Қоғам
Медициналық арнайы аймақ жобалар тобының өкілдерімен кездесу 28.08.2025
🇰🇿🤝🇰🇷 Пусан қ., 2025 жылғы 26 тамыз - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Аскар Согу ауданы әкімдігінің Жоспарлау және қадағалау басқармасының Медициналық арнайы аймақ жобалар тобының өкілдерін қабылдады. 🇰🇿🤝🇰🇷 Busan, August 26, 2025 - Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan, Aslan Askar, welcomed the representatives of the Medical Special Zone Project Group of the Planning and Supervision Department of the Sogu District Administration. 🇰🇿🤝🇰🇷 Пусан, 26 августа 2025 года - Генеральный консул Республики Казахстан в г. Пусан Аслан Аскар принял представителей Группы проектов медицинской специальной зоны Управления планирования и надзора администрации района Согу. 🇰🇿🤝🇰🇷 2025년 8월 26일 부산에서 카자흐스탄 공화국 아슬란 아스카르 총영사가 서구청 기획감사실 의료특구사업팀 관계자들을 카자흐스탄 공화국 총영사관 정문에서 맞이하였습니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1058080?lang=kk
World Climate Industry EXPO 2025 | BEXCO, Busan 28.08.2025
🇰🇿🤝🇰🇷 Пусан қ., 2025 жылғы 27 тамыз - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы BEXCO көрме орталығында өткен World Climate Industry EXPO 2025 халықаралық көрмесінің ресми ашылу рәсіміне қатысты.Іс-шараны Корея Республикасының Премьер-министрі ашып, таза энергетика, климаттық бастамалар және энергетика саласында жасанды интеллектіні енгізу бағытындағы жаһандық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.🌍 Көрмеге 540-тан астам компания мен ұйым қатысты. Ол тұрақты даму және климат мәселелері жөніндегі әлемдік жетекші форумдарды біріктіретін Energy Super Week аясында өтуде.🤝 Бас консулдықтың қатысуы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы жасыл энергетика, сутек технологиялары және цифрлық инновациялар салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. 🇰🇿🤝🇰🇷 Busan, August 27, 2025 - The Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan participated in the official opening ceremony of the World Climate Industry EXPO at the BEXCO exhibition center.The event was opened by the Prime Minister of the Republic of Korea, who emphasized the importance of global cooperation in clean energy, climate initiatives, and the integration of artificial intelligence in the energy sector.🌍 The exhibition brought together over 540 companies and organizations and is being held within the framework of Energy Super Week, which unites key global forums on climate and sustainable development.🤝 The participation of the Consulate General is aimed at strengthening cooperation between Kazakhstan and the Republic of Korea in the fields of green energy, hydrogen technologies, and digital innovations. 🇰🇿🤝🇰🇷 Пусан, 27 августа 2025 года - Генеральное консульство Республики Казахстан в городе Пусан приняло участие в официальной церемонии открытия международной выставки World Climate Industry EXPO 2025, состоявшейся 27 августа в выставочном центре BEXCO.Мероприятие открыл Премьер-министр Республики Корея, подчеркнув важность глобального сотрудничества в сфере чистой энергетики, климатических инициатив и внедрения искусственного интеллекта в энергетику.🌍 Выставка собрала свыше 540 компаний и организаций и проходит в рамках Energy Super Week, объединяющей ключевые мировые форумы по вопросам климата и устойчивого развития.🤝 Участие Генерального консульства направлено на укрепление сотрудничества между Казахстаном и Республикой Корея в сфере зелёной энергетики, водородных технологий и цифровых инноваций.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1058081?lang=kk
28 тамыз – Қарулы Күштердің Тыл мамандары күні 28.08.2025
28 тамызда Қазақстанда Қарулы Күштерінде Тыл мамандары кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл – әскерді жан-жақты қамтамасыз ету қызметінде тұрған жандардың күні.Дәл осы күні, 1992 жылы, әскерді басқарудың орталықтандырылған органы құрылып, сол уақыттан ол әскерді қару-жарақпен, жанар-жағармай материалдарымен жабдықтауға, техниканы қалпына келтіруге, нысандар салуға және инфрақұрылымды қызмет көрсетуге қызмет етіп келеді.Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің Тылы заманауи әрі жоғары технологиялы тетік құралы болып табылады. Соңғы жылдары тыл қызметі цифрлық серпіліс жасап, армияны қамтамасыз ету тәсілін түбегейлі өзгертті. Электрондық құжат айналымы қағаз құжаттардан арылтып, әскерлердің қажеттіліктерін жедел жабуға мүмкіндік берген қорларды цифрлық есепке алуға көшу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, әр тауардың қоймадан сарбазға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік беретін тауарларды цифрлық таңбалау енгізіледі деп күтілуде. Әскери мүліктің әрбірін орынсыз пайдалануды болдырмайтын және сапалы бақылауға кепілдік беретін бірегей цифрлық код болады. Барлық тасымал түрлерін біріктіретін әскери логистика жүйесі дамып келеді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-пен ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселесі қарастырылуда, бұл тасымалдау құжаттарын ресімдеуді жеделдетіп, шығындарды азайтады. Тыл мамандары өздерінің жоғары кәсіби деңгейін жаттығуларда үнемі дәлелдеп келеді. 2024 жылы олар Беларусьтегі «Брест» полигонында өткен «Эшелон-2024» халықаралық оқу-жаттығуларына қатысып, әскерді жанар-жағармаймен, азық-түлікпен, заттай мүлікпен және техникамен қамтамасыз ету жұмыстарын орындады. 2025 жылдың көктемінде тыл мамандары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді сәтті атқарды.Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері тыл бастығының басқармасы – армияның сенімді тірегі, заманауи әрі тиімді жұмыс істейтін тетік, әскердің жауынгерлік қабілеті мен дайындық деңгейін қамтамасыз ететін жүйе.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1058084?lang=kk
Қазақстан-Бельгия: ынтымақтастықты тереңдету жолында 28.08.2025
2025 жылғы 27 тамыз, Брюссель – Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко Бельгияның Сыртқы істер, сыртқы сауда және даму бойынша Федералды қызметінің Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия жөніндегі директоры Филипп Бенуамен кездесу өткізді.Мазмұнды келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына қатысты көптеген мәселелерді талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыруды қоса алғанда саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім алмасуды дамытуға ерекше назар аударылды.Р.Василенко жасыл технологиялар, цифрландыру, көлік және логистика сияқты перспективалық салаларды қоса алғанда, экономикалық өзара ынтымақтастықты одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Ф.Бенуа бельгиялық тараптың Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде Қазақстанмен практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдірді.Сондай-ақ әңгімелесушілер өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастарды дамыту контекстінде пікір алмасты. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында Астана мен Брюссель арасындағы көпжақты әріптестік ерекше маңызға ие болатыны атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге өзара міндеттемелерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1058042?lang=kk
Бранденбург Қазақстан Республикасының аграрлық секторында инновацияларды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады 28.08.2025
Берлин, 2025 жылғы 27 тамыз - Қазақстанның Германиядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Нұрлан Онжановтың Бранденбург Федералдық жерінің ауыл шаруашылығы, азық-түлік, қоршаған ортаны және тұтынушылардың құқықтарын қорғау министрі Ханка Миттельштадтпен кездесуі өтті.Тараптар өзара тиімді өзара іс-қимылды кеңейту үшін жоғары әлеуетін атап өтіп, ауыл шаруашылығы, энергетика секторы және білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің спектрін талқылады.Елші Нұрлан Онжанов Бранденбург Федералдық жерімен ынтымақтастықты тереңдету ауыл шаруашылығында, тұрақты дамуда, цифрландыруда және ғылыми-білім беру саласында жаңа көкжиектер ашатын Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын дамытудағы маңызды бағыт болып табылатынын атап өтті.«Қазақстан-Германия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы алмасу өткен ғасырдан бастау алатын өте ұзақ және жемісті дәстүрлерге ие. Аталған дәстүрді сақтау мақсатында Бранденбург Федералдық жерінің ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және климат министрлігінің қолдауымен (MLEUV), Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Apollo e.v.» неміс қауымдастығының Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің (Алматы қ.) және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің (Орал қ.) студенттерін өңірдің жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында тәжірибелік оқыту жобасы табысты іске асырылуда», – деп атап өтті қазақстандық дипломат.