Қоғам
Мемлекеттік кірістер комитетінде Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісімен кездесу өтті 28.01.2026
Астана, 2026 жылғы 27 қаңтарда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде КГД Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Құдайберген Базарбаевпен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи жақындыққа, өзара сенімге және стратегиялық әріптестікке негізделген берік бауырластық қатынастар байланыстыратыны атап өтілді. Тараптар өзара сауданы дамытуға, бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуге және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және кедендік әрі салықтық әкімшілендірудің заманауи әрі тиімді тетіктерін дамыту бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1150113?lang=kk
41 колледж және 22 мың студент: Алматы облысында Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы шығарылды 28.01.2026
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысына арналған «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ – ТАБЫСТЫ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – еңбек адамына құрмет көрсету, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби шеберлігімен, адал еңбегімен көзге түскен азаматтарды марапаттау.Бүгінде Алматы облысындағы әрбір бесінші оқушы жұмысшы мамандығын тұрақты жұмыспен қамтылу мен кәсіби дамудың саналы таңдауы ретінде қарастырады. Бұған ауқымды кәсіби бағдар беру бағдарламалары мен мектеп–колледж–еңбек нарығы арасындағы жүйелі байланыстың қалыптасуы ықпал етті.Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат депутаттары, білім беру ұйымдарының басшылары, колледж директорлары, еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер, халықаралық грант иегері атанған студенттер, сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының жүлдегерлері қатысты.Құттықтау сөз сөйлеген өңір басшысы еңбек адамына қолдау көрсету тақырыптық жыл аяқталғаннан кейін де өңірлік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.«Білікті маман мен еңбекқор азамат экономиканың стратегиялық маңызы бар тірегі болып табылады. Сондықтан еңбек адамына қолдау жүйелі түрде жалғасын табады», – деді Марат Сұлтанғазиев.Өңірде бүгінде 41 колледж жұмыс істейді, онда шамамен 22 мың студент білім алуда. Кадр даярлау еңбек нарығының сұранысына бағытталған: 950 студент жұмыс берушілердің өтінімі бойынша оқиды, 60 оқушы аттестатымен қатар колледж дипломын қатар алуда. 19 колледж дуальды оқыту жүйесі бойынша 238 кәсіпорынмен ынтымақтастықта жұмыс жасайды, 23-тен астам компания колледждерге шефтік қамқорлық көрсетуде.«Гидротехникалық мелиорация», «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар», «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Жиһаз өндірісі» сынды жаңа мамандықтар ашылды.Халықаралық ынтымақтастық та дамып келеді: 32 бірлескен іс-шараның нәтижесінде 35 студент пен 14 педагогты Қытай еліне тағылымдамадан өткізу жоспарлануда.Студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда облыста 16 жатақхана жұмыс жасайды, ал биыл жалпы құны 6 млрд теңге болатын, 711 орынға арналған тағы 4 жатақхананы пайдалануға беру көзделген.Жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі республикалық деңгейде де расталды: WorldSkills Kazakhstan X чемпионатында Алматы облысының өкілдері 12 жүлделі орынға ие болды.Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда:– «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен 2 адам;– Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен 11 адам;– Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен 9 адам;– WorldSkills Kazakhstan чемпионатының 13 жүлдегер студенті марапатталды.Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы еңбек адамына жасалған қолдаудың нақты нәтижелер беріп отырғанын және жұмысшы кәсіптердің Алматы облысы жастары үшін болашағы зор, сұранысқа ие таңдау екенін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1150124?lang=kk
Алдағы кезеңге арналған тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарлары 28.01.2026
2026 жылғы 26 қаңтарда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Арман Исмаиловтың жетекшілігімен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.Отырыс барысында қала дамуының өзекті мәселелері, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, коммуналдық шаруашылықтың жай-күйі, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар мәселелер қаралды. Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды тыңдап, ұсыныстар мен пікірлер алмасты.Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстары туралы ақпараттар қаралып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1150130?lang=kk
