Enbekshi QazaQ

Қоғам

Аңдатпа! Щучинск қаласында жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтеді 27.08.2025
Құрметті Бурабай, Зеренді, Бұланды және Біржан сал аудандарының салық төлеушілері!2025 жылғы 28 тамызда сағат 10:30-да Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған өңірлік семинар өтеді.Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысады, олар салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып, сұрақтарыңызға жауап береді.📍 Өткізу орны:Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 38-үйАудандық Мәдениет үйі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1057823?lang=kk
Францияның Бас консулының миссиясының аяқталуына арналған іс-шара 27.08.2025
2025 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Франция Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Фабрис Нёвёнің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1057830?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Грузияның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 27.08.2025
Астана, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Грузияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Леван Диасамидзеден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Е.Қоныспаев Елшіні тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық қызметіне табыстар тіледі және екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына оның ықпал көрсететініне сенім білдірді.Сұхбат барысында дипломаттар саяси, сауда-экономикалық, көлік, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-грузин ынтымақтастығының өзекті жағдайы мен перспективаларын, ағымдағы жылға арналған іс-шаралар кестесін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібін талқылады.Грузия Елшісі жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, достық пен өзара түсіністік қағидаттарына негізделген екі елдің көпжоспарлы ынтымақтастығын дәйекті түрде дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1057809?lang=kk
Іріктеу аяқталды: Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына 1700-ден аса талапкер қабылданды 27.08.2025
Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындары мен колледждерінің қабылдау комиссиялары дене шынықтыру даярлығы мен жалпы білім беру пәндері бойынша тесттерден сәтті өткен барынша дайындалған талапкерлерді іріктеп алды.Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына (ҚӘӘИ) түсуге ниетті 590-нан аса үміткердің 350-ден көбі қабылданды. Конкурстық іріктеу Құрлық әскерлері үшін дайындық бағыттарының кең спектрін қамтитын 7 мамандық және 16 біліктілік бойынша өтті. Олардың ішінде «барлау бөлімшелерін басқару» және «мотоатқыштар бөлімшелерін басқару» мамандықтарын талапкерлер көбірек таңдаған.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының тізіміне 360 үміткердің 200-ден астамы ілінді. Осы жылдан бастап осы жоғары оқу орнына «әскери істегі криптология» және шығыс тілдері бойынша «халықаралық әскери қатынастар және аударма ісі» атты жаңа білім беру бағыттары ашылды. Мамандарды даярлау қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесіп екі дипломдық білім беру форматында жүзеге асырылатын болады. Конкурстық іріктеу 7 мамандық және 12 біліктілік бойынша өтті. Биылғы жылы осы оқу орнында ең көп сұранысқа ие мамандық «ақпаратты қорғау технологиясы және ұйымдастыру» болды.Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтына 600-дің үстінде өтініш келіп түсті, алайда оның тек 260-тан астамы ғана курсант атанды. Конкурстық іріктеу 7 мамандық және 15 біліктілік бойынша өтті.Әскери білім ордасында оқығандар ұшқыштар, инженер-техниктер, теңізшілер және әскери дәрігерлер мамандықтарын алады. Медициналық бейіндегі мамандарды оқыту Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің базасында жүзеге асырылатын болады. Ал теңіз кафедрасының курсанттары Ақтөбе әскери жоғары оқу орнында екі жыл оқығаннан кейін Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде мамандықты игеруді жалғастырады. Бұл оқу орнында «мемлекеттік авиациядағы әуе кемелерін ұшуға пайдалану» және «әскери медицина» мамандықтары ерекше танымал.«Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында әскери институттарға түскен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен борышын өтеген азаматтардың жалпы саны 128 адамды құрағанын айта кетелік.ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ынтымақтастығы шеңберінде Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары ҚӘӘИ-да оқудан өтеді. Олар жас жауынгер курсын игеріп, өз Отанында ант қабылдағаннан кейін Алматыға келеді. Айта кетер болсақ, рейтинг негізінде курсанттар іріктеліп, шет мемлекеттердің әскери жоғары оқу орындарына оқуға жіберіледі. Бұдан бөлек, әскери оқу орындарына кәсіби сержанттарды даярлау бойынша 900-ден астам адам қабылданды. Олар Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі, Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі, Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі, Қарағандыдағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжі және Ақмола облысы Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде оқитын болады.Әскери оқу орындарының тізіміне енген үміткерлерді алда жас жауынгер курсы күтіп тұр. Бір ай ішінде олар саптық, атыс және дене шынықтырудан дайындықтарынан өтеді, жалпы әскери жарғылармен танысады, практикалық атыстарды орындайды, содан кейін әскери ант береді. Өз өмірін Отанға қызмет етуге арнауға дайын жастар осылайша кәсіби дамудың жаңа кезеңін бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1057780?lang=kk