Министр Ханка Миттельштадт бағдарламаның кадрлық әлеуетті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, оның тәжірибелік құндылығын атап өтті. Ол ынтымақтастықтың табыстылығын атап өтіп, білім мен озық тәжірибемен алмасуға бағытталған бастамаларды одан әрі қолдауға дайын екендігін білдірді. «Өзара оқыту үдерісі елдеріміздің достық қарым-қатынастарын ғана емес, сонымен қатар Еуропадағы, Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі ауыл шаруашылығының болашағы бойынша бірлескен жұмысты нығайтады. Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың артуы аясында бұл білім беру жобасының да саяси құндылығы жоғары», – деп белгіледі министр.Бранденбургтің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында тәжірибеден өткен қазақстандық студенттер өздерінің табысты тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи агротехнологиялармен және басқарушылық тәсілдермен танысуға мүмкіндік бергені үшін қазақстандық және неміс тараптарына алғысын білдірді.Бранденбург жері - елдің астанасы Берлиннің айналасында орналасқан Германиядағы ең ірі федералдық жерлерінің бірі. Аймақ дамыған ауыл шаруашылығымен, заманауи ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен, сондай-ақ экологиялық және климаттық стандарттардың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Бранденбург аграрлық сектордағы инновацияларды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады және Қазақстан Республикасымен білім беру және экономикалық ынтымақтастықта маңызды серіктес болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1058044?lang=kk
«Бір белдеу – бір жол»: Алматы облысы мен Цинхай провинциясы ынтымақтастықты нығайтады 28.08.2025
Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының Цинхай провинциясы жеті меморандумға қол қойды. Құжаттар экономика, ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және достық қатынастарды дамыту салаларын қамтиды. Келісімдер бес жылға жасалып, ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.Бүгінде өңірде қытайлық капиталмен 143 кәсіпорын жұмыс істейді, ал тауар айналымы жылына 1 млрд АҚШ долларынан асып отыр.Кездесу барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Цинхай провинциясы КПК комитетінің бірінші хатшысы У Сяоцзюнь стратегиялық серіктестікті кеңейтуге уағдаласты. Тараптар ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, медицина, трансшекаралық сауда және білім беру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Бұған дейін Алматы облысының 37 жасы Синьцзян университетінде толық грант негізінде білім алған. Жаңа келісімдер аясында студенттік алмасу жалғасын табады.ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй Қазақстан мен Қытайды достық пен ынтымақтастық рухы байланыстыратынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1058054?lang=kk
БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының басшысы Қазақстанның тұрақты даму және экология саласындағы бастамаларын жоғары бағалады 28.08.2025
Nairobi, 27 August 2025 – At the UN Environment headquarters, a meeting was held between the Ambassador of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Kenya, Permanent Representative of the Republic of Kazakhstan to the UN Office in Nairobi Barlybay Sadykov and the UN Under-Secretary-General - Executive Director of the UN Environment Programme (UNEP) Ms. Inger Andersen.During the meeting, the Ambassador informed his interlocutor about the measures taken by Kazakhstan at the national, regional and international levels in the field of environmental protection and overcoming the consequences of climate change. The Clean Kazakhstan initiative, measures to preserve biodiversity in Kazakhstan, solving the problems of the Caspian and Aral Seas, water resources, participation in international forums and initiatives, including “One Water Vision”, were discussed in detail. It was noted that environmental protection and overcoming the consequences of climate change are among the priorities in Kazakhstan's domestic and foreign policy, and Astana will always actively interact with international partners, including the UN, in order to