Қоғам
Қазақстан БҰҰ АТМЭӘК-пен жан-жақты серіктестікті нығайтуға бейілділігін растады 14.10.2025
Бангкок, 2025 жылғы 2 қазан –Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан комиссияның Бангкоктағы штаб-пәтерінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары әрі АТМЭӘК Атқарушы хатшысы Армида Салсия Алисджабанамен кездесті.Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтауын және ізгі тілектерін жеткізді.Сонымен қатар Елші Мемлекет басшысының Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80 жылдық мерейтойлық сессиясындағы сөйлеген сөзінің негізгі тұстарымен таныстырып, жаһандық бейбітшілік, тұрақты даму, өңірлік ынтымақтастық, ішкі реформалар, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріндегі Қазақстанның көзқарасы мен басымдықтарын атап өтті.Тұрақты өкіл Қазақстанның көпжақты ынтымақтастыққа берік бейілділігін және АТМЭӘК-пен үш онжылдықтан астам уақыттан бері орныққан өзара тиімді серіктестіктің тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.Тараптар Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Азия-Тынық мұхиты аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен интеграциясында өңірдің маңызды рөлін ерекше атап өтті. Қазақстандық дипломат Орталық Азияның Еуропа мен Азияны жалғайтын стратегиялық дәнекер ретіндегі артықшылығын тиімді пайдалануда келісілген күш-жігердің маңыздылығына назар аударды.Сондай-ақ Қазақстанның ұйым шеңберіндегі бастамалары, соның ішінде Алматы қаласында орныққан дамуға арналған АТМЭӘК Цифрлық шешімдер орталығын құру жобасы қарастырылды. Бұл флагмандық бастама цифрлық трансформацияны жеделдетуге, тәжірибе, білім және технологиялар алмасуды ілгерілетуге бағытталған.Елші Қазақстанның АТМЭӘК-ті инклюзивті диалог, консенсус қалыптастыру және әлеуметтік-экономикалық өлшемде өңірлік ынтымақтастық үшін сенімді алаң ретінде қарастыратынын да атап өтті.Жақын болашақтағы жоспарлар ретінде тараптар көлік және логистика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, сауданы ілгерілету және әсіресе Орталық Азия үшін өзекті болып отырған су ресурстарын тұрақты басқару бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейту ниетін атап өтті.Кездесу қорытындысында қазақстандық дипломат Қазақстанның АТМЭӘК-тің Азия-Тынық мұхиты өңірінде тұрақты әрі инклюзивті дамуды ілгерілету жөніндегі жұмысына елеулі үлес қосуға бейілділігін тағы да растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1079468?lang=kk
Майя Бекбаева Астанада ұландықтармен кездесті 14.10.2025
ҚР Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде белгілі журналист, тележүргізуші, продюсер әрі қоғам қайраткері Майя Төлегенқызы Бекбаева қонақ болды. Бұл кездесу азаматтық борыш, заң күші мен әр адамның жеке жауапкершілігі туралы мәнді әңгімеге толы болды.Айта кетейік, 5573 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбаздары күн сайын елордамыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетеді. Олар – Отанға адалдықты, тәртіп пен жанқиярлықты таңдаған жас азаматтар.Майя Төлегенқызы сарбаздардың тұрмыс-тіршілігімен, күнделікті тәртібімен, дене және моральдық дайындығымен жеке танысты. Атап айтқанда, қонаққа мынадай бағыттар көрсетілді:▪️ күнделікті қызмет элементтері;▪️ арнайы техника мен жабдықтар;▪️ қызметтік иттермен жұмыс істейтін кинологтардың дайындығы;▪️ Ұлттық ұлан тарихы мен дамуын қамтитын мұражай экспозициясы.Бұлардың әрқайсысы – тәртіп пен заңдылыққа, азаматтық жауапкершілікке негізделген үлкен жүйенің ажырамас бөлігі.Жеке құраммен кездесуде Майя Бекбаева қазіргі қоғамда заңды тек сөзбен емес, іс жүзінде сақтаудың маңызы зор екенін атап өтті:— Заң мен тәртіп – абстрактілі ұғым емес. Бұл – әрқайсымыздан басталатын мәдениет. Егер біз мықты әрі әділетті ел құрғымыз келсе, алдымен ішкі тәртіптен, өзгеге құрметтен және адалдықтан бастауымыз керек. Мемлекет – бөлек бір адамнан тұрмайды , мемлекет - ол біз. Жауапкершілік те өзіміздің мойнымызда», – деді ол.Кездесу аясында мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, қонақ пен сарбаздар «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың иесі» атты фильмді бірге тамашалады. Бұл туынды ҚР Президентінің Телерадиокешені мен «Жібек жолы» арнасының бірлескен жобасы болып табылады.Ұлттық ұлан әскери қызметіне шынайы қызығушылық танытып, сарбаз еңбегіне құрметпен қарағаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін Майя Төлегенқызына алғыс айтамыз. Мұндай кездесулер сарбаздарға жігер беріп, ынталандырады әрі қызметті үлкен міндеттің маңызды бөлігі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1079182?lang=kk
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Еркебаев Нұрлан Таныберліұлымен кездесу 14.10.2025
2025 жылғы 1 қазанда Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Еркебаев Нұрлан Таныберліұлымен кездесу өтті.Кездесуге Департамент қызметкерлері, Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігінің басшысы Абдолов Амангелді Аманиязұлы, ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Есенов Еролан Нұрланұлы, ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аймақтық департаментінің басшысы Алтынбаев Смаил Айдос, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің су ресурстарын пайдалану, реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының қызметкерлері қатысты.Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер мен реформалар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері талқыланды.Сонымен қатар, қатысушыларға мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, кәсіби этиканы ұстану және қоғам алдындағы жауапкершілікті күшейту бағытында нақты түсіндірмелер берілді. Кездесуге соңындаДепартамент басшысы Е.Жаңабаев мазмұнды кездесу өткізіп, құнды ақпараттармен бөліскені үшін Нұрлан Таныберліұлына алғыс білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1079187?lang=kk