№17 мектеп оқушыларымен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген профилактикалық кездесу 28.01.2026
№28 мекеме қызметкерлері: әділет майоры Миржан Кайыржанович Мендигалиев, әділет аға лейтенанты Максат Муратович Утегенов, әділет лейтенанты Ирина Валентиновна Галимова №17 мектептің оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдағы заңның маңызы, құқықтық нормаларды сақтаудың қажеттілігі, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің салдары түсіндірілді. Өз әрекеттері үшін жеке жауапкершілік пен өмірлік таңдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Кездесу аясында оқушыларға сотталған азаматтың бейнеүндеуі көрсетілді. Бейнеүндеуде ол өз өмір жолы, қылмысқа апарған себептер туралы айтып, жастарды еркіндікті бағалауға, заңды құрметтеуге, теріс ортадан аулақ болуға және өз қателіктерін қайталамауға шақырды. Аталған бейнежазба оқушылардың қызығушылығын тудырып, профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мұндай кездесулер жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың нақты салдарын көрсетуге және олардың өз әрекеттеріне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша толық жауаптар алды. Өткізілген кездесу тәрбиелік және алдын алу бағытында өтіп, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды. #заңментәртіп #законипорядок Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1150095?lang=kk
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия 28.01.2026
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссияҚазақстан Республикасының Конституциясына белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норманы енгізу ұсынылуда. Бұл туралы Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.Оның айтуынша, бұл Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының қызметі және Алатау қаласын дамытуға қатысты. Аталған шаралар республиканың тиімді экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.Бұл ретте, Бақыт Нұрмұханов ұсынылып отырған норманы Конституцияның негізгі ережелерімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігін атап өтті. Аталған ережелерге сәйкес елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы тек қана конституциялық заңмен анықталады.«Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады», — деп атап өтті Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде 28.01.2026
Қазақстан экономикасының «қызып кету» ықтималдығы қаупін көрсететін Халықаралық валюта қорының бағалауы елде болып жатқан құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, қосымша контекстті талап етеді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткішті талдау экономиканың шамадан тыс артуда емес, дұрыс трансформация кезеңінде екендігін айқын көрсетеді.«Қызып кету» ұғымы ресурс тапшылығына әкелетін ықтимал мүмкіндіктен артық өсуді білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай белгі байқалмайды.2023 жылдан бастап жұмыссыздық деңгейі тұрақты, 4,6-4,7% деңгейінде. Жалақының өсу қарқыны ЖІӨ динамикасынан артта қалып отыр. Бұл қызып кеткен экономикаға тән емес.Нақты сектордың немесе тауар өндірісінің өсуі (2025 жылы 8,7%-ға) қызмет көрсету секторының өсуінен (5,3%-ға) айтарлықтай озып кетті. «Қызып кету» кезіндегі классикалық көрініс керісінше жүріп, қызметтер мен сатылмайтын секторлар нақты секторға қарағанда тез өспек.Қазақстанда қалпына келтіру және құрылымдық өсу байқалады. Өткен жылы экономиканың 6,5%-ға өсуі және 2026 жылы жоспарланған динамика 5,0%-дан кем емес деңгейде өндірістік қуаттың нақты артуымен, өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен нығайтылды. Бұл ұзақмерзімдік перспективада экономиканың сапалы өсу әлеуетін қалыптастырады.Бұл ретте 2025 және 2026 жылдардағы экономиканың негізгі драйвері мұнайға жатпайтын сала, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, логистика және ішкі сауда болып қала береді.2025 жылы өңдеу 6,4%-ға өсті. Ол машина жасау өндірісінің 12,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың 17,5%-ға, металл бұйымын өндірудің 13,6%-ға, тамақ өнімін өндірудің 8,1%-ға, химия өнеркәсібінің 9,8%-ға, сусынның 9,7%-ға, резеңке мен пластмасса өндірісінің 7,6%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.