Қоғам
Инвестициялық жобалар Қостанай облысының өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін беруде 13.07.2026
Қостанай облысы агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнімдерін экспорттау бойынша еліміздегі жетекші өңірлердің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 8,5 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Қостанай облысының үлесі – 2,7 млн тонна немесе республикалық көрсеткіштің 27,2%-ы.Өңдеу өнеркәсібін дамыту өңір экономикасының басым бағыттарының бірі саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және қосылған құны жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді.Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Қостанай қаласында орналасқан KAIZEN жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметі. Кәсіпорын бұршақ тұқымдас ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге маманданған және экспортқа бағдарланған өндіріс болып табылады. Зауыт 2023 жылы Түркияның халықаралық Arbel холдингінің инвестициясы есебінен пайдалануға берілді. Жобаға 4 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 70 тұрақты жұмыс орны құрылды.Кәсіпорында бұршақ, ноқат, жасыл және қызыл жасымық өңделеді. Заманауи технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған өндіріс бүгінде еліміздің солтүстік өңіріндегі бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласындағы ең озық кәсіпорындардың бірі саналады.Кәсіпорынның жоғары өнімді өндірістік базасы технологиялық үдерістерді автоматтандырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, шығарылатын өнімнің тұрақты сапасы мен халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Өндіріс қосылған құны жоғары, бәсекеге қабілетті және экспорттық әлеуеті зор өнім шығаруға бағытталған.Осындай инвестициялық жобаларды жүзеге асыру Қостанай облысының өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнім үлесін ұлғайту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1252726?lang=ru
Магистратура түлектеріне диплом табысталды 13.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистратура бағдарламасын тәмамдаған түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті.Жаңа Конституцияның қолданысқа енуі аясында өткен магистранттармен кездесуде Мұрат Нәлқожаұлы білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды.Диплом иегерлері білімі мен кәсіби біліктілігін ел игілігіне бағыттап, қоғам дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.Өңірдегі жоғары білім мен ғылымның қарашаңырағы саналатын оқу орнын биыл 2600-ден астам түлек бітірді.«Еліміздің ертеңі мен тірегі – Сіздер секілді жалынды жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әділетті Қазақстанды құрудың басты қозғаушы күші де, оның жаңа белестерін бағындыратын жасампаз қуаты да – өздеріңіз.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – жоғары конституциялық қағидаттарды іске асыра алатын білімді, дені сау, зияткер әрі озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу» деген болатын.Сіздер жастық жігерді Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі биіктете түсуге жұмсайтындарыңызға сенемін.Бүгінде облысымызда жаңа өндіріс орындары ашылуда, цифрландыру үдерісі жедел енгізіліп, әлеуметтік сала жаңғыртылып жатыр. Жаһандану дәуірінде креативті, жаңашыл әрі тың көзқарасы бар мамандар аса қажет.Баласының бағын тілеген ата-ананың қуанышында шек жоқ екенін көріп тұрмын. Сіздерге көп рақмет! Ал шәкіртін шыңға шығарған профессор-оқытушыларға аймақ халқының атынан ерекше алғысымды білдіремін. Сіздер облысымыздың басты байлығы – адами капиталды қалыптастырып келесіздер.Бойларыңыздағы білім мен өнегені Отанымыз – Қазақстанның, туған жеріміз – Сыр өңірінің игілігіне жұмсай беріңіздер», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Тоқсан жылға жуық тарихы бар университет озық идеялардың жаршысы ретінде ғылымға инновациялық жаңашылдықтарды енгізіп, бәсекеге қабілетті маман даярлау бағытындағы жұмысын табысты жалғастырып келеді.«Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2026» қорытындысыменеліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасында 7-орынға ие болды.Оқу орнының 31 білім беру бағдарламасы республикадағы үздік үштік қатарынан көрінді.Айта кетейік, биыл университеттің бакалавриат бағдарламасын 630, ал магистратура бағдарламасын 79 түлек тәмамдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1252731?lang=ru
Таразда Ұлттық ұланның үздік палуандары анықталды 13.07.2026
