Қоғам
Тек жауынгер емес, ел қорғаны: екі дүркін чемпион Отанға қызмет етуде 25.08.2025
Ұлттық ұлан сапында тек құқықтық тәртіптің сақшылары ғана емес, нағыз чемпиондар да бар. Солардың бірі – Алматы қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметін атқарып жүрген қатардағы жауынгер Алдияр Жаркеев.Әскер қатарына Жезқазған қаласынан шақыртылған Алдияр – Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Оның есімі қоян-қолтық ұрыс әлемінде жақсы таныс. Ол алғашқы үлкен жеңістеріне әскерге дейін қол жеткізген. 2021 жылы Қарағандыда аса жеңіл салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 2023 жылы Астанада чемпиондық атағын қорғап шықты.Әскердегі алғашқы күндерінен-ақ командирлер оның спорттық әлеуетін байқады. Биыл Түркістан қаласында өткен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан өткен чемпионатта Алдияр «Оңтүстік» ӨңҚ командасының намысын қорғап, 70-тен астам мықты спортшы қатысқан бәсекеде 58 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені еншіледі.Бұл жетістік кездейсоқ емес. Алдиярдың спортқа деген сүйіспеншілік пен жігерлі мінезі отбасында қалыптасқан. Оның ағалары да кезінде Ұлттық ұлан сапында мерзімді әскери борышын өтеп, інісіне лайықты үлгі көрсетті.Алайда ұландықтың әскери қызметі тек спортпен шектелмейді. Бүгінде ол Алматы көшелерінде патрульдік қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті қадағалап, мәдени және спорттық іс-шараларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Командирлері оның мінсіз тәртібі мен бастамашылдығын ерекше атап өтеді. Ал қаруластары Алдиярды спортта да, әскери қызметте де үлгі боларлық нағыз ұландық деп санайды.– Мен үшін спорт – өмір салты. Әскерде жүрсем де, жаттығуды жалғастырудамын. Әскердегі қызмет дайындығыма еш кедергі келтірмей, қайта төзімді әрі мықты болуға көмектеседі, – дейді ол.Бұл сөздер негізгі ойды айшықтап, Ұлттық ұландағы қызмет – ерлік мектебі ғана емес, тұлға ретінде дамуға жол ашатын орта екенін дәлелдейді. Мұнда жауынгерлерге сенім артып, олардың талантын ашуға және жетістікке жетуіне қолдау көрсетеді. Өйткені әскери форманың артында арманшыл, жаңа белестерді бағындыруға талпынған адам бар. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1056007?lang=kk
ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК 25.08.2025
Темір жол саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан Нурсейтов Ерлахан өз ісіне адал, тәжірибесі мол мамандардың бірі. Ол 1973 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген. Бүгінде темір жол саласында еңбек етіп келе жатқанына 32 жыл толып отыр.Еңбек жолын Шеңгелді станциясында пойыздар қабылдаушысы қызметінен бастаған ол жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында түрлі лауазымдарда табысты еңбек етті. Сарыағаш станциясында пойыздар қабылдаушысы, аға жүк және багаж қабылдап тапсырушысы сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарды.Қазіргі таңда Нурсейтов Ерлахан Сарыағаш станциясында аға пойыздар қабылдаушысы қызметін атқарып, жұмысқа деген жауапкершілігімен, тиянақтылығымен және еңбекқорлығымен әріптестері арасында зор құрметке ие.Осындай өз ісінің шеберлерін танып, олардың еңбегін бағалау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Ерлахан Мирзаевичтің еңбек жолы жас мамандар үшін үлгі болары сөзсіз.
