Қоғам
Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда 06.11.2025
Қазақстан мен Беларусь Алматы және Витебск облыстары деңгейінде өңіраралық әріптестікті нығайтуда. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Беларусь Республикасының Витебск облыстық атқару комитетінің төрағасы Александр Субботинмен кездесті.Кездесу барысында Алматы облысы әкімдігі мен Витебск облыстық атқару комитеті арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Құжаттың мақсаты – өңіраралық өзара іс-қимылды дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру, технологиялармен алмасу және Қазақстан мен Беларусь арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейту.Кездесуге сондай-ақ Алматы облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі Беларусь бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Инвесторлар өнеркәсіп саласында ынтымақтасуға дайын екенін білдірді. Өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары, соның ішінде өндірістерді жергіліктендіру және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ технологияларды тарту, тәжірибе алмасу және өндірістік кооперацияны дамыту бағыттары бойынша қосымша консультациялар өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.Меморандумға қол қою және қол жеткізілген уағдаластықтар өңірлер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің, тәжірибе алмасудың және өнеркәсіптік, аграрлық және әлеуметтік салалардағы бірлескен бастамаларды ілгерілетудің берік негізі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1100205?lang=kk
Елші Қатар Мемлекетінің Ішкі істер жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті 06.11.2025
Елші Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің Ішкі істер жөніндегі мемлекеттік министрі шейх Әбділәзиз бен Файсал бен Мұхаммед Әл Тәнимен кездесті. Сұхбат барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелерді талқылап, екі елдің тиісті ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және бірлескен үйлестіру тетіктерін дамыту жолдарын қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1100096?lang=kk
Қазақстан Дохада өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитте әлеуметтік саясат және халықаралық ынтымақтастық саласындағы басымдықтарды таныстырды 06.11.2025
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация Қатар Мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитке қатысты.Іс-шараға жоғары деңгейдегі 180 өкіл, оның ішінде мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, министрлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Саммит жұмысына академиялық және іскер топтар, үкіметтік емес ұйымдар да қосылды. Саммиттің басты мақсаты – жаһандық әлеуметтік мәселелерді шешу, сондай-ақ әлеуметтік орнықтылық шараларын нығайту, инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз ету және БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі стратегияларды талқылау және әзірлеу.Қазақстан делегациясының басшысы пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде әлеуметтік даму тұрақты әрі әділетті әлемнің негізі екенін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған кең ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.Премьер-министрдің орынбасары Қазақстанның жаңа технологияларды пайдалану саласындағы өңірлік көшбасшылығын атап өтіп, еліміздің экономикалық өсуін қолдау және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы инновациялар мен цифрландыру саласындағы басымдықтарымен бөлісті.Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, халықаралық ынтымақтастыққа және әділдік пен адами қадір-қасиетке негізделген болашақты құруға бейілділігін растады.Саммит аясында Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен екіжақты келіссөздер өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар қатынастарының стратегиялық сипатын атап өтіп, энергетика, телекоммуникация және басқа да салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы ақпандағы Қатарға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.Сапар аясында Ғалымжан Қойшыбаев Қатардың байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед бен Әли Әл-Манайимен кездесу өткізді, онда цифрландыру, телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ электрондық үкімет саласындағы тәжірибе алмасу перспективалары талқыланды.Қатар тарапына жасанды интеллект саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар да ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.Сонымен қатар қазақстандық делегация басшысы Power International Holding компаниясының төрағасы Муатаз Әл-Хаятпен жұмыс бабындағы келіссөздер жүргізіп, оның барысында Қазақстанда холдингтің жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1100116?lang=kk