Ортамерзімдік перспективадағы экономикалық саясатта сауда секторын дамытуға, өңдеу өнеркәсібін қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылады.Тау-кен өндіру секторы, атап айтқанда мұнай-газ секторы экономика өсуінің негізгі көзі ретінде қарастырылмайды. Өңдеудегі өсу тау-кен секторындағы өсуден едәуір асып түсуі ықтимал. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды іске асыру мен жаңа өндірістерді енгізу есебінен өсу қарқыны 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін артуы мүмкін.Экономиканы әртараптандырудың жалғасуы инвестицияны негізгі капиталға өңдеу өндірісі мен көлік-логистикалық кешеннің пайдасына қайта бөлумен қатар жүреді. Бұл экономиканы сыртқы күйзелістерге, энергия ресурсы бағасының өзгеруіне төзімді етеді.Инфляцияға келетін болсақ, өткен жылы Үкімет қабылдаған тарифтік саясатты түзету мен ӘМАТ бағасының өсуін тежеу шарасының арқасында 2025 жылғы қазаннан бастап, жылдық инфляцияны бәсеңдетудің нақты тренді байқалды (қыркүйекте 12,9%-дан желтоқсанда 12,3%-ға дейін). 2025 жылғы ең жоғары мәндерден кейін (қыркүйекте 12,9%) инфляция жоспарлы төмендеу кезеңіне өтті. Болжам бойынша, ағымдағы жылы инфляция деңгейі төмендей береді. Ағымдағы жылдың соңына қарай 9-11% таргеттелетін дәлізде қалыптасады.Биылғы жылғы маңызды дезинфляциялық фактор 2026 жылғы бюджет пен бюджеттік ережелерді, оның ішінде Ұлттық қордың трансфертін, бюджеттік шығыстың өсуі мен борыштың деңгейін қатаң сақтауға негізделген фискалдық саясат параметрі болмақ.2026 жылғы бюджетте Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту көзделмеген. Кепілдендірілген трансферт 2 770 млрд теңге мөлшерінде қатаң шектелген.2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке сәйкес мұнайға жатпайтын тапшылықты 2025 жылғы 7,3%-дан биыл ЖІӨ-ге 4,9%-ға төмендету жоспарланған.Осылайша, бүгінгі таңда қазақстандық экономика – өсуді ынталандыру мен макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау арасындағы прагматикалық теңгерімнің мысалы. Ағымдағы динамика «қызып кетуді» емес, үдемелі құрылымдық трансформацияны көрсетеді: еліміз тек тұтынып қана қоймай, негізгі қаржылық көрсеткішті бақылап, бюджеттік тәртіптің белгіленген ережесін сақтай отырып, өз болашағына белсенді инвестиция салуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1150049?lang=kk
«Орталық Азия – Германия» форматының аға лауазымды тұлғалары одан арғы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады 28.01.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов «Орталық Азия – Германия» форматы аға лауазымды тұлғаларының отырысына қатысты. Іс-шараға Германия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан СІМ басшылары қатысты.Отырысқа қатысушылар сауда-экономикалық, көлік, экологиялық және гуманитарлық салалардағы өңірлік қарым-қатынастардың жай-күйін және оларды одан ары күшейту әлеуетін нақты талқыға салды.А.Исетов өз сөзінде «Соңғы жылдары Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта орнықты даму мен елдердің өзара байланыстылығын арттыру шеңберіндегі ынтымақтастықтың жаңа бастамаларға арналған басым бағыттары айқындалды», – деп атап өтті.Отырыс соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс қарым-қатынастарын жалғастыруға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1150029?lang=kk
Қазақстан және ХВҚ: Қазақстанның Таяу Шығыс елдерінің азық-түлік қауіпсіздігіне қосатын үлесі 28.01.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеевтің Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс экономика және қаржы орталығының (IMF CEF) директоры Сами Бен Насермен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар әлемдік экономикадағы ағымдағы үрдістер мен сын-қатерлер туралы пікір алмасты, сондай-ақ жаһандық тұрақсыздық жағдайында тұрақты экономикалық өсуді және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.Талқылау шеңберінде қазақстандық тарап агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өнімдерін экспорттау және ауыл шаруашылығы тауарларын тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы елдің әлеуетін таныстырып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы сенімді әріптес ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.Кувейтте азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне және Қазақстан Республикасының Таяу Шығыс елдерінің, оның ішінде Кувейт Мемлекетінің азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосатын үлесіне арналған бірлескен сараптамалық іс-шараны өткізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Тараптар ынтымақтастықты дамытуға, сараптамалық диалогты жалғастыруға және бейінді ведомстволар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарын пысықтауға өзара мүдделілік білдірді.Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс экономика және қаржы орталығы (IMF CEF) – Кувейтте орналасқан экономикалық саясат пен қаржылық басқару саласында 22 араб мемлекетіне қолдау көрсететін аймақтық орталық. Орталық экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және өңір елдерінің институционалдық әлеуетін дамытуға ықпал ете отырып, оқытумен, тәжірибе алмасумен және сараптамалық қолдаумен айналысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1149988?lang=kk
"Цифрлық әлемге қадамдар" байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы 28.01.2026
21 января 2026 года подведены итоги первого этапа областного конкурса «Шаги в цифровой мир», в рамках которого были рассмотрены 49 работ конкурсантов. Учитывая установленные требования к оценкам творческих работ, были распределены следующие места: Растровая графика 1-3 класс II место – Киямова Есения КГУ «Общеобразовательная школа №3» (руководитель – Кореновский Ф.Н.)II место – Ибрагимов Алим Асхатович КГУ «Общеобразовательная школа №25» (руководитель – Бирюкова Н.А.)4-5 класс I место – Каширина Арина КГУ «Общеобразовательная школа №31» (руководитель – Оспанов Д.А.)II место – Лукинова Ангелина КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) имени К.Сатпаева» (руководитель - Төлеутаева Ұ.Қ.)II место – Хуатбекқызы Кәмшәт КГУ «Общеобразовательная школа №2» (руководитель – Кинат К.)III место – Фархатқызы Ясин КГУ «Общеобразовательная школа №25» (руководитель – Бирюкова Н.А.) Векторная графика6-7 класс I место – Сапар Заңғар КГКП «Детско-юношеский центр «Жастар» (руководитель - Пак А.В.)III. Коллаж 1-4 класс II место – Супрунов Данил КГУ «Общеобразовательная школа №3» (руководитель – Кореновский Ф.Н.)5-8 класс I место – Мигулович Аделина КГУ «Общеобразовательная школа №16» (руководитель Жетписбаева А.К.)II место – Дорохов Вячеслав КГУ «Основная средняя школа №30» (руководитель – Оспанов Д.А.)II место – Назаров Виктор Витальевич КГУ «Опорная школа(ресурсный центр) №12» (руководитель – Пак А.В.)III место – Захаров Кирилл КГУ «Основная средняя школа №31» (руководитель – Оспанов Д.А.)III место – Бирюкова Ангелина Никитична КГУ «Общеобразовательная школа №25» (руководитель – Бирюкова Н.А.)III место – Булдабай Айдана КГУ «Общеобразовательная школа имени Жамбыла» (руководитель – Кинат К.)9-11 класс I место – Шторк Снежана Владиславовна КГУ «Основная средняя школа №34» (руководитель – Гумханова Н.В.)II место – Куаныш Кәусәр КГУ «Общеобразовательная школа №2» (руководитель – Кинат К.)III место – Ванюкова Ульяна Ильинична КГУ «Общеобразовательная школа №25» (руководитель – Бирюкова Н.А.) Компьютерная анимация (мультипликация) созданная с помощью ИИ9-11 классI место – Казанцева Когершин Талгатовна КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) имени Абая» (руководитель – Карташова С.И.)II место – Вахатова Анита КГУ «Общеобразовательная школа №2» (руководитель – Кинат К.)II место – Асылболат Ақжол КГУ «Опорная школа (ресурсный центр» имени А.Бокейхана» (руководитель – Хутбай Э.)III место – Винниченко Артем Вячеславович КГУ «Общеобразовательная школа №13» (руководитель – Аксенова О.С.)III место – Қасымшан Ақшуақ КГУ «Опорная школа (ресурсный центр» имени А.Бокейхана» (руководитель – Муратбек А.)III место – Карапиди Арина КГУ «Общеобразовательная школа №7» (руководитель – Казакова М.Н.) Графический дизайн 5-8 класс II место – ГорбачеваАлександра Викторовна КГУ «Общеобразовательная школа №13» (руководитель – Аксенова О.С.)III место – Туякбаева Айсана Куаншевна КГУ «Общеобразовательная школа №25» (руководитель – Бирюкова Н.А.)9-11класс II место – Райкова Яна Сергеевна КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) №12» (руководитель – Пак А.В.) 3D графика(6-8 класс)II место – Вальчинский Илья Сергеевич КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) №12» (руководитель – Пак А.В.) Создание изображений с помощью ИИ 6-8 классI место – Абаханов Давид Дарханович КГУ «Основная средняя школа №34» (руководитель – Гумханова Н.В.)II место – Тарабрина Наталья Николаевна КГУ «Основная средняя школа №32» (руководитель – Сазонов Н.А.)II место – Черноудова Арина Валерьевна КГУ «Общеобразовательная школа №6» (руководитель – Сазонов Н.