Қоғам
Токиода «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясының негізгі ережелері таныстырылды 03.07.2026
Токио, 2026 жылғы 15 маусым - Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Энергетика экономикасы институтының Төрағасы Тацуя Теразавамен кездесу өткізді.Елші Е.Баударбек-Қожатаев ү.ж. 22-24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит барысында қабылданған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясының негізгі ережелерін таныстырды. Ол сұхбаттасушыны өңір елдерінің климаттың өзгеруіне, шөлейттенуге және қоршаған ортаның ластануына қарсы күреске бағытталған бірлескен күш-жігерімен таныстырды.Өз кезегінде Т.Теразава жаһандық нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында Жапонияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті. Ол жапон тарапының энергетикалық және климаттық күн тәртібінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде уран өндірісін дамыту, маңызды шикізат минералдарын игеру және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды ілгерілету бойынша толық ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдірді. Қазақстанның жоғары экономикалық әлеуетін атап өткен сұхбаттасушы тек шикізат саласымен шектелмей, жапондық технологияларды тарта отырып, шикізатты терең өңдеу және қосылған құны жоғары өнім шығару саласындағы кооперацияны белсендіруге шақырды.Сондай-ақ, тараптар Жапонияның Энергетика экономикасы институты әзірлеген Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жол картасының іске асырылуын талқылады. Бұл құжат жапон бизнесі үшін климаттық инвестициялардың келешегін бағалауда, төмен көміртекті технологияларды енгізуде және энергетикалық көшім бойынша ынтымақтастықты дамытуда маңызды бағдар болып табылады.Сонымен қатар, Елші Е.Баударбек-Қожатаев ү.ж. 12 маусымда Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Кентаро Доимен өткен кездесудің қорытындысы бойынша декарбонизация, «жасыл» технологияларды дамыту және бірлескен климаттық бастамаларды іске асыру мәселелеріндегі Қазақстан мен Жапония ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен болашағы туралы ақпарат берді. К.Дои Токионың климаттық күн тәртібі бойынша Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға мүдделілігін растап, бұған дейін Астанада өткен 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысқанын атап өту қажет.Анықтама: 1966 жылы Токиода негізі қаланған Жапонияның Энергетика экономикасы институты жаһандық энергетика, экология және климаттық саясат саласындағы зерттеулерге маманданған әлемдегі жетекші талдау орталықтарының бірі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1240786?lang=ru
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «JASYL CROSS – 2026» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПЛОГГИНГ ЖАРЫСЫ ӨТТІ 03.07.2026
Ақтөбе қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Jasyl Cross – 2026» экологиялық плоггинг жарысы өтті.Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын дәріптеу.Экологиялық акцияға 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, жастар ұйымдарының өкілдері, волонтерлер, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары және қоғам белсенділері болды.Жарысқа 50 команда қатысып, бір сағат ішінде белгіленген аумақта жүгіріп және жаяу қозғалу арқылы тұрмыстық қалдықтарды жинады.Нәтижесінде 1317 қап қоқыс жиналып, 80 тоннадан астам қалдық арнайы орындарға шығарылды.Жарыс қорытындысы бойынша:• I орын – 73 қап қоқыс;• II орын – 55 қап қоқыс;• III орын – 52 қап қоқыс жинады.Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.«Jasyl Cross – 2026» – табиғатты қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды экологиялық бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1240793?lang=ru
«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат Алматыда Отанға адал болуға ант берді 03.07.2026
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу-жаттығу орталығында әскер сапын толықтырған сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл күні Жетісу облысынан, сонымен қоса Астана және Шымкент қалаларынан шақырылған жүзден аса әскерге жаңа келгендер Отанға адал қызмет етуге ант берді.Олардың қатарында Жаркент қаласынан шақырылған 18 жастағы Рахат Қабылжан да бар. Өткен жылы ол достарымен бірге әскерге баруға ниет білдіріп, жергілікті әскери басқару органына барған. Алайда кәмелет жасына толмағандықтан әскерге алынбаған. Отан қорғаушы күні қарсаңында Жаркент қаласының әкімдігі тұрғындар арасында бағалы сыйлықтар ұтысын ұйымдастырып, лоттардың бірі ретінде әскери қызметке мотивация ретінде «әскерге жолдаманы» қосқан болатын. Мұндай ерекше сыйлықты Рахат Қабылжан ұтып алды. Әскерге баратын жасқа толған жас жігіт бірден Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуге аттанды.