Қоғам
ҚазҰТБ-ның болашақ әскери мамандары алғашқы далалық тәжірибеден өтті 14.07.2026
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті әскери кафедрасының офицерлер тобының студенттері алғаш рет Арнайы операциялар күштерінің 68665 әскери бөлімінде практикалық даярлықтан өтті.Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған далалық жиынның жаңа форматы бөлімшелердің жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілу кезеңімен ұштастырылды. Бұл әскери кафедраның «Тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру», «Заңгерлік-консультациялық жұмыс» және «Киберқорғаныс» мамандықтары бойынша білім алып жатқан 78 студентіне әскери қызметтің нақты жағдайында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.ҚазҰТБ әскери кафедрасы циклінің бастығы полковник Ермиян Бятовтың айтуынша, сабақтарды тікелей әскери бөлімде өткізу болашақ офицерлердің кәсіби даярлық деңгейін едәуір арттырады.– Жауынгерлік әзірлік жағдайында жеке құраммен жұмыс істеу студенттерге баға жетпес практикалық тәжірибе беріп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасайды. Мұндай даярлық түрі қызметке кіріскен алғашқы күннен-ақ өз міндеттерін сапалы атқара алатын мамандарды қалыптастырады, – деді ол.68665 әскери бөлімі «Қалқан» арнайы мақсаттағы батальоны ротасы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Асан Тайжанов студенттер бөлімшенің күнделікті қызметіне тез бейімделіп, өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсеткенін атап өтті.Болашақ офицерлер мерзімді қызметтегі сарбаздарға мемлекеттік-құқықтық даярлық, жауынгерлік ақпараттандыру және тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, Конституцияның негізгі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар заманауи байланыс және ақпараттық қауіпсіздік құралдарын, ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды қолдануды меңгеріп, штаттық қарудан тәжірибелік атыстар орындады.– Әскери кафедрада біз көбіне теориялық білім аламыз. Ал бұл тәжірибе бізге әскери қызметтің шынайы тыныс-тіршілігін көріп, жеке құраммен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік берді. Бұл болашақ офицер мамандығының жауапкершілігін тереңірек сезінуге және әскери қызметті өмірлік таңдау ретінде қабылдауға ықпал етті, – деді ҚазҰТБ әскери кафедрасының 2-курс студенті Диас Молдағали.Далалық жиын бағдарламасы Ұлттық домбыра күніне арналған шараларымен толықтырылды. Практика соңында үздік студенттер мен мерзімді қызмет әскери қызметшілері марапатталды. Ерекше көзге түскен сарбаздардың ата-аналарына әскери бөлім басшылығы бейнеқоңырау арқылы алғыс білдірді, әскери қызметшілердің жетістіктері ақпараттық бюллетендерде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1253604?lang=ru
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксимен кездесу өткізді 14.07.2026
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады.Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Президент Дональд Трамп Әкімшілігімен сындарлы ықпалдастықты нығайта түсуге әзір екенін растады. Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің стратегиялық сипатына айрықша назар аударды.Президент Қазақстанның америкалық бизнес үшін қолайлы инвестициялық климат жасауға бейіл екенін атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуш Чокси ықпалдастықты кеңейту, соның ішінде аса маңызды минералдарды игеру, энергетика, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, өзара көлік байланысы, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы және қаржы қызметтері перспективасын талқылады.Хуш Чокси байланыстарды одан әрі дамыту әлеуетінің жоғары екеніне тоқталып, өзара қызығушылық тудырған бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1253590?lang=ru
Брнода көрме қызметі мен телекоммуникация саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті талқыланды 14.07.2026
Брно, 2026 жылғы 29 маусым - Оңтүстік Моравия өлкесінің іскер топтарымен өткізілген кездесулер аясында Қазақстан Республикасының дипломаттары халықаралық деңгейдегі «BVV Trade Fairs Brno» көрме кешенінде болып, оның Бас директоры Ян Кубатамен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастықты кеңейту, іскерлік байланыстарды дамыту және бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелері қаралды.Тараптар Брноның Орталық Еуропадағы жетекші іскерлік, технологиялық және көрме орталықтарының бірі ретіндегі әлеуетіне тоқталды. Сонымен қатар қазақстандық компаниялардың халықаралық көрме іс-шараларына белсендірек қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияға арналған бизнес-форумдарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Өз кезегінде чех тарапы Қазақстанда өтетін өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы халықаралық көрмелерге Чехияның бизнес қауымдастығының қатысуын ұйымдастыру бағытындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.