Enbekshi QazaQ

Қоғам

Мемлекет басшысы Қазақстанның 2026 жылға арналған сыртқы саяси басымдықтары мен реформаларын белгіледі 14.01.2026
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» ұлттық газетіне берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы саясатының 2025 жылғы қорытындыларын айқындап, 2026 жылға арналған басымдықтарын белгіледі. Оның айтуынша, 2025 жылдың екінші жартысында Қазақстанның сыртқы саясаты ерекше серпінге ие болды, бұған Мемлекет басшысының Азияға, Еуропаға, Таяу Шығысқа және АҚШ-қа сапарларының кестесі дәлел. Қ.Тоқаев бұл байланыстардың қарқыны мен географиясы Қазақстанның өсіп келе жатқан халықаралық рөлін және оның жаһандық саясаттағы жауапты ойыншы ретіндегі сұранысын көрсететінін айтты.«Халықаралық дау-дамайларда ара ағайын болатын ешқандай ойым жоқ, сондай-ақ, бірқатар елдердің ұсыныс-пікіріне қарамастан, БҰҰ-дағы жұмысқа қайта оралатын ниетім де жоқ. Бірақ, жабық кеңестер мен пікірталастарға қатысамын, оның үстіне бірқатар мемлекет басшылары менің пікірімді білгісі келеді. Мен үшін осы маңызды жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың еш қажеттігі жоқ, себебі популизмнен аулақпын. Бұл ұстанымым жабық кеңестерге қатысушылар үшін де маңызды болса керек», – деді Президент Қ.Токаев.Мемлекет басшысы Қазақстанның географиялық жағдайы елді жаһандық пікірталастарға белсенді қатысуды қоса алғанда, теңдестірілген және тәуелсіз сыртқы саясат жүргізуге міндеттейтінін атап өтті.Көлік және логистика – стратегиялық басымдықҚасым-Жомарт Тоқаев көлік пен логистиканы Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиясының негізі ретінде сипаттап, елдің негізгі құрлықтық бағыттарының қиылысындағы бірегей жағдайын атап өтті.«Еліміз үшін көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру – стратегиялық маңызы бар міндет. Теңізге тікелей шығатын жолы болмаса да, Қазақстан Еуразия құрлығының кіндік тұсында, яғни негізгі транзиттік күре жолдар тоғысқан жерде орналасқан. Бұл – үлкен артықшылық, біз оны ел игілігіне жарата білуге тиіспіз», – деп атап өтті Президент.Оның айтуынша, Қазақстан өңірлер арасындағы қашықтықты едәуір қысқартатын жаңа теміржол желілері мен «Орталық-Батыс» автомагистралін қоса алғанда, темір және автомобиль жолдарын салу жөніндегі ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға сүйене отырып, Еуразияның басты көлік торабы болуға ұмтылады.Қазақстан сондай-ақ Сары теңізден Қара теңізге дейінгі жүк терминалдарының желісін құра отырып, өз шекарасынан шығатын көлік жүйесін әзірледі. Қ.Тоқаев сондай-ақ Қытай мен Еуропа арасындағы жер үсті трафигінің басым бөлігіне қызмет көрсететін 12 халықаралық көлік дәлізі ел арқылы өтетінін атап өтті.Президент Қ.Тоқаев Қытайдың Орталық дәлізге қатысуын құптай отырып, Қазақстан «Белдеу және жол» бастамасын, солтүстік-оңтүстік дәлізді және Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға әлі де белсенді қатысатынын атап өтті.Саяси сабақтастық және реформаларПрезидент Қ.Тоқаев парламенттік реформа Парламент төрағасының жеке саяси мақсаттағы рөлін арттыруға бағытталған деген мәлімдемелерді жоққа шығарып, оларды негізсіз деп атады.«Еліміз үшін аса маңызды реформаның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Бұл жерде ешқандай астыртын ойлар жоқ. Менің ұстанымым баршаға белгілі, саяси реформалар жалғаса береді. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың бір бөлігі әдеттегідей жақын арада жарияланады», – деді ол.«Обсуждение всех важнейших для страны реформ выносится на всенародный референдум. Здесь нет каких-то скрытых смыслов. Моя позиция всем известна – политические реформы будут продолжены. Часть долгосрочных планов, как всегда, будет обнародована в скором времени», – заявил он.Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылды шешуші, Қазақстанның алдағы онжылдықтарға арналған жолын айқындайтын маңызды саяси оқиғалармен сипаттады. Ол конституциялық реформа бойынша референдумның жарияланғанын және жаңа конституцияның қабылдануымен пара-пар ауқымды өзгерістер бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын растады.Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылы туралы ой жүгірте отырып, Қ.Тоқаев мемлекеттік құрылыс пен реформалардың тұрақты үдерісінің арқасында ел скептицизм мен күмәнді еңсергенін мәлімдеді.«Өмірдің өзі бұл болжамдарды жоққа шығарды. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып жатқан, халықаралық беделі жоғары, табысты мемлекетке айналды. Бірақ, алдымызда тәжірибесі мол азаматтарға да, жастарға да ортақ орасан зор жұмыс бар», –деді ол.«The Astana Times» басылымы материалдарының негізіндеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/1140700?lang=kk
Ержан Қазыхан АҚШ-пен келіссөздерде Қазақстан Президентінің өкілі болып тағайындалды 14.01.2026
Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілінің міндеттері жүктелдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1140703?lang=kk