– Бұл тосын сый мені қатты қуантты. Жас жауынгер курсынан өткен уақыт ішінде өмірге деген көзқарасым өзгерді. Мінез шыңдалып, жауапкершілігім мен тәртібімнің артқанын байқадым, – деді қатардағы жауынгер Рахат Қабылжан.Ант берер алдында әскер қатарына қосылғандар жас жауынгер курсын сәтті аяқтап, саптық, тактикалық және атыс даярлығының негіздерін меңгерді, оған қоса әскери қызмет жағдайына бейімделді.Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін жас сарбаздар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетіп, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты маршпен жүріп өтті.Алда жауынгерлерді кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша үш айлық қарқынды оқу күтіп тұр. Осы уақыт ішінде олар күрделі әрі сұранысқа ие әскери мамандықтарды меңгеріп шығады. Олардың қатарында арнайы байланыс және радиотехникалық әскерлер мамандары, радиолокациялық станциялар мен радиобиіктік барлау құралдарының операторлары, зениттік-зымыран кешендерін сүйемелдеу операторлары, сондай-ақ дизельші-электриктер бар.Биылғы жылдың жаңалығы – ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды басқару курсының енгізілуі. Бұл бағыт бойынша әскерге жаңа келгендердің барлығы дайындықтан өтеді.Оқу аяқталғаннан кейін күзет ротасының әскери қызметшілері әскери институтта қызметін жалғастырады. Ал қалған мерзімді қызмет сарбаздары Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамындағы әскери бөлімдерге жіберіліп, елдің әуе шебін қорғауға жауынгерлік кезекшілікке түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1240781?lang=ru
Гонконгтағы Алматы туризм күндері 03.07.2026
Гонконг, 12 маусым 2026 ж. — Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг АӘА-дағы Бас консулдығы, Алматы қаласы Туризм басқармасы және қазақстандық турагенттіктер Гонконгта өткен «International Travel Expo» (ITE) халықаралық туризм көрмесіне қатысты.Көрмеге 500-ден астам шетелдік туристік ведомстволары мен компаниялары қатысып, 30-дан астам елдің павильондары орнатылды.Іс-шара барысында отандық туристік компаниялар Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырып, қытайлық және гонконгтық серіктестермен байланыс орнатты, сонымен қатар Қазақстан Республикасына туристік ағынның өсімін нығайту бойынша ынтымақтастықты белсендіру туралы келіссөздер жүргізді.2026 жылдың 11 маусымында аталған көрме аясында Гонконгта «Алматы Туризм күндері» атты роуд - шоу өтті.Іс-шараның ашылу салтанатында Бас консулдық өкілдері және Алматы қаласы Туризм басқармасының Туризмді насихаттау бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбихан сөз сөйледі. Іс-шараға Гонконгтың мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, мәдениет және өнер қайраткерлері, жергілікті туристік компаниялардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Роуд - шоу барысында қазақстандық туристік компаниялардың өкілдері (Sky Way, Turan Asia, Vision Travel және т.б.) гонконгтық туроператорларымен B2B кездесулер өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Тараптар Гонконгтан Қазақстанға туристерді жіберу жұмыстарын белсендіру туралы келісті.Кеш барысында қонақтарға ұлттық тағамдар, билер мен ұлттық аспаптар сүйемелдеген әндер орындалып, естелік сыйлықтар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1240783?lang=ru
Халықаралық серіктестерге діндердің климат мәселесіндегі рөлі мен жасанды интеллект этикасына арналған жобалар таныстырылды 03.07.2026
Астана, 2026 жылғы 1 маусымКонфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Іс-шара барысында халықаралық серіктестерге «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» тақырыбындағы екі ірі жобаның құжаттары таныстырылды.Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістанның беделді діни қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Талқылаудың негізгі арқауы – «Астана бейбітшілік декларациясы – 2025» және 2023–2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері болды.Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов өз сөзінде мемлекет пен конфессиялар арасындағы әріптестіктің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ол қазақстандық модель аясында азаматтық бейбітшілікті нығайту үшін зайырлы институттар мен діни бірлестіктердің тең құқылы серіктес ретінде бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанын және бұл ең тиімді тәсіл екенін алға тартты.Орталықтың Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай діни дипломатия әрбір қақтығысты шеше алмаса да, ең күрделі әрі шиеленісті кезеңдердің өзінде диалогты сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мысал ретінде ол 2025 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткен VIII Съезді келтірді. Таяу Шығыстағы жағдай аса сезімтал кезеңде өткен жиында иудей және мұсылман өкілдері бір үстел басында отырып, өз жұмыстарын жалғастыра алған.