Қоғам
Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келісім бойынша ресми келіссөздерді бастады 03.12.2025
Брюссель, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Визалық режимді жеңілдету туралы келісім және Реадмиссия туралы келісім бойынша алғашқы ресми келіссөздер раунды өтті.Отырысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Еуропалық комиссияның Миграция және ішкі істер жөніндегі бас директораты бас директорының орынбасары Йоханнес Лухнер тең төрағалық етті.Келіссөздердің басталуы символдық әрі маңызды оқиға болды. Желтоқсан айында Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады. Жаңа келіссөздер трегінің іске қосылуы он жыл бойы жүйелі түрде дамып келе жатқан қатынастардың жетілгенін, мазмұндылығын және стратегиялық бағыттылығын көрсетеді.Тараптар келіссөздердің ашылуы сенім деңгейінің артуын, азаматтар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды нығайтуға деген ортақ ұмтылысты айқын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар бұл келіссөздер Еуропалық одақ пен Орталық Азия мемлекеті арасындағы алғашқы процесс екені және осы қадамға тарихи мән беретіндігі ерекше аталып өтті.Талқылау конструктивті және іскерлік жағдайда өтті. Тараптар өз көзқарастарымен алмасып, бастапқы бағдарларды келісіп, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Келіссөздер екі тараптың да алға дәйекті түрде ілгерілеуге және сапарларды жеңілдетуге, адамдар арасындағы байланыстарды нығайтуға, ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін заманауи құқықтық база қалыптастыруға дайын екенін көрсетті.Ресми келіссөздердің басталғаны ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен ЕО Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың төрағалығымен 1 желтоқсанда Брюссельде өткен Қазақстан-Еуроодақ ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысы кезінде жарияланды.Қазақстан мен Еуропалық одақ келіссөздерді жалғастыруға және келесі раундты 2026 жылы Астанада өткізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1118465?lang=kk
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады 03.12.2025
Шымкент қаласының орта арнаулы білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – Шымкент қаласындағы Политехникалық колледжінде өткен экологиялық акция. Бұл шараның негізгі мақсаты жастардың экологиялық мәселелерге деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру болды.Іс-шараның аясында студенттер экология мәселелерін талқылап, экологиялық жауапкершіліктің жеке адамға немесе мемлекетке жүктелетінін қарастырды. «Экологиялық мәселелер – бұл әр азаматтың жеке жауапкершілігі ме, әлде мемлекеттің міндеті ме?» деген тақырыпта өткен эко-дебаттың барысында студенттер экология саласындағы жауапкершілік пен міндеттемелерді нақты дәлелдермен талқылады.Дебат барысында «Қолдау» тобы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекет басты рөл атқаруы тиіс деген пікір білдірді. Олар экологиялық заңдарды қабылдау, өнеркәсіптік бақылауды күшейту және қоқыс өңдеу жүйелерін дамыту мәселелерін көтеріп, осы мәселелердің мемлекеттің міндеті екендігін атап өтті.Ал «Қарсы» тобы экологиялық мәдениет әр адамның жеке әрекеті болуы тиіс деген пікірде болды. Олар қоқысты сұрыптау, табиғи ресурстарды үнемдеу және еріктілер қозғалысына қатысу секілді шараларды қоғам өздігінен жүзеге асыра алатынын алға тартты. Студенттер халықаралық тәжірибе мен түрлі ұйымдардың жетістіктеріне де тоқталды.Экология тақырыбында өткізілген тағы бір маңызды шара – «Табиғаттың жас қорғаушылары» биология бағытындағы ғылыми жобалар байқауы болды. Байқауға қатысушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғап, табиғатқа деген құрмет пен жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған жобаларын ұсынды. Бұл сайыс жастардың табиғатты қорғауға деген қызығушылығын күшейтті.Шара барысында «Тазалық меннен басталады!» атты көркем сурет галереясы да ұйымдастырылды. Студенттер экология тақырыбындағы ойларын шығармашылық түрде көрсетіп, табиғатты қорғау мәселесіне өз көзқарастарын жеткізді. Бұл көрме жастардың экологиялық сана-сезімін арттыруға арналған маңызды құрал болып табылды.Политехникалық колледжде өткен «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы экологиялық акция жастарды табиғатты құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық бастамаларға өз үлестерін қосуға шақырады. Мұндай іс-шаралар жастардың экологияға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Алматыда «Қызыл Жарты Аймен» ынтымақтастық перспективалары талқыланды 03.12.2025
