Қоғам
«Халық бухгалтері» акциясы арқасында 60 000 кәсіпкер тегін кәсіби көмек алды 13.07.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесе отырып, 2026 жылдың 5 қаңтары мен 30 маусымы аралығында өткен республикалық «Халық бухгалтері» акциясының нәтижелерін қорытындылады. Акцияның негізгі мақсаты кәсіпкерлерге практикалық қолдау көрсету, салықтық және бухгалтерлік есепті жүргізудің сапасын жақсарту және салық төлеушілерге 2026 жылы күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістерді түсінуге көмектесу. Акция аясында облыс орталықтарындағы, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелерінде азаматтарға тегін жеке кеңес беру ұйымдастырылды. Кеңес беру кәсіби бухгалтерлер мен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен жүргізілді. Акцияға жалпы 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтерлер қатысты. Алты айдың ішінде бұл акция сұранысқа ие, кәсіби бухгалтерлер қауымдастығы және бизнес секторы арасындағы мемлекеттің ашық диалог алаңына айналды. Акция нәтижелері:60 мыңнан астам салық төлеушілер тегін кеңес алды;3247 ашық есік күні іс-шарасы өткізілді;жергілікті деңгейде 2928 семинар ұйымдастырылды;512 сұхбат пен сараптамалық түсініктемелер дайындалды;БАҚ, теледидар, радио және әлеуметтік желілерде 10 мыңнан астам мақала жарияланды;акцияға қатысушылардың 616 бейне-пікірлері, оның ішінде бизнес-қоғамдастық өкілдерінің, блогерлердің және пікір көшбасшыларының 182-сі жазылды;ақпараттық роликтер радиостанцияларда 45 000-нан астам рет шығарылды;Zakon.kz ақпараттық қолдауымен акция материалдары, соның ішінде төрт вебинар — 2 500 000-нан астам қаралым жинады. Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлер арасында тікелей өзара әрекеттесу форматына сұраныс айтарлықтай. Қатысушылар жаңа Салық кодексін қолдану, оңтайлы салық режимін таңдау, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері, салық жеңілдіктері мен шегерімдері, ҚҚС бойынша тіркеу және есептен шығару, арнаулы салық режимдерін қолдану, электронды шот-фактураларды рәсімдеу, ақпараттық жүйелерді пайдалану, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларды есепке алу және олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша сараптамалық түсініктемелер алды. Акцияның ерекше құнды аспектісі кәсіпкерлердің тәжірибелі кәсіби бухгалтерлерден және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен тікелей жеке кеңес алуы болды, бұл оларға нақты жағдайлардың шешімін тез табуға және салық міндеттемелерін орындау кезінде ықтимал қателердің алдын алуға мүмкіндік берді. «Халық бухгалтері» салық сауаттылығын арттыруға, салықтық міндеттемелерді ерікті орындау мәдениетін тәрбиелеуге және қолайлы бизнес-ортаны құруға бағытталған мемлекет пен кәсіби қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықтың тиімді үлгісіне айналды. Тегін кәсіби көмек мыңдаған кәсіпкерлерге заңнамалық өзгерістерге сенімдірек бейімделуге және ең өзекті сұрақтарына дер кезінде жауап алуға мүмкіндік берді. Осы тәжірибе әрі де өз жалғасын тауып, жергілікті мемлекеттік кірістер базасында ай сайын, бухгалтерлік ұйымдармен бірлесе отырып салық заңнамасын түсіндіру бойынша «Ашық есік күндері» өткізілетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1252867?lang=ru
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру (өткізу кезеңі – 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың алғашқы 6 айы) 13.07.2026
Курчатов қаласының әкімдігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін (қоса алғанда) құрылымдық бөлімшелердің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдау жүргізілетін сала мен талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар болса, оларды m.baliev@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына (заң бөлімінің басшысы) жолдауыңызды сұраймыз.Ұсынылған ақпараттың құпиялылығы мен анонимдігіне кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында пайдаланылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1252391?lang=ru
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 13.07.2026
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігі 2026 жылғы 24 тамыздағы сағат 10:00-де мерзімі 10 жылға, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс мына мекен-жайда өткізіледі: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской ауылы, Королев көшесі 5 (аудан әкімдігінің ғимараты) лоттар бойынша: № лоттарУчаскенің орналасқан жері Алаңы гаЖер-сулардың құрамысапалық сипаттамасыБонитетбалдарысумен қамтамасыз етужалдау мерзіміауылшаруашылық мамандануыегістікжайылымшабындықтар1Буденный ауылдық округ (егістік № 66)75,175 қарапайым қара топырақтар56жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы2Қарақоға ауылдық округ (егістік №134, 125)332,4 331,2 қарапайым қара топырақтар24жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы3Қарақоға ауылдық округ (егістік №119, 6)150,45323,170,7қарапайым қара топырақтар49жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы4Қарақоға ауылдық округ (егістік №8)141,1 7,458,7қарапайым қара топырақтар10жоқ10 жылмал шаруашылығы5Қарақоға ауылдық округ (егістік №7)59,6 51,66,2қарапайым қара топырақтар10жоқ10 жылмал шаруашылығы6Соснов ауылдық округ (егістік №33)22,122 қарапайым қара топырақтар35жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы7Соснов ауылдық округ (егістік №42 ВСУ)3 2,8 қарапайым қара топырақтар10жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы Барлығы:783,7150416,1135,6 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20.12.№ 518 бұйрығымен) өтінімді қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 3 тамыздан мен 21 тамызға оралығында дейін мына мекен-жай бойынша: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской ауылы, Королев көшесі 5-үй, «Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ жүзеге асырылатын болады. Телефон/факс: 8(71443) 2-45-78,эл. пошта: mend.zem.kom@mail.ruсхема Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1252347?lang=ru
