Қоғам
«Айбалта-2025»: тыл қызметі далалық жағдайда әскерді толық қамтамасыз етті 14.10.2025
Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы аясында материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің дайындығы тексерілді.Тыл қызметтері үйлесімді әрекет етіп, уақтылы далалық тамақтандыру пункттерін, медициналық бекеттер мен лагерьлерді орналастырып, әскерді сумен, азық-түлікпен, мүлікпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді жолға қойды. Әскери техниканың дайын күйде болуын қамтамасыз ету үшін жөндеу-қалпына келтіру бөлімшелері жұмыс істеді.Логистика мәселелеріне және қызметтер арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығудың нәтижелері материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері кез келген жағдайда жедел әрі тиімді әрекет етуге қабілетті екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1077308?lang=kk
Биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған 14.10.2025
Жалпы, соңғы 4 жылда 156 базар жаңғыртылды. Жол картасына сәйкес биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев хабарлады.«Қазіргі таңда осы 100 базардың 57-сінде құрылыс жұмыстарын толық аяқталған, ал қалғандарында жұмыстар жартылай орындалған немесе аяқталу кезеңінде», - деді спикер.Оның айтуынша, Сауда министрлігі 2029 жылға қарау заманауи сауда форматының үлесін 70%-ға жеткізуді көздеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлем жүйелерін енгізу, санитарлық нормаларды және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңнама талаптарына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған базарлардың иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1076953?lang=kk
Ескельды ауданында "Ашық есік күні" өтті 14.10.2025
Ескельды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты — қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру.Өткізілген "Ашық есік күні" салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытында дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1076960?lang=kk
Аймақ басшысы ел ағасы Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады. Жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, ардагерлер, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы еңбекті елеу, азаматқа лайықты құрмет көрсету, халық болып ризашылық таныту елдіктің белгісі екенін атап өтіп, мерейтой иесіне құттықтауын жеткізді.«Сыр өңірі – құт-береке дарыған, бабалар дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтастығы үзілмеген қасиетті мекен. Еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған еңбек адамдарынан кенде емес. Туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарған жандардың ерен еңбегі, қалтқысыз адал қызметі бізге қашанда үлгі.Биыл ел ағасы, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекпанов Оразғали Достанұлы 85 жасқа толды. Ол еңбек жолын 1959 жылы вагон депосында қарапайым слесарь болып бастаған. Теміржол училищесінде шебер, директордың орынбасары, директоры, Жаңақазалы поселкелік кеңес атқару комитетінің төрағасы, Әйтеке би кентінің әкімі лауазымдарында болды. Кент әкімі кезінде аудан орталығының әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты.Оразғали Достанұлы зейнетке шықса да, қоғамдық өмірге белсене араласып, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде елді бірлікке үндеп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие көрсетіп келеді.Сыр жұртшылығы аймақтың дамуына үлес қосқан, елдің ыстық ықыласына бөленген өздеріңіздей жерлестерімен мақтанады. Тілеулес азаматтардың атынан мерейтойыңызбен шын жүректен тағы да құттықтаймыз! Жастарға жол көрсетіп, әрқашан игі істердің басында жүргейсіз. Мерейлі сәтте Өзіңізге мықты денсаулық, жақындарыңызға амандық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін,» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Әлімбай Қасқырбай құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1077000?lang=kk
Қазақстан алғашқы Alem Crypto Fund цифрлық валюта қорын іске қосты 14.10.2025
