Қоғам
Қостанай облысында XII Азаматтық форум 22.08.2025
21 тамызда Қостанайда XII Азаматтық форум өтіп, азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар, сарапшылар, журналистер мен белсенді тұрғындар бас қосты. Форумның негізгі тақырыбы – елдің дамуына азаматтық белсенділік пен қоғамдық бақылаудың ықпалы болды. Қатысушылар бюджет ашықтығы, ұлттық жобаларды мониторингтеу, адам құқықтарын қорғау және азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуының жаңа тетіктерін талқылады.Форум барысында өткен жылы қабылданған «Қоғамдық бақылау туралы» заңның маңызына ерекше назар аударылды. Бұл құжат азаматтарға шешім қабылдау үдерістеріне қатысуға жаңа мүмкіндік беріп, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға ықпал етеді. Алайда заңның тиімділігі өңірлік бастамалардың белсенділігіне және азаматтық сектор жұмысына тікелей байланысты екені айтылды.Форумға Қазақстан азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева арнайы келіп, қоғамды шешім қабылдау үдерістеріне тарту тәжірибесімен бөлісті. «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы Ләззат Чинкисбаева өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтты. Олардың қатарында балаларға арналған оңалту орталығын жабдықтау, медициналық мекемелерді заманауи құралдармен қамтамасыз ету, Арқалықтағы «Горняк» мәдениет сарайын қайта жаңғырту және ондаған білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бар.Форумда сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың белсенді жұмысы атап өтілді. Қазіргі таңда облыста шамамен 1500-ге жуық ҮЕҰ жұмыс істейді. Соңғы үш жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 34%-ға өсіп, 2025 жылы 1 млрд теңгеге жетті. «Үміт-Надежда», «Мама Про», «Перекрёсток» сияқты ұйымдар халыққа тікелей көмек көрсетсе, «Регион 10», «Барс», «Дос» еріктілер-құтқарушылар жасақтары төтенше жағдайларда қолғабыс етіп жүр.Бұдан бөлек, 14 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «ҮЕҰ үйінің» тәжірибесі де назардан тыс қалмады. Бұл орталық әлеуметтік идеялар жәрмеңкесін ұйымдастырып, шағын гранттар арқылы бастамаларды қолдап келеді. Соңғы екі жылда ондаған жоба жүзеге асты: Рудныйда жастарға арналған подкаст-студия, Жангелдин ауданында скверді абаттандыру, Қостанайда инклюзивті спорт залы, сондай-ақ түрлі әлеуметтік стартаптар.Жастар бастамалары тақырыбы да форумда кеңінен талқыланды. «Тәуелсіздік ұрпағы» байқауы аясында алты жобаға 1 млн теңгеден грант берілсе, тағы үш костанайлық жоба республикалық деңгейде жеңімпаз атанып, әрқайсысы 3 млн теңгеден қаржыландырылды. Инклюзивті эко-жылыжай құруға бағытталған «Өсіп келеміз» жобасы ел бойынша үздік 30 жобаның қатарына енді.Сонымен қатар қоғамдық кеңестердің қызметі сөз болды. Облыста 21 кеңес жұмыс істейді, олардың құрамының шамамен 17%-ын жастар құрайды. Биыл алғаш рет мәслихат депутаттары кеңестер құрамына кірмей, олардың қоғамға бағытталған сипаты күшейтілді.Форум қорытындысында сарапшылар азаматтық қоғам институттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты үлес қосып отырғанын атап өтті. Қостанайлық ҮЕҰ-дың бастамалары қоғамды нығайту мен халықтың өмір сапасын арттырудың жарқын үлгісі ретінде бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1055498?lang=kk
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады 22.08.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінде Садыр Жапаровты қырғыз халқын алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, білікті саясаткер деп білетінін айтты.– Қырғызстанды көркейту жолындағы қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Салиқалы саясатыңыздың арқасында еліңіз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қырғыз экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Өзіңіздің бастамаңызбен түрлі салада тың, ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік салада, ғылым-білім жүйесінде ауқымды өзгерістер жасалуда. Мұның барлығы қырғыз елінің экономикасын нығайтып, халықаралық сахнадағы абырой-беделін арттыра түсетіні сөзсіз. Сіздің көреген қадамдарыңыз аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізді. Парасатты басшылығыңызбен бауырлас қырғыз жұрты бұдан да биік белестерді бағындыра беретініне кәміл сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы Қазақстанда бір туған бауырлас ел ретінде Қырғызстанның барлық жетістіктеріне шын жүректен қуанатынын жеткізді.