Бүгінгі студент – ертеңгі реформатор: Астанада Президент Жолдауы талқыланды 14.10.2025
Елордада Қазақстан халқына арналған Президент Жолдауын талқылау жалғасып жатыр. Осындай кездесулердің бірінде Maqsut Narikbayev University жанындағы Конституциялық және саяси зерттеулер институтының директоры Әлия Оразбаева студенттерге бағдарламалық құжатта белгіленген негізгі міндеттер жөнінде әңгімелеп берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Maqsut Narikbayev University проректоры, PhD докторы Арман Пірзадаев, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының уақытша міндетін атқарушы Даниэль Сержанов, профессор-оқытушылар құрамы, сарапшылар және университет студенттері қатысты.«Президенттің 8 қыркүйекте жариялаған Жолдауы тек стратегиялық бағытты айқындап қана қоймайды, ол Конституциялық және құқықтық кеңістіктегі терең өзгерістерді бекітеді», — деп атап өтті Әлия Оразбаева.Ол конституциялық реформамен, билік жүйесін қайта құрумен және құқықтық жүйені дамыту мәселелерімен тікелей байланысты негізгі басымдықтарға тоқталды.Бірінші басымдық – Парламенттің жаңа форматы. Президент Мәжіліс пен Сенаттан тұратын екі палаталы жүйеден бір палаталы Парламентке көшу мүмкіндігін талқылауды тапсырды. Қазіргі екі деңгейлі құрылым заң жобаларын қабылдау барысында белгілі бір «буфер» қалыптастырады: қоғамға да, сарапшыларға да нақты қай тұста кідіріс туындағанын немесе кімнің жауапты екенін түсіну қиын.Ал бір палаталы модельде мұндай «екі деңгейлі сүзгі» болмайды. Барлық заң жобасы бір палатаның ішінде талқыланып, қабылданады, сондықтан үдеріс қоғам үшін барынша ашық әрі түсінікті болады», – деп түсіндірді институт директоры.Мысал ретінде ол Швеция, Дания, Эстония секілді бір палаталы парламенті бар мемлекеттердің тәжірибесін келтірді.Екінші басымдық – өңірлердің қаржылық дербестігі. Бұл бюджетаралық қатынастарды децентрализациялауды күшейтуді және өкілеттіктерді жергілікті өкілді әрі атқарушы органдарға көбірек беруді білдіреді.«Мұндағы нақты нәтиже неде? Азаматтар өз салықтарының жергілікті жерде қалай жұмсалып жатқанын көре алады және Конституцияда бекітілген құқықтары аясында есеп беруді талап ете алады. Бұл тек биліктің тиімділігін арттырып қана қоймай, қоғамның құқықтық қорғалуын да күшейтеді», – деді ол.Спикер үшінші басымдық ретінде студенттердің назарын Жер кодексі мен цифрлық кадастрға аударды.«Президент: «Жер ресурстары ашық бөлінуі тиіс. Барлық конкурс электронды форматта өтеді», – деп атап көрсетті. Мұндай бастаманың құқықтық маңызы – жариялылық пен тең қолжетімділік қағидатын тікелей заң жүзінде бекіту.Процестерді цифрлық кадастр арқылы автоматтандыру лауазымды тұлғалардың еркін шешім қабылдау мүмкіндігін жояды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады», – деді Әлия Оразбаева.Төртінші басымдық ретінде ол жаңа Салық кодексін атады. Жаңа кодекс қарапайым әрі түсінікті болуы тиіс. Салық нормаларын жеңілдету кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік қысымды азайтып, олардың міндеттемелерін болжамды әрі ашық етеді.Сонымен қатар, жаңа кодекс жергілікті бюджеттерге жеткілікті кіріс көзін қамтамасыз етіп, өңірлер өз функцияларын толыққанды орындай алатындай болуы қажет.«Бесінші басымдық. Президент: «Саланы орнықты, ашық әрі қауіпсіз дамыту үшін берік заңнамалық негізді жаңа Құрылыс кодексі қалыптастыруы тиіс», – деді. Бұл дегеніміз, жаңа Құрылыс кодексі цифрлық жобалауды енгізеді деген сөз. Құрылысты бақылаудың ашық жүйесі жасалады. Ең алдымен, құрылыс сапасы артады, мерзімдері қысқарады. Барлық үдеріс әр кезеңде қатаң қадағаланып отырады.Мектептер, жолдар, ауруханалар – бәрі цифрлық бақылаумен салынады», – деп атап өтті зерттеу институтының басшысы.Сонымен бірге ол Президенттің банк заңнамасы мен цифрлық активтерге қатысты қойған міндеттерін де ерекше атап өтті. Оның айтуынша, «Банктер және банк қызметі туралы» заң нақты секторды несиелеуді қолдау мақсатында өзгереді. Цифрлық активтер мен цифрлық теңге туралы заң қабылданады. «Егер Қазақстан Президент айтқандай цифрлық теңгені кеңінен қолданысқа енгізіп, Мемлекеттік цифрлық активтер қорын құрса, мемлекет бюджет қаражатын мақсатты бағытта пайдалану құралына ие болады (мысалы, стипендия, жәрдемақы, әлеуметтік жеңілдіктер). Бұл ашықтықты күшейтіп, азаматтардың мемлекеттік бағдарламаларға сенімін арттырады және ең маңыздысы – цифрлық экономикаға инвестиция тартуға жол ашады», – деп түсіндірді спикер.Ол сондай-ақ Президент айқындаған «Заң және тәртіп» қағидаты мемлекеттіліктің мызғымас тірегі екенін атап өтті.Жолдаудағы тағы бір маңызды бағыт ретінде спикер цифрландыру мен жасанды интеллектті атады.«Президент жаңа технологиялар қоғам игілігіне қызмет етуі тиіс екенін ерекше айтты. Оның артықшылықтары көп: мысалы, мемлекеттік қызметтерді жеделдету, құжаттар мен өтініштерді жасанды интеллект арқылы жылдам өңдеу; алгоритмдер адами факторды жояды; ІІ әлеуметтік-экономикалық үдерістерді болжап отырады. Сонымен қатар, заманауи технологиялар елді бизнес үшін тартымды етеді.Цифрландыру және жасанды интеллектіні реттеу бағытымыз үздік әлемдік тәжірибелерге толық сәйкес келеді», — деді Әлия Оразбаева.Сөз соңында ол студенттердің болашақта осы реформаларды жүзеге асыратын мамандар екенін ерекше атап өтті.