find balanced solutions and take effective measures in the field of ecology.The parties discussed current issues of interaction between Kazakhstan and UNEP, plans for developing cooperation in the field of the environment, as well as issues of participation of the Kazakh delegation in events held by UNEP.Particular attention was paid to discussing issues of interaction with UNEP in the preparation and holding of the Regional Ecological Summit (RES), which will be held on the initiative of the President of the Republic of Kazakhstan K.Tokayev in Astana in 2026. An agreement was reached on close cooperation in preparing for the Summit, including the development of a number of draft documents and regional initiatives that are planned to be adopted during the RES.In addition, issues were discussed regarding the participation of the Kazakh delegation in the 7th session of the UN Environment Assembly, which will be held on December 8-12, 2025 in Nairobi, and the holding of the side-event by Kazakhstan on the topic “Water, Climate and Environmental Sustainability” within the framework of this Assembly.Ms. I.Andersen highly appreciated the efforts and initiatives of Kazakhstan to address environmental issues, expressed gratitude to the Kazakh side for the support of UNEP activities, and assured that UNEP is ready to provide expert assistance in the implementation of initiatives and projects of the Republic of Kazakhstan in the field of ecology and sustainable development. She particularly noted Kazakhstan's leadership in promoting sustainable development issues and the opening of the UN Centre for Sustainable Development for Central Asia and Afghanistan, as well as measures to preserve biodiversity, including the saiga population.An agreement was reached to continue cooperation on issues of mutual interest in the field of the environment, support in the implementation of environmental projects and holding events at various levels, and a willingness was expressed to consider further joint measures to expand cooperation between Kazakhstan and the UN Environment Programme. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1058055?lang=kk
Маңызды хабарландыру: Конституция күніне байланысты Консулдық бөлімнің жұмысы 27.08.2025
Құрметті келушілер, қонақтар және Қазақстан азаматтары!30 тамызда атап өтілетін «Конституция күні» мемлекеттік мерекесі биыл сенбіге сәйкес келіп отыр. Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес, демалыс күні дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылды. Сондықтан, 1 қыркүйекте ҚР Португалиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі жұмыс істемейді.Біз қызмет көрсетуді 2025 жылғы 2 қыркүйектен жалғастырамыз.Төтенше жағдайлар туындаса, жедел желі нөміріне хабарласуға болады: +351 911 742 779 .Туындаған қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұраймыз.Консулдық бөлім Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1058033?lang=kk
Қазақстан мен Словакия әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастыруда 27.08.2025
Братислава, 2025 жылғы 26 тамыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Братиславадағы М.Р.Штефаник атындағы халықаралық әуежайдың бас директоры және басқарма төрағасы Душан Новотамен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы әуе қатынасын дамыту мәселелерін, соның ішінде Астана–Братислава бағыты бойынша тікелей рейс ашу мүмкіндігін талқылады.Елші әуежай басшылығын ҚР Үкіметінің авиация саласын жаңғырту, алты халықаралық әуе хабын дамыту, сондай-ақ ұлттық жүк әуе тасымалдаушысын іске қосу жөніндегі шараларымен таныстырды.Қазақстанда «ашық аспан» режимінің енгізілуі және «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесінің қолданылуы шетелдік әуе компанияларының қазақстандық нарыққа шығуына қолайлы жағдай туғызып, азаматтық авиация саласында бәсекелестікті арттыруға әрі әуе бағыттарының географиясын кеңейтуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ, өзінің тиімді географиялық орналасуы мен әлеуетінің арқасында Қазақстан Еуропа мен Азия нарықтарын байланыстыратын жолаушылар мен жүк тасымалының артып келе жатқан ағынын қамтамасыз етуде маңызды дәнекер болуға әлеуеті бар екендігі назарға алынды.Словакия тарапына жүк әуе тасымалдарын ұйымдастыру, сондай-ақ еуропалық әуе компанияларының шығысқа бағытталған рейстерінде Қазақстан әуежайларын транзиттік және қосалқы әуежай ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Қазақстан Словакия азаматтары үшін Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияға сапарлар барысында қолайлы транзиттік торап қызметін атқара алатыны айтылды.Тараптар тікелей әуе қатынасын орнату өзара сауда, іскерлік байланыстар және туристік ағындардың кеңеюіне серпін беретіні жөнінде ортақ пікірге келіп, алдағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1058018?lang=kk
