Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I әлем чемпионаты басталды 14.08.2025
Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Conseil international du Sport Militaire қолдауымен ұйымдастырылған жарыс басталған күні Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов күш құрылымдарының кіл мықты балуандарымен кездесті. Қорғаныс ведомствосының басшысы ұлттық спорт түрі – қазақ күресін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, жауынгерлерге белдесуде жарқын жеңістер тіледі. Әскери қызметшілер арасында біріншіліктің салтанатты ашылу рәсіміне орталық мемлекеттік органдардың, күш құрылымдарының басшылары және Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) Президенті Бразилия Қарулы күштерінің полковнигі Ролим Фильо Нилтон Гомес қатысты.«Елімізде осындай ауқымды халықаралық турнирді өткізу – үлкен мәртебе. Әскери спортты дамытуға және ұлттық күрес түрлерін насихаттауға үлес қосып жатқанымыз біз үшін зор мақтаныш. Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, нағыз спорттық бәсекелестік рухта өтетініне сенімдімін. Бүгінгі жекпе-жектер барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар, нағыз сайыс пен ұмытылмас әсер сыйлары анық. Ұлттық спортымыз – қазақ күресі болашақта Дүниежүзілік армия спорты кеңесінің бағдарламасында лайықты орын алады деп сенемін», – деп атап өтті Қорғаныс министрі.CISM спорт форумына қатысушылар шеруі Бразилия, Венесуэла, Гана, Иран, Италия, Камерун, Қытай және басқа 25 елдің (150-ден аса спортшы) әскери командаларын тоғыстырды.Қазақстанның Мемлекеттік Туы мен CISM туын көтеру құрметіне ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері капитан Ғұсман Қырғызбаев пен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері капитан Зәмзәгүл Файзолланова ие болды. «Батырлар ізімен» театрландырылған қойылымы, фольклорлық-этнографиялық дефиле және «Намыс» финалдық нөмірі тамаша сәтті айшықтай түсті. Балуандар боз кілемге шыққан сәттен турнирдің жарыс бөлігі басталды. Жекпе-жек ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде өтуде.Чемпионат қазақ күресінің ежелгі спорт түрін халықаралық аренада дамытуға, әлем әскерлері арасындағы спорттық, мәдени және достық байланысты нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1051274?lang=kk
14 тамыз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні 14.08.2025
Мемлекеттік кірістер органдары-республикамыздың мемлекеттік бюджетін толықтыруды қамтамасыз ететін мекеме.Оның тиімді қызметі - республикамыздың экономикасы мен әлеуметтік саласының одан әрі дамуы, қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін айқындайды.Жиналған салықтан түскен қаражат мектептер мен ауруханалар салу, жолдарды жөндеу және салу, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салу сияқты қоғамдық игіліктерді жасауға жұмсалады. Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда.  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алды.Салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мен цифрландыру және жаңа тәсілдер белгілі нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айында мемлекеттік бюджетке 334 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73 млрд теңгеге артық. Өсу қарқыны 128 пайызды құрады.   Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 8 мың 233 тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 70% жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады. Жыл басынан бастап 360  мың  мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері  медальдармен және Алғыс хаттарымен марапатталды.Салық органдарының қызметіне зор үлесін қосқаны үшін және 70 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Бағиля Ахметқалиқызы Молдахметова Комитет торағасының атынан Алғыс хатымен  марапатталды.Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына байланысты «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен Атбасар ауданы бойынша МКБ басшысы Ерік Қадыров, Бурабай ауданы бойынша  МКБ басшысының орынбасары Айгүл Едыгенова, Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Валентина Еремина, Көкшетау қаласы бойынша МКБ бас маманы Айнагұл Абуова марапатталады.Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, сондай-ақ жұмысында қол жеткізген жоғары нәтижелері үшін бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және Комитет пен Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі, кәсібилігі, шынайы азаматтық ұстанымы Ел Президенті белгілеген барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1051275?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 14.08.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов телефон арқылы сөйлесті.М.Нұртілеу Әзербайжан СІМ басшысын Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтап, бұл тарихи қадам ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақты дамудың берік негізіне айналады деген үмітін білдірді.Осы тұрғыда сұхбаттастар өңірлік коммуникацияларды ашу жөніндегі уағдаластықтар аясында туындайтын сауда, логистика және көлік салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты.Сонымен қатар тараптар алдағы өзара іс-қимыл жоспарларын талқылап, жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударды және телефон арқылы сөйлесу барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша тұрақты байланыста болуға келісті.Сұхбат қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және барлық бағыттардағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-baku/press/news/details/1051277?lang=kk
Ағымдағы жылдың 14 тамызында Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. 14.08.2025
Ағымдағы жылдың 14 тамызында Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.Сессия қорытындысы бойынша қала бюджетіне өзгерістер енгізілді. Түзету шеңберінде келесі бағыттарға қосымша қаражат бөлу көзделді:- шұңқырларды жөндеу (күзгі кезең);- контейнерлік алаңдарды кеміргіштерден өңдеу;- автобус жолаушылар тасымалын субсидиялау;- қысқы және жазғы кезеңдерде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау;-16-шы және 28-ші тұрғын аудандарды электрмен жабдықтау;- жолдарды орташа жөндеу.Сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты Өскемен қаласының білім бөлімінің ведомствоаралық комиссиясының құрамына түзетулер енгізілді, сондай-ақ жер комиссиясының жаңа құрамы бекітілді.Жер комиссиясының құрамына: қалалық мәслихат депутаттары, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері, Қоғамдық кеңестің, жергілікті өзін-өзі басқару органының, мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1051235?lang=kk
Қазақстандағы корейлер қауымдастығының жастары Конституциялық Сотта болды 14.08.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Конституциялық Сотқа Анастасия Вангай бастаған Қазақстандағы корейлер қауымдастығы жастар қозғалысының делегациясы келді. Қонақтар құрамында елордалық оқу орындарының жоғары сынып оқушылары мен студенттері болды.Экскурсияға қатысушылар Конституциялық Соттың тарихымен және қызметімен, Ата заңның маңыздылығы және оның азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлімен танысты. Конституциялық бақылау органының тәжірибесінен нақты мысалдар ерекше қызығушылық тудырды.Жас қонақтар заңгер және судья мамандығы, ата-аналардың жауапкершілігі, сондай-ақ құқық саласында жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттер туралы белсенді сұрақтар қойды. Кездесу әсерлі өтіп, балаларды еліміздің заңдарын зерттеуге шабыттандырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1051189?lang=kk
"Жасыл ел" еңбек жасағы жұмысты жалғастыруда 14.08.2025
 Баянды ауылында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының маусымдық жұмысы белсенді түрде жалғасуда. Жасақ құрамындағы жастар көгалдандыру, тазалық және абаттандыру бағытында еңбек етіп, ауылдың көркеюіне үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1051157?lang=kk
KazAID және Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) арасындағы кездесу 14.08.2025
KazAID және Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) арасындағы кездесу2025 жылғы 13 тамыз, Астана қ. – Қазақстанның халықаралық даму агенттігі «KazAID» өкілдері мен Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) басшысы мырза Серхан Актопрак арасында кездесу өтті.Тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою шарттарын талқылады және оны бірлескен жобаны іске қосуға орайластыру мүмкіндігін қарастырды. KazAID IOM-ға талдау жүргізу үшін тақырыптар мен елдер тізімін ұсынды, бұл алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.KazAID пен IOM ынтымақтастығы жаңа мүмкіндіктер ашады. Көші-қон, гуманитарлық көмек және серіктес елдердің әлеуетін нығайту салаларында жобалар жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1051116?lang=kk