Елші Еңбек министрлерінің алтыншы Ислам конференциясына қатысты 06.11.2025
Елші Арман Исағалиев «Жергілікті тәжірибе – жаһандық жетістіктер: Ислам әлеміндегі озық бастамалар» тақырыбы аясында өткен Еңбек министрлерінің алтыншы Ислам конференциясына қатысты. Форумда Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінде жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қазақстан ИЫҰ-ның белсенді мүшесі ретінде өз азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясат пен реформаларға үлкен мән береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Біздің реформаларымыздың басты мақсаты – әділетті мемлекет пен баршаға арналған мүмкіндіктер қоғамын құру».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1100083?lang=kk
Елші Aspire Zone Foundation ұйымының атқарушы директорымен кездесті 06.11.2025
Елші Арман Исағалиев Aspire Zone Foundation ұйымының атқарушы директоры Абдалла Әл-Наимимен кездесті. Кездесуде спорттық медицина, спортшыларды даярлау және спорт инфрақұрылымын жаңғырту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Қатарды спорт, инновацияны және салауатты өмір салтын дамытуға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Тараптар бірлескен бастамаларды жүзеге асыру бағытындағы диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1100090?lang=kk
Ұландықтар қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды 06.11.2025
Қостанай қаласында 1–2 қараша күндері әлем чемпионы, полиция майоры Руслан Мұқановтың құрметіне арналған қоян-қолтық ұрыстан XV халықаралық турнир өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 220-дан астам спортшы қатысты.Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының «Burkit Team» командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.Турнирдің басты мақсаты — жастарды патриотизмге, спорт пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақты дене шынықтырумен және жекпе-жек спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға баулу.Жарыс сегіз салмақ дәрежесінде өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери қызметшілері өз бөлімдерін абыроймен танытып, бірқатар жүлделерге ие болды.Жеке біріншіліктің нәтижелері:67 келіге дейінгі салмақ бойынша Ұлттық ұлан академиясының курсанты қатардағы Айдын Кабдусалимов — 1 орын67 келіге дейінгі салмақта 6697 әскери бөлімінің қызметшісі қатардағы Жандос Ғалымжанов — 2 орын73 келіге дейінгі салмақта Ұлттық ұлан академиясының курсанты, қатардағы Байбол Қуанышов — 1 орын73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 6697 әскери бөлімінің қызметшісі қатардағы Жарас Сағын — 3 орын80 келіде 6697 әскери бөлімінің қызметшісі қатардағы Нұрбол Яхияханов — 1 орын88 келіге дейінгі салмақта Ұлттық ұлан академиясының курсанты қатардағы Тамерлан Жолдыбай — 2 орын97 келіге дейінгі салмақ бойынша Ұлттық ұлан академиясының курсанты қатардағы Искандер Жайқабаев — 2 орынОсылайша, ұландықтар тағы да өздерінің жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын дәлелдеді — бұл спорт ареналарында да, Отанға қызмет етуде де айқын көрініс тапты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1100042?lang=kk
«Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен практикасы» 06.11.2025
2025 жылдың 05 қарашасында Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Т. Мубаряковтың Астана қаласына сапарының қорытындысы бойынша «Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен практикасы» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.Оқыту семинарына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Іс-шара барысында Б.Т. Мубаряков қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы сайлау процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары мен тәжірибесін таныстырды. Оқыту кезінде слайдтар мен бейнематериалдар пайдаланылды.Семинардың соңында төраға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1100034?lang=kk
