Enbekshi QazaQ

Қоғам

1 қазан - Халықаралық қарттар күні 14.10.2025
Сіздерді Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Сіздердің өмір жолдарыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі, ақыл-кеңестеріңіз – асыл қазына. Ел үшін атқарған еңбектеріңізге алғыс айтамыз. Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1078760?lang=kk
Ү.ж. 30 қыркүйекте Дубай Сотының Бас директоры Саиф Ганем Әл Сувайдимен кездесу өткіздік. 14.10.2025
Ү.ж. 30 қыркүйекте Дубай Сотының Бас директоры Саиф Ганем Әл Сувайдимен кездесу өткіздік.Кездесу барысында сот органдары арасындағы тәжірибе алмасу және өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1078625?lang=kk
1 Қазан - Халықаралық қарттар күніне орай "Қарттарым асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара. 14.10.2025
1 қазан күні Бастаушы ауылдық округінде 1 Қазан - Халықаралық қарттар күніне орай әкімшілік және мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауылдық клуб үйінде "Қарттарым асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1078661?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті 14.10.2025
 «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті   Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (Қор/БЖЗҚ) қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады. 01.01.2025ж. мен 31.08.2025ж. аралығында халыққа шамамен 30,8 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 17,7 млн-ы электрондық форматта, 12,0 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға 645,9 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 633,7 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады.  Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,14 млн жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 19,4 млн үзінді көшірме берілді. Оның 16,3 млн-ы – электрондық, ал 2,7 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 46,1 мың өтініш қабылданып, оның 43,7 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған.   2025 жылдың басынан бастап 8 ай ішінде деректемелерді өзгертуге 93,5 мың өтініш қабылданды. Оның 88,5 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 34,2 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 697,6 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 29,2 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 354,2 мың. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1090553?lang=kk
Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін игеруде! Сақ болыңыздар! 14.10.2025
Цифрлық технологиялардың белсенді дамуы жағдайында Интернет желісі арқылы мемлекеттік, қаржылық және өзге де электрондық қызметтерге азаматтардың қол жеткізу ауқымы күннен күнге кеңейе түсуде. Алайда, мұнымен қатар интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың түрлі әдіс-тәсілдері де қарқынды даму үстінде. Сіздерді аса сақ болуға шақырамыз – алаяқтар жылдам дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, бейнелер, аудиожазбалар және адамдардың бет-әлпеті мен дауысын дәл беретін кескіндер жасайды. Азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін пайдалана отырып, алаяқтар психологиялық қысым көрсетіп, жеке және қаржылық ақпаратқа қол жеткізу мақсатында өздерін көбінесе мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау органдарының, байланыс операторларының және басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырады. Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында және сіздің қауіпсіздігіңіз үшін «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) төмендегілерді ескертеді:Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, комиссиялық төлем алынбайды; БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін өтемақы алмайды, барлық төлемдер қатаң түрде заң аясында жүзеге асырылады;  Жинақтардың бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалану тек уәкілетті оператор (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады;  Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ-ның қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты ешқашан талап етпейді;Егер қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, ол оның ресми тұлға екендігін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын түрлі тәсілдермен алуға болады.Күмәнді қоңырау, хабарлама немесе хат түскен кездегі сіздің әрекеттеріңіз:  Байланысты дереу тоқтатыңыз.Байланысқа шыққан тұлға туралы ақпаратты (хат-хабарлардың скриншоттарын, телефон нөмірлерін, электрондық мекенжайларды, сайттарға сілтемелерді және өзге де деректерді қоса) белгілеп алыңыз.Ақпаратты нақтылап, одан әрі қажетті шараларды қабылдау үшін құқық қорғау органдарына немесе тиісті ұйымның (банктің, байланыс операторының және т. б.) қолдау қызметіне хабарласыңыз.БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер.    Барлық сауалдарыңызға жауап алып, зейнетақы жинақтарыңыздан төлем алу және аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,байланыс орталығының 1418 көп арналы тегін байланыс нөміріне қоңырау шалу жолымен немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы, БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да тексере аласыз. Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1082797?lang=kk
