Enbekshi QazaQ

Қоғам

Финалдың бас Кубогы таныстырылды 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа стадионның ашылуына дайындық барысы пысықталған жиналыстан кейін Қазақстан футбол федерациясының жарыстарды ұйымдастыру директоры Бақытжан Пазылхайырмен бірге Орталық стадионға барып, жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді.Қызылордадағы 11 мың орындық Орталық стадион жақын күндері ашылады деп күтілуде. Жаңа нысан халықаралық стандарттарға, УЕФА талаптарына сай, соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған.Спорт ғимаратының жалпы аумағы 20 мың шаршы метр, жасыл алаңнан бөлек, бокс, күрестің үш түрінің, атап айтқанда, дзюдо, грек-рим, еркін күрес, фитнес, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетика залдарынан тұрады. Келушілерге жыл он екі ай сапалы қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндік бар.Үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында жаттығу залдары, екінші қабатында әкімшілік бөлмелер, үшінші қабатында спортшылар үшін және ауқымды жиындар өткізуге арналған бөлмелер қарастырылған.Халықаралық дәрежедегі ауқымды ойындарға дайын. Ашылу салтанаты қарсаңында жаңа стадионның футбол алаңы ФИФА-ның тестілеуінен өтіп, жоғары деңгейлі QUALITY PRO сертификатына ие болды.Бүгін «Арай сити мол» сауда орталығында финалдың бас кубогы Сыр жұртшылығына таныстырылды. Облыс тұрғындары кубокты қазанның 4-не дейін сауда орталығына барып көре алады. Облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешені де салынуда. Онда олимпиадалық стандарттарға сай 50 метрлік бассейн, Әлем және Азия чемпионаттарын өткізуге арналған 2500 орындық зал, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары болады.Құрылысы 2026 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады.Өңір спортын дамытуда атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталсақ, соңғы үш жылда 20 спорт кешені ашылды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен тағы 6 спорт кешені пайдалануға беріледі. «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 2 млрд. 900 млн. теңгеге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеріп келеді. Биыл қордың қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарындағы жаңа спорт кешендері келушілерге қызмет көрсете бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1079134?lang=kk
Жер сілкіну кезінде іс-қимыл ережелері 14.10.2025
Шығыс Қазақстан облысында оқушыларға арналған қазақ тілінде ерекше сабақ өтті – «Жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбындағы сабақ-интервью. Іс-шараны ШҚО білім басқармасының «Örken» өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Қонақ ретінде Болатханұлы Нұрасыл ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты шақырылды. Сабақ ашық сұхбат түрінде өтті. Оқушылар мен ұстаздар сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты көкейкесті сұрақтарына нақты жауаптар алды.Алдымен Болатханұлы Нұрасыл жер сілкінісі – ең қауіпті табиғи апаттардың бірі екенін түсіндірді. Ол тектоникалық қозғалыстардан, жанартаулық белсенділіктен, жартас массасының құлауынан немесе жасанды жарылыстардан туындауы мүмкін.Әсіресе, Шығыс Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтардың қатарына жататынына назар аударылды. Облыста 75 елді мекен сейсмикалық қауіп аймағында орналасқан. Олардың ішінде Өскемен, Риддер қалалары мен Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім және басқа да аудандар бар.Спикер жер сілкінісін нақты болжау мүмкін еместігін, бірақ кейбір жанама белгілер бар екенін атап өтті: жануарлардың әдеттен тыс мінез-құлқы, су деңгейінің өзгеруі,жердің тербелуі мен гуілі, тұрмыста газ қолданылмайтын жерде газ иісінің пайда болуы.Сабақ барысында төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға ерекше көңіл бөлінді. Егер адам көпқабатты үйде болса, ең қауіпсіз жер – есік маңы немесе берік ойық. Лифтіні пайдалануға және баспалдақпен жүгіріп шығуға болмайды. Далада тұрған кезде ғимараттардан, ағаштардан, электр сымдарынан және жанармай құю бекеттерінен алыс, ашық алаңға шығу қажет.Әрбір отбасы алдын ала «дабыл сөмкесін» дайындап қоюы керек. Оның ішінде құжаттар, ақша, дәрі-дәрмек, азық-түлік, су және жылы киім болуы тиіс.Оқушылар, сондай-ақ, өңірде төтенше жағдайлар туралы халықты ұялы телефондар арқылы уақтылы хабардар етуге мүмкіндік беретін жүйені енгізу туралы білді.Сабақ соңында Болатханұлы Нұрасыл жер сілкінісін болдырмау мүмкін емес, бірақ оған дайын болу – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Мұндай іс-шаралар оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуге үйретеді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, сабақ-интервьюлер тек ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1079580?lang=kk
1 қазан - Радио күні 14.10.2025
Бүгін – Радио күні. Елімізде алғашқы радио 1921 жылдың қазан айында хабар таратқан. Осы тарихи негізді алға тарта отыра Президент Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1-қазанды «Радио күні» деп жариялауды ұсынған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1078794?lang=kk
Педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтау 14.10.2025