Орталық Азия елдері мен АҚШ СІМ басшылары «С5+1» саммиті қарсаңында өңірлік өзара іс-қимылды дамытуды талқылады 06.11.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 5 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «С5+1» форматындағы алдағы мерейтойлық кездесуге орайластырылған салтанатты қабылдау шеңберінде Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесуіне қатысты.Сұхбат барысында тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің перспективаларын, сондай-ақ сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуды қоса алғанда екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын талқылады. Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі екені аталып өтті. Тәуелсіздік жылдарында тікелей америкалық инвестициялардың жалпы ағыны 60 млрд доллардан асты, бұл олардың өңірдегі жиынтық көлемінің 80%-дан астамын құрайды.«С5+1» форматы шеңберінде өңірлік өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Е.Көшербаев бұл алаң құрылған сәттен бастап он жыл ішінде ОА-да сенім, өзара түсіністік пен өркендеуді нығайтуға ықпал ететін пәрменді құралға айналғанын атап өтті.Министрлер сондай-ақ мемлекет басшыларының екіжақты форматта және Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы көпжақты диалог шеңберінде алдағы кездесулеріне дайындықты талқылады.Америкалық тарап өз кезегінде ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдің орнықты дамуына бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға, сондай-ақ серіктестікті тереңдетуге одан әрі жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1103962?lang=kk
Қазақ өнімдері Қытайдың 341 000 дүкен сөресіне шығарылады 06.11.2025
Қазақстандық өндірушілер China International Import Expo (CIIE) — жыл сайын күзде Қытайдың Шанхай қаласында өтетін сауда жәрмеңкесіне қатысты. ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты экспортты дамыту жөніндегі бірыңғай оператор QazTrade бұл жолы кооперацияның әлеуетін таныстырды. Биыл Қазақстан өз өніміг бірден барлық төрт алаңда ұсынды. Атап айтсақ, ұлттық павильон, Қытайдың кооперативтер федерациясы (China Co-Op), Jiangsu SOHO алаңында және алғаш рет Алматы қаласының жеке павильоны. Осы орайда, QazTrade пен Қазақстан кооперативтері ұлттық қауымдастығы (NACOFEC) Қытайдың ең ірі кооперативтік желісі China Coop-пен бірлесіп жұмыс жасайтынын мәлімдейді. Нәтижесінде жақын уақытта бал, қымыз, шұбат және кондитерлік өнімдердің алғашқы партиялары Қытай сөрелеріне шығады деп күтілуде. China Coop желісі 340 мыңнан астам дүкенді біріктіреді, ал жылдық айналымы 7 трлн юаньнан асады. Шанхайдағы қазақстандық кооперативтер стендінде 30-дан астам компания мен кооператив өнімін ұсынды. Олардың қатарында: QazExport Global, ТОО GEOM, TOO OIL ECO, Prombaza-7, SHERSTNEV GROUP, IceMaster, Dinastiya Agro, “Kokshetau Mineral Water” JSC, MADI, Nauryz-5, Run Planet Organic, JAIN LLP, Danaker LLP, Mareven Food Tien Shan, Telli Kazakhstan LLP, NefisGroup Ltd., Industry of Semirechye, KAZAGRO-PRO LLP, KOMEK ASIA GROUP, LLP «Light Way Solution», LLP «LWS Agro», LLP «LWS TERMINAL» және Baraka №1 бар. Биылғы Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та кооператив жүйесін дамытуды тапсырған болатын. «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ауылдық кооперация зор мүмкіндікке жол ашады. Осы бағытта пилоттық жоба іске асырылды. Оның нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімділігі екі есеге артса, мал басының саны шамамен төрттен біріне көбейді. Бұл табысты тәжірибені өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің барлық аумағында кезең-кезеңімен кеңейту қажет». QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров атап өткендей: «Қытай нарығына кооперация арқылы шығу отандық компанияларға әлдеқайда тиімді. Ұзақ мерзімде, тұрақты экспортқа шығуға мүмкіндік алады. Біз Қытаймен бірлескен маркетингтік зерттеулер жүргіздік. Алғашқы сынамалық өнімдерді жеткіздік. Нәтижесінде ұн, өсімдік майы, ет, бал, сүт пен кондитерлік өнімдерге басымдық беретін болдық». Спикердің айтуынша, бүгінде Қытай компанияларының Қазақстан мен Орталық Азияға шығуына ықпал ететін акселерация және оқыту бағдарламасы іске қосылып жатыр. Бұл шешім өзара тиімді ынтымақтастықты орнатыр, тұрақты сауда платформасын құруға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1100001?lang=kk
Қазақстан Шанхайдағы көрмеде төрт алаңда өз көрмесін ұсынды 06.11.2025