– Қазақ пен қырғыз – ежелден еншісі бір, ағайынды халықтар, салт-дәстүрі мен тарихы ортақ елдер. Біздің тіліміз бен діліміз, атымыз бен затымыз – ұқсас. Бүгінде елдеріміз арасында өзара сенім мен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнаған. Одақтастық рухындағы байланысымыз нығайып келеді. Қос мемлекеттің стратегиялық әріптестігі қарқынды дамып жатыр. Сіз бұл іске өлшеусіз үлес қосып жатсыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-қырғыз ықпалдастығы жаңа қарқын алды. Стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бағытталған тың бастамалар көтерілді. Мемлекеттеріміздің мүддесіне сай жаңа ортақ жобалар қолға алынды. Маңызды бастамалар қос халыққа тән шынайы бауырластықты көрсетіп, достығымызды одан әрі бекемдей түседі деп санаймын. Қазіргі алмағайып кезеңде осы ынтымағымызды күшейтудің айрықша мәні бар. Себебі, біздің мызғымас бірлігіміз – баға жетпес байлығымыз. Қырғыздың залқар ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың «Жақсы адамның белгісі – ел қамы үшін күйінер» деген сөзі бар. Сіз қырғыз елін өркендету жолында табанды еңбек етіп, халқыңызға адал қызмет етіп келесіз. Сондай-ақ халықтарымыз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсуге орасан зор еңбек сіңіріп жатсыз. Мұны барша қазақ жұрты жақсы біледі. Осыған орай, мен Сізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл награда – Қазақ елінің Сізге және бүкіл қырғыз халқына деген ерекше құрметі мен шынайы алғысының риясыз белгісі, – деді Президент.Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақ халқына алғыс айтып, мұны Қырғыз еліне көрсетілген сый-құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын жеткізді.Сондай-ақ бұл екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының жоғары деңгейін айқындайтынын атап өтіп, уақыттың барлық сынынан өткен ынтымақтастықтың алдағы кезеңде де нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров баспасөз брифингін өткізді 22.08.2025
Келіссөздер қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасады.Президент, ең алдымен, Бішкекке ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа алғыс айтып, бауырлас қырғыз жеріне қадам басқан сайын айыр қалпақты ағайынның ыстық ықыласын сезінетінін жеткізді.Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысы барысында екіжақты қатынастарға қатысты бірқатар өзекті мәселе егжей-тегжей талқыланып, екі елдің де мүддесіне сай келетін маңызды келісімдерге қол жеткізілгенін мәлімдеді.– Бауырлас мемлекеттер ретінде кез келген мәселені өзара сенім мен одақтастық рухында шешеміз деген пайымға келдік. Біздің өзара тиімді ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге ниетіміз бар. Оған саяси күш-жігеріміз де жетеді деп кәміл сенемін. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесі туралы жаңа ғана құрметті Президент айтып өтті. Біз, ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға айрықша назар аударып отырмыз. Қазақстан – Қырғызстанның сауда және инвестиция саласындағы негізгі серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1,7 миллиард долларға жетті. Биылғы жарты жылдың көрсеткіштері де жаман емес. Алдағы 5 жылда сауда-саттық көлемін 3 миллиард долларға дейін арттыруға мүдделіміз. Сондықтан бүгін арнайы Жол картасына қол қойылды. Жалпы, екіжақты сауда айналымын ұлғайтуға мол мүмкіндік бар. Келесі жылы қазақ-қырғыз шекарасында салынып жатқан Индустриялық сауда-логистика кешені іске қосылмақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің пікірінше, екі елдің агроөнеркәсіптегі әлеуеті зор.– Бұл саладағы тауар айналымы жалпы сауда-саттықтың 25 пайызына тең. Сондықтан өнім көлемін арттыру, бірлескен кәсіпорындар ашу өте маңызды. Осы орайда қос елдің үкіметтеріне алдағы екі жылға арналған Жол картасын қабылдау туралы тапсырма берілді, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттады 22.08.2025
