Қоғам
Түркі мемлекеттері ұйымы мен CIMMYT өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды 07.11.2025
Эль-Батан, 2025 жылғы 5 қараша – Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Мексикадағы жұмыс сапары барысында Халықаралық жүгері және бидайды жақсарту орталығы (CIMMYT) директоры Брам Говаерцемен келіссөздер жүргізді. Келіссөздерге Мексикадағы ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің, атап айтқанда, Әзербайжан, Қазақстан және Түркия елшіліктерінің өкілдері де қатысты.CIMMYT штаб-пәтерінде, Мехико штатындағы Эль-Батан қаласында, CIMMYT директоры Б.Говаерц ТМҰ делегациясын ұйымның тарихы мен қазіргі қызметімен таныстырды. CIMMYT ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын жақсарту, ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу және аграрлық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жобаларды жүзеге асыруда.Сонымен қатар, ТМҰ делегациясы CIMMYT-тің биотехнологиялық зертханасын көрді. Онда орталықтың мамандары заманауи талдау және өсімдік селекциясы әдістерін көрсетті. Содан кейін қонақтарға климаттық және биологиялық сынақтарға төзімді жаңа жоғары өнімді бидай және жүгері сорттарын дамыту нәтижелерін көрсету мақсатында тәжірибелік алқаптар бойынша экскурсия ұйымдастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша ТМҰ және CIMMYT басшылары ауыл шаруашылығы инновациялары мен азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.«Меморандумға қол қою ТМҰ-ға мүше мемлекеттер үшін екпе дақылда технологиялар алмасу және өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп ТМҰ Бас хатшысы К.Омуралиев атап өтті.Қол қойылған құжатқа сәйкес, тараптар агротехнологиялар, ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларына жәрдемдесуге, сондай-ақ ТМҰ мүше мемлекеттердің профильді ведомстволары, ғылыми институттары мен сарапшылары арасында алмасу шараларын өткізуге уағдаласты.К.Омуралиевтің CIMMYT штаб-пәтеріне жасаған сапары азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты даму саласындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болды. Бұл мәселелер Түркі мемлекеттері ұйымының ұзақ мерзімді күн тәртібінде орталық орын алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1100590?lang=kk
Алматы облысында ауыл шаруашылығын қаржыландыру және субсидиялау мәселелері талқыланды 07.11.2025
Бүгін облыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кредиттік серіктестіктердің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Бақытұлы Бақытнұр төрағалық етті.Басқосу барысында шаруа қожалықтарының негізгі мәселелері – агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін несиелеу кезіндегі сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды лизинг арқылы алу мәселелері қаралды.Қазіргі уақытта көптеген шаруашылықтар несиелерін толық мөлшерлеме бойынша өтеп отыр. Бұл өз кезегінде өндірістік шығындардың артуына және шаруаларға қаржылық ауыртпалықтың түсуіне алып келуде.Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Бақытұлы Бақытнұр атап өтті: «Қазіргі таңда аталған бағыттағы бағдарлама бойынша бюджеттік қаражат тапшылығы байқалады. Осыған байланысты субсидия төлемдері уақытша шектеліп отыр. Дегенмен, мәселені шешу жолдары қарастырылуда. Шаруаларға қаржылық институттардың орталық аппараттарына — “Аграрлық несие корпорациясы” және “ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамдарына тікелей жүгініп, қолдау алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады».Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүйелі түрде жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1100566?lang=kk
Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті 07.11.2025
Вашингтон қ., 6 қараша 2025 ж. – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды.Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты.Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға орайлы мүмкіндік туғанын атап өтті.Президенттің айтуынша, еліміз АҚШ-пен түрлі деңгейде белсенді саяси байланыс орнатқан әрі сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету бойынша конструктивті диалог жүргізуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1101512?lang=kk
Алматы облысында халықаралық «Ғылым. Инновация. Болашақ. STEAM AI» форумы өтті 07.11.2025