Құрметті Қарағанда облысының тұрғындары! 27.08.2025
2025 жылғы 28 тамыз күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев бизнес өкілдерімен, тұрғындармен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке қабылдайды.Өтетін орны: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлихан Бөкейханов көшесі, 13, 5-қабат, конференц-залыХалықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 14:00;Азаматтарды қабылдау – сағат 15:30.Сіз Сауда және интеграция Вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 708 767 6959 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 708 767 6959 (Тойгүл Жубанисова).Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияны  вице-министрі Арман Шаққалиевке сұрақ қоюға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1057787?lang=kk
Өңірлік Азаматтық Форум «Өңір дауысы: Қоғамдық кеңестер – өзгерістердің қозғаушы күші» 27.08.2025
Ағымдағы жылдың 27 тамызында Алтай ауданы мәслихатының төрайымы Л.А. Гречушникова Өскемен қаласында өткен «Өңір дауысы: Қоғамдық кеңестер – өзгерістердің қозғаушы күші» атты Өңірлік Азаматтық Форум аясындағы «Қатысу қырлары: Кеңестен нәтижеге дейін» сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі. Сессияның негізгі мақсаты – ШҚО-дағы Қоғамдық кеңестердің табысты тәжірибелерін көрсету, олардың өңірлік мәселелерді шешудегі нақты ықпалын және тиімді тәсілдерді ауқымдаудың мүмкіндіктерін таныстыру болды.Ол мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, білім беру және денсаулық сақтау салаларынан 15 өкілді біріктіретін Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.Қоғамдық кеңес – бұл жай ғана пікірталас емес, нақты өзгерістер құралы. Ең бастысы – кеңес отырыстарында көтерілген әрбір мәселе аудан тұрғындары үшін нақты нәтижелерге алып келуі тиіс.Мұндай форумдар тәжірибе алмасу мен алға жылжуға көмектесетін шешімдерді іздейтін алаңға айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1057753?lang=kk
ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Иорданияның Стандарттау және метрология ұйымы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 27.08.2025
Мәртебелі Иордания Хашимит Корольдігінің Королінің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (ҚР МТИ) мен Иорданияның Стандарттау және метрология ұйымы (JSMO) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Құжат стандарттау, сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Меморандумға қол қою екі ел арасындағы тәжірибе алмасуға, тәсілдерді үйлестіруге, сауда-экономикалық байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Келісім бизнесті қолдауға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және өзара сауданы дамытуға жәрдемдесуге бағытталған екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудегі маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1057763?lang=kk
Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 27.08.2025
Бангкок, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Сыртқы істер министрлігінің Протокол департаментінің Бас директоры Чакрид Крачайвонгқа сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, саяси диалогты әрі қарай дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, ауыл шаруашылығы, ғылыми және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.Туризм және білім беру саласындағы екіжақты байланыстарды жандандырудың, сондай-ақ көлік-логистикалық қатынастарды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл қадамдар қазақстандық-тай серіктестікті тереңдетудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.Ч. Крачайвонг Қазақстанның соңғы реформалардағы және өңірлік ынтымақтастықтағы жетістіктерін атап өтті, Елшінің қызметі екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.Кездесу соңында тараптар тұрақты байланыста болып, Қазақстан мен Таиланд арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту ісінде ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1057766?lang=kk
Тереңөзекте жаңа темір жол вокзалы бой көтеруде 27.08.2025