Қазақстан Қытаймен қаржылық ынтымақтастықты дамытуда 14.08.2025
2025 жылғы 13 тамызда Бейжіңге (ҚХР) жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Қытай Қаржы министрлігінің, Қытай Халық Банкінің (PBoC) және Қытай Қаржы нарығының институционалдық инвесторлары ұлттық қауымдастығының (NAFMII),сондай-ақ Қытай Экспорттық-импорттық банкінің (Эксимбанк) өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.Қытай Қаржы вице-министрі Ляо Минмен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және екіжақты қаржылық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды.«Қытай Қазақстанның маңызды стратегиялық және инвестициялық әріптесі болып табылады. Қазақстанның Үкіметі Қытай қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Осындай іскерлік кездесулер біздің қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді» – деп Дәурен Кеңбеил атап өтті.Өз кезегінде, Ляо Мин экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін және екіжақты іс-қимылдың перспективаларын жоғары бағалады. Қытайдың юаньмен қаржы нарығының құралдарына Қазақстанның қызығушылығын Қытай тарапы қолдады.Әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында Тараптар ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум жасасу туралы уағдаласты.Қытай Халық Банкі төрағасының орынбасары Ксюан Чаненгпен және NAFMII Бас хатшысының орынбасары Ксю Джонгпен келіссөздер барысында халықаралық қаржылық нарықтардағы ағымдағы жағдай, қаржылық ынтымақтастықты дамыту туралы пікір алмасты және қытайлық нарыққа бондтарды юаньмен шығару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.Қытай Эксимбанкімен инвестициялық жобалардың іске асу барысы талқыланды.Кездесулер қорытындылары бойынша Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруда, әріптестікті одан әрі дамытуда және өзара тиімді мақсаттарды қол жеткізуде сенімділік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1051125?lang=kk
Қазақстан мен Кувейт инвестициялық өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашады 14.08.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев елдің жетекші инвестициялық ұйымдарының бірі – Kuwait Investment Company компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы инвестициялық және экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Қазақстан елшісі еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтіп, экономиканың тұрақтылығын, энергетика, көліктік логистика және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда кең мүмкіндіктердің болуын атап өтті.Kuwait Investment Company өкілдері Қазақстанның инвестициялық әлеуетін зерттеуге қызығушылық танытты және өзара тиімді әріптестік шеңберінде іске асырылуы мүмкін нақты жобалар туралы пікір алмасты.Тараптар байланыстарды одан әрі қолдау және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге бағытталған перспективалық бастамаларды пысықтау туралы уағдаласты.Kuwait Investment Company 1961 жылы құрылған және Кувейттегі ең көне және ең беделді инвестициялық компаниялардың бірі болып табылады. Ұйым активтерді басқаруға, инвестициялық кеңес беруге және жобаларды қаржыландыруға маманданған. Компания Кувейттің қаржы секторын дамытуда маңызды рөл атқарады және экономиканың әртүрлі салаларына белсенді инвестиция салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1051136?lang=kk
"Мерейлі отбасы - 2025": Шымкентте үздік отбасылар анықталды 14.08.2025
 Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.Салтанатты марапаттау рәсімінде Сәрсен Абайұлы дәстүрлі отбасылардың ел бірлігін сақтаудағы рөлін атап өтіп, қазақ қоғамында ер азаматтың, ананың, қыз-келіннің өзіндік орны ғасырлар бойы қалыптасқанын және бұл жүйені сақтау, жас ұрпаққа жеткізу маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, бұрынғы жылдардағы жеңімпаздардың өмір жолы арнайы кітап ретінде жарық көретінін жеткізді.Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақбота Бекхожақызы биылғы байқауда еңбек династияларына ерекше мән берілгенін және іріктеу жұмыстарының аудандық кезеңнен бастап жүйелі жүргізілгенін айтты.