Қоғам
Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті 13.04.2026
Астана, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Француз Республикасының Парламенті Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясының төрайымы – Франция Сенатының «Франция – Орталық Азия» достық тобының мүшесі Валери Буайе бастаған делегациямен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар қазақ – француз стратегиялық әріптестігінің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.Энергетика, көлік, және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың тиімді құралы ретінде парламентаралық диалогты кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестігін одан әрі дәйекті дамытуға өзара ниетілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1200082?lang=kk
Астанада әскерге шақырылған 30 азамат Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды 13.04.2026
Елордадағы Достық үйінде Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылған отыз азаматты салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Осындай маңызды сәтті көруге Қарулы күштердің ардагерлері, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Астана қаласы Аналар кеңесінің өкілдері, әскерге алынғандардың туған-туыстары келді. Іс-шараны ашқан Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров көктемгі шақыру науқаны белсенді түрде өтіп жатқанын алға тартты.– Біз Шекара қызметінің бөлімшелерін, Десанттық-шабуылдау әскерлерін және теңіз жаяу әскерлері бригадасын жасақтауды аяқтадық. Қазір әскерге шақырылушыларды Мемлекеттік күзет қызметіне жібереміз. Бұл арнаулы мемлекеттік орган еліміздің элиталық бөлімшесі болғандықтан, іріктеу аса мұқият жүргізілді, әсіресе денсаулығы мықты және ұзын бойлы жігіттерге басымдық берілді, – деді полковник Р. Балтеміров.Аға буын өкілдері атынан да жылы лебіздер айтылды. Әскерге шақырылушылардың бірінің атасы Көбентай Әміралин әскердегі естеліктерімен бөлісті.– Мен Германияда 70-ші жылдардың соңында қызмет еттім және немереме сол жылдар туралы жиі айтатынмын. Сондай әңгімелерім оның әскерге бару туралы шешіміне арқау болған шығар. Қазіргі кез басқаша, дегенмен әскер – ер жету мектебі болып қалары сөзсіз, – деді ол.Әскерге баратындардың бірі – бұрын құтқарушы болып жұмыс істеген 19 жастағы Бауыржан Рахманқұл да осы сәтте алған әсерін былай жеткізді.– Мен үшін бұл саналы қадам. Атыма сай ел қорғайтын лайықты азамат болғым келеді. Әскердегі қызмет маған күш-қуат және ақыл-ой жағынан мықты болуға көмектеседі деп сенемін, – деді әскерге шақырылушы.Мерекелік атмосфераны Достық үйінің этномәдени ұжымдарының концерті толықтырды.Көктемгі әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік. Осы уақыт ішінде Қарулы күштер қатарына елорданың бір жарым мыңға жуық тұрғыны шақырылады. Алда механикаландырылған бригадалар мен оқу-жаттығу орталықтарын жасақтау тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200045?lang=kk
№50 мекеменің кітапхана қоры 500 жаңа кітаппен толықты 13.04.2026
№50 мекемеде жазасын өтеушілер арасында ағартушылық пен мәдени ортаны дамытуға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Мекеменің кітапхана қоры М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық университетінің сыйы ретінде 500 жаңа кітаппен толықты.Берілген әдебиеттердің басым бөлігін ХХ ғасыр авторларының классикалық шығармалары құрайды. Бұл туындыларда еңбек, ерлік, адамгершілік және моральдық таңдау тақырыптары кеңінен көрініс тапқан.Салтанатты табыстау аясында кітапханаға мекеме бастығы әділет подполковнигі Светлана Спасская арнайы келіп, жаңа әдебиеттермен танысты. Ол университет өкілдеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, кітаптың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, кітап адамға қоғаммен және мәдени құндылықтармен байланысын сақтауға көмектесетін тиімді құралдардың бірі.Қазіргі таңда мекеменің кітапхана қоры 7 мыңнан астам кітапты құрайды. Қордың толықтырылуы сотталғандар арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға деген ынтаны арттыруға оң ықпал етеді.№50 мекеме әкімшілігі мен университет өкілдері мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім білдірді. Білім беру ұйымдары мен қылмыстық-атқару жүйесі арасындағы ынтымақтастықты нығайту сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі мен рухани дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1200048?lang=kk