Шанхай халықаралық импорттық тауарлар көрмесі сегізінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Биылғы CIIE көрмесіне 155 елден өкілдер мен 4100-ден астам шетелдік компания қатысуда. Кәсіби келушілердің саны 449 мыңнан асты. Қазақстан тарапынан 100-ден астам өндіруші қатысып отыр. Бұл еліміздің CIIE көрмесіне қатысу тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. «Қазақстан үшін Шанхай көрмесіне қатысу – стратегиялық бағытқа айналды. Бұл алаң отандық өндірушілерге жаңа экспорттық мүмкіндіктер ашып, тек Қытайға ғана емес, басқа да әлемдік нарыққа шығуға жол салады», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. Министрдің айтуынша, Қытай экономикасындағы жаңа бағыттар бұл көрменің маңызын арттыра түскен. «Қытай ішкі тұтынуды арттыру үшін импортқа басымдық беріп отыр. Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен сапалы тауарлардың келуіне мүмкіндік береді. Ел үкіметінің ресми жол картасына сәйкес, биыл дамушы елдермен, соның ішінде Орталық Азиямен сауданы дамытуға ерекше көңіл бөлінген», – деді министр. Шанхай көрмесіне қатысу арқылы қазақстандық компаниялар экспорттық келісімдер жасап қана қоймай, әлемдегі ең ірі тұтыну нарығына жол ашып келеді. Соңғы бес жылда Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі екі есеге өсіп, 2024 жылы 30,2 млрд долларға жетті. QazTrade мәліметіне сай, Шанхай көрмесіне қатысу арқылы қазақстандық компаниялар соңғы жылдары жалпы құны 306,5 млн доллардан асатын келісімшарттар жасаған. Тек 2023–2024 жылдары май өнімдері, ет, өсімдік майы, түйе сүті ұнтағы, шырындар мен пюрелер жеткізу жөнінде ондаған келісімге қол қойылды. Биыл ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін Қытайға, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия мен Парсы шығанағы елдеріне экспорттауға арналған жаңа ұзақмерзімді келісімдерге қол қою жоспарланып отыр. Көрме аясында QazTrade пен Қытайдың Optimize Integration Group (OIG) компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат екі ел арасындағы цифрлық сауданы дамытуға, онлайн-платформалар мен заманауи цифрлық құралдар құруға, экспорттық процестерді жеделдетуге бағытталған. Тараптар қазақстандық азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына бірлесіп ілгерілету, заманауи технологиялар мен логистиканы дамыту және өзара есеп айырысу шарттарын жақсарту жөнінде келісті. OIG Group – Қытайдағы азық-түлік импорты саласындағы ең ірі және технологиялық компаниялардың бірі. Ол елдің ең ірі 500 кәсіпорнының қатарына кіреді, әлем бойынша 31 мың жеткізушімен жұмыс істейді, Қытайда 15 кеңсесі және 11 шетелдік өкілдігі бар. Компания платформасы арқылы Қытайға әкелінетін мұздатылған өнімдердің 18% өтеді. Яғни, Қытай нарығындағы әрбір жетінші сиыр еті стейкі, әр алтыншы тауық төс еті және әр бесінші асшаян – OIG арқылы жеткізіледі. «Сауда және интеграция министрлігі шағын және орта бизнестің халықаралық нарыққа шығуы мен жаһандық құн тізбектеріне кірігуі үшін жағдай жасап келеді. Біз қазақстандық өнімді Қытай нарығына өңірлендіру қағидаты бойынша ілгерілетудеміз, яғни түрлі провинцияларда павильондар, өкілдіктер және сауда үйлері ашылуда. Қазірдің өзінде Үрімжі мен Нанькин қалаларында серіктестік кеңселер жұмыс істейді. Көрменің қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялардың географиялық қатысу аясын кеңейту жөнінде жаңа уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бүгінде Қазақстан көрменің барлық төрт алаңында таныстырылып отыр: ұлттық павильонда, Қытай кооперативтерінің жалпы федерациясы – China Co-Op павильонында, Jiangsu SOHO алаңында, сондай-ақ биыл алғаш рет Алматы қаласы өз жеке павильонымен қатысуда. Кешенді тәсілдің арқасында биыл біз өндірушілердің рекордтық санын тарттық», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. Қытаймен бірлескен бағдарлама аясында өнімдерді қытай нарығының талаптарына бейімдеу бойынша акселерация өткізу жоспарланып отыр: буып-түю, брендтеу және тауарларды ілгерілету. Сондай-ақ кооператив кәсіпкерлеріне арналған білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, онда олар өнімді сертификаттау және Қытай нарығына шығу ерекшеліктері бойынша оқудан өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1099992?lang=kk
Самар ауданында халықаралық стандарттарға сай заманауи қонақүй салынбақ 06.11.2025
Ауданда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Биыл жазда Самар жағалауына 50 мыңға жуық турист келген. Қарқынды құрылыс жұмыстары мен жағажай аумағын абаттандырудың нәтижесінде 2030 жылға қарай туристер ағынын жылына 150 000 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.«Бұл көрсеткіш жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін айқындайтын маңызды фактор болмақ. Сондай-ақ Самар ауданын Шығыс Қазақстандағы жағажай туризмінің негізгі орталықтарының бірі ретінде танытады. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы жағалауында заманауи серуен аймағын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр», - деді аудан әкімі Серік Жеңісов ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.2025 жылы Самар ауданының туризм және инвестициялар орталығы құрылған. Аталған мекеме инвесторлар мен туристерді қолдаумен, шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады.Ауданның туристік әлеуетін кеңейту мақсатында осы жылы «Pana Asia» халықаралық қонақүй компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Бұл келісім Сарыбел ауылында халықаралық стандарттарға сай заманауи қонақүй салу жобасының қолға алынуына мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1099957?lang=kk
