Enbekshi QazaQ

Қоғам

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады 14.07.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әртүрлі бөлімшелері бірігіп, мереке қарсаңында Қазақстан халқына ерекше музыкалық құттықтау жолдады.Құқықтық тәртіп әскерінің патрульдік-бекеттік қызметі, авиациялық базасы, қамтамасыз ету полкі мен Құрмет қарауыл ротасының өкілдері бірлесіп, Ән-би ансамблінің домбырашыларымен, сондай-ақ Үлгілі-көрсетімді оркестрдің дирижерларымен әйгілі "Балбырауын"күйін орындады.Ұландықтар музыкалық композицияны орындау үшін астаналықтардың сүйікті орындарының бірі — “Сарқыраманы”сахнаға айналдырды. Астанаға сән берген әсем локацияда мөлдір судың ағысы мен ұлттық аспаптың қоңыр үні әдемі үйлесім тапты. Елуге жуық домбырадан шыққан күй әуезі ұрпақтар бірлігін, дәстүрлер сабақтастығын және ұлттық мұраға деген құрметті көрсетті.Ұлттық ұланның әскери қызметшілері шығармашылық акция арқылы қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтай отырып, ұлттық мәдениеттің әртүрлі мамандық иелерін біріктіретінін дәлелдеді.Музыкалық жоба Отанға қызмет ету тек жауынгерлік міндеттерді орындау ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани құндылықтарын, тарихы мен мәдени мұрасын сақтау екендігін көрсетті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1254086?lang=ru
Руанда мен Оңтүстік Суданның дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесулер туралы 14.07.2026
Найроби, 2026 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ-ның Найробидегі бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Руанда Республикасының Кениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эрнест Руамучиомен, сондай-ақ Оңтүстік Судан Республикасының Кениядағы Істеріне уақытша сенім білдірілген өкілі Чол М. У. Аджонкомен (Chol M. U. Ajongo) екіжақты кездесулер өткізді.Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Қазақстанның БҰҰ аясында су жөніндегі халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдауға ерекше назар аударылды.Өткен әңгімелесулердің қорытындысы бойынша дипломатиялық миссиялардың басшылары бірлескен бастамаларды іске асыруға жәрдемдесуге өзара дайын екендіктерін білдірді және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1254074?lang=ru
Қазақстандық делегация пластикпен ластану мәселесі бойынша үкіметаралық келіссөздер комитетінің (ҮАК) бейресми кездесуіне қатысты 14.07.2026
Найроби, 2026 жылғы 3 шілде - 2026 жылғы 30 маусым мен 3 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Ж. Әлиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен үкіметаралық келіссөздер комитеті (ҮАК) делегациялары басшыларының пластикпен ластану мәселесі бойынша бейресми кездесуіне қатысты БҰҰ филиалының кеңсесінде Найроби.Қазақстандық делегация құрамына Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азияға арналған жобалық кеңсенің қалдықтарды басқару және дөңгелек экономика жөніндегі ұлттық сарапшысы Д. Әжіғалиева, "Жасыл Даму" Ұлттық компаниясының өкілі Р.Өскенбаев кірді.Қазақстан делегациясы Болашақ халықаралық келісімнің негізгі элементтері бойынша ұлттық тәсілдерді ұсынды және мемлекеттердің ұстанымдарын жақындастырудың ықтимал жолдарын талқылауға белсенді қатысты. ҮАК жұмысына қатысу Қазақстан Республикасының орнықты даму, "Жасыл" экономика қағидаттарына және жаһандық экологиялық міндеттемелерді орындауға берік міндеттемесін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1254062?lang=ru
Толқынмен тербелген тәтті әуен: Ұлттық ұланның танымал хоры су үстінде ән салды 14.07.2026
Елорда күні қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше музыкалық акция ұйымдастырды. Ұлттық ұлан Ерлер хоры өзенде қалықтаған ақ кеме бортында өнер көрсетіп, Есіл бойындағы кешкі серуенді нағыз мерекелік концертке айналдырды.Әскери әншілердің сахнасына айналған ақ кеме елорданың басты өзенінен көпшілікке патриоттық шерулер, заманауи композициялар мен қазақ халық шығармаларын паш етті. Қойылымның ерекше форматы жағалауда демалып жүрген қала тұрғындары мен туристердің назарын аударып, жұртшылыққа мерекелік атмосфера сыйлады."Құрмет" орденінің иегері майор Бауыржан Мақаевтың домбырада жеке шығармаларын орындауы концерттік бағдарламаның сәнін келтірді. Оның виртуоздық өнері іс-шараға ұлттық дәм беріп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Жағалау бойымен өтіп бара жатқанда адамдар әуезді кемені көргенде тоқтай қалып, ұландықтардың өнерін тамсана тамашалады. Сондай-ақ ұялы телефондарына түсіріп, таныс әуендерді қосыла шырқады. Әскери әртістерді жылы лебізбен, зор қошеметпен қарсы алды. Бұрын-соңды болмаған айрықша концерттік алаң көрермендерді қуантты.Осындай шығармашылық акциялар Ұлттық ұланның игі дәстүріне айналды. Олар әскери қызметшілердің орындаушылық шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, еліміздің мәдени өміріне белсене қатысып, мемлекеттік және ұлттық мерекелердің маңызын кеңінен насихаттауда. Әскер мен қоғам арасындағы байланысты нығайта түсуде.Құқықтық тәртіп әскері жауынгерлерінің музыкалық құттықтауы Елорда мен оның тұрғындарын құрметтеудің символына айналды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сондай-ақ қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындаумен қатар, еліміздің мәдениет саласында отандық өнердің үздік дәстүрлерін сақтауға елеулі үлес қосып келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1254063?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тікелей эфирі Тақырыбы: «Жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде салықтық шегерімдер» 14.07.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 7 шілдеде сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде салықтық шегерімдер» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: талдау және тәуекелдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Байбулова Әсел Абайқызы.Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1253998?lang=ru