Алматы облысында білім беру жүйесін инновациялық және технологиялық бағытта дамыту мақсатында «Ғылым. Инновация. Болашақ. STEAM AI» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті.Ауқымды шара Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы №27 «Келешек» мектебінде ұйымдастырылып, еліміздің және шетелдің жетекші педагогтері мен ғалымдарын, инновациялық білім беру саласының мамандарын біріктірді.Форум Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында қойылған міндеттер мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау бастамасы аясында өтті.Форумның ашылуында Алматы облысы білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекова сөз сөйлеп, білім беру жүйесіндегі инновациялық тәсілдердің маңыздылығын атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп жатқанын атап өтті. Бүгінде әлемде жасанды интеллект саласында жұмыс істей алатын мамандарға сұраныс жоғары. Сондықтан мұндай құзыреттілікті ерте жастан қалыптастыру аса маңызды. Бұл форум ұстаздардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және білім сапасын арттыруға бағытталған», – деді Арайлым Төлеубекова.Форум барысында қатысушылар заманауи технологиялар, робототехника, экологиялық жобалар және дрондар жарысы сияқты бағыттар бойынша ұйымдастырылған тәжірибелік алаңдар мен шеберлік сабақтарында өз жобаларын таныстырды.Тәжірибелік бағыттар қатарында:«Археология: Тамыры тереңнің – бұтағы биік»«Мамандықтар алаңы: Болашаққа дұрыс таңдау»«Eco ART шеберханасы»«SmartTech: Робототехника және Arduino»«Dragon Air Race: Дрондар жарысы» және басқа да бағыттар болды.Форум қатысушылары шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның тәжірибелік маңызын ерекше атап өтті. Педагогтер Үміт Мұқан, Айнұр Жабаева және мектеп директоры Данияр Тайжанұлының айтуынша, форум тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаң болып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және білім сапасын арттыруға зор үлес қосты.Форум қорытындысында қатысушылар STEAM және жасанды интеллект бағытында білім берудің әдістемелік негіздерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, білім беру жүйесін инновациялық бағытқа көшіру – ел дамуының негізгі шарттарының бірі. Мұндай шаралар білім сапасын арттырумен қатар, жас ұрпақтың шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға айтарлықтай әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1100572?lang=kk
Қазақстандық стартаптар АҚШ-қа ресми сапары барысында Мемлекет басшысына инновациялық шешімдерін таныстырды 07.11.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 6 қараша. Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына ресми сапары барысында өсу әлеуеті жоғары стартаптарды ұсынып отырған қазақстандық технологиялық компаниялардың негізін қалаушылармен кездесуі өтті.Таныстырылған жобалар технологиялық тұрғыда жетілдірілген, кеңейту мүмкіндігі мен инвестициялық тартымдылығы дәлелденген. Барлық командалар Astana Hub резиденттері және Silkroad Innovation Hub (Орталық Еуразия инновацияларын АҚШ нарығында ілгерілетуге ықпал ететін халықаралық әріптес) платформасының қатысушылары.«Бүгін қазақстандық командалардың әлемдік деңгейдегі технологияларды жасап қана қоймай, жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті екенін көріп отырмыз. Бұл Қазақстанның идея сұранысқа ие өнімге айналатын инновациялардың экожүйесін қалыптастырып жатқанын дәлелдейді», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.Кездесу барысында Қазақстанның технологиялық әлеуетінің ауқымы мен әртүрлілігін көрсететін төрт стартап таныстырылды:VALINOR DISCOVERY, негізін қалаушысы және операциялық директоры – Жанель Нұғманова: генеративті жасанды интеллект пен мультиомдық деректерді пайдалана отырып, виртуалды пациенттерді моделдеу және дәрі-дәрмектердің тиімділігін болжайтын биотехнологиялық стартап.DEEPINFRA, тең құрылтайшысы – Есенжар Қанапин: машиналық оқыту және жасанды интеллект модельдерінің инференсін API арқылы жылдам орындауды қамтамасыз етеді.ARC AERO, тең құрылтайшысы және бас атқарушы директоры - Әсел Тұрсын: қоғамдық қауіпсіздік пен логистикаға арналған ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын әзірлейді. АҚШ-та Arc Aero 911 жедел әрекет ету жүйелерімен интеграцияланып, құқық қорғау және медицина ұйымдарында әрекет ету орталықтарын енгізіп жатыр.PERCEPTIS AI, тең құрылтайшы және техникалық директоры - Ерсұлтан Сапар: консалтингтік және аналитикалық құжаттарды (архивті талдаудан бастап стратегия әзірлеуге және директорлар кеңесіне арналған материалдарға дейін) автоматтандыруға арналған генеративті жасанды интеллект негізіндегі платформа. UC Berkeley түлектері және McKinsey мен Apple-дің бұрынғы қызметкерлері негізін қалаған.