Қоғам
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У.Умирзактың құттықтауы. 29.08.2025
Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке біздің мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің, тұрақты дамуы мен кемелденуінің негізі болып табылады. Ата Заңымыз қабылданған сәттен бастап, Қазақстан өзінің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі бағытын нығайтып келеді. Конституция әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі бола отырып, біздің қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісімнің берік іргетасын қалады.Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, жұмыстарыңызға толағай табыстар тілеймін! Егемен еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін! Құрметпен, У. Умирзаков Жетісу облысы бойынша МКД басшысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1059088?lang=kk
Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! 29.08.2025
1 қыркүйек - бұл жаңа білімге, жаңа ашылулар мен жетістіктерге бастауды білдіретін ерекше күн. Бірінші сынып оқушылары үшін бұл мектеп өмірінің таңғажайып әлеміне алғашқы қадам, түлектер үшін — ересек өмірге және болашақ мамандықты таңдаудағы шешуші кезең.Құрметті ұстаздар! Сіздердің қиын, бірақ асыл еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымызды қабыл алыңыздар. Сіздер білім бересіздер, өз еліңіздің азаматтары мен патриоттарын тәрбиелейсіздер, балалардың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілікті, еңбекке құрмет пен дамуға деген ұмтылысты сіңіресіздер.Құрметті ата-аналар! Жаңа оқу жылы сіздердің балаларыңызға оқудың қуанышын, өзіне деген сенімділікті және жарқын мектеп тәжірибесін әкелсін. Сіздердің қолдауыңыз бен мектеп өміріне қатысуыңыз - өскелең ұрпақты табысты тәрбиелеудің кепілі.Баршаңызға зор денсаулық, шабыт, шыдамдылық және зор табыс тілеймін! Бұл оқу жылы мазмұнды және жемісті болсын.Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1059090?lang=kk
ҰЭМ-де салықтық бақылау мен әкімшілендіру мәселелерін шешу үшін жұмыс тобы құрылады 29.08.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Премьер-Министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кеңес өтті. Оған Жоғарғы және Кассациялық соттардың, Сот әкімшілігінің, Қаржы және Әділет министрліктерінің, Бас прокуратураның, «Атамекен» ҰКП мен Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілдері қатысты.Кеңесте салықтық тексерулер мен камералдық бақылауға байланысты өзекті мәселелер қаралды. Тараптар мемлекеттік кірістер органдарының сот жүйесі және бизнес қауымдастықпен өзара іс-қимыл тәртібін талқылап, қолданыстағы тәжірибені жетілдіру жолдарын ұсынды.Әсіресе тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тағайындалатын жоспарлы салықтық тексерулер, соттарда мұндай тексеру туралы бұйрықтардың әкімшілік акт ретінде қаралуы, олардың нәтижелеріне шағымдану тәжірибесі, бюджеттен ҚҚС-ты қайтару және мерзімінде қайтарылмаған жағдайда өсімпұл өндіру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, рәсімдік бұзушылықтар негізінде мемлекеттік кірістер органдарының актілері мен әрекеттерінің күшін жоюға қатысты проблемалар талқыланды.Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігі жанынан жұмыс тобын құруды тапсырды. Оның міндеті - мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін біріктіре отырып, салықтық әкімшілендіру мен камералдық бақылаудағы түйткілді мәселелерді шешудің ортақ жолдарын әзірлеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1059094?lang=kk
Қарағанды облысында Еңбек мемлекеттік инспекциясы департаментінің 7 айлық жұмысының қорытындысы шығарылды. 29.08.2025
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысы бойынша Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитеті Департаментінің басшысы Медеу Ахметовтың қатысуымен брифинг өтті. Іс-шара барысында департаменттің 2025 жылдың 7 айындағы қызметінің қорытындылары жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1059098?lang=kk
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтаймын! 29.08.2025
1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан халқы бүкілхалықтық референдумда елдің Негізгі Заңы — Адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекіткен, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде айқындаған Конституцияны қабылдады. Қарқынды өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлер жағдайында біз мемлекеттің тұрақтылығын, азаматтардың құқықтарын қорғауды, өңірлерді дамытуды және халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін конституциялық нормалар мен қағидаттардың маңыздылығын ерекше түсінеміз. Өскемен қаласы еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік, мәдени және білім беру орталықтарының бірі ретінде Қазақстанның жалпы дамуына елеулі үлес қосуда және қала тұрғыны ретінде сіздердің әрқайсыларыңыз бұл процестің маңызды бөлігі болып табылады. Сіздердің өмірлеріңіздің әр күні ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын, ал үйлеріңізде бейбітшілік, амандық пен келісім орнасын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бизнесте табыс және қала, облыс және ел игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін! Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1059065?lang=kk