Қазақстанда Alem Crypto Fund криптоқоры жұмысын бастады. Қор Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен құрылып, Qazaqstan Venture Group басқаруына берілді және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) экожүйесінде тіркелді.Қордың басты мақсаты - цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция салып, қаржы резервін қалыптастыру. Болашақта Alem Crypto Fund мемлекеттік жинақтарды басқаруға арналған құралға айналып, еліміздің қаржылық болашағын тиімді басқару мүмкіндігін кеңейте алады.«Alem Crypto Fund қорының құрылуы - Қазақстандағы цифрлық қаржы саласын дамыту жолындағы маңызды қадам. Біздің мақсатымыз - оны ірі инвесторлар үшін сенімді құралға және мемлекеттік цифрлық резервтердің негізіне айналдыру», - деп атап өтті премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.Қордың стратегиялық серіктесі - Binance Kazakhstan. Ол әлемдегі цифрлық актив экожүйесі саласындағы ірі ойыншы, Binance-тың құрылымына кіретін, жергілікті лицензияланған компания.Дәл осы Binance Kazakhstan-мен серіктестікте Alem Crypto Fund өзінің алғашқы инвестициясын жүзеге асырып, BNB токенін сатып алды. BNB - бұл BNB Chain желісінің негізгі токені. Ол транзакция жүргізу, комиссия төлеу және желіні басқаруға қатысу үшін қолданылады.Бүгінде BNB-дің нарықтық капитализациясы 138 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл оны әлемдік нарықтағы ең тұрақты әрі ықпалды цифрлық активтердің біріне айналдырып отыр.«Binance Kazakhstan компаниясының Alem Crypto Fund қорының стратегиялық серіктесі болғанына қуаныштымыз. Қордың алғашқы цифрлық актив ретінде BNB-ді таңдауы Binance экожүйесіне деген сенімді білдіреді және Қазақстанда криптовалюталардың институционалдық деңгейде мойындалуына жол ашады. Бұл - цифрлық активтер нарығын ашық әрі қауіпсіз ету жолындағы маңызды қадам, мұнда мемлекеттік бастамалар мен жаһандық технологиялар ұлттық экономиканың игілігі үшін бірлесіп жұмыс істейді», - деді Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері Нұрхат Күшімов.Анықтамалық ақпаратBinance туралыBinance - әлемдегі жетекші криптовалюта инфрақұрылымын жеткізуші. Оның құрамына цифрлық активтермен сауда жасау көлемі бойынша ең ірі биржаны қоса алғанда, кең ауқымды қаржылық өнімдер кіреді.Binance платформасына әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам сенім артады. Платформа пайдаланушылардың қаржылық еркіндігін кеңейтуге бағытталған және сауда, қаржы, білім беру, зерттеу, қайырымдылық, инвестиция, инкубация секілді салаларды қамтитын теңдессіз криптовалюта өнімдері мен қызметтерін ұсынады.Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://www.binance.comBinance Kazakhstan туралыBinance Kazakhstan - Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қаржылық реттеушісі – Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) тарапынан лицензияланған компания. Компания цифрлық активпен сауда жүргізу платформасы, кастодиандық қызмет көрсету және инвестициямен жұмыс істеу құқығына ие (ағылшынша атауы: Operating Digital Asset Trading Facility, Providing Custody and Dealing in Investments as Principal).Лицензияның мәртебесі мен оның қолданылу мерзімін AFSA ресми сайтынан тексеруге болады: www.afsa.kz BNB туралыBNB - бұл BNB Chain орталықтандырылмаған желісінің нативті токені. Ол транзакцияларды төлеу, комиссияларды жабу және желіні басқаруға қатысу үшін қолданылады.2025 жылдың жазында BNB токенінің нарықтық капитализациясы 138 миллиард АҚШ доллардан асып, оны тек криптовалюта көшбасшысы ғана емес, өсіп келе жатқан жаһандық цифрлық капитал нарығындағы маңызды ойыншы ретінде көрсетті.Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://www.binance.com/ru-KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1077013?lang=kk
Global Digital Trade Expo 14.10.2025
Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өткен 4‑ші Дүниежүзілік цифрлық сауда көрмесімен (Global Digital Trade Expo, GDTE) таныстым.Аталған көрмеде цифрлық сауда, жасанды интеллект, смарт технологиялар және халықаралық электрондық коммерция салаларындағы соңғы жетістіктерді ұсынды.Көрме аясында жетекші технологиялық компаниялар – соның ішінде Hikvision, Dahua Technology, Alibaba Group, Huawei сынды ірі өндірушілер өздерінің заманауи шешімдерін, цифрлық платформаларын және Smart City экожүйесіне арналған инновацияларын таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1077017?lang=kk
2025 жылғы 29 қыркүйек күні Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті 14.10.2025