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұстаздардың тамыз конференциясын өткіздік. 25.08.2025
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұстаздардың тамыз конференциясын өткіздік. Педагогтердің дәстүрлі жиынына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты.Конференция барысында жаңа оқу жылының негізгі басымдықтары айқындалды. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан білім саласына ерекше қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде ұстаздардың жалақысы екі есе өсті. Шымкентте қала бюджетінің 37 пайызы білімге бағытталып отыр. Соңғы екі жылда 39 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешілді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында тағы 12 мектеп салынды. Бұған қоса, алдағы екі жылда 37 мектептің құрылысы жоспарланған. Сонымен бірге 20 мектеп, 3 балабақша және 2 колледж күрделі жөндеуден өтті. Қалада заманауи талаптарға сай екі Оқушылар сарайы ашылды.Әлеуметтік қолдау шаралары да кеңеюде. 2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың балалары 100 пайыз мектеп формасымен қамтамасыз етіліп келеді. Биылдан бастап мемлекеттік қана емес, жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік санаттағы балалар да ыстық тамақпен толық қамтылатын болады. Балабақшаларда аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тегін орындар қарастырылған. Жоғары оқу орындарында сұранысқа ие мамандықтарға соңғы екі жыл қатарынан 285 гранттан бөлінді.Мектепке дейінгі тәрбиеде де оң нәтижелер бар. Қазіргі таңда балаларды қамту деңгейі 89 пайызды құрап отыр, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 96 пайызға жетпек. Шымкент қаласы республикада алғаш болып ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асырды. Нәтижесінде 1 041 «өлі жан» анықталып, 700 миллион теңге үнемделді. 2027 жылдан бастап балабақшаларды міндетті лицензиялау енгізілмек.Биылғы жаңа оқу жылында 28 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Оқушыларға қажетті оқулықтар толық жеткізілді. 2025 жылға қарай біліктілігі жоғары педагогтердің үлесін 75 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ соңғы жылдары оқушылар да түрлі жарыстарда топ жарып жүр. Біздің оқушылар халықаралық және республикалық білім сайыстарында 7 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль жеңіп алып, 200-ден астам шәкірт жүлдегер атанды
От пен болатты бағындырған мамандық 25.08.2025
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл жыл – ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген еңбек адамдарының, әсіресе қолымен жасап, болашақты сомдайтын шеберлердің беделін арттыратын ерекше кезең.Дәнекерлеуші – нағыз темірмен тілдескен маман. Оның жұмысы – көзге көрінбейтін, бірақ әрбір ғимараттың, көпірдің, зауыттың, кеменің, тіпті ғарыш кемесінің іргетасында жатқан қажырлы еңбек. Қолына дәнекерлеу аппаратын алған әр маман – металл мен оттың тілін жетік меңгерген шебер. Ол – қауіпсіздікті, сапаны, дәлдікті басты орынға қоятын кәсіби маман.Дәнекерлеушінің әрбір шуы – болашаққа қадамы. Ол жасаған әрбір жігі – мықтылықтың, тұрақтылықтың белгісі. Бұл мамандық тек физикалық күш емес, жоғары технологияны игеру мен инженерлік ойлауды да талап етеді.Жас ұрпақ үшін дәнекерлеуші болу – заман талабына сай, сұранысқа ие, табысты әрі абыройлы жолдардың бірі. Еліміздің өндірісі дамыған сайын бұл мамандықтың маңызы арта түсуде.2025 – еңбек пен шеберліктің жылы. Дәнекерлеушілер – сол жылдың айшықты кейіпкерлерінің бірі. Еңбектеріңіз елене берсін!
Кения Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады 25.08.2025
Найроби, 2025 жылғы 22 тамыз – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кенияның Дінаралық кеңесінің төрағасы, Епископ Виллибард Китого Лагхомен кездесті.Елші епископты 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік діндер лидерлері VIII съездінің тұжырымдамасы мен мақсаттары, сондай-ақ өткен Съездердің қорытындылары туралы хабардар етті. Ол бүкіл әлемде бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін дінаралық диалогты дамыту жөніндегі форумды өткізудің өзектілігін атап өтті. Съездер тарихында Кения өкілінің Съезге алғаш рет қатысуы форумның мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге, Африканың діни ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге, дінаралық диалог саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, Қазақстан мен Кения арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынасты кеңейтуге оң ықпал ететіні ескерілді.Өз кезегінде епископ Виллибард Китого Лагхо Астанада өтетін Әлемдік діндердің лидерлері VIII съезіне қатысатынын растап, Қазақстанның бұл бастамасының бүкіл әлемде дінаралық диалогты, толеранттылық пен келісімді дамытудағы маңыздылығын атап, осындай айтулы форумға шақырғаны үшін қазақстандық тарапқа ризашылығын білдірді. Епископ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығы мен Кенияның Дінаралық кеңесі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап, Кения тарапының өкілдері Съездің жұмысына белсенді қатысуға дайын екенін мәлімдеді.Анықтама: Кенияның Дінаралық кеңесі елдің негізгі діни қауымдастықтарының коалициясы болып табылып, діндерді ұстанушыларың моральдық және әлеуметтік ресурстарын жұмылдыру және ортақ мәселелерді шешу, Кениядағы тұрақты бейбітшілік пен дамуға жәрдемдесу үшін конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдету үшін жұмыс істейді.Кенияның халқы негізінен христиандықты, әсіресе протестантизм және католицизмді, едәуір бөлігі ислам дінін және жергілікті дәстүрлі нанымдарды ұстанады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1055864?lang=kk