Басқарма төрағасы Г. Қожабай бүгінде рухани дипломатия нақты іс-қимылдарға көшуі тиіс екенін алға тартты. Атап айтқанда, ол жасанды интеллектке арналған этикалық қағидаларды қалыптастырудан бастап, климаттың өзгеруі сын-қатерлеріне бірлесіп жауап беруге дейінгі бағыттарды қамту қажеттігін жеткізді. Осы мақсатта Орталық әзірлеген «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» атты екі жобаға ерекше тоқталды.Аргентина Ахмадия мұсылман қоғамының президенті Марван Сарвар Гилл ислам дәстүріндегі бейбітшіліктің әмбебап сипатына назар аударды. Ол Мұхаммед пайғамбардың іліміне сүйене отырып, адамның қадір-қасиеті нәсіліне, ұлтына немесе шыққан тегіне байланысты болмауы тиіс екенін, ал бейбітшілік таңдаулы сипатқа ие болмауы керектігiн атап өтті. Оның сөзінше, мұндай ұстаным жаһандық қауіпсіздіктің маңызды рухани негіздерінің бірі болып саналады.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессор міндетін атқарушысы Юлия Шаповал цифрлық радикализмнің күшеюіне ерекше назар аударды. Ол діни және сарапшылық қауымдастықтар жаңа ақпараттық сын-қатерлерден артта қалмауы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, түсіндіру жұмыстары, бейбітшілік пен жасампаздыққа үндейтін контент цифрлық кеңістікте белсенді таралып, әлеуметтік желілердегі деструктивті материалдарға қарсы тұруы қажет.«Өркениеттер альянсы» халықаралық орталығы басқармасының төрағасы Иван Иванов этникалық және діни зорлық-зомбылықтың алдын алуда сыни ойлаудың маңызын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, білім беру тек тұлғалық болмысты қалыптастырып қана қоймай, ар-ождан, жанашырлық пен жауапкершілік сезімін де тәрбиелеуі қажет. Осы тұрғыда философия мен этика білім беру бағдарламаларында маңыздырақ орын алуы тиіс екенін айтты.Қазақстандағы Евангелиялық-лютеран шіркеуінің басшысы Ростислав Новгородов, Қазақстан Бахаи қауымдастығының өкілі Тоқжан Қожахметова және Somaiya Vidyavihar университетінің ректоры Рудракша Сакрикар жастардың ерекше рөліне тоқталды. Спикерлердің айтуынша, жас ұрпақ тек білім алушы ретінде емес, бейбітшілік, өзара құрмет пен ынтымақтастық мәдениетін ілгерілете алатын әлеуметтік өзгерістердің белсенді қатысушысы ретінде қарастырылуы тиіс.Ресей ғылым академиясы Философия бөлімінің меңгерушісі Сергей Мельник 2027 жылы «Арамыздағы ортақ сөз» құжатының 20 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізуді ұсынды. Бұл бастама ислам-христиан диалогын одан әрі дамытуға және діни дәстүрлер арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар конфессияаралық диалогтан тұрақты бейбітшілік, жаңа технологиялар этикасы, климаттық жауапкершілік, білім беру және радикализмнің алдын алу салаларындағы практикалық ынтымақтастыққа көшу маңызды екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1256836?lang=ru
Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері КОПУОС-тың 69-сессиясында таныстырылды 03.07.2026
Вена, 2026 жылғы 15 маусым – Қазақстан Республикасының делегациясы 2026 жылғы 10-18 маусым аралығында Венада өткізіліп жатқан БҰҰ Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану комитетінің (КОПУОС) 69-сессиясына қатысты.Ұлттық мәлімдеме барысында Қазақстан ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану қағидаттарына, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, өзара сенімді нығайтуға және барлық мемлекеттердің ғарыш технологияларының игіліктеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бейілділігін растады.Еліміздің ғарыш саласы үшін тарихи оқиғаға — 2026 жылғы 30 сәуірде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен жүзеге асырылған жаңа буындағы «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышының алғашқы сынақтық ұшырылымына ерекше назар аударылды. Зымыран-тасығыштың ұшу-конструкторлық сынақтарының сәтті өткізілуі Қазақстанның әлемдік ғарыш қызметтері нарығындағы позициясын нығайтуға және ел аумағында заманауи ұшыру инфрақұрылымын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.Сонымен қатар, Қазақстан Ассы-Түрген обсерваториясын дамыту туралы ақпарат ұсынды. Оның базасында ғарыштық ахуал туралы хабардарлық жөніндегі өңірлік орталық және халықаралық телескоптарды орналастыруға арналған ашық платформа — International AstroHub құрылуда.Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде OTS SAT ғылыми наноспутнигін іске асыру жеке атап өтілді.Сөз соңында Қазақстан Республикасы КОПУОС-қа мүше мемлекеттерді, халықаралық ұйымдар мен серіктестерді 2026 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Астанада өтетін «Space Days Kazakhstan – 2026» халықаралық форумына қатысуға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1240761?lang=ru
Медицина қызметкерлері күніне арналған велошеру! 03.07.2026