«Президент Жолдауы – Конституцияны, бюджет және салық нормаларын, жер қатынастарын өзгертетін, жаңа цифрлық стандарттар енгізетін реформалардың жол картасы. Бірақ реформа – бір реттік шара емес, ол үздіксіз үдеріс. Жаңа заңдар қоғамдағы нақты сұранысқа қарай жасалады. Олардың табысты болуы мемлекет, қоғам және жаңа буын мамандарының жауапкершілігіне байланысты. Біздің студенттеріміз – ертеңгі мамандар, болашақ реформаларды жүзеге асыратындар», – деп қорытындылады ол. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1079206?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу 14.10.2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 083,08 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 24 463,47 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 551,25 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 68,36 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 қыркүйекке МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,58%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,85%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,78%, ҚРҰБ депозиттері – 2,14%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,77%, МҚҰ - 1,20%.2025 жылғы 1 қыркүйектегі МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 57,33%, АҚШ долларымен – 42,67%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 277,10 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс - 139,12 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 456,19 млрд теңге, өзге кірістер - 5,16 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың тамызына дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,74 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 12,60%, инфляция мөлшері – 12,20%.2025 жылғы 1 қыркүйектегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 97,58%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,20%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,64% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 68,36 млрд теңгеден асады.01.09.2025ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,74 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 18,59%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 16,76%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 16,29%, РЕПО – 16,14%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,33%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,17%, МҚҰ – 5,90%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,82%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,77%. Атап кетейік, портфельдің 75,09% теңгемен, 23,47% - АҚШ долларымен, 1,43% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 10,94% болды."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.09.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,42 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 44,31%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 10,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,54%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,73%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,49%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,25%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,99%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 3,84%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 76,27%, АҚШ долларымен 23,73% тең.2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,59% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.09.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 7,67 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 25,92%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,53%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,71%, РЕПО – 12,33%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,61%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 74,12%, АҚШ долларымен 25,88%.2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,85% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.09.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,98 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 17,81%, ҚР ЕДБ облигациялары – 17,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,33%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 16,05%, РЕПО – 9,30%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,40%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 3,83%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,42% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 69,03%, АҚШ долларында – 30,97% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,14% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,55 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 23,31%, РЕПО – 16,96%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,78%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,52%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,59%, МҚҰ – 8,47%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,51%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,62%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,14%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,79%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,70%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,33%, АҚШ долларында – 40,67% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,25% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1079256?lang=kk