«Бұрын апталарға созылатын міндеттер бірер минутта шешіліп жатқанын көріп отырмыз - нәтиженің сапасы сақталып, дереккөзі де ұсынылады. Бұл жобалардың экономикасын өзгертеді: шығынды азайтады, шешім қабылдау процесін жылдамдатады және материалды дайындау стандарттарын жоғары деңгейге көтереді. АҚШ-тағы консалтинг индустриясындағы трансформацияны қазақстандық команданың жүргізіп отырғанын мақтан тұтамыз: біз жаңа деңгейді жаһандық нарықта қалыптастырып жатырмыз», -деп атап өтті Ерсұлтан Сапар.Таныстырылған жобалар Қазақстанның технологиялық кәсіпкерлігінің ашық, жаһандық деңгейге бағытталғанын және бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Кремний алқабындағы осы экожүйенің дамуында Silkroad Innovation Hub маңызды рөл атқарады.«Екі жыл ішінде біздің қауымдастық 350-ден астам стартапқа дейін өсті, - деді Silkroad Innovation Hub негізін қалаушысы және бас атқарушы директоры Әсет Әбдуәлиев. - Венчурлық инвестициялар 100 млн $-дан асты, портфельдік компаниялардың жиынтық капитализациясы 3 млрд $-дан жоғары. Аймақ пісіп-жетілді: талантты фаундерлер ірі технологиялық компанияларда жұмыс істеумен ғана шектелмейді, олар өз жобаларын құрып, жаһандық нарыққа шығарып жатыр. Біздің міндет - Орталық Еуразияны Кремний алқабында сыйлы, танымал ету, сондай-ақ стартаптардың тұрақты сатылымдарға жылдам шығуына көмектесу».ҚР ЖИЦДМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1100573?lang=kk
Ерлан Ақкенженов АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының директорыімен келіссөздер жүргізді 07.11.2025
Ағымдағы жылдың 5-қарашасында Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Е. Ақкенженов АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (Office of Foreign Assets Control, OFAC) директоры Брэдли Смитпен кездесті.Кездесу барысында тараптар АҚШ-тың санкциялық саясатының Қазақстан экономикасына ықпал ететін жанама әсерлерін азайту және қолданыстағы шектеулер жағдайында әріптестік өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген ашық және прагматикалық диалогты жалғастыруға мүдделі екендерін атап өтіп, кеңестерді тұрақты өткізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1100574?lang=kk
Қазақстан Республикасы Күнін және Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығын мерекелеу құрметіне Таллиннде қазақстандық әртістердің «The Rhythms of the Nomads» концерті өтті. 07.11.2025
Таллин, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстан Республикасы Күнін және Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығын мерекелеу құрметіне Эстония Музыка және театр академиясында қазақстандық әртістердің «The Rhythms of the Nomads» концерті өтті.Іс-шара Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі Алматы қаласы әкімшілі және «Алматы әуендері» КМҚК қолдауымен ұйымдастырылды.Бағдарламаға Жеңісәлі Ержанов, «Аркайым» нео этно-фольклорлық тобы, «Музарт Life» үрлеу тобы, «Сазген сазы» халық аспаптар ансамблі және «Ұлытау» этно-рок тобы қатысты.Көрермендер Қазақстанның халық музыкасымен танысты. Сахнада ұлттық музыкалық аспаптарда әуендер, күйлер, қазақ, эстон және басқа да шетелдік композиторлардың музыкалық шығармалары шырқалды.Кеш қонақтары - Эстонияның саяси, академиялық және іскер топтары, шет елдердің Елшілері, қазақстандық диаспора, сондай-ақ ЭР мәдени және қоғамдық ұйымдарының өкілдері болды.ҚР-дың Эстониядағы Елшісі Алтай Кульгинов еліміздің қазіргі Тәуелсіздігіміздің небәрі отыз жылдығына қарамастан Қазақстанның Ұлы дала, көшпенділер дәстүрлері, бостандық, қонақжайлылық және табиғатпен үйлесімділік құндылықтарымен қалыптасқан ұзақ тарихы бар екенін атап өтті.Музыка мен өнер арқылы Еуропа мен Ұлы дала арасында көпір салынып, халықтарды достық пен өзара сыйластыққа біріктіреді. Іс-шара Эстонияның маңызды мәдени оқиғасы болды, ол ұрпақтардың ажырамас байланысын және Қазақстанның ұлттық дәстүрлерінің сабақтастығын атап өтті. Көрермендер бай мәдениетті, ұлттық фольклорды және қазақ халқының шынайы рухын көрді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1100578?lang=kk