Кездесу барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің орнықты дамуына, құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға тың серпін беріп, шетелдік бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.Тараптар Чехия Республикасының Премьер-Министрі А.Бабиштің Астанаға жуырдағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды негізге ала отырып, көрме-индустриясы саласындағы және өзара қызығушылық тудыратын өзге де бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.Анықтама: «BVV Trade Fairs Brno» - Орталық Еуропадағы ең ірі көрме кешендерінің бірі. Оның тарихы 98 жылдан асады. Мұнда жыл сайын 90-ға жуық халықаралық іс-шара, оның ішінде әлемге танымал Халықаралық машина жасау көрмесі мен IDET халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік техникасы көрмесі өткізіледі.Қазақстандық делегация «Whalebone» компаниясының Бас директоры Рихард Маловичпен де кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында киберқауіпсіздік, заманауи цифрлық платформаларды пайдалану, технологиялық шешімдерді дамыту және екі елдің кәсіпкерлік қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасу болды.Кездесуде цифрлық трансформация, инновациялық шешімдерді енгізу және жасанды интеллект технологияларын экономиканың түрлі салаларында қолдану бағытындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.Чех тарапы Қазақстан Үкіметінің цифрлық күн тәртібін іске асыру, тиісті инфрақұрылымды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, соның ішінде киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жөнінде қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етілді.Өз кезегінде Рихард Малович компанияның Қазақстандағы табысты қызмет тәжірибесіне жоғары баға беріп, елдегі қызмет аясын кеңейтуге зор мүмкіндік бар екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі жетекші рөлін және өзара тиімді технологиялық әріптестікті дамыту үшін қолайлы әлеуетін ерекше атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа перспективалы жобаларды бірлесіп іске асыруға бағытталған өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Анықтама: «Whalebone» компаниясы 2016 жылы Брно қаласында құрылған. Бүгінде ол телекоммуникациялық желі операторларына арналған киберқауіпсіздік шешімдерін әзірлеу және жеткізу саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1253586?lang=ru
Домбыра күні Еуропа астанасында аталып өтті 14.07.2026
Брюссель, 2026 жылғы 3 шілде. Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде дипломаттар, отандастар, студенттер мен Қазақстанның бельгиялық достарынан құралған «DOMBRAssadors» ансамблі өнер көрсетті.Ансамбль орындауында «Ерке сылқым», «Әлқиса», «Ата толғауы», «Балбырауын» және «Сұлу қыз» шығармалары орындалды. Домбыра, жетіген, сазсырнай, қобыз, шаңқобыз және дауылпаз секілді қазақтың ұлттық аспаптарының гобой, скрипка және аккордеонмен үйлесімді үндесуі ерекше әсер қалдырды. Бұл шығармашылық бастама музыканың түрлі мәдениеттер мен ұрпақтарды жақындастыратын ерекше күшін тағы бір мәрте паш етті.Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко: «Домбыра – халқымыздың жаны, тарихы мен ұрпақтар сабақтастығының символы. Ұлттық домбыра күні қарсаңында оның үні Еуропаның жүрегінде шырқалып жатқаны ерекше мәнге ие. Музыканың шекарасы жоқ, ал домбыра арқылы біз қазақ мәдениетінің бір бөлшегін таныстырып, халықтарымыз арасындағы достықты нығайтып келеміз», – деп атап өтті.2026 жылы Бельгияда екі қазақ мәдени орталығы ашылды. Онда балалар мен қазақ диаспорасының өкілдері қазақ тілін үйреніп, домбыра тартуды меңгеріп, ұлттық би мен қазақтың салт-дәстүрімен танысып келеді. Бұл орталықтардың қызметі ұлттық болмысты сақтауға және Қазақстанның бай мәдени мұрасын Бельгияда кеңінен насихаттауға үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1253589?lang=ru
Қазақстан мен Сербия цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда 14.07.2026