Отырысқа қоғамдық кеңестін мүшелерімен бірге Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Сыдыкова Жанар Данелханқызы, Үлкен Нарын ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Абенов Қанат Есимбекович, «Катонқарағай-Вет» кәсіпорнының басшысының орынбасары Байгереев Рақымғали Қалаубаевич, Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Тулукпаев Марат Нурбаевич, Үлкен Нарын ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Канафина Айнагүл Болатбекқызы, Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің орынбасары Айдарбаева Тамара Тлеугазиновна қатысты. Отырысты Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ережепов Бердібек Кийсинович ашып өткізді. Отырыста төмендегі мәселелер қаралды:1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есептер тыңдау.2. Аудан мектептерінде ыстық тамақпен қамтамасыз етуді қадағалау.3. Аудан орталығындағы иесіз қалған бұралқы иттерді залалсыздандыру және оларды аулап ұстау жұмыстары туралы.4. Аудандық полиция бөлімінің аудандағы қоғамдық тәртіппен қылмысқа қарсы күресті нығайтудағы жұмысы туралы.5. Үлкен Нарын ауданының елді мекендерін көркейту,көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу туралы» Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі №108 қаулысының орындалуы туралы.Барлық қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1077038?lang=kk
Шетелдік журналистерге арналған «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 10-шы мерейтойлық халықаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде өткізетін шетелдік журналистерге арналған 10-шы мерейтойлық «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының жеңімпаздарын анықтады.Конкурстық жұмыстарды қарау нәтижесінде қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды таңдады:Цифрландыру – Мұхаммед Әли Паша (Пәкістан) – «Role of Astana Hub and Digital Transformation of Kazakhstan»;Экономика – Дерья Сойсал (Бельгия) – «Kazakhstan’s rise a global crypto hub»;Қазақ халқының мәдениеті, тарихы, дәстүрлері – Ақпанбетова Арухан (Өзбекстан) – «Абай мұрасы»;Спорт – Мэтт Фицджеральд (АҚШ) – «Kazakhstan’s journey into the world of tennis: How a nation designed its growth in a global game»;Туризм – Мкртчян Марианна (Армения) – «Национальный парк Бурабай – Созерцание прекрасного в гармонии с собой».Әлемнің 30-дан астам елінен 100-ден астам БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысқан іс-шара Қазақстан туралы шынайы және объективті ақпаратты шетелдік көпшілікке шығармашылық тұрғыда жеткізуге үлес қосқан шетелдік журналистердің еңбегін атап өтуге мүмкіндік беретін алаң ретінде белгілі.2014 жылдан бастап қазылар алқасы жыл сайын мәтіндік және бейне материалдарды іріктеп, әртүрлі номинациялар бойынша жүлделер беру үрдісін жалғастыруда. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік басылымдар мен медиа өкілдері өз жұмыстарын әртүрлі форматта: танымал интернет-платформаларды, блогтарды, подкасттарды қоса алғанда, баспа және онлайн басылымдардан бастап телеарналардағы бағдарламалар сияқты дәстүрлі хабар тарату тармақтарына дейін көрсетеді. Басылымдар мен материалдардың тақырыбы тарихтан, мәдениеттен, білім беруден, туризм мен ұлттық тағамдардан бастап халықаралық қатынастарға, Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне дейін әртүрлі болып келеді.Мәдени өзара іс-қимылды тереңдету және елмен жақынырақ танысу мақсатында номинациялар бойынша жеңімпаздар Қазақстанға саяхатпен марапатталады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және Түркістан облысына сапарлары барысында жеңімпаздар еліміздің бай мәдени-тарихи мұрасымен танысатын болады. Бағдарлама аясында байқау лауреаттары көшпенділер өркениетінің рухын дәріптеу мүмкіндігіне ие болып, мемлекеттік сектор өкілдерімен, қазақстандық сарапшылар мен журналистер, сондай-ақ еліміздегі ғылым және мәдениет қайраткерлерімен эксклюзивті сұхбат алатын болады.«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Отандастар қоры» КЕАҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), «Astana Hub», «Verny Capital» ЖШС биылғы жылғы байқаудың серіктестері болды. Серіктестер құрамының мұндай кең ауқымы өткізілетін іс-шараның маңыздылығын тағы бір мәрте растайды.Жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы еліміздің дамуының өзекті үрдістеріне шетелдіктер қызығушылығын белсенді ынталандырудың құрамдас бөліктерінің бірі және бай табиғи және мәдени мұраны насихаттауға, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік инвесторлар мен туристер үшін өңірдің әлеуеті мен тартымдылығын ашуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1077066?lang=kk