🇰🇿🇰🇬Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және одақтастық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев 1-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. 🎖2-дәрежелі «Достық» орденімен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің VII шақырылымының депутаты Дастанбек Джумабеков, Қырғызстан Президентінің кеңесшісі Арслан Койчиев, қоғам қайраткері Асқар Салымбеков марапатталды. ✔️Қазақстан Президенті өз сөзінде Қырғыз Республикасының көрнекті мемлекеттік қайраткерлері өздерінің адал қызметі мен өз ісіне адалдығы арқылы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып отырғанын атап өтті. – Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында саясат, экономика, мәдениет салаларындағы байланыстар нығайып, парламентаралық ынтымақтастық дәйекті түрде кеңейіп келеді. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы, құрметті Қамшыбек Қыдыршаұлы Ташиевке ерекше алғысымды білдіргім келеді. Қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етудің кешенді міндеттерін шешуге қосқан үлесіңіз жоғары бағаға лайық. Бұл жай ғана салтанатты шара емес, Қазақстанның бауырлас қырғыз халқына деген алғысы мен терең құрметінің белгісі. Бүгінгі оқиға халықтарымыздың мәңгілік бауырластығы мен тату көршілік нышаны ретінде қазақ-қырғыз қарым-қатынасының шежіресіне алтын әріптермен жазылатынына сенімдімін. Сіз бұдан былай да өз Отаныңыздың ілгері дамуына ғана емес, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға да елеулі үлес қосатыныңызға сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты 22.08.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысы өтті.Мемлекет басшысы бауырлас қырғыз еліне шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтып, бұл ресми сапарының мақсаты – қазақ-қырғыз байланысын нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастықты күшейте түсу екенін жеткізді.– Біз жоғары саяси диалогтың арқасында екі елдің ықпалдастығын жаңа сапалы деңгейге көтереміз. Мен бұған кәміл сенемін. Қасиетті Алатаудың қос қыраны сияқты қазақ пен қырғыз – ежелден еншісі бір, тағдыры ортақ ағайынды халықтар. Қиын сәтте бір-біріне демеу, қуанышты күнде тілеулес бола білген елдер. Тарихтың талай тезінен аман өткен достығымыз – ата-бабадан қалған аманат, ұрпақтан ұрпаққа берілген рухани қазына. Қазір қос халықтың арасындағы қарым-қатынас өзара сенім мен сыйластыққа негізделген берік әріптестікке ұласты. Екі елдің байланысы одақтастық рухында дамып келеді. Қырғызстан – Қазақстанның аймақтағы басты стратегиялық серіктесінің бірі. Екіжақты сауда-саттық көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткішті еселеуге барлық мүмкіндік бар. Инвестициялық ынтымақтастық жылдан жылға нығая түсуде. Соның арқасында түрлі бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылды. Су-энергетика саласында өзара үйлесімді жұмыс атқарылып жатыр. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланысымыз да күшейіп келеді, – деді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Қырғызстанмен ықпалдастықты тереңдете түсуге айрықша көңіл бөледі.– Былтыр Одақтастық қатынастарды кеңейту туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бүгін біз Ынтымақтастықтың кешенді жоспарын қабылдаймыз. Осы маңызды қадамдар қазақ-қырғыз байланысын дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Екі елдің үкіметтері бұл жоспарда көрсетілген мақсат-міндеттерді басшылыққа алуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров келіссөз жүргізді 22.08.2025
Қазақстан Президенті бауырлас Қырғыз Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтты.– Бұл сапар екі ел арасындағы достық қатынастың дамуына тың серпін береді деп сенемін. Шын мәнінде, қазақ пен қырғыз – тілектес, бауырлас елдер. Біздің тарихымыз – тамырлас, салт-дәстүріміз бен таным-түсінігіміз, ұлттық болмысымыз ұқсас. Қос халықтың татулығы мен өзара құрметі ешқашан үзілген емес. Қазір де ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамуда. Біз барлық деңгейде өзара құрметке негізделген саяси диалог орнаттық. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық кеңестеріміз табысты жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ өңіраралық байланыстарды дамытып жатырмыз. Жалпы, екі елдің арасында жан-жақты әрі тығыз ынтымақтастық орнаған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екіжақты ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосқанына назар аударды.– Мен мұны жоғары бағалаймын. Қажырлы еңбегіңіздің арқасында Қырғызстанда көптеген оң өзгеріс болып жатыр. Сіз халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін маңызды бастамаларды жүзеге асырып келесіз. Ел экономикасының жыл басынан бері 11,7 пайызға өсуі – осының айқын дәлелі. Біз бауырлас елдің барлық жетістіктеріне қуанамыз. Қырғызстанмен арадағы ынтымақтастықты барынша нығайтуға айрықша мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.