«Заң және тәртіп апталығы» аясында азаматтарды қабылдау туралы 29.08.2025
2025 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде Тобыл кентінің әкімдігі ғимаратының алдында азаматтарды қабылдау өтті. Іс-шараның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, уақтылы заң көмегін көрсету, сондай-ақ аудан тұрғындары жүгінетін өзекті мәселелерді жедел қарау болды. Акция барысында азаматтарға қолданыстағы заңнаманы қолдану, құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы түсініктемелер берілді. Мұндай іс-шараларды өткізу қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік органдар мен құқықтық тәртіп институттарына деген сенімін арттыруға, сондай-ақ билік пен халық арасындағы тиімді диалогты қалыптастыруға ықпал етеді. Қабылдау қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелерді шешу бойынша нақты ұсынымдар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1059069?lang=kk
Маңғыстау облысында 7 айда 848 мемлекеттік қызмет үйде көрсетілді 29.08.2025
2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға 723 рет үйге бару ұйымдастырылып, оның нәтижесінде 848 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Аймақта күн сайын орта есеппен 5–6 өтінім келіп түседі.Өтінімді 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның ресми сайты gov4c.kz. арқылы қалдыруға болады. Осыдан кейін ХҚКО қызметкері азаматпен хабарласып, бару күнін және уақытын келіседі. Белгіленген күні мамандар үйге барып, қажетті құжаттарды қабылдап, қызметті рәсімдейді. Дайын нәтиже азаматтың тұрғылықты мекенжайына жеткізіледі.Үйде қызмет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:• I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға;• Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;• Қарт және жүріп-тұруы қиын азаматтарға.Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айбек Музбаевтың айтуынша, үйде қызмет көрсету – бұл тек азаматтарға қолайлы мүмкіндік қана емес, сонымен қатар қоғамның барлық топтары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің тиімді тәсілі.«Алдағы уақытта ХҚКО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуына барлық жағдай жасай береді», – деп атап өтті ол.Сонымен қатар барлық фронт-офистерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кезексіз қызмет алуға мүмкіндік беретін арнайы терезелер жұмыс істейді. Бұл қызмет көрсету процесін жылдамырақ әрі ыңғайлы етеді.Еске сала кетейік, бірыңғай байланыс орталығы 1414 жұмыс күндері сағат 09:00–ден 21:00-ге дейін қоңыраулар қабылдайды. ХҚКО бөлімдері жұмыс күндері 09:00–ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00–ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сенбі күні кезекші ХҚКО-лар 09:00–ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1060467?lang=kk
Түркияның Бас консулының миссиясының аяқталуына орай іс-шара 29.08.2025
2025 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мюдеррисоглуның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі атынан Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Бас консулға құрмет грамотасы табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1059030?lang=kk
«Өңір дауысы: Қоғамдық кеңестер – өзгерістердің драйвері» форумы 29.08.2025
27 тамыз күні Өскемен қаласында өткен «Өңір дауысы: Қоғамдық кеңестер – өзгерістердің драйвері» форумы азаматтық қоғамды дамытудағы жаңа тәсілдерді талқылайтын диалог алаңына айналды және Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.Негізгі мақсат ретінде өңірлік дамуды іске асыруда қоғамдық кеңестердің рөлі атап өтілді. Форум бағдарламасына әртүрлі тақырыптағы сессиялар енгізілді: халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау, экологиялық бастамалар, жастардың қатысуы және ауылдық аумақтарды дамыту. Азаматтық қоғамды дамыту, ҮЕҰ-ды қолдау, волонтерлікті ілгерілету мәселелері көтерілді.Іс-шара аясында азаматтық сектордың белсенді өкілдері облыс әкімі атынан алғыс хаттармен марапатталды.Аталған форум азаматтардың Қоғамдық кеңестер арқылы қатысуының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді — бұл талқылаудан нәтижеге, проблемадан шешімге апарар жол. Бірлесе отырып, біз өңірімізді мықты әрі әділетті ете аламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1059005?lang=kk