Тереңөзек кентінде жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталды. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» АҚ, ал мердігер мекеме ретінде «РИА Сервис ЛТД» ЖШС жұмыс жүргізуде. Құрылыс алаңының жалпы аумағы 274 шаршы метрді құрайды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін жалғасады.Бұл жоба аудан тұрғындары үшін үлкен маңызға ие. Өйткені аудан аумағынан өтетін 46 шақырымдық теміржол желісі халықтың қатынасына кең мүмкіндік береді. Жаңа вокзалдың ашылуы арқылы жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалып, қызмет көрсету сапасы артады. Сонымен қатар Тереңөзек кентінің инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін бермек.Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, талаптарға сай вокзал аудан тұрғындары мен қонақтарының игілігіне қызмет ететін болады. Тереңөзек – дамып келе жатқан өңір, ал жаңа вокзал – оның болашақтағы үлкен жетістіктерінің бірі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1057774?lang=kk
Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттері арқылы тауарларды шығару уақытына зерттеу жүргізу туралы 27.08.2025
       Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда рәсімдерін оңайлату туралы Келісімінің 6.1-тармағына, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың (Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Ветеринариялық бақылау және қадағалау және мемлекеттік инспекция комитеттерінің) бірлескен бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 11-18 тамыз аралығында автомобиль өткізу пункттерінде тауарларды (ИВВ) шығарудың орташа уақытына зерттеу жүргізілді.       Есептеу автокөлік құралы шекаралық және кедендік бақылау аймағына кірген сәттен бастап мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерінен – шекаралық, кедендік, көліктік, ветеринариялық, фитосанитариялық, санитариялық-карантиндік және радиациялық, сондай-ақ кедендік декларациялау уақытынан өтуді қоса алғанда, тауарлардың нақты шығарылуына дейін жүргізілді.       Зерттеу қорытындысы бойынша өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақыты: «Нұр Жолы» – 1 сағат 31 минут, «Алакөл» – 42 минут (облыс Жетісу), «Қонысбаева» – 1 сағат 30 минут, «Қазығұрт» – 1 сағат 30 минут, «Атамекен» – 1 сағат 30 минут (Түркістан облысы), «Бақты» – 1 сағат 17 минут (Абай облысы), «Қалжат» - 43 минут (Алматы облысы), «Майқапшағай» - 1 сағат 08 минут (ШҚО), «Тәжен» - 1 сағат 20 минут, «Темір баба» – 1 сағат 15 минут (Маңғыстау облысы) құрады.       Алынған нәтижелер мемлекеттік бақылау рәсімдерін жетілдіруге, өткізу пункттері жұмысының тиімділігін арттыруға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін сервис деңгейін одан әрі оңайлатуға және халықаралық сауданы дамытуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1057693?lang=kk
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) Сотының делегациясымен кездесті 27.08.2025
Әділет министрі ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған конференциясы аясында өткен кездесуде ЕАЭО Сотына алғыс білдіріп, Одақтың құқықтық базасын дамытудағы оның маңызды рөлін атап өтті. Министрдің пікірінше, Соттың қызметі тұрақты құқықтық ортаны қалыптастыруға және интеграциялық үдерістерге деген сенімді арттыруға ықпал етеді.Кездесу барысында тараптар Одақ құқығын қолдану және дамыту мәселелерін талқылады. Сот төрағасы Әділет министрлігінің Сотпен өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі жұмысын ерекше атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар интеграцияның құқықтық негіздерін нығайту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Кездесу достық және іскерлік жағдайда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1057660?lang=kk
ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ 27.08.2025
Татулық – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі, ал достық – елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын, жүректерді жақындастыратын ұлы құндылық. Достық бар жерде – сенім де, сыйластық та, өзара түсіністік те қатар өркендейді. Ұлт пен ұлыстың ойы да, арманы да, ниеті де бір болғанда – ондай елдің болашағы баянды, іргесі берік болмақ.Қазақстан – осы татулық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Бүгінде елімізде сан түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысып, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен бауырмалдығы, сенімі мен түсіністігі нығайып келеді. Бұл – өркениетті қоғамның басты көрсеткіші әрі халқымыздың жүрегіндегі кеңпейілдік пен мейірімнің айғағы.Достық – елді біріктіретін алтын көпір. Ол адамдарды ұлтқа, тілге, дінге бөлмей, ортақ мүдде жолында топтастырады. Сондықтан басты міндетіміз – ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап, қоғамдағы келісім мен достықты, бейбіт өмірді нығайта беру. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ 27.08.2025