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн қабылдау eGov.kz порталында және eGov mobile мобилдік қосымшасы арқылы қолжетімді болды 14.01.2026
eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында Назарбаев Зияткерлік мектептеріне білім грантына қатысу конкурсына өтінімдер қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 6 сыныпта оқитын балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері бере алады.Алғаш рет Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу және білім беру гранты аясында қабылдау конкурсына қатысуға өтінім беру үдерісі eGov.kz электрондық үкімет порталы және eGov mobile мобилдік қосымшасы арқылы толықтай автоматтандырылды. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 9 ақпанда аяқталады. Сонымен қатар, құжаттарды офлайн форматта Назарбаев Зияткерлік мектептері филиалдарының қабылдау комиссиялары арқылы да тапсыруға болады (толығырақ осы сілтеме бойынша НЗМ ресми сайтында).Конкурс 7 сыныптарға қабылдау үшін өткізіледі. Қатысу тек жалпы білім беретін ұйымдардың 6 сыныптарында оқып жатқан оқушыларға арналған. Қазіргі уақытта 7 – 9 сыныптарда оқып жатқан оқушылар, сондай-ақ бұрын өтінім тапсырған немесе қолданыстағы рұқсаттамалары бар үміткерлер конкурсқа қатыса алмайды.eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін, пайдаланушыға:– eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Білім беру» – «Орта білім» бөлімдеріне өту;– «Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты конкурсына құжаттарды қабылдау» қызметін таңдау;– өтінімді толтырып, қажетті құжаттарды қоса тіркеу;– сұранымды қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау;– жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген мерзім ішінде келетін өтінімнің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет. Қызмет тегін көрсетіледі. Егер бала Қазақстанда оқымаған жағдайда, өтінім беру кезінде пайдаланушы баланың үлгерім табелінің немесе оқу сыныбы, оқу жылы және құжат берілген күні көрсетілген мектептен анықтаманың электрондық көшірмесін, сондай-ақ белгіленген талаптарға сай 3×4 форматтағы оқушының цифрлық түрлі-түсті фотосуретін қоса тіркеуі қажет. Жеке басын куәландыратын құжаттар мен туу туралы куәлікке қатысты мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі.Аталған мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1140671?lang=kk
Жаңаөзен қаласында кезекті аппараттық жиналыс өтті 14.01.2026
Жаңаөзен қаласында кезекті аппараттық жиналыс өтті13 қаңтар күні Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұржұма Гумарова «Жаңаөзен қаласының 2026–2030 жылдарға арналған Даму жоспарының стратегиялық бағыттары туралы» баяндама жасады.Баяндама барысында қаланың демографиялық ахуалы, халық санының өсу болжамдары, макроэкономикалық көрсеткіштер, өнеркәсіп өндірісі, инвестициялар көлемі, мұнай өндіру динамикасы және негізгі капиталға салынатын инвестициялар жөнінде мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар энергетика, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік салаларында іске асырылатын ірі жобаларға тоқталды.Жиында 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жұмыспен қамту, туризм, кәсіпкерлік, жол құрылысы, сумен жабдықтау, газ және электр желілерін жаңғырту бағытындағы жобалар талқыланды. Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу арқылы бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру мәселесіне де ерекше назар аударылды.Қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев даму жоспары аясындағы жобалардың нақты, жүйелі және уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді, салалық бөлімдер арасындағы үйлесімділікті күшейтуді және бюджет қаражатын тиімді жоспарлауды тапсырды.Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы әкім аппаратының бақылауына алынды.Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1140676?lang=kk
Қазақстан мен Словения: ынтымақтастықтың болашағына ортақ көзқарас 14.01.2026
Любляна, 2026 жылғы 13 қаңтар – Қазақстанның Словениядағы Елшісі   А.Әбибуллаев Словен Республикасы Премьер‑Министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файонмен кездесуінде екі ел арасындағы саяси сұхбаттастықты одан әрі нығайтуға, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай‑ақ цифрландыру, инновациялар және көлік логистикасы салаларындағы әріптестікті дамытуға деген ниетін растады.Сұхбат барысында келесі жылы Қазақстан мен Словения дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35-жылдығы екіжақты ынтымақтастықтың кемелдігі мен тұрақтылығын айғақтайтын маңызды белес болмақ.Министр Т.Файон Словения үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктес екенін атап өтіп, өткен жылы Словен Президентінің Астанаға жасаған ресми сапарының нәтижелерін өте жоғары бағады. Ол сапардың екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесін және қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі ілгерілетуге дайын екені жеткізді.