- Биыл Шымкент қаласында өтінім қабылдау 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізіліп, 150-ден астам өтініш түсті. Үздіктер арасынан қалалық кезеңге 20 отбасы іріктелініп, олар отбасы мүшелерінің қоғамға қосқан үлесі, балалардың жетістігі, еңбек дәстүрін сақтау және ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру бойынша бағаланды, - деді ол.Жиында 20 қатысушы отбасының барлығына қала әкімінің алғыс хаттары мен теледидар сыйлыққа берілді. Ал бас жүлде иегері – Әл-Фараби ауданынан қатысқан теміржолшылар әулеті Нұртаевтар 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатқа ие болып, 12 қыркүйекте Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
"Мерейлі отбасы - 2025": Шымкентте үздік отбасылар анықталды 14.08.2025
 Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.Салтанатты марапаттау рәсімінде Сәрсен Абайұлы дәстүрлі отбасылардың ел бірлігін сақтаудағы рөлін атап өтіп, қазақ қоғамында ер азаматтың, ананың, қыз-келіннің өзіндік орны ғасырлар бойы қалыптасқанын және бұл жүйені сақтау, жас ұрпаққа жеткізу маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, бұрынғы жылдардағы жеңімпаздардың өмір жолы арнайы кітап ретінде жарық көретінін жеткізді.Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақбота Бекхожақызы биылғы байқауда еңбек династияларына ерекше мән берілгенін және іріктеу жұмыстарының аудандық кезеңнен бастап жүйелі жүргізілгенін айтты.- Биыл Шымкент қаласында өтінім қабылдау 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізіліп, 150-ден астам өтініш түсті. Үздіктер арасынан қалалық кезеңге 20 отбасы іріктелініп, олар отбасы мүшелерінің қоғамға қосқан үлесі, балалардың жетістігі, еңбек дәстүрін сақтау және ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру бойынша бағаланды, - деді ол.Жиында 20 қатысушы отбасының барлығына қала әкімінің алғыс хаттары мен теледидар сыйлыққа берілді. Ал бас жүлде иегері – Әл-Фараби ауданынан қатысқан теміржолшылар әулеті Нұртаевтар 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатқа ие болып, 12 қыркүйекте Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Қалыпқа келтіру жұмыстары 14.08.2025
Қалыпқа келтіру жұмыстары есебінен көше бойларында орналасқан орындықтармен қоқыс жәшіктері жаңартылып орнатылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1051076?lang=kk
«Самар-Вет» ШЖҚ КМК жаңа қызметтік автокөліктер алды 14.08.2025
«Самар Вет» ШЖҚ КМК ұжымы 9 жаңа қызметтік автокөліктің кілттерін алды. Салтанатты рәсімді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өткізді.Осы күні өңірдің ветеринарлық қызметтеріне барлығы 100-ден астам жаңа автокөлік табысталды. Бұл мамандардың жылдамдығын арттырып, олардың жұмыс сапасы мен тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.Айта кету керек, өңірде ветеринарлық қызметтерге тұрақты түрде қолдау көрсетіледі. Биыл мамандардың жалақысы 15–20 пайызға өсті, ал күздің соңына дейін техникалық база толық жаңартылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1051043?lang=kk
Қостанай мен Хэфэй: жаңа серіктестік көкжиегі 14.08.2025
Аньхой провинциясының Хэфэй қаласынан келген Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы Қостанайда ресми түрде қабылданды.Хэфэй қалалық халық үкіметінің мэрі Ло Юньфэн мырзамен өткен кездесуде Қостанай және Хэфэй қалалары арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты тереңдету туралы Меморандумға қол қойылды.Қол қойылған құжат әріптестік байланыстарды нығайтуға, достық алмасуларды кеңейтуге және түрлі саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қалайды. Бұл жетістік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы сенімді диалог пен тұрақты өзара сапарлардың нәтижесінде мүмкін болды. Екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді.Сапар барысында делегация Қостанай облысының әкімімен кездесті, сондай-ақ еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «Allur» зауытында болды. Мұнда бес брендтің техникасы шығарылады, оның ішінде штаб-пәтері Хэфэйде орналасқан қытайлық JAC маркасы да бар.Сондай-ақ, қонақтар Триатлон саябағын аралап, абаттандырылған аумақпен танысты және шолу экскурсиясына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1051053?lang=kk
Жаңа көше орындықтары орнатылды. 14.08.2025