Маңғыстау облысының туризм басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жария талқылау жүргізіледі 13.07.2026
2026 жылдың 16 шілдесінен бастап Маңғыстау облысының туризм басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жария талқылау жүргізілетінін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1252335?lang=ru
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті 13.07.2026
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қамтамасыз ете отырып, елдің зейнетақы жүйесінде шешуші рөл атқарады. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.01.01.2026ж. мен 31.05.2026ж. аралығындағы 5 айда Қор салымшыларға 24,7 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 14,3 млн-ы электрондық форматта, 9,9 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,7%-ын құрады. Салымшыларға 322,1 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 313,4 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 891,7 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 15,0 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 13.3 млн-ы – электрондық, ал 1,5 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 38,7 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.Есепті кезең ішінде деректемелерді өзгертуге 46,7 мың өтініш қабылданды. Оның 44,0 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 25,1 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 505,1 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 17,0 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 192,5 мың өтініш түсті.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1252319?lang=ru
Қызанақ пастасы зауытының жобасы талқыланды 13.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Alpecon Group» компаниясы өкілдері Самат Балабеков, Ержан Ибраимов, Нармұхан Сарыбаевпен кездесті. Кездесуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.«Бүгінде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінтерең өңдеуге басымдық беріліп отыр. Осы ретте қызанақ пастасы зауыты жобасын Жаңақорған ауданында жүзеге асыру ниетіңізді қолдаймыз.Бұл өнімге қосылған құн қалыптастырып қана қоймай, көкөніс шаруашылығының дамуына, егіс алқаптарының ұлғаюына мүмкіндік береді. Қажетті жер учаскесін ұсынуға, барлық кезеңде әкімшілік және инфрақұрылымдық сүйемелдеуге дайынбыз. Өңіріміз үшін стратегиялық маңызы бар инвестициялық бастамаға жан-жақты қолдау көрсетіледі», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Қазір инвесторлар Жаңақорған ауданының Бесарық ауылындағы «ATMO AGRO» ЖШС-ның зауытын сатып алып, оның базасында қызанақ пастасын шығаруға қызығушылық танытып отыр. 2,3 млрд теңге инвестиция құйып, технологиялық жабдықтарды жаңғырту, өндірістік және қосалқы нысандарды жөндеу, арнайы техника сатып алу жоспарланған. Бұл тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақ өңдеуге жол ашады. Шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін 2 300 гектар суармалы егіс алқабын игеру, көршілес Түркістан облысынан сатып алу да көзделіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1252320?lang=ru
Заң мен тәртіп: жыл басынан бері Жамбыл облысында сауда заңнамасын бұзған 80-нен астам кәсіпкерлік нысаны анықталды 13.07.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Дәулен Қабдушев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Сапар барысында сауда базарларын жаңғырту, өңірдің өндірістік әлеуетін дамыту және ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды. Жұмыс сапарының негізгі бағыттарының бірі – Тараз қаласындағы сауда базарларын жаңғырту жұмыстары болды. 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Салтанат» базары жаңғыртудан кейін шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасап отыр. Базарда 25 сауда орны бар Жобаны іске асыруға 140 млн теңге инвестиция тартылған. Қазір базарда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысан белгіленген тәртіппен пайдалануға берілді. «Якка сарай» базарындағы құрылыс жұмыстары да толық аяқталған. Ал «Жібек жолы» базарында жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жоба аяқталғаннан кейін сауда нысаны сауданы ұйымдастыру, қауіпсіздік және кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес болады. Жұмыс сапары барысында Дәулен Қабдүшев өңірдегі бірқатар өндірістік кәсіпорындардың қызметімен де танысты. Атап айтқанда, 140 адам еңбек ететін және жылына 6 660 тонна өнім өндіретін кондитерлік фабрикаға барды. Сондай-ақ делегация «Хлебный дар» кәсіпорнын және жылына 70 мың тоннаға дейін құс етін өндіретін еліміздегі ірі өндірушілердің бірі «Алель Агро» АҚ-ны аралады. Кездесулер барысында отандық өндірісті дамыту, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірушілердің сауда желілері мен нарықтармен өзара іс-қимылын нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар сапар аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасының орындалуына ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері Жамбыл облысында өңірлік комиссияның 23 отырысы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің 46-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Базарларды жаңғырту мен өнімсіз делдалдарды қысқарту – бір бірімен тікелей байланысты жұмыс. Сауда нысандарын жаңғыртудың басты мақсаты – өндіруші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты қамтамасыз етіп, әділ әрі ашық сауда ортасын қалыптастыру. Жергілікті атқарушы органдар сауда нысандарын жаңғырту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауға жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ өнімсіз делдалдардың үлесін азайту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруы қажет. Отандық өндірушілерге, кәсіпкерлерге және тұтынушыларға тең әрі қолайлы жағдай жасау – маңызды міндет», – деді Дәулен Қабдушев. Сонымен қатар мемлекеттік бақылау шаралары да белсенді жалғасуда. Жыл басынан бері Жамбыл облысында жалпы сомасы 6 млн теңгеден асатын 82 әкімшілік қаулы шығарылды. Оның ішінде 58 қаулы сауда үстемесінің шекті мөлшерін 15 пайыздан артық асырғаны үшін, ал 24 қаулы тауарларға әртүрлі баға қолданғаны үшін қабылданды. Сауда заңнамасының сақталуын бақылау және тауар өткізу тізбегінің ашықтығын қамтамасыз ету министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1252312?lang=ru
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Dr. Kai-Fu Lee-мен кездесті 13.07.2026
Бүгін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, жасанды интеллект саласындағы әлемге танымал сарапшы, компьютерлік ғылымдар докторы (Ph.D.), 01.AI компаниясының негізін қалаушы Dr. Kai-Fu Lee-мен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар сауда саласын цифрлық тұрғыдан жаңғырту, ішкі және сыртқы сауданы дамыту, электрондық коммерцияны кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Министрдің айтуынша, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі сауда саясаты тұжырымдамасына сәйкес министрлік мемлекет, бизнес және тұтынушылардың өзара іс-қимылын жасанды интеллект негізінде біріктіретін бірыңғай цифрлық сауда экожүйесін қалыптастыруда. Бұл бастама цифрлық сервистерді бір ортаға тоғыстырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, сауда үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, шешім қабылдау мерзімін жеделдетуге, сондай-ақ ішкі және сыртқы сауданы, электрондық коммерцияны және шикізаттық емес экспортты дамытуға тың серпін береді. Кездесу барысында Dr. Kai-Fu Lee жасанды интеллектті қолдану арқылы ұйымдарды цифрлық трансформациялаудың заманауи тәсілдерімен бөлісті. Ол жекелеген ІІ шешімдерін енгізумен шектелмей, деректерге негізделген, интеллектуалды талдауды қамтитын және DRI (Directly Responsible Individual) қағидатына сүйенетін біртұтас басқарылатын экожүйе құрудың маңызын атап өтті. Бұл қағидат бойынша әрбір бастамаға оның нәтижесіне тікелей жауап беретін бір ғана жауапты басшы бекітіледі. Сонымен қатар тараптар сауда саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, шешім қабылдауды қолдау, цифрлық сервистерді дамыту және ішкі әрі сыртқы сауданың тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектті пайдалану мәселелерін талқылады. Кездесуде Stanford AI Index Report 2026 баяндамасында көрсетілген жасанды интеллекттің жаһандық даму үрдістері де сөз болды. Құжатта технологиялардың қарқынды дамуына қарамастан, оларды ұйымдардың күнделікті қызметіне кеңінен енгізу негізгі міндеттердің бірі екені атап өтілген. Осыған байланысты мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектті қолдану, деректерге негізделген сервистерді дамыту және ашық үлгідегі жасанды интеллект модельдерін практикалық міндеттерді шешуге пайдалану жолдары қарастырылды. Кездесу қорытындысында тараптар 01.AI компаниясының заманауи жасанды интеллект шешімдерін сауда саласына енгізу, сарапшылық тәжірибе алмасу бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады. Сондай-ақ министрлік қызметкерлерін оқыту мерзімдері мен Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асырудың негізгі кезеңдері айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1252305?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Almaty Tech Cup XII халықаралық чемпионатының жеңімпаздары атанды 13.07.2026
2026 жылдың 30 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Алматы қаласында Almaty Tech Cup XII: Age of AI халықаралық робототехника және инновациялық технологиялар чемпионаты өтті. Биылғы чемпионатқа мектеп оқушылары, студенттер мен жас инженерлер қатысып, робототехника, ұшқышсыз авиациялық жүйелер, киберқауіпсіздік, аэроғарыштық технологиялар және жасанды интеллектті қоса алғанда 14 технологиялық бағыт бойынша 3000-нан астам қатысушы өзара бақ сынады.Екі күн бойы қатысушылар инженерлік жобаларын таныстырып, роботтарды бағдарламалап, дрондарды басқарып, автономды жүйелер әзірлеп, жасанды интеллект модельдерін оқытты. Аталған беделді жарыста FIRST LEGO League Challenge бағыты бойынша «RoboSpark» құрама командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Алматы қаласы әкімінің кубогының жеңімпазы атанды.Осы жетістіктің нәтижесінде командамыз кубок пен сертификатқа ие болып қана қоймай, Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама жеңіп алды!Команда құрамында Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары өнер көрсетті: «Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінің» 4 «Ә» сынып оқушысы Кенжеханқызы Әмина; «Абай атындағы №33 орта мектеп» КММ-нің 10 «А» сынып оқушысы Кенжеханқызы Інжу; «Абай атындағы №33 орта мектеп» КММ-нің 9 «Б» сынып оқушысы Кенжеханқызы Іңкәр.Барлық қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді.Чемпионатты Алматы қаласының әкімдігі, «USTEM Foundation» қоғамдық қоры және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің, «Ashyq Aspan» ғылыми-білім беру қорының және OMODA & JAECOO компаниясының қолдауымен өтті. Алдағы Азия чемпионатында Қазақстанның көк туын биікте желбіретіп, жаңа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1252232?lang=ru