Қостанай облысында жаңа спорттық кешендер мен қалалық субұрқақтар ашылды 24.08.2025
Қостанай облысының Рудный қаласында өткен Қала күні мерекесіне орай екі заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені – «Sokol» және «Sarybai», сондай-ақ жаңа қалалық субұрқақтар пайдалануға берілді.Аталған жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама өңір елді мекендерінде көгалдандыру, абаттандыру және заманауи қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыруға бағытталған. Бұл бастамалар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және салауатты әрі белсенді ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері 11-шағын ауданда салынды. Жобаның жалпы құны — 1 млрд 266 млн теңге. «Sokol» кешенінің ауданы — 1 536 шаршы метр, «Sarybai» кешенінікі — 1 872 шаршы метр. Әр нысан бір мезетте 470 адамға дейін қабылдауға есептелген. Кешендерде волейбол, мини-футбол, баскетбол, гандбол және күрес секілді спорт түрлеріне арналған залдар қарастырылған. Жоба аясында 23 жаңа жұмыс орны ашылды.Жаңа нысандардың ашылуы өңірдің спорттық инфрақұрылымын кеңейтіп, бұқаралық спорттың дамуына және тұрғындардың, әсіресе жастардың белсенді демалысына қосымша жағдай жасайды.Осы күні Рудныйда екі жаңа субұрқақ та іске қосылды: оның бірі жаңа спорттық кешендердің жанында, екіншісі Гагарин мен Ленин көшелерінің қиылысында орналасқан. Субұрқақтардың ашылуы қаланы абаттандыру және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру бағдарламасының бір бөлігі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1055840?lang=kk
БҚО-ДА ПОЛИЦЕЙЛЕР 1,3 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЛАЯҚТАРҒА АУДАРЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕДІ 24.08.2025
БҚО-да полицейлер 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.Алдын алу шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде терминал жанында тұрып, бір уақытта телефонмен сөйлесіп тұрған ер адамды байқайды. Ер адамның деректерді енгізу кезінде уайымдап, асығыс әрекет етуі күмән тудырған. Полицейлер араласып, телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін түсіндіруге тырысқан. Алайда ер адам ақшаны аударуға табандап тұрып алған. Телефон тұтқасындағы өзін "Тамара" деп таныстырған әйел оған ешкімді тыңдамауға кеңес беріп, бірнеше минуттан кейін "қызы" мен "ұлы" да әңгімеге қосылған. Кейін белгілі болғандай, бірнеше күн бойы алаяқтар ер адамға телефон шалып, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, оның жинақтары қауіпте екенін айтып сендірген.Ақшаны "құтқару" үшін оған депозиттен қаражатты шешіп, "қауіпсіз" есепшотқа аудару керек болған. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында 1,3 миллион теңгенің аударылуына жол берілмеді. Телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың, әсіресе зейнеткерлерге бағытталған қылмыстардың көбеюіне байланысты Батыс Қазақстан облысында полиция және жеке күзет қызметкерлері банкоматтар маңында және халық көп жиналатын орындарда — ең алдымен сауда ойын-сауық орталықтарында — алдын алу шараларын жүргізуде. Мақсат — "тәуекел аймағында" жедел әрекет ету, алаяқтарға ақша аударудың алдын алу және халықтың хабардарлығын арттыру. Полиция ескертеді: құқық қорғау органдарының нағыз қызметкерлері ешқашан ақша аударуды талап етпейді. Күмән тудыратын кез келген қоңырау кезінде бірден “102” нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.#ЗАҢМЕНТӘРТІП#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
АВТОПАРК ЖАҢАРТЫЛДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ 24.08.2025
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков автопаркке арнайы келіп, жаңа автобустарды бақылады. Мегаполис басшысы қоғамдық көлікті жаңғырту негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Тасымалдау қызметінің жайлылығы мен қауіпсіздігі және қолжетімділігі қала тұрғындарының өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етеді.Қалалық автопарк 58 заманауи автобуспен толықтырылды. 28 шағын автобус шалғайдағы шағын аудандар мен тұрғын алаптарға қызмет көрсетеді, 30 автобус бүгінде маршруттарға шығып үлгерді. Барлық көлік құралдары желдеткіш, бейнебақылау жүйелерімен, навигациямен, заманауи төлем желісімен және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған құрылғылармен жабдықталған.Қала әкімі жауаптыларға автобустардың тазалығын жіті бақылауды және тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы көлікті пайдалануы үшін қозғалыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.Айта кету керек, қала әкімдігі қоғамдық көліктердің жолаушылар үшін ыңғайлы, қауіпсіз және экологиялық таза болуын қамтамасыз етуде автопаркті жоспарлы жаңартуды және заманауи технологияларды енгізуді жалғастыруда.
Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті: бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды 23.08.2025
2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағынан 172 тонна қоқыс шығарылды.Аудандық көрсеткіштер: • Абай ауданы — 445 адам, 16 техника, 28 тонна; • Әл-Фараби ауданы — 499 адам, 30 техника, 41,7 тонна; • Еңбекші ауданы — 1532 адам, 33 техника, 15,7 тонна; • Қаратау ауданы — 704 адам, 25 техника, 42,1 тонна; • Тұран ауданы — 575 адам, 32 техника, 44,5 тонна.Сенбілік барысында қатысушылар көшелер мен аулаларды қоқыстан тазалап, қураған ағаштар мен бұталарды кесті, шөп шауып, ағаштарды әктеді, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.Көптеген шымкенттіктер бұл акцияға қатысу қала тазалығына қосқан үлес қана емес, сонымен бірге бірлікті сезінудің мүмкіндігі болғанын айтты.«Біз отбасымызбен келдік, балаларымызға тазалық әрқайсымыздан басталатынын көрсеткіміз келді», — деді Қаратау ауданының тұрғыны.«Студенттермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен және көршілерімізбен қатар жұмыс істегенде, бұл ортақ істің бізді біріктіретінін түсінесің», — деп қосты сенбілікке қатысушы.«Таза Қазақстан» акциясы 2029 жылға дейінгі кезеңге арналған аттас мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі Шымкенттің кешенді жоспарының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты — қаланың тазалығын сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Шымкенттіктер таза қала үшін бірігуде: бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды 23.08.2025
2025 жылдың 23 тамызында Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жаппай сенбілік өтті. Акцияға 3755 адам қосылып, 136 арнайы техника жұмылдырылды. Қаладан барлығы 172 тонна қоқыс шығарылды. Аудан бойынша нәтижелер: • Абай ауданы – 445 адам, 16 бірлік техника, 28 тонна; • Әл-Фарабия облысы – 499 адам, 30 бірлік техника, 41,7 тонна; • Еңбекші ауданы – 1532 адам, 33 бірлік техника, 15,7 тонна; • Қаратау ауданы – 704 адам, 25 бірлік техника, 42,1 тонна; • Тұран ауданы – 575 адам, 32 бірлік техника, 44,5 тонна. Сенбілікке қатысушылар көшелер мен аулаларды қоқыстан тазартып, қураған бұтақтар мен бұталарды қырқып, шөп шабу, ағаштарды әктеп, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Көптеген шымкенттіктер акцияға қатысу қала тазалығына қосқан үлес қана емес, ауызбіршілікті сезінуге мүмкіндік болғанын атап өтті. «Біз бір отбасы болып келдік, тазалық әрқайсымыздан басталатынын балаларға түсіну маңызды болды», - дейді Қаратау ауданының тұрғыны. «Студенттермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен және көршілермен бірге жұмыс істегенде, бұл ортақ іс бізді біріктіретінін түсінесіз», - деп қосты сенбілікке қатысушылардың бірі. «Таза Қазақстан» акциясы Шымкент қаласында 2029 жылға дейін аттас мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың Кешенді жоспарының бір бөлігі болды. Оның мақсаты – тазалықты сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Қазақстан мен Кения екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті 23.08.2025
Найроби, 2025 жылғы 15 шілде – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Сыртқы істер және диаспора министрлігінің бас хатшысы Авраам Корир Сингоемен, Кения Президенті кеңсесінің және Сыртқы істер министрлігі Протоколының басшысы Джосфат Каунда Майкарамен, Еуропа және Достастық елдер департаментінің директоры Джуди Нжаумен және Кения Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер департаментінің директоры Даниэль Вамбура Вайсикомен кездесті.Сұхбаттастар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, биік және жоғары деңгейдегі алдағы сапарларды, екіжақты шарттық-құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа дайындығын растады.Екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде ақпараттық және қаржылық технологияларды, ғарыштық, транзиттік және көліктік бағыттарды, оның ішінде Кения порттарын пайдалануды, медицинаны, ауыл шаруашылығын, туризмді, ғылыми және мәдени алмасуларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.А.Корир Сингое Қазақстанның энергетика, ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік саласындағы прогрессивті дамуын жоғары бағалап, Найробидің Астанамен екіжақты ынтымақтастығын кеңейтуге және одан әрі ілгерілетуге мүдделілігін атады.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен шаралар, оның ішінде сауда және инвестиция, көлік, ақпараттық технологиялар және туризм салалары бойынша Қазақстан мен Кения арасында құрылған төрт сарапшылық топтар шеңберінде тиісті жұмысты жүргізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1055818?lang=kk