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша МКБ көшпелі семинарлары. 14.10.2025
12.08.2025 жылы салық сауаттылығын арттыру шеңберінде Приозерск қаласы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасы туризмді дамыту жөніндегі мобильді топтың құрамында қаланың бірқатар туристік нысандарына барып, олардың ағымдағы жағдайымен танысты.Кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, салық төлеушілермен БКМ қолдану, ТНК-ны уақтылы тапсыру мәселелері бойынша, сондай-ақ 01.01.2026 жылдан бастап заңды күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сондай-ақ, ақпараттық материал таратылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әңгіме жүргізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1078461?lang=kk
Инновациялық станоктар, роботтандырылған кешендер және «жасыл» технологиялар: Минскідегі «ИННОПРОМ» көрмесінде Қазақстан ұсынған жаңалықтар 14.10.2025
Минскіде өтіп жатқан «ИННОПРОМ.Беларусь» халықаралық өнеркәсіп көрмесінде қазақстандық компаниялар өндірісті цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу бағытындағы жетістіктерін таныстырды.Ұлттық павильон алаңында өндірістік үдерістердің қауіпсіздігін арттыруға және автоматтандыруға арналған шешімдер көрсетілді. Экспонаттар қатарында – роботтандырылған жүйелер мен «ақылды» құрылғылар бар. Бұл жобалар Мемлекет басшысының барлық салаларға жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі тапсырмалары аясында іске асырылуда.Оның нақты үлгісі – ауылшаруашылық техникасы мен қосалқы бөлшектер шығаратын «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы». Компания сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарға көшті: инженерлер 3D-модель жасайды, ал «ақылды» жабдық металлдан дәлдікпен бөлшек дайындайды. Мұндай тәсіл бұрын шетелден сатып алынған күрделі компоненттерді отандық өндірісте шығаруға мүмкіндік беріп, локализация деңгейін 86%-ға жеткізді.Жаңа техника жаһандық сервистік желілерге қосылған, бұл қашықтан диагностика мен баптауды қамтамасыз етеді.«Біз өндірісте роботтандырылған кешендерді енгізіп, жасанды интеллектіні күнделікті жұмысқа қолданып келеміз. Бұл сапаны, жылдамдықты және тиімділікті арттырады. Президент еңбек өнімділігін екі есеге арттыру міндетін қойды, мұны техникалық қуатты жаңартусыз орындау мүмкін емес. Мемлекет машина-трактор паркін жаңартуға қомақты қаражат бөліп отыр. Ал біздің міндетіміз – нарықтағы сұранысты толық қанағаттандыру», – деді корпорация директоры Олег Балыбин.Көрмеде сондай-ақ Орталық Азиядағы жалғыз толық жиынтық рельс бекітпелерін шығаратын роботтандырылған өндіріс ұсынылды. Бұл жобаны «Бент» өнеркәсіптік компаниялар тобы іске асырған. Жаңа өндіріс Қазақстанның теміржол саласын стратегиялық маңызы бар бөлшектермен толық қамтамасыз етіп, бұрынғы импорттық тәуелділікті жойды. Қосалқы бөлшектер Қазақстанда ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейде қолданысқа енген, ал қазір Түрікменстан мен Иранмен келіссөздер жүріп жатыр.«Біз рельс бекітпесінің барлық бес элементін өндіреміз. Бұл үшін роботтандырылған желіні іске қостық. Өндіріс ашылған соң үш айдың ішінде толық қуатқа шықтық», – деді компания директоры Дінмұхаммед Құзиев.Энергия үнемдеу бағытында қазақстандық «Electrologic» контроллері ерекше назар аудартты. Ол металлургия және энергетика саласындағы әлемдік алты үздік «жасыл» жобаның қатарына енді. NU базасында әзірленген бұл шешім 600 өтінімнің ішінен таңдалып, 5,8 млн еуро көлемінде грант алуға үмітті.Бастапқыда технология электрдоғалы пештерді басқаруға қолданылды. Сербия мен Қытайдағы зауыттарда оны енгізу балқыту уақытын екі есеге дейін қысқартып, энергия мен материал шығынын азайтты әрі өнімділікті арттырды. Кейін жүйе электр желілеріндегі шығындарды азайтуға бейімделді. Енді контроллер өнеркәсіп пен коммуналдық секторда да қолданылып, «жасыл» экономикаға көшу құралына айналды.«Біздің регуляторлар металлургияда балқыту уақытын қысқартады: Сербияда – 45 минуттан 26 минутқа, Қытайда – 120 минуттан 65 минутқа дейін. Бұл электр қуаты мен шығынды азайтып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді», – деді жобаның жетекшісі Жанат Жүсіпов.