Орталық сайлау комиссиясында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясындағы алғашқы отырыс өтті 13.07.2026
2026 жылғы 1 шілдеде осы жылдың 23 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы науқаны шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өтті.Отырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымның жаңа моделіне көшуді бекіткен жаңа Конституциясы күшіне енген күні болып өтті. Негізгі заңға сәйкес заң шығару билігін жүзеге асыратын еліміздің жоғары өкілді органы бір палаталы Құрылтай болып айқындалды.Бейнеконференцбайланыс режимінде отырыс жұмысына елорда, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ өңірлер әкімдері аппараттарының басшылары қатысты.Отырыс жұмысына шақырылғандар қатарында саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, сыртқы істер, әділет, ішкі істер, қаржы, мәдениет және ақпарат, жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің өкілдері болды. Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:1.2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы;2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы;Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтар туралы;2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға саяси партияларды ұсыну тәртібі және жіберу туралы;2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды өткізу кезеңіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы;2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы.Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысын ашып, бүгінгі отырыс Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жағдайында өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына дайындықтың басталғанын білдіретінін атап өтті.«Бұл - Орталық сайлау комиссиясы мен барлық сайлау комиссиялары үшін үлкен жауапкершілік. Біздің міндетіміз – сайлауды заң талаптарына қатаң сәйкестікте, ашық, жария әрі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізіп, сайлау процесіне қатысушылардың барлығына тең жағдай жасау», - деді ол.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының Күнтізбелік жоспарымен таныстырды.Баяндамашы сайлау науқанының негізгі кезеңдерін, оның ішінде партиялық тізімдерді ұсыну мен тіркеу тәртібін, сайлауалды үгіт жүргізу мерзімдерін, сондай-ақ Күнтізбелік жоспарда көзделген өзге де негізгі іс-шараларды түсіндірді.Мәселені қарау қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті. Аталған құжат сайлау науқанының кезеңдері мен соған байланысты сайлау рәсімдерін айқындайтын негізгі құжат болып табылады.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» қаулымен таныстырды.Баяндамада «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлау құжаттарының нысандарын белгілейтіні атап өтілді.Қаулы жобасымен сайлау науқанының әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын сайлау құжаттарының 21 нысанын бекіту көзделген. Қаулы қабылданғаннан кейін бекітілген нысандар Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.Отырыстың күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов сайлаушылардың өзекті әрі нақты тізімдерін қалыптастыру сайлау процесінің негізгі ұйымдастырушылық элементтерінің бірі болып табылатынын және оның «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлады.2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Сайлаушылар тізіліміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 561 644 азамат енгізілген. Сайлауды өткізу үшін 10 427 сайлау учаскесі, оның ішінде 64 мемлекеттегі 82 шетелдік сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.Баяндамада сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру және ұсыну мерзімдеріне ерекше назар аударылды. Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына 2026 жылғы 2 тамызға дейін ұсынады. Ал сайлаушылардың танысуы үшін тізімдер 2026 жылғы 7 тамыздан бастап қолжетімді болады.Сонымен қатар, Комиссия мүшелеріне есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру тәртібі туралы ақпарат ұсынылды. Есептен шығару куәліктерін беру 2026 жылғы 7 тамызда басталып, 22 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталатыны атап өтілді.Мәселені қарау қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады.Жергілікті атқарушы органдарға сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, келіп түскен өтініштер негізінде оларға өзгерістерді уақытылы енгізу, азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ азаматтардың сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы деректерді тексеруге арналған колл-орталықтардың, цифрлық сервистер мен интернет-ресурстардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.Сондай-ақ отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының сайлаушыларға арналған ресми үндеуі жария етілді. Құжатта сайлаушылар тізіміне енгізу, өз деректерін тексеру және дауыс беру құқығын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзекті түсіндірмелер беріліп, азаматтар Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына белсенді қатысуға шақырылады.Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларды қарауға арналды.