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары! 14.07.2026
Бұған дейін техникалық қателікке байланысты жеке тұлғалардың бір бөлігінде мүлік салығының сомалары дұрыс есептелмегені хабарланған болатын.Бүгінгі күнге, 2026 жылғы 9 шілдеге есептеулерді түзету толығымен аяқталды. Салық төлеушілердің жеке шоттарындағы мәліметтер дұрыс көрсетілуде.Азаматтар мүлік салығын әдеттегі тәртіппен, өздеріне ыңғайлы тәсілмен төлей алады (банктердің мобильді қосымшалары, интернет-банкинг, төлем терминалдары немесе банк бөлімшелері арқылы). Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1256012?lang=ru
2026 жылдың шілде айына арналған салық күнтізбесі 14.07.2026
2026 жылдың шілде айына арналған салық күнтізбесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1253924?lang=ru
Александр Винокуровтың формасы Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада музейінде Қазақстанды алғаш рет танытуда 14.07.2026
Лозанна, 2026 жылғы 6 шілде – Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада музейінде Қазақстан үшін айтулы оқиға өтті. Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың формасы музей коллекциясына ресми түрде табысталды.Бұл Халықаралық Олимпиада музейінде ұсынылатын Қазақстанның алғашқы әрі жалғыз формасы. Аталған музей – әлемдік олимпиадалық тарихтың басты орталықтарының бірі, онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрнекті спортшылардың ұлы жеңістері мен жетістіктерінің нышандары сақталады.Салтанатты рәсім Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) «Көпірлер орнату: инновациялар мен шығармашылық – болашақ қоғамының қозғаушы күші» тақырыбындағы бейресми министрлік саяси диалогы аясында өтті. Талқылаудың өзегінде спорт, инновация, шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық елдерді біріктіруге, адам әлеуетін ашуға және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға қалай ықпал ететіні туралы мәселелер болды.Іс-шарада Қазақстан атынан Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев, сондай-ақ Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысты.Қазақстан үшін бұл күн шын мәнінде тарихи күн болды. Александр Винокуровтың олимпиадалық жеңіс тарихы енді әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған адамдар Олимпиада ойындарының мұрасымен танысатын жерде ұсынылады. Бұл – жеңіс, рух күші және өз еліне деген сенім туралы тарих. Ол музей келушілеріне Қазақстанды және спортшыларымыздың әлемдік аренадағы жетістіктерін еске салып тұрады.Лозаннада сөйлеген сөзінде Александр Винокуров спорт адамның мүмкіндіктер шегін кеңейтуге үйрететінін, ал жеңіс ешқашан бір адамның ғана күш-жігерінің нәтижесі болмайтынын атап өтті. Әрбір жеңістің артында команда, білім, технология, еңбек және сенім тұрады. Ол бүгінде Қазақстан білімге, инновацияға және азаматтарының әлеуетін ашуға ерекше мән беріп отырғанын атап көрсетті.Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі алғаш рет қазақстандық олимпиадалық форма Халықаралық Олимпиада музейінде, әлемдік олимпиадалық қозғалыстың тарихын сақтайтын музейде өз орнын алғанын атап өтеді. Біздің еліміз үшін бұл – халықаралық мойындаудың маңызды нышаны әрі қазақстандық спорттың, қазақстандық чемпиондардың және Қазақстан туының әлемдік олимпиадалық тарихта лайықты орын алатынының дәлелі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1253899?lang=ru
Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Есіл жағалауын әуенге бөледі 14.07.2026
Астана күніне орай Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік музыкалық бағдарлама ұсынды. Әскери оркестр Кенесары хан ескерткішінен бастау алған марш-парадпен өнер көрсетті. Музыкалық шеру Есіл өзенінің жағалауымен өтіп, Атырау көпірі арқылы Орталық саябаққа дейін жалғасты. Шеру барысында оркестр «Алматы», «Амангелді» және «Қазақ маршы» шығармаларын орындап, Есіл жағалауын әсем әуенмен тербеді. Аға әскери дирижер, Орталық әскери оркестрдің көркемдік жетекшісі майор Нұрлан Кучкаровтың айтуынша, Астана күніне арналған бұл мерекелік іс-шараның басты мақсаты – елордалықтар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру, әскери оркестрдің өнерін кеңінен таныстыру және ұлттық музыкалық мұраны дәріптеу.– Астана күні – барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Осыған орай біз әскери және ұлттық музыканы үйлестірген арнайы концерттік бағдарлама дайындадық. Бүгінгі марш-парад пен плац-концерт арқылы елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік атмосфера қалыптастырып, әскери оркестр өнерінің ерекшелігін көрсетуге тырыстық. Мұндай мәдени іс-шаралар жастардың патриоттық рухын нығайтып, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырады деп сенеміз, – деді майор Нұрлан Кучкаров.Марш-парадтан кейін Орталық саябақта плац-концерт (дефиле) өтті. Концерт бағдарламасында  «Қазақ сувенирі» композициясы, қазақ әндерінен, Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларынан және «Дос-Мұқасан» ансамблінің әндерінен попурри орындалды. Әскери оркестрдің өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ұлттық музыканы кеңінен насихаттаған тағылымды мәдени шаралардың біріне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1253895?lang=ru