Жол жөндеу жұмыстарының қарқыны: 95%-дан астамы аяқталды 14.10.2025
Бүгін әкімдік өкілдері мердігер ұйымдармен бірлесіп, жол жұмыстарының қарқыны мен сапасын тексеру үшін қала көшелеріне көшпелі тексеру жүргізді.2025 жылы қалада жалпы ұзындығы 45 шақырым болатын 90 жол учаскесі жаңартылуда. Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстардың 95% - дан астамы орындалды.Гоголь мен Рабочая көшелерінің арасындағы учаскеде Сьянова көшесін қайта құру толығымен аяқталды-екі жылға есептелген жоба."Жаңа қала" ауданында Фролов көшесіндегі жұмыстар аяқталды: жүріс бөлігі 7-ден 14 метрге дейін кеңейтілді, екіжақты қозғалыс ұйымдастырылды, көше жарығы орнатылды және 48 тұрақ орны жабдықталды.Наримановская көшесінде Абай мен Алтынсарин арасындағы учаскені қайта жаңарту келесі жылы жобалау-сметалық құжаттама түзетілгеннен кейін басталады. Мұнда Жол 7-ден 10,5 метрге дейін кеңейтіледі, инженерлік желілер жаңартылады, жарықтандыру орнатылады және 66 тұрақ орны жабдықталады.Жұмыстар Әл-Фараби даңғылы мен Гоголь көшесінде жалғасуда: мердігерлер жаңа жабын төсеп, жиектер мен тротуарлар орнатуда. Жұмысты 5 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1077109?lang=kk
Ар-Риядта тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды 14.10.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Ajlan & Bros Mining & Metals» компаниясының Бас атқарушы директоры Фахд Әл-Энезимен келіссөздер өткізді.Сұхбат барысында тараптар тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастықтың дамыту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды.Фахд Әл-Энези Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, тұрақты экономикалық саясатын және қолайлы бизнес-климатын жоғары бағалап, қазақстандық компаниялармен әріптестік орнатуға мүдделілігін білдірді.Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту үшін қажетті қолдау көрсетуге және қолайлы жағдай жасауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1077112?lang=kk
Қармақшы - үлгілі ауылдар мекені 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Қармақшы ауданы да жақсы нәтижеге қол жеткізді.Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқаудың «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша ІІІ-орынды Қармақшы ауданының Ақжар ауылы жеңіп алып, арнайы марапатқа ие болды.Сонымен қатар, ауылдардың абаттандыру жобаларын қолдау мақсатында Қуаңдария ауылына 15 млн теңге көлеміндегі сертификат табысталды.Бұл марапаттар — Қармақшы топырағындағы жүйелі жұмыс пен ауыл тұрғындарының бірлігінің жемісі. Әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бұл қолдау алдағы уақытта да тұрғындардың өмір сапасын арттыруға серпін беретіні анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1076752?lang=kk
Қарағандыда мемлекеттік қаржы саласының цифрлы трансформациясы жөнінде талқыланды 14.10.2025
ҚР Қаржы министрлігі өкілдерінің халықпен кездесулері мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ашық диалог қаржы саясатындағы аспектілерді, оның ішінде салық заңнамасы мен бюджет бағдарламаларындағы өзгерістерді түсіндірумен қатар кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл азаматтар мен бизнестің өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін анықтауға көмектеседі.Айталық, Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Қарағанды облысының кәсіпкерлері және тұрғындарымен кездесті. Аталған кездесу ашық диалог форматында өтіп, онда салық саясатындағы өзекті мәселелер, бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер мен өңірдегі халықтың алдында тұрған проблемалар талқыланды.Әсет Нұрланұлы айтқандай, Қарағанды облысы бойынша 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 97,6% орындалды. Сондай-ақ Қаржы министрінің орынбасары биылғы бірінші жартыжылдықта өңірдің 67,6 мың тұрғыны көлік пен мүлікке қатысты салық жеңілдіктерін пайдаланып, сол арқылы салықтан босатылған соманың мөлшері 741,5 млн теңгеден асқанын жеткізді.