Тараз қаласында қазақ күресінен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының чемпионаты өтті. Дәстүрлі додада әскердің үздік палуандары бас қосып, 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ел қауіпсіздігі жолында жанын қиған 17 жауынгерлердің ерлігіне тағзым етті.Чемпионатқа Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары мен әскери бөлімдерінен жасақталған жеті команданың құрамындағы 50 балуан қатысты. Жарыс барысында бозкілемде жоғары деңгейдегі тартысты белдесулер өтіп, палуандар өздерінің шеберлігі мен жеңіске деген жігерін көрсетті.Өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанғандар:60 келіге дейін – Әділет Ілесбек («Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы);66 келіге дейін – Бердібек Үмбетхан (6636 әскери бөлімі);74 келіге дейін – Ұлан Елеусізов (6636 ә/б);82 келіге дейін – Дархан Қойбағар («Оңтүстік» ӨңҚ);90 келіге дейін – Әли Әлімби («Оңтүстік» ӨңҚ);100 келіге дейін – Нұрдәурен Тынышқали («Батыс» ӨңҚ).Командалық есепте «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды 5573 әскери бөлімінің командасы иеленсе, үздік үштікті «Батыс» өңірлік қолбасшылығының палуандары түйіндеді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұлттық ұланда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл чемпионат ұлттық спортты дамытуға, әскери дайындықты жетілдіруге және Отан алдындағы борышын соңына дейін адал атқарған батыр жауынгерлердің рухына тағзым етуге бағытталған маңызды спорттық іс-шаралардың бірі болып саналады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1252734?lang=ru
Қазақстан әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект кластерін құруды жоспарлап отыр 13.07.2026
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, халықаралық Citi корпорациясы және Freedom Holding Corp арасында ауқымды жасанды интеллект кластерін бірлесіп салу туралы өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев серіктестіктің маңыздылығына тоқталып, республиканың жаңа үлгідегі экономикаға көшіп жатқанын атап өтті: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Қазақстанда жасанды интеллектті дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрудамыз. Бүгінде технологияны тұтынушы болу жеткіліксіз, өзіндік есептеу қуатына және AI-шешімдерді әзірлеуге арналған жағдайларға ие болу маңызды. Citi және Freedom Holding Corp компанияларымен меморандумға қол қою - әлемдік деңгейдегі AI-кластерін құру жобасын жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам. Ол инвестициялар, таланттар мен технологиялық компаниялар үшін тартымды орталыққа айналады, сондай-ақ мемлекет, ғылым және бизнес үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді».Citi-дің мемлекеттік сектормен жұмыс жөніндегі жаһандық басшысы Стефани фон Фридебург бастаманың республиканың ұзақ мерзімді дамуы үшін маңыздылығын атап өтті: «Бұл Меморандум Қазақстанның цифрлық трансформациясының өршіл күн тәртібін және озық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуды қолдауға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді. Осы ынтымақтастық арқылы біз мемлекеттік институттарға, бизнеске және зерттеушілерге қызмет ете алатын әлемдік деңгейдегі ИИ-кластері мен есептеу қуаттарын құруға ықпал ететін инновациялық қаржыландыру тәсілдерін бағалауға тырысамыз. Біз Қазақстанның позициясын нығайту үшін өзіміздің жаһандық тәжірибеміз бен халықаралық капиталға қолжетімділікті пайдалана аламыз».Freedom Holding Corp. Бас директоры Тимур Турлов компанияның жобаны практикалық іске асыруға дайындығын растады: «Бүгінгі оқиға - Мемлекет басшысының цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту саласында жүргізіп отырған ауқымды саясатының тәжірибелік көрінісі. Технологиялық егемендікке ұмтылу және Қазақстанды цифрлық державаға айналдыру курсы ең жоғары деңгейде белгіленді, ал біз қол қойып отырған меморандум - осы бағыттағы нақты қадам. Freedom Holding Corp. компаниясының NVIDIA және OpenAI сияқты жетекші әлемдік технологиялық компаниялармен ынтымақтастықта нақты тәжірибесі бар және біз бұл сараптаманы жобаны табысты жүзеге асыру үшін қолдануға ниеттіміз».Ынтымақтастықтың басты міндеті - озық GPU-технологияларымен жабдықталған жасанды интеллект кластерін құру, сондай-ақ мемлекеттік сектор, ғылым және бизнес үшін негізгі орталыққа айналатын деректерді өңдеу орталығын салу болмақ.Сонымен қатар, келісім Қазақстанның жаһандық қаржы жүйесіндегі позициясын нығайтатын цифрлық активтер экожүйесін қалыптастыруды көздейді.Тараптар цифрлық банкинг және трансшекаралық есеп айырысу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, қаржылық құралдарды нарықтың барлық қатысушысы үшін қолжетімді және ашық ететін блокчейн-шешімдерді енгізуге ниетті екендерін атап өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1252722?lang=ru