Медицина қызметкерлері күніне арналған велошеру!14 маусымда Атырау қаласында «Медицина қызметкерлері» күнніне орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында велошеру ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарына салауатты өмір салтының маңыздылығын жеткізу, медицина қызметкерлерінің қоғамдағы беделін көтеру және ұжымдық сергек өмір салтын қалыптастыру.Шара барысында Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының қызметкері экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің маманы Медетова Эльзада Мухамбетовна қатысып белгіленген маршрут бойынша жүріп өтіп, денсаулықты нығайтуға бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдауға және ұжымдық бірлікті арттыруға ықпал етті. Басқармасының қызметкері бұндай шараларға белсенді қатысып келеді.Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1240767?lang=ru
Электр қуатын жоспарлы өшіру 03.07.2026
Құрметті тұрғындар!Әуе желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты электр қуатын беру уақытша тоқтатылады. Өшіру кестесімен танысып, көрсетілген уақытқа алдын ала дайындалуыңызды сұраймыз.2026 жылғы 15 маусымға арналған кестеӨшіру уақыты: 10:00 – 18:00КТП-81 (ТҚС-дегі жөндеу жұмыстары)Жеке сектор: Достық көшесі 1-18, Қайнар көшесі 1-31, Вишневая көшесі 2а, 2-19, 12/1, 12/2, Л. Доненбаева көшесі 1а, 1-50, 46/2, Самал көшесі 2-40, Раздольная көшесі 1-33, Автозаводская көшесі 21а, 21-29.РП-7 (ТҚС-дегі жөндеу жұмыстары)Политехникалық колледж, ГУ «Әскери бөлім», «KST Trade» ЖАҚ (АЗС), ЖК Шалгимбаева, «Шик» автожуу орны, ЖК Бексултанова, ЖК Альмадиева.ТП-631 (ТҚС-дегі жөндеу жұмыстары)«Солнечный» СО, «Аджедан» СҮ, «У Петрухи» СҮ, «Тандем 2017» ЖШС, «Гелиос № 5» ЖАҚ (АЗС), «Раск групп» оңалту орталығы ЖШС, «Woltmen» СҮ, «ВА-groop-construction» ЖШС.Тұрғын үй секторы: 7 шағын аудан — 4, 8, 8а, 9, 9/1, 12 үйлер.2026 жылғы 15-19 маусым аралығындағы кестеӨшіру уақыты: 10:00 – 18:00КТП-Федоров (ӘЖ-дегі жөндеу жұмыстары)Қалалық нысандар: Бородин көшесіндегі №35 балабақша, «Эльдорадо» дүкені, «Майами-люкс» саунасы.Жеке сектор: Дощанов көшесі 83-182, 35/1-35/14, 99/1-99/11, 101а, 180а, 176/1-176/10, Бородин көшесі 24-59, Шаяхметов көшесі 24-62, Летунов көшесі 11-36, Журавлева көшесі 98-138, 123/1-123/6, Б. Рубинштейн көшесі 5а, 20а-28.Инфрақұрылым: Летунов көшесі мен Дощанов көшесінің қиылысындағы бағдаршам.КТП-О42 (ӘЖ-дегі жөндеу жұмыстары)Мекенжайлар: Тепличная көшесіндегі №22 «1+1» дүкені.Жеке сектор: Тепличная көшесі 11-31, Гольдаде көшесі 1-7, 19, 5а, 2/1-2/6, 34-39, Геологическая көшесі 63-69, 101.Өшіру уақыты: 09:00 – 18:00РП-9 (ӘЖ-дегі жөндеу жұмыстары)Қалалық нысандар: Алтынсарин көшесіндегі №212 Шіркеу (ескі), «Партнер» дүкені, «На крючке» дүкені, «Промтовары» дүкені, Шипин көшесіндегі №56 ТҚО (СТО).Жеке校сектор: Алтынсарин көшесі 182-228, Шипин көшесі 61а, 50-61, Қасымқанов көшесі 144-199, 152а, Рабочая көшесі 61а, 61-74, Пролетарская көшесі 74-84.Инфрақұрылым: Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысындағы бағдаршамдар.Техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде кернеу қайта қосылған сәтте зақымдануды болдырмау үшін сезімтал электр құрылғыларын желіден ажыратып қою ұсынылады.Бұл жоспарлы іс-шаралар қалалық энергия жүйесіне қызмет көрсету және оның сенімділігін арттыру үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1240735?lang=ru
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ МЕКТЕБІ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ӨТТІ 03.07.2026
Бүгін Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өңірлік жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған дәстүрлі «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» семинар-тренингінің алғашқы күні өтті.Семинардың ашылу салтанатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева мен Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев құттықтау сөз сөйлеп, жастар саясатын дамытудың өзекті бағыттары мен сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.Бағдарламаның алғашқы күні қатысушылар үшін журналист, медиа-менеджер, халықаралық коуч-тренер, Orkenlink.kz бас редакторы Махаббат Есен «Жастарды сүйемелдеу және деректер негізінде шешім қабылдау», сондай-ақ «Өзін-өзі сенімді таныстыру және жас аудиториямен тиімді жұмыс жүргізу» тақырыптарында тренинг өткізді.Тренинг барысында жастармен тиімді коммуникация орнату, деректерге негізделген шешім қабылдау, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және көпшілік алдында сенімді сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.Семинар-тренинг алдағы күндері де жалғасып, қатысушылар мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заманауи тәсілдермен танысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1240722?lang=ru
Шошқаның африкалық обасы 03.07.2026