2025 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» Президенті Еркебек Арғымбаевты және Бас директоры Әсел Тастанованы қабылдады. Кездесу барысында тараптар төтенше жағдайларға жедел әрекет ету саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, халықтың осал топтарын қолдауды және гуманитарлық көмекті, әсіресе күшейіп келе жатқан климаттық сын-қатерлер контекстінде, талқылады. Соңында тараптар гуманитарлық қауіпсіздік саласындағы белсенді ынтымақты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1118453?lang=kk
Деректерді қашықтықтан беретін есепке алу аспаптарын енгізу туралы ақпарат 03.12.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1118411?lang=kk
2025 жылғы 2 желтоқсанда аудан әкімдігінің отырысы өтті. 03.12.2025
Аудан әкімдігінің отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауыл және ауылдық округ әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері, БАҚ өкілдері шақырылды.Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:1.Инвестицияларды тарту бойынша қабылданатын шаралар және олардың тиімділігі туралы;2.Жақсы ауданында автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын аяқтау және қысқы кезеңде оларды күтіп-ұстау бойынша қабылданған шаралар туралы.Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:1.Желтоқсан айындағы мерекелерге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы;2.Ауылдық елді мекендердегі ғимараттар мен басқа да нысандарды декоративтік безендіру жұмыстарын ұйымдастыру туралы;3.«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру. Инвестициялар бойынша жылдық көрсеткіштердің орындалуы;4.ЖТҮҚ арналған жер учаскесін алу туралы. Отырыстың аяқталуында Ақмола облысының әкімі атынан «Қазақтелеком» АҚ Жақсы аудандық филиалының басшысы Қуанышпаев Нұрлан Есетовичке Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануына 35 жыл толуына орай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттiлiктi нығайтуға қосқан белсенді үлесі үшін Құрмет грамотасы табысталды.Сондай-ақ Қазақстан статистикасының 105 жылдығына орай Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросы Департаментінің грамоталарымен Жақсы ауылының әкімі – Калентионок Евгений Евгеньевич, Ешім ауылдық округінің әкімі – Борамбаева Диана Сайрановна, Тарасов ауылдық округінің әкімі – Құдайбергенова Құралай Қойшыбайқызы марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1118413?lang=kk
Ағымдағы жылдың қараша айында мемлекет басшысы зияткерлік меншік саласындағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңға қол қойды. 03.12.2025
Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер:Басты жаңалық ұжымдық құқықтарды басқару саласында Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП) болды. Ол шығармалардың, туындылардың пайладанылуын және сыйақы есептеуді бірыңғай жүйеде тіркеуге мүмкіндік береді, бұл авторлармен пайдаланушылар үшін ашықтық пен қолайлықты қамтамасыз етеді. Бұл платформаны енгізу сыйақыны жинау мен бөлуді әділ етеді. Көрсетілген сыйақыны сараптама ұйымы Заңға сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар арасында бөледі. Сыйақының мөлшерін, оны жинау, бөлу және төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілейді.Цифрландыру зияткерлік меншік саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыра түседі.Сонымен қатар, көру қабілеті бұзылған адамдарға жарияланған шығармаларға автор рұқсатынсыз және сыйақысыз қол жеткізу мүмкіндігі берілді.Тауар белгісін тіркеу мерзімі жеделдетілген тәртіпте 3 айға дейін қысқарды.Тауар белгісін тіркеуге қарсы шығу мерзімі 1 айдан 2 айға дейін ұзартылды. Авторлық және сабақтас құқықтарға мемлекеттік бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, осы заңның негізінде, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), Кәсіпкерлік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы», «Әділет органдары туралы» Заңдарына өзгерістер енгізілді.Бірқатар өзгерістер-әсіресе тауар белгісін тіркеу тәртібі, цифрлық платформа- қолданысқа 2026 жылы енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1118863?lang=kk
