Enbekshi QazaQ

Қоғам

Парламент Мәжілісі Конституциялық Соттың Жолдауын іске асыру үшін әзірленген заң жобаларын жұмысқа алды 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Парламент Мәжілісі жалпы отырыста 2024 жылғы Конституциялық Соттың еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауын іске асыру шеңберінде депутаттар бастамашылық еткен бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады.Конституциялық Сот жолдауында заңды немесе өзге де құқықтық актіні не олардың жекелеген ережелерін Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп тану туралы нормативтік қаулы қабылданған жағдайда сот актілерін қайта қарау негіздерін нақтылау қажеттігін атап өтті.«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның 63-бабы 4-тармағында Конституциялық Сот осындай шешім қабылдаған жағдайда оны қолдану кезінде өзгеше түсіндіру болмайды, ал оның салдары конституциялық емес деп шешім қабылдау кезіндегі жағдаймен бірдей болады деп айқындалған.Заң жобалары Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске Конституциялық Соттың нормативтік қаулысының осы түрін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау үшін негіздер тізбесіне қосу бөлігінде толықтырулар енгізуді көздейді.Заң жобаларын қабылдау құқық үстемдігін, конституциялық бақылаудың тиімділігін нығайтуға, заңнаманы жетілдіруге және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпал ететін болады.Анықтама: Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңдардың жобаларын жұмысқа қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1074074?lang=kk
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакынов Хархорум қаласының әкімі Б.Бат-Эрдэнэмен келіссөздер жүргізді 14.10.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 22 қыркүйекте – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакынов Хархорум қаласына жұмыс сапары аясында, қала әкімшілігінің басшысы Б.Бат-Эрдэнэмен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.Елші қазақстандық тараптың астана көшіру тәжірибесімен, «ақылды қалаларды» басқару және дамыту, цифрландыру мен IT-технологияларды енгізу арқылы қалалық басқарудың тиімділігін арттыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағыттарында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.Өз кезегінде Б.Бат-Эрдэнэ қазақстандық қалалармен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ энергетика және инфрақұрылым салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды жалғастырып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.* 2022 ж. Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх Хархорум қаласын қайта қалпына келтіру туралы жарлыққа қол қойды. Ү.ж. маусым айында жаңа қаланың құрылысы басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1074081?lang=kk
Конституциялық Сотта қауіпсіз және құрметті еңбек ахуалын қалыптастыру бойынша семинар өтті 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл БҰҰ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі даму бағдарламасының кеңесшісі Гаухар Нұршаның қатысуымен харассмент көріністерінің алдын алуға арналған семинар өткізді. Шара гендерлік кемсітушілік пен мемлекеттік қызметтегі жыныстық қудалауды қоса алғанда, кез-келген сипаттама формаларына нөлдік төзімділік мәдениетін насихаттауға бағытталған. Талқылау барысында қатысушылар қудалаудың алдын алу тетіктерін, құрмет пен ынтымақтастық атмосферасын нығайту жолдарын, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз жұмыс ортасын құру жөніндегі практикалық қадамдарды қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1074098?lang=kk
Қазақстан мен Словакия парламенттік дипломатия аясындағы диалогты нығайтуда 14.10.2025
Братислава, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің депутаты Павол Гогамен кездесті.Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, парламенттік байланыстарды нығайтуға баса мән берді. Екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы сындарлы диалог саяси және экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға негіз болатыны атап өтілді.Сондай-ақ көпжақты өзара іс-қимылдың жекелеген бағыттары қарастырылып, соның ішінде Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлінді. Әңгімелесушілер демократия, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілетуде парламенттік дипломатияның маңызды рөлін ерекше атап көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1074103?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуда 14.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 22 қыркүйек – ҚР ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан Федералдық білім беру және кәсіптік даярлау министрлігінің мемлекеттік министрі ханым Ваджиха Камармен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар білім саласындағы, әсіресе жоғары және орта білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Өзара тиімді бастамаларды жүзеге асырудың нақты бағыттары ұсынылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар осы жылы Пәкістан делегациясының Астанаға сапарын ұйымдастыруға келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1074108?lang=kk
2025 жылғы 1 қазанда 2024 жылға жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. 14.10.2025