Найробиде Қазақстан мен Кения арасындағы қаржы секторы мен ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды 23.08.2025
Найроби, 2025 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Найроби халықаралық қаржы орталығының Бас атқарушы директоры Дэниел Маиндамен және Konza Technopolis Бас атқарушы директоры Джон Пол Оквиримен кездесті.Кездесу барысында Найроби Халықаралық қаржы орталығының Бас атқарушы директоры Дэниел Маинда «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметімен, Қазақстанның жетістіктері мен қаржы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларымен таныстырылды.Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын талқылады. Тараптар осы саладағы ынтымақтастық Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға, инновацияларды дамытуға, инвестиция тартуға және екі елде тұрақты өсуге ықпал ететін тиімді серіктестік құруға көмектесетінін атап өтті.Астана мен Найроби Халықаралық қаржы орталықтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін екіжақты құжатқа қол қою мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, кениялық тарап ү.ж. 4-5 қыркүйекте Астанада өтетін Astana Finance Days іс-шараларына қатысуға қызығушылық танытты.Даниель Маинда «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметін жоғары бағалап, АХҚО-мен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.Анықтама: Найроби халықаралық қаржы орталығы (NIFC) Найробиді Шығыс Африкадағы жетекші қаржы орталығы ретінде көрсететін стратегиялық бастама болып табылады. Бұл Африка континентінде өз қызметін кеңейтуге ұмтылатын халықаралық инвесторлар, қаржы институттары мен компаниялар үшін қолайлы жағдай жасайды. NIFC халықаралық стандарттарға сәйкес келетін нормативтік база мен инфрақұрылымды қамтамасыз ету арқылы халықаралық қаржылық ойыншыларды тартуды мақсат етіп, Шығыс Африканың әртүрлі нарықтарына қол жеткізуге ұмтылатын инвесторлар үшін маңызды шлюз ретінде қызмет етеді. NIFC жергілікті және халықаралық бизнесті тарту үшін әртүрлі ынталандырулар ұсынады. Оларға салықтық жеңілдіктер, операциялық шығындарды азайту және жергілікті және халықаралық қаржы институттары арқылы қаржыландыруға қолжетімділік кіреді.Кениялық Konza Technopolis ақпараттық технологиялар орталығының Бас атқарушы директоры Джон Пол Оквири мырзамен кездесу барысында сұхбаттасушыға ақпараттық технологиялар мен АИ енгізу бойынша елімізде жүргізіліп жатқан саясат, Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін енгізу, сондай-ақ Astana Hub қызметі туралы ақпарат берілді.Сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ықтимал жолдары, атап айтқанда, Astana Hub-пен технология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою, сондай-ақ цифрлық трансформация, цифрлық шешімдерді енгізу саласында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға, сондай-ақ ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі бірлескен шараларды егжей-тегжейлі талқылау және оны белсендірудің жол картасын әзірлеу үшін екі елдің тиісті құрылымдары арасында бейнеконференция форматында сарапшылық кездесулер ұйымдастыруға келісті.Анықтама: Konza Technopolis, сондай-ақ кремний Саванна ретінде белгілі, Найробиден оңтүстікке қарай 64 км (39 миль) жерде салынып жатқан ірі технологиялық хаб. Бұл флагмандық ақылды қала жобасы және BPO және IT-қолданылатын қызметтер секторының экономикалық және макроэкономикалық назарында орналасқан Кенияның 2030 Vision негізгі құрамдас бөлігі. Konza Technopolis арнайы экономикалық аймағы Кениядағы АКТ секторын, сондай-ақ тұтастай алғанда ел экономикасын дамыту үшін стратегиялық инвестициялық мүмкіндікті білдіреді. Аяқталғаннан кейін Konza Technopolis білім, өмір туралы ғылым, телекоммуникация және BPO секторларындағы жетекші компанияларды орналастыратын әлемдік деңгейдегі технологиялық хабы болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1055819?lang=kk