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай іс-шара өткізілді 03.12.2025
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні Басқұдық ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай концерттік шара өтті. Іс-шара Маңғыстау облыстық Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және "Parasat Aktau" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл шара еліміздегі бейбітшілік пен келісімді, ұлтаралық татулықты дәріптеуге арналған маңызды мерекелік кеш болды.Концерттік кешті "Parasat Aktau" қоғамдық бірлестігінің басшысы Толқын Бердібайқызы ашып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы орны мен рөлін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде елдегі татулық пен тұрақтылық – әрбір азаматтың ортақ құндылығы екенін тілге тиек етті.Шара барысында әр түрлі ұлт өкілдерінің өнерпаздары өз мәдениеттерін таныстырып, ән мен биден шашу шашты. Ұлттық киімдер киіп шыққан өнер ұжымдары көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көпұлтты Қазақстанның біртұтас рухын бейнеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1118383?lang=kk
Кербұлақ ауданында жаңа Салық кодексі бойынша кең көлемді «Ашық есік күні» өтті 03.12.2025
Кербұлақ ауданы бойынша УГД-де азаматтар мен кәсіпкерлер арасында салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы ақпаратты кеңінен тарату мақсатында кең ауқымды «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізу.Кездесуге қатысқан шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер және жергілікті қауымдастық мүшелері жаңа кодексте қарастырылған жаңашылдықтар жөнінде жан-жақты мәлімет алды. Атап айтқанда, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, есептілікті оңтайландыру, цифрландыруды арттыру және бюрократиялық тосқауылдарды жоюға бағытталған нормалар егжей-тегжейлі түсіндірілді.Шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық жағдайларға қатысты нақты мысалдар арқылы түсініктемелер алды. Сонымен қатар, жаңа талаптарға алдын ала дайындалу және оларды дұрыс орындау бойынша ұсыныстар берілді.Мұндай «Ашық есік күндері» тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, салық жүйесіне деген сенімді нығайтуға және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1118284?lang=kk
«Майқапшагай» кеден бекетінде дөңгелек үстел өтті 03.12.2025
2025 жылғы 3 желтоқсанда «Майқапшагай» кеден бекетінде бекет қызметкерлері және сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылардың өкілдері қатысқан кеңейтілген дөңгелек үстел өтті. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнама және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелеріне арналды.Дөңгелек үстелдің мақсаты – қызметкерлер мен бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, мемлекеттік органдар мен ВЭД қатысушылары арасындағы ашық диалогты дамыту.Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының негізгі қағидалары, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік, тәуекелдердің алдын алу тетіктері және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.Талқылау барысында кедендік рәсімдеу кезінде туындайтын практикалық жағдайлар, мүдделер қақтығысын болдырмау жолдары, транспаренттілікті арттыру және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайту мәселелері қарастырылды.«Майқапшагай» кеден бекеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды нығайту, заңнаманы сақтау және ВЭД қатысушыларымен серіктестік қарым-қатынасты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыра береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1118290?lang=kk
Жауын шашын салдырынан жиналған суларды алу жұмыстары жүргізілуде 03.12.2025