Темір жол  мемлекеттің күретамыры. Бұл саланың тыныс-тіршілігі мыңдаған теміржолшылардың ерен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асып келеді. Солардың бірі — өз ісіне адал, көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан Расимов Жандос Ерментайұлы.Жандос Ерментайұлы 1967 жылдың 11 қаңтарында дүниеге келген. Ол темір жол саласына 33 жылын арнаған білікті маман. Еңбек жолын Ташкент станциясында қарапайым жол шебері лауазымынан бастаған. Содан бері үздіксіз ізденіс пен адал еңбек арқылы ол бұл салада үлкен тәжірибе жинақтап, әріптестері арасында беделге ие болды.Бүгінгі таңда Жандос Ерментайұлы Сарыағаш станциясында парк бойынша кезекші қызметін атқарып келеді. Бұл  үлкен жауапкершілікті, қырағылықты талап ететін қызмет. Көп жылдық тәжірибесі мен саланы терең меңгерген кәсіби біліктілігінің арқасында ол өз жұмысына тыңғылықты қарап, темір жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етіп жүр.Мұндай мамандар  ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген нағыз еңбек майталмандары. Жандос Ерментайұлы сияқты теміржолшылардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Құрылысшы – ел дамуына үлес қосатын негізгі мамандықтардың бірі 27.08.2025
Құрылысшы – ел дамуына үлес қосатын негізгі мамандықтардың бірі2025 жыл – елімізде жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға бағытталған ерекше жыл. Бұл бастама аясында құрылысшы мамандығына деген сұраныс пен құрмет одан әрі арта түспек.Құрылысшы – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін, материалдық орта қалыптастырушы маңызды кәсіп иесі. Қалалар мен ауылдардың дамуы, заманауи инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысы – осы мамандық иелерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі.Білікті құрылысшылар – сапалы әрі қауіпсіз құрылыс нысандарын салып, ел экономикасына елеулі үлес қосады. Бұл мамандық техникалық білімді, дәлдікті, жауапкершілікті және үздіксіз даму мен кәсіби шеберлікті талап етеді.Жастарды құрылысшы мамандығын игеруге шақыра отырып, еңбекке деген құрметті арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Ақтауда ХҚКО-да жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері табысталды 27.08.2025
Ақтауда ХҚКО-да жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері табысталды     Конституция күні мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.   Бұлкүніжақында16жасқатолғанжасөспірімдергеерекшеназар аударылды.Оларүшінрәсімшынмәніндемаңыздыоқиғаболды - жасазаматтарөздерініңалғашқы жеке куәліктеріналды.  Негізгі құжатты алу ересек өмірдің басталуын білдіреді, жаңа мүмкіндіктер ашады және қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілікті көрсетеді. Жеке куәліктердің дәл Конституция күніне орай табысталуының айрықша мәні бар, өйткені еліміздің Негізгі заңы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді.    Мұндай  іс-шаралар өңірдегі ХҚКО-ларда тұрақты түрде өткізіліп келеді және жастардың патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін игі дәстүрге айналды.    Айта кету керек, 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәлік алуға міндетті. Ол үшін жасөспірім ата-анасының бірімен туу туралы куәлік пен ата-анасының жеке куәлігін көрсете отырып, жақын маңдағы ХҚКО-ға жүгінуі қажет Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы өзінің 30 жылдығын атап өтуде.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1058838?lang=kk
Селангор – Қазақстан: Аймақтық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері 27.08.2025
Селангор штатының Үкімет басшысы Амирудин бин Шари бастаған делегациясының Қазақстанға ресми сапары аясында білім, мәдениет, технология және экономика салаларында бірқатар маңызды кездесулер өтті.Астанада делегация Назарбаев Университетіне барып, академиялық алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер және қос диплом бағдарламалары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. UNISEL, UIS және STDC секілді Селангордың жетекші жоғары оқу орындары тарапынан ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық білдірілді.Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігімен, сондай-ақ Білім министрлігімен өткен кездесулерде STEM-білім, техникалық оқыту, инновациялар және білім беру технологиялары бағыттарындағы бірлескен бастамалар қарастырылды.Мәдени ынтымақтастыққа да ерекше көңіл бөлінді. Алматыдағы Ұлттық және Мемлекеттік кітапханалармен, сондай-ақ Қазақстан Президенті орталығымен бірқатар құжаттарға қол қойылды. Қазақтың ұлы ойшылдары – Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін малай тіліне аудару, кітапханаларды цифрландыру және балалар оқуы салаларындағы жобалар жоспарлануда.Astana Hub – Орталық Азиядағы ірі технологиялық орталыққа бару барысында тараптар цифрлық экономика, стартаптарды қолдау және IT мамандарын даярлау бағыттарын талқылады.Алматыда Селангор Үкіметінің басшысы қала әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, тұрақты қалалық даму, көлік, инвестиция, жаңартылатын энергетика, туризм және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Куала-Лумпур – Алматы тікелей әуе рейсі туризмнің дамуына оң әсер етіп отыр. 2024 жылы Малайзиядан келетін туристер саны 5 есеге артқан.Селангор Үкіметі басшысының бұл сапары Малайзия мен Қазақстан арасындағы аймақаралық байланысты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды. Келісілген бастамалар білім, ғылым, мәдениет және технология салаларында жаңа серіктестік көкжиектерін ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1057337?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары К.А. Пилалов 2025 жылдың 26 тамызда Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғындарымен Ставрополка ауылының Мәдениет үйінің ғимаратында Әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша кездесу өткізілді. 27.08.2025