2025 жылғы 1 қазанда 2024 жылға жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтардың жеңілдетілген санатын қоспағанда, меншік құқығында тұрғын үй жылжымайтын мүлігі бар азаматтар (тұрақ орындары, қоймалар, пәтерлер, үйлер, саяжайлар, гараждар, оларға іргелес жер учаскелері) мүлік салығын төлеушілер  болып  табылады.Жеке тұлғалар 2024 жылғы салық кезеңі үшін салық төлеуді объектілердің орналасқан жері бойынша бюджетке 01.10.2025 жылдан кешіктірмей жүргізеді.                Салық  төлеушілер төленбеген  салық сомасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  (http://www.kgd.gov.kz//) сайты арқылы, «электрондық сервистер»/ «жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер»/ «Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің болуы (болмауы) және алдағы төлемдер   туралы  мәліметтер»   бөлімінде,  азаматтың  ЖСН  бойынша  біле алады.Бұдан басқа, «Электрондық үкімет» (eGov.kz)  порталында  және  «Kaspi bank» АҚ (Кaspi.kz)  салық  төлеушілерді  хабардар  ету  мақсатында сондай-ақ жеке  тұлғаларға  дайын  деректемелер  бойынша  бір мезгілде төлем жүргізу  мүмкіндігімен  төлем мерзімі  басталғанға  дейін салық сомасын қарау мүмкіндігін беру үшін алдағы төлемдер сервисі іске асырылды.Сонымен қатар, салықты уақтылы төлемеген жағдайда төлемді кешіктірген  әрбір  күн  үшін  өсімпұл есептелетінін  хабарлаймыз.        Туындаған  мәселелер  бойынша  аумақтық  мемлекеттік  кірістер органдарына жүгіну қажет, қызметкерлердің байланыс телефондары Мемлекеттік  кірістер  департаментінің  интернет - сайтында орналастырылған.Қостанай  қаласының  салық төлеушілері  28-18-32, 28-17-01, 28-40-27, 28-00-89  телефондары бойынша  ақпарат  ала  аладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1074170?lang=kk
Пәкістанның іскерлік қауымдастығы Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуді көздеп отыр 14.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының вице-президенті Тарик Джадун мырза бастаған Пәкістанның іскерлік қауымдастығының өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында Елші Е.Қыстафин Қазақстанда бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы, соның ішінде инвестициялық және экспорттық қызметті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туарлы айтып берді.Сонымен қатар, Е.Қыстафин екі ел арасындағы, әсіресе өңірлік деңгейдегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.Өз кезегінде Тарик Джадун мырза пәкістандық бизнес қауымдастығының Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын растады, сондай-ақ екіжақты іс-шараларға қатысу ниетін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанға бизнес-делегацияның сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1074186?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша 14.10.2025
Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша 2025 жылғы 2 тоқсандағы ішкі өңірлік талдау көрсеткіштеріОблыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша тоқсан сайынғы ішкі өңірлік талдау жүргізу шеңберінде өңірлер әкімдерінің қызметі 21 көрсеткіш бойынша бағаланады.2025 жылдың 2 тоқсанның қорытындысы бойынша 13 қала мен ауданнан:- жоғары даму қарқыны (1-4 орын): Катонқарағай, Тарбағатай, Зайсан және Ұлан аудандары;- орташа даму қарқыны (5-9 орын): Өскемен қаласы, Самар, Шемонаиха, Марқакөл және Глубокое аудандары;- төмен даму қарқыны (10-13 орын): Риддер қаласы, Алтай, Үлкен Нарын және Күршім аудандары.Алтай ауданы - 10 орын. Өнеркәсіптік өндірістің НКИ, өңдеу өнеркәсібі өнімі, негізгі капиталға инвестициялар, жеке инвестициялар, құрылыс жұмыстары, тұрғын үйді пайдалануға берудің өсу қарқыны, қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халық саны, мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі, қалалар/аудандар әкімдерінің қызметін оң бағалайтын халықтың үлесі бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.Үлкен Нарын ауданы - 11 орын. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны, мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі, қалалар мен аудандар бюджеттерінің контингентіндегі бюджеттің меншікті кірістері, қалалар/аудандар әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмыс тиімділігі бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.Риддер қаласы - 12 орын. Өнеркәсіптік өндірістің НКИ, өңдеуші өнеркәсіп өнімі, негізгі капиталға инвестициялар, жеке инвестициялар, бөлшек тауар айналымы, тұрғын үйді пайдалануға берудің өсу қарқыны, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, бос жұмыс орындарына 10 мың жұмыссыз адамды жұмысқа орналастыру, 10 мың тұрғынға қылмыс деңгейінің өзгеруі, қалалар/аудандар әкімдерінің қызметін оң бағалайтын халықтың үлесі бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.Күршім ауданы - 13 орын. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ, құрылыс жұмыстары, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны, қалалар мен аудандар бюджеттерінің контингентіндегі бюджеттің меншікті кірістері, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі, онкологиялық аурулардың дамыған жағдайларының (III-IV сатысы) үлесінің төмендеуі, қалалар/аудандар әкімдерінің қызметін оң бағалайтын халықтың үлесі, қалалар/аудандар әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмысының тиімділігі және қалалар/аудандар әкімдерінің KPI көрсеткіштерін орындауы бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ekonomika/press/news/details/1074205?lang=kk
Алматыда Қытайдың құрылғанына 76 жыл толуы аталып өтті 14.10.2025
2025 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қытай Халық Республикасының құрылғанына 76 жыл толуына орай Қытайдың Бас консулдығының салтанатты қабылдауыға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Қытай арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1073824?lang=kk
Алатау – смарт қалаға айналуда 14.10.2025
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Алатау қаласының смарт қалаға айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Бұл тапсырма аясында жүйелі шаралар қабылданып, өңірде ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.Алатау қаласында IT саласы бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. «Smart City» тұжырымдамасы шеңберінде жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған 300 бейнебақылау камерасы мен 6 ақпараттық-бағдарламалық кешен орнатылды. Мұндай қадамдар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалалық инфрақұрылымды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұжырымдамадағы базалық бастамалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.Жалпы, IT және жасанды интеллект саласы – өңірдің болашақ дамуының негізгі драйвері. Сондықтан облыс басшылығы бұл бағыттағы жобаларды толық қолдап, жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасауда. Алатау қаласындағы арнайы экономикалық аймақ жоғары технологияларды дамытуға арналған ең қолайлы алаң болып табылады.