ЖАУЫН-ШАШЫН САЛДАРЫНАН ЖИНАЛҒАН СУЛАРДЫ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕЖиналған суға қатысты фото және видео материалдарыңызды Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасарына WhatsApp арқылы жолдауға болады. Берілген материалдар мәселені нақты анықтап, тиісті шаралардың уақытылы атқарылуына көмектеседі.Кемежанов Әнет: +7 701 136 3226Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1118299?lang=kk
Аксу ауданында жаңа Салық кодексіне арналған Ашық есік күні өтті 03.12.2025
Аксу ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасында алдағы салық заңнамасындағы өзгерістер туралы халық пен кәсіпкерлерді кеңінен ақпараттандыру мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.Іс-шараның басты мақсаты – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен қатысушыларды таныстыру болды.Кездесу барысында жаңа кодекстегі нормалар жан-жақты түсіндіріліп, әсіресе қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты жаңашылдықтарға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар кәсіпкерлер шағын және орта бизнеске арналған салық салудың ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды.Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1118212?lang=kk
2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу тәртібіндегі өзгерістер 03.12.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қоюдың жаңа тәртібі күшіне енеді.Бұл өзгерістер салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға, салықтық процедуралардың ашықтығын жоғарылатуға және бизнесті жасау үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға бағытталған.ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үш нысанда жүзеге асырылатын болады:- ерікті – салық төлеушінің қалауы бойынша, айналым шегіне жеткенге дейін;- міндетті – жылдық айналым 10 000 АЕК-тен (шамамен 43 млн теңге) асқан жағдайда;- шартты – қазақстандық тұтынушыларға электрондық қызмет көрсететін немесе онлайн-сатуды жүзеге асыратын шетелдік компаниялар үшін.ҚҚС бойынша тіркеу есебінен қоюға жатпайтындар:- мемлекеттік мекемелер;- филиалдар;- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар, сот орындаушылар);- дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар;- арнайы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеушілер. Шекті мәндерОңайлатылған декларация бойынша АСР қолдану үшін жылдық айналымның шекті мөлшері 600 000 АЕК (шамамен 2,6 млрд теңге) құрайды.Бұл шағын бизнес субъектілерінің ҚҚС бойынша тіркеу есебінен қоймай оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.ҚҚС бойынша міндетті түрде тіркеу есебіне қою тек жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін ғана көзделген.Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшу2026 жылдан бастап арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ҚҚС төлеуші бола алмайды.ҚҚС төлеуші мәртебесін сақтау үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшуі тиіс.Таңдалған режим туралы хабарлама 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылады.Оңайлатылған режимде қалатындарға ұсынылады:- 2025 жылдың соңына дейін ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығу;- 2025 жылғы IV тоқсан үшін 300.00-нысаны бойынша декларацияны 2026 жылғы 16 ақпаннан кешіктірмей тапсыру. Тіркеу мониторингі және бақылаудың жаңа іс-шараларыСалықтық тіркеуді қадағалау мониторингі енгізіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда салық төлеушіге 30 жұмыс күні ішінде оны жою туралы хабарлама жіберіледі.2026 жылдан бастап салық органдары ҚҚС бойынша тіркеу есебінен мәжбүрлі түрде шығару шараларын қолданбайды.Оның орнына, бұзушылықтар болған кезде (мысалы, орналасқан жері бойынша болмауы) бұзушылықтар жойылғанға дейін электрондық шот-фактураларды (ЭСФ) жазып беру уақытша тоқтатылатын болады. ҚҚС бойынша тіркеу және есептен шығу мәселелері бойынша барлық өтініштерді «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы немесе eGov.kz порталы арқылы электронды түрде беруге болады. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге ҚҚС бойынша жаңа тіркеу тәртібімен алдын ала танысуды және өздеріңіздің қызметтеріңіз үшін салықтық режимді уақытынан бұрын анықтауға ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1118172?lang=kk