Ақмола облысында туризм саласы өкілдеріне арналған тегін семинарлар циклі өтеді 13.04.2026
Жазғы туристік маусымның ашылуы қарсаңында Ақмола облысының Туризм басқармасы «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығымен бірлесіп, өңірдің туризм саласы өкілдеріне арналған тегін оқыту семинарларының циклін өткізеді.Семинарларға гид-экскурсоводтар, маркетинг және жарнама саласының мамандары, сондай-ақ туристік қызметтерді цифрландыруға қызығушылық танытқан бизнес өкілдері шақырылады.Өтетін орны: Бурабай курорты, «Wyndham Garden Burabay» қонақ үйіӨтетін күндері:* 2026 жылғы 14–15 сәуір — гид-экскурсоводтарға арналған* 2026 жылғы 28–29 сәуір — маркетинг және жарнама* 2026 жылғы 5–6 мамыр — цифрландыруСеминарлардың мақсаты — туристік қызметтердің сапасын арттыру, қатысушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту және саланы жазғы маусымға дайындау.Қатысу үшін алдын ала тіркеуден өтіп, қатысушылар туралы мәліметтерді келесі телефон нөмірлеріне жолдау қажет:📞 8 777 593 38 98📞 8 747 705 22 48Барлық қызығушылық танытқан мамандарды қатысуға шақырамыз және кәсіби деңгейлеріңізді арттыруға мүмкіндік алуға үндейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1199955?lang=kk
Қазақстанды цифрландыру: eGov.kz электрондық үкімет порталына – 20 жыл 13.04.2026
12 сәуір күні eGov.kz электрондық үкімет порталы іске қосылғанына 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында портал қарапайым ақпараттық ресурс деңгейінен толыққанды цифрлық экожүйеге дейін дамып, әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде ол елдегі технологиялық трансформацияның айқын көрінісі саналады.eGov.kz тарихы – бұл 2006 жылдан бастау алған жүйелі даму кезеңдерінің жиынтығы. Порталдың негізін қалауға Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы, яғни 2005-2007 жылдарға арналған электрондық үкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасы себеп болды. Алғашында портал тек анықтамалық қызмет атқарып, азаматтарға мемлекеттік органдар мен қызметтер туралы ақпарат ұсынумен шектелген еді.Уақыт өте келе электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымы қалыптасып, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу мүмкіндігі пайда болды. Даму кезең-кезеңімен жүзеге асты: алғашқы электрондық қызметтерден бастап онлайн төлемі бар транзакциялық сервистерге, одан әрі өмірлік жағдайларға негізделген кешенді қызметтерге дейін жетті.Цифрлық инфрақұрылымның маңызды элементтері енгізілді. Олардың қатарында мемлекеттік деректер базалары, ведомстволық ақпараттық жүйелер, eLicense.kz порталы, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы және электрондық үкімет шлюзі бар. Бұл шешімдер ең сұранысқа ие қызметтерді алуды жеңілдетіп, мемлекеттік органдарға жеке жүгіну қажеттілігін едәуір қысқартты.Цифрлық сервистер пайдаланушы тәжірибесін түбегейлі өзгертті. Мысалы, заңды тұлғаны небәрі 15 минут ішінде тіркеуге немесе баланың тууын онлайн рәсімдеп, бір мезетте жәрдемақыға өтініш беріп, балабақша кезегіне қоюға мүмкіндік туды.2019 жылы электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы жаңартылып, eGov Mobile ретінде дами бастады. Пандемия кезеңі жүйе үшін үлкен сынақ болумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Шектеулер жағдайында eGov.kz мемлекет пен азаматтар арасындағы негізгі байланыс арнасына айналып, қызметтерге қашықтан үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етті. 2020 жылы биометриялық сәйкестендіру енгізіліп, қызмет алу үдерісі одан әрі жеңілдеді. Осы кезеңде пайдаланушылар саны мен онлайн қызметтер көлемі айтарлықтай өсті. Сонымен қатар Smart Bridge, Smart Data Ukimet және eGov Business жобалары іске қосылып, цифрлық құжаттар бағыты қарқынды дамыды.