Шошқаның африкалық обасы дегеніміз не?Шошқаның африкалық обасы – үй шошқаларының, соның ішінде сәндік шошқалардың жұқпалы септикалық ауруы. Осы уақытқа дейін оның алдын алатын вакцина жоқ. Шошқаның африкалық обасы адамға қауіп төндірмейтініне қарамастан, ауруға шалдыққан малды дереу жою қажет. Вирус өте төзімді және ауру жануардан жануарға ғана емес, қансорғыш жәндіктер мен термиялық өңдеуден өтпеген ет өнімдері арқылы да жұғады.Не істеу ?Шошқаларды үй ішінде ұстаңыз және олардың аумақта еркін жүруіне жол бермеңіз. Шошқаларды ұстайтын үй-жайларды таза ұстау, қансорғыш жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы емдеу шараларын жүйелі түрде жүргізу, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерін сақтау.Шошқаларды мал азығымен және тамақ қалдықтарымен тамақтандырудан аулақ болыңыз. Шошқалар ұсталатын үй-жайларға бөгде адамдарды кіргізбеңіз.Ветеринариялық қызметке жануарларды клиникалық тексеру және вакцинациялау үшін беру.Жануарлардың өлекселерін, оларды күтіп-баптау және өңдеу қалдықтарын полигондарға, жол жиектеріне тастамаңыз, оларды өз бақшаңызға немесе басқа жер учаскесіне көмуге болмайды.Шошқалардың өлу және ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринарлық қызметке дереу хабарлау.Құлаған немесе мәжбүрлеп өлтірілген сайниялардың етін өңдеуге тырыспаңыз - бұл тыйым салынады және аурудың одан әрі таралуына әкеледі және сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.Жануарларды сою алдында ветеринариялық тексерусіз және ветеринариялық қызмет мамандарының ет пен сою өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауынсыз шошқа етін үйме-үй союды және сатуды жүзеге асыруға болмайды.Рұқсат етілмеген сауда нүктелерінен ет өнімдерін сатып алмаңыз. Ветеринариялық ілеспе құжаттарынсыз тірі шошқаларды сатып алмаңыз, мемлекеттік ветеринариялық қызметтің лауазымды адамдарының рұқсатынсыз шошқаларды және шошқа өнімдерін әкелуге/әкетуге болмайды.Біл !Тәжірибе көрсеткендей, биологиялық қорғау деңгейі төмен (жабық типті режимде жұмыс істемейтін), шошқа малын асыраумен, өзін-өзі емдеумен айналысатын, биологиялық қалдықтарды жинау және жою ережелерін бұзатын шаруашылықтар. , бұл аурудың негізгі көзі.Шошқаның африкалық обасы шыққан жағдайда фермадағы шошқа популяциясын түгел жою керек. Ағаштан жасалған шаруашылық құрылыстары, көң, азық қалдықтары, құны төмен күтім заттары өртеу арқылы жойылады. Шаруа қожалықтарының және шошқа қораларының жер учаскелері, үй-жайлары мен аумақтары дезинфекциялануға жатады. Шаруашылық карантинге алынған.«ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара ААИ» ММ Боровское ауыл, Алтынсарин көшесі 83, тел.: 2-40-94 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1272599?lang=ru
Аудан және округ әкімдігі 32 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің аумағындағы абаттандыру жұмыстарын көрді. 03.07.2026
Кеген ауылындағы 32 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Жоба аясында тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аула аумағы ретке келтіріліп, балалар ойын алаңы орнатылуда.Аталған жұмыстардың барысымен аудан әкімі Нұрбақыт Модлахметұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ысқақ Ернат Сембекұлы танысып қайтты.Жұмыс барысында нысандағы құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына назар аударылып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.Абаттандыру жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1240608?lang=ru
Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 03.07.2026
Алматыда Ауғанстан мәселелері бойынша Еуропалық Одағы мен Орталық Азия мемлекеттерінің Арнайы өкілдері мен уәкілдерінің 8-інші кездесуі өтті.Кездесу барысында қатысушылар Ауғанстандағы ахуалдың қазіргі жай-күйіне, оның өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсеріне, сондай-ақ Ауғанстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегіне қатысты жан-жақты пікір алмасты. Тараптар өңірлік өзара байланыстарды нығайту мәселелерін, оның ішінде Ауғанстан аумағы арқылы өтетін көлік-логистикалық және транзиттік дәліздерді дамыту перспективаларын талқылады. Мұндай бастамалар Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік-коммуникациялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Еуропалық кеңістігіндегі байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне назар аударылды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының өңірлік сын-қатерлерді шешуде саяси-дипломатиялық тетіктерді нығайтуға, тату көршілік, сенім және ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған дәйекті ұстанымы ерекше аталып өтті.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған сыртқы саяси бағдарға сәйкес, еліміз Орталық Азиядағы өңірлік кооперацияны дамытуға, тепе-теңдік қағидаттарын ілгерілету және халықаралық қатынастардағы Біріккен Ұлттар Ұйымының үйлестіруші рөлін күшейтуге айрықша мән береді. Қатысушылар Қазақстанның Ауғанстан мәселесі бойынша өзара халықаралық диалогты дамытудағы, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетудегі, білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы және өңірлік экономикалық ықпалдастықты ілгерілетудегі үлесін жоғары бағалады. БҰҰ-ның Ауғанстанды қолдауға бағытталған халықаралық күш-жігерді үйлестірудегі маңызды рөліне ерекше назар аударылды. Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі жоғары бағаланып, оның құрылуы Қазақстан Президентінің БҰҰ алаңдарында көтерген халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдің орнықты дамуына бағытталған бастамаларының нақты нәтижесі екендігі аталып өтті. Пікірталас барысында Алматы қаласының көпжақты дипломатияның, өңіраралық өзара іс-қимылдың және қауіпсіздік, орнықты даму мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша келісілген ұстанымдарды қалыптастырудың маңызды халықаралық орталығы ретіндегі рөлінің артып келе жатқаны айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азия мемлекеттері, Еуропалық Одақ және Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, орнықты дамуды қолдауға, сондай-ақ бүкіл өңірдің қауіпсіздігі мен өркендеуіне жәрдемдесуге бейілділігін растады. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен халықаралық өзара іс-қимыл тетіктерін нығайтуға, өңірлік ынтымақтастықты дамытуға және сындарлы дипломатияны ілгерілетуге бағытталған күш-жігерін алдағы уақытта да жалғастыра береді. Бұл қызмет бейбітшілік, өзара құрмет және ортақ жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасының Еуропалық Одақтың және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1240612?lang=ru
Кеген аудандық және округ әкімдігі Кеген ауылдағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын көрді 03.07.2026
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы жұмыс сапарымен Кеген ауданына келіп, аудан орталығындағы жаңадан салынып жатқан әлеуметтік осал топ өкілдеріне арналған тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.Іссапар барысында тұрғын үй құрылысының сапасы, құрылыс жұмыстарының қарқыны және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелері қаралды.Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1240573?lang=ru
Тыл қызметтерін цифрландыру: Қарулы күштерде цифрлық трансформация сыныбы ашылды 03.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Тылы бастығының басқармасында цифрлық трансформация сыныбы пайдалануға берілді.Жаңа алаң әскери логистика, жабдықтау және материалдық құралдарды есепке алу үдерістерінің тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді әзірлеу, талқылау және сынақтан өткізу орталығы ретінде қызмет атқарады.Салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеев қатысты. Өз сөзінде ол елімізде жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында әскерді қамтамасыз ету жүйесіне заманауи технологияларды кеңінен енгізу ерекше маңызға ие екенін атап өтті.Оның айтуынша, интеллектуалды шешімдерді қолдану материалдық құралдарды есепке алу мен мониторинг жүргізу үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, әскери бөлімдердің қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде басқару тиімділігін арттырып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінің сапасын жаңа деңгейге көтереді.Қарулы күштер Тылының бастығы полковник Арман Мансұров жаңа сынып материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы озық бастамаларды әзірлеу мен енгізудің маңызды орталығына айналатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл алаң мамандардың тәжірибе алмасуына, инновациялық тәсілдерді сынақтан өткізуіне және ресурстарды басқаруға арналған заманауи цифрлық құралдарды әзірлеуіне қолайлы жағдай жасайды.Іс-шара барысында қатысушылар қазіргі кезеңдегі әскерді қамтамасыз етуді ұйымдастырудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен роботтандырылған кешендерді дамыту, материалдық қамтамасыз ету базаларының инфрақұрылымын жетілдіру, әскери тасымалдарды ұйымдастыру, әскери қызметшілерді киім-кешекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ тамақтандыру нысандары қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін біріздендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша генерал-майор Алмаз Жұмакеев жазғы оқу кезеңіне арналған басым міндеттерді айқындады. Ол басқару үдерістерін одан әрі цифрландыру, қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыру және жеке құрамды сапалы даярлау бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтіп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен даму бағыттарын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1240574?lang=ru
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау 03.07.2026