Қазыналы қариялар құрмет төрінде 14.10.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, ауданның еңбек ардагерлері, қазыналы қариялар, ақ жаулықты аналар мен тұрғындар қатысты.Аудан басшысы қарияларды мерекемен құттықтап, аға буын өкілдерінің ел дамуы жолындағы қажырлы еңбегі үлгі екенін атап өтті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халқымыз үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Осы құндылықтарды дәріптеп, бүгінге жеткізу арқылы қарияларымыз ұлт ретінде сақталуымыз үшін барын салған» деп қазыналы қарттарымыздың қоғамдағы рөлін айқындап берді. Бүгінде қарттарға, зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі.Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдуымен ардагерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл аймақта 1700-ге жуық ардагерге барлығы 322 млн. теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Елімізге, өңірімізге танымал меценат, жанашыр азаматтардың демеушілігімен ардагерлеріміз Мерке, Сарыағаш, Манкент, Жаңақорған шипажайларында кешенді сауықтыру қызметтерін алды. Өткен жылы өңірімізде жарияланған «Руханият жылы» аясында барлық аудандарда салынған «Руханият» орталықтарында ардагерлерге, ардақты аналарымызға, қоғамдық кеңестерге толық жабдықталған жұмыс кабинеттері берілді. Бұл – қарияларымызға көрсетілген үлкен құрмет. Бүгінде облысымызда Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, 103 жастағы батагөй ақсақал Яхия Тасыров атамыз ортамызда жүр. Бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт майдангерге әрқашан құрмет көрсетіле береді. Қарияларымыз «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық және облыстық кезеңдеріне қатысып, өнегелі әулет ретінде үлгі болуда. Биыл ауданнан қатысқан Әбсадықовтар отбасы облыстық кезеңнен жеңімпаз атанып, ұлттық байқаудың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.Сондай-ақ, Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған өнер байқауында «Ұлағат» әкелер ансаблі, «Алтын қазына» және елді мекендердегі әжелер ансамбльдері мерейімізді асырып, бірінші орынды жеңіп алдық. Осындай жетістіктеріңізбен Сіздер кейінгі толқынға жол көрсетіп, үлгі болудасыздар. Қарияларымызға үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Мерекелік іс-шарада облыстық және ауданның көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұнан соң қазыналы қариялар мерекелік дастарханда бас қосып, сый-құрметке бөленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1079259?lang=kk
Қазақстандықтарға 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге жетті 14.10.2025
Қазақстандықтарға 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге жетті 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша отандастарымызға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге жетті. БЖЗҚ-ның МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі 12,60% құрады, инфляция мөлшері – 12,20%. ЖМЗЖ-ның соңғы 12 айдағы кірістілігі 01.09.2025ж. – 7,64%.Қазақстандықтардың ағымдағы жылдың 8 айындағы таза инвестициялық кірісі – 1 270,99 млрд теңге. Оның ішінде 1 265,72 млрд теңгесі салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен табысқа тиесілі. Қазақстандықтардың шартты зейнетақы шоттарына (ШЗШ) есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен таза инвестициялық кіріс 5,26 млрд теңгені құрады.Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн. Ұзақ мерзімді кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік инфляциядан асып түседі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қыркүйекке өспелі қорытындымен жинақталған кірістілік 979,95% -ды көрсетті. Бүкіл кезеңдегі инфляция – 827,78%. Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар), сыртқы басқарудағы активтер бойынша сыйақы есебінен, сондай-ақ қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау есебінен қалыптастырылады. Зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылықты қамтамасыз ету үшін ҚРҰБ және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ) инвестициялық портфельді тұрақты түрде әртараптандырып отырады – активтерді нарықтық жағдайларға байланысты құрылымы үнемі түзетіліп отыратын әртүрлі қаржы құралдары мен валюталарға орналастырады.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпаратты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан да алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1090554?lang=kk
Қадірлі қарияларды мерекемен құттықтады 14.10.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен бірге қадірлі қариялардың үйлеріне барып, мерекемен арнайы құттықтады.Аудан басшысы ғибратты ғұмыр иелері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыровқа, еңбек ардагері Зайдағали Жүсіпбаевқа игі тілегін жеткізді. Ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтіп, «Құттықтау хат» және арнайы сый-құрмет көрсетті.Мерекеде көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген қазыналы қариялар елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ баталарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1079273?lang=kk
Мұғалімге алғыспен 14.10.2025
Жастар сарайында облыстыңбарлықөңірлерінен келген мың шақтыпедагог кәсіби мерекемен құттықтауларды ерекше толқыныспен қабыл алды.Мұғалімдерге,тәрбиешілерге,колледжоқытушылары мен шеберлеріне, арнайы және қосымша білім педагогтерінежылысөздерменшынайытілектер айтылды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мұғалім мамандығының маңыздылығын атап өтті. «Білім саласының дамуына мемлекет тарапынан айрықша мән берілуде. Соңғы үш жылда өңірімізде 23 білім беру объектісі салынды, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту үшін5,5 млрд теңге бөлінді. Жыл сайын мектептерімізде заманауи пән кабинеттері мен STEM-зертханалары ашылып, оқушылардың қабілетін дамытуға, ғылымға, оның ішінде жасанды интеллектке деген қызығушылығын арттыруға толық жағдай жасалуда», - деді ол.