Астана күні құтты болсын! 14.07.2026
Құрметті қазақстандықтар!🏙️Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!✨️Елордамыз әрқашан көктеп-көгеріп, мәуелі бақтай жайқалып, қарыштап дами берсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1253851?lang=ru
Құрметті қазақстандықтар! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтайды! 14.07.2026
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жасампаздық рухының, тұрақты даму мен жарқын болашаққа ұмтылыстың айқын көрінісі. Елордамыз жыл өткен сайын қарқынды дамып, ел бірлігі мен өркендеуінің маңызды орталығына айналып келеді.Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге тұрақтылық пен өсіп-өркендеу тілейміз. Елордамыздың мерейі үстем, Тәуелсіз Қазақстанымыздың келешегі кемел болсын!Астана күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1253850?lang=ru
Астана күні қарсаңында Токио Губернаторы Юрико Коикенің эксклюзивті сұхбаты 14.07.2026
Токио губернаторы Юрико Коикэ: Астана — стилі ерек, болашағы жарқын мегаполисАСТАНА. KAZINFORM — Астана күні қарсаңында Kazinform агенттігінің тілшісі Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэмен сұхбаттасты.Биыл мамыр айында Юрико Коикэнің елімізге ресми сапары өткен болатын. Сол жолы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы достық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін оны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған еді.Юрико Коикэ ханымның алып мегаполис басшысы ретінде бос уақыты бола бермейтіні түсінікті жайт. Соған қарамастан алтын уақытын қиып, Kazinform агенттігінің сауалдарына жауап берді. Өз сөзінде ол Астананың заманауи әрі Еуразияның іскерлік және туристік хабы ретінде қарқынды дамып келе жатқан қала екенін айрықша атап өтті.— Коикэ ханым, Астанаға сапарыңыздың негізгі мақсаттары қандай болды және оның қандай нәтижелерін табысты деп санайсыз?— Мен ол жолы Қазақстан Үкіметінің шақыруымен бардым. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездестім. Былтырғы желтоқсан айында Токио мен Астана әкімдіктері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Осы жолғы сапарда мен аталған меморандумды іске асыруға қатысы бар ұйымдардың жұмысымен таныстым.Атап айтқанда, біз «жасыл» трансформация (GX) саласында жұмыс істейтін Токионың стартаптары мен шағын және орта кәсіпорындарын ілгерілетуге бағытталған бірқатар ауқымды іс-шара өткіздік. Сонымен қатар ЖИ, табиғи апаттардың алдын алу, білім беру және бекіре балығын өсіру сияқты түрлі бағыттардағы жобалармен таныстық.Бұл сапар ортақ міндеттерді шешудегі ынтымақтастықты тереңдетуге, халықаралық бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға ықпал етіп, Токиоға да, Астанаға да пайда әкелеріне сенімдімін.— Токио әлемдегі ең технологиялық дамыған әрі жайлы мегаполистердің бірі ретінде танымал. Жапонияның қандай тәжірибесі Астанаға пайдалы болуы мүмкін және қалаларды дамытудағы Қазақстанның қандай тәсілдері Токионың қызығушылығын тудыруы ықтимал?— Токионың басты артықшылықтары — қауіпсіздік, қорғаныс және орнықты даму. Мұның бәрі заманауи озық технологияларға негізделген.Мәселен, қалада су тасқынынан қорғану үшін жерасты реттеуші су қоймалары, ЖИ негізінде су деңгейін болжау жүйелері және ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен залалды жедел бағалау технологиялары қолданылады. Ал жер сілкінісінің салдарын азайту мақсатында ғимараттар сейсмикалық тұрғыда күшейтіліп, олардың жерасты дүмпулеріне төзімділігі арттырылады. Қазақстан да Токио сияқты су тасқыны мен жер сілкінісі сияқты табиғи апаттарға тап болғандықтан, бұл тәжірибе мен жинақталған білім елдеріңіз үшін өте пайдалы болуы мүмкін.Өз кезегінде, Қазақстан жасанды интеллектіні, «ақылды қала» технологияларын және басқа да цифрлық бастамаларды белсенді түрде дамытып келеді. Токио да барлық тұрғынға жоғары өмір сапасын қамтамасыз етуді көздейтін «Ақылды Токио қаласы» тұжырымдамасын жүзеге асыруға ұмтылып отыр. Сондықтан Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктері де біз үшін үлкен қызығушылық тудырады және Токио үшін құнды тәжірибе көзіне айналуы мүмкін.Астана мен Токио — өз мемлекеттерінің астаналары әрі ұлттық дамудың қозғаушы күштері. Тәжірибе мен үздік тәжірибелерді бөлісе отырып, біз орнықты қалаларды қалыптастыру жолында бірлесіп жұмыс істей аламыз.— Білім беру саласындағы ынтымақтастықтың алдағы дамуын қалай елестетесіз?— Назарбаев Зияткерлік мектебіне барғанымда білім беру бастамаларымен және оқу ортасымен таныстым. Атап айтқанда, International Baccalaureate стандарттарына негізделген оқу бағдарламасын, сондай-ақ математика мен жаратылыстану ғылымдарын оқыту үдерісін көрдім. Оқушылармен әңгімелескенде олардың білімге деген жоғары ынтасы мен құштарлығын сезіндім.