Қазіргі басты міндет – инфрақұрылымды жедел аяқтау, білім беру жүйесін жаңа технологияларға бейімдеу және жас таланттарға мүмкіндік беру. Жасанды интеллект – болашақтың ғана емес, бүгінгі күннің шындығы.Бүгінгі таңда облыс деңгейінде «Цифрландыру және инновациялық даму» бағыты бойынша нақты жоспарлар әзірленген. Жаңа технопарктер, инкубаторлар және стартап-платформалар құру қолға алынуда. Жергілікті жоғары оқу орындары мен колледждер IT және AI мамандарын дайындауға белсене атсалысуда. Сондай-ақ, шетелдік және отандық ірі IT-компанияларды Алатау қаласындағы арнайы экономикалық аймаққа тарту бағытында келіссөздер жүргізілуде.Президент атап өткендей, жасанды интеллектті қолдану – енді жай сөз емес, экономиканың нақты драйвері. Ол өндіріс үдерістерін автоматтандырады, қызмет сапасын арттырады және құн тізбегін тиімді етеді.Бұл тұрғыда басты ұстаным – болашақты бүгіннен бастау. Егер өңір жасанды интеллектке, үлкен деректерге және автоматтандыруға дер кезінде бет бұрмаса, жаһандық бәсекеде артта қалу қаупі бар. Сондықтан мұндай бастамаларға тек дайын болу емес, алғашқылардың бірі болып қадам жасау қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1073832?lang=kk
Түркістан қаласында Мемлекеттік айыптаушылардың алғашқы Халықаралық форумы басталды 14.10.2025
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан, Мажарстан және бес түркі мемлекетінің – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстан прокуратураларының өкілдері қатысқан Мемлекеттік айыптаушылардың алғашқы Халықаралық форумы өз жұмысын бастады.Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов форумды салтанатты түрде ашып, бұл шараның ұлттық сот төрелігі жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңыздылығын атап өтті. Ол форумның өтуі әртүрлі елдердің мемлекеттік айыптаушыларының тәжірибе алмасуына және құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыру мақсатында байланыстарды күшейтуге бірегей мүмкіндік беретінін айтты.«Бүгінгі форумның басты мақсаты – шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту», – деп қадағалау органының басшысы өз сөзінде форумның барлық қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерін күшейтудегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі Е.Н. Жиенбаев және Жоғарғы Сот Төрағасы А.А. Мерғалиев те құттықтау сөздерін арнап, іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап көрсетті.Іс-шара аясында Қазақстанның тәжірибелі мемлекеттік айыптаушылары да сөз сөйлеп, құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік және жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп пен қылмыспен күрес бойынша тәжірибелері мен бастамаларымен бөліседі. Бұл – «Заң және тәртіп» идеологемасының негізгі бағыттары болып табылады. Аталған шара құқықтық жүйені нығайтуға, мемлекеттік айыптаудың тиімді тетіктері мен модельдерін дамытуға бағытталған маңызды қадам.Бас Прокурор «Мемлекеттік айыптау институтын дамыту әлемдік үрдістер мен жаһандық үдерістерді ескермей мүмкін емес. Халықаралық тәжірибе, үздік практикалар мен заманауи жұмыс модельдері ұлттық тәсілдерді айтарлықтай жетілдіруге және олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп тұжырымдады.Екі күн бойы форум қатысушылары адам құқықтарын қорғау саласындағы идеялар мен тәжірибелік шешімдерімен бөлісетін болады. Бағдарламада сонымен қатар құқықтық саладағы цифрландыру және жаңа технологияларды қолдану мәселелерін талқылау, оқыту тренингтері, сондай-ақ интерактивті сауалнамалар мен викториналар өткізу жоспарланған. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1073970?lang=kk
Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті 14.10.2025
Таллин, 2025 жылғы 23 қыркүйек - Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға болу елінің мемлекеттік органдарының, қоғамдық-саяси, ғылыми-білім беру, іскерлік және сараптамалық топтарының өкілдері қатысты. Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Алтай Көлгінов биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы IT саласын дамыту және жасанды интеллектті түрлі қызмет салаларына енгізу үшін тиісті шешімдерді енгізу қажеттігіне баса назар аударғанын атап өтті. Эстония тарапы бұл мәселеде Еуропада жетекші орын алатынын ескере отырып, осы бағыттағы өзара тиімді ынтымақтастықты ұсынды.Қатысушылар институционалдық реформалар бөлігінде Жолдаудың бір палаталы Парламентке көшу, жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі жеке ведомство құру, экономиканы әртараптандыру, атом электр станцияларын салу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік саланы қолдау сияқты маңыздылығын атап өтті. А. Көлгінов Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру шетелдік инвесторлар үшін кең мүмкіндіктер ашатынына назар аударды. Ол Эстондық кәсіпкерлерді елімізде бірлескен жобаларды іске асыру арқылы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға шақырды. Бұл екі ел үшін басым салаларда – ең алдымен инвестициялар тартуда, көлік және логистика, сондай-ақ цифрландыру саласында өзара іс-қимыл әлеуетін толық көлемде және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, Жолдауда белгіленген бастамалар мен реформаларды уақтылы іске асыру Жолдаудың жүйелі және кешенді сипатын баса көрсете отырып, Қазақстанның тұрақты және серпінді дамуына және халықаралық беделді нығайтуға жаңа серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1073978?lang=kk
Қазақстан Қарулы күштерінің үздік сержанты анықталды 14.10.2025
ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің «Амандық» оқу орталығының базасында сержанттардың Бүкілармиялық XV байқауы аяқталды.Жас командирлер арасындағы турнирге бөлімдерде, құрамалар мен өңірлік қолбасшылықтарда іріктеуден өткен тоқсанға жуық сержант қатысты. Әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене даярлығы жеке және командалық есептер бойынша бағаланды.– Биылғы жиынның ерекшелігі тактикалық медицина элементтерімен нақты ұрыс жағдайын модельдейтін сценарийлерді пысықтау, таулы немесе жоғарғы рельефті жерде бағдар табу, бөлімше құрамында ұрыс жүргізу болды, – деді ҚР ҚК Бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов. – Бұл жарыстар сержанттардың төтенше жағдайларда жылдам әрекет етуді талап ететін сәттерде қалай жұмыс істейтіндігін анық көрсетуге мүмкіндік берді.Байқау сегіз кезеңнен тұрды. 7 жаттығуды қамтитын көпсайыс түрінде өткен «Айбын» әскери-спорттық жарысында Десанттық-шабуылдау әскерлері 48386 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Жандарбек Исабеков жеке есепте үздік деп танылды. 14776 әскери бөлімінен аға сержант Бекзат Әжіғалиев «Бағдар» номинациясында топографиялық карталарды пайдалану, шайқаста және маршта бағдарлау жөніндегі нормативтерді орындауда жеңімпаз болды. Тактикалық медицина бойынша өткен «Жәрдем» жарысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 66597 әскери бөлімінің өкілі 2-сыныпты сержант Алмат Аманбаев үздік атанды.«Қайсар» әскери-кәсіби сайысында сержанттар толық жабдықталған кедергілер жолағын еңсерді. Мұнда Десанттық-шабуылдау әскерлері 18404 әскери бөлімінен 3-сынып сержант Жандос Рақымғазы үздік нәтиже көрсетті. 15 келі жүкпен 21 шақырымға жасаған марш кезінде ол 2 сағатпен рекорд жасады. «Білімпаз» зияткерлік сайысында Әскери полиция бас басқармасының атынан қатысқан 3-сыныпты сержант Ермек Жүнісов жеңімпаз болды. «Мерген» жарысында 14776 әскери бөлімінен 3-сыныпты сержант Данияр Сапаралиев үздік атқыш атанды. Тактикалық дайындық бойынша 7 норматив пен жаттығуды қамтитын «Керуен» кезеңінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 30238 әскери бөлімінің 2-сыныпты сержанты Тілеубай Махамбетов жеңіске жетті. Ол сондай-ақ «Жекпе-жек» жарысында да үздік техникалық жекпе-жек шебері деп танылды.Жалпы командалық есепте бірінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды 14776 әскери бөлімі иеленді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жеңістің үшінші сатсына көтерілді. Десанттық-шабуылдау әскерлері 18404 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Жандос Рақымғазы «Әскер тұғыры» абсолютті жеңімпаз атнды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жарысқа қатысушылар жоғары кәсібилік, тамаша тактикалық дайындық және күш-қуат төзімділігін көрсетті. Байқау мықты сержанттарды анықтап қана қоймай, кәсіби дағдыларды жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және жауынгерлік рухты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1073982?lang=kk
МКБ "Ашық есік күндерін" өткізу арқылы жаппай-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. 14.10.2025
Салық төлеушілердің салық сауаттылығын арттыру шеңберінде 16.10.2025 жылы департаменттің барлық 14 аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салық төлеушілер үшін Ашық есік күндері өткізілді.Ашық есік күнінде келесі мәселелер қаралды:01.01.2026 жылдан бастап заңды күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі,Салық заңнамасының өзекті мәселелері,ҚҚС реформалау,ЖТС прогрессивті ставкалары,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,Мобильді цифрлық өнімдер және олардың мүмкіндіктері,Жалпыға бірдей жариялау: ережелер мен тәртіп,Кассалық аппараттарды қолдану,Арнайы салық режимдері,Жергілікті салықтар, жергілікті салықтар бойынша берешек және т. б.Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары салық саласындағы алдағы өзгерістер туралы түсініктемелер береді, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сұрақтарына жауаптар және т. б. беріледі.                                                                 Қалалар мен аудандардың тұрғындары пайдалы ақпарат пен практикалық ұсыныстар алады, бұл өз кезегінде салық сауаттылығын арттыруға және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1088272?lang=kk
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясындағы Жалпы дебатта сөйлеген сөзі 14.10.2025
Құрметті Президент!Қадірлі Бас хатшы!Құрметті делегаттар!Біріккен Ұлттар Ұйымы сексен жылдан бері адамзатқа төнген жаһандық cын-қатерлерді еңсеруде басты рөл атқарып келеді.Осы жылдар аралығында Ұйым біздің ұжымдық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, бейбітшілікті сақтау, өсіп-өркендеу, кедейлікті азайту, орнықты даму және адам құқығын қорғау бағытындағы ортақ күш-жігерімізді ілгерілетуге бастамашы болды.Алайда ақиқатқа тура қарауымыз керек: әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Өкінішке қарай, жақсы жаққа қарай өзгерді деп айту қиын.Дәл сол себепті жер жүзіндегі миллиондаған адам Біріккен Ұлттар Ұйымына үлкен үмітпен көз тігіп отыр.Бүгінгі тарихи кездесу – әмбебап және баламасы жоқ Ұйымның іргелі қағидаттары мен мақсаттарына қаншалықты бейіл екенімізді дәлелдейтін орайлы мүмкіндік.Әйтсе де біз көпжақты институттарға деген сенімнің дағдарысқа ұшырағанын айтпай кете алмаймыз.Халықаралықтың құқықты өрескел бұзу «қалыпты жағдайға» айналды. Соның салдарынан әлемдегі тұрақтылыққа нұқсан келіп, халықтардың, саяси көшбасшылар мен мемлекеттердің бір-біріне сенімі әлсірей түсті.Қазіргідей алмағайып кезеңде бәріміз БҰҰ позициясының нығаюына ықпал етіп, Ұйымның құбылмалы заманға бейімделуіне қолғабыс етуіміз қажет.Өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухы соғыс өртін тұтандырудан басым болуға тиіс. Мемлекеттер басшылары бейбітшілікке ұмтылу жолында жауапкершілік арқалайды.Қазіргі буын көшбасшыларының әрекетсіздік танытуға еш құқығы жоқ. Өйткені оның зардабын келесі ұрпақ тартады.Осы орайда Бірікккен Ұлттар ұйымын жан-жақты реформалау толассыз талқыланатын тақырып емес, нағыз стратегиялық қажеттілік екеніне назар аударғым келеді.Бізге БҰҰ-ны реформалау жөнінде нақты ұсыныс әзірлейтін жоғары кәсіби және оны еш ойланбастан алға жылжытатын пікірлестер тобын құру қажет. Ұйым бүгінгі сын-қатерлерге және ертеңгі міндеттерге сай болуы керек.Біріккен Ұлттар Ұйымын жаңғыртуды көздейтін мұндай батыл әрекет Қауіпсіздік Кеңесін реформалаудан басталуға тиіс.Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына Азия, Африка және Латын Америкасындағы ірі елдердің өкілдері ротация тәртібімен ұсынылуы керек.