Ұстаздар күні мен Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Ардагер мұғалімдерді құттықтаймыз» акциясы аясында өз өмірін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арнаған ұстаздардың құрметіне салтанатты іс-шара өтті. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек және білім басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы Галина Васильевна Протасова халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің базасында ардагер мұғалімдермен кездесті.Ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі мен мамандыққа адалдығы үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара жас мамандар үшін даналық пен тәжірибе көзі болып қала беретін ардагер мұғалімдерге деген құрмет символына айналды. Акцияның маңыздылығы ұрпақтар сабақтастығын сақтау, білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан мұғалімдердің еңбегін бағалау болып табылды. Еңбек ардагерлерінің құрметіне Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің шығармашылық ұжымының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1078801?lang=kk
Еуропа Кеңесінде Қазақстандағы демократиялық реформаларға арналған дөңгелек үстел өтті 14.10.2025
Страсбург, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) күзгі сессиясы аясында «Қазақстанның өркендеу жолы: демократиялық реформалар және парламенттік дипломатия арқылы бірлік» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ЕКПА депутаттары, Еуропа Кеңесінің басшылығы, халықаралық зерттеу орталықтарының өкілдері және дипломатиялық корпус қатысты.Іс-шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, ЕКПА Вице-Президенті Элизабетта Гардини, ЕКПА-ның Қазақстан бойынша Баяндамашысы Жолт Немет, Еуропадағы Перспективалық және Қауіпсіздік Институтының Президенті Эммануэль Дюпюи, Швейцария халықаралық істер форумы Вице-Президенті Давид Чикваидзе, Жаңа Еуразия обсерваториясының Теңқұрушысы Микаэль Левистон, Францияның Халықаралық және Стратегиялық Зерттеулер Институтының директоры Лукас Обен сөз сөйледі.Қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған бастамаларының жүзеге асырылу барысын талқылады. Оның басты басымдықтары – биліктің ашықтығы мен есептілігі, азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, сондай-ақ инклюзивті және транспарентті басқаруды дамыту. Парламенттік дипломатияның ұлттық бірлікті нығайтудың, қоғамдағы диалогты дамытудың және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің құралы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.Талқылау барысында Қазақстанда жүргізілген конституциялық және заңнамалық реформалар, соның ішінде суперпрезиденттік басқару жүйесінен ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға көшу, елдің демократиялық трансформация жолындағы маңызды қадам болғаны атап өтілді.Халықаралық сарапшылар, Еуропа Кеңесі мен ЕКПА өкілдері Қазақстанның құқық қорғау тәжірибесін жетілдіру, құқық үстемдігін нығайту және демократиялық институттарды дамыту саласындағы ілгерілеуін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1078813?lang=kk
1 қазан — Қарттар күні 14.10.2025
1 қазан — Қарттар күніБүгін Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ардагерлерімізді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтады.Еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек еткен Сіздердің өмірлік жолдарыңыз — біз үшін үлгі. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында бүгінгі күнге жеттік.Ардагерлерге естелік сыйлықтар мен гүлдер табысталып, жылы лебіздер айтылды. Мұндай кездесулер — тек құрмет қана емес, ұрпақтар сабақтастығының белгісі.Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасы амандығын тілейміз. Біз сіздерді құрметтейміз, мақтан етеміз және әрдайым жадымызда ұстаймыз.#ҚарттарКүні #1Қазан #АрдагерлергеҚұрмет #МемлекеттікКірістер #ҰрпақСабақтастығы #ҚұрметПенАлғысАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1078827?lang=kk
Қытайдың «POWERCHINA» корпорациясы Қазақстанда энергетика және су шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек «POWERCHINA» корпорациясының вице-президенті Чэнь Гуаньфу бастаған делегациямен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар корпорацияның Қазақстанда энергетика және су шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Олардың қатарында гидроаккумуляциялық электр станцияларын, жаңартылатын энергия нысандарын және тазарту құрылыстарын салу бар. Сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдану перспективаларына, электр энергетикалық жабдықтарды өндіруді жергіліктендіру және инженер кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ғ.Оспанқұлов компаниямен ынтымақтастық озық технологияларды енгізуге және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, орнықты дамуына ықпал ететін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті: «Біз «POWERCHINA»-ның қатысуымен жобаларды Қазақстан энергетика секторын жаңғыртуға қосатын маңызды үлес деп қарастырамыз. Корпорация ірі инфрақұрылымдық шешімдерді жүзеге асырудағы бай тәжірибеге және жоғары біліктілікке ие, ал біз мұндай бастамаларды елімізде табысты жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз».Өз кезегінде Чэнь Гуаньфу компанияның ұзақ мерзімді серіктестікке дайын екенін атап өтіп, Қазақстанды Орталық Азиядағы жобаларды дамыту үшін стратегиялық бағыт ретінде қарастыратынын жеткізді. Ол «POWERCHINA» Қазақстанда жаңартылатын энергетика және су ресурстарын басқару саласында толық шешімдер циклін құру мүмкіндігін қарастырып отырғанын да айтты.POWERCHINA – әлемнің 130 елінде жобаларды жүзеге асырып жатқан Қытайдың ең ірі энергетикалық және құрылыс корпорацияларының бірі. Компания гидро және жылу электр станцияларының, жаңартылатын энергия нысандарының, көлік және қалалық инфрақұрылымның, сондай-ақ су шаруашылығы саласының құрылысы бойынша жетекші орынға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1078848?lang=kk