Алматыда «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» монографиясы таныстырылды 22.08.2025
2025 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты ұжымдық монографияның таныстырылымына қатысып, сөз сөйледі.Монография Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты дайындаған.Басылымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясатының негізгі қағидаттары мен Қазақстанның қазіргі жаһандық сын-қатерлерге бейімделу тәсілдері талданған.Өз сөзінде Ж. Әбдрашов кітаптың ғылыми, сараптамалық және дипломатиялық қауымдастық үшін маңыздылығын атап өтті.щества.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1055429?lang=kk
Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша «Ашық есік күні» 22.08.2025
Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, онда жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары түсіндірілді.Іс-шара барысында қатысушыларға 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін салық заңнамасының ерекшеліктері таныстырылды. Жаңа құжатта көзделген өзгерістердің ішінде қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы бойынша жаңашылдықтар ерекше атап өтілді.Кәсіпкерлер салықтық рәсімдерді жеңілдету, шағын және орта бизнеске арналған мүмкіндіктер, сондай-ақ бизнеске түсетін әкімшілік ауыртпалықты азайтуға бағытталған шаралар жөнінде кең көлемді ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1072330?lang=kk
Алматы облысында ҚР Президентінің тапсырмасы аясында 76 мыңнан астам ағаш отырғызылды 22.08.2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең ауқымды экологиялық науқан жалғасуда. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті тапсырған орман қоры аумақтарына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу бастамасын жүзеге асыруға бағытталған.2024 жылғы 26 сәуірде облыста әкім Марат Сұлтанғазиевтің бастамасымен «Біз бірге болашаққа дән егеміз» атты акция басталды. Өткен жылы өңірдегі барлық мектеп ауласында ағаш тұқымдары отырғызылған болатын. Алдағы уақытта қосымша 6,79 гектар аумаққа 11 237 көшет отырғызу жоспарланып отыр. Тек мектептерде ғана бағдарлама аясында 11,2 мыңнан астам ағаш егілді.Әкімнің айтуынша, бұл акция Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудың маңызды бөлігі:«Президент орман қорына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу жөнінде нақты міндет қойды. Бүгінде Алматы облысы осы жалпыұлттық іске қомақты үлес қосуда. Мектеп аулалары мен саябақтар жасыл желекке толып келеді — бұл табиғатты қорғаудың әр азаматтың борышы екенін түсінген жас ұрпақтың бастамасының нәтижесі», — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.Экологиялық науқанға мектеп оқушылары белсенді қатысты: оған 340 мыңнан астам бала атсалысты.«Біз сыныптастарымызбен бірге ағаш тұқымдарын отырғыздық, қазір олар көктеп өсіп келеді. Үзіліс кезінде су құйып, күтіп-баптаймыз. Шақырылған қонақтар бізге ағашты қалай дұрыс өсіру керектігін үйретті. Бірнеше жылдан кейін бұл жерде жасыл бұрыш пайда болады деген ой қуантады. Ол біз үшін естелік әрі болашақ оқушыларға сыйлық болады», — деп бөлісті Қонаев қаласының 4-сынып оқушысы Сабит Айсулу. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1055399?lang=kk