Бүгінде электрондық үкімет күнделікті өмірдің қалыпты құралына айналды. Порталда 15 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген, ал көрсетілген қызметтердің жалпы саны 508 миллионнан асты. eGov Mobile арқылы 111 миллионнан астам қызмет көрсетілген, бұл азаматтардың мобильді форматқа тұрақты түрде көшіп жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда 1300-ден астам мемлекеттік қызметтің шамамен 90%-ы онлайн қолжетімді. Сондай-ақ пайдаланушылар үшін 39 цифрлық құжат ұсынылған.«eGov-тың 20 жылы – ақпараттық порталдан бастап миллиондаған қазақстандықтың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған ауқымды цифрлық экожүйеге дейінгі жол. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді, ал мемлекетпен өзара іс-қимыл бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы бола түсті. Қазір біз жаңа кезеңге – eGov 3.0-ге қадам басып отырмыз, мұнда проактивті сервистер мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдер шешуші рөл атқарады. Елдің цифрлануына негіз қалаған және оны әрі қарай дамытып келе жатқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Бұл – заманауи әрі тиімді мемлекетті қалыптастыруға қосылған үлкен үлес», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.Қазіргі кезеңде eGov.kz және оның құрамдас бөліктерін дамыту жасанды интеллект шешімдерін кеңінен енгізуге бағытталған. Атап айтқанда, eGov AI және AlemGPT платформасы сияқты құралдар азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесуді барынша қарапайым әрі түсінікті етеді, соның ішінде табиғи тілде диалог жүргізу мүмкіндігін береді. Қазіргі уақытта толық циклді қызмет көрсетуге арналған мультиагентті AlemGPT платформасы сынақтан өтуде. Болашақта ол мемлекеттік қызметтердің барлық түрі бойынша толыққанды AI-көмекшіге айналады.Қазақстанның электрондық үкіметі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып отыр. 2024 жылы UN Global E-Government Development Index рейтингінде Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орынға ие болды, сондай-ақ онлайн қызметтер индексі (OSI) бойынша 10-орынды иеленіп, Оңтүстік Корея, Дания және Эстония сияқты әлемдік рейтинг көшбасшыларымен қатар тұр. БҰҰ сарапшылары Қазақстанның электрондық үкіметі мен оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін жоғары бағалады. Аталған жүйелердің операторы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында цифрлық шешімдерді қолданудың халықтың өмір сапасын арттырудағы маңызы атап өтілді.Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері әрдайым басым бағыт болып қала береді. Жеке деректерді қорғау конституциялық деңгейде бекітілген және цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығымен қатар мемлекеттік сервистерге деген сенімнің негізі ретінде қарастырылады.Осы жетістіктердің артында ең басты нәтиже тұр – азаматтардың үнемделген уақыты мен ресурстары, сондай-ақ бюрократиялық жүктеменің айтарлықтай азаюы. Бүгінде eGov жай ғана құрал емес, мемлекет пен қоғамның сенімді цифрлық серіктесіне айналды.Қазір біз келесі қадамды жасап отырмыз – анағұрлым ақылды, қамқор әрі шын мәнінде адамға бағдарланған мемлекет құруға. Осыдан 20 жыл бұрын баланың тууын рәсімдеу, тіркеуге тұру немесе жәрдемақы алу бірнеше минуттың ішінде, үйден шықпай-ақ жүзеге асады деп елестету қиын еді. Ал бүгінде бұл – қалыпты өмір шындығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1200003?lang=kk
Еңбек иммигранттарына арналған мемлекеттік қызмет толықтай онлайн форматқа көшіріледі 13.04.2026