Сонымен қатар Қазақстан жауапкершілігі бар орта державалардың үні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде барынша анық естілуі қажет деп санайды.Іс жүзінде орта державалар қазірдің өзінде теңгерімді сақтауға және өзара сенімді нығайтуға үлес қосып, халықаралық қатынаста жағымды рөл атқара бастады.Ұлы державалардың бастары бірікпегенде немесе барша адамзатты алаңдататын өзекті проблемаларды шешуге қауқарсыздық танытқанда, мұндай елдер БҰҰ аясында дәнекерге айналады.XXI ғасырда БҰҰ беделін көтеру үшін Ұйымға мүше мемлекеттер бейбітшілік пен қауіпсіздіктің іргесін бекемдейтін нақты қадамдар жасауға тиіс.Әйтпесе, БҰҰ үнемі мәселенің салдарымен күресуден көз ашпайды. Ал проблеманың түпкі себептері үсті-үстіне көбейе береді.Біз бұл үдерісті дәл бүгіннен бастай аламыз. Ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына бейіл екенімізді тағы да растауымыз қажет.Егемендік, аумақтық тұтастық және кез келген дауды бейбіт жолмен шешу қағидаттарының бәрі мүлтіксіз сақталуға тиіс. Ұйым Жарғысын қолайына қарай қолдану оның беделіне нұқсан келтіреді.Әлем сенімге, ашықтыққа және ортақ жауапкершілікке арқа сүйейтін жаңа консенсусқа зәру.Мысалы, Жарғыдағы Екінші дүниежүзілік соғыстан бері келе жатқан «жау мемлекет» ережесін халықаралық қоғамдастықтың басым бөлігі ескірген деп санайды.Сондықтан Жарғыны қайта қарау мәселесін талқылайтын уақыт келді.Бүгінде біз алаңдатарлық ахуалға куә болып отырмыз: қарулануды шектейтін шарттар сақталмайды, демек, стратегиялық тұрақтылықтың да іргесі сөгіле бастады.2024 жылы дүние жүзінде әскерді жарақтандыруға кеткен шығын 2,7 триллион долларды құрады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ал жаһандағы зорлық-зомбылықтың шығыны 20 триллион долларға жуықтады.Сондықтан әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қайта қалпына келтіру халықаралық қоғамдастық үшін ең басты басымдық болуға тиіс.Біз ядролық қару қолдану қаупін күрт азайтуды, ядролық державалар арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты қайта бастауды қолдаймыз, көпжақты әрекеттің жандануына күш салуымыз керек деп санаймыз.Кең көлемде алып қарасақ, соғысқұмарлық менталитетін түп-тамырымен жоятын күрделі жұмысқа кіріскен жөн. Бұл жүзеге асыруға болатын шаруа. Бастысы, мемлекеттердің бейбітшілік жолында қанша қаржы жұмсап отырғанын мұқият бақыласақ болғаны.Қазақстан ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі жаңа диалогқа дайын. Біз Ядролық қаруды таратпау туралы шартты күшейтіп, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың орындалуына түрткі болу үшін бейресми пікір алмасуларға мән бере аламыз.Сонымен қатар біз бұған дейін айтқан Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы ұсынымымызды жүзеге асыруға шақырамыз.Қазақстан бейбіт тұрғындарға орасан зор залал келтіріп, жаһандық сенімге селкеу түсірген және халықаралық қауіпсіздікті әлсіреткен Украина айналасындағы дағдарысқа алаңдаулы.Дегенмен аталған қақтығысты тоқтату үшін екіжақты және халықаралық деңгейдегі дипломатиялық күш-жігерді жалғастырып, қос мемлекет ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін саяси икемділік көрсетуі керек.Территориялық дау-дамайды шешу ешқашан оңай болған емес. Ол келешек ұрпақтың қамы үшін екі жақтың да барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуын талап етеді.Өшпенділік психологиясы қақтығысқа қатысушы тараптардың бітімге келуіне мүмкіндік қалдырмай, қай-қайсысын да құрдымға жібереді.Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы тіпті қорқынышты. Оған бей-жай қарау мүмкін емес.Бұл қақтығыстың тарихи тамыры тым күрделі. Біз осы жауласудың түпкі себебін ескерусіз қалдыра алмаймыз.Қазақстан әскери іс-қимылды дереу тоқтатуға, бейбіт тұрғындарды толық қорғауға және халықаралық гуманитарлық құқық аясындағы көмектің кедергісіз жетуін қамтамасыз етуге шақырады.Біз екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне негізделген шешімді құптаймыз әрі БҰҰ-ның жетекші рөлін мойындаймыз.Қазақстан Таяу Шығыстағы өңірлік бітімгерлікке бағытталған Арабтың бейбіт бастамасы, Нью-Йорк декларациясы, Ибраһим келісімі секілді дипломатиялық ұсынымдарды қолдайды.Егер көшбаcшылық пен саяси ерік-жігер болса, бұл құжаттар араздықты ынтымақтастық пен ортақ игілікке айналдыруға болатынын көрсетеді.Сондай-ақ біз АҚШ Президентінің араағайындығымен Әзербайжан мен Армения қарым-қатынасының қалыпқа түскенін ерекше ықыласпен қабыл алдық.Бұл дипломатия мен парасатты шешімнің арқасында ұзақ жылға жалғасқан кез келген қақтығысты реттеуге болатынын дәлелдеді.Қазақстан осы қағидатқа сүйеніп, дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді, күш қолданғаннан гөрі диалог жүргізуді жөн деп санайды.Қазіргі геосаяси шиеленіске қарап, кейбір саясаткерлер «өркениеттер қақтығысынан қашып құтыла алмаймыз» деген пікір айтып жүр.Алайда мұндай алауыздық тағдырдың жазуы емес, олардың саяси таңдауы.Ғылым, медицина, спорт, дін және мәдениет сияқты жаһандық игіліктер геосаяси бөліністің құралына айналмауға және санкция салуға себеп болмауға тиіс. Адамзат өміріндегі бұл ізгі құндылықтар бізді гуманизм идеясына біріктіреді.Саясаткерлер жауапкершіліктен жұрдай мәлімдеме жасағанда немесе дін мен болмысты саяси ұпайын түгендеу үшін бұра тартып, ағат әрекетке барғанда сенімге селкеу түсіп, бейбітшілікке ұмтылған ерік-жігер жасиды.Анығында, саяси көшбасшылық – бір-біріне күмән-күдікпен қарап, менмендік таныту емес, өзара түсіністік пен құрметтен тұрады.Әлемге тірек болып тұрған толеранттылық пен парасаттылық заң үстемдігіне арқа сүйеуі қажет.Құрметті әріптестер!Біз жікке бөлінушілік барған сайын күшейіп, инвестиция ағынына қатысты саяси сыңаржақ ұстаным белең алғанына куә болып отырмыз.Соның салдарынан былтыр әлемдегі тікелей шетел инвестициясының көлемі 1,5 триллион долларға дейін қысқарды. Қазақстан инвестиция саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуді табанды түрде жақтайды. Тәуелсіздіктің 30 жылында ел экономикасына 400 миллиард доллардан астам қаржы тартылды.Біз әрқашан ашық нарық қағидаттарына сүйенеміз әрі бұл мемлекеттік саясатымыздың негізгі бағыты болып қала береді.