 Абаттандыру жұмыстары есебінен орталық автомобиль жолы бойына, ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында орындықтармен қоқыс салуға арналған жәшіктері орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1051059?lang=kk
ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КӨШБАСШЫСЫ: КӘСІБИЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҮЛГІСІ 14.08.2025
Абдуллаев Нуржан  1975 жылғы 17 ақпанда дүниеге келген. Орта білімін Кентау қаласына қарасты Хантағы елді мекенінде аяқтаған. Жоғары білім алған. Еңбек жолын Кентау трансформатор зауытында бастаған. Өзінің еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында бірқатар ірі импортты алмастырушы кәсіпорындардың – Орал трансформатор зауыты мен Петропавл электротехникалық зауытының іске қосылуына белсене атсалысты. Кейін аталған кәсіпорындарда өндіріс жөніндегі директор қызметін атқарған.Өзінің тәжірибесі мен көшбасшылық қабілеттері арқылы отандық электротехникалық өнеркәсіптің дамуына және өндірістік инфрақұрылымның кеңеюіне елеулі үлес қосты. Қазақстандағы электротехникалық саланың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан.Қазіргі уақытта «AsiaTrafo» зауытындағы өндірістік цехты басқарады, онда жоғары кернеулі қуат трансформаторларына арналған металлқұрылымдарды дайындау процесін қадағалайды. Өнеркәсіп саласында еңбек етуді жалғастырып, «AsiaTrafo» кәсіпорнында өндірістік үдерістерді дамыту, жұмысшылар арасында техникалық құзыреттерді жетілдіру және тәлімгерлікпен айналысады. Абдуллаев Нуржанның басшылығымен зауыттар үшін 30-дан астам маман даярланды. Орал, Петропавл және Шымкент қалаларындағы үш трансформатор зауытының өндірісін іске қосу кезінде жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті. Мемлекеттік наградалары:– «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі– «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісі20 жылдан астам уақыт бойы «Alageum Electric» компаниясында қызмет атқарып келеді.
Кеңес өтті 14.08.2025
2025 жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аппаратының басшысы С.А. Ерсеитованың төрағалығымен заңдылықты бұзушылықтарды жоюға қатысты 2025 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ұсынысын қарауға арналған кеңес өтті.Отырыс барысында қатысушылар ұсынылған деректер негізінде анықталған заңдылықты бұзушылықтарды талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1050980?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысынан шыққан 49 жастағы әйелдің өміріндегі екінші мүмкіндік: көз жасы, рақымшылық және немерелерінің суреттері 14.08.2025
Шығыс Қазақстан облысынан шыққан 49 жастағы әйелдің өміріндегі екінші мүмкіндік: көз жасы, рақымшылық және немерелерінің суреттеріОның өмірін бір ғана абайсыз қадам екіге бөлді. Алайда, алаяқтық үшін жазасын өтеген 49 жастағы қазақстандық әйел бүгін өмірінің жаңа парағын ашты.Ол Шығыс Қазақстан облысында рақымшылықпен босатылған тұңғыш әйел атанды. Арманы сот залында орындалды. Рақымшылықтың арқасында ол 5 ай ертерек үйіне оралды.Жазасын өтеген минималды қауіпсіздік колониясында ол шаруашылық блогында жұмыс істеп, күнделікті кір жуумен, үтіктеумен айналысқан. Бірақ әр кеш сайын ол бір әдетін қайталап отырды: ұйықтар алдында кеудесінен тозығы жеткен бірнеше суретті алып, немерелерінің суретін сүйетін. Оларды сағына, шаштарын өріп, мектепке апарып, жай ғана қасында болғысы келді. Өзінің айтуынша, бұл суреттер оған тұмар және жалғыз үміт болған.Бостандыққа жету жолы оның өкінуімен ғана емес, мекеме қызметкерлерінің қажырлы еңбегімен де қамтамасыз етілді.Жетістікке жетуіне қадам басып, барлық қажетті құжаттарды жинауды отряд бастығы жеке өзі бақылап отырды. Осы тыңғылықты және жүйелі жұмыстың арқасында Айжан (аты өзгертілген) өзінің екінші мүмкіндігіне ие болды.Сот өкілі шешімді оқығанда, оның көңілі босап, көз жасына ерік берді. Көз жасын сүртіп, ол: "Ақыры арманым орындалды – балаларыммен, немерелеріммен кездесемін! Қастарынан табылып, қателерімді қайталамаймын! Заң - заң, мен жаза алдым, бүгін Астанаға, үйіме билет аламын" деді.⠀Бұл күні ол барша қазақстандықтарға шынайы ескерту жасады: "Абайсыз қадам жасамаңыздар. Бұл оған тұрмайды".Бұл оқиға – жай ғана босату туралы жаңалық емес. Бұл – сенім, үміт және темір тордың артында да бәрін қайта бастауға күш табуға болатыны туралы тарих.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1050983?lang=kk
