Enbekshi QazaQ

Қоғам

БАҚ өкілдері Қазақстанның оңтүстігіндегі әскери-медициналық мекемелердің жұмысымен танысты 17.11.2025
Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне барды.Журналистер мен блогерлер Талдықорған, Сарыөзек, Қонаев, Алматы және Гвардейск гарнизондарында мерзімді қызметтегі сарбаздарға көрсетілетін медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру және тұрмыстық ахуалмен танысты.Баспасөз турына Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жетекшілік етті. Талдықорғанда өткен баспасөз конференциясында ол Қарулы күштердің көп деңгейлі медициналық қамтамасыз ету жүйесінің дамуы жайлы мәлімдеді.Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан Қарулы күштерінде 16 әскери-медициналық мекеме, оған қоса тәулік бойы көмек көрсететін 130-дан астам тактикалық медициналық бөлімше жұмыс істейді. Жүйеде 2300-ден аса маман қызмет атқарады. Бұдан басқа әскери қызметшінің цифрлық денсаулық паспортының енгізілуін және денсаулық жағдайын талдауда, ауруларды ерте анықтауда жасанды интеллект технологияларын қолдану перспективаларын да атап өтті.Сапар барысында БАҚ өкілдері әскери қызметшілерді емдеу жағдайларын және заманауи медициналық жабдықтардың жұмысын бағалады. Қатысушыларға амбулаторлық, қабылдау, терапиялық және хирургиялық бөлімшелер, басқа да жоғары технологиялы диагностикалық жүйелермен жабдықталған зертханалар көрсетілді. Мобильді далалық жұқпалы аурулар госпиталі, операциялық-реанимациялық кешен, санитарлық-эпидемиологиялық зертхана және дезинфекциялық-жуыну кешені сапар барысында ерекше назарға ие болды.Журналистер Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығындағы 800-ден астам әскери қызметшіні қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинатына барды. Мұнда жылдық кір жуу көлемі 220 мың келіден асады, ал бұл кешен сағатына 180 адамға дейін қабылдай алады. Бұдан бөлек, олар азық-түлік пен жанар-жағармай сапасын бақылау зертханаларының жұмысымен танысты.Баспасөз турына қатысушылар әскери-медициналық мекемелердің жұмысын, олардың жабдықталуы және жеке құрамның денсаулығына жасалатын қамқорлық деңгейі туралы жан-жақты білдік деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106576?lang=kk
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік бажды қайтару мәселесі бойынша дөңгелек үстел 17.11.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес  акционерлік қоғамының Алматы қаласы филиалымен бірлесіп, Алматы қаласы полиция Департаментінің Процессинг орталығының, Әкімшілік полиция басқармасының өкілдерінің  қатысуымен мемлекеттік бажды және де басқа төлемдерді қайтару кезінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдету мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстел барысында «Көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу)»,  «Жүргізуші куәліктерін беру (ауыстыру)» мемлекеттік қызметтерін алу кезінде мемлекеттік баж сомаларын қайтару  мәселелері қарастырылды.Іс-шараның мақсаты-азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін қысқарту, мемлекеттік баж сомаларын уақытылы қайтаруды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды оңайландыру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1106585?lang=kk
Ұлан-Батыр қаласында «Абай мұрасы» атты қазақ поэзиясының мәдени кеші өтті 17.11.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 15 қараша –Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінде ұлы ақын, ойшыл және композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай мәдени кеш өтті. Іс-шара қазақ диаспорасының өкілдері мен еліміздің бай мәдени мұрасына айрықша қызығушылық танытатын Қазақстанның достарын біріктірді.Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов құттықтау сөзін жолдады. Өз сөзінде ол Абайдың шығармашылық және философиялық мұрасының ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы, мәдениет пен білім беру жүйесін дамытудағы, сондай-ақ қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтудағы айрықша рөліне ерекше тоқталды.