Қазақстан Қарулы күштерінің шығармашылық ұжымы Мәскеудегі Қызыл алаңда зор қошеметке ие болды 23.08.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына қарасты Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбльдің музыканттары мен әртістері Мәскеуде өткен XVII Халықаралық «Спасск мұнарасы – 2025» әскери-музыкалық фестивалінде табысты өнер көрсетті. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.Ресей Федерациясының басты сахнасы — Қызыл алаңда Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауылы ротасы қазақ әндерінен құралған попурри әуенінің сүйемелдеуімен әсерлі дефиле ұсынды. Бұл көрініс көрермендер тарапынан ыстық ықылас пен зор қошеметке бөленді.Орталық әскери оркестрдің орындауындағы дала сарыны — қазақтың ұлттық әуендері мен кеңестік кезеңнен танымал шығармалар Ресей жұртшылығына да етене таныс болып шықты. Көрермендер ерекше әсер алғанын жасырмады.Биыл Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Жасмина Түзелова «Әлия» әнін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сейдолла Бәйтерековтің бұл туындысы осыдан 50 жыл бұрын Болгарияда өткен халықаралық фестивальде «Жыл әні» атанып, қазақ музыкасының шетелге кең таралуына жол ашқан еді.Қазақстан Қарулы күштері әскери оркестрлер қызметінің бастығы – бас әскери дирижер подполковник Алмас Ибрагимов:«Фестивальдің тақырыбына сай, біз Мәскеуге Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларынан құралған попурри — “Туған ел”, “Саржайлау” және “Өз елім” әндерін ала келдік», — деп атап өтті.Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан Қарулы күштері Орталық әскери оркестрінің бұл өнер көрсетуі Қызыл алаңдағы көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды. Этникалық сарындарға бай композициялар көрермендер үшін тосын болмаса да, шынайы әсер мен ерекше эмоция сыйлады.Айта кетейік, XVII Халықаралық «Спасск мұнарасы» әскери-музыкалық фестиваліне Ресеймен қатар Азия, Африка және Еуропа елдерінен келген 25 шығармашылық ұжым қатысуда. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Ресейдің Мемлекеттік туы күніне орай ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1055816?lang=kk
Қазақстан университеттерінің кампустарын Пәкістанда ашу мәселесін талқылау 23.08.2025
Исламабад, 2025 жылғы 20 тамыз - Қазақстан мен Пәкістанның білім саласындағы уәкілетті органдары мен жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен онлайн-кездесу өтті.Кездесу барысында жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар Қазақстан Республикасының және Пәкістан Ислам Республикасының оқу орындары арасында тікелей өзара әрекеттесуді орнату, сондай-ақ қол жеткізілген келісімдерді практикалық түрде іске асыруға бағытталған нақты іс-шараларды жүзеге асыру туралы келісті.Сонымен қатар, Пәкістан тарапы Қазақстан университеттерінің Пәкістан аумағында кампустарын аккредиттеу немесе ашу мүмкіндігіне қатысты қолданыстағы рәсімдер туралы ақпарат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1055802?lang=kk
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы қатарын жас офицерлер толықтырды 23.08.2025
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жоғары әскери оқу орындарын аяқтаған 24 түлек үшін оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. Жоғары оқу орындарында олар командалық-тактикалық мотоатқыштар, әуе-десанттық, танк әскерлері, артиллерия, әскери барлау, сондай-ақ тәрбие жұмысы мен әскери психология бағыттары бойынша оқудан өтті. Жас лейтенанттар взвод командирлері, батальондық психологтар, рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары лауазымдарына тағайындалатын болады. Он күндік оқу-әдістемелік жиын теңіз жаяу әскерлері бригадасының базасында өтеді. Жас офицерлер жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін зерделейді, қарауылдар мен әскери нарядтар қызметінің негіздері, сондай-ақ взводтардағы тәрбие жұмысы бойынша дәрістер тыңдайды. Бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік қызметін реттейтін нормативтік және басшылық құжаттарға ерекше назар аударылады. Қызметін енді бастаған командирлер жалпыәскери жарғылар, дене шынықтыру, тактикалық және атыс дайындығы бойынша сынақ тапсырады. Нұсқаушылардың айтуынша, лейтенанттар сенімді білім мен қызметке дайындықтың жоғары деңгейін көрсетуде. – Өзімнің байсалды көзқарасым бар. Болашақта өз ісіне лайықты командир болғым келеді, – деді Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі лейтенант Медет Серікбаев. – Бөлімдерде бізді жақсы қарсы алды, қолбасшылық біздің тез бейімделуіміз үшін бәрін жасап жатыр. Жас офицерлер Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Бейнеу гарнизондарында қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1055797?lang=kk