Токио да цифрлық білім беруді дамытуға және түрлі елдердің өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасай алатын, мәдени әралуандықты құрметтейтін, жаһандық ортада табысты еңбек етуге қабілетті мамандар даярлауға ерекше мән береді. Осы бағыттағы жұмыстардың бір мысалы — біздің шетелде білім алуды қолдау бағдарламамыз.Мектептің білім беруді интернационалдандыруға және жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған стратегиялық тәсілі біз үшін жаһандық құзыреттерді дамыту және Токиода халықаралық білім беру ынтымақтастығын кеңейту мәселесінде құнды тәжірибе болды. Бұл сапар жаңа білім алмасулары мен бірлескен бастамалардың бастауына айналып, білім беру саласындағы инновациялардың дамуына және елдеріміз арасындағы достықтың нығаюына ықпал етеді деп үміттенеміз.— Қазақстан мен Жапония мемлекеттерінің басшылары цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін мәлімдеді. Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуда астаналардың рөлі қандай болуы мүмкін?— Жоғарыда айтқанымдай, 2025 жылғы желтоқсанда Токио үкіметі мен Астана қаласының әкімдігі тәжірибе алмасу және ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Осы әріптестіктің негізгі бағыттарының бірі — цифрлық технологиялар.Астанаға сапарымда мен Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында болып, оның қызметімен және елдегі цифрлық экожүйені дамытудағы рөлімен таныстым. Кездесуде ЖИ мен цифрлық технологияларды қалалық мәселелерді шешуге қалай тиімді пайдалану керектігі, сондай-ақ осы салаға қажетті мамандарды даярлау жөнінде пікір алмастық. Кездесу қорытындысында қол қойылған меморандум аясындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенімізді растадық.XXI ғасырды «қалалар ғасыры» деп атайды. Өз елдерінің астаналары ретінде Токио мен Астана ұлттық дамуда ерекше орын алады. Әріптестікті нығайтып, тәжірибе алмасу арқылы біз ортақ сын-қатерге бірлесіп жауап тауып, тиімді шешімдер әзірлей аламыз. Қос қала арасындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Жапонияның цифрлық саладағы өзара ықпалдастығын одан әрі дамытуға серпін береді деп сенеміз.— Сіз әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірінің әкімшілігін бірнеше мерзім қатарынан басқарып келесіз. Осы уақыт аралығында қаланы басқаруға деген көзқарасыңыз қалай өзгерді және ең маңызды сабақ деп нені атар едіңіз?Биыл менің Токио губернаторы қызметіне кіріскеніме 10 жыл толып отыр. Осы уақыт бойы қызметімде екі негізгі қағиданы берік ұстанып келемін: қоғам игілігіне адал қызмет ету және адамдардың мұң-мұқтажына бей-жай қарамау.Қала қаншалықты үлкен болса да, оның басты құндылығы — адам. Токионың 14 миллион тұрғыны қаланың экономикасын, өнеркәсібін, инфрақұрылымын, көлік жүйесін, мәдениетін және басқа да барлық салаларын дамытып отыр.Қоғамның қолдауы мен сенімінсіз ешбір мемлекеттік саясат табысты болмайды. Губернатор болып сайланған сәттен бастап мен отбасы институтын нығайтуға және балаларды тәрбиелеуді қолдауға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келемін. Бұл шаралар Токио тұрғындарының кең қолдауына ие болды. Былтыр Жапония астанасында туған нәрестелер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 пайызға артты. Бұл — соңғы он жылдағы алғашқы өсім болғандықтан, ерекше маңызды көрсеткіш. Мен мұндай нәтижеге Токио тұрғындарының қолдауы мен сенімінің арқасында қол жеткіздік деп есептеймін.Алдағы уақытта да қалалардың дамуына серпін беретін басты күш — адамдарға басымдық береміз. Әрбір адамның өзін қауіпсіз сезініп, алаңсыз өмір сүріп, өз мүмкіндігін толық жүзеге асыра алатын қоғам қалыптастыруға бағытталған бастамаларды одан әрі жалғастырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1253744?lang=ru
«OCEANMAN QAZAQSTAN – 2026»: Алматы облысында 20 елден келген 3000-нан астам спортшы бақ сынады 14.07.2026
Алматы облысының Қапшағай су қоймасында ашық суда жүзуден өткен «OCEANMAN QAZAQSTAN – 2026» халықаралық жарысы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Бұл – Орта Азиядағы ең ірі сайыстардың бірі. Биыл 20 елден келген 3000-нан астам спортшы өзара сынға түсті. Сонымен қатар 10 мыңнан астам жанкүйер қатысушыларға қолдау көрсетті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Қазақстанда бұл жарыс бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар 500 метр мен 10 шақырым аралығындағы 5 санат бойынша бақ сынады. Олар – OCEANMAN (10 км), HALF OCEANMAN (5 км), SPRINT (2 км), OCEANKIDS (500 м) және INSPIRATION (балалар санаты). Ең бастысы, додаға кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүзушілер, балалар, ардагерлер және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар да қатысты.Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жобаның бұқаралық спортты дамытудағы және өңірдің туристік әлеуетін арттырудағы маңызын ерекше атап өтті.– «OCEANMAN QAZAQSTAN» байқауы – Алматы облысының ғана емес, еліміздің спорттық күнтізбесіндегі беделді мемлекетаралық жарыстардың бірі. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жүзушілердің басын қосатын үлкен дәстүрлі спорт мерекесіне айналған. Қатысушылар санының жыл сайын артуы жарыстың өзге де мемлекеттер арасында танымалдығы артып келе жатқанын және елімізде ашық суда жүзу спортына деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Жыл сайын Қапшағай су қоймасында ұйымдастырылатын бұл сайыс Алматы облысының спорттық және туристік әлеуетін арттыруға, өңірдің атын әлемге әйгілеп, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға зор үлес қосып келеді, – деді Марат Елеусізұлы.