Кездесу соңында азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді. Жеке қабылдауда азаматтар әділет органдарының қызметіне байланысты сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1057343?lang=kk
Жетісу өнері Каир төрінде! 27.08.2025
2025 жылдың тамыз айында Мысыр Араб Республикасының астанасы – Каир қаласында дәстүрлі Халықаралық XXXIII «Цитадель» музыка және ән орындау фестивалі жоғары деңгейде өтті. Бұл фестиваль – араб елдеріндегі ең ауқымды мәдени шаралардың бірі болып саналады. Шара әйгілі Салах ад-Дин Цитаделі аумағында өтті және жыл сайын 30-дан астам елден келген өнер ұжымдарын, вокалистер мен музыканттарды біріктіреді.Каир қаласына барған Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының өнерпаздарын Мысыр Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі жылы қарсы алды.Филармония директоры Жексенбаев Самат Жанғазыұлы ұжымды таныстырып, Қазақстан елшісі Асқар Жеңісұлына шын жүректен алғысын білдірді.Бұл – екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтып, қазақ өнерін халықаралық деңгейде паш еткен маңызды кездесу болды.Осы беделді халықаралық сахнада Жетісу облысының атынан Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының өнерпаздары қатысып, қазақтың дәстүрлі өнерін шет елдік көрерменге паш етті. Домбыра үні, сырлы әуен мен ұлттық би фестивальдің көркін  қыздырып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.Филармония ұжымы ұлттық музыканың бай мұрасын насихаттай отырып, Қазақстанның мәдени бренді ретінде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Көрермендер қазақ музыкасының ерекшелігіне, орындаушылық шеберлікке тәнті болды.Фестиваль аясында ерекше тағылымды сәттердің бірі – филармония ұжымы мен Мысыр Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі бірлесіп, қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.Бұл халықаралық қатысу – тек концерт емес, Жетісу мәдениетінің жаһандық кеңістікке шығуының бір көрінісі. Өнер – достықтың көпірі, халықтардың рухани үндестігі екенін тағы да дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1057345?lang=kk
АДБ Қазақстанда $7,5 млрд-тан астам сомаға жобаларды қаржыландырды 27.08.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы Азия даму банкінің (АДБ) өкілдігінің директоры Кумар Утсавпен кездесті.АДБ – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. 30 жылға жуық ынтымақтастық кезеңінде Банк көлік, энергетика, цифрлық даму, тұрғын үй инфрақұрылымы және әлеуметтік саладағы жобаларды  $7,5 млрд-тан астам сомаға қаржыландырды. Қолданыстағы портфельде ел үшін маңызы зор жобалар бар, олардың қатарында «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолын қайта жаңарту, «Қызылорда – Павлодар – Үспен – РФ шекарасы» трассасының «Қызылорда – Жезқазған» учаскесі бар.Тараптар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын және жаңа бастамаларды талқылады. Олардың ішінде «Сарыағаш қаласын айналып өтетін автожол құрылысы», «Инклюзивті және жасыл тұрғын үй қаржыландыруға жәрдемдесу» жобасы, сондай-ақ Фискалдық басқару бағдарламасы мен қаржы секторының реформасы бар.Әсіресе Қарағанды, Ақтөбе және Семей қалаларында университеттік ауруханалар салу жобаларының әлеуметтік маңыздылығы атап өтілді.Ынтымақтастықтың маңызды бағыты – Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бағдарламасына белсенді қатысуы. Қазақстан бағдарламаға 2001 жылы қосылып, негізінен көлік саласындағы 32 жобаға  $10 млрд тартты. Бағдарламаға 11 мемлекет пен халықаралық институттар, соның ішінде АДБ, ЕҚҚДБ, ХВҚ, ИДБ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк және АИИБ қатысады.Кездесу барысында қатысушылар 20 қарашада Бішкекте өтетін Министрлік конференциясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды.«Бұл іс-шара жылды қорытындылап қана қоймай, ОАӨЭЫ-ның болашақтағы басымдықтарын айқындайды, сондай-ақ көлік пен транзитті дамыту мәселелері жөніндегі жаһандық диалогтың ажырамас бөлігіне айналады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан экономикасының орнықты дамуына бағытталған әріптестікті нығайтуға және бірлескен жобаларды кеңейтуге дайын екенін растады.https://primeminister.kz/news/adb-kazakstanda-75-mlrd-tan-astam-somaga-zhobalardy-karzhylandyrdy-30444 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1057351?lang=kk
Қаратал ауданында жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған Ашық есік күні 27.08.2025
"26.08.2025 ж. Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, есепшілер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1057302?lang=kk