Алматы облысында соңғы үш жылда медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 79%-дан 92%-ға дейін артты 23.08.2025
Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде өңірдегі медициналық мекемелердің заманауи техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 79 пайыздан 92 пайызға дейін өсті.2024 жылы облыстағы денсаулық сақтау мекемелері 239 бірлік медициналық техникамен және 15 бірлік санитарлық автокөлікпен толықтырылды.Ал 2025 жылы Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде:Ал 2025 жылы Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде, 1 магнитті-резонанстық томография (МРТ) аппараты, 1 ангиограф, 10 бейнеэндоскопиялық кешен, 2 маммограф, 2 сараптамалық санаттағы ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты бар.Сондай-ақ, Жаһандық қордың қолдауымен Алматы облыстық фтизиопульмонология орталығы құны 51,5 млн теңге болатын жаңа рентген аппаратымен қамтамасыз етілді.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады:«Медициналық техникамен жабдықтау – бұл тұрғындарға сапалы және уақытылы медициналық көмек көрсету кепілі. Соңғы жылдары бұл бағытта елеулі ілгерілеу бар. Жаңа жабдықтар диагностика мен емдеудің тиімділігін арттырады. Алдағы уақытта бұл жұмысты одан әрі жандандырамыз», – деді Ержан Сүлейменов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055779?lang=kk
Татулық пен достық – елдіктің тұғыры 23.08.2025
Татулық пен достық – елдіктің тұғырыӘлемде тұрақтылық пен тыныштыққа қол жеткізу – әр ұлт пен ұлыстың ең үлкен арманы. Қазақстан үшін бұл арман – шынайы өмірлік ұстанымға айналған. Бүгінгі таңда еліміз татулық пен достықтың алтын діңгегін берік орнатып, барша халыққа үлгі болып отыр.Татулық – қоғамның ынтымағын нығайтып, бірлігін бекемдейтін ең асыл құндылық. Халқымыз «Береке басы – бірлік» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, татулық орнаған жерде ғана дамуға жол ашылады, ал ауызбіршілік – кез келген елдің болашағын айқындайтын шешуші фактор.Достық – түрлі этностарды, мәдениеттер мен дәстүрлерді біріктіретін ұлы құндылық. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Олардың барлығы бір шаңырақ астында, ортақ мақсатқа ұмтылып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуда. Бұл – өзара сыйластық пен құрметтің, сенім мен түсіністіктің нақты нәтижесі.Тәуелсіздік жылдары еліміз қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтаудың бірегей үлгісін көрсетті. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институттар достық пен ынтымақты нығайтып, ел бірлігін бекемдеуге зор үлес қосып келеді. Осының арқасында Қазақстанда этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрі дамып, бейбіт өмірдің берік іргетасы қаланды.Біздің ортақ мұратымыз – бейбіт аспан астындағы тұрақтылықты сақтау, бірлікті арттыру және жас ұрпаққа достық пен татулықтың құндылығын дәріптеу. Өйткені даму тек татулық орнаған ортада ғана мүмкін. Ал даму бар жерде – жарқын болашақ бар.Бірлігіміз бекем, татулығымыз тұрақты болса – елдігіміз еңселі, болашағымыз баянды болмақ!#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА KIT BUSINESS ASSOCIATION ӨКІЛДЕРІМЕН РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ 23.08.2025
Шымкент қаласында KIT Business Association халықаралық қауымдастығының өкілдерімен ресми кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімдігінің, кәсіпкерлік құрылымдардың және бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту, тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және серіктестік қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар кәсіпкерлік ортаны қолдауға бағытталған өзекті бастамалар мен даму перспективаларына ерекше назар аударды.KIT Business Association – 400-ден астам резидентті біріктіретін ірі халықаралық бизнес-қауымдастық. Қауымдастықтың Қазақстанның бірнеше қаласында, сондай-ақ шет мемлекеттерде өкілдіктері жұмыс істейді. Ұйым стартаптарды, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шеберлік сағаттары, оқыту тренингтері мен бизнес-форумдарды тұрақты түрде өткізеді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің халықаралық нарықтарға шығуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді. Мұндай кездесулер Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамытуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға оң ықпал етеді.