А.)III место – Ветютнев Игорь Викторович КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) №12» (руководитель – Пак А.В.)III место – Штранский Максим Евгеньевич и Дундукова Кира Витальевна КГУ «Общеобразовательная школа №20» (руководитель – Морозова К.В.)9-11 классI место – Кеңшілікұлы Мұхаммедәли КГУ «Общеобразовательная школа имени А.Байтурсынова» (руководитель – Абилгазина Ш.А.II место – Бейсемхан Батыржан КГУ «Общеобразовательная школа имени Жамбыла» (руководитель – Кинат К.)II место – Назаркин Никита Сергеевич КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) №12» (руководитель – Пак А.В.)III место – Сапарбеков Ерназар КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) имени К.Сатпаева» (руководитель - Төлеутаева Ұ.Қ.)III место – Манастырская Вероника Ивановна КГУ «Общеобразовательная школа №25» (руководитель – Бирюкова Н.А.)III место – Қадыр Аңсар КГУ «Общеобразовательная школа №16» (руководитель – Жетписбаева А.Н.)Желаем учащимся дальнейших побед! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1149993?lang=kk
ЖИ, цифрландыру және E-Gov: Қазақстан Елшісі CITRA басшылығымен кездесті 28.01.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеевтің Кувейттің Коммуникациялар және ақпараттық технологиялар саласындағы реттеу басқармасының (CITRA) төрағасы Халед Әл-Замельмен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллектті, электрондық үкіметті және цифрлық мемлекеттік сервистерді дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасындағы цифрлық трансформацияның басымдықтары, электрондық үкіметтің экожүйесін дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект және «ақылды» технологиялар саласындағы ұлттық бастамалар туралы хабардар етті.Өз кезегінде, CITRA басшылығы қазақстандық тәжірибені зерделеуге және аталған бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды жолға қоюға қызығушылық білдірді.Тараптар а.ж. 4-5 ақпанында Кувейтте өтетін Цифрлық ынтымақтастық ұйымының (Digital Cooperation Organization) 5-ші Бас Ассамблеясы шеңберіндегі күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сараптамалық тәжірибе алмасуға және цифрлық экономика саласындағы әріптестікті дамытуға өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1150000?lang=kk
Мектеп директорлары, медицина қызметкерлері және мектеп жалға алушылары үшін "off–line" режимінде семинар-түсіндіру 28.01.2026
2026 жылғы 28 қаңтарда «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» пилоттық жобасын қайта қарау шеңберінде «фермерден дастарханға» қағидасы бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында Осакаров ветеринариялық инспекциясының бас маманы офлайн семинар-түсіндірме мектеп директорларына, денсаулық сақтау қызметкерлеріне және мектеп жалға алушыларына арналған.Vetlab ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулар берілді. Жоба мектеп тамағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1150011?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН QARQYN ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ 28.01.2026
Шымкент қаласының әкімдігі білім сапасын арттыру мақсатында қаладағы білім беру ұйымдарының қызметін толықтай цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта ашықтықты қамтамасыз ету және жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін барлық қаржыландыру процесін бақылауға мүмкіндік беретін QARQYN бірыңғай интеграциялық жүйесі енгізілді.Бұл жүйе мектепке дейінгі, қосымша, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын, сондай-ақ, инклюзия, кадр, қаржы, бухгалтерия және құжат айналымын толық қамтиды және Kundelik, 1С, Balabaqsha, Qosymsha, Pana, Smartnation, Sana тарификациялық базасы сияқты негізгі ақпараттық платформалармен біріктірілген және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді.Қазіргі таңда педагогтерді жұмысқа қабылдауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, жемқорлық тәуекелдерін азайту және кадрларды кәсіби деңгейіне сай іріктеу мақсатында орталықтандырылған конкурстық жүйені енгізілді.29-30 қаңтар күндері «Көрме» орталығында сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шарада педагог мәртебесі бар мамандарға конкурс бойынша, құжаттарды рәсімдеу және оларды электронды платформаға жүктеу тәртібі жөнінде кеңес беріледі.Сонымен қатар, 200-ге жуық тәжірибелі педагог пен ардагер ұстаздан құралған арнайы комиссия жұмыс істейді. Жалпы, конкурстардың өту барысы Шымкент қаласы әкімінің тікелей бақылауында болады.