Кездесу барысында көпқырлы өзара іс‑қимылды тереңдету және барлық деңгейде, соның ішінде сыртқы істер министрлері арасындағы тұрақты байланыстарды қолдау мәселелері талқыланды. Вице‑премьер словен тарапының тең төрайымы ретінде 2026 жылғы наурызда Люблянада Үкіметаралық комиссияның 5‑отырысын және Қазақстан‑Словен цифрлық форумын өткізуге дайын екенін растады.Ерекше назар сауда‑экономикалық байланыстарды кеңейту перспективаларына аударылды. Атап айтқанда, фармацевтика, жасанды интеллект, ақпараттық‑коммуникациялық технологиялар, инжиниринг және энергия тиімділігі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды. Қазақстанның маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлінің артуына байланысты Орта дәліз аясында логистиканы дамыту маңыздылығы атап өтілді. Сондай‑ақ словениялық компаниялардың Қазақстандағы жобаларға, оның ішінде өндірісті жергіліктендіру бағытындағы бастамаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.Қазақстан дипломаты Словенияның 2024-2025 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне табысты төрағалық етуімен, әрі 2026-2028 жылдарға Адам құқықтары жөніндегі кеңеске сайлануымен құттықтады. Тараптар халықаралық ұйымдар мен көпжақты алаңдарда ынтымақтастықты жалғастыруға деген мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1140677?lang=kk
2026 жылы өңдеу өнеркәсібі ЖІӨ өсімінің драйверіне айналады 14.01.2026
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың биылғы бірінші отырысы өтті. Онда 2026 жылғы экономикалық дамудың жоғары қарқынын қолдау құралдары негізгі талқылау тақырыбына айналды.2026 жылғы негізгі бағыт – өңдеу өнеркәсібін ЖІӨ-нің өсу көзінің бірі ретінде дамыту. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әр секторға қатысты шараларды егжей-тегжейлі пысықтай отырып, өңдеу өнеркәсібін дамытудың жол картасын әзірледі.Экономикалық штаб отырыстарында саланың экономикадағы жүйелік рөлін ескере отырып, саладағы әрбір бөлікті жекелей, әлсіз жағы мен шектеулерді, өсудегі кедергілерді талдай отырып қарау туралы шешім қабылданды.Проблемаларды және даму әлеуетін кешенді талқылау үшін экономикалық штабтың жұмысына салалық қауымдастықтар мен нарықтағы ірі қатысушылар тартылмақ.Өңдеу өнеркәсібінің шамамен 40%-ын құрайтын металлургияға ерекше назар аударылуда. 2026 жылы металлургиядағы нақты көлем индексі (НКИ) түсті және қара металлургияны дамыту есебінен 103% деңгейінде болжанып отыр. Металлургияның елеулі үлесі саудада да сақталуда. Ол – шамамен 5%. Бұл өндірістің нақты көлемін ұлғайту есебінен сауда айналымының өсуіне қосымша үлес қоспақ.Машина жасауда да тұрақты өсім болжануда. Ол 2026 жылы 13,4% болуы мүмкін. Атап айтқанда, жеңіл автомобиль, жүк және арнайы техника, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы, ашық вагон, теміржол платформасы мен тұрмыстық техника шығаруды ұлғайту арқылы жүзеге асырылады.Химия өнеркәсібінде қолданыстағы және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 7%-ға өсім күтілуде.Құрылыс материалын өндіруде 6% деңгейіндегі өсімге портландцемент, керамикалық плитар, темірбетон бұйымы мен тауарлық бетон өндірісін ұлғайту есебінен қол жеткізу жоспарлануда.Құрылыс саласы 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткішке жетіп, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Вице-премьер ӨҚМ мен өңірлердің алдына 2026 жылы да белгіленген қарқынды сақтау міндетін қойды.Биыл саудадағы нақты көлемді +6,5%-дан кемітпеу мақсаты қойылды. Оған жету үшін айналым мен экспортты кеңейтудің құрылымдық факторына баса назар аударылады. Бұл – АӨК өнімін, оның ішінде астықты сыртқы көтерме сауда нарығына жеткізуді ұлғайту, ел ішіндегі азық-түлік және азық-түлік емес тауар өндірісін ұлғайту.Саудадағы НКИ-ді өсірудің негізгі драйвері ретінде ұйымдасқан көтерме буынды дамыту қарастырылып отыр. Биылдан бастап өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері арасында тікелей жеткізуді қамтамасыз ететін көтерме B2B электрондық сауда алаңдары толық іске қосылады. Отандық тауарды өткізу нарығы кеңеюде. Осы жылы баға белгілеудің ашықтығын арттыруға, артық делдалды қысқартуға және бизнес үшін болжамды жағдайды қалыптастыруға бағытталған көтерме сатып алу стандарты енгізіледі.Сауда кеңістігінің кемінде 30%-ын қазақстандық өнімге міндетті түрде бөлуді көздейтін жаңартылған ішкі сауда ережесі отандық өндіруші үшін қосымша ынталандыру болмақ. Сондай-ақ, оған көлеңкелі тауар айналымының негізгі көзі ретіндегі нарықтың қызметін лицензиялау мен ретке келтіру, жеткізілім тізбегін цифрландыру мен қадағалау шаралары да елеулі үлес қосады.