Абу Дабиде Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық аясында ауқымды жобалар таныстырылды 27.08.2025
Абу-Даби, 2025 жылғы 27 тамыз –Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған қазақстандық делегация ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.М. Сұлтанғазиев Ұлттық медиа-офисінің басшысы шейх Абдалла бен Мұхаммед бин Бутти Әл Хамедпен келіссөздер өткізді.Сапар аясында Алматы облысындағы шамамен 600 га аумақты қамтитын заманауи эко-қоғамдастық – «Talgar Eco City» экологиялық қаласының таныстырылымы өтті.Жоба тұрғын үй кварталдарын, білім беру және медициналық мекемелерді, сауда-мәдени орталықтарды, сондай-ақ кең жасыл аймақтарды қамтиды. Оны халықаралық AE7 (БАӘ) компаниясы әзірлеген және Dinar Holding Ltd. (Қазақстан) мен 44Degree (БАӘ) бірлесіп іске асыруда.Жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен БАӘ арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге және стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1058021?lang=kk
ШЫМКЕНТ: «TAZA ALEM» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА 27.08.2025
Шымкент қаласының ерікті жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Тарихи күндер тізбегімен» атты өңірлік мәдени-танымдық фестивалі қарсаңында Маятас демалыс аймағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шара экологиялық мәдениет пен табиғатты қорғауға бағытталған ауқымды бастамалардың бірі болып табылады.Акцияның басты мақсаты – табиғи аумақтың тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сондай-ақ, алдағы фестивальдің өткізілуіне қолайлы және таза орта дайындау шараның маңызды міндеті. Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында ерікті жастар қураған бұтақтарды жинап, қоқыс қалдықтарын тазалап, демалыс орнын абаттандыруға белсене атсалысты. Бұл іс-шара қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, қоғамның экологиялық жауапкершілігін нығайтуға үлкен үлес қосады.Акцияға 100-ге жуық ерікті жас қатысып, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары бірлесіп, Маятас демалыс аймағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін түрлі жұмыстарды атқарды. Жастардың табиғатқа деген қамқорлығы, олардың экологиялық сана-сезімін арттыруға және қоғамды табиғаттың қорғаушысы болуға шақыруға негізделген. Осылайша, мұндай шаралар жастарды табиғатты қорғау бойынша белсенділік танытуға ынталандыруда.Айта кетейік, бұған дейін Шымкент жастары «Taza Alem» атты кең ауқымды экологиялық акциясын ұйымдастырған болатын. Аталған акция аясында қала маңындағы Бадам су қоймасында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, 500-ге жуық ерікті жас табиғатқа өз үлестерін қосты. Бұл шараға Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, еріктілер қозғалысының мүшелері және коммуналдық мекемелердің жұмысшылары белсене қатысып, су қоймасының жағалауын пластик, шыны және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарын қолдау мақсатында 7 арнайы техника тартылып, қоқыстар шығарлыды.Аталған экологиялық акциялар табиғатты қорғау мақсатындағы бір-бірімен жалғасын тауып отырған маңызды шаралар болып табылады. Шымкент жастары алдағы уақытта да осындай іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға өз үлестерін қоса беретін болады. Бұл бастамалар қала тұрғындарын, әсіресе жастарды табиғатқа деген жауапкершілікпен қарауға, оның тазалығын сақтауға шақырады.Мұндай экологиялық іс-шаралар табиғатқа деген қамқорлықты күшейтумен қатар, қоғамды экологиялық проблемаларға мән беруге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағыттайды. Жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымдары олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, болашақта табиғаттың сақталуына елеулі әсер ететіні сөзсіз.