Аңдатпа! Атбасар қаласында жаңа Салық кодексіне еңгізілген өзгерістер бойынша семинары өтеді 29.08.2025
Құрметті Атбасар, Астрахан және Сандықтау аудандарының салық төлеушілері!2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 10:30-да Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған аймақтық семинар өтеді.Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысып, салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді таныстырады және сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.📍 Өтетін орны:Атбасар қ.,Ағыбай батыр қ., 26БАудандық мәдениет үйі📅 Күні: 02.09.2025 ж.⏰ Уақыты: 10:30 – 13:00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1059347?lang=kk
Шымкент – «Кітап оқитын ұлт» жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі 28.08.2025
Шымкент қаласы – елімізде алғашқылардың бірі болып «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына ресми түрде қосылды. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу» деп атап өтіп, кітап оқуды дамыту мәселесіне ерекше назар аударған болатын.Президент бастамасын қолдаған Мәжіліс Төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жуырда республикалық деңгейде «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасының басталғанын ресми түрде жариялады. Бұл маңызды жоба алғаш болып енгізілетін өңірлер қатарында Шымкент қаласы, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстары бар.Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған бастамаға қолдау білдіре отырып, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырды:«Шымкент – тек республикалық маңызы бар мегаполис қана емес, ол – тарихы терең, мәдениеті бай, білім саласының дәстүрі қалыптасқан шаһар. Сондықтан дәл осындай маңызы зор жобаның біздің қалада жүзеге асуы – заңдылық. Кітап – білім мен шабыттың сарқылмас қайнары. Ол көкжиегіңді кеңейтеді, тұлғаңды қалыптастырады, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әрқайсыңызды осы игі бастаманы қолдап, белсенді қатысуға шақырамын», – деді қала басшысы.Жобаның мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және дәріптеу.Пилоттық жоба аясында қала тұрғындары келесі номинациялар бойынша байқауға қатыса алады: • «Кітап оқитын мектеп» • «Кітап оқитын колледж» • «Кітап оқитын университет» • «Кітап оқитын педагог» • «Кітап оқитын әулет» • «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер»Қатысушыларға қойылатын ортақ талап – жоба барысында кемінде 15 кітап оқып, өз санаты бойынша байқауға қатысу. Жеңімпаздар арнайы комиссия шешімімен анықталып, құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтармен марапатталады.Жобаны кім жүзеге асырады?Жобаны «AMANAT» партиясы «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асыруда. Бас демеуші – ALAGEUM ELECTRIC компаниясы.Жобаның маңыздылығы неде?«Кітап оқитын ұлт» – бұл бір реттік акция емес, ұлттың мәдени деңгейі мен ойлау өрісін арттыруға бағытталған ұзақмерзімді жобалардың бірі. Жастардың интеллектуалдық әлеуетін көтеріп, кітап оқу арқылы адам капиталын дамыту – жобаның басты мақсаты.Жоба арқылы тек оқушылар мен студенттер ғана емес, педагогтер мен мемлекеттік қызметшілер, тұтас отбасылар да қамтылады. Бұл – қоғамның әрбір мүшесін кітаппен байланыстыруға арналған кешенді қадам.
Жұмыста қалай шаршамауға болады. Психологпен бірге талданды 29.08.2025
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ұжымдағы психологиялық ахуалға көп көңіл бөлінеді. Қызметкерлердің қанағаттану деңгейін және олардың жұмыс процестеріне қатысуын арттыруға бағытталған анонимді сауалнамалар үнемі өткізіліп тұрады. Департамент қызметкерлері жаттықтырушы психолог – Айтолқын Нұрболатқызы Қалымова өткізген "Эмоциялық шаршауды алдын алу" тақырыбындағы семинар – тренингке қатысты. Тренингке қатысушылар шамадан тыс жүктеме белгілерін тануды, стрессті "қалпына келтіруді", қалпына келтіру үшін өз ресурстарын табуды үйренді. Тренинг жылы, достық атмосферада өтті: бұл оңай, көңілді және өте пайдалы болды. Әріптестер жағымды эмоциялармен бөлісіп, құнды білімдері үшін алғыс айтты! #Тренинг # Психология # күйіп қалудың алдын алу#МКД # Павлодар Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1058969?lang=kk
Самар ауданында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті 29.08.2025