Автомобиль жолдарының сапасына қатысты мәселе талқыланды 22.08.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, күн тәртібінде автомобиль жолдарының сапасы мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3545 шақырым, оның 1024,5 шақырымының республикалық, 555 шақырымының облыстық, 1965,5 шақырымының аудандық маңызы бар.Өткен жылы 44 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлініп, өңіріміздегі 300 шақырымнан астам жолдар мен көпір өткелдері жөнделді. Нәтижесінде облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 92,5 пайызға жетті.Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен 42 млрд. 142 млн. теңге қаралып, 320 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстардың қорытындысы индикаторлық көрсеткішті 95 пайызға жеткізбек.«Жол активтері сапасы» ұлттық орталығының қызметіне биыл 123 млн. теңге бағытталып, құрылыс сапасы 100 пайыз сараптамамен қамтылды. Аспаптық және зертханалық тексеру жүргізу барысында 1201 сынама алынып тексерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1055404?lang=kk
Президент Жолдауы 2024: автожолдарды жаңғырту, әуежайлар мен Транскаспий бағытын салу қалай дамуда 22.08.2025
Президент Жолдауы 2024: автожолдарды жаңғырту, әуежайлар мен Транскаспий бағытын салу қалай дамудаКөлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "әділ Қазақстан: заңдылық, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм"Жолдауының басым бағыттарының бірі. Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі жетекші транзиттік хаб болуға ұмтылады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы автомобиль жолдарын жаңғырту, жаңа көлік дәліздерін салу, логистикалық орталықтарды жетілдіру, сондай-ақ көлік процестерін оңтайландыру үшін цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде негізгі тапсырмалар берді. Бүгінде Үкімет елдің экономикалық өсуіне және оның халықаралық көлік желісіне интеграциялануына негіз болатын бірқатар шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Primeminister.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-druzhba/press/news/details/1055372?lang=kk
Ынтымақ пен татулық – Қазақстанның басты құндылығы 22.08.2025
Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, елдің дамуы мен болашағы әрқашан бірлік пен татулыққа негізделіп келгенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген аталы сөз – халқымыздың өмірлік ұстанымы. Шын мәнінде, елді еңселі еткен де, ұрпақты өркениетке жетелеген де – ынтымақ пен өзара сыйластық.Тарихи кезеңдерде тағдырдың жазуымен Қазақстанға сан түрлі этнос өкілдері қоныс аударды. Сол қиын шақтарда қазақ халқы оларды жатсынбай, құшағын айқара ашып, қамқорлық танытты. Бауырмалдық пен кеңпейілділіктің арқасында достық пен татулықтың берік іргетасы қаланды. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін үзілмей жалғасып келеді.Бүгінде Қазақстанда жүзден аса этнос өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – халқымыздың кеңдігін ғана емес, мемлекетіміздің сындарлы саясатының жемісі. Әр этнос өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ортақ Отанымыздың өркендеуіне үлес қосуда.Кез келген мемлекеттің өркендеуі бейбітшілік пен тұрақтылыққа тікелей байланысты. Ал тұрақтылықтың өзегі – татулық. Татулық – адамдар арасындағы сенім, сыйластық және ортақ мақсатқа ұмтылыс. Қоғамда келісім орнаған жағдайда ғана мемлекет үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге ынтымақ пен келісімнің айқын үлгісін көрсетіп отыр. Қоғамдағы бейбіт өмір – елдің саяси-экономикалық дамуына да, мәдени жаңғыруына да жол ашуда. Сондықтан татулықты сақтау – тек мемлекет үшін ғана емес, әрбір азамат үшін де қасиетті міндет.Достық – халықтарды жақындастыратын, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтатын алтын көпір. Қазақстан халқы бұл құндылықты биік қойып, оны дамытуға бар күшін жұмсауда. Ел ішіндегі татулық нығая түскен сайын, еліміздің халықаралық беделі артып, Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің символына айналуда.Еліміздегі достық пен ынтымақ – ең үлкен жетістігіміз әрі болашағымыздың берік кепілі. Бұл – тәуелсіздігіміздің тірегі, тұрақтылығымыздың негізі. Сондықтан барлығымыздың ортақ парызымыз – осы құндылықтарды сақтау, дамыту және келер ұрпаққа аманат ету. Достық – елдіктің белгісі, татулық – тұрақтылықтың тірегі, бірлік – болашаққа бастар жол.#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