Бас штаб бастығы «Батыл тойтарыс – 2026» оқу-жаттығуына дайындық барысын тексерді 13.07.2026
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Гвардейск гарнизонына жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында ол Гвардейск кентіндегі инфрақұрылым нысандарын және «Мәтібұлақ» оқу полигонының стратегиялық командалық-штабтық «Батыл тойтарыс – 2026» оқу-жаттығуына дайындық барысын тексерді.Бас штаб бастығы жауапты лауазымды тұлғалардың полигонды тактикалық кезеңдер мен оқу-жаттығудың белсенді фазасын өткізуге дайындау мақсатында жүргізіліп жатқан инженерлік жұмыстардың барысы туралы баяндамаларын тыңдады.Инженерлік және тылдық қамтамасыз ету бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп, басқару пункттерін, әскерлерді орналастыру аудандарын, қару-жарақ пен әскери техниканы орналастыру орындарын салу және жабдықтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар байланыс жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, тылдық және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.Бұдан бөлек, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жеке құрамның, қару-жарақтың, әскери техниканың және оқ-дәрінің есептік көрсеткіштерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды өрістетуге қатысты мәселелерді нақтылады.Бас штаб бастығы бөлімше командирлері мен жеке құрамның практикалық іс-қимылдардың әрбір кезеңі бойынша міндеттерді орындау тәртібін, берілетін пәрмендерді орындау уақытын және белгіленген шептерді қаншалықты меңгергенін тексерді.Қазіргі уақытта полигонда тактикалық алаңды инженерлік тұрғыдан жабдықтау, взводтың тірек пункттерін нығайту және ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы қорғаныс жүйесін құру жұмыстары жалғасып жатыр.Оқу-жаттығу өтетін ауданға жүргізілген алдын ала тексеру қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары далалық инфрақұрылым нысандарын дайындауды аяқтау, оларды инженерлік тұрғыдан жетілдіру, сондай-ақ байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің әзірлігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік талаптарының сақталуы жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1252700?lang=ru
Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығын дамыту туралы 13.07.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 2 шілде - Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтің Бразилия Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасары, Елші Сюзан Клибанкпен кездесуі өтті.Тараптар, кездесу барысында ү.ж. 11 мамырда Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейраның Астанаға жасаған ресми сапарының қорытындыларын жоғары бағалап, оның нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. Қазақстан мен Бразилия арасындағы саяси диалогты одан әрі нығайту және екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қазақстан Елшісі сұхбаттасын елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы, соның ішінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі, бір палаталы Құрылтайға алдағы сайлау және «Қазақстан Халық Кеңесі» құрамын қалыптастыру жөнінде хабардар етті. Бұл үдерістер еліміздің саяси дамуындағы маңызды кезең болып, негізгі мемлекеттік институттарды кешенді жаңғырту үдерісінің аяқталғанын білдіретіні атап өтілді.Елші Сюзан Клибанк, орайлы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандық дипломаттарды кәсіби мереке - Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметі күнімен құттықтап, Қазақстанның халықаралық беделін одан әрі нығайту жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.Елші Болат Нүсіпов кездесу соңында Елші Сюзан Клибанкке сындарлы әрі достық сипаттағы ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстан-Бразилия екіжақты қатынастарын нығайту мен кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Елшіліктің Алғыс грамотасын табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1252681?lang=ru
Newsletter Kazakhstan - 02.07.2026 13.07.2026
Newsletter Kazakhstan - 02.07.2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1252676?lang=ru
Қазақстанның жаңа Конституциясы мен сот-құқықтық реформалары Чехияның Жоғарғы сотында таныстырылды 13.07.2026