2025 жылғы 4 қарашада Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Діни экстремизм» тақырыбында семинар өткізілді 06.11.2025
2025 жылғы 4 қарашада Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Діни экстремизм» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар спикері – Астана қаласы әкімдігінің «Qamqor Astana» қоғамдық қорының теолог маманы Арман Нұрахметұлы.Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің діни экстремизм қаупі туралы хабардарлығын арттыру және деструктивті идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру. Қатысушыларға радикалды ағымдардың белгілері мен олардың алдын алу тетіктері жөнінде түсіндірмелер берілді.Өткізілген семинар мемлекеттік қызметшілердің діни қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын және адалдық пен әдептілік мәдениетін нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1099973?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Рудный қаласына жұмыс сапары 06.11.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Рудный қаласына жасаған жұмыс сапары барысында экология және өнеркәсіп салаларында бастамаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпорындардың қызметімен, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін жаңғыртудың нәтижелерімен танысты.Экологиялық қауіпсіздік және қалдықтарды қайта өңдеуСапардың маңызды нысандарының бірі – «Рудный АБАТ 2006» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны болды.Өңір басшысы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қалдықтарды ұтымды басқару – облыстың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.Рудный қаласында жылына 50 мың тоннаға дейін қалдықты сұрыптауға арналған заманауи кешен іске қосылды (қаланың қажеттілігі – шамамен 40 мың тонна). Бұған қоса, кәсіпорын жылына 70 мың тоннадан астам құрылыс, ағаш және өзге де қалдықтарды қайта өңдейтін мобильді кешен сатып алды.Аталған жобаларға салынған жалпы инвестиция көлемі – 389,9 миллион теңге. Олар «Жасыл Даму» АҚ мен Кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды.Бұл бастамалар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартып, қайта өңдеу деңгейін арттыруға және қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүмкіндік береді.«Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жүйелі түрде жұмыс істеу қажет – елді мекендерді абаттандырудан бастап қалдықтарды өңдеудің заманауи технологияларын енгізуге дейін. “Таза Қазақстан” бағдарламасының басты мақсаты да осы», — деді Құмар Ақсақалов.Өнеркәсіп әлеуетін дамыту және сусын өндіруСапар аясында өңір басшысы сусын өндірісі бойынша облыстағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «Фирма Арасан» ЖШС Рудный филиалына барды.25 жыл бұрын құрылған бұл компания бүгінде қостанайлықтарға жақсы таныс «Алмұртты» сусыны секілді танымал брендтерді шығарады.Кәсіпорында төрт өндірістік цех жұмыс істейді. Мұнда 16 түрлі сыра, 2 түрлі квас, алкогольсіз лимонадтар, сондай-ақ алюминий банка мен шыны бөтелкедегі сыра өндіріледі.Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 100 миллион литр.Зауытта шамамен 400 адам еңбек етеді. Соңғы жылдары компания өндірісті жаңғыртуға белсенді кірісіп, Германия мен Данияның Ziemann және Alfa Laval компанияларының заманауи жүйелерін орнатуда. Бұл сапаны арттырып, өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.«Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту – стратегиялық міндет. Отандық брендтер ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да өз орнын нықтандыруы тиіс. “Арасан” секілді кәсіпорындар өңірдің сапалы өнім шығара алатынын және оның аймақтың айнасына айнала алатынын дәлелдеп отыр», — деді Құмар Ақсақалов.Сапар қорытындысыЖұмыс сапарын қорытындылай келе, облыс әкімі Рудный қаласын кешенді дамыту – экологиялық жобалардан бастап өндіріс пен жаңа жұмыс орындарын құруға дейінгі бағыттардың барлығында маңызды екенін атап өтті.Өңір басшысы кәсіпорын қызметкерлеріне аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, одан әрі табыс, жаңғырту және инновациялық шешімдерді енгізуде сәттілік тіледі.Сапар соңында Құмар Ақсақалов Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1099952?lang=kk