Самар ауданында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті26 тамыз күні Самар ауданының Мәдениет үйінде дәстүрлі аудандық Тамыз кеңесі өтті. Биылғы басқосудың тақырыбы – «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман».Жиынға аудан ұстаздары, білім беру саласының ардагерлері мен қонақтар қатысты. Конференция Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, әрі қарай аудан әкімі Серік Жеңісовтің құттықтау сөзімен жалғасты.Пленарлық отырыста Самар аудандық білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова, Жұбандық Болғанбаев атындағы лицей директоры Гульнур Сарбасова, №1 Самар орта мектебінің директоры Анар Ахмадиева және білім саласының өзге де өкілдері сөз алып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттарға тоқталды. Олар кәсіби бағдар берудің маңызы, «Адал азамат» бағдарламасының міндеттері және мұғалім мәртебесін арттыру мәселелерін талқылады.Кеңестің ерекше бөлігі – марапаттау рәсімі болды. Еңбектегі адалдығы мен кәсіби шеберлігі үшін бірқатар ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталды.Жиын соңында аудан мектептерінің ұстаздары мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.Самар ауданындағы Тамыз кеңесі жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерін айқындап, ұстаздардың кәсіби дамуына тың серпін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1058958?lang=kk
Қазақстан Республикасының Конституция күні 29.08.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1058899?lang=kk
Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 98%-ы алынды 29.08.2025
Вегетация кезеңі басталғаннан бері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында егіс алқаптарын суару үшін 9,9 млрд текше метр су алынды. Жоспарланған көлем 10,1 млрд текше метр. Вегетация кезеңінің соңына дейін қалған 200 млн текше метр су алынады.Қазіргі уақытта Алматы облысында 1,2 млрд текше метр су алынып, 136 мың гектар егістік суарылды. Ал Жетісу облысында 1 млрд текше метр су алынып, 132 мың гектар жер суарылды.Жамбыл облысында Тасөткел су қоймасынан, Шу және Талас өзендерінен алынған су көлемі 897 млн текше метр болды. Өңірде 70 мың гектар егістік жер суарылды.Қызылорда облысы алған су көлемі - 3,476 млрд текше метр. Өңірде кестеге сәйкес күріштің масақтану кезеңі өтіп жатыр.Түркістан облысына 3,27 млрд текше метр су берілді. Бүгінгі таңда Шардара ауданында негізгі дақылдарды суару аяқталды. Мақтаарал және Жетісай аудандарында 111,4 мың гектар жер суарылды.Қазақстанның басқа өңірлерінде жалпы көлемі 327 млн текше метр су алынды.«Қазақстанда суару маусымы аяқталуға жақын. Министрлік қабылдаған шаралар вегетация кезеңінің қалған бөлігін тұрақты өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Елдің оңтүстігінде каналдар арқылы суды кезекпен беру кестелері бекітілді, сорғы қондырғылары мен тік дренаж жүйелері қосылды, сондай-ақ су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп, коллекторлық-дренаждық су қайталама пайдаланылып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация МинистрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1058902?lang=kk
Ұландықтар Көкшетау тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады 29.08.2025
Көкшетау қаласының көрікті жағалауында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты гала-концерт өтті. Мерекелік іс-шараны Көкшетау қаласының әкімдігі ҚР ІІМ Ұлттық ұланымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл күн облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін айтулы оқиғаға айналды.Салтанатты рәсімге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Өңір басшысы құттықтау сөзінде жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Конституцияның ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығының негізі екенін атап өтті.Салтанатты бөлім барысында әкім өңірдің дамуына қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін түрлі сала мамандарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.Ресми бөлімнен кейін сахна көркін әсерлі концерттік бағдарлама қыздырды. Көрермендер алдында Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрі, Ән және би ансамблі, Құрмет қарауылы ротасы өнер көрсетті.Қала тұрғындары абырой мен ұрпақтар сабақтастығын паш еткен патриоттық әндерді ыстық ықыласпен қабылдады. 30 жылдан астам тарихы бар құқықтық тәртіп әскерінің шығармашылық ұжымы заманауи эстрадалық композициялар, интернационалдық әуендер және халық әндерін орындады. Хореографиялық топтың орындауындағы «Шалқыма» және «Қара жорға» билері кештің шырайын кіргізді.Айта кетейік, Ұлттық ұланның әскери музыканттары Қазақстанның концерттік сахналарында ғана емес, халықаралық деңгейде де табысты өнер көрсетіп келеді. Шығармашылық ұжым «Амур толқындары», «Қазан фанфарлары», «Астана самалы», «Труба мира», «Виват, Санкт-Петербург» сынды әлемнің үрмелі музыка фестивальдерінде еліміздің абыройын асқақтатып жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1058875?lang=kk