Брно, 2026 жылғы 30 маусым - Чех Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасы Петр Андялошидің шақыруымен Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбдірахманов азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі болу елдің жоғары сот органында болды.Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің сот жүйелерін одан әрі дамыту, құқық үстемдігі қағидатын нығайту, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауда тәуелсіз сот төрелігінің рөлін арттыру мәселелері жөнінде мазмұнды пікір алмасты.Әңгіме барысында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және адам құқықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталған жаңғырту үдерістерінің маңызы сөз болды.Осы тұрғыда 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының сот-құқықтық жүйені одан әрі жетілдірудегі және «Заң және Тәртіп» қағидатын дәйекті іске асырудағы айқындаушы рөлі атап өтілді.Өз кезегінде Петр Андялоши Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының ережелері заманауи талаптарға толық сай келетінін және қоғам мен мемлекеттегі демократиялық құндылықтарды одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті.Тараптар сондай-ақ сот практикасының өзекті мәселелерін, сот төрелігі институттарына қоғамдық сенімді арттыру тетіктерін және екі елдің заңгерлер қауымдастықтары арасындағы тәжірибе алмасуды талқылады. Сонымен қатар Әділет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде Венеция комиссиясы аясындағы өзара іс-қимылды және сот төрелігі мәселелеріне қатысты халықаралық конвенцияларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы құқық саласындағы диалогты одан әрі дамытуға және екі елдің сот институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделіліктің жоғары екенін тағы бір мәрте растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1252678?lang=ru
Заманауи қонақүй, тұрғын үй құрылысын ауқымды дамыту және экопарк құрылысының басталуы 13.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері және белсенді жастармен бірге аймақ орталығында салынып жатқан Marriott қонақүй кешенінің құрылысымен, «Астана» шағын ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, экопарк құрылысының басталу рәсіміне қатысты.Мемлекет басшысы инвестиция тартуға қолайлы ахуал қалыптастырудың, шағын және орта бизнесті, заманауи туристік және сервистік инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын.«Жаңа инвесторлардың келуі мен іскерлік белсенділіктің артуына байланысты заманауи қонақүй инфрақұрылымына деген сұраныс та өсіп келеді. Осы жайттар ескеріліп, Қостанайда әлемге танымал Marriott, Novotel және Holiday Inn қонақүй кешендері салынады», – деді аймақ басшысы.Marriott қонақүй кешенінің құрылысы толықтай жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Қонақүй нөмірлерінен бөлек, мейрамханалар, конференц-зал, келіссөздер бөлмелері, фитнес-зал, бассейн және басқа да қызмет көрсету нысандары кіреді. Жаңадан 140 жұмыс орны ашылады.Айта кетейік, Marriott Қазақстан бойынша Астана, Атыраудан кейін Қостанайда салынып жатқан қонақүй кешені.Ал «Астана» шағын ауданында 200 га аумақта 154 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгінде 10 тұрғын үй пайдалануға берілді. 23 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 13 үйді биыл пайдалануға беру жоспарланған.Ел Президентінің ірі қалалар мен облыс орталықтары маңында экосаябақтар құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде екі жаңа саябақ аймағы ашылады.Қостанай қаласы маңындағы орман қоры аумағында 43,8 га болатын экосаябақтың құрылысы басталды. Мұнда автотұрақтар, жүгіру және велосипед жолақтары, спорттық және балалар ойын алаңдары алаңдар, орындықтар, көлік тұрағы салынады. «Астана» шағын ауданына апаратын жерасты өткелі қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1252632?lang=ru
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды алаяқтардың телефон арқылы хабарласу жағдайлары туралы ескертеді 13.07.2026
Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері азаматтарға қандай да бір хаттың келіп түскені туралы хабарлау үшін, құжаттарды пошта немесе курьерлік қызмет арқылы алуды ұсыну үшін қоңырау шалмайды. Сондай-ақ олар SMS арқылы келген кодтарды, оның ішінде 1414 нөмірінен келген кодтарды хабарлауды, растау кодтарын, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және басқа да жеке деректерді айтуды талап етпейді. Егер сізге осындай қоңырау шалынса: ешқандай кодтар мен жеке деректеріңізді хабарламаңыз; жіберілген сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз; сөйлесуді бірден тоқтатыңыз; қажет болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына ресми байланыс арналары арқылы хабарласыңыз. Қырағы болыңыз және жақындарыңызға ескертіңіз. Алаяқтардың сеніміңізді пайдалануына жол бермеңіз. Ақпаратты тек ресми ақпарат көздерінен алыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1252602?lang=ru
Кения Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Кения ынтымақтастығын дамыту мәселесі талқыланды 13.07.2026