Ірі габаритті қалдықтарға арналған жаңа алаңдар салынуда 27.08.2025
Пилоттық жоба шеңберінде ірі габаритті қалдықтарды қабылдауға арналған мамандандырылған алаңдардың құрылысы басталды. Елді мекеннің Солтүстік және оңтүстік бөліктерінде барлығы 62 жаңа алаң құрылатын болады.Бұл бастама аулаларда ескі жиһаз бен тұрмыстық заттардың бейберекет тасталуын жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді. Енді тұрғындар ірі көлемді қалдықтарын арнайы белгіленген орындарға қалдыра алады, ал оларды уақтылы техника әкетеді.Сонымен қатар қолданыстағы контейнерлік алаңдар жаңғыртылуда: кірме жолдар асфальтталады, аумақ абаттандырылады, ескі металл бактар заманауи еуроконтейнерлерге ауыстырылады.Өткен жылы 29 алаң жаңартылды, биыл жұмыс тағы 118 нысанды қамтиды. Мердігерлік ұйымдарға құрылысты және абаттандыруды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1057995?lang=kk
Ерекше бақылаудағы әлеуметтік нысандар: Шымкенттегі мектептер мен ауруханалар қысқа дайын 27.08.2025
Қалада 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуда. Билік Шымкентте суық ауа райына жылу беру үзіліссіз өтеді деп сендіреді. Жылыту: ақаусыз іске қосу Қалалық қызметтердің мәліметінше, 27 қазандықтың 23-і қысқа дайын. 17 сорғы стансасының 13-ін тексеру аяқталды, қалғандарын тамыз айының соңына дейін дайын болу жоспарлануда. Қаланың жылу желілерінің ұзындығы шамамен 840 шақырымды құрайды. Жазғы сынақтар барысында 98 проблемалық бөлім анықталды – олардың 90-ы жойылды, қалғандарын 1 қыркүйекке дейін жабу жоспарлануда. Жаңарту жалғасуда Биылғы маусымда жылумен қамту нысандарын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасты. Негізгі қазандықтар жаңартылды, жылу магистральдары мен сорғы станцияларын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. "Ең бастысы қыстан апатсыз өту емес, жүйенің ұзақ мерзімді перспективада сенімді болуы. Ақауларды жою және шымкенттіктердің үйлеріне тұрақты жылу беруді қамтамасыз ету үшін біз барлық салада бақылауды күшейттік", - дейді "Қуатжылуорталық" МКҚК бас инженері Айбек Қожабеков. Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел әрекет ету қамтамасыз етіледі: ақауларды қысқа мерзімде жоюға дайын мобильді жөндеу топтары жасақталды. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар Тұрғын үй қорын дайындау жоспарға сай жүргізілуде: екі мыңнан астам көпқабатты үйлердің 70 пайызы дайын. Әлеуметтік нысандар жақсырақ дайындалған: барлық мектептер мен мәдениет ошақтары 100%, ауруханалар 95% дайын. «Әлеуметтік секторда қысқа мерзімді үзіліс болуы мүмкін емес», - деп атап өтті қала билігі. Көмір: қорда да, халықпен де Шымкенттің қысқы қатты отынға жалпы қажеттілігі 23,3 мың тоннаны құрайды. Бұл көлемнің жартысынан астамы (55%) сатып алынды. Бюджеттік мекемелер көмірмен толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары да белсенді – 8 мың тоннадан астам (43%) сатып алынды. Сондай-ақ жеке операторлардың қоймаларында 41 мың тонна бар. Шымкент қаласының әкімдігі жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үзіліссіз жалғасатынын, ал күрт суыған жағдайда қор қажеттілікті жылдам толықтыруға мүмкіндік беретінін баса айтады. Бақылау: күн сайын байланыста Жылыту маусымына дайындық қалалық қызметтердің тұрақты бақылауында. Апта сайын мониторинг жүргізіледі, осал аймақтарға ерекше көңіл бөлінеді. "Біздің міндетіміз - қала тұрғындары үшін қыстың тыныш өтуін қамтамасыз ету. Бұл үшін барлық қажетті шаралар қабылданды", - деп хабарлады Шымкент әкімдігі. Нақты сынақ кейінірек басталады - температура нөлден төмен түскенде. Дәл осы кезде бүкіл жүйенің қаншалықты тиімді жұмыс істегені белгілі болады: жанармай сатып алудан бастап төтенше жағдайлар қызметіне дейін. Әзірге қала дайындығын көрсетіп жатыр, жауапты құрылымдар Шымкенттің қыстан қорықпайтынына сендірді.