Екі күнге жалғасқан жарыстың алғашқы күні ерлер мен әйелдер арасындағы ең ұзақ қашықтық бойынша үздіктер анықталды. Оған 1300-ден астам спортшы қатысты. Ерлер арасында 10 шақырымды бірінші болып Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Лев Черепанов бағындырды. Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанған ол қарсыластарының арасынан топ жарып, шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.«Ашық суда жүзуден өткен әрбір жарыстың өзіндік ерекшелігі бар. Ал бұл додада кіл мықтылар бас қосқан. Сондықтан осы жолғы жеңістің орны ерекше. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. «OCEANMAN QAZAQSTAN» фестивалінің жеңімпазы атанғаныма өте қуаныштымын», – деді Лев Черепанов.Әйелдер арасындағы OCEANMAN санатында қазақстандық Ирина Небесная абсолютті чемпион атанды. Ал HALF OCEANMAN қашықтығында мәреге бірінші болып қазақстандық Тимофей Лебедев пен Анна Резванцева жетті.Жарыстың екінші күні 16 жастан асқан 800-ден астам қатысушы SPRINT (2 шақырым) қашықтығы бойынша жарысты. Одан бөлек жүздеген жас спортшы үшін OCEANKIDS және INSPIRATION балалар жарысы ұйымдастырылды. Аталған санаттардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар түгелдей қазақстандық спортшыларға бұйырды.Балалар бәсекесінде бақ сынағандардың бірі Астанадан келген – Фархад Жұманах.«Жарыс алдында қатты қобалжыдым. Бірақ ата-анам мен көрерменнің қолдауын естігенде өзімді әлдеқайда сенімді сезіндім. Осындай ауқымды шараға қатысқаным мен үшін үлкен жетістік. Болашақта жаттығуды күшейтіп, келесі жылы тағы да ерекше әсер мен жаңа жеңістерге қол жеткізгім келеді», – деді ол.Биылғы фестивальдің басты артықшылығы – екі бірдей ірі әлеуметтік жобаның жүзеге асырылуы. «Анашым, мен жүземін» бастамасының арқасында 130 ерекше бала халықаралық фестивальдің қатысушысы атанды. Олардың қауіпсіздігі арнайы жаттықтырушылар мен еріктілердің бақылауында болды. Ал екінші әлеуметтік бағдарлама ауылдық елді мекендерден және әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл жоба арқылы 90 бала алғаш рет халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.Фестивальдің ерекше атмосферасын ағылшын тіліндегі аты аңызға айналған жүргізуші Гордон Грэм толықтырды. Ол – әлемдегі Ironman сериясының ресми дауысы, халықаралық триатлон және ашық суда жүзу жарыстарының тұрақты жүргізушісі. Оның сайысты тізгіндеуі спортшыларға жігер мен сенім сыйлады.Жарыста үздік шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Oceanman Worldwide Championship» финалдық кезеңіне жолдама алды. Алдағы уақытта олардың кәсібилігі мен шыдамдылығын тағы бір мәрте сынға түсетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1253748?lang=ru
Алматы облысында домбыраның қадір-қасиеті дәріптелді 14.07.2026
Алматы облысында қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраның қадір-қасиеті, күй өнері мен халық музыкасы кеңінен дәріптелді. Қонаев қаласында Ұлттық домбыра күніне орай қазақ халқының мәдениетіне деген құрметті арттырып, рухани құндылықтарды кейінгі буынға насихаттауға бағытталған тағылымды шара өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс орталығындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта ұйымдастырылған шараға аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев те қатысып, елдің еңсесін көтеріп, рухын оятатын мерекемен құттықтады. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленгенін айтып, содан бері жыл сайын аталып келе жатқан бұл мереке ұлт руханияты төрінен лайықты орын алғанын жеткізді.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Домбыра күніне орай: «Бұл – еліміз үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттырамыз. Сондай-ақ ұлы дала дәстүрін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, төл өнеріміздің құдіретін танытамыз», – деген болатын.Домбыра – қазақтың жаны, тарихы мен бүкіл болмыс-бітімі. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Алтай мен Атыраудың, Алатау мен Арқаның арасын ен жайлаған халқымыздың сан ғасырлық шежіресі, ішкі жандүниесі жатыр.Өздеріңізге белгілі 1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз өз күшіне енді. Жаңарған Конституцияда Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті деп атап көрсетілген. Ата Заңның қорғауында болған ұлт құндылығының ғұмыры мәңгі болмақ», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ өткен жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен даңқты жерлесіміз, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы да домбыраның мәртебесін асқақтата түскеніне тоқталды. Ұлы композитор салған осы сара жол бүгінде өңірімізде лайықты жалғасын тауып келеді.Облыс әкімінің айтуынша, өңірде күй өнерін дамыту мақсатында үйірмелер өз жұмысын жоспарлы түрде атқаруда. Биылдың өзінде өнерпаздарымыз Қытай, Марокко, Франция, Түркі елдерінде өткен шараларда ұлттық әуендерімізді домбыра аспабымен асқақтатып, көрерменді тамсандырып қайтты. Бұл халықаралық тәжірибе жас таланттардың шығармашылық өсуіне жол ашып, аймақтағы дәстүрлі өнер мектебінің іргетасын бекіте түсті.