Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы
15.11.2024 23:06:11 5512
2026 жылғы қаңтар-тамыздағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға өсті және 452,9 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 11-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 59,8 %-ын құрады және 2025 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 14,8%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 40,2%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 65,7%-ын азық-түлік емес тауарлары, 34,3%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 344,7 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76,1%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,9%, Жарма ауданына – 4,6%-дан, Үржар ауданына – 2,8 %, Бородулиха ауданына - 2%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2% (Курчатов қаласы) 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 0,8%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,6%-ға дейін (Бесқарағай ауданы)1,3%-ға дейін (Мақаншы ауданына), 1,7%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2026 жылғы қаңтар-тамызында көтерме сауда көлемі 284,3 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 104,6% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 60,5%-ды, азық-түлік тауарлары – 39,5%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысының м.а.: М.К.Каттебаева Тел. +7 7222 362612 | Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1291192?lang=ru