Лондонда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен қаржы секторының даму перспективалары талқыланды 06.11.2025
- Лондон, 2025 жылғы 5 қараша – Bloomberg халықаралық ақпарат агенттігінің алаңында Kazakhstan Capital Markets Day 2025 іс-шарасы өтті. Жиын Қазақстанның қаржы секторының даму бағыттары, макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту және елдің жаһандық инвестициялық әлеуетін ілгерілету мәселелеріне арналды.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) басшылығы, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігі, сондай-ақ жетекші шетелдік қаржы институттарының, инвестициялық компаниялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Бұл жиын инвесторлар, мемлекеттік реттеушілер мен бизнес көшбасшыларын бір алаңда тоғыстырып, тұрақты экономикалық өсудің стратегияларын және Қазақстанның жаһандық қаржы нарықтарына ықпалдасу жолдарын талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды.Іс-шараның ашылуында Bloomberg Еуропадағы дамушы нарықтар жөніндегі бөлім басшысы Стивен Янкельсон сөз сөйлеп, Қазақстанның өңірдегі қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы ретіндегі рөлін атап өтті.Негізгі баяндамада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов елдің макроэкономикалық ахуалына шолу жасап, ЖІӨ өсімі, тікелей шетелдік инвестициялар көлемі және салық-бюджет саясатының тиімділігі туралы деректермен бөлісті.«Біздің ұстанымымыз айқын: Қазақстан инвестицияға ашық, инновацияға ашық және ең бастысы – серіктестікке ашық ел», – деді Тимур Сүлейменов.Панельдік сессиялар барысында қатысушылар ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық, сондай-ақ капитал нарығын стратегиялық дамыту мәселелерін талқылады. Ерекше назар қаржы секторының жаңғыртылуына, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ нарық өтімділігін арттыру және қаржы құралдарына қолжетімділікті кеңейту бастамаларына аударылды.Талқылаулардың басты тақырыптарының бірі – ESG-облигациялар нарығының өсу әлеуеті, тұрақты қаржыландыру құралдарын дамыту, сондай-ақ жекешелендіру бағдарламасы аясындағы ұлттық компаниялардың IPO өткізуге дайындығы болды. Сарапшылар Қазақстанның терең, ашық әрі бәсекеге қабілетті қаржы нарығын қалыптастыру жолында жүйелі ілгерілеу жасап келе жатқанын атап өтті.Kazakhstan Capital Markets Day 2025 шарасы Қазақстанның сенімді серіктес және Еуразия өңірінің дамып келе жатқан қаржы хабы ретіндегі мәртебесін нығайтып, халықаралық инвесторлардың ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп дамытуға деген қызығушылығын айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1100536?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен теңсіздіктің алдын алу 06.11.2025
Облыстың Әдеп жөніндегі уәкілі мен Мемлекеттік қызмет департаментінің қолдауымен "Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен теңсіздіктің алдын алу" тақырыбында семинар-кеңес өтті.Спикерлер мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру кезінде гендерлік және әлеуметтік теңдіктің, жанжалдарды реттеу үшін азаматтармен дұрыс қарым-қатынас жасау ережелерін сақтаудың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жан-жақты шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.Семинар қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1100486?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Теміртау қаласында семинар өткізді 06.11.2025
2025 жылғы 31 қазанда Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қатысуымен "Теміртау жастар орталығы" демалыс орталығының ғимаратында салық төлеушілер үшін көшпелі семинар өткізді, оның мақсаты салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді ақпараттандыру және түсіндіру болып табылады. Іс-шара аясында салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық кодексіндегі инновациялар бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді.Кездесулер барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістермен танысуға, бұл инновациялардың олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ өз сұрақтарын қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды.Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін салық төлеушілермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1100457?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бұқар Жырау ауданында семинар өткізді 06.11.2025