Еуразия төсінде орналасқан Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 80 пайызына қызмет көрсететін логистикалық хаб ретінде шешуші рөл атқарады.Біз көлік-транзит инфрақұрылымына, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасына, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізіне және Транскаспий көлік бағытына ондаған миллиард доллар инвестиция саламыз.Қазақстан қалыптасып келе жатқан жаһандық көлік жүйесінің өзегі саналатын аймақтық жеткізу тізбегін дамытуды жалғастырады.2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз.Еліміз Орнықты даму мақсаттарын ұлттық күн тәртібіндегі басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Ондағы міндеттер мемлекеттік жоспарлауда және бюджет жобасын әзірлегенде ескеріледі.БҰҰ Бас хатшысы мен Ұйымға мүше мемлекеттердің қолдауының арқасында Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы ашылды.Бүгінде Орталық Азияның бірлігі мен өзара сенімі жаңаша сипат алып, өңір халықаралық бейбітшілік пен прогрестің белсенді қатысушысына айналды.«Орталық Азия бестігі» ынтымақтастығын нығайтуда. Сол арқылы тату көршілік дамуға да, қауіпсіздікті күшейтуге де оң септігін тигізетінін дәлелдеп отыр.Соның арқасында біздің өңір әлемдегі негізгі серіктестерімен «Орталық Азия плюс» форматында диалог жүргізе бастады.Қазақстан Ауғанстанның инклюзивті дамуын аймақтағы ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің кепілі деп санайды.Біз ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетіп, сауда, азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым және көлік тасымалы салаларындағы ықпалдастығымызды жалғастыра береміз.Құрметті делегаттар!Былтыр адамзат тарихындағы ең ыстық маусым болды. Бұл ретте Орталық Азияда ауа температурасы әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары екенін айтқан абзал.Алатау мұздықтары тез ери бастады. Бұл миллиондаған халықтың су және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді.Қазақстан Арал қасіретінен сабақ алды. Жоспарлы іс-әрекетіміздің арқасында, соның ішінде халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық нәтижесінде теңіздің солтүстік бөлігін сақтап қалдық.Халықаралық Аралды құтқару қорының төрағасы ретінде еліміз бұл маңызды бағыттағы белсенді жұмысты жалғастырады.Дегенмен Каспий теңізі күннен күнге тартылып барады. Бұл бір өңірдің ғана проблемасы емес, жаһандық деңгейде дабыл қағатын мәселеге айналды.Сондықтан аймақтағы серіктестерімізді және барша халықаралық қоғамдастықты Каспийдің су қорын сақтау үшін жедел шараларды бірлесе қабылдауға шақырамыз.Былтыр Қазақстан Франция, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп One Water саммитін өткізді.Болашақта су тапшылығын болдырмау мақсатында анағұрлым тығыз үйлестіру, инвестиция және орнықты шешім қажет.Аталған мәселені күн тәртібіне шығару үшін еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымымен және басқа халықаралық құрылымдармен серіктесе отырып, келесі жылы сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммит ұйымдастырады.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттемелеріміз аясында елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жүзеге асырылып жатыр. Бұл қозғалыс тазалыққа, қоқыс жинауға және экологиялық ағартушылыққа атсалысатын миллиондаған еріктіні ортақ іске жұмылдырады.Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Орнықты даму мақсаттары жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрін осы маңызды бастамаға қолдау білдіріп, ынтымақтастық орнатуға шақырамыз.Осы орайда Бас Ассамблеяға 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялайтын қарар қабылдауды ұсынамын.Қымбатты достар!Қазақстан жасанды интеллектіні технологиялық жетістік деп қана емес, адамзат прогресіне қозғау салатын зор табыс ретінде қарастырады.Алайда жасанды интеллектіні дамытудың тәуекелдері де бар. Атап айтқанда, ол технологиялық, экономикалық және геосаяси теңсіздіктердің күшеюіне әкеледі. Сондай-ақ этика нормалары бұл эволюцияның соңында қалып қоюына жол бермеуіміз керек.Әділеттілік, жауапкершілік және адам құқықтарын қорғау мәселелері жедел әрі нақты шешілуге тиіс.Бұл үшін әр ел ЖИ артықшылықтарын пайдалана алатындай ұжымдық күш-жігер қажет.Қазақстан БҰҰ аясында Жасанды интеллектіні басқару бойынша жаһандық диалогтың басталуын қолдайды.ЖИ саласындағы қауіпсіздік, инклюзивтілік және адамға бағдарлану міндетті түрде ескерілуі үшін аталған платформа жұмысына белсенді түрде атсалысуға дайынбыз.Қазақстанда жасанды интеллект экономика мен мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық секторына енгізіледі.Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың базалық инфрақұрылымы жасақталып жатыр. Дарынды жас мамандарымыз мұны іске асыруға әзір.Біздің стратегиялық мақсатымыз – үш жылдың ішінде Қазақстанды толық цифрланған елге айналдыру.Жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен қолдану еліміздің ұлттық басымдығына айналды.Электрондық үкімет ұлттық даму стратегиямыздың негізгі элементі саналады.Мемлекеттік қызмет көрсетудің шамамен 90 пайызы цифрлық форматта ұсынылады.Жуырда Қазақстанда ең қуатты ұлттық суперкомпьютер іске қосылды.Дегенмен ЖИ мен автоматтандыру көптеген елде жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін.Сондықтан цифрлық прогресс кәсіптік білім берумен қатар жүргізілуі қажет.Қазақстан жұмыспен қамтуды арттырып қана қоймай, кәсіптік мамандықтардың мәртебесін көтеруді аса маңызды деп санайды.Ханымдар мен мырзалар!Жаһанда тұрақсыздық белең алған кезеңде Әділетті Қазақстан құруды көздеген жаңғыру саясатын батыл жүргізіп жатырмыз.Соңғы үш жылда біздің аймақта бұрын-соңды болмаған саяси және экономикалық реформалар жасалды.Жалпыұлттық референдум арқылы Президентті жеті жылға бір мерзімге сайлайтын норма енгізілді. Бұл демократия қағидаттарына сай есептілікті күшейтеді.Біз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын ұстанамыз.Қазақстанды жаңғырту ұстанымын басшылыққа ала отырып, елімізде бір палаталы Парламент құру мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсындым.Мақсатымыз – саяси жүйенің қоғам сұранысына сай ашықтығы мен тиімділігін арттырып, оны ұдайы жетілдіру.Бұл реформалардың басты қағидасы: Заң және тәртіп бәрінен жоғары тұруы керек.Біз парасаттылыққа және заң үстемдігіне арқа сүйейтін басқару жүйесі ғана қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді деп санаймыз.Бұл халықаралық инвестицияларға, сауда байланысына және елдің қарқынды дамуына оңтайлы жағдай жасайды.Заңды мүлтіксіз сақтайтын азаматтардың мүддесін қорғау – әділеттілікке, есеп беруге және өзара құрметке негізделген басты басымдықтарымыздың бірі.Қазақстан экономикасы тұрақты дамып келеді.Биыл экономикалық өсім 6 пайыздан асады деп күтілуде. Бұл біздің аймақтағы ең ірі экономиканың орнықтылығын қуаттай түседі.Дегенмен бұл жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Біз ұзақ мерзімді дамуға бағытталған күш-жігерді жалғастырамыз.Қазақстанның энергетикалық стратегиясы төрт салаға негізделген: мұнай-газ, көмір, уран және аса маңызды минералдар. Бұл құнды ресурстар сенімді энергетикалық серіктестіктің негізі бола алады.Климат өзгерісі мен «жасыл» күн тәртібін көмір кені секілді орасан зор энергетикалық ресурсқа бай елдер қабылдай бермейді. Өйткені бүгінде озық технологияның арқасында оны тазаланған күйінде пайдалануға болады.Сондықтан біз 35 жыл ішінде елімізді декарбонизациялау жөнінде міндеттеме алдық. Тек жаңартылатын энергия көмегімен бүкіл энергетикалық мәселені шешу мүмкін емес.Ауыл шаруашылығы – әлемдік нарықта зор әлеуетке ие жетекші саламыздың бірі.Қазақстанның астық экспортындағы әлеуеті – 12 миллион тонна. Бұл халықаралық нарықтың басым бөлігін қамтиды және көлік байланыстарын жақсарту есебінен сауданы кеңейтудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.Біз сыртқы саудамыздың инклюзивтілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ете отырып, оны одан әрі әртараптандыру мақсатында барлық негізгі халықаралық серіктестерімізбен және аймақтағы мүдделі елдермен ынтымақтастықты жалғастырамыз.Жоғары Мәртебелі!Ел ішіндегі мемлекеттік басқару реформаларын тереңдету және шетелдегі жаһандық басқаруды қолдау – басты бағдарымыз. Біз бұл бағытты берік ұстанамыз.Қазақстан араағайындық және бітімгер рөлін жалғастырады. Біздің таңдауымыз: үстемдік емес – тепе-теңдік, жіктелу емес – ынтымақтастық, соғыс емес – бейбітшілік.Біз халықаралық қоғамдастықтың басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік, әділеттілік және ынтымақтастық шамшырағы екенін растауға дайынбыз.Рақмет! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1074715?lang=kk
KazAID пен Hong Kong University of Science and Technology (HKUST) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды 14.10.2025
KazAID пен Hong Kong University of Science and Technology (HKUST) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды2025 жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласында KazAID және Hong Kong University of Science and Technology (HKUST) өкілдерінің кездесуі өтті.Тараптар Орталық Азиядағы жоғары білім беру жүйесін, KazAID-тің ағымдағы жобаларын және халықаралық ынтымақтастық үлгілерін талқылады. Hong Kong University of Science and Technology (Guangzhou) өкілдері жасыл көшбасшылық пен инновациялар жөніндегі Global GBA Academy жобасын таныстырды. Жасанды интеллект, климаттың өзгеруі және ғылыми-зерттеу әзірлемелері салаларындағы бірлескен жұмыс мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша үшжақты өзара түсіністік туралы меморандумға KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов, Hong Kong University of Science and Technology (Guangzhou) президенті профессор Lionel M. Ni және Hong Kong University of Science and Technology вице-президенті профессор Charles Wang-Wai NG қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1073674?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 14.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Пәкістандағы  Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Ұлттық денсаулық сақтау, реттеу және үйлестіру қызметтерінің федералды министрі Сайед Мұстафа Камалмен кездесу өткізді.Әңгіме барысындатараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын, оның ішінде фармацевтика өнеркәсібі, хирургиялық аспаптар өндірісі және медициналық білім беру салаларын талқылады.Келіссөздердің қорытындысы бойынша жақын болашақтағы өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындау мақсатында бірқатар консультациялар өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1073678?lang=kk
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылу рәсімі 14.10.2025
2025 жылғы 18 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аяқталды. Форумға 60 мемлекеттен келген 100-ден астам делегация қатысты. Олардың арасында әлемнің ең ірі конфессияларының рухани көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері болды.Словак Республикасын Еуропалық Одақтың ЕО аумағынан тыс жерлердегі дін мен ар-ождан бостандығы мәселелері жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі, «FOREF» ұйымының президенті Ян Фигель мырза таныстырды.Екі күнге созылған форум жұмысының қорытындысы бойынша «Астана бейбітшілік декларациясы – 2025» қабылданды. Құжатта діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты тереңдетудің маңыздылығы ерекше атап өтілген. Сондай-ақ соғыстар, экстремизм мен терроризм қатаң айыпталып, экологиялық жағдай мен климаттың өзгеруіне алаңдаушылық білдірілді. Әділетті әрі бейбіт қоғам құру ісінде жастар мен әйелдердің рөліне айрықша назар аударылды.Жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл кездесудің бүкіл адамзат үшін маңызын атап өтті: «Меймандарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі мен ниеті бір екені сөзсіз. Съездің қорытынды Декларациясы – соның айқын дәлелі. Құжатта ортақ идеялар мен ұсыныстар көрініс тапты. Жалпы, форумның түпкі мәні де – осы. Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық. Ең бастысы, дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті», – деді Президент.Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық деңгейде өркениетаралық және дінаралық диалогты жан-жақты қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол Съездің жаһандық деңгейдегі диалог алаңы ретіндегі беделін арттыруға еліміздің белсенді түрде үлес қоса беретінін мәлімдеді:«Біз Съезд Хатшылығының БҰҰ институттарымен және басқа да құрылымдармен серіктестік желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Съезд идеяларын ілгерілету үшін бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Оған халықаралық серіктестеріміз, жастар, сарапшылар, волонтерлік ұйымдар қатысады. Бейбітшілік – ең басты байлығымыз. Бұл – барша елдерге, халықтар мен діндерге ортақ аса маңызды құндылық».Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IX съезі 2028 жылы Астанада өтеді деп жоспарлануда. Бұл Қазақстанның жаһандық деңгейдегі дінаралық және мәдениетаралық диалогтың жетекші орталығы ретіндегі мәртебесін айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1073687?lang=kk
Курчатов толықтай жылыту маусымына дайын 14.10.2025
      Курчатов қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық толық аяқталды. Жылу жүйесі тексерістен өтіп, тұрақты жұмыс істеуге әзір. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Болат Абдралиев атап өтті.Жылу беру қызметі биыл тұрғындарға еш іркіліссіз әрі сапалы түрде көрсетіледі. Коммуналдық қызметтер барлық қажетті жөндеу жұмыстарын алдын ала жүргізіп, отын қоры толық жасақталған. Әсіресе құбыр желілерінің әлсіз тұстарына және қазандықтарға ерекше назар аударылды.– Қазір Курчатов 100 пайыз жылыту маусымына дайын. Өткен жылы да ауқымды жұмыстар атқарылып, елеулі ескертулер болған жоқ. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда жағдай әлдеқайда жақсарды. Дегенмен, жұмыс тек жылу желілері мен қазандықтарды жөндеумен шектелмейді. Егер пәтер ішіндегі радиаторлар тозып немесе құбырлар бітелсе, үй толық жылымайды. Осыған байланысты тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздім, – деді Болат Абдралиев.Өткен жылы тұрғындар да мәселенің мәнін түсініп, үйлеріндегі құбырларды жөндеген. Қала әкімдігі өз кезегінде тиісті шараларды атқарып, нәтижесінде биыл жылуға қатысты елеулі шағымдар түспеген.– Биыл әлсіз учаскелердегі құбырлар ауыстырылып, қысыммен сыналды. Отын қоры да нормативке сәйкес толық жеткізілді. Сонымен қатар үш қазандықтағы сегіз қазан агрегатын ауыстыру жоспарланып отыр. Олар резервтік мақсатта қолданылады және тек аномальды төмен температура кезінде қосылады. Бұл жұмыстар жылыту маусымына кедергісіз жүзеге асырылады. Жалпы, тұрғын үйлер мен қазандықтар жылу беруді бастауға толық дайын, – деп түсіндірді қала әкімі.Әкімнің айтуынша, Курчатовта жылыту маусымы уақытылы басталады. Үйлерді жылы ұстау билік пен тұрғындардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде қамтамасыз етілмек. Желілерді, қазандықтарды және үйішілік жүйелерді дер кезінде жөндеу қала тұрғындарына қыс бойы қолайлы әрі тұрақты температураны сақтауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1073736?lang=kk
Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz порталын іске қосты 14.10.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі азаматтардың әскермен өзара іс-қимылы үшін бірыңғай цифрлық алаң болуға арналған жаңа MyArmy.kz. интернет-порталын іске қосты.Осы сайт арқылы бұрын жергілікті әскери басқару органдарына жеке жүгінуді талап ететін қызметтер қол жетімді. Енді азаматтар мерзімді немесе келісімшарттық қызметті өткеруге өтініш бере алады, жиі қойылатын сұрақтармен таныса алады, өзекті жаңалықтар мен материалдарға қол жеткізе алады, сондай-ақ кері байланыс нысандарын пайдалана алады. Портал құру рәсімдерді жеңілдетуге және шақыру комиссиялары жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған. Тіркеу және құжаттарды рәсімдеу онлайн режимде жүзеге асырылады, бұл бюрократияны азайтып, адами факторды азайтуы керек.Үміткер мерзімді қызмет өткеру шарттарымен танысып, сайтта бар нысанға сәйкес өтінім береді. Өтінім үш кезеңнен өтеді: жасалған, өңделуде, қабылданды/қабылданбады. "Жасалған" мәртебесі өтінімді жергілікті әскери басқару органы (әскери комисариат) қабылдағанын және тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын білдіреді. "Өңделуде" мәртебесі тексеру шаралары аяқталғанын және үміткер медициналық комиссиядан өту үшін тұрғылықты жері бойынша әскери комиссариатқа келуі керек екенін білдіреді. Медициналық комиссиядан өту кезеңін жеделдету үшін үміткерге "өңделуде" мәртебесінде қажетті талдаулар мен анықтамалардың тізбесі ұсынылатын болады, олармен әскери комиссариатқа келуге тиіс. Медициналық комиссиядан өткеннен кейін, сондай-ақ барлық кандидаттардың жеке қасиеттерін зерделегеннен соң өтінімнің мәртебесі "қабылданды" не "қабылданбады" болып өзгертіледі.MyArmy.kz сайтын іске қосу SARBAZ + пилоттық жобасы шеңберінде іске асырылады және Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштерді цифрландыру жөніндегі жүйелі жұмысының бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта SARBAZ + жобасы Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде сыналуда. Үміткерлерді іріктеу Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткізіледі. Сәтті сынақтан өткеннен кейін оны Қарулы күштердің басқа әскери бөлімдеріне енгізу жоспарланып отыр.Порталдың пайда болуы қызмет жағдайларын жақсартуға, әскерге шақырылушылар үшін жаңа әлеуметтік және білім беру мүмкіндіктерін енгізуге бағытталған. Екі бастама да Қарулы күштерді жаңғыртуға және қорғаныс ведомствосы жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған.Алда MyArmy.kz негізгі сервистерді біріктіретін және азаматтардың әскермен өзара іс-қимылын неғұрлым қолжетімді, түсінікті және ыңғайлы ететін заманауи цифрлық құралға айналады. Сонымен қатар, әскерге шақырылушылар бұрын алған мамандығына және қызмет аяқталғаннан кейін азаматтық салада әскери дағдыларды қолдану перспективаларына назар аудара отырып, қызмет өткергісі келетін әскери бөлімді дербес таңдай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1073765?lang=kk