Сонымен қоса кездесуде мемлекеттік қаржы жүйесінің цифрлы трансформациясына ерекше назар аударылды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің алдына экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды.Қазір министрлік ЖИ элементтерін қолдана отырып, цифрлы шешімдерді белсенді түрде енгізуді қолға алды. Бұл қажетті процестерді автоматтандыруға, бюрократияны азайтуға және салық органдарымен өзара байланыс кезінде адами факторды тежеуге мүмкіндік береді.Бұдан бөлек вице-министр ведомствоның цифрлы жобаларын, оның ішінде «СӘИЖ», SDF ақпарат жүйесін, Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинетін, сондай-ақ e-Salyq Azamat және e-salyq Business мобильді қосымшаларын таныстырды. Аталған өнімдері салық рәсімдерін жеңілдетуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және ашықтықты арттыруға бағытталған.Мұндай жобалар «Цифрлық мемлекет» қағидаттарына сәйкес келетін заманауи, клиентке бағдарланған әкімшілендіру жүйесін қалыптастыруға септеседі.Кездесу соңында вице-министр қарағандылықтардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1076780?lang=kk
Мемлекеттік сатып алу туралы заңның нәтижелері 14.10.2025
Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң күшіне енген болатын. Оның нәтижесінде айтарлықтай көрсеткіштер байқала бастады. Мәселен, рәсімдердің мерзімін азайту арқылы 8,4 трлн теңге сомасына келісімшарттар жасалды. Бұл жүйенің тиімділігі мен тиісті процестердің ашықтықтығы артқанын көрсетіп отыр.Айталық, отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылған. 2025 жылы ОТӨ-мен жалпы сомасы 381 млрд теңгеге 127 159 келісімшарт жасалды. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда көлемі жағынан 33% және қаражат бойынша 120% көп. Бұған қоса шағымдарды қарау тәртібі толығымен қайта қаралды. Енді оларды сатыпалымды ұйымдастырған тұлғаны өзі қарайды. Сотқа жүгінген жағдайда тиісті процесс тоқтатылмайтынын айта кетейік. Бұл амал шағымдарды 25% азайтуға мүмкіндік берді.Конкурстарды (аукциондарды) өткізу 10 күнтізбелік күнге дейін азайтылды. Рейтингті-балдық жүйенің көмегімен ұйымдастырылатын байқау 5 жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның қатысуынсыз автоматты түрде өтеді. Сондай-ақ кез келген жобаны іске асыруда мердігердің толық жауапкершілігін қарастыратын «кілтпен тапсыру» келісімшарт тетігі енгізілді. Бұл тиімділік пен орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға септігін тигізеді деп көзделген. Қосымша жекелеген компаниялардың монополиясының алдын алуға және мердігерлердің жауапкершілігін күшейтетін теріс мәндер сипатындағы бағадан тыс критерийлер енгізілді.Өңірлердегі бизнесті қолдау үшін құрылыс компанияларына бонустық ұпай беріледі (2%), ал қосалқы мердігерлік жұмыстардың үлесі 50% 30% - дейін төмендеді. Сол секілді байқаудағы баға ұсынысына әсер ететін өлшем ретінде конкурста ескерілетін жылына 3 нысаннан (жұмыс тәжірибесінен) аспайтын лимит белгіленді. Аталған әдіс саладағы тәртіпті күшейтіп, сатыпалымды біркелкі бөлуге әсер етеді.Бұдан бөлек заңда төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті сатыпалым тетігі қарастырылған. Ал ашықтықты арттыру бойынша азаматтарды тарту арқылы қоғамдық мониторинг жүйесі жолға қойылды. «Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында қолданыстағы барлық сатыпалым алаңын біріктірген (goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, mitwork.kz) Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай платформасын құру осы бағыттағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1080924?lang=kk
Қырғызстанда READY4TRADE Орталық Азия — сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі өңірлік техникалық диалог өтті 14.10.2025