Парламентаралық ынтымақтастық нығаюда 14.10.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Бразилия Ұлттық конгресінің депутаттар тобымен кездесті.Тараптар, 2024 жылғы қарашада Астанада екі елдің төменгі палаталарында өткен «Қазақстан-Бразилия» парламенттік достық тобының алғашқы отырысының қорытындыларын талқылап, биыл Қазақстанда екінші отырысты өткізу мүмкіндігі жөнінде пікір алмасты.Елші, әңгімелесушілерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты қыркүйек айындағы Жолдауының негізгі тұстарымен таныстырды. Осы тұрғыда тараптар, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің, IT саласын дамыту бойынша тәжірибе алмасудың, сондай-ақ ғылыми-техникалық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында және қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірілді.Әңгіме барысында Б.Нүсіпов қонақтарды Қазақстан делегациясының Белен қаласында өтетін СОР30-ға дайындықтары мен қатысуы жөнінде хабардар етіп, Бразилия тарапының климаттық күн тәртібін БҰҰ, G20, БРИКС және басқа да алаңдарда ілгерілетуін қолдайтынын білдірді.Кездесу соңында тараптар жұмыс байланыстарын қолдап, парламенттердің төменгі палаталарындағы достық топтарының бірлескен жұмысына қатысты ақпарат алмасып отыруға уағдаласты. Депутаттарға брифинг форматында Қазақстанның қазіргі даму барысы, елдің ішкі, сыртқы, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық саясатының басымдықтары жөнінде таныстырылым жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1078872?lang=kk
Осакаров ауданының шағын орталықтары мен балабақшалары арасында "Тілге бойлау" республикалық пилоттық жобасын енгізу бойынша Семинар 14.10.2025
2025 жылғы 29 қыркүйекте Молодежный кентінің "Айгөлек бөбекжайы" КМҚК базасында Осакаров ауданының шағын орталықтары мен балабақшалары арасында "Тілге бойлау" республикалық пилоттық жобасын енгізу бойынша семинар өтті.Семинарда психолог, қазақ тілі мұғалімі, музыкалық жетекші және дене шынықтыру нұсқаушысы сөз сөйледі. Мамандар қазақ тілін енгізу бойынша "Қазақ тілі steam ойындары арқылы ", "кенезиологиялық ойындардың көмегімен балалардың қабылдау қабілеттерін дамыту", "ұйымдастыру технологиясының көмегімен музыкалық сөйлеу және қозғалыс дағдыларын дамыту ", сондай-ақ роботохехниканы оқу процесіне қалай креативті түрде тартуға болатынын айтып, нақты көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1078889?lang=kk
Қалада Халықаралық қарттар күніне орай еңбек ардагерлерімен кездесу өтті 14.10.2025
Бүгін дәстүр бойынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарған еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында ардагерлерді мерекемен құттықтап, ағымдағы жобалар мен қаланы дамыту жоспары жайлы айтылды.Мерекелік түскі астан кейін ардагерлерге елдің жетекші автомобиль кәсіпорындарының бірі – «Allur» зауытына экскурсия өткізілді, онда жаңа модельдегі автокөліктермен танысты.Еңбек ардагерлері әрдайым қаланың өміріне белсенді қатысып, тәжірибесі мен құнды кеңестерін бөліседі. Осындай адамдардың арқасында ұрпақ сабақтастығы мен қоғамға қызмет ету рухы сақталады.Кездесу соңында қала әкімі аға буын өкілдеріне еңбегі, даналығы мен туған жеріне деген сүйіспеншілігі үшін шынайы алғыс білдіріп, денсаулық, ұзақ өмір және отбасыларға амандық тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1078891?lang=kk
"Урок мужественности": Қарағанды облысының мектептерінде Отан қорғаушыларды қалыптастыру 14.10.2025
2025 жылдың қыркүйек айында Қарағанды ​​облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «No6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Адал азамат» бірыңғай ұлттық білім беру бағдарламасы аясында,7-11 сынып оқушылары арасында күзгі әскерге шақыру науқанымен қатар «Отан қорғаушылардың идеялық негізі – тәуелсіздік үшін күресіміздің іргетасы» тақырыбында «Ерлік сабағы» өткізілді.Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілік, оның батырларын құрметтеу, Отанды қорғауға дайын болу.с-шараға құрметті қонақтар шақырылды: Осакаров ауданы прокуратурасының прокуроры Мәулетов Ерғали Ғалиханұлы, Осакаров аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрсейітов Шыңғыс Оралұлы,Осакаров аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Герега Владимир Сергеевич, Осакаров аудандық ОП-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Вадим Магомедхабибович Иманалиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1078896?lang=kk