Мұғалім үшін ең қымбат сыйлық - оқушының жетістікке жеткені. Облыс қоржынында халықаралық зияткерлік жарыстарда иеленген9 жүлделі орын бар. Біздің оқушылар ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиадада 26 медаль жеңіп алып, үшінші командалық орынға ие болды.Жас зерттеушілеріміз де үздік нәтиже көрсетіп, ғылыми жобалар байқауында 16 жүлделі орын, ал халықаралық ғылыми жарыстарда 4 медаль жеңіп алды.Облыс әкімі педагогтерді Жұмысшы мамандықтары жылы аясында биылдан бастап алғаш рет 2 қазанда тойланатын Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күнімен құттықтады.Алғысқа толы жылы құттықтаулар педагогикалық еңбек ардагерлеріне де арналды, зал оларға орындарынан тұрып қошемет көрсетті.ҚұмарАқсақаловөзініңкәсібишеберлігіндеелеулінәтижелерге қол жеткізгеноблыспедагогтарынмарапаттады.15 педагог «Ы.Алтынсарин» төсбелгісіне,5 педагог «ҚРБілім беру ісінің құрметтіқызметкері»белгісіне ие болды,5педагогқа«Еңбекардагері» медальдарытабысталды.Тағы20педагогоблысәкімініңграмотасымен марапатталды.Облыс әкімі Қостанай қаласының № 17 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгүл Данкеноваға Ыбырай Алтынсарин төсбелгісін табыстады. «Мұғалім болу – қастерлі міндет. Еңбегімнің осылай жоғары бағалануы мені болашақта жаңа жеңістерге жетуге шабыттандырады», - деп қуанышымен бөлісті. - «Мен отбасыма, әріптестеріме және оқушыларыма алғысымды білдіремін, олар әрдайым маған алға қарай ұмтылуға, тоқтамауға күш береді», - деді марапат иесі.Жалпыоблыстамерекеқарсаңында 49 педагогмедальдарменжәнетөсбелгілерменмарапатталды,тағы194 педагогқа республикалық және облыстық деңгейдегіграмоталарменалғысхаттар табысталды.Облыстың үздік әртістері мен ұжымдарының мерекелік концерті көрермендерге қуанышты сәттер мен жағымды эмоциялар сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1079278?lang=kk
Қарттар күніне Ардагерлерге арналған танымдық экскурсия 14.10.2025
Қарттар мерекесі күні Курчатов қаласында ардагерлер үшін Ұлттық ядролық орталықтың экспозициялық залына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның бастамашысы – қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.К. Жумадилов болды. Ардагерлер Семей сынақ полигонының тарихын баяндайтын музей экспонаттарымен, сондай-ақ Қазақстандағы атом ғылымы мен бейбіт атомның дамуы туралы материалдармен қызығушылықпен танысты. Экспозиция қатысушыларға өткенді еске түсіріп, еліміздің ғылыми және қорғаныс әлеуетін нығайтуға қосқан үлесті жаңаша бағалауға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер тарихи жадымызды сақтауға септігін тигізіп қана қоймай, ардагерлерге қоғамның назарын, қамқорлығын сезінуге жағдай жасайды. Экскурсия мереке қарсаңында бірге уақыт өткізіп, естеліктерімен бөлісіп, туған қаланың маңызды тарихи кездеріне ортақ болуды сезінуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1079288?lang=kk
01 қазанда Қарабалық аудандық мәслихат аппаратының басшылығы өз ардагерлерді Әсем жастағы адамдар күнімен құттықтады. 14.10.2025
01 қазанда Қарабалық аудандық мәслихат аппаратының басшылығы өз ардагерлерді Әсем жастағы адамдар күнімен құттықтады.Сіздің өміріңіз жылулыққа, қамқорлық пен құрметке толы болсын. Сізге денсаулық, жан тыныштығы және жүрегіңізге қуаныш тілейміз. Тәжірибеңіз, мейірімділігіңіз және жас ұрпаққа берген даналығыңыз үшін рахмет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1079297?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 25,11 трлн теңгеден асты 14.10.2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 25,11 трлн теңгеден асты2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,11 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,22 трлн теңгеге немесе 20,2%-ға артты.2025 жылдың 1 қыркүйегінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 23,84 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 18,6%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 710,63 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,3%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім - 36,0% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша көлемі 9,21 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 552,11 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 104,98 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 18,2%-ға (немесе 324,17 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қыркүйегіне дейін 1 725,25 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 10,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 89,92 млрд теңге (өсім – 19,9%), ЕЗЖ – 1,65 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 8 айында ЖМЗЖ 288,15 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 8 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 157,29 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 56,4% немесе 417,31 млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 684,71 млрд теңге. Бұл ретте баламалы мақсаттарға төлемдер көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі еседен астам өсті. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 22,86% ұлғайып, 01.09.2025ж. 160,43 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 691 теңге. Жыл басынан бері 01.09.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 46,47 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 28,62 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,08 млрд теңге, жерлеуге – 7,19 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 227,79 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,88 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,22 млн бірлік немесе 7,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 12,63 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,23 млн - МЗЖ бойынша, 748,20 мыңы - МКЗЖ бойынша, 458,30 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,25 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1090559?lang=kk
ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Сингапур Республикасымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды 14.10.2025
2025 жылғы 26 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Сингапур Республикасының Көлік оқиғалары бойынша бюросы арасында Көлік оқиғалары мен инциденттерін тергеу мәселелеріндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Құжатқа ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза мен Сингапур Республикасы Көлік министрлігі Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік департаментінің аға директоры Бернард Лим мырза қол қойды.Меморандум әуе, теміржол мен теңіз көліктеріндегі оқиғалары мен инциденттерін тергеу мәселелері бойынша ынтымақтастықты, тәжірибе және ақпарат алмасуды, сондай-ақ персоналды даярлауды қарастырады.Қол қою рәсімі барысында Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасының делегация басшылары – ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және СР Көлік жөніндегі тұрақты хатшысы Лау Пит Менг мырза кездесіп, азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР-ның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілдігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1078976?lang=kk
Қазақстан Республикасы делегациясы ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясына қатысты 14.10.2025
2025 жылғы 23 қыркүйек – 3 қазан, Монреаль. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханымның басшылығымен Қазақстан Республикасының делегациясы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-ші сессиясына қатысты.Аталған іс-шараға ИКАО-ға мүше 193 мемлекеттің 3200-ден астам делегаты, ИКАО басшылығы, Канада Квебек провинциясының Көлік пен Халықаралық қатынастар және франкофония министрлері, Монреаль қаласы мэриясының басшылығы мен халықаралық азаматтық авиация саласының өкілдері қатысты.Ассамблеяны ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза мен ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза ашты. Өзінің құттықтау сөзінде С. Шаккитано мырза әлемдік авиация алдында тұрған жаһандық сын-қатерлерді атап өтіп, ортақ шешімдер қабылдаудың маңыздылығын ерекше айтты.«Біз бүгін авиацияның болашағын қалай қалыптастыратынымыз – осы саланың келешек ұрпақтарға қандай мүмкіндіктер ұсынатынын анықтайды. Бұл Ассамблея авиацияның XXI ғасырдағы даму бағытын айқындаған тарихи кезең болып есте қалсын. Осы екі аптадағы пікірталастар мен қарарлар алдағы онжылдықтарға авиацияның стратегиялық бағытын белгілейді», – деді С.Шаккитано.Ассамблея барысында авиацияның жаһандық тұрақты мобильділіктің негізі болып қала беруі, саланың қауіпсіздік, даму және қоршаған ортаны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтауы қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ авиацияны декарбонизациялау, инновациялық технологияларды енгізу және жаңа буын мамандарды даярлау мәселелеріне назар аударылды. Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер үшін азаматтық авиацияның дамуы ерекше маңызға ие екені көрсетілді.Аптаның басты оқиғаларының бірі – ИКАО-ның ең жоғары марапаты – Эдвард Уорнер (1947–1957 жж. ИКАО Кеңесінің бірінші Президенті) атындағы сыйлықтың Авиациялық апаттар құрбандарының отбасы федерациясына (ACVFFI) табысталуы болды. Бұдан бөлек, халықаралық авиацияда нөлдік өлім-жітімге жету жолындағы елеулі жетістіктері үшін 14 мемлекет марапатталды.Ассамблея аясында ИКАО Кеңесінің жаңа құрамы (36 мемлекет) сайланды. Сондай-ақ ұйымның үш жылдық бюджеті бекітіліп, өткен кезеңдегі техникалық, құқықтық, экономикалық пен қаржылық салалардағы жұмыс қорытындылары қаралды және 2028 жылға дейінгі стратегиялық міндеттер айқындалды.Сессия күн тәртібіне 39 мәселе енгізілді, олардың ішінде – әуе көлігінің экономикалық дамуы, ұшу қауіпсіздігі мен аэронавигация саласындағы бастамалар, рәсімдерді жеңілдету, ИКАО жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасын іске асыру, авиациялық қауіпсіздік саясатының негізгі өзгерістері, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын қысқарту (CORSIA), адами ресурстарды басқару және гендерлік теңдік, әлеуетті арттыру және инновациялар бар.ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы Қазақстан үшін ұлттық бастамаларды ілгерілетуге, екіжақты мен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ еліміздің азаматтық авиация саласында халықаралық стандарттар мен қағидаттарға бейілділігін растауға маңызды алаң болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1078980?lang=kk
"Айбалта-2025" оқу-жаттығуы: Қарулы күштердің бөлімшелері қорғаныс және шабуыл қимылдарын пысықтады 14.10.2025