Сайлау заңнамасындағы негізгі жаңалықтар туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова баяндама жасады.Оның айтуынша, жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру және сайлау заңнамасын жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 11 маусымында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруға және сайлау процесін жетілдіруге бағытталған.Жекелеген түзетулер Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауын өткізуге қатысты нормаларды айқындайды. Сонымен қатар сайлау құқығының негізгі қағидаттары мен сайлауды ұйымдастыру тетіктері сақталған.Құрылтай бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды сайлау жүйесі негізінде сайланатын 145 депутаттан тұрады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – бес жыл.Әсел Жанәбілова саяси партиялардың сайлауға қатысуына қатысты өзгерістерге де ерекше тоқталды. Атап айтқанда, өтпелі ережелермен Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында сайлау жарнасын төлеу тәртібі белгіленген.2023 жылғы Парламент депутаттарының сайлауында сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлеуден босатылады. 3-тен 5 пайызға дейін дауыс алған партиялар белгіленген жарнаның 50 пайызын, ал 1-ден 3 пайызға дейін дауыс жинаған партиялар 70 пайызын төлейді.Сонымен қатар, саяси партияларға өздерінің интернет-ресурстарында және онлайн-платформалардағы аккаунттарында сайлауалды үгіт жүргізу құқығы берілді.Ағымдағы сайлау науқаны үшін арнайы дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға, сондай-ақ дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді суретке және бейнежазба түсіруге, оның бейнесін таратуға тыйым салынатыны атап өтілді.ОСК мүшесінің айтуынша, сайлау заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі сақталады: саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітін қаржыландыру тек сайлау қорлары арқылы. Сонымен қатар, саяси партиялардың сайлау қорларының шекті мөлшері ұлғайтылды.Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістері бар ұйымдарда және жұмыспен вахталық әдіспен ұйымдастырылатын орындарда сайлау учаскелерін құру мүмкіндіктері заңнамалық жаңалықтармен кеңейтілді. Бұл жұмыскерлердің сайлауға қатысу жөніндегі конституциялық құқықтарын толық іске асыруға мүмкіндік береді.Бұдан кейін сайлау процесіне қатысушыларға сайлау алдындағы үгіт жүргізуді, бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қызметін, сондай-ақ қоғамдық пікірге сауал салуды реттейтін заңнаманың негізгі талаптары туралы ақпарат ұсынылды.«Сайлау алдындағы үгіттің заңмен нақты белгіленген мерзімдері бар. Ол партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғаннан кейін, 23 шілде күні сағат 18:00-ден кейін басталып, 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады. Саяси партияны жақтап немесе оған қарсы дауыс беруге түрткі болатын кез келген үндеулерге тек осы кезеңде ғана жол беріледі. Белгіленген мерзім басталғанға дейін, сондай-ақ тыныштық күні мен дауыс беру күні үгіт жүргізуге заңмен тыйым салынған», – деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік.Сонымен қатар, сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталғанға дейін саяси партияның қызметі туралы ақпараттық деректер сайлаушыларды белгілі бір саяси партияны жақтап немесе оған қарсы дауыс беруге үгіттеу белгілерін қамтымаса, сайлау алдындағы үгіт болып саналмайды.Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылардың міндеттеріне де ерекше назар аударылды. Үгіт материалдарын орналастыру үшін олар сайлауалды үгіт басталғанға дейін кемінде бес күн бұрын оларды орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялап, Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға міндетті. Осы талап орындалмайынша үгіт материалдарын жариялауға жол берілмейді.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қаржыландыруды талап етпейтін сайлау алдындағы үгіт жүргізуге құқылы.Ал бұқаралық ақпарат құралдары, жеке және заңды тұлғалар саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт жүргізу бойынша қызметтерді ақылы негізде көрсеткен жағдайда, мұндай қызметтер тек саяси партияның жазбаша келісімімен және сайлау қорларының қаражаты есебінен ғана төленуге тиіс.Сонымен қатар, ОСК мүшесі сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуға және оның нәтижелерін жариялауға Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалар ғана құқылы екенін атап өтті.Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов партиялық тізімдерді ұсыну тәртібі ашықтық пен партияішілік демократия қағидаттарына негізделгенін атап өтті.«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң барлық саяси партияларға сайлауға қатысу үшін тең мүмкіндіктер береді. Заң талаптарына сәйкес келетін әрбір саяси партия өз партиялық тізімін ұсынуға құқылы. Бұл ретте ұсыну мен тіркеу рәсімі нақты регламенттелген: партияның жоғары органы шешім қабылдаған сәттен бастап құжаттарды Орталық сайлау комиссиясының тексеруіне дейінгі барлық кезеңдер заңмен айқындалған. Мұндай тәсіл сайлау рәсімдерінің ашықтығын және заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді», – деді Шавхат Өтемісов.Баяндамада Құрылтай депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар мен шектеулерге де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар, сондай-ақ сот сыбайлас жемқорлық қылмысын немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп таныған адам кандидат бола алмайды.