БОС ОРЫН: «ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза» жобасын басқару тобының (ЖБТ) техникалық консультантын алу жөніндегі конкурс (облыстарда)» 06.11.2025
БОС ОРЫН: «ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза» жобасын басқару тобының (ЖБТ) техникалық консультантын алу жөніндегі конкурс (облыстарда)» Жұмыс беруші: «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті» РММ Біліктілік: Құрылыс, гидромелиорация саласындағы жоғары білім.Гидромелиорациялық құрылыста немесе пайдалануда кемінде 10 жыл практикалық жұмыс тәжірибесіДүниежүзілік банк немесе басқа да халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын халықаралық жобалардағы практикалық жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады Тілдер:Бас техникалық кеңесші Қазақ және орыс тілдерін жетік білуі тиіс; ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады. Толық жұмыс күні Осы позицияның міндеттері: Негізгі міндеті жобаны іске асыру кезінде 1-компонент бойынша консультациялық қызметтер көрсету. Міндеттері: Техникалық консультант практикалық көмекпен шектелмей, компонент бойынша келесі негізгі міндеттер үшін жауап береді: Бас техникалық кеңесші практикалық көмекпен шектелмей, келесі міндеттер үшін 1-компонент бойынша жауап береді:Мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жобалау - сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) және халықаралық стандарттарға сәйкес конкурстық құжаттаманың уақтылы дайындалуын, сондай-ақ мемлекеттік Құрылыс және салалық сараптамалардың ЖСҚ өтуін бақылау;Жобаның суару және дренаждық аспектілері үшін СШР үйлестірушісі мен басшылығына жеке жауапкершілік. Жобаланатын ирригациялық-дренаждық жүйелердің, оның ішінде бөгеттер қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың сапалы мониторингін қамтамасыз ету.Жобалау-іздестіру жұмыстары үшін қажетті мүдделі ұйымдардан рұқсат беру және өзге де құжаттарды сұрау және алу.Жобалық шешімдерді қарау,олар бойынша ескертулер, ұсыныстар беру және жоба құрылысы объектілерінің түпкілікті жұмыс жобаларын қабылдау.Жобаны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен және ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимыл жасау;Халықаралық инженер-консультанттар Федерациясының (FIDIC) Келісімшарттарының талаптарына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ҚР нормативтік талаптарына, ЖСҚ сәйкес жоба объектілерінің құрылысын бақылау;Жобаны уақтылы және сапалы іске асыру үшін халықаралық Консультантпен және Шымкент ЖБТ-мен тұрақты өзара іс-қимыл жасау.Халықаралық консультант пен Шымкент ЖБТ бірлесіп жұмыс жүргізу кестесін келісу.Жұмыс кестесінің сақталуын бақылау.Шымкент ЖБТ консультанттары арқылы Жоба объектілері құрылысының барысын мониторингілеу, жобалау учаскелеріне тұрақты бару. Инженер өкілдерімен және мердігерлермен техникалық кеңестерге қатысу.Келісімшарт талаптарына сәйкес инженер қызметі дайындаған жобадан ауытқуларды келісу.Жобаның құрылыс объектілері бойынша жинақтау ведомостарын жүргізуді ұйымдастыру.Ай сайынғы есептерді уақтылы жолдауЖоба үйлестірушісін уақтылы хабардар ету және жоба бойынша туындайтын барлық мәселелерді шешу жөнінде шаралар қабылдау;Жоба бойынша тренингтерге қатысу.Техникалық кеңесші СРИМ СШК және ЖБТ үйлестірушісіне есеп береді. Есеп беру бойынша: техникалық консультант СШК-не және ЖБТ-на жобаның үйлестірушісіне іске асырылу барысы туралы ай сайынғы есептерді ұсынады. Консультантты іріктеу 2020 жылғы қарашадағы ИЖҚ қарыз алушылары үшін сатып алу қағидаларында көрсетілген ХҚДБ рәсімдеріне сәйкес жеке консультанттарды іріктеу әдісі (ЖК) бойынша жүргізілетін болады. (www.worldbank.org).Қол қойылған және сканерленген қызығушылық білдіру ұсыныстары 2025 жыл 20 қараша 15:00 сағ -ден кешіктірмей – Жобаны басқару тобының (ЖБТ облыстарда) техникалық консультантты алу жөніндегі конкурс позициясын көрсете отырып, төменде көрсетілген мекенжайға жіберілуге тиіс (жеке немесе пошта арқылы, немесе факс арқылы, немесе эл/пошта арқылы).Комитет қызығушылық білдіру туралы барлық ұсыныстарды қабылдау немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.Мекен-жайы:Астана қ., Қазақстан Республикасы Тел.: +7 7172 620242Нақты мекенжайы: Сығанақ көшесі, 43., «Аңсар» Бизнес Орталығы, № 1208 КеңсеКімге: Темірбекова Анар, Жобаны басқару тобының сатып алу жөніндегі бас маманыE-mail: astana.idip@mail.ru, көшірмесімен idip.procurement@gmail.com.Күні: 2025 жылы 20 қарашаУақыты: 15: 00 (Астана қ. уақыты бойынша) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1099926?lang=kk