Көлік және қоймалау саласында да жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Бірінші тоқсанда 6,1%-ға өсу болжануда. Бұл ретте 305,3 млн тонна болатын (+13,3%) жүк тасымалы мен 496,6 млн адам құрайтын (+12,2%) жолаушы тасымалы бірдей үлес қоспақ. Жыл қорытындысы бойынша саладағы өсім +9,6% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу 11 мың шақырым автожолды жөндеу, «Қызылжар-Мойынты» және «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желілерінің құрылысын аяқтау, Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайларын іске қосу, теміржол және аэровокзалдарды жаңғырту, сондай-ақ көлік паркін жаңарту есебінен жоспарлануда.Отырыс соңында вице-премьер өңірлерге бюджетті қатаң шоғырландыру жүріп жатқан жағдайда экономиканың негізгі салалары бойынша өсу қарқынын төмендетіп алмауды тапсырды. Сондай-ақ, жарияланып отырған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында экономиканың тиісті секторының экономикалық дамуына ерекше назар аударылатыны атап өтілді.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1140686?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1141112?lang=kk
Қара теңізде танкерлермен болған оқиғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми хабарламасы 14.01.2026
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында, КҚК теңіз терминалы маңында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдауға қатысқан екі кемеде тіркелген келеңсіз оқиғалар туралы ақпаратты ресми түрде растайды.Мальта туымен жүрген «Matilda» танкері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қосалқы ұйымы арқылы жалға алынған және ҰҰА шабуылына ұшырағаны расталды. Кемеде жарылыс тіркелгенімен, өрт шықпаған. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ. Техникалық қызметтердің алдын ала бағалауына сәйкес, танкер теңізде жүзуге қабілетті, кеменің корпусында аса қауіпті зақымданулар анықталмаған.Либерия туымен жүрген «Delta Harmony» танкері де жүктеу жұмыстарына дайындық кезеңінде ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылына ұшырағаны расталды. Салдарынан өрт шығып, жедел сөндірілген. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Оперативтік штаб деректеріне сәйкес, оқиға кезінде кемеге мұнай тиеу жұмыстары жүргізілмеген, жүк цистерналары бос болғандықтан, Қазақстан Республикасының экспорттық ресурстарына зиян келтірілмеген.Энергетика министрлігі логистикалық тізбектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық жеткізілімдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «ҚазМұнайГаз» ұлттық операторымен, консорциум әкімшілігімен және кемелер иелерімен іс-қимылдарды жедел түрде үйлестіріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1140688?lang=kk
Қонай және Береке шағын аудандарындағы тұрғын үй құрылысы 13.01.2026
Бүгін Қонай және Береке шағын аудандарында көппәтерлі тұрғын үйлер салу мәселесі бойынша көшпелі кеңес өтті.2025 жылы бюджет қаражаты есебінен Қостанай қаласында 51,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 көппәтерлі және 124 жеке тұрғын үй бар. Береке шағын ауданында 7 көппәтерлі үй, Қонай шағын ауданында 2 көппәтерлі үй салынды.Ағымдағы жылы тағы 11 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда: 8-і Қонай шағын ауданында, 3-і Береке шағын ауданында. Осы жобалар іске асырылғаннан кейін Қонай шағын ауданында көппәтерлі үйлердің құрылысы толық аяқталады. Мұнда үйлердің жалпы саны 30-ға жетеді. Ал Береке шағын ауданында бюджет есебінен салынған үйлер саны 27 болады.Қостанай қаласында тұрғын үй құрылысын негізінен жергілікті мердігер ұйымдар жүзеге асыруда, бұл жұмыстардың сапасы мен мерзіміне оң әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1140592?lang=kk
Қазақстан мен Румыния арасындағы ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде 13.01.2026
2026 жылғы 13 қаңтар, Бухарест қаласы — Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Е.Әли Румынияның Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрі Ф.Барбумен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Румыния арасындағы ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын ұлғайту мәселелерін талқылады.Румыниядан Қазақстанға импортталатын күнбағыс майының жеткізілу динамикасына ерекше назар аударылды. Соңғы кезеңде аталған өнім жеткізілімінің көлемі бес есе артқаны атап өтіліп, бұл румын өнімінің қазақстандық нарықта жоғары сұранысқа ие екенін және әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, екі елдің тиісті ведомстволары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік танытты.Министр ағымдағы жылдың маусым–шілде айларында Қазақстанға ресми сапармен келу ниетін білдіріп, келіссөздер жүргізу және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылауды жоспарлап отырғанын жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Румыния арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін және сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1140578?lang=kk
«ҚР ҚМ ММЖК Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылау 13.01.2026