2026 жылғы 2 шілде, Белград – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі сербиялық цифрлық технологиялар саласының сарапшысы Иван Милькичпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, инновациялар мен цифрлық коммуникациялар салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған.Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Атамқұлов Иван Милькичті Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды цифрлық реформалармен, электрондық үкіметті дамытудағы жетістіктермен, мемлекеттік цифрлық сервистерді енгізу тәжірибесімен, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын экономиканың түрлі салаларында практикалық қолдану бағыттарымен таныстырды.Қол қойылған меморандумға сәйкес Иван Милькич Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінің штаттан тыс цифрлық кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл мәртебеде ол цифрлық трансформация саласындағы жобаларды сараптамалық сүйемелдеумен айналысып, инновациялық шешімдерді ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Сербия арасындағы цифрлық технологиялар саласындағы кәсіби және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1253573?lang=ru
Қазақстан аятолла Хаменеймен қоштасу рәсіміне қатысты 14.07.2026
Тегеран, 2026 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдеріне қатысты.Сапар аясында Е.Көшербаевты Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан қабылдап, сондай-ақ Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен келіссөздер өткізді.Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқының атынан Е.Көшербаев Иран халқына және басшылығына жуырдағы қайғылы оқиғаларға байланысты шынайы көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.Иран Президентімен өткен кездесуде тараптар Масуд Пезешкианның 2025 жылғы 10–11 желтоқсанда Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар өңірдегі қазіргі ахуал мен оның одан әрі даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.А.Аракчимен өткен келіссөздердің күн тәртібі екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды, сондай-ақ Қазақстан – Иран қатынастарын одан әрі дамытуды қамтыды.Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасымен дәстүрлі достық, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға берік бейілдігін растады. Сонымен қатар Иранның және өңір елдерінің тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлі атап өтілді.Қазақстан Сыртқы істер министрі Иран мен АҚШ арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын атап өтті.2026 жылғы 28 маусымда Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портынан қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімге ерекше мән берілді. Бұл жобаның Мемлекет басшысының Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту және экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырғаны атап өтілді.Осыған байланысты терминал құрылысы Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сауда көлемінің одан әрі артуына ықпал ететініне сенім білдірілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 26,4%-ға өсіп, 430,2 млн АҚШ долларына жетті.Келіссөздер қорытындысында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады және екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255231?lang=ru
Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Африка Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 14.07.2026
Астана, 2026 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Лунгисани Нтомбеламен кездесті.Кездесу аясында Л.Нтомбела сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Өз кезегінде Ә.Қуантыров Елшіні жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.Тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Сұхбат аяғында тараптар екіжақты және көпжақты форматта белсенді өзара іс-қимылды қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1253559?lang=ru
МКД «Салықтар 2026» форумында: бизнес пен мемлекет диалогы 14.07.2026
Бүгін, 2026 жылғы 3 шілдеде, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Қазақстан салықтары» қауымдастығы ұйымдастырған «Салықтар 2026: жаңа қағидалар және бизнесті қорғау» атты салық форумына қатысты.Департамент атынан спикерлер ретінде:Куанышбеков Дулат Талғатұлы — Аудит басқармасы бөлімінің басшысы;Жұмаханова Талғат Қаламбекұлы — Камералдық мониторинг басқармасы бөлімінің басшысы сөз сөйледі.Кездесу барысында салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері, оның ішінде тексерулер жүргізу, камералдық бақылау, сондай-ақ фискалдық органдар мен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылының практикалық аспектілері қаралды.Осындай іс-шараларға қатысу салық сауаттылығын арттыруға, бизнес-қоғамдастықпен ашық диалогты нығайтуға және заңнамадағы өзгерістерді жедел түсіндіруге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1253538?lang=ru