QazEta 28.01.2026
Шетел азаматтарына арналған «QazETA» цифрлық платформасыQazETA — шетел азаматтарының негізгі көші-қон және ілеспе қызметтерге «бір терезе» қағидаты бойынша (шетелдіктерге арналған бірыңғай цифрлық терезе) ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.Жоба шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылын заманауи әрі қолайлы форматта қалыптастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.QazETA платформасының негізгі мақсаттары:Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының кіруі мен елде болу рәсімдерін жеңілдету;елге кіруден бастап күнделікті қызметтерге дейін мемлекеттік сервистермен бірізді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық кіру нүктесін құру;үдерістердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту;базалық көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильді форматқа көшіру.Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді, оны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Осы кезеңде төмендегі қызметтер қолжетімді:электрондық визалар (e-Visa) беру;елге кіруге электрондық рұқсат (ETA) рәсімдеу;Қазақстан Республикасының электрондық резиденті мәртебесін (e-Residency) алу;шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы анықтама беру (оның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI-кодтарын верификациялау мақсатында).Платформаның негізгі сервистері1. Электрондық виза (e-Visa)Электрондық виза — шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру бойынша мемлекеттік қызметтің цифрлық нысаны.104 елдің азаматтары (тізім қоса беріледі) келесі санаттар бойынша бір мәртелік электрондық визаны рәсімдей алады:«A3» (қызметтік), «A5» (инвесторлық), «B1», «B2», «B3» (іскерлік), «B9-1» (Digital Nomad Visa), «B10» (жеке), «B12» (туристік), «C12» (емделу үшін).Электрондық виза электрондық түрде рәсімделген шақырудың негізінде беріледі (шақыру Қазақстан Республикасы ІІМ-нің аумақтық полиция органдарында рәсімделеді) және тек виза алушыға ғана жарамды, ілесіп жүретін тұлғаларға қолданылмайды. Паспорт ауыстырылған жағдайда электрондық визаны қайтадан алу қажет.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына тек қолданыстағы электрондық визаны пайдалана отырып, халықаралық әуежайлардағы өткізу пункттері арқылы ғана кіріп-шыға алады.2. Елге кіруге электрондық рұқсат (Electronic Travel Authorization, ETA)ETA Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босатылған елдердің азаматтарына арналған және электрондық форматта рәсімделеді.Қазақстанға сапар жоспарлаған шетел азаматтары ETA алу үшін мобильді қосымша арқылы сапарға дейін кемінде 72 сағат бұрын өтінім береді.ETA-ның жарамдылық мерзімі — 180 күн.Шетел азаматтарының Қазақстан аумағында нақты болу мерзімі қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі.Сонымен қатар, берілген ETA Қазақстан Республикасының аумағына кіруге кепілдік бермейді. Елге кіруге түпкілікті шешім шекаралық бақылаудан өту кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы тарапынан қабылданады.ETA алудан босатылатын тұлғалар:дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері;ресми делегация мүшелері;Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері.Пилоттық кезеңде визалық талаптардан босатылған елдер азаматтары үшін ETA алу ұсынымдық сипатта болады. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін аталған санаттағы азаматтар үшін ETA алуды міндетті түрде енгізу кезең-кезеңімен жоспарлануда.3. Электрондық резиденттік (e-Residency)e-Residency — Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясы шеңберінде цифрлық мемлекеттік және коммерциялық сервистерге қолжетімділік беретін инновациялық құрал.Электрондық резиденттік АХҚО юрисдикциясы аясында іске асырылады және мыналарды қамтиды:жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қашықтан алу;банк шоттарын және төлем карталарын ашу;eSIM рәсімдеу;компанияларды қашықтан тіркеу және бизнес жүргізу.4. Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы анықтама беру(оның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI-кодтарын верификациялау мақсатында).Алдағы уақытта функционалды кеңейту жоспарлануда, оның ішінде: медициналық сақтандыруды рәсімдеу, ETA иелері үшін шекаралық бақылаудан жедел өту мүмкіндігі, сервистік алымды төлеу және өзге де цифрлық сервистер.QazETA мобильді қосымшасы PlayMarket және App Store дүкендерінде жүктеуге қолжетімді.Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Өтініштер мен ұсыныстар support@qazeta.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1149951?lang=kk
2026 жылғы 16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді 28.01.2026
🚛 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.🚂 Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.🧰 Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1155376?lang=kk
Дүниежүзілік сайлау күніне орай қала жастарына «Әр дауыс маңызды!» тақырыбында дөңгелек үстел 28.01.2026