Қырғызстанда READY4TRADE Орталық Азия — сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі өңірлік техникалық диалог өттіОның мақсаты Орталық Азияда шығу тегі жөніндегі электрондық сертификаттарды трансшекаралық тануды қамтамасыз ету болды.Іс-шара Еуропалық Одақтың қолдауымен, Халықаралық сауда орталығы (ITC) жүзеге асырып отырған Ready4Trade Central Asia жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба өңірдегі сауда және көлік байланыстарын нығайтуға, соның ішінде Транскаспий көлік дәлізіне басымдық беруге бағытталған.Талқылау қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымын арттыру мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық құқық аясында нормативтік шешімдер қабылдау, техникалық базаны келісу және қамтамасыз ету, сондай-ақ институционалдық және рәсімдік мәселелерді шешу қажеттігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1076791?lang=kk
Халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіріп, поляризациядан әріптестікке қалай өтуге болады? Астана диалогқа шақырады 14.10.2025
Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбасшыларын, саясаткерлерді, жетекші «ақыл-ой орталықтардың» басшыларын Astana Think Tank Forum 2025 аясында біріктіреді. Форум 2025 жылғы 15–16 қазанда Қазақстан елордасында өтеді.Бұл Астана халықаралық форумы (AIF) аясында өткізіліп отырған және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ұйымдастыратын сараптамалық орталықтардың екінші форумы. Өткен жылы ауқымды шараға 22 елден 45 сарапшы қатысты. Осы уақыт ішінде Astana Think Tank Forum халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаудың беделді жаһандық сараптамалық алаңына айналды.Тоғыз сессия аясында тиянақты талқылау үшін жетекші державалардың бәсекелестігі жағдайындағы көпжақты ынтымақтастықтың келешегі, қауіпсіздік архитектурасының трансформациясы және ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелері, жаңа геосаяси жағдайда Орталық Азияның орны және Ауғанстан факторы, жаһандық нарықтардың фрагментациясы кезеңіндегі инвестициялар, Еуразиядағы сауда-көлік дәліздерінің дамуы, жасанды интеллект және оған қатысты этикалық мәселелер, климаттың өзгеруі мен су ресурстарына қатысты проблемалардың демографиялық үдерістер мен көші-қонға ықпалы секілді маңызды тақырыптар алынды.Astana Think Tank Forum зерттеушілер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, үкіметтер мен іскер топтар арасында ашық және сындарлы диалогты дамытуға бағытталған. Форум міндеттеріне әлемде тұрақтылық пен сенімнің артуына ықпал ететін инклюзивті және ұзақ мерзімді ынтымақтастық форматтарын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қатынастардағы әріптестікті дамытуға үлес қосатын жауапты және белсенді «орта держава» ретіндегі позициясын нығайту кіреді.Форум туралы ақпаратты AIF – astanainternationalforum.org сайтынан табасыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1082511?lang=kk
Гамбург қ. Бас консулдығы консулдық қызметтерді көрсетуді бастады 14.10.2025
Құрметті ханымдар мен мырзалар!Қазақстан Республикасының Гамбург қаласындағы Бас консулдығы консулдық қызметтерді көрсетуді бастады.Консулдық округқа Гамбург және Бремен қалалары, сондай-ақ Төменгі Саксония мен Шлезвиг-Гольштейн федералдық жерлері кіреді. Қабылдауға жазылу үшін:Телефон: 040/30376483 (азаматтарға кеңес беру – жұмыс күндері сағат 14:30-дан 17:00-ге дейін, сәрсенбіден басқа күндері)Электрондық пошта: konsul-hamburg@mfa.kz (қабылдауға жазылғанда тұрғылықты қала мен ұялы телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз). Қабылдау уақыты:Дүйсенбі – Жұма:09:30 – 12:30 (құжаттарды қабылдау)16:00 – 17:00 (дайын құжаттарды беру). Сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Германия Федеративтік Республикасының ресми мерекелерінде Бас консулдық жабық. Мекенжайы:Қазақстан Республикасының Бас консулдығыbei Schuldts Stift 320355 HamburgАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1076817?lang=kk
Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың міндетіміз 14.10.2025
Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін фактор.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген,.ПараҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде парамен байланысты қылмыстардың екі түрі қарастырылған:пара алу (366-бап);пара беру (367-бап).Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптарында көзделген әрекеттер сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен байланысты.Пара алу - ең қауіпті заңсыздықтың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы жасаса немесе қорқытып алумен қатар жүрсе.Пара беру - бұл лауазымды тұлғаны заңды немесе заңсыз әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға немесе берушінің пайдасына қандай-да бір артықшылықтар беруге немесе алуға, оның ішінде жалпы қамқорлығыПара тек қана ақша емес екенін түсіну керек. Оған бағалы қағаздар, басқа мүлік, мүліктік құқық немесе мүліктік пайда, қызмет көрсету (мейрамханалардағы банкеттерге ақы төлеу, туристік сапарлар, көлік құралдарын ұсыну және т.б.) пара берушінің пайдасына әрекет немесе әрекетсіздік үшін ұсынылуы мүмкін.Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде анықталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1201001?lang=kk