Серік Жұманғарин Philip Morris International басшылығымен ЕАЭО-да құрамында никотин бар өнімдерді техникалық реттеу мәселесін талқылады 14.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ТМД және Орталық Азия аймағы бойынша Philip Morris International президенті Марко Мариоттимен кездесті.Кездесуде Серік Жұманғарин көп жылғы ынтымақтастығы мен Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін компанияға алғыс айтты.«Philip Morris Kazakhstan көп жылдан бері еліміздің ірі шетелдік инвесторының бірі. Біз компанияның жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және Қазақстанның экспорттық мүмкіндігін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті вице-премьер.Кездесу барысында тараптар құрамында никотин бар және никотин жоқ өнімдерге арналған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасын әзірлеуді талқылады.Серік Жұманғарин Қазақстан ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруды қолдайтынын атап өтті. Сонымен бірге әзірленіп жатқан техникалық регламент Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы ерекшеліктерін ескеруге, халық денсаулығын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және құрамында никотин бар өнімдердің әртүрлі санатын реттеу кезінде құқықтық қайшылықтар туғызбауы тиіс.Қазақстан Республикасының халық денсаулығын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ елдің темекіні бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерін сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу белгіленгені атап өтілді.Марко Мариотти компанияның Қазақстанда ЕАЭО, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерінің кәсіпорындарына қызмет көрсету үшін өнімдерді тестілеу және талдау бойынша заманауи зертхана құру жоспарлары туралы хабардар етті. Жобаны халықаралық стандарттарға сәйкес компанияның өз инвестициялары есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.Кездесу қорытындысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу мәселесі бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға, қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының халық денсаулығын қорғау саласындағы ұлттық заңнамасының талаптарын сақтауға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1253524?lang=ru
Түрік инвесторларымен жылыжай шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды 14.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Түркияның «TIMFOG Engineering» компаниясының өкілдері Яйлалы Женгиз, Эйүп Севенжан және Көксал Салихпен кездесіп, заманауи жылыжай кешендерін салу, агроөндірісті әртараптандыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысының ұлттық азық-түлік нарығындағы импортқа тәуелділікті азайту тапсырмасына сәйкес, өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.«Қызылорда облысы – әріптестік пен инвестициялар үшін әлеуеті жоғары агроиндустриялық өңір. Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты күріш өсіру болғанымен, өңірдің табиғи-климаттық жағдайы картоп, көкөніс, бақша дақылдарына және жеміс-жидекке де қолайлы.Жеміс-жидек өндірісін өнеркәсіптік деңгейде дамыту – біз үшін перспективалы бағыттың бірі. Осы ретте, «TIMFOG Engineering» сияқты тәжірибелі компаниялармен бірлесіп, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Бұл ауыл шаруашылығын әртараптандыруға, қосылған құны жоғары өнім өндіруге және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді», – деді Мұрат Ергешбаев.Қазір өңірде жалпы аумағы 12,1 гектар болатын 21 жылыжай, оның ішінде «КазАгроМир» серіктестігінің толық автоматтандырылған 2 гектарлық жылыжай кешені бар. Дегенмен, оларда өндірілетін өнім тұрғындардың көкөніске деген сұранысының небәрі 1,5 пайызын ғана қамтамасыз етеді.Аймақта жылыжай шаруашылығын өркендетуге қатысты инвестициялық жобалар қолға алынған. Атап айтқанда, «Фабе-Агро» компаниясы мен «Мелиоратор» серіктестігінің ірі жылыжай кешендерінің құрылысы жоспарланып отыр.Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асырудағы өзара ықпалдастықты жалғастыруға ниет танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1253507?lang=ru
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ 14.07.2026
🔷 ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии Республики КазахстанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1253482?lang=ru
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл тазалығын қамтамасыз ету және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлік нысандарының аумақтарына пластик бөтелкелер мен пластик құтыларды бөлек жинауға арналған торлы контейнерлер орнатылды. 14.07.2026