Жеке тұлғалармен жергілікті салықтарды төлеуі туралы және көлік құралдарына салықты төлеу бойынша өзгерістер 14.08.2025
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өтті.Жеке тұлғалармен жергілікті салықтарды төлеу, соның ішінде көлік салығын төлеу және 2026 жылдан басталатын өзгерістер  – брифингтің басты тақырыбына айналды.БАҚ өкілдерін облыста жеке тұлғалармен жергілікті салықтарды төлеу және көлік салығын төлеу бойынша болатын өзгерістер туралы мәлімет қызықтырды, бұл туралы өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Увалиев айтып берді.–  Ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың 2024 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.Төлем мерзімі аяқталғанға дейін бір жарым айдай уақыт қалғанына қарамастан Павлодар облысының 30 000-нан астам тұрғыны 72 млн.теңгеге жуық сомаға мүлік салығын төлемеген. 2024 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың есептелген сомасы шамамен 342 млн. теңгені құрайды, оны 276 мыңнан астам салық төлеуші төлеуге тиіс.Қазіргі уақытта бюджетке шамамен 270 млн. теңге түсті. Мүлік салығының сомасын "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі" деректемелері бойынша, сондай-ақ "Halyk Bank", "Kaspi Bank" банктерінің қосымшалары арқылы білуге және бір мезгілде төлеуге болады. Сонымен қатар, мүлік салығының сомасын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті порталының portal.kgd.gov.kz қызметтер бөлімі «ЖТ алдағы төлемдері және берешегі» бөлімшесінен,  SalyqBot сілтемесі бойынша Telegram каналындағы Чат-бот және 1414 нөмірі бойынша бірыңғай Байланыс-орталығына хабарласу арқылы да білуге болады. Жеке тұлғалардың 2025 жылға көлік құралдарына салықты төлеу 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасы Салық кодексінің 493-бабына сәйкес дербес есептеледі. Мұны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің portal.kgd.gov.kz порталында орналастырылған " Калькуляторлар /Көлік салығы" электрондық сервисін немесе "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының (AppStore және PlayMarket-тен жүктеу) "Калькуляторлар" сервисін, сонымен бірге SalyqBot сілтемесі бойынша Telegramдағы Чат-ботта  «Калькуляторлар» сервисін пайдалану және 1414 нөмірі бойынша бірыңғай Байланыс-орталығына хабарласу арқылы жасауға болады.Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде мемлекет басшысымен 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет ететін жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Көлік құралдарына салықты төлеу бойынша өзгерістер жеңіл көліктерге қатысты, пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын көліктердің салық сомасына 0,7 түзету коэффициенті, ал пайдалану мерзімі 20 жылдан асатын көліктердің салық сомасына 0,5 түзету коэффициенті қолданылады, яғни 2027 жылы салық сомасын сәйкесінше 30% және 50% азайтумен төлейтін боламыз, – деп атап өтті Арман Увалиев.БАҚ өкілдерінің көптеген сұрақтарына жауаптар берілді. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1050972?lang=kk
Қызылордада ҚАЖ мекемесінде жаңа өндіріс орындары ашылды 14.08.2025
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандарды еңбекпен қамту және олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда облыс мекемелерінде жазасын өтеушілердің 70 пайызы еңбекке тартылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу мақсатында бірқатар жаңа өндіріс орындары ашылды.Қызылорда облысы прокуратурасының және ҚАЖ департаментінің қолдауымен, Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы арқылы «Ален» жеке кәсіпкерлігіне Республикалық иновациялық бағдарламасы бойынша қайтарымды несие берілді. Бұл қаржыға брусчатка өндіретін заманауи құрылғы орнатылып, 15 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды.Сонымен қоса «Смартблок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі– полистирол блок өндіретін және «BAI-M TREND GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – пескаблок шығару бойынша екі цех ашылып, 16 сотталғанды жұмыспен қамтыды.Бүгінгі таңда №60 мекеменің өндірістік аймағында 15 жеке кәсіпкер сотталғандарды жұмыспен қамтып және босап шыққаннан кейін тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік беріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1050973?lang=kk