2026 жылғы 13 сәуірден бастап Қазақстанда еңбек иммигранттарына жұмысқа рұқсат беру және оны ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет ХҚКО-ларда қолжетімсіз болып, өтінімді тек онлайн түрде беруге болады.Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту қызметі онлайн форматқа ауыстырылып, тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болды. Жаңарту Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігін жойып, құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетті.Енді шетел азаматтары Қазақстан аумағында жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін рұқсатты онлайн түрде рәсімдей немесе ұзарта алады. Пайдаланушыларға кейбір құжаттарды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. Мысалы, медициналық анықтама мен сақтандыру туралы мәліметтер мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде тартылатын болады. Бұл өтінім беру уақытын қысқартып, қателіктердің туындау ықтималдығын азайтады.«Бүгінде eGov.kz электрондық үкімет порталында еңбек иммигранттарына рұқсат беру қызметі бойынша барлық қажетті интеграциялар толық жүзеге асырылған. Олардың ішінде медициналық тексеруден өту, сақтандыру және салық төлемдерін автоматты түрде тексеру бар. Мемлекеттік қызметтердің онлайн форматқа қарқынды көшуін және олардың тәулік бойы қолжетімділігін ескере отырып, 13 сәуірден бастап бұл қызметті ХҚКО арқылы көрсету тоқтатылады. Енді өтінімдер тек egov.kz немесе migration.enbek.kz арқылы онлайн түрде қабылданады», - деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.Рұқсат беру немесе оны ұзарту туралы шешімді аудан және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ішкі істер органдарымен келісу арқылы қабылдайды. Рұқсат еңбек иммигранттарын тартуға белгіленген квота шегінде 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Мемлекеттік қызметті алу бойынша қосымша ақпарат eGov.kz порталында және оның әлеуметтік желілерінде жарияланған.Жаңарту ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, ҚР Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Мемлекеттік кредиттік бюроның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1200007?lang=kk
Қазақстан Елшісі «Acwa» компаниясының басшылығымен кездесті 13.04.2026
Рияд, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Acwa» компаниясы Төрағасының орынбасары және Басқарушы директоры Раад Әл-Саадимен келіссөздер жүргізді.Сұхбат барысында энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қазақстан тарапы тұрақты энергетиканы дамыту және экономиканың энергия тиімділігін арттыру үшін «Acwa» компаниясының озық технологиялары мен халықаралық тәжірибесін тартуға мүдделі екенін атап өтті.Өз кезегінде, компания басшылығы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті және Қазақстанның орнықты энергетикалық дамуына белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика және орнықты даму салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтау мақсатында диалогты жалғастыруға уағдаласты.«Acwa» (2026 жылғы қаңтарға дейін – «ACWA Power») – 2004 жылы құрылған Сауд Арабиясындағы ірі энергетикалық компаниялардың бірі. Компания электр станциялары мен тұщыландыру қондырғыларын салу және пайдалану саласына маманданған, кең халықаралық тәжірибеге ие және оның қызметі жаңартылатын энергетиканы дамытуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1199935?lang=kk
«Желқуар» өткізу пунктінің жұмысын қайта бастау туралы 13.04.2026
«Желқуар» өткізу пунктінің жұмысын қайта бастау туралыҚостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы учаскесінде орналасқан «Желқуар» өткізу пункті штаттық режимде өз жұмысын қайта бастағанын хабарлайды.Адамдарды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жүк тасымалдау маршруттарын жоспарлау кезінде «Желқуар» өткізу пунктінің жұмысын қайта бастауды ескеру ұсынылады.Департамент мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199825?lang=kk
«KEDEN» жүйесінде жаңа функционалдардың іске қосылуы туралы 13.04.2026