Контейнерлер орнатылған орындар:📍 «Жанарыс» сауда орталығы📍 «Айдос» сауда орталығы📍 «Аяулым» сауда орталығы📍 «Хадиша» сауда орталығы📍 «Несібе» сауда орталығы📍 «Қарақат» сауда орталығыҚұрметті ауыл тұрғындары!Қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысып, пластик қалдықтарды арнайы контейнерлерге тастауларыңызды сұраймыз. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бірге таза әрі көрікті ауыл қалыптастырайық!⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1253470?lang=ru
Қаржы министрінің алғыс хаты 14.07.2026
«Көкшетау-Бүгін» газетінің бас редакторы Олеся Жагпарова мемлекеттік кірістер органдарының қызметін белсенді түрде жариялағаны үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хатымен марапатталды.Құрметті Олеся Дмитриевна!Сізді БАҚ қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Отандық журналистер азаматтық қоғамды дамытуда және ұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.Бұл – еліміздегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауға елеулі үлес қосатын маңызды институт.Бүгінде БАҚ өкілдері ең үздік кәсіби дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын лайықты түрде қолдап, өздерінің миссиясын абыроймен орындап келеді.ҚР Қаржы министрлігімен тығыз ынтымақтастықта болғаныңыз, сондай-ақ қоғамды объективті және сенімді ақпаратпен қамтамасыз еткеніңіз үшін сізге алғысымызды білдіреміз!Ұлтымыздың жарқын болашағы үшін маңызды жұмысыңызда табыстар тілейміз!Құрметпен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. ТәкиевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1253453?lang=ru
«United Group Alatau» АҚ-на лицензия беру туралы 14.07.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарының 2026 жылғы 2 шілдедегі №Б-128 бұйрығына сәйкес «United Group Alatau» акционерлік қоғамына бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға 2026 жылғы 3 шілдедегі №3.1.5.6 лицензия берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1253427?lang=ru
Заң және Тәртіп: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше семинар өткізді 14.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға және заңнаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған профилактикалық семинар өтті. Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері Д. Байбазаров пен Е. Санатов алкогольдік ішімдіктерді ішуге және қоғамдық орындарда мас күйінде жүруге, сондай-ақ көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға қолданыстағы заңнаманың нормалары, жауапкершілік түрлері және осындай құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Материалды неғұрлым көрнекі қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызметкерлерінің қатысуымен интерактивті ойын ұйымдастырды, оның барысында өмірлік мысалдармен есірткі құралдарын қолданудың жойқын салдары көрсетілді. Қатысушылар есірткіге тәуелділіктің адам тағдырына қалай әсер ететінін, отбасылық қатынастардың бұзылуына, денсаулығының, әлеуметтік мәртебесінің жоғалуына әкелетінін және көбінесе қылмыс жасауға себеп болатынын көре алды. Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілерде жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңдылық пен жеке жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызметтік әдеп нормаларын сақтауға және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруға бағытталған шараларды дәйекті түрде іске асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1253387?lang=ru
Арман Шаққалиев: Шымкент қаласында 47 делдал сауда тізбегінен шығарылды 14.07.2026
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 3 шілде күні Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, шаһардағы сауда нысандары мен базарларды аралады. Министр алдымен өңірдегі инвестициялық жобалармен танысты. Арман Шаққалиев түрік инвесторларының қатысуымен салынған, құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын жылыжай комплексіне барды. Alsera.kz жылыжай кешенінде жылына 155 мың тоннадан астам қызанақтың 6 сорты өсіріледі. Кәсіпорын өнімдері тек ішкі нарықта саудаланып қоймай, Ресей мен Қырғызстанға экспортталады. Министр бірінші кезекте кәсіпорын ішкі нарықтың сұраныс қанағаттандыру қажет екенін еске салды. Министр барған келесі нысан «Аймар-Құс» тауық фабрикасы жылына 100 млн дана тауық жұмыртқасын өндіреді. Фабрика 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобының үшінші кезеңінде фабрика 300 млн данадан астам тауық жұмыртқасын шығаруды көздеп отыр. Өнім қазіргі таңда Шымкент және Астана қалаларының ірі супермаркеттерінде саудалануда. Фабрика басшылығы министрмен өнімді экспортқа шығару мәселесін талқылады. Өндіріс қуаттылығы артқан кезден бастап министрлік тарапынан экспорттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілмек. Одан бөлек Арман Шаққалиев қаладағы «Алаш» және «Айна» базарларын аралады. Сауда базарларды жаңғырту Жол картасына сәйкес аталған сауда нысандары 2023-2024 жылдары жаңғыртудан өткен. «Алаш» базарында 1800 сауда нүктесі жұмыс істесе, «Айна» базарында 626 шағын кәсіпкер шоғырланған. Министр базар басшылығы және жергілікті уәкілетті органмен сауда базарларында ашық сауда процессін ұйымдастыруғ өрт қауіпсіздік және санитарлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.