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары мен қонақтары! 27.08.2025
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді ағымдағы жылдың 30 тамыз күні сағат 11:00-де «Тәуелсіздік» алаңында өтетін Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Қала күніне арналған мерекелік шараға шақырамыз.Бағдарламада:«Үлгілі үй – Үлгілі қоғам» байқауы«Гүлмен көмкерілген Қазақстан» көрме-байқауы«Қаланың кеше мен бүгіні» фото-байқауы«Көкөніс әлемі» көрме-байқауы«Сүйікті қала» фото-квестКөрме-байқаудың номинациялары:«Мой чемпион»«Курчатовское чудо»«Самая оригинальная поделка из овощей и фруктов»Сағат 19:00-де «Тәуелсіздік» алаңында «Курчатов: Город, открытый для всех» атты көркемөнерпаздардың мерекелік концерттік бағдарламасы өтеді.Сіздерді көңілді уақыт өткізуге шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1057965?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысын жария талқылау 27.08.2025
2025 жылдың 27 тамызында Үлкен Нарын ауданы әкімшілігінде ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлімдерінің, оның ішінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша қоғамдық талқылау жүргізілді. Талдау жүргізу барысында персоналды басқару, ақпараттық қауіпсіздік, сәулет, құрылыс және қалақұрылысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты тәуекелдер, сондай-ақ ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелерге байланысты 12 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1057974?lang=kk
Салықтық берешегінің шекті мөлшерін айқындау туралы 27.08.2025
Салық кодексінің қолданыстағы нормасына сəйкес салықтық берешегі болған жағдайда мəжбүрлеп өндіріп алу тəсілдері мен шаралары банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды қоспағанда, тəуекелдерді басқару жүйесінің нəтижелерін ескере отырып, 1 теңге және одан да жоғары сомаға қолданылады, мұнда салықтық берешегі 6 АЕК-тен жоғары болған кезде шоттарға ауыртпалық салынады. Мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен шараларын қолдану басталғанға дейін орта және жоғары тәуекел деңгейіндегі салық төлеушіге салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі (салық берешегі пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей). Қазақстан Республикасы Салық кодексімен салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолдану кезінде тәуекел дәрежесіне байланыстыруды алып тастай отырып, сараланған тәсіл енгізілді: салықтық берешегі 20 АЕК-тен кем болған жағдайда - салық берешегінің бар екендігі туралы ескертпе жіберіледі жəне өсімпұл есептеледі, басқа шаралар қолданылмайды; салықтық берешегі 20 – дан 45 АЕК-ке дейін болған жағдайда - салық төлеушінің атына өсімпұл есептеле отырып, салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі, банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады, инкассалық өкімдер қойылады; салықтық берешегі 45 АЕК-тен астам болған жағдайда - мүліктің тізімдемесі мен сатылуын, дебиторлар есебінен өндіріп алуды қолданылады; салықтық берешегі 27 000 АЕК-тен астам болған жағдайда - жеке кəсіпкер мен заңды тұлғаның лауазымды тұлғасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын шектеуді (сот санкциясы негізінде 3 ай ішінде берешек өтелмеген жағдайда) қолданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1057976?lang=kk
Атом саласы қызметкерлері күніне дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі 27.08.2025
Кеше қала әкімі Б.Абдралиев алдағы Атом саласы қызметкерлері күніне дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді — бұл мереке Курчатов қаласы үшін ерекше маңызға ие. Бұл күн – жоғары жауапкершілікті, терең білім мен іске адалдықты талап ететін мамандық иелеріне арналған. Олардың еңбегі ғылым мен технологияның дамуына, қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне негіз болады.Біздің мақсатымыз — осы күнді атом энергетикасы мен ғылыми зерттеулерге өмірін арнаған әр адам үшін шынайы маңызды әрі есте қаларлық ету. Әркім өз мамандығына, елдің дамуына қосқан үлесіне мақтаныш сезінетіндей болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1057952?lang=kk
Латвияның Қазақстандағы жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады 27.08.2025