Найроби, 2026 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Сыртқы істер және диаспора министрлігінің бас хатшысы Авраам Корир Сингоемен кездесті.Кездесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Кения Президенті У.Рутоның Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жоспарлары, әртүрлі деңгейдегі сапарлар және екіжақты құқықтық базаны әзірлеу сұрақтары талқыланды.Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар мен өзара алмасулар шеңберінде тығыз ынтымақтастыққа деген ниеттерін растады.Кездесу қорытындысы бойынша У.Рутоның Қазақстанға сапарының нәтижелерін, атап айтқанда сауда және инвестиция, транзиттік және көлік бағыттары, соның ішінде Кения порттарын пайдалану, ақпараттық және қаржылық технологиялар, ғарыш, тау-кен өндірісі, спорт және туризм сияқты салаларда жүзеге асыру мақсатында өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1252539?lang=ru
Бизнес иелеріне ЭҚЖЖ-ны өзектендіру қажет 13.07.2026
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ЭҚЖЖ ұлттық жіктеуішіне енгізілген №4 өзгеріс ресми түрде қолданысқа енгізілді (ҚР ҰЖ 03-2019). Өзгерістер бөлшек сауда, курьерлік жеткізу, туризм, газдандыру саласы және робототехникаға қатысты.Ұлттық статистика бюросы қолданыстағы ЭҚЖЖ кодтарын автоматты түрде қайта кодтауды жүргізеді. Алайда бизнесіңіздің нақты параметрлерін, мысалы, сауда залының ауданы немесе көрсетілетін қызметтердің ерекшелігін тек өзіңіз білесіз. Осыған байланысты ақпараттық жүйелерде деректердің дұрыс көрсетілуі үшін бизнес иелеріне өз ЭҚЖЖ кодын өзектендіру қажет.Жіктеуішке енгізілген негізгі өзгерістер:Азық-түлік өнімдерінің бөлшек саудасы.Кодтар сауда объектісінің ауданына қарай нақты бөлінді:100 шаршы метрден аз — 47117100-ден 500 шаршы метрге дейін — 47116500-ден 2 000 шаршы метрге дейін — 471152 000-нан 10 000 шаршы метрге дейін — 4711410 000 шаршы метрден жоғары — 47113Курьерлік жеткізу.Курьерлік қызметке арналған код (53201) және өзге де пошта қызметіне арналған код (53209) бөлек айқындалды.Туризм.Гидтер, экскурсоводтар және нұсқаушылар үшін жеке кіші сыныптар (79901), сондай-ақ брондау бойынша өзге де қызметтер үшін код (79909) бөлінді.Газ және отын сату.Жіктеу құбыржолдар бойынша бөлінді. Баллондардағы сұйытылған газды бөлшек саудада сату сауда алаңының көлеміне байланысты: 2 000 шаршы метрден аз — 47787, 2 000 шаршы метрден бастап — 47786.Робототехника.Өнеркәсіптік роботтарды өндіру үшін 28997 коды енгізілді.Салық төлеушілер үшін іс-қимыл алгоритмі:egov.kz Электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіңіз.Техникалық жаңартудан кейін кәсіпорныңызға берілген кодты тексеріңіз.Нақты көрсеткіштермен сәйкессіздіктер болған жағдайда портал арқылы ЭҚЖЖ-ны өзектендіруге өтінім беріңіз.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталған рәсімді жедел жүргізуді ұсынады, өйткені деректерді өзектендіру салықтық әкімшілендіруді дұрыс жүргізу, тәуекелдерді басқару жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі және салықтық ден қою шараларының алдын алу үшін қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1252542?lang=ru
Қазақстан мен Кения ынтымақтастықты кеңейтуге келісті 13.07.2026
Найроби, 2026 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Инвестициялық басқармасының мүшесі Ребекка Киметомен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Кения арасындағы сауда, туризм және инвестиция сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, тараптар спорт саласындағы, атап айтқанда жеңіл атлетика, шахмат және әртүрлі жекпе-жек түрлері бойынша екіжақты қарым-қатынасты дамыту бойынша пікір алмасты.Кездесудің нәтижесінде тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту әлеуетін зерттеу үшін екі елден делегация жіберу туралы келісімге қол жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1252545?lang=ru
Қаржы министрлігі жаңа Конституцияның құндылықтарына арналған веложарыс өткізді 13.07.2026