Мерекелік кеште көрерменнің құлақ құрышын қандырып, өнерсүйер қауымды сүйсінткен композитор, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек Қонаев қаласын думанға бөлеген шара көңілінен шыққанын айтты. Айтулы мерекенің мән-мазмұны жайлы да сөз қозғады. «Домбыра күні арнайы мереке болып бекітілгеннен бері домбырашы жастардың көбейіп келе жатқанын көріп жүрміз. Бұған қарап біз де марқайып, шабыттанып қаламыз. «Кіндікте бұлақ бұлқынса, көгілдір көлің қатпайды» демекші, сол жас буынға қарап, ертеңгі күнге деген сенім ұялайды. Дегенмен домбыраның қасиеті туралы тек мерекеде ғана еске алуға болмайды. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, әр күні ұлттық аспапты қастерлеп, төрде ұстау керек. Сонда келер ұрпақ өзі-ақ домбыраның күмбіріне көңіл түріп, ұлықтап өтетін болады», – дейді әйгілі күйші.Кеште сондай-ақ Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, «Алатау серілері» тобы, «Ақ жауын» камералық оркестрі және Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Олар ұлттық өнердің өн бойыңды шымырлататын шығармаларын орындап, тыңдарманның талғам-талабын тереңдете түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1253710?lang=ru
Марат Сұлтанғазиев сел жүрген аумақтарды аралады 14.07.2026
Алматы облысында бірнеше күн қатарынан жауған нөсер жауын салдарынан өңірдің бірқатар ауданында өзендер арнасынан асты. Табиғи апат салдарын жою үшін тіпті аудандық деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған. Су деңгейі ең көп көтерілген өзендер қатарында Түрген, Ақсай, Ұзынқарғалы және Талғар өзендері бар. Осыған орай облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сел жүрген аумақтарды аралап, апат салдарын жою жұмыстарын тексерді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы алдымен Қарасай ауданындағы жағдаймен танысты. Мұнда Ақсай өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, «Toimart» сауда үйінің іргелес аумағы мен жертөлесін су басқан. Адам шығыны мен зардап шеккендер болған жоқ.Төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарына барлығы 127 адам мен 7 арнайы техника тартылды. Оған Төтенше жағдайлар департаменті мен әскери бөлім қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатысты. Жедел жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде дүкеннің жертөлесіндегі су толық шығарылып, өзен арнасы лай мен қоқыстан тазартылды. Соның нәтижесінде су ағыны қалыпқа келтіріліп, кедергісіз ағуда.Бұдан бөлек Қарасай ауданының Жаңатұрмыс ауылындағы «Ақсай карьері» ЖШС аумағында өзен жағалауын су шайып, карьердің солтүстік-батыс бөлігіндегі топырақ сырғыды. Қазіргі таңда су тасқыны қаупін төмендету мақсатында ауқымды инженерлік жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, өзен арнасының 280 метрі 4 метрге тереңдетіліп, ал ені 5 метрге дейін кеңейтілген. Жалпы көлемі 5600 текше метр топырақ шығарылып, арнайы техниканың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін ұзындығы 320 метр технологиялық жол салынған. Авариялық-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарына 90 адам мен 29 арнайы техника жұмылдырылды.Өңірдегі Түрген өзенінің аумағында да дәл осындай жағдай тіркелген. Еңбекшіқазақ ауданындағы «Түрген – Асы» автомобиль жолының 24 және 26-шақырымдарында тас көшкіні жүріп, өзеннің арнасынан шығуына байланысты жол жабылды. Өзен бойында орналасқан, демалыс аймақтарына тиесілі 17 киіз үйді су басты. Сонымен қатар өзен үстінен салынған уақытша көпірлердің бір бөлігі зақымданды. Осыған байланысты 1 шілдеден бастап Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, облыстық және аудандық әкімдіктер бірлесіп жедел штаб құрып, күшейтілген режимде жұмыс жүргізді. Күн сайын 20-дан астам арнайы техника мен 60-тан астам қызметкер жұмыс істеп, өзен суы қайта өз арнасына бағытталды. Төрт күн ішінде туристер мен Асы жайлауындағы малшыларды қоса алғанда 100-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Таулы аумақтарға адамдардың баруына уақытша шектеу қойылып, полиция бекеттері мен кезекшілік ұйымдастырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде елді мекендерді су басуына жол берілген жоқ.Қазіргі уақытта «Түрген – Асы» автомобиль жолының бүлінген учаскелерінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жол ағаш, бұталардан және тастардан тазартылып, жол төсемін қалпына келтіруге дайындық жұмыстары атқарылуда.Облыс әкімі жауапты мекемелерге төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарын сапалы әрі қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.«Су өткізу жүйелерін тұрақты бақылауда ұстап, өзен арналарының өткізу қабілетін арттыру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қауіп толық сейілгенге дейін барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуі тиіс. Техникалық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, су деңгейін төмендетудің барлық тиімді жолдарын қарастыру қажет. Ең бастысы – мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін алдын алу шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру маңызды», – деді Марат Сұлтанғазиев.