2026 жылдың 28 қаңтар күні Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орай қала жастарына «Әр дауыс маңызды!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараның мақсаты - жастарға сайлау жүйесі, дауыс берудің мәні мен тәртібі туралы түсінік беру, олардың саяси сауаттылығын арттыру. Кездесу ашық диалог форматында өтіті.Іс-шараның ерекшелігі — жастарға жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Әр дауыс маңызды!» атты арнайы бейнеролик көрсетілді. Заманауи технологиямен ұсынылған ақпарат жастардың қызығушылығын тудырып, сайлау процесінің маңыздылығын жаңа қырынан көрсетті.Жиынның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың сайлау жүйесі туралы таным-түсінігін кеңейтіп, олардың азаматтық белсенділігі мен саяси сауаттылығын арттыру.Қатысушылар Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына қатысты өзекті сұрақтарына нақты жауаптар алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1149846?lang=kk
2026 жылғы 11 ақпаннан бастап тасымалдаулар үшін навигациялық пломбалар 28.01.2026
2026 жылғы 11 ақпаннан бастап тасымалдаулар үшін навигациялық пломбаларБҚО Мемлекеттік кірістер департаменті ЕАЭО аясында навигациялық пломбалар арқылы тауарларды бақылау жүйесін енгізіп жатқанын хабарлайды.🔹 Бизнеске не береді:• Қосымша тексерістер мен бақылауды азайту 🚦• Жүктің рұқсатсыз ашылуынан қорғау 🔒• «Жеке кабинет» арқылы тасымалдарды ыңғайлы басқару 💻🔹 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап бақылауға алынатындар:• Транзиттік, экспорттық және өзара сауда тауарлары• Автокөлік және теміржол көлігі• «Санкциялық» тауарлар, алкоголь, темекі, киім, аяқ киім, электроника🔹 Енгізу кезеңдері:1️⃣ 11 ақпан — алғашқы тауар топтары2️⃣ 180 күннен кейін — тауарлар тізімін кеңейту3️⃣ 480 күннен кейін — барлық тасымалдаулардың толық тізімі🔹 Ұлттық оператор:"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС «Транзит» автоматтандырылған жүйесін жасап шықты, ол тасымалдауды басқаруға және ЕАЭО операторларының қызметін төлеуге арналған «жеке кабинет» ұсынады.⚠️ Маңызды: тасымалдаушылар, экспедиторлар және логистика қатысушылары жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін ЕАЭО және Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1149785?lang=kk
Үндістан Республикасының күніне орай қабылдау 28.01.2026
2026 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Үндістан Республикасының 77-ші күніне орай қабылдауда сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Үндістан арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1149791?lang=kk
2026 жылғы 2 наурызда құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 28.01.2026
2026 жылғы 2 наурызда құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енеді. Бірыңғай Заңның қабылдануы мыналарға бағытталған:* адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;* құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою;* құқық бұзушылық деңгейін төмендету;* қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде және құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуда азаматтардың белсенділігін арттыру.Бұл ретте құқық бұзушылықтардың профилактикасы деп құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою жолымен құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені түсініледі.Заңның негізгі мақсаттары адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жүйелі және алдын ала профилактикалық жұмыс есебінен құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту болып табылады.Заңмен анықталады:* құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің тізбесі мен құзыреттері;* құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл жүйесі;* құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай жүйесі;* құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын адамдарды көтермелеу шаралары;* Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік.Заңның негізгі жаңалықтарыМаңызды жаңалықтардың бірі-азаматтар мен жергілікті қоғамдастықтарды құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметке кеңінен тарту, содан кейін оларды көтермелеу. Профилактикалық жұмысқа білім беру, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларындағы ұйымдар мен уәкілетті органдар, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпкерлік субъектілері, адам құқықтары жөніндегі уәкіл және басқа да субъектілер — Заңда белгіленген құзырет шегінде тартылады.Ортақ жауапкершілік енгізіледі:* әкімдер-өңірдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі үшін;* мемлекеттік органдар-өз құзыреті шеңберінде алдын алу шараларын іске асырғаны үшін;* мәслихаттар — есептерді тыңдағаны және парламенттік бақылау үшін.Профилактика субъектілерінің қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия арқылы жүзеге асырылатын болады. Оның жұмысының қорытындылары Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылықтардың профилактикасы) туралы Ұлттық баяндамада көрсетілетін болады.Заң тәуекелдерді ерте анықтауға және құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған жалпы, жеке және арнайы, соның ішінде виктимологиялық шараларды қамтитын құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін бекітеді.