Отырыс барысында партиялық тізімдерді тіркеу тәртібі және оларды қалыптастыруға қойылатын талаптар да түсіндірілді. Заңнамаға сәйкес, партиялық тізімге енгізілген әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың жиынтық саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.Сөзін қорытындылай келе, Шавхат Өтемісов заңнамада көзделген барлық рәсімдер саяси партиялардың сайлауға тең жағдайда қатысуын қамтамасыз етуге, сайлау процесінің ашықтығын нығайтуға және заңдылық пен жариялылықтың конституциялық қағидаттарын сақтауға бағытталғанын атап өтті.Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман сөз сөйледі.Халықаралық байқаушылардың қызметі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасау мақсатында ол «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауы кезеңінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметінің кейбір мәселелері туралы» қаулыны таныстырды.Құжатта шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға шақырулар жіберу, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу және оларға белгіленген үлгідегі куәліктер беру тәртібі айқындалған.Қаулыда сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аккредитациясы болған жағдайда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің байқауды жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары бұзылған жағдайда аккредитацияны кері қайтарып алу тәртібі де реттелген.Аталған қаулының қабылдануы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында халықаралық байқау институтының қызметін бастауға құқықтық негіз қалыптастырады.Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында электоралдық оқытуды ұйымдастыру туралы ақпарат берді.Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу үшін Орталық сайлау комиссиясы электоралдық оқытудың көпдеңгейлі жүйесін іске қосады. Оқыту аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 71 мыңнан астам мүшесін қамтиды. Олар дауыс беруді жаңа Конституция мен жаңартылған сайлау заңнамасына сәйкес ұйымдастыруы тиіс.«Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы мемлекеттік құрылыстың жаңа конституциялық моделінде өтеді. Сондықтан біздің басты міндетіміз - елдің барлық аумағында сайлау заңнамасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету. Каскадтық оқыту моделі, бірыңғай әдіснама және сапаны көпдеңгейлі бақылау қысқа мерзімде сайлау комиссияларының 71 мыңнан астам мүшелерін даярлап, сайлау процесін ұйымдастырудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов.Оқыту үш кезеңнен тұратын каскадтық модель бойынша ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде Орталық сайлау комиссиясы қашықтан оқыту форматында тұрақты кәсіби негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының 821 мүшесін оқытады. Сонымен қатар, сайлау комиссияларының басшылары үшін сайлау заңнамасын қолдану және жекелеген сайлау рәсімдерін ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізіледі.Екінші кезеңде даярланған мамандар 908 аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының 31 мыңнан астам төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын оқытады. Қорытынды кезеңде учаскелік комиссиялардың басшылық құрамы 38 мыңнан астам учаскелік сайлау комиссиясы мүшесін даярлайды. Мұндай тәсіл белгіленген мерзімде сайлау комиссияларының барлық деңгейін толық қамтып, даярлаудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы барлық өңірлер үшін негізгі әдістемелік стандарт болатын бірыңғай Оқу-әдістемелік кешенді әзірлеуде. Бұдан бөлек, дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға арналған оқыту фильмі дайындалады.Комиссия мүшелерін оқытумен қатар орталық және өңірлік деңгейлерде саяси партиялардың, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған оқыту іс-шаралары өткізіледі. Оларға сайлауды дайындау мен өткізудің құқықтық негіздері, сондай-ақ оны ұйымдастырудың практикалық мәселелері түсіндіріледі.Өңірлердегі оқытуды ұйымдастыруға мониторинг Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін көшпелі семинар-кеңестер аясында жүзеге асырылады. Бағдарламаның ажырамас бөлігі - сайлау комиссиялары мүшелерінің барлық санаттары үшін қашықтан тестілеу өткізу. Бұл тестілеу заңнаманы білу деңгейін ғана емес, оны сайлау рәсімдерін өткізу барысында іс жүзінде қолдану дайындығын да бағалауға мүмкіндік береді. Тестілеуден сәтті өткен қатысушыларға электрондық сертификат беріледі.Отырысты қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының үйлесімді, кәсіби әрі жауапты жұмысы сайлау науқанын сапалы ұйымдастырудың негізі екендігіне тоқталды. Ол сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін сайлау заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау басты талап болып қала беретінін және Орталық сайлау комиссиясы сайлауды әзірлеу мен өткізудің барлық кезеңінде заңнаманың сақталуына тұрақты бақылау жүргізетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1252163?lang=ru
АҚШ-ның Бас консулымен қоштасу кездесу Алматыдағы СІМ Өкілдігінде өтті 13.07.2026
2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Америка Құрама Штаттарының Алматы қ. Бас консулы Мишель Еркин қабылдады. Кездесу барысында Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі атынан Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Бас консулға құрмет грамотасы табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1252127?lang=ru
Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері Қаржы министрлігінің велошеруінде жүлделі орындарға ие болды 13.07.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұйымдастырған велошеруге қатысты. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған спорттық іс-шара орталық аппараттың, комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырып, бірлік пен командалық рухтың, сондай-ақ ортақ мемлекеттік құндылықтарға адалдықтың жарқын көрінісіне айналды.Жарыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер арасында Айгерім Садыбек І орынды, ал Айгүл Сарсембенова ІІІ орынды иеленді.Сонымен қатар, Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері Алтынбаев Данияр «Үздік қорғаушы», ал Мамиров Мұрат «Жыл жетістігі» номинациялары бойынша Қаржы министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1252079?lang=ru
Бүгін – Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің күні 13.07.2026
2 шілдеде Қазақстанда Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің күні аталып өтеді. РХБ қорғау әскерлерінің тарихы 1992 жылдан бастау алады. Сол жылы Қорғаныс министрлігінің құрылымында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімі құрылды. Ал 2020 жылы оның негізінде Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаменті құрылды. РХБ қорғау әскерлерінің негізгі міндеті – жеке құрам мен әскери техниканы радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптерден қорғау, жауынгерлік міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, өртегіш-жандырғыш қаруды қолдану, сондай-ақ Қарулы күштердегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. РХБ қорғау бөлімшелері қос мақсаттағы әскерлер ретінде бейбіт уақытта да, соғыс жағдайында да жүктелген міндеттерді орындайды. COVID-19 пандемиясы кезінде әскери қызметшілер қоғамдық орындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізді. 2024 жылғы су тасқынының салдарын жою барысында Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы ықтимал қауіпті нысандарды залалсыздандыру жұмыстарын жүзеге асырды. Бүгінде әскерлер заманауи арнайы техникамен, қорғаныс құралдарымен және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Жеке құрамның кәсіби даярлығы тұрақты түрде жетілдіріліп, арнайы оқу-жаттығулар өткізіліп, халықаралық әскери ынтымақтастық дамытылуда. Отыз жылдан астам уақыт ішінде Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге және ел қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Олар әскерлерді, халықты және ел аумағын заманауи қауіп-қатерлерден қорғау жөніндегі міндеттерді абыроймен орындауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1252072?lang=ru
Қазақстан орнықты даму жөніндегі жаһандық рейтингтегі позициясын ілгерілетті 13.07.2026
Қазақстан орнықты даму саласындағы жаһандық күн тәртібіндегі өз ұстанымын нығайтуды жалғастыруда. 2026 жылғы Орнықты даму жөніндегі есептің (Sustainable Development Report) қорытындысына сәйкес, еліміз Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу индексі бойынша 169 мемлекеттің ішінде 67-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 3 сатыға жоғарылады. Еске салсақ, 2025 жылы Қазақстан 167 елдің ішінде 70-орында болған.2026 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан G20 елдерінің бірқатарын, оның ішінде Индонезия, Мексика, Түркия, Үндістан және Сауд Арабиясын басып озды.Мысалы, ең маңызды жетістіктердің бірі ретінде ОДМ 6 «Таза су және санитария» бағыты бойынша қол жеткізілген ілгерілеуді атап өтуге болады. Халықтың базалық ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 95,4%-дан 97,8%-ға дейін артты, тұщы су алу көлемі азайды, сондай-ақ өндірісі су тапшылығы байқалатын су ресурстарын пайдалануды талап ететін импортталатын тауарлардың құрамындағы су көлемі қысқарды.Сонымен қатар, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, инновациялық қызметті ынталандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру сияқты ОДМ-ның негізгі бағыттары бойынша тұрақты ілгерілеу байқалады. Бұдан бөлек, Қазақстан ОДМ-ды мемлекеттік саясатқа ықпалдастыру жөніндегі SDSN сараптамалық сауалнамасына енгізілген Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет атанды.Жаһандық рейтингтегі позицияның жақсаруы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін және орнықты, инклюзивті әрі ұзақ мерзімді даму қағидаттарына бейілділікті растайды.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1252061?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1253149?lang=ru
ЕНДІ ГАЗ ЕСЕПТЕУІШІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН EGOV MOBILE АРҚЫЛЫ ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ 13.07.2026
ЕНДІ ГАЗ ЕСЕПТЕУІШІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН EGOV MOBILE АРҚЫЛЫ ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫeGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде өз бетінше жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды. Сервис контролерді күтіп, қағаз құжат толтыру қажеттілігін жояды. Қосымша түрде жіберілген көрсеткіштердің дұрыстығын жасанды интеллект тексереді. Бұған дейін газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн тек QazaqGaz Aimaq қосымшасы арқылы жолдауға болатын. Енді бұл мүмкіндік eGov Mobile ішінде қолжетімді, бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ. Сервис уақытты үнемдеуге және нақты көрсеткіштерге сүйене отырып газ төлемін дәлірек есептеуге мүмкіндік береді. Сервистің негізгі ерекшелігі – көрсеткіштерді жасанды интеллект арқылы автоматты тексеру. Жүйе есептегіштің фотосын енгізілген деректермен салыстырып, сәйкессіздіктерді жібермей тұрып анықтайды. Бұл қолмен енгізу кезіндегі дәлсіздіктерді болдырмайды, пайдаланушыны қате есептеулерден қорғайды және контролер тарапынан қосымша тексеру қажеттілігін азайтады. Көрсеткіштер ай сайын 25-інен келесі айдың 5-іне дейін қабылданады. Онлайн жолдау қолмен енгізу кезіндегі қателіктерді азайтады, газ тұтынуды дәлірек есепке алуға мүмкіндік береді және деректердің мемлекеттік цифрлық платформа арқылы қауіпсіз берілуін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1252064?lang=ru