«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, облыстың таулы аумақтарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты қауіп толық сейілген жоқ. Осыған байланысты өңірдегі жағдай толық бақылауда болады. Төтенше жағдай салдарын жою, өзен арналарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қауіп толығымен жойылғанша қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.Аймақ басшысы сондай-ақ Талғар ауданы Белбұлақ ауылындағы өрт шыққан көппәтерлі тұрғын үйге барып, тұрғындарымен кездесті.Оқиға 27 маусым күні Жібек жолы көшесі 18-үй мекенжайында болған. Өрт 8 пәтерлі тұрғын үйдің шатырында тұтанған. Осыған орай үш жауынгерлік учаске құрылып, тілсіз жау ауыздықталды. Ол үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрттің жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.Марат Елеусізұлы қазіргі басты міндет мәселені заң аясында әрі жедел шешу екенін айтты.«Нысанға мемлекеттік сараптама жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы толық анықталғаннан кейін тиісті шешімдер қабылданады: пәтерлер қайтадан қалпына келтіріледі не тұрғындар басқа үйлерге көшіріледі», – деген Марат Елеусізұлы барлық жауапты мемлекеттік органдарға түйткілді тездетіп шешуді тапсырды.Қазіргі таңда тұрғындармен тұрақты байланыс орнатылып, қажетті материалдық көмек уақытылы көрсетілуде. Төтенше жағдайға байланысты барлық тиісті іс-шаралар ұйымдастырылып, оқиға салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1253659?lang=ru
Қазақстанның Пусандағы Бас консулы қала полициясының Бас комиссарымен кездесті 14.07.2026
Пусан, 2026 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Асқар Аслан Мұратұлы Пусан қалалық полиция басқармасының Бас комиссары Ким Сон Химен кездесу өткізді.Кездесу барысында қазақстандық дипломат Пусан полициясының басшысын жаңа қызметке ресми тағайындалуымен құттықтап, өңірде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету мәселелерінде Бас консулдықтың құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимылының басымды маңызға ие екенін атап өтті.Өз кезегінде Бас комиссар Ким Сон Хи қазақстандық тарапқа жедел әрі тиімді өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі үшін ризашылығын білдірді. Ол Алматы қаласында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүргізген сәтті бірлескен операция нәтижесінде өз елінде қылмыс жасап, Қазақстан аумағында заңсыз жасырынуға әрекеттенген, халықаралық іздеуде жүрген Корея Республикасының азаматының ұсталып, корей тарапына жедел түрде тапсырылғанын ерекше атап өтті. Оңтүстіккореялық комиссар бұл жағдайды екі елдің құқық қорғау құрылымдары арасындағы өзара сенімнің жоғары көрінісі ретінде бағалады.Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер аясында тараптар Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық Азия + Корея» саммитіне қатысу үшін Корея Республикасына жоспарланған ресми сапары қарсаңындағы қауіпсіздік пен логистикалық қолдау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық полиция агенттігі мен Ішкі істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасы белсенді түрде пысықталып жатқаны айтылып, Пусан полициясы аталған құжатқа қол қою үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Әңгімелесу барысында Оңтүстік Корея аумағындағы қазақстандық азаматтар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар интернет-алаяқтыққа, есірткі айналымына, адам саудасына және жол қозғалысы ережелерін бұзуға қарсы бірлескен іс-қимылды күшейтуге дайын екендерін растады. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында корей тарапы Бас консулдыққа ведомстволық ақпараттық ресурстарда жариялау үшін арнайы ақпараттық материалдарды жолдайтын болды.Ким Сон Хидің Корея Ұлттық полиция университетінің бұрынғы басшысы ретіндегі тәжірибесін ескере отырып, тараптар курсанттар алмасу, оқыту семинарларын өткізу және криминалистика саласында озық тәжірибе алмасу бағытындағы бірлескен бастамаларды пысықтауға қызығушылық білдірді.Кез келген төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен Пусан қалалық полиция басқармасы басшылығы арасында тікелей жедел байланыс арнасы ресми түрде бекітілді.Кездесу жылы қабылдау мен өзара сенімге негізделген ашық диалог жағдайында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1253636?lang=ru
Қазақстан мен Пәкістанның бокс федерациялары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда 14.07.2026
Исламабад, 2026 жылғы 2 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан бокс федерациясының президенті Ижаз Тунгті қабылдады. Кездесу барысында тараптар қазақстандық мамандардың пәкістандық боксшылар мен жаттықтырушыларға арнап өткізген семинарлары мен шеберлік сабақтарының қорытындыларын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.И.Тунг өткен іс-шараларға жоғары баға беріп, көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді және Қазақстан мен Пәкістанның бокс федерациялары арасындағы байланыстар мен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға зор қызығушылық танытатынын жеткізді.Өз кезегінде Пәкістан бокс федерациясының басшысы қазақстандық тараптың шақыруына жауап ретінде оқу-жаттығу жиындарын өткізу мақсатында Қазақстанға делегация жіберуге ниетті екенін мәлімдеді.Өз тарапынан Елші Е.Қыстафин алдағы жоспарларға қанағаттанушылық білдіріп, Пәкістан бокс федерациясымен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Бұдан бөлек, тараптар «Достық» спорт орталығының базасында Пәкістанның бокстан ұлттық чемпионатын ұйымдастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1253617?lang=ru