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес көрсетілетін әлеуметтік қолдау шарасы. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен реттеледі.Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздер:табиғи зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал;өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал;әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;жан басына шаққандағы орташа табыстың республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне қатысты жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспауы.Әлеуметтік көмек атаулы сипатқа ие және екінші деңгейдегі банктердегі немесе «Қазпошта» АҚ-дағы 20 таңбалы шоттарға ақшалай қаражат аудару арқылы біржолғы төлем түрінде көрсетіледі.Әлеуметтік көмекті тағайындау шарттары, алушылар санаттары және төлем мөлшерлері жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімдерімен айқындалады.Әлеуметтік көмекті кімдер ала аладыНақты өңірдің мәслихатының шешіміне байланысты әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетілуі мүмкін:табиғи зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар;жан басына шаққандағы орташа табысы жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын азаматтар.Қызметті қайдан алуға болады?Қызмет келесі орындар арқылы көрсетіледі:электрондық үкіметтің eGov.kz порталы арқылы;қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы;кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері арқылы;«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы.Қандай құжаттар қажет?Әдетте келесі құжаттар талап етіледі:Жеке басын куәландыратын құжат;Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер (егер көмек табыс деңгейіне байланысты болса);Қиын өмірлік жағдайды немесе әлеуметтік көмек алуға негіз болатын мән-жайларды растайтын құжаттар немесе актілер.EGov порталы арқылы өтініш беру тәртібіeGov порталында тіркелу;«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметін таңдау;Өтінішті толтыру;Банктік шотты (IBAN) көрсету;Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою;Жеке кабинет арқылы қызмет нәтижесі туралы хабарламаны алу. Қызмет көрсету мерзіміҚұжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап шешім 8 жұмыс күні ішінде қабылданады. Қызмет тегін көрсетіледі.Қызмет көрсету нәтижесіӨтінішті қарау нәтижесінде өтініш беруші:әлеуметтік көмектің тағайындалғаны туралы хабарлама;немесебас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап алады.Әлеуметтік көмекті көрсету туралы шешімдер жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті мәслихаттардың шешімдері негізінде қабылданады.Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін азамат өтініш пен өзінің мұқтаж азаматтардың тиісті санатына жататынын растайтын құжаттарды ұсынады. Өтінішті қарау кезінде отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы және қиын өмірлік жағдайды растайтын басқа да мән-жайлар ескерілуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1240578?lang=ru
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде енгізілді 03.07.2026
Канастота, Нью-Йорк штаты, 2026 жылғы 14 маусым – Қазақстанның көрнекті боксшысы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында орналасқан Халықаралық бокс даңқы залына (International Boxing Hall of Fame, IBHOF) ресми түрде енгізілді.Салтанатты рәсімге әлемдік бокс қауымдастығының өкілдері, қазіргі және бұрынғы әлем чемпиондары, спорт журналистері, сарапшылар, сондай-ақ түрлі елдерден келген көптеген бокс жанкүйерлері қатысты.Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына үміткер болу құқығына ие болған алғашқы жылы-ақ сайланып, 2026 жылғы лауреаттар қатарына Антонио Тарвер және Найджел Беннмен бірге енді. Тиісті шешім боксты жариялайтын Журналистер қауымдастығы мүшелерінің, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен осы спорт түрінің тарихшыларының дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданды.Кәсіби мансабында Геннадий Головкин WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды, дивизион рекордын қайталай отырып, орта салмақтағы чемпиондық атағын 20 рет сәтті қорғап, өз буынының ең көрнекті боксшыларының қатарына лайықты түрде кірді.Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына енгізілуі оның айрықша спорттық жетістіктері мен әлемдік бокстың дамуына қосқан елеулі үлесінің халықаралық деңгейде мойындалуы болып табылады. Бұл оқиға қазақстандық бокс мектебінің жоғары деңгейін және оның осы спорт түрінің дамуына қосқан маңызды үлесін де айқындайды.Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы ерекше, өйткені ол отандық спорт тарихындағы маңызды белестердің бірі саналады.Анықтама: Халықаралық бокс даңқы залы (International Boxing Hall of Fame, IBHOF) 1989 жылы Нью-Йорк штатының Канастота қаласында құрылған және көрнекті спортшылар мен бокс қайраткерлерінің жетістіктерін мәңгі есте қалдыруға арналған әлемдегі ең беделді мекемелердің бірі болып табылады. Әр жылдары Даңқ залына Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Шугар Рэй Леонард, Джо Фрейзер, Джордж Форман, Мэнни Пакьяо, Виталий және Владимир Кличко, Константин Цзю және басқа да әйгілі боксшылар енгізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1240558?lang=ru