Азаматтар енді өз өтінімдерінің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады 06.11.2025
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру үдерісі аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына жаңа мүмкіндік қосты. Енді азаматтар мемлекеттік қызметке берген өтінімдерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.Өтінім мәртебесін көру үшін қолданушы қосымшадағы «ХҚКО қызметтері» немесе «Арнайы ХҚКО қызметтері» бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізуі керек. Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.Жаңа функция азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерге деген сенімді арттырады. Әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгеріс туралы жедел хабардар бола алады.«Өтінім мәртебесін бақылау жүйесін енгізу – мемлекеттік қызметтерді жаңғыртудың маңызды қадамы. Бұл шешім ашықтықты арттырып, халыққа қызмет көрсетудің қолайлылығын күшейтеді. Мұндай цифрлық бастамалар Президент Жолдауында айтылған цифрлық трансформация міндеттерімен үндесіп, мемлекеттік қызмет сапасын жаңа деңгейге көтереді», – деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.Қосымшада сонымен бірге электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылған. Бұл қолхат – өтінімнің қабылданғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжат. Ол автоматты түрде «Тапсырыс тарихы» бөлімінде сақталады.Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта да азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта жылдам әрі ыңғайлы түрде ұсынуға бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1102263?lang=kk
Әрбір чек – жеңіске жету мүмкіндігі! 06.11.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта өтіп жатқан бизнесті қолдауға және көлеңкелі экономикаға қарсы күреске бағытталған 2 ауқымды акциялар туралы еске салады. «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!». 2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында еліміздің әрбір тұрғынының ақшалай және бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндігі бар! Тауарды сатып алу немесе қызметті алу кезінде фискалдық чекті «Amian» мобильді қосымшасында тіркеу жеткілікті. «Бәйге» акциясы! 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін — мүмкіндігінше көп чектерді сканерлеп, 100 000 теңге ұтып алуға мүмкіндік алыңыз! Жеңімпаздар тоқсан сайын анықталады: бүкіл ел бойынша 20 жеңімпаз. Сатып алыңыз — сканерлеңіз — жеңіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1099928?lang=kk
Жаңа алаяқтықтық схемалары туралы ескертеміз 06.11.2025
Назар аударыңыз! Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа алаяқтық схемалары туралы ескертеді.Алаяқтар өздерін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, салықтық есептіліктің (270-нысан) жоқ екендігін айтып, «айыппұл» салынатынын немесе есептілікті тапсырмағаны үшін «банктік шоттар жабылады» деп қорқытады.Басқа алаяқтық тәсілдерге мессенджерлер (оның ішінде WhatsApp) арқылы Мемлекеттік кірістер комитеті немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығының атынан бизнес субъектілерінің қаржылық мониторинг, тексеру немесе өзге де бақылау тізімдеріне енгізілгені туралы хабарламалар жіберу жатады.Аталған хабарламалар – салық төлеушілерді шатастыруға, олардың жұмысына кедергі келтіруге және кей жағдайларда бопсалауға бағытталған алаяқтық әрекеттердің көрінісі болып табылады.Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерді тек төмендегі ресми арналар арқылы ғана ақпараттандыратынын назарға саламыз:- eGov.kz және/немесе kgd.gov.kz порталдарындағы Салық төлеушінің кабинеті арқылы;- Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ресми хаттармен;- Расталған (верификацияланған) ресми әлеуметтік желілер мен мессенджердегі аккаунттар арқылы;- Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (ЕПИР ГО) gov.kz ресми интернет-ресурсында жарияланған баспасөз хабарламалары мен хабарландырулар арқылы;- Байланыс орталығының 1414 нөмірлі жедел желісі арқылы.Белгісіз нөмірлерден келіп түскен, тексеріс жүргізу, қаржылық мониторинг тізімдеріне енгізу туралы қорқыту сипатындағы хабарламалар, сондай-ақ «Комитет өкілдерімен» хабарласуды, декларация тапсырмау мәселесін шешуді немесе банктік шоттарды бұғаттаудан «құтқару» үшін «көмек» көрсетуді сұрайтын өтініштер – алаяқтық әрекеттер болып саналады.Маңызды! Мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілерге электрондық пошта, WhatsApp және Telegram арқылы хабарлама таратылмайды, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ешқашан кодтар, ЭЦҚ немесе жеке деректерді сұрамайды.Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды сақ болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша қаражатын аудармауға, алынған хабарламалардың шынайылығын тексеруге және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады.Өз салықтық және қаржылық қызметі туралы ақпаратты тек ресми көздерден алуды ұмытпаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1099936?lang=kk