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «KEDEN» АЖ жүйесінде «Тауарларға декларация» функциясының іске қосылуына байланысты 2026 жылғы 11 сәуір сағат 00:00-ден бастап жұмыс істейтінін хабарлайды. Осыған байланысты 2026 жылғы 10 сәуірден бастап «Кеден» АЖ жүйесінде «Салықтар, кедендік баждар, антидемпингтік, арнайы, өтемдік баждарды төлеуді жүзеге асыру міндеттемесіне қамтамасыз ету» модулін (әрі қарай - қамтамасыз ету) ТД, ТӘӨ, ТСҚ бойынша қамтамасыз ету тіркеуге өтініш беру бөлігінде іске қосу жоспарлануда. «Астана-1» АЖ жүйесі арқылы қамтамасыз етуді тіркеу жаңа функцияның іске қосылуына байланысты 2026 жылғы 10 сәуір сағат 21:00-ден бастап тоқтатылады.«Қамтамасыз ету» модулінде мемлекеттік қызметті орталықтандырылған көрсету бойынша функционалды жүзеге асыру қарастырылған, өтінішті беру кезеңінен бастап қамтамасыз етуді тіркеуге дейін және қамтамасыз ету статустарын автоматты түрде белгілеуге дейін. Жүйеде СЭҚҚ мен МКД лауазымды тұлғалары үшін өтініштердің қаралуы, қамтамасыз етудің тіркелуі, сондай-ақ қамтамасыз етудің тіркелуін бас тарту туралы хабарламалар көрсетіледі. Осы функционалда қамтамасыз етудің мүлікті кепілге қоюмен байланысты болу шарттары бойынша сақтандыру шартын, банк кепілдігі, кепілге қою келісімін алу бөлігінде мемлекеттік органдармен интеграциялар қарастырылған. Аталғандарды ескере отырып, келесі мәселелерді назарға алу қажет:1. Е-Otinish, Documentolog арқылы және қағаз түрінде берілген өтініштер қабылданбайды, мүлік кепілдігін беруге арналған келісімнің түпнұсқасын және мүлікті бағалау туралы есепті ұсыну жөніндегі өтініштер (қосымша жөнелту) қоспағанда.2. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 102-бабына сәйкес АИС «ЕСБД» (Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйе "Біртұтас Сақтандыру деректер базасы") арқылы автоматты түрде алу жүзеге асырылды.3. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында банктік кепілдіктер туралы мәліметтерді Кодекстің 99-бабына сәйкес АИС «БДКИ» (Автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Несие тарихтары деректер базасы») арқылы автоматты түрде алу функциясы жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199832?lang=kk
МКК төрағасының Қостанай қаласында халықпен кездесуі 13.04.2026
2026 жылғы 7 сәуірде Қостанай қаласында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымының іске асыру аясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Қостанай облысының тұрғындарымен ашық кездесу өткізді. Жиын барысында төраға Мемлекеттік кірістер комитетінің негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті, оның ішінде салық және кеден заңнамаларына өзгерістер енгізу, жаңа ақпараттық жүйелердің артықшылықтары, халыққа сервистік қызмет көрсетуге көшу, адал бизнесті қолдау, сонымен бірге 2026 жылға арналған алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды арттыру бойынша сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.Сөз соңында Жандос Дүйсембиев кездесуге қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар азаматтармен жеке кездесу өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199839?lang=kk
2025 жылғы IV тоқсан үшін ҚҚС декларациясының (300.00 нысаны) жаңа түрі бекітілді 13.04.2026
2025 жылғы IV тоқсан үшін ҚҚС декларациясының (300.00 нысаны) жаңа түрі бекітілдіҚазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, қосылған құн салығы бойынша декларацияның (300.00 нысаны) жаңа түрі және оны толтыру қағидалары жаңартылды.Бұрын қолданылған 300.00 нысаны 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге қатысты қолданылады. Ал жаңа нысан 2025 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі есептілікке қолданылады.Негізгі өзгерістер300.00.032 жолын толтыру тәртібі жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкес жаңартылды;ҚҚС артық сомасын қайтару тәсілдері 5-тен 3-ке дейін қысқартылды;Салық төлеушілер санаттары бойынша бөліну алынып тасталып, қайтару тетігі жеңілдетілді;Қайтару тәсіліне қарай бірыңғай тәсіл енгізілді;Жол толтырылмайтын жағдайлар кеңейтілді;«бастапқы» және «тарату» декларация түрлері енгізілді.Өзгерістер ҚҚС артық сомасын қайтару рәсімін жеңілдетуге, тәсілдерді біріздендіруге және салық есептілігін жаңа Салық кодексіне сәйкестендіруге бағытталған.Өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 203 бұйрығымен енгізіліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2025 жылғы IV тоқсан бойынша есептілікке қатысты қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199844?lang=kk