Мәдени кеш аясында Абай шығармалары, оның көзқарастары мен идеялары жөніндегі білімді тереңдетуге бағытталған зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ұлы ойшылдың шығармаларынан көркемсөз оқу кеші өтіп, тыңдаушыларға оның поэзиясының тереңдігін, философиясының гуманистік мазмұнын және мұрасының қазіргі замандағы өзектілігін жаңаша қырынан ұғынуға мүмкіндік берді.Аталған мәдени кеш Моңғолиядағы қазақ диаспорасы үшін маңызды оқиғаға айналды. Іс-шара отандастардың тарихи Отанымен байланысын нығайтуға, ұлттық дәстүрлер мен рухани мұраны шетелде сақтау мен насихаттауға үлес қосты, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы екіжақты қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылатын мәдени диалогтың маңыздылығын айқындай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1106595?lang=kk
Сеулде «Camerata Kazakhstan» камералық ансамблінің концерті өтті 17.11.2025
Сеул, 2025 жылғы 14 қараша – Сеулде Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында Мемлекеттік классикалық музыка оркестрі «Camerata Kazakhstan» ансамблінің концерті өтті.Концерт бағдарламасында Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау», Шәмші Қалдаяқовтың «Бәрінен де сен сұлу» және басқа да көрнекті шығармалар орындалды.Қазақстанның Елшісі Нұрғали Арыстанов құттықтау сөзінде мәдени алмасудың «аудармасыз тіл» ретінде маңызын атап өтіп, оның халықтар арасындағы байланыстарды нығайтып, болашақ ұрпақ үшін ынтымақтастық алаңын қалыптастыратынын айтты.Сонымен қатар, қазақ дипломаты мәдени ынтымақтастықтың Қазақстан мен Корея арасындағы саяси, экономикалық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылмен тығыз байланысты екендігін атап өтті. Ол туристік ағынның артуы мен әуе қатынасының кеңеюін екі ел халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті дамытуға ықпал ететін маңызды факторлар ретінде көрсетті.Янгчхон мәдениет қорының Төрағасы Чон Донг Хи Қазақстан мен Кореяның мәдени саладағы ынтымақтастығы нығайып келе жатқанын атап өтіп, осындай бірлескен жобалардың екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты тереңдетуге ықпал ететінін айтты. Ол қазақстандық орындаушылардың жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдіріп, мәдени бастамаларды одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.Мемлекеттік классикалық музыка оркестрінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі Гаухар Мырзабекова Қазақстанның музыкалық мәдениетін Кореяда таныстыру халықтар арасындағы достықты нығайтып, музыканың елдерді біріктіретін берік көпір әрі өзара құрмет атмосферасын қалыптастыратын күш екенін атап өтті.«Camerata Kazakhstan» концерті көрермендерге қазақстандық классикалық музыканың жоғары деңгейімен танысып, өнер арқылы халықтарды біріктіретін үндестік пен сұлулықты сезінудің бірегей мүмкіндігін ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1106535?lang=kk
Қазақстан-Ливан ынтымақтастығына арналған конференция 17.11.2025
15 қарашада Қазақстанның Бейруттағы Елшілігі ливандық танымал “Елит” мәдени-ағартушылық орталығымен бірлестікте “Орталық Азия мен Араб әлемі: Ықпалдастықтың болашағы” айдарымен конференция өткізді. Шара болу елінде Бейруттан кейінгі екінші ірі қаласы саналатын және өткен жылы Араб әлемінің “Мәдени астанасы ” деп жарияланған Триполиде ұйымдастырылды. Оған шахардың губернаторының өзі мен әкімшілігінің өкілдері, парламент депутаттары, танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, бірқатар экс-министр, ғалымдар, білім беру саласы мен баспасөз өкілдірі қатысты.Жиындағы кіріспе сөзінде Қазақстан Елшісі Расул Жұмалы Отанымыздың тарихы мен бүгінгі дамуы, сыртқы саясаттағы басым бағыттары, сондай-ақ Араб әлемімен жан-жақты ынтымақтастығының жайы мен келешек көкжиектері туралы  баяндама жасады. Соңынан жүзден астам қатысушылардан тұратын аудитория тарапынан аталған тақырып төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып оларға қатысты тұщымды жауаптар мен түсініктемелер берілді. Жалпы, жергілікті белсенділер Қазақстанның және тұтастай Орталық Азияның бүгінгі әлемдегі орны, артып келе жатқан стратегиялық және экономикалық мүмкіндіктері турасындағы жағдаяттарды жіті бақылап отырғанын танытты. Сәйкесінше орын алған сұхбат пен пікір-алмасу мейлінше ашық әрі мәнді сипатта өтуіне ахуал қалыптасты. Конференция барысында көрермендерге еліміз жайлы арнайы әзірленген бейнефильм мен көрнекі баспа материалдары ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1106544?lang=kk