Астана, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Даце Руткадан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.Министрдің орынбасары Латвия дипломатын құттықтай отырып, екіжақты және көпжақты форматтарда Қазақстан мен Латвия серіктестігінің үдемелі дамуына қанағаттанушылығын білдірді.Сұхбат барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы даму перспективалары туралы пікір алмасты.Кездесудің соңында А. Исетов Астана мен Рига арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жаңа Елшінің жұмысына жан-жақты қолғабыс көрсетуге қазақ тарапының дайын екенін білдіріп, Д.Руткаға Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1057853?lang=kk
Соттан тыс банкроттықтың маңызды шарттары: Қарыздан құтылудың жолы 27.08.2025
Қазақстан Республикасының азаматтары, егер сіз қаржылық қиындықтарға тап болып, төлем қабілетіңізді қалпына келтіру үшін соттан тыс банкроттық рәсімін қарастырып жатсаңыз, барлық қажетті шарттарды білу және орындау өте маңызды. Қазақстан Республикасының заңнамасы бұл процесті нақты реттейді, сондықтан негізгі талаптарды түсіну өтінішті сәтті беруге көмектеседі.Назарыңызға борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беру үшін орындауы тиіс міндетті шарттарды ұсынамыз:Міндеттемелер сомасы 1600 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы керек: Бұл республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және өтініш берген күні қолданыста болған АЕК-тің 1600 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Бұл шекті мән сіздің жеңілдетілген рәсімге құқығыңыз бар-жоғын анықтайды.Меншігінде мүліктің болмауы: Борышкердің меншік құқығында ешқандай мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік те болмауы керек.12 ай ішінде қарызды өтемеу: Өтініште көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша өтініш берген күні он екі ай бойы қатарынан өтеудің болмауы. Бұл ретте, төлем АЕК-тің бір еселенген мөлшерінен асатын сома болып саналады. Бұл мерзім әрбір банк қарызы немесе микрокредит шарты бойынша соңғы төлем жасалған күннен бастап есептеледі. Егер қарыз коллекторлық агенттікке берілсе, коллекторлық агенттік басқа мерзімді растамаса, мерзім соңғы төлем жасалған күннен бастап есептеледі.Қарызды реттеу рәсімдерін жүргізу (маңызды ерекшеліктермен):Жалпы ереже: Кредитор мен борышкер банк қарызы шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдерді жүргізуге міндетті болды. Бұл шаралар мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.Негізгі ерекшеліктер: Мұндай шараларды жүргізу талабы мыналарға қолданылмайды:Лицензиясынан айырылған, тізілімдерден шығарылған немесе тарату процесінде тұрған кредиторлар алдындағы міндеттемелерге («Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілгендей).2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банк қарызы шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттарға. Бұл "ескі" қарыздары бар азаматтар үшін процесті жеңілдететін, оларды реттеу әрекеттерін растау қажеттілігінен босататын елеулі өзгеріс.Бұрынғы банкроттық рәсімдерінің болмауы: Борышкер өтініш берген күнге дейін жеті жыл ішінде соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданбаған болуы керек.Маңызды нюанстар мен ерекшеліктерЖоғарыда көрсетілген кейбір шарттарға сәйкес келмесеңіз де, келесі жағдайларда соттан тыс банкроттыққа құқығыңыз болуы мүмкін:Өтініш берген күнге дейінгі алты ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болсаңыз.Міндеттемелеріңізді орындамау мерзімі өтініш берген күнге бес жылдан асса.Мұқият дайындық және осы шарттарға толық сәйкестік соттан тыс банкроттық рәсімін сәтті қолдану мүмкіндігіңізді едәуір арттырады. Бұл сіздің қаржылық еркіндігіңізге жасалған алғашқы қадам болуы мүмкін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1057870?lang=kk
2025 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасында әлеуметтік көмектің скорингтік моделін енгізуді түсіндіру бойынша «A.V.Group» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті 27.08.2025
2025 жылғы 27 тамызда «A.V.Group» ЖШС жұмыс ұжымымен Қазақстан Республикасында әлеуметтік көмектің скорингтік моделін енгізуді түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында скорингтік модельді енгізу тетігі және мұқтаж азаматтарға қосымша қолдау шараларын көрсетудің атаулылығы түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1057873?lang=kk