Кедендік тізілімдерді орналастыру туралы 13.04.2026
Кедендік тізілімдерді орналастыру туралыҚұрметті СЭҚ қатысушылар!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті https://kgd.gov.kz порталдың жабылуына байланысты кедендік тізілімдерді орналастыру «Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы Қызмет-Салалық құжаттар-Кедендік әкімшілендіру -Тізілімдер» бөлімінде жүзеге асырылатыны жөнінде ақпараттандырады.Сайтқа сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/activities/directions?lang=ru .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199849?lang=kk
Салық төлеуде қиындықтар туындады ма? 2026 жылы төлем мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу жолдарын біліп алыңыз! 13.04.2026
ҚР жаңа Салық кодексі бизнес пен азаматтарға шоттарды бұғаттамай-ақ уақытша қаржылық қиындықтарды еңсеруге көмектесетін тетіктерді қарастырады. Олардың қалай жұмыс істейтінін талдап көрейік.Айырмашылығы неде?🔹 Төлем мерзімін ұзарту (Отсрочка) — бұл бүкіл соманы төлеу мерзімін кешірек мерзімге ауыстыру (6 айға дейін).🔹 Бөліп төлеу (Рассрочка) — бұл берешекті тең үлестермен төленетін бөліктерге бөлу (36 айға дейін).Қандай жағдайда бұған сенім артуға болады?Мерзімдерді өзгерту негіздері заңда нақты жазылған:✅ Форс-мажор: табиғи апаттардан, ТЖ немесе әскери іс-қимылдардан келген залал.✅ Маусымдық сипат: егер сіздің табысыңыз жыл мезгіліне байланысты болса.✅ Қосымша есептілік: егер сіз салықтарды өзіңіз қосымша есептесеңіз.✅ Тексерулер: егер сіз тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалармен келіссеңіз (5 жылдан астам тіркелген жағдайда). ✅ Жеке тұлғаның ауыр жағдайы: егер адам (дара кәсіпкер емес) салықты бірден төлей алмаса.Маңызды шарттар мен шектеулер:🚫 Нені кейінге қалдыруға болмайды: төлем көзінен ұсталатын салықтар (мысалы, жұмысшылар үшін табыс салығы), ЕАЭО елдерінен импорттау кезіндегі ҚҚС пен акциздер, сондай-ақ Ұлттық қорға төленетін төлемдер.💰 Өсімпұл: мерзімді өзгерту өсімпұл есептеуден босатпайды, тек ерекше жағдайларды (мысалы, өз өнімін өндірушілер үшін) қоспағанда. 🛡️ Кепілдіктер: бөліп төлеуді алу үшін (көлденең мониторингке қатысушылардан басқа) мүлік кепілі немесе банктік кепілдік қажет.Нені кепілге қоюға болмайды?Салық органы кепіл ретінде мыналарды қабылдамайды:❌ Жеке тұлғаның немесе ДК-нің жалғыз тұрғын үйі.❌ Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері (электр энергиясы, жылу).❌ Тез бұзылатын тауарлар мен тамақ өнімдері.❌ Тыйым салынған немесе үшінші тұлғалардың ауыртпалығы бар мүлік.Арнайы соттар үшін: Егер сіздің қаржылық жағдайыңыз талап қою кезінде оны төлеуге мүмкіндік бермесе (мысалы, ауруға, жалақының болмауына немесе жұмыссыз мәртебесіне байланысты), соттарда мемлекеттік бажды төлеу мерзімін бір жылға дейін ұзартудың жеке тәртібі бар.Есіңізде болсын: егер сіз төлем кестесін 5 жұмыс күнінен артық бұзсаңыз, мерзімді ұзарту туралы шешім мерзімінен бұрын жойылады және салық органы мәжбүрлеп өндіруді бастайды.Салықтарыңызды алдын ала жоспарлаңыз және заңды қолдау құралдарын пайдаланыңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1199749?lang=kk
Запорожье ауылдық округінің әкімі сайланды 13.04.2026
Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Запорожье ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылардың келуі 72,08 % құрады (1440-тан 1038).Дауыс беру қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі болып Ақылбек Айтуғанұлы Алдажаров сайланды.Ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі АСК шешімімен Ақылбек Айтуғанұлы Алдажаров Жақсы ауданының Запорожье ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.Ақылбек Айтуғанұлы, 1984 жылы Терісаққан ауылында туған, білімі жоғары: 2017 жылы Орталық Қазақстан академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2006 жылы Ақмола облысы ІІД Жақсы аудандық ішкі істер бөлімінің арнайы тобының кіші қызметкері болып бастаған.2012 жылдың қараша айынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін Ақмола облысы ІІД Жақсы АІІБ кадр жұмысы тобының жауынгерлік, қызметтік және кәсіптік даярлау жөніндегі инспекторы лауазымын атқарды.2017 жылдың қыркүйек айы мен 2025 жылдың тамыз айы аралығында ҚР ІІМ Ақмола облысы полиция департаменті Жақсы ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымын атқарып, кадр саясаты мәселелеріне жетекшілік етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1199765?lang=kk