Жергілікті команда жеңіске жетті 03.07.2026
Сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Ақтау қаласының «Каспий» футбол командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының 13-ші туры аясында кезекті матч өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов барып, жергілікті командаға қолдау білдірді.Тартысты кездесудің алғашқы таймында «Қайсар» сапындағы Нұрдаулет Ағзамбаев пен Имо Эзикель қарсылас қақпасына гол соғып, команданы алға шығарды. Осылайша жергілікті команда 2:1 есебінде жеңіске жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240520?lang=ru
15 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездеседі 03.07.2026
15 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауылдық елді мекендерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240508?lang=ru
Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды 03.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «BI Group» компаниясының акционері, директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесті. Кездесуде өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру, инфрақұрылымды дамыту, көшелерді абаттандыру және қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселелері талқыланды.Кейінгі жылдары «BI Group» компаниясының ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалары өңір келбетін жаңғыртқаны белгілі. Атап айтқанда, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы – бір мезетте 500 оқушыны, тәулігіне 3 мыңға дейін баланы қабылдайтын көпфункционалды орталық. Мұнда спорттық және шығармашылық үйірмелермен қатар, робототехника, жасанды интеллект, 3D модельдеу және түрлі оқу-зертханалық кабинеттер жұмыс істейді.Ботаникалық бақ – экологиялық мәдениетті дамытуға және жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған жоба. Бақта әлемнің түрлі аймақтарынан әкелінген 92 түрлі 3300-ден астам өсімдік өсіріледі, нысан заманауи микроклиматтық және суару жүйелерімен жабдықталған.Жақында пайдалануға берілген «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы халықаралық стандарттарға сай, 300 орынға арналған көпфункционалды кешен ретінде қызмет атқарады. Құрамында әкімшілік блок, event-аймақ, жатақхана бар.Бұдан бөлек, қалалық мәдени-демалыс паркі мен Президент саябағы қайта жаңғыртылып, заманауи демалыс аймағына айналды. Мұнда субұрқақтар, амфитеатр, спорт және ойын алаңдары, жүгіру, велосипед жолақтары салынып, 31 гектар аумаққа жасыл желек егілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240503?lang=ru
Көкшетаулық егіздер Ұлттық ұланда бірге қызмет етеді 03.07.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөліміне жас сарбаздар легі келді. Жас шақырылым арасында ағайынды егіз Константин Судя мен Федор Судя бар. Олар мерзімді әскери қызметке бірге барып, өздерінің азаматтық міндеттерін бірге орындауға шешім қабылдапты.Ағайындылар 2007 жылы 2 маусымда дүниеге келген және бала кезден жұптары ажырамаған. Олар Ақкөл қаласының №2 орта мектебінде білім алып, кейін Көкшетау колледжінде "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығын оқып шыққан.Судялар отбасында үш ұл екен. Алайда әскери қызметке тек Константин мен Федор шақырылған, олардың үлкен ағасы денсаулығына байланысты үйде қалған. Осыған қарамастан, егіздер бірауыздан қызметке барып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосу туралы шешім қабылдайды.Бүгінде жас әскери қызметшілер алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп, армия өміріне бейімделуде. Жас сарбаздар мұнда әскери тәртіптің негіздерін меңгереді, жалпы әскери жарғыларды оқиды, дене дайындықтарын жетілдіреді және қару-жарақпен жұмыс істеуді үйренеді. Тәжірибелі офицерлер және сержанттардың басшылығымен олар одан әрі қызметке қажетті білім мен дағдыларды алады.Константин мен Федордың айтуынша, әскери қызмет жауапкершілікті, тәртіпті және мінезді тәрбиелеуге мүмкіндік беретін әрбір жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең болып табылады. Қызмет аяқталғаннан кейін ағайындылар "Сарбаз 2.0" білім беру бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама мерзімді әскери қызметте ерекшеленген сарбаздарға тегін оқу грантын алуға мүмкіндік береді.Жас сарбаздардың алдында әскери ант қабылдау, әскери мамандықты игеру және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік-жауынгерлік міндеттер тұр.Ағайындылардың шешімі — отбасылық бірліктің, өзара қолдаудың және Отан алдындағы азаматтық борышын орындауға саналы көзқарастың жарқын мысалы. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1240505?lang=ru