Көрмеде білім беру саласындағы қазақстандық жоба да көрсетілді. Artisan Education компаниясы робототехника мен бағдарламалауды оқытуға арналған бірыңғай білім беру платформасын әзірледі. NU базасында жасалған бұл шешім ауыл мектептеріндегі білікті маман тапшылығы мен материалдық-техникалық қиындықтарды азайтуға бағытталған. LMS-платформа кез келген оқушыға бірдей деңгейде білім алуға мүмкіндік береді: мұғалім кеңесші рөлін атқарады, ал оқушылар интерактивті курстарды меңгеріп, ІІ көмекшінің қолдауымен кодтағы қателерін түзете алады.«Біздің басты мақсатымыз – оқушылар тек теория мен практиканы үйреніп қана қоймай, өз жобасын жасап, оны қорғауға дейін жеткізу. Платформа мектептермен қатар колледждерде де қолданылады. Болашақта университеттерге енгізіп, жас инженерлерді үздіксіз сүйемелдеуді жоспарлап отырмыз», – деді жоба жетекшісі Абай Қакимбек.Сонымен қатар, көрмеде қазақстандық стартап теміржол вагондарын жасанды интеллект арқылы басқаруға арналған цифрлық платформасын таныстырды. Бұл шешім логистиканың тиімділігін арттырып, шығындарды азайтады. Платформа оператор компаниялардың барлық бизнес-үдерістерін біріктіріп, есепті автоматтандырады және деректерді талдайды. Қазір жүйе Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресейде қолданыста, 100 мыңнан астам вагон осы бағдарламамен басқарылады.«Біз клиенттерге бос жүрісті 10%-ға қысқартуға көмектестік. Бұл айтарлықтай көрсеткіш. Жасанды интеллект деректерді талдап, вагондарды өтінімдерге өзі бөледі. Соның арқасында әр вагоннан айына қосымша 20 доллар табыс алуға мүмкіндік бар», – деді компания өкілі Ануар Сарсимбинов.Осылайша, «ИННОПРОМ.Беларусь» көрмесінде ұсынылған қазақстандық жобалар елдің цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, «жасыл» технологияларды дамыту және жаңа буын инженерлерін даярлау бағытында нақты қадам жасап отырғанын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1078490?lang=kk
1 қазан-Қарттар күні! 14.10.2025
1991 жылдан бастап жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында Халықаралық қарттар күні деп жарияланды. Болашақта БҰҰ құжаттарында «Халықаралық қарттар күні» атауы қабылданды.Қарттар күні – бұл күнтізбеде жай ғана күн емес, жылдар бойы даналық пен төзімділіктің, адал қызметтің үлгісі болған азаматтарға құрмет пен ризашылық білдіру күні болып табылады. Қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері қарттар қауымдастығының өкілдеріне барып, қолдау көрсетіп, ізгі ниеттерін білдірді. Кездесу барысында көп жылғы адал еңбегі, мол өмірлік тәжірибесі және қоғам дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс білдірілді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1078509?lang=kk
Алматыда қазақ-неміс ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды 14.10.2025
2025 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас инспекторы Сабина Штёрмен кездесу өткізді.Тараптар саяси, экономикалық және консулдық салалардағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Германияның Алматы қаласындағы Бас консулдығының жұмысына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Кездесу соңында тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара қызығушылықты атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1078514?lang=kk
Ақтау әуежайында шетел валютасын заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды 14.10.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ауежай-Ақтау» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп «Ақтау – Тбилиси» халықаралық әуе рейсі бойынша Ақтау халықаралық әуежайында кедендік бақылау жүргізу барысында К. есімді жолаушыдан 28 100 АҚШ доллары көлемінде қолма-қол шетел валютасы анықталды. Кедендік рәсімдеу барысында азамат К. қолма-қол шетел валютасын декларациялаудың қажеті жоқ деп ауызша мәлімдеген.Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен азамат К. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 276 753,75 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, 18 100 АҚШ доллары мемлекет кірісіне тәркіленіп, 10 000 АҚШ доллары сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін иесіне – азамат К.-ға қайтарылатын болды.Сондай-ақ, Ақтау халықаралық әуежайында «Ақтау – Кутаиси» рейсімен ұшуға ниеттенген 1991 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматының жолаушыларға кедендік бақылау жүргізу кезінде 12 500 АҚШ доллары көлемінде жасырын қолма-қол ақша анықталды. Аталған факті бойынша әкімшілік материал сотқа жолданды. Қазақстан Республикасынан шетел валютасын әкету кезінде нені білу қажет? Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағына біржолғы әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан біржолғы әкету кезінде қолма-қол ақша мен жол чектерінің жалпы сомасы 10 000 (он мың) АҚШ долларынан асатын жағдайда оларды кедендік декларациялау талап етіледі (декларация тапсыру күніне қолданылатын валюта бағамы бойынша есептеледі).Алайда, елдің ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 14 наурыздағы ҚР Президентінің №830 Жарлығына сәйкес, қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын Қазақстан Республикасынан 10 000 (он мың) АҚШ долларынан асатын сомада (Ұлттық Банктің валюталық бағамы бойынша) әкетуге тыйым салынған.Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі №124 «Жеке пайдалану үшін арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы» шешіміне сәйкес, 16 жасқа толмаған адамдардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер оларды алып жүретін адамның тауарларымен бірге бір жолаушылар кедендік декларациясында көрсетіледі.Осылайша, әрбір отбасы мүшесіне 10 000 (он мың) АҚШ долларынан аспайтын көлемде шетел валютасын алып өтуге рұқсат етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1078517?lang=kk
Ақтөбеде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды 14.10.2025
Ақтөбе облысының прокуратурасы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Еңбек» РМК-ның өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесу ұйымдастырды.Кездесудің негізгі тақырыбы – қылмыстық-атқару жүйесі кәсіпорындарының мемлекеттік сатып алуларға қатысуы және сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу.Іс-шара Мемлекет Басшысының ағымдағы жылдың 23 маусымда өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында берген тапсырмаларын іске асыру аясында өткізілді.Бұл тапсырмалар сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыруға және бизнес қатысуымен колонияларда өндірісті кеңейтуге бағытталған. Талқылауға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, прокуратура қызметкерлері және Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.Облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев Президент тапсырмасының өзектілігін атап өтіп, колонияларда жобаларды қолдағаны үшін әкімдік басшылығына алғысын білдірді және сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша «Еңбек» РМК-ның өз міндеттерін орындауының маңыздылығына тоқталды.«Еңбек» РМК-ның өкілдері еліміз бойынша 50-ден астам өндірістік алаңды біріктіретін кәсіпорынның мүмкіндіктерін таныстырып, сотталғандардың негізгі жұмыс берушісі ретіндегі рөлін атап өтті.Кездесу барысында қатысушылар ҚАЖ мекемелерінде шығарылатын өнімдермен де танысты.Сотталғандарды жұмыспен қамту, қадағалау қызметінің басым бағыты болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1078521?lang=kk
Мемлекеттік кірістер басқармалары Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіруді жалғастыруда. 14.10.2025
26.08.2025 жылы салық сауаттылығын арттыру шеңберінде Нұра ауданы, сондай-ақ Приозерск қаласы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары қолданыстағы, сондай-ақ 01.01.2026 жылдан бастап заңды күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинарлар өткізді.Іс-шара барысында:БКМ міндетті қолдану және сатып алушыға чек беру талаптары туралы түсініктемелер берілді;"salyq кэшбэк" жобасының артықшылықтары мен оған қатысу шарттары ұсынылған;жаңа Салық кодексіне негізгі өзгерістер, оның ішінде жаңа арнаулы салық режимдері, салық есептілігі нысандарын қысқарту, салық берешегін өндіріп алу тәртібі және т. б. бөлігінде түсіндірілді.,сатушылар мен сатып алушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1078532?lang=kk
2025 жылғы қаңтар - маусымдағы өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнім 14.10.2025
2025 жылғы қаңтар-маусымдағы (есепті деректер бойынша) Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ)  2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 106,3% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарларды өндірудің үлесі –35,6%, қызметтерді өндірудің үлесі – 57,3% құрады.Ең үлкен өсімді Көлік және жинақтау – 22,4%, Құрылыс – 18,4%, Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 8,4%, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 8,3%, Өңдеу өнеркәсібі – 5,6% салалары көрсетті.ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1078543?lang=kk
Құрметті ардагерлер, зейнеткерлер және біздің құрметті аға буын өкілдері! 14.10.2025