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру 13.04.2026
Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1199660?lang=kk
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша түсімдерді бюджет жүйесінің 3-ші және 4-ші деңгейдегі бюджеттеріне есептеуге қатысты 13.04.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің нормаларын біркелкі қолдану мақсатында мынаны мәліметке жеткізеді.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бюджет кодексінің нормаларымен жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен арттыру шеңберінде кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салық (бұдан әрі – КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС) түсімдерін бюджет жүйесінің 3-ші (аудандық, облыстық маңызы бар қала) және 4-ші (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ) деңгейлегі бюджеттеріне есептеу көзделген.Осыған байланысты, «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС 105310 БКК-на есептеледі.Сонымен қатар, 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 788 және 789-баптарына сәйкес салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша есептелген салық сомасын бюджетке төлеуге және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына декларация тапсыруға міндетті.Бұл ретте Салық кодексінің 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері – Қазақстан Республикасында тіркелу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері.Осыған байланысты, қайшылықтарды болдырмау мақсатында аталған мәселе 2026 жылғы 3 наурызда жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысында қаралды, оның шеңберінде КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС-ты салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша төлеу бөлігінде Салық кодексіне ретроспективті түзетулер енгізу туралы шешім қабылданды.Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Салық кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін мыналарды басшылыққа алу қажет:1) КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС бойынша 2025 жылдың 4-тоқсанына арналған декларацияны жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады (105306 БКК-на төлей отырып);2) 2026 жылғы салық кезеңдері үшін КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады (105310 БКК-на төлей отырып).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1199662?lang=kk
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өткізу туралы 13.04.2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында, сондай-ақ көктемгі екі айлық санитарлық тазарту жұмыстары барысында әкімдік пен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.2026 жылғы 11 сәуірде қала аумағында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және көріктендіру жұмыстары жалғасуда.#ТазаҚазақстан #ТазаҚалаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1199614?lang=kk
Құрлық әскерлері әскери институтының 30 курсанты алғаш рет түнде парашютпен секірді 13.04.2026
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының үшінші курс курсанттары оқу-жаттығу сабақтары барысында Қонаев гарнизонында түнгі парашютпен секіруді сәтті орындады. Секірулер Ми-17 тікұшағынан 800 метр биіктіктен десант түсіру алаңына жүзеге асырылды.Парашютпен секірмес бұрын «барлау бөлімшелерін басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқан курсанттар теориялық және практикалық сабақтардың толық кешенінен өтті. Жердегі дайындық бағдарламасы қарапайымнан күрделіге қарай қағидасымен жүргізілді. Алдымен курсанттар парашютті жинау тәртібін, секірудің жекелеген элементтерін меңгеріп, кейін динамикалық кешенді тренажерларда дағдыларын бекітті.