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні 17.11.2025
Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Бар өмірін туған жерге арнап жүрген сіздерге табысты еңбек және төккен тердің жемісін көруге тілектеспіз. Қажырлықпен атқарған жұмыстарыңыз жақсы нәтиже беріп, еккен дәндеріңіз көл-көсір өніммен қуантсын! Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1106516?lang=kk
Алматы облысында алғаш рет асқазанға ота сәтті жасалды 17.11.2025
Алматы облысында алғаш рет бариатриялық-метаболикалық ота жасалды. Аймақ үшін маңызды бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем-шара Іле орталық аудандық ауруханасында өткізілді.Отаны медицина ғылымдарының докторы, Семіздік пен қант диабеті хирургиясы орталығының жетекшісі, профессор Орал Базарбайұлы Оспановтың қатысуымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ операцияны Іле аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Аңсат Нұрмолдаұлы Таубалдиев және хирург Әділхан Бақбергенұлы Карипбаев жүргізді.Бариатриялық-метаболикалық операция — семіздікті және онымен байланысты ауруларды (әсіресе 2 типті қант диабетін) емдеуге арналған хирургиялық әдістердің жалпы атауы. Бұл операциялардың негізгі мақсаты салмақты тұрақты түрде азайту және зат алмасуды жақсарту болып табылады.«Мұндай оталардың аудандық деңгейдегі ауруханаларда жасалуы — халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам. Бұл пациенттерге тиімді әрі заманауи емді тұрғылықты жерінде алуға мүмкіндік береді. Іле аудандық ауруханасының кәсіби дайындығы мен заманауи хирургия бағыттарын дамытуға деген талпынысын ерекше атап өткім келеді»,- деді Орал Базарбайұлы.Айта кету керек, медициналық қызмет толықтай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін көрсетілді. Бұл пациентке қажетті және уақытылы жоғары білікті медициналық көмекті ешқандай қаржылық шығынсыз алуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1106508?lang=kk
17 ноября 2025 года состоялась внеочередная сессия Мендыкаринского районного маслихата 17.11.2025
2025 жылдың 17 қарашасында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. Депутаттар бірінші сұрақ бойынша Меңдіқара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 127 «Меңдіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Вера Николаевна Гребенюктың ақпаратын тыңдады. Екінші және үшінші сұрақтар бойынша Меңдіқара аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы Меңдіқара ауданы АСК төрағасы Р. С. Байсақаловты тыңдады. Аудан депутаттарымен күн тәртібі бойынша сұрақтар қойылған болатын, оларға жауаптар алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1106478?lang=kk
2025 жылы 17 қарашада аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. 17.11.2025
Депутат Б.Қ. Ыбырайдың төрағалық етуімен құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссиясында Меңдіқара ауданы әкімі орынбасарының «Меңдіқара ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджетінің жобасы туралы», Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының «Меңдіқара ауданы ауылдардың, ауылдық округтердің 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы» есептері тыңдалған болатын. Қарастырылған мәселелер бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1106479?lang=kk
Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында "Ашық есік күні" өтті 17.11.2025
Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды.Кездесуге қатысушылар, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1106450?lang=kk
Жаңа жұлдыз! 17.11.2025