«Сауда ашық әрі әділ болуы керек. Әсіресе халық бірінші кезекте тұтынантын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын сауда үстемесі қатаң сақталуы керек. Сауда министрлігі сауда үстемесіне мемлекеттік бақылауды күшейтті. Бұл халық сатып алатын тауарлар бағасына айтарлықтай әсер етеді. Одан бөлек біздің ведомство сауда тізбегіндегі делдарды азайту, өнімсіз делдаодарды тізбектен шығару жұмысын жүйелі жалғастырып келеді. Жыл басынан бері 150 өнімсіз делдал тізбектен шығарылса, Шымкент қаласы бойынша 47 делдел сауда тізбегінен алынды», - деді Арман Шаққалиев. Шымкент қаласының сауда көрсеткіштері де жоғары. Министрдің сөзінше, алғашқы 5 айда сауда саласына тартылған инвестиция көлемі 30 млрд теңгеге жуықтаған. Министр жеке инвестиция есебінен салынған, аумағы 5 гектарды алып жатқан «Dala Mall» ойын-сауық орталығының жұмысымен де танысты. Биыл пайдалуға берілген нысанда ойын-сауық орындарынан бөлек азық-түлік супермаркеттері де орналасқан. «Жыл өткен сайын сауда форматы өзгеріп келеді. Онлайн сауда көлемі артса да, халық үшін дәстүрлі сауданың орны бөлек. Бастысы сұранысқа қарай сауда нысандарын заманауи форматқа сай бейімдеу аса маңызды. Тұтынушы үшін арнайы көлік тұрағы, ыңғайлы ғимарат пен электронды төлем жүйесімен қамтылған сауда орындары қашан да сұранысқа ие боп қала береді. Біздің министрліктің де басым міндеттерінің бірі - заманау сауда форматының үлесін арттыру», - деп атап өтті министр. Шымкент - елдегі сауда ұлесі бойынша бесінші орында. Қаласында жыл басынан бері өңірлік комиссияның 24 отырысы өтті. Комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша 164 өнімсіз делдал және сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асыру фактісі анықталды. 117 жағдай бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 47 өнімсіз делдалдың қызметі тоқтатылды. Өнімсіз делдалдарды анықтау бойынша Шымкент қаласы өңірлер арасында үшінші орында тұр. Ал сауда үстемесін шекті мөлдерден асырған кәсіпкерлерге 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1253356?lang=ru
Елдік мүдде жолындағы маңызды кезең 14.07.2026
Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті XXXIV сессиясына қатысқан облыс әкімі Мұрат Ергешбаев күшіне енген жаңа Ата Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленгенін атап өтті.«Жаңа Преамбулада байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығын сақтау басты қағидат ретінде бекітілген. Билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайтылып, басқару жүйесі заман талабына сай жаңғыртылды.Бұл – мемлекетіміздің тұғырын нығайтып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға негіз болатын маңызды құжат. Мұның барлығы –Қазақстанды демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға бағытталған жүйелі қадамдар.Жаңа Ата Заңымыз күшіне енгеннен кейін Президентіміз 23 тамызда Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын саяси кезеңде баршаңызды елдік мүдде жолындағы маңызды іске белсенді қатысуға шақырамын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында бірқатар азаматқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай жолдаған Құттықтау хаты және Конституцияның арнайы басылымы табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1253363?lang=ru
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланды 14.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті XXXIV сессиясы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, құқық қорғау саласының басшылары, депутаттар мен жауапты сала өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 10 негізгі мәселе қаралды. Облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде баяндама жасаған облыс әкімі ең өзекті деген мәселелерді шешуде, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда атқарылған жұмысты, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды атап өтті.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге талдау жасап, өткен бес айдың қорытындысына тоқталды. «2022 жылдан бері өңірге 2,4 трлн. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Биылға 790 млрд теңгеге жуық инвестиция жоспарланса, оның 261 млрд теңгесі орындалды. Экономиканы әртараптандыру үшін алдағы үш жылға 1 трлн. 900 млрд. теңгенің 48 инвестициялық жобасын іске асыру, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу межесі бар.Биыл 14 ірі жобаның құрылысы басталады, қазір 4-еуінің құрылысы жүріп жатыр, 2 жобаның капсуласы салынды. Жақын күндері 2 жылыжай кешені қолға алынады. Жыл соңына дейін қалған 6 жобаны бастау жоспарланған», – деді облыс әкімі. Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен биыл 300 орындық көпбейінді аурухана және «Қызылорда - Арена» көпфункционалды спорт кешені іске қосылады. Бұдан бөлек, екі емхана, жаңа перинаталдық орталық салынып жатыр. Президенттік кітапхананың, жаңа драма театрдың капсуласы қаланды. «Батыс-Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізіндегі Қызылорда-Ақтөбе бағытын төрт жолақты етіп кеңейтудің бірінші кезеңі басталды. «Бейнеу - Сексеуіл» жолының да басталатын күні жақын қалды. Облыс тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі тұрақты мәселе. Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдандырылып, өңірді көгілдір отынмен қамту деңгейі 85 пайызға жеткізілмек. Сондай-ақ, үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында биыл 2400 пәтер беру жоспарланған. Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек, облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Қалдарбеков, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменова қосымша хабарлама жасады. Сессияда облыстық бюджетке, даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, ветеринария, қоғамдық даму, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшыларының есебі тыңдалды. Облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын толықтыру, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарға өзгеріс енгізу, тағы басқа мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1253351?lang=ru
Тобыл қаласында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды 14.07.2026
Бүгін Қостанай облысының әкімі Тобыл қаласында ашылған жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы мен 12 арнайы өрт сөндіру көліктерінің кілтін табыстау салтанатты рәсіміне қатысты. Бұл шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов арнайы келді.«Мемлекет басшысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы қызметті жаңғыртуға және оны заманауи материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп келеді. Облысымызда осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы үш жылда аймақтағы төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 20 өрт сөндіру автокөлігі, 1 командалық-штабтық автокөлік, жол талғамайтын 26 арнайы техника сатып алынды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ғимараты, қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару станциясына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл салаға 1,4 млрд теңге қарастырылған, көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 4,2 есе жоғары», – деді облыс басшысы.Соңғы үш жылда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8 млрд теңге бағытталды. 51 өрт сөндіру автокөлігі сатып алынды. 86 трактор, 36 шағын орман өртін сөндіру кешені және 78 патрульдік техника алынды. Екі апта бұрын ғана 25 көлік тапсырылған болатын.Бүгінде орман шаруашылығы мекемелерінің техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 90%-ке жетті. Ал өрт сөндіру автокөліктерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100%-ті құрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1253352?lang=ru
Салықтық берешектің болуы (болмауы) туралы анықтаманы қалай алу керек? 14.07.2026
Салық берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы анықтаманы алу жөніндегі нұсқаулық Жаңа Салық төлеушінің кабинетіне электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтіңіз.Негізгі мәзірден «Қызметтер» бөлімін ашып, «Қарыз туралы мәліметтерді» қызметін таңдаңыз.Сұрау нысанын толтырыңыз:- анықтаманы алу мақсатын көрсетіңіз;- анықтама ұсынылатын органды немесе ұйымды таңдаңыз;- өзіңіздің Мемлекеттік кірістер басқармасының (МКБ) кодын енгізіңіз.Енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, сұрауға ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.Сұраудың өңделу мәртебесін «Сұрауларды өңдеу нәтижелерінің журналы» бөлімінен қадағалаңыз.Сұрау өңделгеннен кейін салық берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы дайын анықтаманы жүктеп алыңыз.https://www.instagram.com/p/DaUsuV9iCTz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1253332?lang=ru