Сырдария ауданында "Taza Qazaqstan" Республикалық экологиялық акциясы 29.08.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Сырдария ауданы тұрғындары белсенді түрде атсалысып келеді.Акция аясында ауданда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды:жалпы көлемі - 5 500 тонна қоқыс шығарылды;17 400 түп ағаш отырғызылды;27 800 түп гүл егілді;ұзындығы 70 шақырымды құрайтын каналдар мен арықтар тазартылды (оның ішінде каналдар – 50 км, арықтар – 20 км).Аталған шаралар аудан аумағын абаттандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға зор үлес қосты.«Таза Қазақстан» акциясы Сырдария ауданында тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Бұл игі іс-шаралар табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және болашақ ұрпаққа таза орта қалдыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1058820?lang=kk
Байқау: «Үздік аула» 29.08.2025
01.08.2025-14.08.2025 аралығында Боровское ауылында «Үздік аула» байқауы өтті. Осы байқау аясында тұрғын үйлерді абаттандыру, іргелес аумақтың тазалығы мен ұқыптылығы, жасыл желектердің болуы мен жай-күйі және басқа да критерийлер бағаланды. 15.08.2025 жылы байқау комиссиясының қатысуымен қорытынды шығарылып, байқау қорытындысы бойынша 1 орын Байназаров көшесі 114, 2 орын Әуезов көшесі 1, 3 орын Байназаров көшесі 21 деп танылды. Боровское.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1058790?lang=kk
Тереңөзек кентінде жаяу жүргіншілер жолдары салынып жатыр 29.08.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, Тереңөзек кентінде білім беру ұйымдары мен әлеуметтік нысандар орналасқан 9 көшеге жаяу жүргіншілер жолдарын орналастыруға жоба әзірленді.Аталған жобаны жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, 2024 жылы 6 көшеге жаяу жүргінші жолдары салынды. Ал 2025 жылы тағы 3 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар қосымша 7 көшеге жаяу жүргінші жолын орналастыруға жоба әзірленіп, осы бастаманы жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр.Бұл жұмыстар Тереңөзек кентінің инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1058794?lang=kk
«Дипломмен – ауылға»: бағдарлама барлық мамандар үшін қолжетімді 29.08.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының Шиелі ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау шаралары және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мәселелері негізгі назарда болды.Халық алдында сөйлеген сөзінде вице-министр шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктері туралы айтты. Оның ішінде – несиелерді субсидиялау мен кепілдендіру, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауылдық аумақтарға инвестиция тарту шаралары бар.Ауданның экономикалық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетуде. 2025 жылғы қаңтар–шілде айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 43,7 млрд теңгені құрап, физикалық көлем индексі 101,2 % болды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,5 % деңгейінде қалыптасып, жалпы көлемі 35,9 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы саласы 7,5 млрд теңге көлемінде өнім шығарып, ФКИ 102,4 % көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар да айтарлықтай артты: 1 тамыздағы индексі – 128,8 %.Бизнесті қолдау нақты жобалар арқылы да жүзеге асуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін ауданда жалпы несие сомасы 191 млн теңгені құрайтын 4 жобаға субсидия берілді, төленген субсидия көлемі – 172 млн теңге. Бұдан бөлек, 421 млн теңгеге 3 жобаға кепілдік беріліп, оның ішінде кепілдендірілген сомасы 329 млн теңгені құрады.Сапар барысында Бауыржан Омарбеков бірқатар нысандарды аралады. Солардың ішінде биыл мамыр айында Шиелі кентінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған шағын өндірістік орталық бар. Оның базасында тігін цехы, кондитерлік және жартылай фабрикаттар шығаратын цехтар жұмыс істейді. Сондай-ақ вице-министр «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен спорт кешенін көрді. Аталған бағдарлама аясында 2023–2024 жылдары ауданның дамуына 1 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы 4 жобаны жүзеге асыруға 818 млн теңге қарастырылған.Кездесу барысында тұрғындар «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысу мәселесін көтерді. Бағдарламаға жас мамандармен қатар тәжіриебелері бар мамандар да қызығушылық танытып отырғаны атап өтілді. Вице-министрдің айтуынша, жобаға жас бойынша шектеу қойылмаған, басты талап – кәсіби біліктілік. Себебі тәжірибелі мамандардың жинақталған тәжірибесі ауылдағы қызмет сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.Вице-министр Бауыржан Омарбеков «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы ауылдық жерлерде еңбек етіп, өңірлердің дамуына үлес қосуға дайын барлық дипломы бар мамандарға қолжетімді екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1058743?lang=kk