«ҚР ҚМ ММЖК Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының  2024 жылғы 11 сәуірдегі №Л-69 бұйрығына сәйкес Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 151а мекенжайы бойынша (мәжіліс залы) 2026 жылдың 16 қаңтарда сағат 15.00-де қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауын өткізуді жоспарлауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1140563?lang=kk
Сыра мен сыра сусындарын цифрлық таңбалауды енгізу туралы 13.01.2026
МКК 2026ж. 1 ақпаннан бастап ҚР ҚР-сы Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығына сәйкес сыра қайнату өнімдерін цифрлық таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу басталатынын хабарлайды.Таңбалау нарықтың барлық қатысушылары алдын ала дайындалып, жаңа жағдайларда жұмысты ұйымдастыра алуы үшін бірізді әрі кезең-кезеңімен енгізіледі:2026ж. 1 ақпаннан бастап — кегалар мен бөтелкелердегі сыраны таңбалау;2027ж.1 қаңтардан бастап — қаңылтыр банкілердегі сыраны таңбалау;2027ж. 1 қаңтардан бастап — тауар айналымының бүкіл тізбегі бойынша толық қадағалау режиміне көшу.Жеке атап өтеміз: таңбалауға тек 2026ж. 1 ақпаннан бастап өндірілген өнім жатады.Осы күнге дейін өндірілген сыра қайнату өнімдері бір жыл ішінде қосымша таңбалаусыз сатылуы мүмкін.Сыра өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сауда сатушылары таңбалау жүйесіне бірыңғай цифрлық сервис арқылы қосылады. Тіркеу келесі сілтеме бойынша өнеркәсіптік стендте қолжетімді:https://tanba.markirovka.kz/Таңбаланған сыраны немесе сыра сусынын бөлшек саудада өткізу кезінде тауарды айналымнан шығару фискалдық деректер операторынан түсетін мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін сауда нүктелерінің күнделікті қызметінде пайдаланылатын бақылау-кассалық машина қолданылады.Құйма сыраны (кегаларда) сату кезінде айналымнан шығару фискалдық деректер операторынан алынған алғашқы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады және бүкіл кегаға қатысты жүргізіледі.Цифрлық таңбалау өнім айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге және адал нарық қатысушыларын қорғауға мүмкіндік береді. Жүйе сыра өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу процестері түсінікті әрі үйреншікті болып қала отырып, заманауи цифрлық шешімдермен толықтырылатындай етіп құрылған.#САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1165795?lang=kk
12.01.2026 жылы Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» өтті 13.01.2026
12.01.2026 жылы Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты – салық төлеушілерге қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету, олардың салық заңнамасына қатысты сұрақтарына түсінікті жауап беру болды.Ашық есік күні барысында аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер өздерін толғандырған салық мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, басқарма қызметкерлерінен жан-жақты әрі нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, мамандар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ «Халық есепшісі» акциясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Іс-шара салық төлеушілер мен мемлекеттік орган арасындағы өзара байланысты нығайтуға, салық мәдениетін арттыруға және заң талаптарын дұрыс түсінуге оң ықпал етті. Қатысушылар ұйымдастырылған шараның өзектілігін атап өтіп, берілген кеңестердің пайдалы болғанын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1140496?lang=kk
2026 жылы 13 қаңтарда Dubai Health Authority Бас директоры Алави Әлшейх Алимен кездесу өткізілді. 13.01.2026
2026 жылы 13 қаңтарда Dubai Health Authority Бас директоры Алави Әлшейх Алимен кездесу өткізілді.Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1140465?lang=kk
Сеулде Қазақстан Президентінің елді жаңғыртудың жаңа кезеңі туралы сұхбаты талқыланды 13.01.2026
Сеул, 2026 жылғы 12 қаңтар – Сеул қаласында Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстановтың «Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты және Корея Республикасымен қатынастардың дамуы» тақырыбында дәрісі өтті.Іс-шара Корея мәдениет қауымдастығының қолдауымен болашақ дипломаттарды даярлау тренингі аясында ұйымдастырылды. Дәріске халықаралық қатынастар мен дипломатияға қызығушылық танытқан Корея Республикасының орта және жоғары сыныптарында оқитын шамамен 80-нен астам оқушы – болашақ жас көшбасшылар қатысты.Өз сөзінде қазақ дипломаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында көтерілген негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының 2026 жылды Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы үшін бетбұрыс кезең ретінде айқындағанын атап өтті. Тұрақты экономикалық өсімге, инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуға, Қазақстанды өңірлік логистикалық хаб ретінде қалыптастыруға, сондай-ақ 2026 жылдың Жасанды интеллект жылы деп жариялануына байланысты цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту басымдықтарына ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, Президенттің ауыл шаруашылығы, көлік, инфрақұрылым және логистика салаларына озық технологияларды енгізу жөніндегі бастамалары айтылды. Осы тұрғыда Alatau City жобасын қоса алғанда, «ақылды қалалар», жасыл бастамалар және туризмді дамыту шаралары таныстырылды.