2025 жылғы 05 қарашада Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бұқар Жырау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қатысуымен Бұқар Жырау ауданының мәдениет үйінің ғимаратында салық төлеушілер үшін көшпелі семинар өткізді, олардың мақсаты салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді ақпараттандыру және түсіндіру болып табылады. Іс-шара аясында салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық кодексіндегі инновациялар бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді.Кездесулер барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістермен танысуға, бұл инновациялардың олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ өз сұрақтарын қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды.Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін салық төлеушілермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1100468?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қарқаралы ауданында семинар өткізді. 06.11.2025
2025 жылғы 06 қарашада Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қарқаралы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қатысуымен Қарқаралы ауданының мәдениет үйінің ғимаратында салық төлеушілер үшін көшпелі семинар өткізді, оның мақсаты салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді ақпараттандыру және түсіндіру болып табылады. Іс-шара аясында салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық кодексіндегі инновациялар бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді.Кездесулер барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістермен танысуға, бұл инновациялардың олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ өз сұрақтарын қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды. Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін салық төлеушілермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1100475?lang=kk
⚖️ Заң және тәртіп – іс жүзінде! 06.11.2025
Департаментте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидаларын, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидалардың негізгі ережелерін түсіндіруге арналған семинар-кеңес өткізілді.Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет Департаментінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау және бақылау бөлімінің бастығы Эдельханова Алена Евгеньевна мен сол бөлімнің прокуроры Қуанышбаев Асылжан Жунисбекович қатысты.Семинар барысында қатысушыларға заңнаманың ашықтықты, айқындықты және құқықтық нормаларды бірізді қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған негізгі қағидаттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.Мұндай кездесулер заңдылықты нығайтуға және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1100481?lang=kk
Зираттардың аумақтарын күтіп-ұстау бойынша мониторинг жүргізу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен бірлесіп зираттарға барды. 06.11.2025
Зираттардың аумақтарын күтіп-ұстау бойынша мониторинг жүргізу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен бірлесіп зираттарға барды.Қазіргі уақытта қалалық ТКШ бөлімінің теңгерімінде 12 зират бар, мердігер қоқысты шығару және қоршауларды жөндеу бойынша жұмыстарды орындайды, ал қысқы кезеңде негізгі жолдарды қардан тазарту жүргізіледі.Мониторинг барысында қоқысты уақтылы шығарумен қатар, зират аумақтарында: жолдарды ағымдағы жөндеу, ағаштардың құлауын болдырмау және қауіпсіздікті сақтау үшін қурағандарын кесу, қоқысты жинауға арналған арнайы орындарды жабдықтау қажет екендігі атап өтілді.Жоғарыда аталған проблемалар комиссияның қаулысында көрініс табады және іске асыру үшін қаланың ТКШ бөліміне жіберіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1100438?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Саран қаласында семинар өткізді. 06.11.2025