Түнгі жағдайда тапсырмаларды пысықтау үшін секіру аймағы алдын ала жарықтандыру, белгі беру бағдарлары және басқару құралдарын қамтитын техникалық құралдар кешенімен жабдықталды. Курсанттар сондай-ақ маңдай шамдармен, жеке қорғаныс және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді.– Сіздер қажетті дайындықтан өттіңіздер. Іс-әрекеттеріңізге сенімді болуларыңызды, барлық нұсқаулықтарды қатаң сақтауларыңызды және сәтті қонуларыңызды тілеймін, – деп курсанттарға Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы полковник Ербол Нұржанов ақ жол тіледі.Парашютпен секіру – болашақ офицерлердің кәсіби даярлығындағы маңызды кезең. Дайындықтың барлық сатыларында нұсқаушылар қатаң бақылау жүргізіп, әр курсанттың жабдықтарын мұқият тексерді. Қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.– Бұған дейін күндіз секірген болатынмын. Түнгі секіру мен үшін тың тәжірибе болды. Көріну шектеулі болғандықтан сәл қиындық туғызды, бірақ дайындықтың арқасында тапсырма сәтті орындалды, – деді кіші сержант Сұңғат Дәукен.Нұсқаушылар құрамы курсанттардың үйлесімді іс-қимылын, тәртібін және парашютпен секіру кезінде көрсеткен кәсібилігін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1199638?lang=kk
Үздік волейболшылар! 13.04.2026
Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» облыстық спартакиадасының волейбол бойынша жарыстары өтті.Мәмілесіз ойындар нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәкілдері жеңіске қөл жеткізді, екінші орында Ақмола облысы әкімдігінің командасы, ал үшінші орында Аршалы ауданының командасы. Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.Жеңімпаздар командасының капитаны кедендік бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Қайрат Исимбаев осындай шараларды өткізу салауатты өмірдің салттың насихаттауға және дамуына жол беретіндігі туралы атап кетті.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1199582?lang=kk
2026 жылғы 1 сәуірден бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа тәртіп енгізіледі 13.04.2026
2026 жылғы 1 сәуірден бастап банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуды бастайды.Аталған шараның мақсаты — қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету және тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті анықтау.Қандай жағдайлар бақылауға алынады?Барлық аударымдар емес, тек келесі шарттар бір уақытта орындалған жағдайда ғана тексеру жүргізіледі:- әртүрлі 100 және одан да көп адамнан қаражат түсуі;- аударымдардың қатарынан 3 ай бойы қайталануы;- жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асуы.Осы талаптардың барлығы сәйкес келгенде ғана назарға алынады.Назар аударыңызБұл өзгерістер шоттарды автоматты түрде бұғаттауды білдірмейді.Тексеру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:- бастапқыда камералдық бақылау жүргізіледі;- кейін салық төлеушіге ресми хабарлама жолданады;- 30 жұмыс күні ішінде:— түсіндірме беру;— қаражаттың шығу тегін дәлелдеу;— қажет болған жағдайда бұзушылықтарды түзету мүмкіндігі ұсынылады.Жеке аударымдарға қатыстыЕгер қаражат:- жақындардан көмек ретінде;- емделу үшін жиналған қаржы;- қарызды қайтару;- сыйлық немесе жеке қажеттілік мақсатында түскен болса,мұны тиісті дәлелдермен растауға болады.Мұндай түсімдерге салық салынбайды.Бақылаудың негізгі бағытыБұл шара ең алдымен жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтауға бағытталған.Мысалы:- тұрақты түрде тауар сату;- қызмет көрсетіп, бірақ ЖК (ИП) тіркелмеу;- жүйелі табыс таба отырып, салық төлемеу.Маңызды білу қажет- Жеке тұлғалар арасындағы аударымдар заң шеңберінде жүзеге асырылады және салық салынбайды;- Бақылау қарапайым азаматтарға емес, көлеңкелі бизнеске бағытталған;- Егер кәсіпкерлік қызмет жүргізбесеңіз, алаңдаудың қажеті жоқ.ҚорытындыМобильді аударымдарды бақылау — заңсыз кәсіпкерлікті анықтауға арналған құрал. Бұл барлық азаматтардың жеке қаржылық операцияларын толық бақылау деген сөз емес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1199589?lang=kk