Отандық бизнестің Тауарлардың ұлттық каталогына қосылуы жайлы 03.12.2025
Келер жылдан бастап Қазақстанда Тауарлардың ұлттық каталогын тауар айналымының барлық қатысушысы пайдалануға міндетті болады. Орталықтандырылған жүйеде кез келген өнімге NTIN коды беріледі, яғни әр тауардың «ЖСН» десек те болады. Осы ретте ұлттық каталогта өз өнімдерін кімдер және қалай тіркейтінін айта кеткенді орынды деп санаймыз. Тауарлардың ұлттық каталогына кімдер қосылу керек? Қазақстан аумағында тауарлар айналымына қатысы бар барлық кәсіпкерлік субъектісі ТҰК қосылуға міндетті. Бұл – өндірушілер, импорттаушылар, көтерме компаниялар мен дистрибьюторлар, бөлшек сауда дүкендері мен сауда желілері, онлайн алаңдар мен маркетплейстер. Әр қатысушы біртұтас базаны өз қызметі аясында пайдаланады – тауарды тіркеуден бастап сату кезінде оның мәліметтерін дұрыс ұсынуға дейін. Бұл орайда тауар картасы тегін жасалатынын айта кетейік. Сондықтан ТҰК енгізу бағаның өсіміне әсер етпеуі тиіс. Ұлттық каталогта тауар карталарын кімдер тіркеуі керек? Тың тетікте тауар карталарын өнім өндірушілері немесе оны елге әкелетіндер тіркеуге міндетті. Егер де 2026 жылдың 1 қаңтарында ТҰК-да тіркелмеген тауарыңыз сатылымда тұрса, мейлі өндіруші немесе импорттаушы болмасаңыз да оған NTIN кодын белгілеу керек. Тауар картасының бар-жоғын тексеру үшін, сондай-ақ жаңасын жасап, өзгерістер енгізу үшін nct.kz сайтында тіркелу қажет. Жаңа картаны толтырған кезде тауардың атауы, бренді, сипаттамасы, құрамы және қай елде жасалғаны туралы ақпаратты қосу қажет. Картаны жасамас бұрын өнімнің каталогта бар-жоғын тексерген жөн. Жүйеде қазір 15 млн астам карта бар. Егер де бір тауарды түрлі импорттаушы жеткізумен айналысса, демек оның картасы бұрыннан жасалған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тауарды қайта тіркеудің қажеті жоқ. Бақылау-кассалық машиналарды жаңарту: кімге не істеу керек? ТҰК енгізілгеннен кейін барлық бақылау-кассалық машинасы NTIN кодтарын бере алатын 2.0.3 хаттамасы бойынша жұмыс істеуі керек. Бұл жұмысты БКМ техникалық қызметі Фискалды деректер операторымен бірлесіп дербес жүзеге асыратынын атап өткен абзал. Бизнеске тек біртұтас каталогта тіркелген NTIN коды бар өнімді пайдалану мен оны сату кезінде сканерлеу қажет. Бұл ретте Қазақстан аумағында сауда қызметінде кассалық машиналарды қолдану заңда белгіленген талап болып саналатынын айта кету керек. Базарлар мен ауылды жерлердегі саудагерлер үшін жеңілдетілген схемалар қарастырылады. Бірақ жүйеге қосылудан айналып өтуге жол берілмейтінін ескеру қажет. Егер де қандай да бір өнімнің NTIN ұлттық коды болмаса, онда сауданы бұғаттамау үшін оған уақытша код беріледі. Бұдан кейін кәсіпкер ТҰК-да қажетті мәліметтерді енгізіп, тұрақты кодты алуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1124734?lang=kk
Осакаров ауданында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды 03.12.2025
28 қараша күні Осакаров ауданында«Бөгенбай батыр» жырын жатқа оқу бойынша өтетін «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық жобасының қалалық іріктеу кезеңі өтті.Байқау Қарағанды облысы әкімдігі мен AMANAT партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігін, жаттау деңгейін және мәнерлеп айтуын бағалады.Іс-шараға Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Алма Шалабаева арнайы қатысып, өрендер мен ұстаздарға рухани қолдау білдірді.1 орын – Асылболатқызы Ақбота (150 000 тг), Жетекшісі - Тусупбекова Жанар (Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебі)2 орын – Идраш Алпамыс (100 000 тг) Жетекшісі - Райсхан Багизат (Жамбыл атындағы ЖББМ)3 орын – Әдетхан Мейрам (70 000 тг), жетекшісі - Баярбек Мусадахэм (№22 ЖББМ)Жүлдегерлер енді облыстық кезеңге жолдама алды. 10 желтоқсанда өтетін финалда 1 000 000 тг грант пен бағалы сыйлықтардың иегерлері анықталмақ.Байқаудың басты мақсаты — жас ұрпаққа батырлар жырын насихаттау арқылы ұлттық рухты оятып, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Мұндай жобалар жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа ынталандырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1118181?lang=kk
Педагогикалық олимпиада "Педагог-мақтаныш!" 03.12.2025