"Айбалта-2025" жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында Қарулы күштердің бөлімшелері қорғаныс және шабуыл әрекеттерінде жоғары деңгейде дайындық танытып, тиімді қимылдар жасады. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — басшылық құрамының ұйымдастырушылық, командалық және үйлестіру дағдыларын жетілдіру болды.Қорғаныс сипатындағы тактикалық іс-қимылдар барысында терең және аймақтық қорғаныс жүйелерін ұйымдастыру, инженерлік кедергілерді орнату және резервтерді уақытында енгізу мәселелері пысықталды. Бөлімшелер мен маңызды нысандарды бүркемелеу кезінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің интеграциясы мен барлау бөлімшелерімен өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және жау әрекеттеріне жедел жауап беру үшін барлаудың тиімділігі арттырылды.Шабуыл эпизодтарында бөлімшелер белсенді маневрлер жасап, шайқаспен барлау жүргізіп, жау нысаналарын артиллерия және атыс жүйелері арқылы басып тастады. Бронды және мотоатқыштар топтары да қорғанысқа тартылып, майдандық және армиялық авиация тиімді қолданылды. Әскерлерді ауыстыру кезінде логистика мен атысты бүркемелеу мәселелері де жоғары деңгейде пысықталды.Штабтар мен алдыңғы қатарлы бөлімшелер арасындағы үйлестіру заманауи автоматтандырылған басқару және деректер алмасу жүйелері арқылы жүзеге асты. Бұл күштердің жедел қайта бөлінуіне, резервтердің уақытында енгізілуіне және жедел жағдайдың өзгерістеріне сәйкес жоспарларды түзетуге мүмкіндік берді. Барлау бөлімшелері жау туралы деректердің өзектілігін үнемі бақылап, қабылданған шешімдердің тиімділігін арттырды.Қарсылас әрекеттерінің тиімділігін төмендету және өз коммуникацияларын қорғау мақсатында электронды күрес құралдары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қолданылды. Инженерлік бөлімшелер шабуылға көшу кезінде кедергілерді жою және бағдарларды дайындау міндеттерін сәтті орындады. Артиллериялық есептоптар атыс рейдтерін дайындау және маневрлерді атыспен бүркемелеу жұмыстарын пысықтады.Оқу-жаттығу барысында медициналық бөлімшелердің іс-әрекеттері және "зардап шеккендерді" эвакуациялаудың жеделдігі бағаланды. Сондай-ақ, далалық жағдайда материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің үйлесімді әрекеттері тексерілді. Үздіксіз кері байланыс форматында командирлер мен штабтар тапсырмалардың нәтижелерін талдап, сәтті шешімдерді тіркеп, әлсіз тұстарды анықтады.Қорғаныс және шабуыл әрекеттерінің сценарийлерін іске асыру бөлімшелердің үйлесімділік, ұтқырлық және дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1078983?lang=kk
Қазан айының басында Қарттар күнін атап өту игі дәстүрге айналды. Бұл мереке – даналықтың, төзім мен өмірлік тәжірибенің мейрамы. Бұл күн бізге жанымызда ерекше құрметке, қамқорлық пен ілтипатқа лайық жандар бар екенін еске салады. 14.10.2025
1 қазан күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт өтті.Аудан әкімі Қайсар Мұржақұпов жиналғандарды құттықтап, ардагерлерге әскери және еңбек ерліктері үшін, елдің, ауданның, туған ауылдың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.Шын жүректен шыққан құттықтау сөзін аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Овчарова да арнады.Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары көрермендерге жарқын өнерін ұсынып, тамаша көңіл-күй сыйлады. Мереке атмосферасы үлкенге деген жылылыққа, құрмет пен алғысқа толы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1078984?lang=kk
TEDx Халықаралық форумы «Белсенді ұзақ өмір сүру 14.10.2025
2025 жылғы 30 қыркүйек – 1 қазан күндері Алматы қаласы мен Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір сүру: тәжірибе және даму келешегі» атты TEDx халықаралық форумы ұйымдастырылды. Іс-шара Қарттар күніне орайластырылып, елімізде 1 қазанда басталған айлық аясындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Форумды Алматы қаласы мен Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұйымдастырды.Форумға Қазақстаннан, Франциядан, Испаниядан, Ресейден, Словакиядан, Болгариядан, Әзербайжаннан, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан келген сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік қызметтердің, ғылыми және медициналық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Форумның негізгі мақсаты – халықаралық тәжірибе мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді ұзақ өмір сүру саясатын тиімді дамыту жолдарын айқындау.Форумның ерекшелігі – Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысы ардагерлер кеңесімен, аналар кеңесімен және отбасы қолдау орталықтарымен үйлестіріліп, кешенді тәсіл қалыптастыруында. Мұндай формат Қазақстанда алғаш рет жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен жүзеге асырылды.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қатысушыларының ғылыми, шығармашылық және қолданбалы еңбектерінің көрмесі өтті. Бағдарлама аясында Алматы қаласы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Ж. Жаубасовтың модераторлығымен пленарлық отырыс өтті. Оған қалалық мәслихат хатшысы М.Б. Отыншиев, депутаттар, «Аманат» партиясының әйелдер қанатының өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар онлайн және офлайн форматта қатысты.Қолөнер бұйымдары көрмесі, «Күміс университет» және «Агрокраудсорсинг» жобаларының тұсаукесері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, салауатты өмір салты, әлеуметтік тәжірибелер мен ұрпақаралық ынтымақтастық тақырыптарында пікірталас алаңдары мен нетворкинг-сессиялар өткізілді.Форум қатысушылары Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне және «Алтын адам» музейіне барып, сондай-ақ Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына арнайы экскурсия жасады. Мұнда қолданбалы өнер көрмелері, шеберлік сабақтары және флешмобтар ұйымдастырылды.Форумның екінші күні Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.М. Ахметованың модераторлығымен пленарлық отырыс жалғасты. Жиында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры А.А. Аймағамбетов, гериатр-профессор А. Ешманова, Ұлттық кооперативтер қауымдастығының президенті К. Шайха, сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылар, соның ішінде онлайн режимде Г. Колосова баяндама жасады. Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген мамандар Алматы қаласы мен облысының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысын жоғары бағалап, тәжірибесін өз елдерінде енгізудің маңыздылығын атап өтті.Форумның қорытындысында белсенді ұзақ өмір сүру саясатын дамытуға қатысты негізгі ұсынымдар қамтылған резолюция қабылданды. Сондай-ақ алғыс хаттар табысталып, естелік фотосессия ұйымдастырылды.TEDx «Белсенді ұзақ өмір сүру» халықаралық форумы қариялардың өмір сапасын жақсартуға және белсенді ұзақ өмір сүру мәдениетін дамытуға бағытталған тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1078991?lang=kk