Майндағы Франкфуртта Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті 23.08.2025
Майндағы Франкфурт, 2025 жылғы 22 тамыз – Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығында қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай әдеби кеш өтті.Іс-шараға Германиядағы қазақ диаспорасының өкілдері, зиялы қауым, мәдениет саласының мамандары, студенттер мен Абай шығармашылығына қызығушылық танытқан қонақтар қатысты.Кештің модераторы шараны салтанатты ашып, өз сөзінде Абай шығармашылығының қазақ халқының рухани болмысы мен ұлттық санасының қалыптасуындағы рөлін атап өтті. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Таубалды Умбетбаев құттықтау сөзінде Абай ілімі мен философиясы – Шығыс пен Батысты, өткен мен келешекті, дәстүр мен жаңғыруды жалғайтын алтын көпір екенін ерекше атап көрсетті.Сондай-ақ, «Отандас» ұйымының жетекшісі, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ресми өкілі Асет Бейсенов ақынның рухани мұрасына терең құрмет білдіріп, тарихи Отанмен рухани байланыстарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды.Мазмұнға бай әрі әсерлі кеш бағдарламасында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты әні орындалып, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Бұдан кейін «Абай – ұлы ойшыл» тақырыбындағы деректі фильм көрсетіліп, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына терең шолу жасалды.Әдеби кеш барысында қатысушылар Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқып, өлеңдерін мәнерлеп жеткізді. Ашық микрофон сәтінде жиналғандар өз ойларын ортаға салып, Абайдың философиялық көзқарастары мен әдеби мұрасының қазіргі заманмен байланысын талқылады. Қонақтар арасында Абайдың әндерін домбыра және пианино сүйемелдеуімен орындаған өнерпаздар да болды.Іс-шара дәстүрлі қазақ шайымен қорытындыланды. Қонақтарға бауырсақ, құрт, қымыз және түрлі ұлттық тәттілер ұсынылып, бейресми әңгімелесу жалғасын тапты.Бұл әдеби кеш шетелде Абай мұрасын насихаттауға, қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде танытуға және ұлт зиялыларының рухани мұрасын ұлықтауға бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-frankfurt/press/news/details/1055759?lang=kk
Қазақстан мен Сейшел аралдары ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде 22.08.2025
Аддис-Абеба, 2025 ж. 22 тамыз – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Жалғас Әділбаев Сейшел Республикасының Эфиопиядағы Елшісі, Сейшел Республикасының Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Конрад Медерекпен кездесті.Кездесу барысында дипломаттар түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады. Туризмді дамытуға, іскерлік байланыстар орнатуға, сондай-ақ тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау салаларында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды. Елшілер халықаралық аренада, әсіресе БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастыққа өзара мүдделіліктерін атап өтті.Басқосудың негізгі тақырыптарының бірі үкіметаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндігі болды. Тараптар екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту үшін берік құқықтық негіз бола алатын осындай құжатты дайындау және жасасу үшін қажетті қадамдарды талқылады.Кездесу жұмыс байланыстарын жалғастыру және нақты бастамаларды пысықтау үшін ақпарат алмасу туралы уағдаластықпен аяқталды. Екі тарап та бұл диалог өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1055715?lang=kk