2025 жылдың 28 қарашасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» ҰҒАО-ның педагогикалық факультетімен бірлесіп, «Мұғалім – болу мақтаныш!» педагогикалық сыныбының облыстық мамандандырылған жобасына қатысушы мектеп оқушылары арасында педагогикалық олимпиада өтті.Олимпиаданың бірінші кезеңіне тоғыз оқушы қатысты (Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп, Жамбыл атындағы орта мектеп, №6 орта мектеп, №28 орта мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп)Олимпиаданың финалдық кезеңіне Осакаров ауданындағы үш мектептің оқушылары: Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Лейла Акперова, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Милана Линник және №28 мектептің оқушысы Валерия Пашева қатысты.Олимпиада қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушысы Валерия Линник III-дәрежелі дипломмен марапатталды.Құттықтаймыз!!! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1118166?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ 03.12.2025
ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Польшаның «Fabe-Agro» компаниясының басшылығымен бірге құны 137 миллион АҚШ долларлық жылыжай кешені құрылысының басталуына арналған капсула салу рәсіміне қатысты.🔷 Шымкенттің Мәртөбе тұрғын алабында жүзеге асырылып жатқан жобаның жалпы алаңы – 144 гектар. Қазіргі таңда қажет инфрақұрылым желісін жеткізу жұмысы басталып кеткен. Бұл кешен қаланың ең ірі агроөнеркәсіп нысандарының біріне айналмақ. Жоба іске қосылғаннан кейін мұнда жылына 36 мың тонна көкөніс өнімі өндіріледі және мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.🔷 Мегаполис басшысы бұл жобаның Шымкенттің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына маңызды үлес қосатынын және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтатынын атап өтті. Қала әкімі, сонымен қатар, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашатын инвесторларды қолдау жалғаса беретінін мәлімдеді.🔷 Айта кетейік, заманауи жылыжай технологияларын енгізу өнімділікті едәуір арттырып, өнім сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде бағаның тұрақталуына және тұрғындарға балғын, сапалы көкөністі жеткізуге жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1118116?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжан зейнетақымен қамсыздандыру саласында өзара ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі бекітуде 03.12.2025
2025 жылғы 25-28 қараша аралығында Баку қаласында тәжірибе алмасу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) және Әзербайжан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоры (МӘҚҚ) делегацияларының ресми кездесуі өтті.Бағдарлама аясында екі елдің әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің таныстырылымдары, цифрлық сервистер мен әкімшілендіру тетіктерін талқылау өтті. БЖЗҚ тарапынан Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, демографияға, зейнетақы қызметтерін цифрландыруға шолу, Қазақстанның халықаралық зейнетақы рейтингтеріндегі ұстанымы ұсынылды.БЖЗҚ еліміз үшін әлеуметтік маңызы бар "Ұлттық қор – балаларға" жобасы туралы ақпаратпен де бөлісті, бұл жерде БЖЗҚ – нысаналы талаптарды, активтерді, жинақтарды есепке алып, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асырушы оператор.Азаматтардың барлық қызметтерді қашықтан алуына мүмкіндік беретін зейнетақы қызметтерін цифрландырудағы қазақстандық тәжірибе Әзербайжан тарапының ерекше қызығушылығын тудырды. БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері екі елдің зейнетақы қорлары салымшыларына қызмет көрсету деңгейін арттыру және автоматтандырудың заманауи шешімдері бойынша тәжірибе алмасуға негіз болды. Делегациялар сондай-ақ МӘҚҚ-ның әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі орталық филиалында, сондай-ақ тұрақты және жедел әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі агенттікте (DOST) және DOST инклюзивті даму орталығында болып, Әзербайжанның мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтардың әртүрлі санаттарын қолдау жөніндегі инновациялық шешімдерімен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар зейнетақы заңнамасының өзгерістері мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат алмасу, зейнетақы жүйесіндегі цифрлық технологиялар саласында тәжірибе бөлісу, сараптамалық деңгейдегі бірлескен зерттеулерді қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға да қол қойды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1121414?lang=kk
Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірінің елдерімен дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 03.12.2025
Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірінің елдерімен дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов бастаған қазақстандық делегация Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің бас директорларының 7-ші форумына қатысты.Іс-шараны БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ESCAP) Таиландтың халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (TICA) бірлесіп ұйымдастырды.Форум аясында KazAID және TICA Таиландтың халықаралық даму агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжатқа қол қою KazAID және TICA арасында халықаралық даму саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру және тәжірибелермен алмасу, оқыту және әріптес елдерде бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін мүмкіндік туғызады.Іс-шара барысында KazAID және TICA өкілдері одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, болашақ жобалардың бағыттарын айқындады және орнықты даму мүддесінде практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысын растады.Қол қою рәсімі БҰҰ ЭСКАТО атқарушы хатшысының орынбасары Шомби Шарпа және Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі - БҰҰ ЭСКАТО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі Марғұлан Баймұханның қатысуымен өтті.(Анықтама: Таиландтың Сыртқы істер министрлігі жанынан 2004 жылы 19 қазанда құрылған (TICA) Таиландтың халықаралық даму агенттігі дамушы мемлекеттерге арналған техникалық ынтымақтастық, гранттар, тренингтер мен алмасу бағдарламаларын қоса алғанда, елдің халықаралық көмегін үйлестіруге жауапты. Агенттік екіжақты, үшжақты және көпжақты ынтымақтастық модельдерін насихаттайды және Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Африка, Таяу Шығыс елдерімен және басқа серіктестермен белсенді жұмыс істейді.)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1121904?lang=kk
Гүл айырбастау 03.12.2025
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қала тұрғындарын, зейнеткерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді, балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен «TEN QOGAM» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының қатысушыларын біріктірен гүл айырбастау шарасы өтті.🌿 Бөлме гүлдерін жақсы көретін жандар бір-бірлерімен гүл алмасты, оларға қандай күтім жасау керектігі туралы кеңестерімен бөлісті, сондай-ақ денсаулық, әр отбасыға шаттық тілей отырып, жылы лебіздерімен бөлісті.🎁 Кештің соңында қатысушылардың әрқайсысына сыйлық ретінде өсу, қамқорлық пен жаңа бастамалардың символы болған Туя экзотикалық ағашының тұқымдары таратылды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1118059?lang=kk
Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды 03.12.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы 2025 жылдың ең танымал есімдерін жариялады. Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша облыс тұрғындары сәбилеріне көбіне Абай, Ислам, Әмина және Жасмин есімдерін берген.Аталған кезеңде өңірде 6000-нан астам бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі мыңға артық. Қыз балалар арасында ең танымал есімдер – Алина мен Жасмин болса, ұл балалар арасында – Абай мен Ислам есімдері көш бастап тұр. Әрбір есім жиырмадан астам рет тіркелген.Айта кетсек, нәрестенің тууын тіркеуге өтінімді бірнеше тәсілмен беруге болады: халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.Сондай-ақ, бұл қызметті проактивті форматта да алуға мүмкіндік бар. Яғни, босанған анаға бір тәулік ішінде 1414 нөмірінен құттықтау SMS-хабарлама келіп, онда қызметті алу үшін қажетті ақпарат кезең-кезеңімен сұралады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1118065?lang=kk