ҚР Қаржы министрлігінің бастамасымен веложарыс пен ұжымдағы ауызбірлікті арттыруға бағытталған арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Оған орталық аппараттың, комитеттер мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.Бұл ретте аталған жарыс жаңа Ата заңның күшіне ену қарсаңында арнайы өткенін айта кеткен орынды. Конституцияның негізгі құндылықтары – заңның үстемдігін, мемлекеттің жауапкершілігін, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға, қоғамның бірлігі мен ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған.Бас құжатта мемлекеттік институттарға қойылатын талаптардың тың деңгейі белгіленген. Қаржы министрлігі үшін мұның ерекшелігі зор. Өйткені азаматтардың сенімі, бизнестің орнықты дамуы, бюджет процестерінің ашықтығы мен еліміздің инвестициялық тартымдылығы қаржы жүйесі, салық пен кеден қызметі, қазынашылық әрі басқа да бақылау органдарының жұмыс сапасына тікелей байланысты.Бұған қоса азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғап, кепілдік беру, оның ішінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту маңызды конституциялық реформалардың бірі болып саналады. Бұл барынша құқықтық ортаны қалыптастырып, мемлекет қабылдаған шешімдердің сапасын арттырады.Веложарыс министрлік ұжымы үшін мемлекет алдында тұрған міндеттерді іске асырудағы алға жылжу мен ортақ мақсатқа бірігіп жетудің символына айналды. Сайыс жолына түрлі буын өкілдерінің, бөлімшелер мен ұйым қызметкерлерінің шығуы ұрпақ сабақтастығының, ұжымдық рухтың және ауызбірліктің айқын дәлелі болды.Тартыстың аламанның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қаржы министрі Мәди Такиев диплом әрі естелік сыйлық тарту етіп, мұндай іс-шаралардың мән-маңыздылығына айрықша тоқтап өтті.Әйелдер арасындағы бәсекеде Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкері Әйгерім Садыбек өзгелерден оқ бойы озып, мәреге бірінші келді. Екінші орын Әлия Дәулетбаеваға бұйырса, үздік үштікті Мемлекеттік қазынашылық комитетінің тағы бір өкілі Айгүл Сарсембенова түйіндеді.Ерлер арасындағы додада Электрондық қаржы орталығының қызметкері Әли Қызайбай қарсыластарын шаң қаптырып, жеңімпаз атанды. Ал Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері Айбек Рымтай мәренің екінші болып кесті. Үшінші орыннан Ақпараттық-есептеу орталығының қызметкері Қайрат Сұлтанбеков көрінді.ҚР ҚМ өкілдерінің айтуынша, корпоративті мәдениетті дамыту, қызметкерлердің денсаулығын нығайту және біртұтас команданы қалыптастыру тиімді мемлекеттік қызметтің маңызды бөлігі болып саналады. Мұндай іс-шаралар ұжымдағы сенімді нығайтып, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды арттыруға және ведомство алдына қойылған міндеттерді сапалы орындауға оң әсер етеді.Жаңа Конституцияның құндылықтарын түсіндіру мен дәріптеу жөніндегі жұмыс аумақтық органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдарда жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1252511?lang=ru
Домбыра – халықтың жаны, Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы! 13.07.2026
2 шілде күні Тобыл кентіндегі «Ұлт рухы» аллеясында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.Мереке қатысушыларын Тобыл кенті әкімінің орынбасары Байбол Хасенов құттықтап, барша тұрғындарға амандық, бақ-береке және өсіп-өркендеу тіледі.Мерекелік кештің сәнін аудандық өнер мектебінің тәрбиеленушілері, аудандық мәдениет үйі мен «Думан» мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары келтірді. Өнерпаздардың орындауында халқымыздың бай мәдени мұрасын, туған жердің көркемдігін және Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әндер мен музыкалық шығармалар шырқалды.Бұл мереке ұлттық дәстүрлерді сақтау, тарихымызды құрметтеу және халқымыздың рухани құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1252505?lang=ru
Еркін форматтағы кездесуде жастар саясатының басым бағыттары талқыланды 13.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында өңір жастарымен еркін форматтағы кездесу өткізді. Онда жастар саясатын дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті, жастардың қоғамдық бастамаларын қолдау және өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудағы кейінгі буынның рөлі кеңінен талқыланды.Аймақ басшысы елдегі саяси реформалардың маңызына тоқталып, жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа кезеңнің бастауы екенін атап өтті.«Бұл – әділетті қоғам құруға және болашаққа деген сенімді нығайтуға бағытталған тарихи шешім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, Әділетті Қазақстанды құруда білімді, отаншыл жастардың рөлі айрықша. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, еңбек етуіне, кәсіп бастауына және жан-жақты дамуына мемлекет жүйелі қолдау көрсетіп отыр. Биыл жастар саясатын іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бастамаларын жүзеге асыруда жастардың белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігі ерекше маңызды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Еркін пікір алмасу кезінде жастар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. «Сыр жастары» бағдарламасының қатысушысы, жас журналист Арайлым Шакизадаева, «Global Motors» Қызылорда автосалонының директоры Олжас Балтақожа, «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторының директоры Жанарыс Түбекбаев, блогер Нұржан Сейтмұрат, облыстық «GAMMA MMA» федерациясының төрағасы Бейбітжан Қобланов және «Анаға тағзым» орталығының әдіскері Ақбота Шамшиева сөз сөйледі.