Қарулы күштердің үздік әскери ұжымдары анықталды 06.11.2025
Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқасында 2025 оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік жарыс жеңімпаздары марапатталды. Қарулы күштер түрлері арасында Құрлық әскерлері, әскер тектерінен – Десанттық-шабуылдау әскерлері үздік деп танылды.Жалпыәскери қызметтегі жетістіктері үшін бірінші Қорғаныс министрі Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың төсбелгісімен және кубогымен 53898 әскери бөлімінің командирі полковник Азамат Асанов марапатталды. Десантшы жауынгерлер Қарулы күштердің XXII спартакиадасының жеңімпазы болып танылды. Осыған байланысты спорттағы жоғары көрсеткіштері үшін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев грамотамен және кубокпен марапатталды.Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша үздік әскери ұжымдар да анықталды. Бригадалар арасында «Оңтүстік» ӨңҚ 28903 әскери бөлімінің командирі подполковник Тахир Нартов, барлау полктерінен – 35950 әскери бөлімінің командирі подполковник Ермек Ысқақов, қамтамасыз ету базалары полктерінен – Десанттық-шабуылдау әскерлері 12881 әскери бөлімінің командирі полковник Роман Тукарт, әскери оқу орындарынан – ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков кубокпен марапатталды. Әскери полиция басқармаларынан – Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының бастығы полковник Сәкен Әуелбеков, Қарулы күштер түрлері басқармаларынан – Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері басқармаларынан – Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Айдос Мырзахметов атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1099910?lang=kk
Егін жинау науқанының қорытындысы және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды 06.11.2025
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен кезекті мәжілісте 2025 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы туралы, спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау туралы мәселелері қаралды.Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров егін шаруашылығын дамыту мен суды үнемдеу технологияларын қолданысқа енгізу бағытында жоспарларын мәлімдеді. Осыған сәйкес аудан әкімі суды тиімді әрі уақтылы жеткізу – егін шаруашылығындағы ең басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Суды аз қажет ететін егіс көлемін ұлғайту және суды үнемдеу технологияларын қолданысқа енгізу бағытында нақты шараларды қабылдауды, алдағы егін егу маусымына дайындық жұмыстарын пысықтауды, ауыл, орман және балық шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша нақты шараларды қабылдауды жүктеді.Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ғалым Ержанов ауданда спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау бағытында жоспарларын атап өтті. Бұл бағыттағы мәселе бойынша аудан әкімі аудандағы спорт саласын дамыту бағытында тиісті шараларды қабылдауды, жастар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортпен шұғылдануын арттыру мақсатында нақты жұмыстар жасауды, аудан спортшыларын қолдау бағытында жұмыстарды жандандырып, жастардың облыстық, республикалық және әлемдік сайыстарға қатысу деңгейін көтеруді тапсырды.Жиын соңында аудан әкімі мәжілісте айтылған әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды жауапты тұлғаларға жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1099868?lang=kk
Балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада болуы басты назарда 06.11.2025
Ағымдағы жылдың 05 қараша күні аудан әкімінің орынбасары Д.Молдабаев пен аудандық білім бөлімінің жауапты мамандары бірлесе аудан орталығындағы бөбекжай-бақшаларда ауа райының күрт суытуына орай жылыту жүйелерінің жұмысын тексеру және ғимараттардың, аулалардың санитарлық тазалық жұмыстарына бақылау жүргізілді.Бақылау барысында жылу беру режимі, қазандықтардың техникалық жағдайы, ғимараттардың ішкі температуралық нормалар назарға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1099870?lang=kk