Қазақстан Пәкістандағы білім беру жобаларын қолдауға 1 миллион АҚШ долларын бөлді 14.07.2026
Исламабад, 2026 жылғы 3 шілде – 2026 жылғы ақпанда Исламабад қаласына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша ҚР Президенті Қ.Тоқаев ҚР Үкіметіне ПИР Федералдық білім және кәсіптік даярлау министрлігі жанындағы Пәкістанның білім беру гранттары қорына (Pakistan Education Endowment Fund, PAK-EEF) 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуді тапсырған болатын.Пәкістан тарапы ұйымдастырған салтанатты рәсімге ҚР Елшісі Е.Қыстафин, Пәкістанның Білім және кәсіптік даярлау жөніндегі мемлекеттік министрі В. Камар, сондай-ақ Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі, Білім министрлігі және өзге де мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.Өз сөзінде PAK-EEF қорының бас атқарушы директоры С.Сухайл көрсетілген қолдау үшін Қазақстан басшылығына алғыс білдіріп, ҚР жоғары оқу орындарымен бірлесіп білім беру саласында бірқатар жобаларды іске асыру ниетін жеткізді. Аталған жобалар аясында пәкістандық студенттерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделуде.Іс-шара барысында Елші Е.Қыстафин Қазақстанның білім беру, академиялық алмасулар, кадрлар даярлау және адами капиталды дамыту салаларындағы Пәкістанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілді екенін растады. Ол білім беру саласына салынған инвестициялар Қазақстан мен Пәкістан халықтарының ортақ бейбіт, орнықты әрі гүлденген болашағына қосылған маңызды үлес екенін атап өтті.Өз кезегінде В.Камар Қазақстан халқына алғыс білдіріп, жуық арада жоспарланған бастамаларды егжей-тегжейлі талқылау және оларды іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеу мақсатында Астана қаласына делегация жіберу ниетін мәлімдеді.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындау үшін екі елдің қорлары мен жетекші жоғары оқу орындары арасында келіссөздер ұйымдастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1253620?lang=ru
Ақтауда болашақ Әскери-теңіз күштері офицерлері тәжірибеден өтіп жатыр 14.07.2026
Ақтау гарнизонында әртүрлі кемелер дивизионының базасында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери-теңіз кафедрасы курсанттары үшін тәжірибелік оқу ұйымдастырылды.Теңіз тәжірибесі барысында курсанттар Әскери-теңіз күштерінің қолданыстағы бөлімдері мен бөлімшелерінде даярлықтан өтіп, вахталық және штурмандық қызмет дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар, кемедегі қызметтің ұйымдастырылу тәртібін меңгеріп, теңіздегі нақты жағдайларға барынша жақын ортада оқу-жаттығу тапсырмаларын орындайды.Сабақ басталар алдында курсанттар қауіпсіздік талаптары бойынша міндетті нұсқамадан өтіп, бөлімшелерге бөлініп, жеке сынақ парақтарымен қамтамасыз етілді.Оқу барысында экипаждың апаттық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарына, сүңгуір жабдықтарын меңгеруге, сондай-ақ суда құтқару және тіршілік ету тәсілдерін үйренуге ерекше назар аударылады. Практикалық сабақтар жауынгерлік кемелердің бортында және мамандандырылған оқу-жаттығу орталықтарында өткізіледі.– Теориялық білім тәжірибеде қолданылған кезде ғана шынайы құндылыққа ие болады. Теңіз тәжірибесі барысында курсанттар экипаж құрамында жұмыс істеуді, уақыт шектеулі жағдайда шешім қабылдауды, өз әрекеттері үшін жауапкершілік алуды және теңіз қызметінің ерекшеліктерін түсінуді үйренеді. Дәл осы кезеңде болашақ Әскери-теңіз күштері офицеріне тән кәсіби қасиеттер қалыптасады, – деді әскери-теңіз факультетінің бастығы 1-ші дәрежелі капитан Артур Тудаков.Әскери мамандарды даярлаудың маңызды кезеңдерінің бірі саналатын теңіз тәжірибесі шілде айының соңына дейін жалғасады. Кәсіби даярлықпен қатар курсанттар үшін мәдени-танымдық бағдарлама да ұйымдастырылған. Олар музейлерді аралап, Ақтаудың тарихи және көрікті орындарымен танысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1253610?lang=ru
Қазақстан мен Пәкістанның шахмат федерациялары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 14.07.2026
Исламабад, 2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан шахмат федерациясының жаңадан тағайындалған президенті Зишан Али Наквиді қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі елдің шахмат федерациялары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.Тараптар қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум мен 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында бірлескен бастамалардың іске асырылу барысын қарастырып, өткізілген және жоспарланған шахматшылар мен жаттықтырушыларға арналған онлайн шеберлік сабақтарының нәтижелері мен алдағы жоспарларын талқылады.Елші Е. Қыстафин өңірлік деңгейде өзара іс-қимылды нығайту және Пәкістан шахмат федерациясының провинциялық филиалдарын бірлескен жобаларды іске асыруға кеңінен тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Өз кезегінде З.Накви көрсетіліп отырған қолдау мен Пәкістандағы шахматты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан тарапына алғыс білдіріп, сондай-ақ ҚР Елшісін Пәкістанның шахматтан ұлттық чемпионатының ашылу рәсіміне құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1253615?lang=ru