Облыс әкімі барлық ұсыныстар жан-жақты қаралатынын, жастар бастамаларын қолдау жүйелі жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар жастарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өткен жылы облыста 14 пен 35 аралығындағы 248 279 жас есепке алынған, бұл – жалпы халықтың 29,4%-ы. «Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүйелі жұмыс орындалуда.Ақпараттық-талдау орталығы жылына екі рет аймақ жастары арасындағы ахуалға зерттеу жүргізіп, қорытындысы бойынша мүдделі органдарға ұсыныстар береді. Ұсыныстар қатарында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кәсіби бағдарлау бар.Жастарды еңбекке баулу мақсатында құрылған еңбек бригадаларының саны 30-дан асып, құрамына 800-ден астам адам тіркелді. Еңбек жасағына әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан, NEET санатындағы жастар да тартылды.Облыстық жастар ресурстық орталығы жанында 6 үйірме мен клубтар бар. «Оқушылар сарайы», «Теннис орталығы», «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», барлық аудандағы «Руханият орталықтарында» жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалған.Өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама бойынша 35 жастан аспаған, Қызылорда облысында тұрақты тіркеуі бар жастар жылдық 6% пайыздық мөлшерлемемен, үй бағасының 10% жарнасын жинап үй ала алады. Бюджеттік ұйымдар, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдай, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар, екінші деңгейдегі банк филиалдарында жұмыс істейтін қызметкерлер, журналистер, кәсіпкерлерге оңтайлы мүмкіндік ұсынылған.Еске салсақ, 2024 жылы 798 адам құжат тапсырып, жолдама алған 471-інің 100-і төлем қабілеттін растап, үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Өткен жылы 691 адам құжат тапсырып, оның 453-нің құжаты қабылданып, 300 жасқа «Отбасы банк» АҚ-нан жолдама берілді. Төлем қабілетін сәтті растаған жастар сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйден пәтер алды. Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы «Орнықты даму жолында Халықаралық еріктілер жылы» деп жариялады. Соған сәйкес халықаралық және республикалық деңгейдегі екі ауқымды шара өтеді.Тамыз айындағы республикалық волонтерлер слеті жастар мен еріктілердің тәжірибе алмасуына, жаңа бастамаларды талқылауға және қоғам игілігіне арналған жобаларды дамытуға арналады. Сондай-ақ, «Менің мамандығым – менің жетістігім» тақырыбында республикалық жас мамандар форумын өткізу жоспарланған.Қазан айында халықаралық «Green Aral: Volunteers for Life» халықаралық еріктілер апталығы аясында Арал маңы табиғатын қалпына келтіру және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар іске асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1252478?lang=ru
«Халық бухгалтері» акциясы арқасында 60 000 кәсіпкер тегін кәсіби көмек алды 13.07.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесе отырып, 2026 жылдың 5 қаңтары мен 30 маусымы аралығында өткен республикалық «Халық бухгалтері» акциясының нәтижелерін қорытындылады. Акцияның негізгі мақсаты кәсіпкерлерге практикалық қолдау көрсету, салықтық және бухгалтерлік есепті жүргізудің сапасын жақсарту және салық төлеушілерге 2026 жылы күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістерді түсінуге көмектесу. Акция аясында облыс орталықтарындағы, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелерінде азаматтарға тегін жеке кеңес беру ұйымдастырылды. Кеңес беру кәсіби бухгалтерлер мен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен жүргізілді. Акцияға жалпы 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтерлер қатысты. Алты айдың ішінде бұл акция сұранысқа ие, кәсіби бухгалтерлер қауымдастығы және бизнес секторы арасындағы мемлекеттің ашық диалог алаңына айналды. Акция нәтижелері:60 мыңнан астам салық төлеушілер тегін кеңес алды;3247 ашық есік күні іс-шарасы өткізілді;жергілікті деңгейде 2928 семинар ұйымдастырылды;512 сұхбат пен сараптамалық түсініктемелер дайындалды;БАҚ, теледидар, радио және әлеуметтік желілерде 10 мыңнан астам мақала жарияланды;акцияға қатысушылардың 616 бейне-пікірлері, оның ішінде бизнес-қоғамдастық өкілдерінің, блогерлердің және пікір көшбасшыларының 182-сі жазылды;ақпараттық роликтер радиостанцияларда 45 000-нан астам рет шығарылды;Zakon.kz ақпараттық қолдауымен акция материалдары, соның ішінде төрт вебинар — 2 500 000-нан астам қаралым жинады. Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлер арасында тікелей өзара әрекеттесу форматына сұраныс айтарлықтай. Қатысушылар жаңа Салық кодексін қолдану, оңтайлы салық режимін таңдау, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері, салық жеңілдіктері мен шегерімдері, ҚҚС бойынша тіркеу және есептен шығару, арнаулы салық режимдерін қолдану, электронды шот-фактураларды рәсімдеу, ақпараттық жүйелерді пайдалану, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларды есепке алу және олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша сараптамалық түсініктемелер алды. Акцияның ерекше құнды аспектісі кәсіпкерлердің тәжірибелі кәсіби бухгалтерлерден және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен тікелей жеке кеңес алуы болды, бұл оларға нақты жағдайлардың шешімін тез табуға және салық міндеттемелерін орындау кезінде ықтимал қателердің алдын алуға мүмкіндік берді. «Халық бухгалтері» салық сауаттылығын арттыруға, салықтық міндеттемелерді ерікті орындау мәдениетін тәрбиелеуге және қолайлы бизнес-ортаны құруға бағытталған мемлекет пен кәсіби қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықтың тиімді үлгісіне айналды. Тегін кәсіби көмек мыңдаған кәсіпкерлерге заңнамалық өзгерістерге сенімдірек бейімделуге және ең өзекті сұрақтарына дер кезінде жауап алуға мүмкіндік берді. Осы тәжірибе әрі де өз жалғасын тауып, жергілікті мемлекеттік кірістер базасында ай сайын, бухгалтерлік ұйымдармен бірлесе отырып салық заңнамасын түсіндіру бойынша «Ашық есік күндері» өткізілетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1252867?lang=ru
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру (өткізу кезеңі – 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың алғашқы 6 айы) 13.07.2026
Курчатов қаласының әкімдігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін (қоса алғанда) құрылымдық бөлімшелердің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдау жүргізілетін сала мен талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар болса, оларды m.baliev@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына (заң бөлімінің басшысы) жолдауыңызды сұраймыз.Ұсынылған ақпараттың құпиялылығы мен анонимдігіне кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында пайдаланылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1252391?lang=ru
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 13.07.2026
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігі 2026 жылғы 24 тамыздағы сағат 10:00-де мерзімі 10 жылға, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс мына мекен-жайда өткізіледі: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской ауылы, Королев көшесі 5 (аудан әкімдігінің ғимараты) лоттар бойынша: № лоттарУчаскенің орналасқан жері Алаңы гаЖер-сулардың құрамысапалық сипаттамасыБонитетбалдарысумен қамтамасыз етужалдау мерзіміауылшаруашылық мамандануыегістікжайылымшабындықтар1Буденный ауылдық округ (егістік № 66)75,175 қарапайым қара топырақтар56жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы2Қарақоға ауылдық округ (егістік №134, 125)332,4 331,2 қарапайым қара топырақтар24жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы3Қарақоға ауылдық округ (егістік №119, 6)150,45323,170,7қарапайым қара топырақтар49жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы4Қарақоға ауылдық округ (егістік №8)141,1 7,458,7қарапайым қара топырақтар10жоқ10 жылмал шаруашылығы5Қарақоға ауылдық округ (егістік №7)59,6 51,66,2қарапайым қара топырақтар10жоқ10 жылмал шаруашылығы6Соснов ауылдық округ (егістік №33)22,122 қарапайым қара топырақтар35жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы7Соснов ауылдық округ (егістік №42 ВСУ)3 2,8 қарапайым қара топырақтар10жоқ10 жылөсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы Барлығы:783,7150416,1135,6 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20.12.№ 518 бұйрығымен) өтінімді қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 3 тамыздан мен 21 тамызға оралығында дейін мына мекен-жай бойынша: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской ауылы, Королев көшесі 5-үй, «Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ жүзеге асырылатын болады. Телефон/факс: 8(71443) 2-45-78,эл. пошта: mend.zem.kom@mail.ruсхема Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1252347?lang=ru
Маңғыстау облысының туризм басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жария талқылау жүргізіледі 13.07.2026
2026 жылдың 16 шілдесінен бастап Маңғыстау облысының туризм басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жария талқылау жүргізілетінін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1252335?lang=ru