Елші Арыстанов сұхбатта белгіленген жаңғырту бағыттарының Корея Республикасының тәжірибесі мен стратегиялық басымдықтарымен үндес келетінін атап өтіп, бұл цифрландыру, инновациялар, жасыл энергетика, орнықты даму және урбанистика салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік ашатынын жеткізді. Ол Қазақстан мен Корея күш-жігерінің синергиясы екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.Дәріс барысында Елші Қазақстанның бейбітшілік, дінаралық диалог және өзара құрмет қағидаттарына берік екенін де тілге тиек етті. Осы контексте корей буддалық Чогие орденінің өкілдері тұрақты түрде қатысып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.Іс-шара аясында қатысушыларға Қазақстан туралы туристік бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық журналдар мен туристік жолсілтемелер таратылды. Дәрістен кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті.Іс-шараның шығармашылық бөлігі ерекше назар аудартты. Оқушылар алдын ала Қазақстанға қатысты өз көзқарастарын дайындап, мәдениет, тарих, сыртқы саясат және туристік әлеует тақырыптарында топтық презентациялар ұсынды. Әр топ өз бағытын Елшіге таныстырып, кездесуді мазмұнды түрде одан әрі жандандыра түсті, сондай-ақ оқушылардың дайындық деңгейі мен белсенділігін айқын көрсетті.Сұрақ-жауап сессиясы барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша терең білімін көрсетті. Талқылау ұлттық бірегейлік пен мемлекеттік рәміздер, этномәдени және діни әралуандылықтың қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі, сондай-ақ этникалық корейлердің Қазақстан қоғамының дамуына қосқан үлесі және олардың Қазақстан мен Корея арасындағы «алтын көпір» ретіндегі маңызына арналды.Аталған іс-шара Қазақстан мен Корея арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге, сенім мен достық атмосферасын нығайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы жастар мен білім беру саласындағы алмасуларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1140486?lang=kk
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін патент негізіндегі арнайы салық режимін және арнайы мобильді қосымшаны қолданған салық төлеушілерге арналған ақпарат 13.01.2026
Салық заңнамасын дұрыс қолдану және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің назарын келесі маңызды мәселелерге аударады. Салық салу режимін таңдауАрнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын салық төлеушілер заңнамада белгіленген тәртіппен салық салу режимін таңдау туралы хабарламаны уақтылы ұсынуы қажет. Патент пен АМҚ (СМП) режимінен көшу2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мобильдік қосымшаны (АМҚ / СМП) пайдалана отырып, патент негізіндегі АСР-ды қолданған және тіркелген бақылау-касса машиналары (БКМ) бар салық төлеушілерге: – оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшу, немесе– өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде қызметті жүзеге асырған жағдайда БКМ-ді тіркеуден шығару қажеттігі түсіндіріледі. Салық берешегін өтеу2026 жылғы 1 қаңтарға дейін АМҚ (СМП) пайдалана отырып, патент негізіндегі АСР-ды қолданған және салық берешегі бар салық төлеушілерге оны уақтылы өтеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерді орындауға жауапкершілікпен қарауға және қажетті жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына немесе ресми ақпараттық ресурстар арқылы түсіндірме алуға шақырады. Салық заңнамасы талаптарын уақтылы сақтау әкімшілік шаралардың қолданылуына жол бермей, кәсіпкерлік қызметті тұрақты жүргізуге мүмкіндік береді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1140427?lang=kk
Қызмет нәтижелері мен басым міндеттер: Ұлттық ұланда Әскери кеңес өтті 13.01.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың төрағалығымен Әскери кеңес отырысы өтті.Әскери кеңеске өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, Ұлттық ұлан Академиясының бастығы, Бас басқармалар (басқармалар), орталықтар, дербес бөлімшелер мен қызметтердің басшылары қатысты. Сондай-ақ бейнеконференция режимінде өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің қолбасшылық құрамының офицерлері қосылды.Күн тәртібінде Ұлттық ұланның 2025 жылғы жауынгерлік қызметінің қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.Отырысты ашқан Ішкі істер министрі Ұлттық ұланның ІІМ жүйесіндегі шешуші рөлін атап өтіп, елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды орын алатынын айтты.