Батутисттер бізді тағы да қуантты. Жақында біз қарағандылық дуэт Данил Мусабаев пен Никита Тумаковтың 2025 жылы Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша синхронды секіруден әлемдік рейтингте бірінші орын алғаны туралы хабарлағанбыз. Үшінші орынды да  - қазақстандықтар Ерлан Тасмағамбетов (Қарағанды) және Роман Барков (Өскемен) алған болатын. Енді, міне,  тағы да біздің жерлестеріміз халықаралық жарыста  жаңа жетістікке жетіп жатыр. Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушісі 12 жасар Александра Лямкина 13-16 қарашада жас топтары арасында Испанияның Памплона қаласында өткен әлем біріншілігінде дебют жасады. Жас батутист София Долгополовамен  (Павлодар) дуэтте қола медаль жеңіп алды. Өсіп келе жатқан жұлдызды Рузана және Кирилл Кокоревтер жаттықтырады. Құттықтаймыз!Осы 11-12 жас аралығындағы әлем чемпионатына акробатикалық кілемде секіруден  Мирон Мацымоха да қатысты, ол халықаралық турнирдің финалына шығып, бар күшін салып, алтыншы орынға ие болды және бұл да үлкен жетістік! Қарағанды гимнастика мектебін және  ҚР және Қарағанды облысының батут гимнастикасынан бас бапкер Сергей Владимирович Вертянкинді жеңістерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1106459?lang=kk
Қарақия ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар 17.11.2025
Қарақия ауданында салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтті.Семинарда кәсіпкерлер арнайы салық режімдерінің үш санатқа дейін азаюына байланысты көкейдегі сұрақтар қарастырылады. Осы реформаға сәйкес салық есебін жүргізу мен бизнеске арналған салықты басқару қызметі жеңілдей түседі. Бұған қоса өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға әлеуметтік жарналарды табыстың 4% мөлшерінде белгілей отырып, жеке табыс салығын төлемеу арқылы жылына 4080 АЕК-ке дейінгі кірістерді заңды түрде алуға мүмкіндік беріліп отыр. Шағын бизнес үшін белгілі бір шарттарды орындау кезінде (2% дейін төмендейтін) ең жоғары 4% мөлшерлемесі бар арнайы салық режімі белгіленді. Бұл амал кәсіпкерлерге жүктемені азайтып, салық салу жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.Жаңа заң кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетіп, есеп-қисапты шамамен үштен біріне дейін азайтуға септесіп, декларация жылына бір рет қана өткізілетін болады. Ережелердің сақталуын бақылау тәуекелдерді бағалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қарыз сомасы аз болған жағдайда кәсіпорындардың шоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Осының барлығы бизнеске қолайлы жағдай жасап, экономикалық дамуға жол ашады.Іс-шара барысында Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері өзекті сұрақтарға толық жауаптар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1106428?lang=kk
Қазақстанда мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізудің жаңа қағидалары әзірленді 17.11.2025
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізудің жаңа ережелерін әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды: Мемлекеттік қызметтерді анықтау тұрғысынан ҚР нормативтік құқықтық актілерін талдау; тізілімге енгізуге немесе тізілімнен шығаруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін талдау негізінде айқындау; анықталған мемлекеттік қызметтерді қосу немесе тізілімнен шығару; тізілімнің мазмұнын өзектендіру (жаңарту) мәніне мониторинг жүргізу. тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтер туралы "электрондық үкімет" веб-порталындағы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту). Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар: жыл сайын тізілімде мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді; уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өзгерістер тізіліміне енгізу бойынша ұсыныстар немесе мәліметтер ұсынады. Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Қағидалар сондай-ақ жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу тәртібін айқындайды. "Жасырын" Мемлекеттік қызметтің белгілері. Жасырын мемлекеттік қызмет жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші бойынша (өтініш немесе сұрау салу нысанында)айқындалады: Жасырын мемлекеттік қызмет мемлекеттік функцияны іске асыру шеңберінде нақты, әдетте үлгілік нысанға ие: құжат түрінде (анықтама, шешім/қаулы, үзінді көшірме, хаттама, көшірме, рұқсат немесе лицензия) және іс-әрекет түрінде (тізілімде/тізбеде тіркеу немесе одан шығару, жәрдемақы бөлу және т.