АВТОЖОЛДАРДЫҢ НОРМАТИВТІК ЖАҒДАЙЫ 93%-ҒА ЖЕТКІЗІЛДІ – ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ 22.08.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді орындау шеңберінде 12 мың шақырым жолға құрылыс, жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілді, оның 7 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды. Жобаға 10 мыңнан астам техника мен 25 мың маман қатысты. Нәтижесінде, республикалық маңызы бар жолдардың қалыпты жағдайы 93%-ға, ал жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 89%-ға дейін жақсарды.Негізгі басымдықтардың бірі стратегиялық маңызы бар төрт автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау болды:«Қарағанды – Алматы» (885 км): төрт жолақты, заманауи тосқауыл қоршаулары және толық жарықтандыру арқылы бірінші техникалық санатқа дейін реконструкциялау жұмысы аяқталды. Жоба аясында 33 көпір, 48 өткел салынып, сондай-ақ 700 су өткізгіш құбыр орнатылды.«Талдықорған – Өскемен» (768 км): жол I–II техникалық санатқа дейін қайта жаңартылды. Құрылыс барысында жаңа көпірлер, жол айрықтары мен су өткізу құрылыстары пайда болды, бұл Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары арасындағы қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын едәуір арттырды.«Атырау – Астрахан» (212 км): Қазақстанды Ресей Федерациясымен байланыстыратын бұл маңызды көлік бағыты II санатқа жаңартылды. Жолдың барлық ұзындығына 6 көпір, 1 өтпе жол, 60 өткізу құрылысы және демалыс орындары салынды.«Ақтөбе – Қандыағаш» (96 км): реконструкциялау жолдың төрт қозғалыс жолағымен I–II санатқа дейін жақсаруына әкелді. Жұмыс аясында 700 мың тоннаға жуық асфальт-бетон қоспасы төселіп, 10 көпір, 5 жол өтпесі және 3 жол айрығы салынды.Биыл құрылыс-жөндеу жұмыстары 13 мың шақырымнан астам жолды қамтыды, оның 7 мың шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Орал – Атырау» және басқа да автожолдар қамтылды, «Орталық – Батыс» автожолының, сондай-ақ «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған» учаскелерінің, Сарыағаш, Рудный және Шымкент айналма жолдарының құрылысы басталды. «Қалбатау – Майқапшағай» жолы аяқталады.«Жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесін бақылау үшін 2025 жылдың аяғына дейін 220 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылады. Цифрландыруға айрықша көңіл бөлінуде. Электронды билеттер, цифрлық диспетчер қызметі, алдын ала техникалық қызмет көрсету, интеллектуалды көлік жүйелері енгізіліп жатыр», — деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: 2024 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 12 МЫҢ ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛҒА ҚҰРЫЛЫС, ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ РЕКОНСТРУКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛДІ 22.08.2025
2024 жылдың наурыз айында өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудара отырып, кемінде 12 мың шақырым автожолды жаңғырту жөнінде нақты тапсырма берген болатын.Жыл қорытындысы бойынша бұл тапсырма сәтті жүзеге асырылып, 12 мың шақырым жолда құрылыс, жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 7 мың шақырым жолда негізгі жұмыстар толық аяқталды. Бұл ауқымды жобаға 25 мыңға жуық маман мен 10 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды.Нәтижесінде, республикалық маңыздағы автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық күйдегі үлесі 93%-ға, ал жергілікті жолдардың үлесі 89%-ға дейін өсті.