Сіздерді тамаша мереке — Қарттар күнімен құттықтаймын!Бұл күн сіздердің өмірлік тәжірибелерңізге, қажырлы еңбектеріңізге және қоғам алдындағы еңбектеріңізге құрмет қана емес, сонымен қатар бізбен жомарттықпен бөлісетін даналық, шыдамдылық және қамқорлық үшін тағы да ризашылық білдіру мүмкіндігі.Сіздер - біздің қаламыздың негізісіздер және Сіздердің қосқан үлестеріңіздің арқасында Өскемен қазіргідей болды. Сіздердің күш-жігерлеріңіз, төзімділіктеріңіз бен күш-қуаттарыңыз жастарға үлгі болады.Осы мереке күні ең жылы тілектерді қабыл алыңыздар — мықты денсаулық, ұзақ өмір, жан тыныштығы мен қуаныш тилемін! Сіздердің әр күндеріңіз жақындарыңыздың қамқорлығына, туыстарыңыздың назарына, достарыңыздың қолдауына және айналаңыздағы адамдардың жылулығына толы болсын. Үйлеріңізде әрдайым бейбітшілік, жайлылық пен амандық орнасын!Қала мен елдің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Біз Сіздерді мақтан тұтамыз, сіздерден үйренеміз және сіздердің ерліктеріңіз, еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы есте сақтаймыз. Құрметпен,Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы                                                         А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1078548?lang=kk
«Айбалта» оқу-жаттығуында барлаушылар қорғаныс пен шабуыл жағдайындағы тапсырмаларды орындау шеберлігін көрсетті 14.10.2025
«Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері тактикалық іс-қимылдарды пысықтады.Жаттығу кезеңдерінің бірінде әскери барлаушылар шартты қарсыластың тылында күндізгі және түнгі жағдайларда барлау жүргізуге арналған кең ауқымды тапсырмаларды орындады. Олар белгіленген шептерге жасырын жылжып, бақылау бекеттерін жабдықтап, барлау деректерін жедел түрде штабқа жеткізді.Барлық іс-қимылдар заманауи барлау құралдарын қолдана отырып жүргізілді. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен радиоэлектрондық бақылау жүйелері кеңінен пайдаланылды.– Барлау бөлімшелері өздеріне жүктелген тапсырмаларды сәтті орындады. Бұл олардың қорғаныс пен шабуыл жағдайында да тиімді әрекет етуге дайын екенін көрсетті. Жеке құрам күрделі жағдайларда жасырын, шапшаң әрі үйлесімді әрекет ету шеберлігін танытты. Оқу-жаттығу барлаушылар мен жалпы әскери бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, жауынгерлік машықты арттыруға ықпал етті, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы барлау бас басқармасының бастығы полковник Динар Құрбанбаев.Оқу-жаттығу басшылығы жеке құрамның жоғары кәсіби дайындығын, өзгермелі тактикалық және шектеулі көріну жағдайында әрекет ету қабілетін ерекше атап өтті.Барлаушылардың іс-қимылдарының нәтижесінде алынған деректер ұрыста дұрыс шешімдер қабылдауға және әскерлерді тиімді басқаруға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1078575?lang=kk
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың «Click» АҚ-тың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы» 14.10.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамына «Click» акционерлік қоғамының (Өзбекстан Республикасы) капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы» 29.09.2025 жылғы № 63 қаулыны қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1078588?lang=kk
Қазақстандағы қарттарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы 14.10.2025
Жыл сайын дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде аталып өтеді. Республикада жасы бойынша 2,5 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі.Мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдауда.ҚР Әлеуметтік кодексінің 197-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.Осылайша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылды және ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері индекстелді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65-тен 70%-ға, ал ең жоғарғысы 105-тен 110%-ға дейін өседі.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, оларға әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда.Республикада 127 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, жұмыс істеуде. 2025 жылы олардың жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады.Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағытта жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс. Орталықтардың қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыруға (йога, скандинавиялық жүріс, цифрлық сауаттылықты арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.), қарттардың еркіндігін қамтамасыз етуге, қоғам өміріне қатысуға бағытталған.1 қазанда елімізде Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарында кездесулерді, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін және басқаларды өткізетін болады.Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-сессиясында жарияланғанын естеріңізге сала кетейік.Оны өткізудің басты мақсаты – қариялардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және мойындау, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне назар аудару, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігі, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1078592?lang=kk