Шахматтан іріктеу туры өтті 14.10.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - ҚР ҚМ) ағымдағы жылдың 12-14 қарашасына Астана қаласында "FINANCE CHESS CUP 2025" республикалық шахмат турнирін өткізуді жоспарлады, оған ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты органдары қатысады.Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Көкшетау қаласында, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен,  «Бурабай» мамандандырылған БЖСМ алаңында ҚР ҚМ органдарының қызметкерлері арасында шахматтан іріктеу туры өтті. Ерлер арасында бірінші орынды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Батырхан Кәрімов, екінші орынды Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Аслан Абдрахманов, үшінші орынды – Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Асланбек Утенов иеленді. Әйелдер арасында бірінші орынды Қазынашылық департаментінің қызметкері Меруерт Аубакирова , екінші орынды  Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Даметкен Махметова иеленді.Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жарыстың келесі кезеңдерінде жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1078907?lang=kk
Сеулде қазақтың дәстүрлі киімдері көрсетілді 14.10.2025
Сеул, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Орталық Азия мен Корея Республикасы Достық күніне орай өткен іс-шара аясында дәстүрлі киімдер көрсетілімі ұйымдастырылып, өңір елдері мен Кореяның мәдени алуан түрлілігі мен бай шығармашылық дәстүрлері көрсетілді.Іс-шара Орталық Азия мен Корея Республикасы Достық қауымдастығының қолдауымен орын алды. Салтанатты рәсімге Қауымдастық Президенті Ли Ок Рён, Азия мәдени орталығының Президенті Ким Санг Ук, Орталық Азия елдерінің дипломаттары, іскер топтардың өкілдері және шығармашылық ұжымдар қатысты.Құттықтау сөзінде Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азия мен Корея арасындағы мәдени байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ол өнер, музыка және креативті индустрия саласындағы бірлескен жобалар елдер арасындағы достықты нығайтуға ықпал ететінін баса айтты.Сонымен қатар, қазақ дипломаты Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттармен таныстырып, Жасанды интеллект пен цифрлық даму министрлігін құру бастамасына, сондай-ақ креативті индустрияға озық технологияларды енгізу мәселесіне ерекше назар аударды. Елші биыл Кореяда таныстырылатын «Алатау Сити» жобасының маңыздылығын атап өтіп, оның смарт-қалаларды дамытудағы, жасыл бастамаларды ілгерілетудегі және туризмді өркендетудегі рөлін ерекше атады. 2025 жылғы шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Президенті Ли Чжэ Мён телефон арқылы сөйлесу барысында сауда және инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, жан-жақты өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Өз кезегінде Қауымдастық Президенті Ли Ок Рён Орталық Азия елдерінің бай мәдениеті, өзіндік дәстүрлері мен сан қырлы музыкасы Кореяда жылы қабылданып, өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп жатқанын тілге тиек етті.Қазақстаннан «Tarbiya» брендінің ұлттық костюмдер топтамасы таныстырылды. Бұл топтама дәстүрлі элементтер мен заманауи эстетиканы үйлестіріп, корейлік көрермендерді тәнті етті және жоғары бағаға ие болды.Көрсетілім Орталық Азия мен Корея Республикасы халықтарын одан әрі жақындастыруға ықпал ететін табысты ынтымақтастық пен мәдени алмасудың жарқын үлгісіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1078919?lang=kk
Жаңаөзен қаласында Кендірлі ауылының жаңа әкімі сайланды 14.10.2025
2025 жылдың 28 қыркүйегінде Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылында ауыл әкімін сайлау өтті.«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды. Нәтижесінде Кендірлі ауылының әкімі болып Тоқтасынов Медет Асқарұлы сайланды.Бүгін 1 қазан күні қала әкімдігінің мәжіліс залында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сүйіндік Мұхаммедов қала әкіміне, әкім орынбасарларына және мемлекеттік мекеме басшыларына сайлау қорытындысын таныстырып, жаңа ауыл әкіміне куәлігін табыстады.Медет Асқарұлы Тоқтасынов – 1993 жылы туған, бұған дейін «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылында тұрады.Жаңаөзен қаласында ауыл әкімін сайлау тұрғындардың белсенді қатысуымен ұйымдастырылып, заң талаптарына сәйкес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1078932?lang=kk
Паспорттағы фотосуреттің өзектілігі туралы 14.10.2025
Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшiлiгiнiң Консулдық кеңсесі паспорттағы фотосурет өзектi болуы тиiс екенiн еске салады.Бұл әсіресе паспорт алған сәттен бастап сыртқы келбеті айтарлықтай өзгеруі мүмкін кәмелетке толмағандарға қатысты.Сыртқы келбетімен фотосуреттің сәйкессіздігі Грузия Шекара полициясының қызметкерлерінде күмән тудыруы мүмкін және жеке тұлғаны сәйкестендірудің қосымша рәсімдеріне әкеледі.Грузин тәжірибесінде сыртқы келбетінің фотосуреттен айтарлықтай айырмашылығы шекарада кідірістерге, ал кейбір жағдайларда кіруге немесе шығуға тыйым салуға әкелуі мүмкін.Грузияның мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шекаралық бақылаудан өту кезінде жеке басын сәйкестендіру кезінде проблемаларды болдырмау үшін, егер паспорттағы фотосурет ескірген болса, жаңа фотосуреті бар құжатты жаңарту ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1078942?lang=kk
Парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру Иордания Сенатының төрағасымен талқыланды 14.10.2025
Амман, 2025 жылғы 1 қазан – Иордан Хашимит Корольдігі Парламентінің Сенатында Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбайдың Сенат төрағасы Фейсал Әл-Фаизбен кездесуі өтті.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 2025 жылы Президент Қ.Тоқаевтың Амман қаласына және Иордания Королі Абдалла II-нің Астана қаласына жасаған сапарларының маңызы атап өтілді. Парламенттік дипломатияға ерекше назар аударылды. Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды ілгерілетудің пәрменді тетігі ретінде парламентаралық өзара іс-қимылды, оның ішінде парламенттік достық топтары форматында жандандыру қажеттігін растады.Кездесу барысында Король Абдалла II басшылығындағы Иорданияның Таяу Шығыстағы «тұрақтылық оазисі» мәртебесін сақтай отырып, саяси және экономикалық жаңғырту бағытын жалғастыруда екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстанда жүзеге асырылудағы цифрландыру, энергетика, көлік-логистикалық инфрақұрылым және әлеуметтік жаңғырту салаларындағы ауқымды реформалар таныстырылды.Сұхбат барысында Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған стратегиялық міндеттерді жеткізді. Бағдарламалық құжаттың ел экономикасын жаңғыртуға, инновацияларды белсенді енгізуге және әділ қоғам қалыптастыруға бағытталғанына назар аударылды.Диалог сындарлы атмосферада өтіп, екі елдің саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға деген өзара ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1078944?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы прокурорының тағайындалуы 14.10.2025
Мемлекет басшысының келісу бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен ротация тәртібінде Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болып Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов тағайындалды.Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының аудан прокуратураларында, Түрксіб ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Қостанай облысының прокуроры, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметтерін атқарды.Осы тағайындауға дейін Бас көлік прокуроры қызметін атқарды.Жаңа басшыны ұжымға Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков таныстырып, жаңа өңірлік қадағалау органының басшысының жоғары кәсібилігі мен тәжірибесін атап өтіп, оның басшылығымен Шығыс Қазақстан прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда жаңа нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірді.Сонымен қатар, Бас Прокурордың орынбасары алдағы кезеңде қадағалау органының қызметіндегі негізгі басымдықтарды айқындады. Атап айтқанда, экологиялық заңнаманы сақтау саласындағы жұмысты күшейту, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, қылмыстық процесте заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын одан әрі орнықтыру қажеттілігіне назар аударылды.Өңірдің өнеркәсіптік бағытын ескере отырып, өндірістік қауіпсіздік, еңбек құқығы мен еңбекті қорғау заңнамасының сақталуына қадағалауды күшейту жөнінде жекелеген міндеттер қойылды.Облыс прокуратурасының ұжымы жоғары тұрған прокуратура қойған міндеттерді іске асыру үшін  жұмысқа дайын екендігін білдірді.Осы уақытқа дейін облыс прокуратурасын басқарған Алмат Байшолақов ротация тәртібінде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1078953?lang=kk
Бразилия институтының басшылығы Елшілікке келіп қайты 14.10.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 1 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия халықаралық бизнесті дамыту институтының (IBREI) президенті Маурисио Празакпен кездесті.Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасылды. Атап айтқанда, тараптар Қазақстаннан химиялық өнімдер мен тыңайтқыштарды жеткізу бойынша ынтымақтастық орнату, сондай-ақ экономикалық институттармен және қазақстандық бизнес қауымдастықпен іскерлік байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.Қазақстанның жаңа экономикалық және инвестициялық саясатын ескере отырып, Елші сұхбаттасушыны Қазақстанның инвестициялық заңнамасының артықшылықтары, сондай-ақ Қазақстанның негізгі өңірлік нарықтарға шығу мүмкіндігі бар көлік-логистикалық және сауда-экономикалық әлеуеті туралы хабардар етті.Кездесу соңында қазақстандық дипломат байланыс орнатуға қажетті қолғабыс көрсетуге әзірлігін білдіріп, аталған институтты «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесіне қатысуға шақырды. Тараптар байланыстарды сақтауды және өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруды келісті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1078966?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу 14.10.2025
 ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу   "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 083,08 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 24 463,47 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 551,25 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 68,36 млрд теңге.   ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 қыркүйекке МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,58%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,85%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,78%, ҚРҰБ депозиттері – 2,14%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,77%, МҚҰ - 1,20%.2025 жылғы 1 қыркүйектегі МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 57,33%, АҚШ долларымен – 42,67%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 277,10 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс - 139,12 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 456,19 млрд теңге, өзге кірістер - 5,16 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.   2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың тамызына дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,74 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 12,60%, инфляция мөлшері – 12,20%.2025 жылғы 1 қыркүйектегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 97,58%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,20%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,64% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 68,36 млрд теңгеден асады.01.09.2025ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,74 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 18,59%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 16,76%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 16,29%, РЕПО – 16,14%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,33%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,17%, МҚҰ – 5,90%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,82%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,77%. Атап кетейік, портфельдің 75,09% теңгемен, 23,47% - АҚШ долларымен, 1,43% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 10,94% болды."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.09.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,42 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 44,31%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 10,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,54%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,73%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,49%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,25%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,99%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 3,84%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 76,27%, АҚШ долларымен 23,73% тең.2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,59% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.09.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 7,67 млрд теңге.  Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 25,92%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,53%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,71%, РЕПО – 12,33%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,61%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 74,12%, АҚШ долларымен 25,88%.2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,85% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.09.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,98 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 17,81%, ҚР ЕДБ облигациялары – 17,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,33%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 16,05%, РЕПО – 9,30%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,40%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 3,83%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,42% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 69,03%, АҚШ долларында – 30,97% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,14% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,55 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 23,31%, РЕПО – 16,96%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,78%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,52%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,59%, МҚҰ – 8,47%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,51%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,62%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,14%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,79%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,70%.   Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,33%, АҚШ долларында – 40,67% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,25% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).         [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1086632?lang=kk
1 қазан күні Жаңа-Бұқтарма ауылында Қарттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 14.10.2025
Алтай ауданы мәслихатының депутаттары Гречушникова Л.А. мен Болатканов Б.Б. ардагерлерді, аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, ауданның, қаланың және еліміздің дамуына қосқан баға жетпес үлестері, көп жылдық еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1078744?lang=kk