Әскери кеңесте Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары -Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қайрат Ақтановтың, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының және Ұлттық ұлан Академиясы бастығының жауынгерлік қызметтің жай-күйі туралы баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер аясында сөз қозғалды. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлықтың жай-күйі және жаңа әскери бөлімдерді жасақтау мәселелері талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша Министр әскери қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, жарақат алу жағдайларын болдырмау, әскери тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.Өз кезегінде Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков жүктелген барлық міндеттер белгіленген тәртіппен және тиісті деңгейде орындалатынын атап өтті.Сонымен қатар ІІМ Әскери-тергеу департаментіне барлық әскери бөлімшелерде әскери қызметшілер арасында профилактикалық жұмысты бақылау және күшейту жөнінде бөлек тапсырма қойылды.Әскери кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті Қаулы қабылданып, орындау және басшылыққа алу үшін өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдерге жолданды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1140423?lang=kk
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланы күні аталып өтті 13.01.2026
Елімізде жыл сайын 10 қаңтарда ҚР ІІМ Ұлттық ұланы күні атап өтіледі. Айтулы мереке аясында ІІМ концерт залында Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі мен оркестрінің мерекелік концерті өтті. Іс-шара сондай-ақ ҚР ІІМ «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.«Ұлттық ұлан – ел айбыны!» атты концерттік бағдарлама жоғары патриоттық рухта өтіп, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында күн сайын аянбай қызмет етіп жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне деген зор құрметтің айқын көрінісіне айналды.Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов ашты. Ол өз сөзінде жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі Ұлттық ұланның маңызды рөліне тоқталды. Сондай-ақ адал әрі мінсіз қызметі үшін әскери қызметшілерге алғыс білдірді. Салтанатты рәсім барысында үздік әскери қызметшілерге шен белгілері, грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.Мерекелік концертке әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ ішкі істер органдары мен өзге де күштік құрылымдардың ардагерлері құрметті қонақ ретінде қатысты.Концерттік бағдарлама патриотизм, Антқа адалдық, Отанға қызмет ету құндылықтарымен, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен халық арасындағы ажырамас байланысты бейнелейтін көркем нөмірлермен толықты. Музыка, вокал және хореография арқылы көрерменге Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің елдегі тұрақтылықтың, заңдылық пен қоғамдық тәртіптің сенімді тірегі ретіндегі бейнесі ұсынылды.Бағдарламада биыл құрылғанына 30 жыл толған ҚР ІІМ «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының мерекесі де ерекше орын алды. Элиталық бөлімшенің өкілдері көрермен тарапынан ерлік пен жоғары кәсібиліктің, Отанға қалтқысыз қызмет етудің символы ретінде ыстық ықыласқа бөленді.Мерекелік концерт ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды құрылым екенін, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қоғамның күштік құрылымдарға деген сенімін нығайту жолындағы елеулі үлесін айқын көрсетті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1140400?lang=kk
Риядта Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыру мәселелері талқыланды 13.01.2026
Рияд, 2026 жылғы 12 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ахмед Әл-Дахилмен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ілгерілету перспективаларын қарастырды.ҚР Елшісі Іскерлік кеңесті екі ел арасындағы инвестициялық өзара әрекеттесуді кеңейту, іскерлік байланыстарды дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін негізгі алаң ретінде белсенді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде, Ахмед Әл-Дахил қос мемлекет арасындағы ықпалдастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, сауд тарапының өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-шаралар өткізу және бизнес делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру арқылы Іскерлік кеңестің қызметін жандандыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1140348?lang=kk
Алматы облысы колледждерінің халықаралық ынтымақтастығы кеңеюде 13.01.2026
Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір колледждері шет мемлекеттердің жетекші білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу мен білікті кадрлар даярлау ісін жаңа деңгейге шығаруда. Қазіргі таңда Алматы облысының колледждері Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің бірқатар оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасаған.Атап айтқанда, Түркияның Анталия қаласындағы Мехмет Зеки Балджы жоғары мектебі (туризм және қонақ үй бизнесі), Францияның Париж қаласындағы Гийома Тирель лицейі және Элиза Лемонье лицейі облыс колледждерімен бірлескен жобаларды іске асыруға ниет білдірген.Сонымен қатар, Қытайдың Сиань қаласындағы кулинарлық колледжбен, Финляндиядағы ECEDU кәсіптік колледжі, Қырғыз Республикасындағы С. Ибраимов атындағы агротехникалық колледж, Қытайдың Чунцин қаласындағы оқу орындарымен және Кореяның OFECO.LTD компаниясымен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылған.2024–2025 оқу жылында Алматы облысынан сегіз педагог шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтті. Оның ішінде бес педагог Түркияда, ал үш педагог Францияда кәсіби тәжірибе жинақтаған.Колледж оқытушыларының айтуынша, халықаралық тәжірибе кәсіби дамуға тың серпін береді.- «Шетелде тағылымдамадан өту бізге заманауи оқыту әдістерін меңгеруге, өндіріс пен білімнің өзара байланысын терең түсінуге мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе студенттермен жұмыс істеу сапасын арттыруға тікелей әсер етеді», – дейді Алматы облысы колледжінің басшысы Бақытгүл Кішібаева .Ал білім саласына жауапты мекеме өкілдері бұл бағыттағы жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.- «Халықаралық әріптестік – техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртудың маңызды тетігі. Біз колледждердің әлемдік стандарттарға сай дамуына және еңбек нарығына сұранысқа ие мамандар даярлауына басымдық беріп отырмыз», – дейді облыстық білім басқармасының өкілі Кенжегуль Дюсентаева.Бұдан бөлек, Қытай – Орталық Азия елдері арасындағы бірлескен жобалар аясында ауыл шаруашылығы мен техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлайтын жеті колледж директоры және өндірістік оқыту жөніндегі бір директордың орынбасары 2025 жылғы 14–24 сәуір аралығында Қытайдың Чунцин қаласында оқу курсынан өтті. Нәтижесінде 49 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.Мамандардың айтуынша, бұл бастамалар Алматы облысы колледждерінің халықаралық стандарттарға сай дамуына, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға және еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау сапасын күшейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1140322?lang=kk
Жұмыссыз азаматтарға медициналық көмек көрсетуге 1,2 млрд теңге бөлінеді 13.01.2026
Әлеуметтік осал топ өкілдері үшін ақжолтай хабар. Биылдан бастап МӘМС жарналары жергілікті бюджет есебінен төленетін болады. Өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы: «Әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыруға аударымдар жергілікті бюджет есебінен төленуі тиіс», – деп атап өткен еді.Президенттің тапсырмасынан кейін МӘМС аясында бірқатар өзгерістер енгізілді. Заңдағы жаңашылдықтың арқасында 2026 жылы елімізде 1 млн адам МӘМС жүйесімен қосымша қамтылмақ.Жаңа жылдан бастап МӘМС жүйесіне 11 нозологияны қамтитын әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) жаңартылған тізбесі енгізілді. Соған қарамастан, МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен көлемі өзгеріссіз қалады.18 жасқа толғаннан кейін де мемлекет мүгедектігі бар адамдар үшін сақтандыру жарналарын төлеуді жалғастырады. Сондай-ақ мемлекет жұмыссыз және әлеуметтік осал азаматтарды — МӘМС жүйесіндегі D және E санаттарын сақтандырумен қамтамасыз етеді.«Диспансерлік есепте тұрған осы санаттағы азаматтарға медициналық көмек көрсету үшін облыста 2,6 млрд теңге бөлінген. Қосымша түрде жұмыссыз азаматтар үшін 1,2 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылуда», – дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.Айта кетейік, диагностика, консультациялар, емдеу және оңалту қызметтері қысқартылмайды және тоқтатылмайды — барлық медициналық қызметтер МӘМС жүйесі аясында толық көлемде көрсетіле береді.Халықтың басым бөлігін аталмыш жүйемен қамтуды оңтайландыру мақсатында жарналар мен аударымдардың негізгі шегі өзгертілді. Нақтыласақ, жұмыс берушілер жарналарды 40 ЕТЖ-дан аспайтын сомадан, ал қызметкерлер 20 ЕТЖ-ға дейінгі сомадан аударатын болады.«Бүгінде Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 1 645 171 адам тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде “Сақтандырылған” мәртебесі бар азаматтар саны 1 343 718 адамға жетіп жығылады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облыстық филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев.Қарасай ауданы бойынша МӘМС жүйесінің жауапты координаторы Гүлнара Жайсанбаеваның айтуынша, бір ғана Қарасай ауданында 309 557 адам сақтандыру мәртебесіне ие.«2025 жылы жергілікті құзырлы органдармен бірлесе жұмыс жасау барысында Қарасай ауданында 10 089 азамат МӘМС жүйесіне тіркелді», – дейді спикер.Еске саламыз, 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіру мақсатында медициналық ұйымдардың call-орталықтарының жұмысы күшейтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1140287?lang=kk