Сенатта бюджетаралық қатынастардың жаңа тәсілдері талқыланды 14.10.2025
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Қаржы және бюджет комитетінің басшысы Сұлтанбек Мәкежанов төрағалық еткен талқылауға Сенат депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Бюджет кодексінің тәсілдерін ескере отырып, "Республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"заң жобасы әзірленгенін атап өтті."Құжат жаңа Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес әзірленді. Жалпы сипаттағы жаңа үшжылдық трансферттер Үкімет алдына қойылған негізгі міндеттерді шешуге, оның ішінде өңірлердің қаржылық дербестігін арттыруға, тұрғындардың әлеуметтік игілік пен мемлекеттік қызметке қол жеткізуін теңестіруге арналған", - деді бірінші вице-министр.Бұл ретте ол жергілікті бюджет кірісі болжамы жаңа Салық және Бюджет кодекстері шеңберінде көзделген өзгерістерді ескере отырып жүзеге асырылғанын атап өтті."Кірістің ұлғаюы акциздер мөлшерлемесінің артуы, белгілі бір деңгейден асатын кіріске жеке табыс салығының 15% прогрессивті мөлшерлемесін енгізу, жекелеген салық, алым мен баждарды республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке беру, "Арнайы түсімдер"нысаналы кірістердің қосымша санатын енгізу сияқты нормаларды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, бұрын республикалық бюджетке түскен барлық айыппұл да жергілікті деңгейге берілді", - деді Азамат Әмрин.Оның айтуынша, бюджеттің кіріс бөлігін төмендететін, бірақ халық табысының нақты өсуін қамтамасыз ететін нормалар да ескерілген. Бұл стандартты шегерім мөлшерін 14 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін көбейту, түзету коэффициентін қолдану арқылы көлік салығының мөлшерлемесін төмендету, төлем мен мемлекеттік баждың кейбір түрін алып тастау."Кірістер өңірлердің салық әлеуетін ескере отырып есептелді. Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің түсімін талдау жыл сайынғы тұрақты өсуді көрсетеді. Соңғы үш жылда салық түсімінің өсу қарқыны орта есеппен 127,2%. Өңірлердің кірісі 2026 жылғы 10,7 трлн теңгеден 2028 жылы 13,3 трлн теңгеге дейін немесе 124,3%-ға өседі деп болжануда", - деді Азамат Әмрин.Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов жаңа тәсілдер ең төменгі инфрақұрылымдық нормативтер мен өңірлік стандартты ескеруі тиіс екеніне назар аударды. Оның айтуынша, оларды енгізу жергілікті бюджеттің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және азаматтар үшін мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді."Ең маңызды міндет - қаржы ресурсын әділ және ашық бөлуді қамтамасыз ету. Депутаттардың бүгінгі ұсынысын Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер туралы заңды дайындау кезінде егжей - тегжейлі пысықтауы тиіс", - деді Сұлтанбек Мәкежанов.Кездесу соңында Үкіметтің заң жобасын дайындау кезінде бірлескен жұмысты жалғастыру және Сенаттың ұсыныстарын есепке алу қажеттігі атап өтілді. Бұл бюджетаралық қатынастар жүйесін неғұрлым орнықты және теңгерімді етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1078600?lang=kk
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер" тақырыбы бойынша баспасөз конференциясы. 14.10.2025
2025 жылғы 1 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер" тақырыбы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық есептілігін қысқарту, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.БАҚ өкілдерін қызықтырған негізгі сұрақтар:Жаңа арнаулы салық режимдеріне көшу тәртібі;Жеңілдетілген декларацияда АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін қабылдау;2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге салық салу;2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеңілдікке жататын көлік құралдары бойынша статистика және басқа да сұрақтар.Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1078601?lang=kk
Қызылжар-2 мөлтек ауданында ауыз су, электр және газ инфрақұрылымын тарту жұмыстары жүргізілуде 14.10.2025
Қызылжар-2 мөлтек ауданында ауыз су, электр желілері және табиғи газ тарту бойынша инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Жобада жалпы ұзындығы 6,9 шақырым газ құбыры, 10,1 шақырым су құбыры және 2,4 шақырым электр желілерін тарту қарастырылған. Аталған жұмыстарды мердігер ұйым – «Шымкентгаз» газ шаруашылығы жүзеге асыруда. Жоба 2025 жылдың сәуір айында басталып, 2026 жылдың желтоқсан айында толық аяқталуы жоспарланған. Қазіргі уақытта мамандар тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілуде, нысан толық аяқталған соң қабылдау актісі рәсімделетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1078382?lang=kk