б.). Жасырын Мемлекеттік қызметтің статистикасы жоғары (ұсынылатын белгі) және өтініштердің бір түрі бар. "Жасырын" Мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар: жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне "жасырын" Мемлекеттік қызметтерді анықтау мәніне талдау жүргізеді; "жасырын" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар қалыптастырады; уәкілетті органға толықтырулар тізіліміне енгізу жөніндегі ұсыныстарды немесе мәліметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады; "жасырын" қызметті тізілімге енгізумен келіспеген жағдайда, "жасырын" мемлекеттік қызметті енгізу мәселесі мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығарылады. Тізілім құрылымы Тізілім мыналарды көздейді: Мемлекеттік қызметтің атауы; мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы; Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы; Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы. Тізілімнің жіктелуі мыналардан тұрады: қоғамдық қатынастар салаларына байланысты Мемлекеттік қызметтерді топтастыру болып табылатын бөлімдер; көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайларына байланысты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын кіші бөлімдер; мемлекеттік қызметтердің реттік нөмірлері. Мемлекеттік қызметке тізілім жіктемесінің барлық деңгейлерінің кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгі түріндегі сегіз таңбалы жеке жіктелген код беріледі. Құжат сайтта орналастырылған Ашық НҚА 30 қаңтарға дейін жария талқылау үшін. Бұл ретте Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы бұйрығымен бекітілген бұрын қолданыста болған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларының күші жойылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1106421?lang=kk
15 қараша-Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні 17.11.2025
Құрметті Қазақстандықтар!15 қараша – Қазақстан үшін ерекше маңызы бар күн. Бұл күні егемен еліміздің тәуелсіздігінің айрықша белгісі – ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілді. Тарихи жаңалық Қазақстанның экономикалық кеңістігін қалыптастырып, қаржы рыногындағы даму негізін қалады. Халықаралық аренада біздің еліміздің танылуына ерекше әсер етті.Ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі тегін емес. Олар ұлттық валютамызбен тікелей жұмыс істеп, оның айналымын ұдайы қадағалап отырады.Ұлттық валюта күнінде қаржы саласының мамандарына, сондай-ақ барлық жерлестерге зор денсаулық, ертеңгі күнге сенімділік, қаржылық амандық пен тұрақтылық тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1106410?lang=kk
Қазақстан Гонконгта өткен «Asia+ Фестиваліне» қатысты 17.11.2025
Гонконг, 2025 жылғы 16 қараша – Гонконгта Азиядағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі «Asia+ халықаралық фестивалі» өтті. Шараға ондаған мемлекет қатысып, өздерінің бай мәдени мұрасын ұсынды. Фестивальге қазақстандық студенттер мен Қазақстанның Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы Бас консулдығы қатысты.Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің Мәдениет департаменті ұйымдастырған «Asia+ фестивалі» - 30 азиялық елдің өкілдері мен 30 000-нан астам қонақтарды біріктіріп, өңірдің бай мәдени алуантүрлілігін таныстыратын маңызды алаң.Бас консулдық іс-шараға қатысушыларды Қазақстанның бай көшпелі мұрасы, көркемдік дәстүрлері мен заманауи мәдениет саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, ұлттық аспаптар мен бишілердің өнері қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.Қонақтар Қазақстанның қойылымдарының орындау шеберлігі мен көрсетілген дәстүрлердің бірегейлігіне ерекше назар аударып, жоғары бағалады. «Asia+ фестивалі» Қазақстанның Азия аймағындағы танымалдығын арттыруға және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1106294?lang=kk
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және уақытша сақтау орындарының иелерімен кездесу өтті 17.11.2025
экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және уақытша сақтау орындарының иелерімен кездесу өтті.Кездесуде анықталған ұсыныстарды тіркей отырып, «Кеден»  ақпараттық жүйесінде өзгертілген «Тауарлар декларациясы» модулін сынақтан өткізуге қатысты мәселелер, уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау және көлік құралдары мен тіркемелерді салыстыру құжатын дұрыс толтыру, мемлекеттік кірістер органдарына есеп беру және басқа да мәселелер талқыланды.  Шара барысында «Кеден» ақпараттық жүйеде жұмыс көрсетіліп, кәсіпкерлердің қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1106299?lang=kk
15 қараша - Ұлттық валюта күні 17.11.2025
Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі мен Ұлттық валюта күні қарсаңында облыс орталығында өткен салтанатты жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов сала қызметкерлерін құттықтап, мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттарды табыстады.«Қаржы саласының үздік қызметкері» төсбелгісі Бибігүл Узақова мен Ерлан Шатановқа табысталды. ҚР Қаржы министрлігінің Алғыс хаттарын алты қызметкер иеленді. Жыл қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен тағы осынша қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамоталары тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karzhy/press/news/details/1106243?lang=kk
Самар ауданының тұрғыны «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды 17.11.2025
Екінші Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында жерлесіміз, Самар ауданының «Ахмадиұлы» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Ахмадиевич Рапеков еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек даңқы» орденінің III дәрежесімен марапатталды. Марапатты оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды.Бауыржан Ахмадиевич ауыл шаруашылығында 33 жыл еңбек етіп келеді, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын табысты дамытты. Ол шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын және инфрақұрылымын нығайтуға зор үлес қосып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын белсенді қолдауда.Кәсіби қызметінен бөлек, Бауыржан Ахмадиевич дәстүр бойынша спортшыларды қолдап, жас мамандарға өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа буын кәсіби мамандарды тәрбиелеуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1106249?lang=kk
«AdiletGov» - өтініштерді беруді жеңілдету, цифрлық қосымшаның мүмкіндіктері 17.11.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 14 қарашасында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі халық арасында «AdiletGov» мобильді қосымшасы арқылы өтініштер жолдау мүмкіндіктері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.«Adilet.gov» қосымшасының арқасында азаматқа жеке сот орындаушысының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты өтінішті E-Otinish порталына өзі жолдаудың, палата немесе прокуратурадан аптадап жауап күтудің қажеттілігі болмайды.Барлық процестер автоматтандырылған: өтініш жүйеде бірден тіркеліп, қажет болған жағдайда өңірлік ЖСО палатасына жолданады, ал жауап болмаған жағдайда - автоматты түрде Әділет департаментіне жіберіледі.Осылайша, әрбір өтініш беруші артық бюрократиялық қиындықтарсыз ЖСО қызметін жедел әрі ашық бақылау мүмкіндігіне ие болады. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1106234?lang=kk
Қорқыт ата рухына тағзым 17.11.2025
Бүгін киелі Қармақшы топырағына «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Кеңесінің төрағасы Ұзақбай Карабалин бастаған делегация Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне арнайы барып, бабаның рухына тағзым етті.Құрметті қонақтарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықов күтіп алып, тарихи-мәдени нысанды бірге аралады.Бұл сапар «Шахмардан Есенов және оның Қазақстан ғылымы мен мұнай-газ саласын дамытудағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылған.Қасиетті Қорқыт Ата кешені бүгінде ел руханияты мен туризмнің маңызды орталығына айналып, жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келетін көптеген туристерді қабылдап отыр. Мемориалдық кешен арқылы ауданымыздың мәдени және рухани туризм саласы жаңа серпін алып келеді.Кездесу соңында Ұзақбай Қарабалин қасиетті Қорқыт Ата жері ел бірлігінің көрінісі екенін атап өтіп, аудан халқының қонақжайлылығына ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1106206?lang=kk