында көтерме сауда көлемі 188,7 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 104,4% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 60,7%-ды, азық-түлік тауарлары – 39,3%-ды құрайды.Әдіснамалық түсініктемелерБөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасыОрындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы:Г.Т.ТолегеноваТел. +7 7222 362612Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1258558?lang=ru
2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық ахуалы туралы 15.11.2024
www.stat.gov.kzБаспасөз хабарламасы№10382024 жылғы 15 қараша2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық ахуалы туралы 2024 жылғы 1 қазанына Абай облысы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 604,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 373,5 мың (61,8%), ауылдықтар – 231,0 мың адам (38,2%). 2024 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3,1 мың адамға немесе 0,5%-ға кеміді.Халықтың табиғи қозғалысы2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте Абай облысы халқының табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда (3581 адам) 12,3%-ға өсіп, 3142 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,93 адамды құрады.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте туылғандар саны 7231 адамды құрады, бұл 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,9%-ға аз (7521). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 15,95 туылғандарды құрады.Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 4089 адамды құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар - қыркүйекке қарағанда 3,8%-ға аз (3940 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,02 қайтыс болғандарды құрады.2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыста 1 жасқа дейін шетінеген 58 нәресте тіркелді және 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (44 шетінеген нәресте) 3,8% есе көбейді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,02 оқиғаны құрады.Халықтың көші-қоныКөші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2024 жылы 9 айында облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 8986 адамды, елімізден кеткендердің саны - 15197 адамды, көші-қонның айырымы – 6211 адамды құрады.Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны-66 адам, ал сол елдерге кеткендердің - 373 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 74,2% және 84,6% құрады. Осының келгендермен және кеткендердің көп бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі, 58 адам келіп және 373 адам көшіп кеткен.Алыс шетел елдерімен теріс сальдо, облысқа келгендер - 23 адам құраса, кеткендер саны - 68 адам, оң сальдо Қытай Халық республикасымен мен Моңғолиямен оң сальдо қалыптасты.Облыс ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 8897 адамға азайған, келгендер - 14756 адам құраса, кеткендер - 5859 адам құрады._________________________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерХалықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика Орындаушы әлеуметтік және демография статистикасыбөлім басшысы:С.А. КондратьеваТел. +7 7222 36-25-49Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884408
STIPENDIUM HUNGARICUM БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ 15.11.2024
STIPENDIUM HUNGARICUM БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2025-2026 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді:Бакалавриат – 110 орынМагистратура – 90 орынБакалавриат + магистратура – 30 орынДокторантура – 20 орын Грант мына шығындарды өтейді:Тегін оқуСтипендияЖатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтерге ай сайынғы40 000 HUF көлеміндегі өтемақы)Медициналық сақтандыру Құжаттар 2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2025 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы қабылданады немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыруға болады. Толық ақпаратты Халықаралық бағдарламар орталығының ресми сайтынан bolashak.gov.kz таба аласыздар. Әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/884366
Сүңгуірлік қызметтің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітіледі 15.11.2024
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде (сүңгуірлік қызмет жөніндегі) қызметтердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 273) тармақшасына сәйкес әзірленді.Нұсқаулық бейіндік қызметтердің, сүңгуірлік түсулер мен жұмыстардың ұйымдастырылуын егжей-тегжейлі көрсетеді. Онда сүңгуірлерді ұйымдастыруға, сүңгуір жабдықтары мен техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсетуге қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары тұжырымдалған.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 29 қарашасына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15293787 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/884391
Президент ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады. Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған 15.11.2024
Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды.Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды. Іс-шараға агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884386
Астанада жобаларды басқарудың заманауи тәсілдеріне арналған Workshop өтті 15.11.2024