Ашық есік күні: Жаңа Салық кодексін түсіндіру 22.08.2025
Ескельды ауданы бойынша МКБ-да азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды.Қатысушылар шағын және орта бизнес үшін салық салу ерекшелігін қоса алғанда, маңызды өзгерістер мен инновациялар, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге және бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді қысқартуға бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1099410?lang=kk
Павлодарлықтардың назарына! Салық төлеушілерді қосымша қабылдау енді СуперХҚО-да 22.08.2025
18 тамыздан бастап СуперХҚО ғимаратында (генерал Дүйсенов көшесі, 80) Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары азаматтарды қосымша қабылдауды ұйымдастырды. Жұмыс кестесі:күн сайын сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін,түскі үзіліс: 13.00-ден 14 сағат 30 минутқа дейін. Сізге салық салу саласында мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Сізге жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салығы бойынша міндеттемелерді орындау сұрақтары бойынша кеңес беріледі. Ыңғайлы. Жылдам. Кезексіз.Біздің қызметкерлер барлық мәселелер бойынша түсіндіруге дайын! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1055583?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатында кезекті 37 сессия өтті 22.08.2025
Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясы барысында бірнеше мәселелер, оның ішінде мәслихаттың 2025 жылдағы қызметіне қатысты мәселе де қаралды. Отырыс шеңберінде қалалық мәслихат төрағасының, сондай-ақ инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есептері тыңдалды.Қаланың шет аймақтарының жағдайы мен даму перспективаларына ерекше назар аударылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бұрын басталған жөндеу жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, автобус маршруттарының тұрақты қозғалысын ұйымдастыру бойынша қажетті іс-шаралар жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ, қала шетінде қосымша демалыс аймақтарын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Қала әкімінің халықпен есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелерді шешу мақсатында «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Ново-Явленка ауылының шекараларын белгілеу туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің және қалалық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімін қабылдады.Осы шешімді қабылдау ауылдық жерлерде тұратын жұмыскерлер үшін жалақыға үстемеақы белгілеуді, сондай-ақ мектеп түлектері үшін ауылдық квота беруді қоса алғанда, ауылдық жерлерде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1055296?lang=kk
Ағымдағы жылдың 21 тамызында «Шаңырақ» медиация және әлеуметтік көмек орталығы, Өскемен қалалық мәслихаты және Өскемен қаласының қоғамдық кеңесі қоғамдық келісімді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 22.08.2025
Меморандумның мақсаты тараптардың татуластыру рәсімдерін, медиацияны және қаланың мәслихат пен Қоғамдық кеңесіне келіп түсетін проблемалық мәселелерді шешудің баламалы тәсілдерін енгізу бойынша жан-жақты өзара іс-қимылын нығайту болып табылады.Тараптар халықты татуластыру әдістерін қолдану мүмкіндіктері туралы хабардар етуге, сондай-ақ қоғамдағы жанжалдың алдын алуға және деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды бірлесіп іске асыру туралы уағдаласты.Осы меморандумға сәйкес Өскемен қаласының тұрғындарына жеке консультациялық құқықтық көмекті тегін ұсыну көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1055301?lang=kk
Құрылыс саласындағы маңызды мамандықтардың бірі – краншы 22.08.2025
2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып белгіленді. Бұл бастама өндірістік саладағы білікті кадрлардың беделін арттырып, жастарды сұранысқа ие техникалық мамандықтарға бағыттауды көздейді. Солардың қатарында құрылыс краншысы мамандығы ерекше орын алады.Құрылыс краншысы – күрделі құрылыс жұмыстарының тиімді және қауіпсіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін кәсіби маман. Ол ауыр құрылыс материалдарын, жабдықтарды қажетті биіктікке көтеріп, дәлдікпен орналастыру арқылы құрылыс барысын жылдам әрі сапалы жүргізуге ықпал етеді.Бұл мамандық иесінен жоғары жауапкершілік, техникалық білім, шоғырлану қабілеті және қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтау талап етіледі. Сонымен қатар, заманауи құрылыс техникасымен жұмыс істей алу, автоматтандырылған басқару жүйелерін меңгеру де краншының кәсіби шеберлігін арттырады.Елімізде құрылыс қарқынды дамып келеді. Осы салаға қажетті кәсіби мамандарды даярлау – экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы. Сондықтан краншы мамандығын меңгеру – болашағы зор, тұрақты табыс пен кәсіби өсуге жол ашатын таңдаудың бірі.Жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру – бұл ел дамуына қосылған нақты үлес.
Шымкентте білім нысандары жаңаруда 22.08.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы қаладағы 10 білім беру ұйымының ғимараты (оның ішінде 9 мектеп, 1 балабақша) толық реновациядан өтуде.Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқталып, оқушылар мен бүлдіршіндерге заманауи әрі жайлы орта ұсынылады.Бұл – балалардың сапалы білім алуы мен тәрбиеленуі үшін жасалған тағы бір маңызды қадам#Шымкент #Білім #ЖаңаМектеп #реновация #білімбасқармасы #білім #мектеп #rsk_shymkent #rsk #келешекмектептері