Құрылтай 13.07.2026
ҚҰРЫЛТАЙ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1251984?lang=ru
Жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуіне арналған актив отырысы өтті 13.07.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуіне орай аудан активінің отырысы өтті.Жиында Ата Заңның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.Аудан басшысы:«Конституция – мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін және мемлекеттік биліктің қызметін реттейтін басты құжат. Сондықтан оның жаңа редакцияда қолданысқа енгізілуі Қазақстанның саяси және құқықтық жаңғыруының жаңа кезеңін білдіреді. Алдағы уақытта ауданымызда Конституцияда белгіленген қағидаттарды басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауылдық елді мекендердің әлеуетін күшейту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жаңа саяси жағдайда мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап та күшейе түседі. Әрбір қызметкер кәсібилікпен қатар адалдықты, жауапкершілікті, әділдікті және мемлекет мүддесіне қызмет етуді өзінің басты ұстанымы ретінде қабылдауы тиіс. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және ауданның тұрақты дамуына қол жеткізу»,- деп атап өтті.Күн тәртібіне сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов «Жаңа Конституция және жергілікті өкілді биліктің рөлі» тақырыбында баяндама жасап, жергілікті өкілді органдардың халық пен билік арасындағы байланысты нығайтудағы жауапкершілігіне тоқталды.Сондай-ақ аудан прокуроры Нұрбек Қаратаев «Жаңа Конституция – заң үстемдігі мен құқықтық тәртіптің берік кепілі» тақырыбында сөз сөйлесе, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева «Жаңа Конституция – тең құқық пен әділетті қоғамның кепілі» тақырыбындағы баяндамасында азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттары қоғамның тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.Жиын барысында аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов пен «Ұлт бірлігі Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев пікір білдіріп, реформалардың елдің дамуы мен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызына тоқталды.-Баршамыз Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық басымдықтарды басшылыққа ала отырып, жаңа Конституцияның талаптарын сапалы жүзеге асыруға, ауданымыздың дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына және еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деп сенемін! Жаңа Конституциямыз тұғырлы, Тәуелсіз Қазақстанымыздың жаңа даму кезеңі құтты болсын,- деп аудан басшысы жиынды қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1251974?lang=ru
Маңызды міндеттердің орындалуы қатаң бақылауда болады 13.07.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.Жиын барысында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, ауыл шаруашылығы саласындағы егістік алқаптары және білім саласында Ұлттық бірыңғай тестілеуді сапалы қорытындылау мәселелері талқыланды.Жиында Жандос Еркінбек әрбір сала бойынша тиісті тапсырмаларын берді. Әсіресе, кәсіпкерлік нысандардың қасбеті мен ғимараттардың тазалығы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды.Сонымен қатар аудан басшысы жұмыстардың орындалуын жеке қадағалайтынын жеткізіп:-Әрбір сала бойынша берілген тапсырмалар уақытылы әрі сапалы орындалуы қажет. Нәтиже бірінші кезекте халыққа қызмет ету сапасынан көрінуі тиіс. Тапсырмалардың орындалу барысы тұрақты түрде менің жеке бақылауымда болады, – деп жиынды қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1251975?lang=ru
«Қазақстан Республикасының Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойылды. 13.07.2026
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға рақымшылық жасау басталды.Заңда белгіленген ӘҚБтК-нің баптарының тізбесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар, осы Заңның 8-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, ӘҚБтК-нің Заңда аталған баптары бойынша ғана әкімшілік жазадан босатуға құқылы.Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері (Қазақстан Республикасында дара кәсiпкер ретiнде тiркелген), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, заң консультанттары осы Заң күшiне енген күннен бастап әкiмшiлiк айыппұл түрiндегi әкiмшiлiк жазадан, не оның орындалмаған бөлiгiнен босатылады. Атқарушылық іс жүргізу «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес тоқтатылады.Айыппұл салу туралы қаулылардың орындалуын, егер мұндай істерді осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік кірістер органдары қараған болса (осы Заңның 8-бабында көрсетілгендерді қоспағанда) мемлекеттік кірістер органдары тоқтатады. Заң басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1251959?lang=ru
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет күнімен! 13.07.2026
Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күнімен құттықтаймыз!Еліміздің халықаралық беделін нығайтып, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту жолындағы еңбектеріңізге алғыс білдіреміз.Сіздерге кәсіби табыс, жаңа жетістіктер және ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1251935?lang=ru