Салық реформасы: Кербұлақ ауданындағы көшпелі семинар 14.10.2025
Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық науқан аясында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындары үшін көшпелі семинар өткізді.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі елдің салық жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған. Негізгі мақсат — тек нормаларды өзгертіп қана қоймай, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарына негізделген салық төлеушілердің жаңа менталитетін қалыптастыру.Жаңа Кодекс мыналарға бағытталған:Әкімшілік жүктемені азайту және әсіресе өңір үшін негізгі салаларда — ауыл шаруашылығында, туризмде және кәсіпкерлікте — бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.Медицина және білім беру сияқты әлеуметтік маңызы бар салалар үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) төмендетілген мөлшерлемелерін енгізу облыстың әлеуметтік саласына тікелей қолдау көрсетеді. Бұл ретте, жеке табыс салығының (ЖТС) үдемелі шкаласы және сән-салтанат заттарына салынатын салық табысты әділ бөлуге мүмкіндік береді.ҚҚС-ты арттыру және арнайы салық режимдерінің санын қысқарту жосықсыз кәсіпорындарды көлеңкелі экономикадан шығаруға және нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайлар жасауға көмектеседі.Өзгерістермен уақтылы танысу және жаңа ережелерге дайындық — жаңа экономикалық жағдайларға табысты бейімделудің кепілі.Ақпараттық науқан аясында келесі семинар 30 қыркүйекте Панфилов ауданында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1076875?lang=kk
Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданының әкімі болып сайланды 14.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазалы ауданында кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Оған жауапты сала, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы бұрын аудан әкімі қызметінде болған Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлына алғыс білдіріп, жаңа қызметке сайланған Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлына сәттілік тіледі.«Бұған дейін Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарған Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Президент Әкімшілігінің келісімі негізінде облыс әкімінің орынбасары ретінде қызметін жалғастыруда.Мейрамбек Зинабдинұлы Қазалы ауданында 2 жылға жуық қызмет жасап, ауданның дамуына сүбелі үлес қосты.Сайлау жүйесін демократияландыру – Президент реформаларының негізгі міндеттерінің бірі. Өңірімізде аудан әкімдерін сайлау 2023 жылы пилоттық негізде өткізіліп, Шиелі мен Сырдария аудандарының әкімдері сайланды.Күні кеше өткен саяси науқанда Қазалы ауданының тұрғындары жоғары белсенділік танытты. Бекем бірлік пен тату тірліктің үлгісін көрсетіп, ауданның жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасады.Алмасбек Әбілқасымұлы - басшылық қызметтегі ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқаратын әлеуеті жоғары кадр.Президентіміздің, Үкіметтің алдымызға қойған міндеттері мен тапсырмаларын сапалы орындап, Өздеріңізбен бірге Қазалы ауданын одан әрі дамытуға, көркейтуге аянбай жұмыс жасайды деп сенеміз. Жаңадан сайланған аудан әкіміне Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының реформалары мен бастамаларын жүзеге асыру бойынша нақты әрі жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырамын.Аудан халқы үгіт-насихат кезеңіндегі Сіздің уәделеріңізге сеніп, қолдап дауыс берді. Сол себепті сайлауалды бағдарламаңызда көрсетілген әрбір мәселенің оңтайлы, мерзімінде шешілуін қамтамасыз етіңіз. Біз, аудан халқы әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз.Алдыңызда дамудың барлық макроэкономикалық көрсеткіші бойынша оң параметрлерге қол жеткізу міндеті тұр. Ауданға инвестиция тарту, салық базасын ұлғайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу мен кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты жұмыс жүргізу қажет.Президентіміздің инвестиция тарту тапсырмасын орындау үшін инвесторлармен тиісті бағытты айқындау керек. Аудан әкімінің жұмысы инвестиция тарту индикаторының орындалуымен бағаланады. Қазіргі жағдайда бюджеттің әрбір тиыны маңызды.Бұған дейін де басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған қызметкер ретінде аудандағы ресурстарды барынша қолданып, бюджет қаражатын толық әрі мерзімінде игеріп, жобалардың сапалы жүзеге асуын қамтамасыз етіңіз.Құқық қорғау органдарының басшыларына аудан әкімімен бірлесіп, жұмыс жасауды қатаң тапсырамын!», - деді Н.Нәлібаев. Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы 1982 жылы дүниеге келген. Қызылорда гуманитарлық университетінде экономист, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінде заңгер мамандықтары бойынша білім алған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленген.Әр жылдары Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының, қалалық бірнеше бөлімнің басшысы, облыс әкімі аппаратында бөлім басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарында нәтижелі қызмет етті. 2024 жылдың шілде айынан бастап «АМАНАТ» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарып келді.Айта кетейік, 28 қыркүйекте өткен Қазалы ауданы әкімі сайлауының қорытындысын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов жариялап, жаңадан сайланған аудан әкіміне куәлігін табыстады. Актив отырысынан соң, аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдары, алдағы жоспарлар туралы ой бөлісті. Қазалылықтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1076888?lang=kk
«Altai Invest – 2025»: Шығыс Қазақстан инвестициялар үшін жаңа көкжиектерді ашады 14.10.2025
ШҚО-да «Altai Invest – 2025» халықаралық инвестициялық форумының салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды алаң мемлекеттік құрылымдардың, бизнес-қоғамдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.Қатысушыларға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйледі. Ол форумның инвестиция тартудың маңызды орталығына айналып, өңірдің экономикалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірлердің алдына нақты міндеттер қояды: экономиканы әртараптандыру, экспортты дамыту және инвестиция тарту. Бұл – стратегиялық бағдар. Нәтижелердің өзі айқын: өңір алаңында жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Форумнан біз жаңа идеялар мен ұсыныстарды күтеміз, олар болашақта өңірді ілгерілету стратегиясын қалыптастыруға көмектеседі. Шығыс Қазақстан біздің командамыздың бір бөлігі болуға шақырады, — деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Шығыс Қазақстанның елдің инвестициялық тартымдылығын қалыптастыруда стратегиялық рөл атқаратынын атап өтті. Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин өз сөзінде екі ел арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға дайын екенін білдірді.- Біздің әріптестігіміз достық, тату көршілік, өзара көмек қағидаттарына негізделген және теңдік пен бір-бірінің мүдделерін құрметтеу секілді мызғымас қағидаттарға сүйенеді. Әрине, барлық бірлескен жобалар ортақ күшпен ілгерілейтін болады, — деді Андрей Яцкин.Форум бағдарламасы өзекті мәселелер бойынша В2В-кездесулерді, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы инвестициялық жобалар көрмесін, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерге қол қоюды қамтиды.«Altai Invest – 2025» форумының басты мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру. Негізгі назар – бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін талқылауға, экономиканың негізгі секторларында жаңа өсу нүктелерін құруға және өңірді халықаралық аренада сенімді әрі тартымды серіктес ретінде ілгерілетуге аударылады.Форум «Altai Invest – 2025» өз жұмысын пленарлық отырыстар, панельдік пікірталастар және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм мен инновациялық технологияларды қамтитын инвестициялық жобалардың презентациялары форматында жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1076924?lang=kk