2025 жылғы 24 қазанда Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Абай ауданы, Шахтинск және Саран қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының қатысуымен Саран қаласының Мәдениет үйінің ғимаратында салық төлеушілер үшін көшпелі семинар өткізді, олардың мақсаты салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді ақпараттандыру және түсіндіру болып табылады. Іс-шара аясында салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық кодексіндегі инновациялар бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді.Кездесулер барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістермен танысуға, бұл инновациялардың олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ өз сұрақтарын қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды. Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін салық төлеушілермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1100427?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудын алдын алу 06.11.2025
Қостанай облысы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдердің құзыреттерін арттыру мақстанында семинар өткізді. Семинар жұмысына қатысқандар: Баглай Бауыржан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, MA in International Relations, шақырылған спикерлер, сарапшылар, ОМО аумақтық бөлімшелерінің мен ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдері, персоналды басқару қызметтерінің мамандары.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е.А. Салықбаев, ОМО аумақтық бөлімшелері мен ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдерінің стратегиялық мақсаттар мен тұжырымдамалық құжаттарды іске асыру, мемлекеттік қызметте әдептілікті арттыру, мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудың алдын алу жұмысы жөніндегі мақсат пен міндеттерін айқындады.«Мемлекеттік қызметтегі кемсітушіліктің алдын алу. Әлеуметтік және гендерлік аспекті» тақырыбында Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі, мемлекеттік қызмет ардагері, философия ғылымдарының кандидаты, экс-сенатор С.Ш.Бектұрғанов сөз сөйледі.«Халықпен тиімді коммуникацияларды құру және дауларды басқару. Медиация құралдары» тақыбы бойынша Қостанай облысы әкімінің отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат бойынша кеңесшісі, азаматтық қоғамның белсендісі, ҮЕҰ мәселесі және қоғаммен байланысы бойынша сарапшы Г.А. Капенова сөз сөйледі.«Мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған коммуникациялар» тақырыбын А.Байтұрсынов Университетінің инклюзивтік білім және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдардырың кандидаты (РһD), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының оқытушысы Т.В. Зуева ашты.«Қоғамдық бақылау арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында «АДАЛ ДОС ПРЕВЕНЦИЯ» ҚБ басшысы, «Ведомствоаралық жұмыс тобы» жобасына қатысушысы Ә.М. Байлин сөз сөйледі.Баглай Бауыржан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, MA in International Relations мемлекеттік қызметте құндылықтар енгізу, ашық диалог, сарапшылар ортасын құру, мемлекеттік қызметшілердің аналитикалық дағдыларды және біліктілігін қалыптастыру бойынша өз пікірін қосты.ҚатысушыларҚостанайоблысындамемлекеттікқызметкеорналасужәнеөткерутуралыақпаратпентанысты.Іріктеудіңзаманауимоделімемлекеттік қызметті әртүрлісаладағымамандарүшінашық етуге арналған.Мысалы, облыс әкімі аппараты ағымдағы жылдың үш тоқсанында облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардың бос лауазымдарына 142 конкурс өткізді. Қатысушылар саны 521 адамды құрайды. Жоғарыда аталған конкурстарды өткізу кезінде жасына, ұлтына немесе жынысына байланысты шектеулер болған жоқ. Қатысушылардың көпшілігі 40 пен 50 жас аралығында (187 қатысушы) 23 пен 29 жас аралығында (114 қатысушы), 30 бен 35 жас аралығында (99 қатысушы), 35-40 жас (56 қатысушы), 50 және одан жоғары (39 қатысушы), 23 жасқа дейін (20 қатысушы). Конкурсқа қатысқан әйелдер – 260 адам, ерлер – 261. Бұл мәліметтер бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатысушылардың теңдігі туралы нақты айтады. Облыстың жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істейтін әйелдер, ерлерге қарағанда (37%), айтарлықтай көп (63%). Облыстың жергілікті атқарушы органдары басшылығындағы әйелдердің үлесі 17% - құрайды, оның ішінде облыстық басқармалардың 20 басшысының 7-сі басшы-әйелдер (35%). Мемлекеттік қызметтегі барлық қызмет барысында қызметкерлер өздерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және кәсіби өсу үшін тең мүмкіндіктерге құқылы, меритократия қағидатына сәйкес кәсіби қасиеттерге сүйене отырып, мансаптық өсу үшін тең мүмкіндіктер сақталады.