2024 жылғы 8-9 қараша күндері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Аджайл. Тұрақтылық. Жобалық мәдениет» тақырыбында жобаларды басқару бойынша Workshop өтті. Іс-шара заманауи жобалық басқару тәсілдері, тұрақтылық және аджайл әдістерін енгізуге арналды.Іс-шараға Мемлекет басшысының кеңесшісі Есекеев Қ.Б., ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асанов Ж.К., ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары Қаныш Төлеушин, сондай-ақ БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Хожиматов С. қатысты. Көшбасшылар Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жобаларды басқарудың озық тәжірибелерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.Workshop-қа мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтардың жобалық кеңселерінен 200-ден астам қатысушы жиналды. Бұл түрлі секторлардың өкілдері мен жобаларды басқару саласындағы сарапшылар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.Іс-шараның бірінші бөлігінде IPMA ұйымының «Қоғамның жобалануы: Қазақстан жағдайы» атты кітабының таныстырылымы өтті. Таныстырылымды кітап авторларының бірі Ахметов А.А. жүргізді. Ол жобаларды басқару саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанның жобалық мәдениетті дамытудағы маңызды жетістіктері мен келешегін атап өтті.Бағдарлама барысында төрт панельдік сессия ұйымдастырылды. Оларда жетекші сарапшылар мемлекеттік сектордағы жобаларды басқаруда аджайл әдістерін қолдану, жобалық мәдениет пен командалық көшбасшылық, жобаларды басқару жүйелері, мониторинг және жобаларды басқару тәжірибелері бойынша білімдерімен бөлісті.Сонымен қатар қатысушыларға Ұлттық акселератордың қызметі және стратегиялық жобаларды мониторингтеуге арналған бейнешолу ұсынылды.Іс-шараның екінші күнінде «SimulTrain» атты симуляциялық ойын өткізілді. Онда мемлекеттік қызметшілер стратегиялық ойлау және жобаларды басқару дағдыларын нақты жобалық ортада дамытты.Іс-шара соңында жобалық кеңсе қызметкерлері министрдің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталып, олардың жобаларды басқару саласының дамуына қосқан үлестері атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/884365
Астанада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолуына дайындық мәселелері бойынша кездесу өтті 15.11.2024
Бүгін Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Әділет министрлігі БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолуы шеңберінде Қазақстан Республикасының төртінші кезеңдік Ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық бойынша кеңес өткізді.Кездесу барысында қатысушылар қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар ұсынған баяндамалар мен ұсыныстарды тыңдап, баламалы есептерді талқылауды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Кездесуде азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы жүйелі диалогтың маңыздылығын атап өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884371
Заң мен тәртіп: Астанадағы форумда киберқылмыспен күрес мәселелері талқыланды 15.11.2024
Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алаяқтыққа қарсы және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі республикалық жастар қозғалысының Alayaq.net форумы өтті. Оған ҚР МАМ, ҚР ІІМ, ҚР ҚМА, банк секторы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жастар белсенділері қатысты.«Кездесудің басты бағыты – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында назар аударған заң мен тәртіп идеологиясы. Киберқылмыс – қоғамымыз үшін аса қауіпті. Заң мен тәртіп әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігінің кепілі болуы тиіс. Сондықтан бізге киберқылмыспен күресу және алдын алу бойынша тиімді шаралар қажет», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов кездесу барысында.Форумға 20 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараға онлайн режимде Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан салықтық және қаржылық тергеу органдарының өкілдері қосылды. Қатысушылар киберқылмыспен күресу және қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша бірлескен жұмыс стратегиясын талқылады.Сонымен қатар форумда Alayaq.net жобасының нәтижелері таныстырылды. Жоба жүзеге асырылғаннан бері 120-ға жуық интернет-алаяқ, алаяқтық схемалар, онлайн-казино сынды қылмыс анықталды. Қаржылық сауаттылықты арттыру марафоны аясында 125 мыңнан астам адам оқытылды.Форум соңында Alayaq.net жобасының үздік волонтерлерін марапаттау рәсімі өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884425
Қостанай облысында орналастыру жоспарланған ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық 15.11.2024
2024 жылғы 15 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларының құрылысына ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 23 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады. 2024 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды.Сауда-саттық барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 22.68-ден 12.33 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) аралығын қамтыды.Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компания жеңімпаз деп танылды:«Alpha wind» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 12.33 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарланған.Аукциондық сауда-саттыққа бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын растады.ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 18 қарашаға жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/884435