Сотталғандарға арналған бизнес жүргізу курстары өткізілді 14.10.2025
Ақтөбе облысының прокуратурасы Кәсіпкерлер палатасымен және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін «Бизнес әліппесі» экспресс-курсын ұйымдастырды.Оқыту «Атамекен» ғимаратыныңның алаңында сертификатталған жаттықтырушының қатысуымен өтті.Курс бағдарламасы өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жеке кәсібін ашуды жоспарлаған азаматтарға арналған.Сабақтар барысында кәсіпкерлік психологиясы, бизнес-жоспарлау, маркетинг, персоналды басқару, салық салу және бухгалтерлік есептің негіздері сияқты негізгі тақырыптар қарастырылды.Бұл – сотталғандардың бостандыққа шыққанан кейін, қоғамға бейімделуге дайындауға, сондай-ақ пробация есебінде тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге және өз ісін ашуға көмек көрсетуге бағытталған кезекті бірлескен іс-шара.Курс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1079016?lang=kk
Жаңа стадиондағы Қазақстан Kубогының финалына дайындық пысықталды 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте футболдан Қазақстан Кубогының финалдық ойынын және 11 мың орындық жаңа стадионның ашылу салтанатын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Оған облыстық басқарма мен жауапты мекеме басшылары, Қазақстан футбол федерациясы кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр қатысты.Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.«Жаңа стадионның ашылу салтанаты кезінде электр энергиясын үздіксіз, тұрақты беру, төтенше жағдай туындаса, жедел әрекет ету үшін желілерді алдын ала тексеріп, резервтік қуат көздерін даярлау керек.Жедел жәрдем қызметінің кезекшілігі ұйымдастырылсын. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, патрульдік қызметті күшейту, көлік қозғалысын реттеу және жедел әрекет етуге әзірлік қолға алынсын.Жанкүйерлер арасында қоғамдық тәртіптің бұзылмауын қадағалау үшін шара өтетін маңдағы полиция қызметкерлерінің санын арттыру керек.Қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығы біз үшін өте маңызды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті стадион аумағын толық зерделеп, оқыс оқиға мен төтенше жағдайдың алдын алыңыздар. Өрт сөндіру техникалары сақадай сай тұруы тиіс.Сондай-ақ, финалдық ойын өтетін аумақта санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы керек. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындары мен сауда нүктелерінің тазалығы қатаң бақылауға алынсын»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1079057?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері ауыл жастарымен кездесті 14.10.2025
Қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы Ақмола облысы, Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында кездесу өткізді.Колледж базасында ұйымдастырылған іс-шараға оқу орнының студенттері, жергілікті мектептің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаевтың атынан жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери қызметтің беделін арттырудағы айтарлықтай үлесі үшін колледж ұстаздарына алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді.Кездесу барысында Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің аға офицері майор Рүстем Төлегенов еліміздегі әскери жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібін түсіндіріп, мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға ұсынылатын жеңілдіктер туралы баяндады.– Бұл кездесу «Біртұтас ел – біртұтас жер» әскери-патриоттық тәрбие бағдарламасының аясында ұйымдастырылып отыр. Біз осыған ұқсас іс-шараларды басқа да оқу орындарында өткіздік және бұл жұмыс жалғасын табады, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің аға офицері полковник Ғалымжан Жұмабаев.Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Әскери-тарихи мұражайы ұйымдастырған көшпелі көрмеге жастар ерекше қызығушылық танытты. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы архивтік фотосуреттер, құжаттар және жауынгерлердің жеке заттары қойылған. Сондай-ақ студенттер мен оқушылар үшін Құрмет қарауыл ротасы сап тәсілдерін көрсетіп, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы концерттік бағдарлама қойды.– Патриоттық тәрбие біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі болып табылады. Мұндай іс-шаралар жастардың бойында елдің болашағы мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады, – деді колледждің әскери дайындық пәнінің оқытушысы запастағы екінші сыныпты сержант Әділет Сүлейменов.Бірінші курс студенті Венера Зилаева да кездесуден алған әсерін жеткізді. Ол кәсіби әскери мамандармен кездесу өте пайдалы болғанына тоқталып, колледжді бітірген соң Қарағандыдағы ІІМ академиясына түсуді жоспарлап отырғанын айтты.Кездесудің ерекше сәттерінің бірі Жаңаесіл ауылының тумасы Нариман Нұрланұлының видеоқұттықтауы болды. Аягөз гарнизонында мерзімді әскери қызметін өтеген ол қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы Абылай Мырзахметов атындағы университетте грантпен оқиды. Ол осы арқылы әскери қызмет тек азаматтық борыш қана емес, сонымен қатар табысты болашақ құруға нақты мүмкіндік екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1079072?lang=kk