Семинар сонында «Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудын алдын алуда әдеп жөніндегі уәкілдердің ролі» тақырыбында дөңгелек үстел форматында диалог өтті.Дөңгелек үстел барысында қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар енгізді. Тыңдаушыларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заң жобасы, мемлекеттік мекемелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұжырымдамалық құжаттарды іске асыру және құқықтық оқу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.Қ. Сюндиков, Костанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1100375?lang=kk
Жамбыл облысының МКБ-да семинар өткізу туралы, негізгі тақырып: 2026 ж. Салық Кодексіндегі жаңалықтар 06.11.2025
Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер департаментінің Мерке ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында медиа-жоспар шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинар өткізілді. Семинарға түсіндірме алуға өтініш білдіргендердің жалпы саны 18 құрады. Іс-шараға қатысушылар – заңды тұлғалардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, есепшілер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1128883?lang=kk
Чек талап ет – құқығыңды қорға! 06.11.2025
🔰 Құрметті азаматтар! Егер сатушы фискалдық чек бермесе, картамен төлем қабылдамаса немесе өзге де бұзушылықтар орын алса, сіз "Amian" мобильді қосымшасы арқылы шағым бере аласыз. Ол үшін бизнес QR-кодын (салық төлеуші паспорты) сканерлеңіз немесе мәліметтерді қолмен толтырыңыз.Сіздің өтінішіңіз Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жолданып, қаралады. Әр сатып алуға чек талап етіңіз – бұл сіздің құқығыңыз! Чек бермеді ме?Бұзушылық туралы "Amian" қосымшасы арқылы хабарлаңыз!Сатушының QR-кодын сканерлеңіз немесе деректерді өзіңіз толтырыңыз –шағымыңыз автоматты түрде МКК-не жіберіледі. Чек талап ет – құқығыңды қорға!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1163066?lang=kk
«ОЯН, ҚАЗАҚ!» – ҰРПАҚТАР ЖҮРЕГІНДЕ МӘҢГІ САҚТАЛҒАН СӨЗДЕР 06.11.2025
6 қараша күні аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйімен бірігіп ұлт ұстазы, көрнекті жазушы, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Міржақып рухы – мәңгілік» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.Шара барысында қатысушыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Нұғманова мен Әйет мешітінің имамы Ислам Хамзин құттықтау сөз сөйлеп, ұлттың рухани мұрасын сақтау мен ағартушының еңбектерін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.Бейімбет Майлин атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Ұлбосын Сақауова және Сапар Ерғалиев атындағы мектептің әдебиет пәні мұғалімі Меруерт Жортынбаева өз сөздерінде Алаш партиясының ел тарихындағы рөлі мен Міржақып шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі өзектілігі жөнінде айтып өтті.Олар өз сөздерінде Міржақыптың еңбектері Отанға деген сүйіспеншілікті, білімге ұмтылысты және ұлттық сана мен рухты қалыптастыруда зор үлес қосқанына ерекше тоқталды.Кеш барысында әндер, күйлер, термелер орындалды. Ақынның өлеңдерін ұстаздар, оқушылар және де кеш қонақтары нақышына келтіріп оқыды. Аталған іс-шараға «Міржақып Дулатұлының әдеби мұрасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.Іс-шара жылы да әсерлі өтті. Қазақ халқының Ұлы перзенті Міржақып Дулатұлының мәңгі өшпес рухын тағы бір мәрте еске салған тағылымды кеш болды. Қатысқан 45 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1100299?lang=kk
2025 жылдың 19 қарашасында Меңдіқара ауданының әкімі Ғ.М.Бекбаевтың тұрғындармен кездесуі өтеді. 06.11.2025
2025 жылғы 19 қарашада Меңдіқара ауданының әкімі Ғ.М. Бекбаев, Теңізовское ауылының тұрғындары қатысты. Кездесу Теңізовское ауылындағы мектеп ғимаратында сағат 10.00-де өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1100225?lang=kk