Алдын алудың жалпы шаралары мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың әлеуметтік-экономикалық себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған.Жеке профилактика шараларына профилактикалық әңгімелер, ресми ескертулер, жақындауға тыйым салу, әкімшілік жазалар, өмірлік қиын жағдайдағы адамдар мен отбасыларды есепке алу, профилактикалық есепке алу және бақылау, қорғау ұйғарымдары және өзге де шаралар жатады. Олар құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында нақты адамдардың не шектеулі адамдар тобының құқықтық санасы мен мінез-құлқына мақсатты ықпал ету үшін қолданылады.Арнайы алдын алу шаралары құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің алдын алуға және олардың жасалуына ықпал ететін факторларды жоюға бағытталған. Оларды қолдану үшін қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, сондай-ақ жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне қатерлер мен қатерлердің туындауы негіз болып табылады.Заңда құқық бұзушылықтың алдын алудың мынадай негізгі қағидаттары бекітілген:заңдылық;жариялылық;ғылыми негіздеме;құпиялылық;алдын алу шараларының репрессиялық шаралардан басымдығы;кешенділік және жүйелілік;жеке көзқарас;адамгершілік;отбасын қолдау және сақтау;адамға және азаматқа физикалық және (немесе) психикалық азап келтіруге жол бермеу.Өздеріне қатысты профилактикалық шаралар қолданылатын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы.Заң сонымен қатар адамның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салады.Берілген ақпарат (түсіндермелі сипатында) азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру бағытында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Заң нормаларын жүзеге асыру бойынша хаттамалық тапсырмасын орындау (заң нормаларын іске асыру) мақсатында дайындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1149811?lang=kk
«Тәуелсіздік - ең басты құндылық» атты кітап көрмесі өтті 28.01.2026
«Тәуелсіздік - ең басты құндылық» атты кітап көрмесі өттіДүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында бүгін Жаңаөзен қаласының орталық кітапханасында «Тәуелсіздік - ең басты құндылық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты - Ел Тәуелсіздігінің тарихымен қатар, Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен даму бағыттары, азаматтық қоғам және демократиялық құндылықтар туралы оқырмандарға кеңінен ақпарат беру.Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң, сондай-ақ құқықтық бағыттағы кітаптар мен танымдық басылымдар қойылды. Аталған іс-шара оқырмандардың қызығушылығын арттырып, олардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1149778?lang=kk
Қазақстанның Конституциялық реформалары Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында таныстырылды 28.01.2026
Страсбург, 2026 жылғы 26-28 қаңтар – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Макежанов Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) қысқы сессиясының жұмысына қатысты.Сессия барысында Петра Байр (Австрия, «Социалистер, демократтар және жасылдар») Ассамблеяның жаңа Президенті лауазымына сайланды.Сапар барысында С.Макежанов ЕКПА-ның жаңа басшысымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың атынан П.Байрдың жоғары лауазымға сайлануына байланысты жазбаша құттықтау хатын табыстады.Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде ЕКПА аясында бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды. С.Макежанов Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы жан-жақты ақпарат беріп, бірпалаталы парламентке көшу мен конституциялық реформаға ерекше назар аударды.ЕКПА Президенті парламенттік реформаның жаңашылдықтарына, көппартиялық жүйені қалыптастыруға, Парламенттің басқа билік тармақтарымен өзара іс-қимылына, гендерлік теңдік пен әйелдер құқықтарын қорғау мәселелеріне қызығушылық танытты.Сондай-ақ, адам құқықтарын қорғау тұрғысынан Қазақстанның БҰҰ-мен өзара ынтымақтастығы қарастырылды. Қазақстандағы экономикалық жағдай мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді.Кездесу соңында С.Макежанов П.Байрды өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.Сонымен қатар, С.Макежанов ЕКПА-дағы «Еуропалық консерваторлар, патриоттар және одақтастар» фракциясының төрағасы Ж.Неметпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ассамблеяның ағымдағы күн тәртібі, Қазақстандағы парламенттік реформа және Қазақстан мен ЕКПА арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Пленарлық сессия аясында «Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы» фракциясының депутаты М.Германмен, сондай-ақ ЕКПА-дағы Литваның ұлттық делегациясының төрағасы Б.Васайт пен депутаттар корпусының дуайені Э.Зингериспен жеке кездесулер өтті.ЕКПА депутаттарына Қазақстандағы саяси өзгерістердің барысы, алдағы парламенттік және конституциялық реформалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1149753?lang=kk