Enbekshi QazaQ

Қоғам

Әкімшілік заңнама бойынша техникалық оқу 13.10.2025
17.09.2025 жылы Департаменттің Заң басқармасының басшысы М.Р. Жанғұрчинова мен бас маманы А.Г. Ибрагимова Департаменттің, аумақтық басқармалар мен кеден бекеттерінің ұжымына әкімшілік заңнама бойынша техникалық оқу өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1070287?lang=kk
Қаржы реттеушілері мен банктердің басшылары қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылады 13.10.2025
Алматы қаласында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк басшылығының Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің басшыларымен кезекті кездесуі өтті.Кездесуге қатысушылар қаржы секторын дамытудың өзекті мәселелерін, оның ішінде Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң жобасы бойынша нарыққа қатысушылардың ұсыныстарын талқылады.Бұдан басқа, тұтынушылық кредит беру қарқындары, борыш жүктемесін болғызбау және экономикаға кредит беруді ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды.Тараптар цифрлық қаржы активтерін енгізудің маңыздылығын атап өтіп, цифрлық теңгені пайдалану тетіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.Сонымен бірге қаржы секторының өкілдері қаржы нарығындағы алаяқтықтың алдын алу бойынша қабылданған шараларды, алаяқтық қарыздарды соттан тыс және сот арқылы есептен шығару үшін негіздерді қарады. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kz  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1070318?lang=kk
Жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы Хорватия компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық білдіруде 13.10.2025
Загреб, 2025 ж. қыркүйек – Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Д. Батырашев инновациялық экожүйенің жетекші хорват компанияларының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Келіссөздер цифрландыру, жасанды интеллект және тұрақты технологиялық даму саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған қадамдардың бір бөлігі болды.Cro AI жасанды интеллект қауымдастығы басқармасының мүшесі Томислав Ваздармен кездесу барысында тәжірибе алмасу және хорват AI-стартаптарының қазақстандық жобаларға, соның ішінде Alatau Digital City құруға қатысу әлеуеті талқыланды.Verne компаниясының вице-президенті Горан Даутович қазақстандық дипломатқа автономды көлік қызметін іске қосу жоспарларын таныстырды. «Ақылды қалаларды» дамыту аясында роботакси жобасы ерекше қызығушылық тудырды.Ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдерді енгізу мүмкіндіктері, оның ішінде өнімділікті бақылау және егіншілік процесін басқару жүйелері Agrivi компаниясымен келіссөздерде қарастырылды. Д. Батырашев пен компания басқармасының төрағасы Матия Жуль Қазақстанның аграрлық аймақтарында бірлескен жобаларды жүзеге асыру әлеуетін атап өтті.Velebit AI компаниясының басқарма төрағасы Давор Аничич машиналық оқыту, деректерді талдау және компьютерлік көру саласындағы әзірлемелерін таныстырып, бұл технологияларды Қазақстандағы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және ақылды қала жобаларында қолдануға қызығушылық білдірді.Кездесулердің қорытындысы бойынша өзара практикалық іс-қимыл форматтарын пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Д. Батырашев Қазақстан Хорватияны инновациялар мен цифрлық технологиялар саласында перспективті серіктес ретінде қарастыратынын және жетекші компаниялармен ынтымақтастық екі елдің технологиялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.Өз кезегінде Хорватия Даму және қайта құру банкінің (HBOR) басқарма төрағасы Хрвое Чувало қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік білдіріп, хорват компанияларының еліміздегі жобаларына қаржылық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/1070331?lang=kk
Қазақстан мен Малайзия экспорт пен инвестициялық жобаларды кеңейтеді 13.10.2025
Қазақстан әлемдегі халал өнімдер мен қызметтерді ілгерілетуге арналған ең ірі халықаралық платформа саналатын Malaysia International Halal Showcase (MIHAS) көрмесіне алғаш рет қатысып отыр. Көрмеде Қазақстанның ұлттық павильонында 20 отандық компанияның өнімі қойылған. Бұл еліміздің халал сегментіндегі экспорттық зор әлеуетінің көрінісі. MIHAS көрмесі жыл сайын Куала-Лумпур қаласында өтеді және халал өнімдерді халықаралық нарықтарға шығару, тәжірибе алмасу мен іскерлік байланыстар орнатуға арналған жаһандық алаң саналады. Қазақстанның бұл көрмеге қатысуы елдің халал индустриясының жаһандық экожүйесіне белсенді қатысуға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен экономикалық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді. Малайзияға сапарының алғашқы күнінде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев MIHAS-2025 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысып, экономикалық әріптестікті дамыту және негізгі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі мен Малайзияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі министрі Мохамад Сабу арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнімдерді жаңа нарықтарға шығару салаларындағы ықпалдастықтың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін дамыту және Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы ауыл шаруашылығы өнімдерін бәсекеге қабілетті бағамен Малайзия нарығына экспорттауға дайын екенін мәлімдеп, JAKIM ұйымының қазақстандық халал стандарттарын мойындауын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, санитарлық және ветеринарлық келісімдер, жаңа экспорттық бағыттарды ашу және өнімді қайта өңдеу саласындағы бірлескен инвестициялар мәселелері қарастырылды. Интеграцияланған логистикалық дәліздерді дамыту, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары мен екі ел арасында тікелей әуе қатынасын орнату мүмкіндіктері басты назарда болды. Малайзия тарапы ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялар мен технологиялар алмасуға, сондай-ақ академиялық және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын дамытуға қызығушылық білдірді. «Азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстан мен Малайзияның бірлескен күш-жігері екі ел үшін де орнықты даму мен тұрақтылықтың кепілі болмақ», - деп атап өтті министрлер. Сол күні ҚР Сауда және интеграция министрі Малайзияның Ұлттық сауда және өнеркәсіп палатасы (NCCIM) президенті Н. Гобалакришнанның басшылығымен ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында сауда айналымын ұлғайту, логистиканы дамыту, цифрландыру, жасыл энергетика, химия өнеркәсібі мен тамақ өнеркәсібі сияқты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Халал өнімдерін ілгерілету перспективаларына және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы Малайзияның Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу үшін стратегиялық хаб ретіндегі рөлін атап өтіп, малайзиялық компаниялардың Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі жобаларға қатысу мүмкіндіктерін ұсынды. Тараптар Қазақстан-Малайзия іскерлік кеңесінің жұмысын қайта жандандыру және оның келесі отырысын 2026 жылы Қазақстанда өткізу туралы келісімге келді. Бұл отырыста жаңа бірлескен жобалар ұсынылатын болады. «Біз NCCIM ұйымы Қазақстан мен Малайзия іскер топтарының арасындағы маңызды көпірге айналып, сауда мен инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз», - деді Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1070341?lang=kk
Эфиопия Дінаралық кеңесінің Бас хатшысы VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуда 13.10.2025
Астана, 2025 ж. 17-18 қыркүйек – Эфиопия Дінаралық кеңесінің Бас хатшысы Лике Тигухан Тагай Таделе мырза Астанада өтіп жатқан VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысып жатыр.​Форум бағдарламасы аясында ол «Дін – әлемді тұрақты дамыту факторы» атты 2-секцияда сөз сөйлеп, діни қауымдастықтар арасындағы диалогтың сенімді нығайтуда, бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетуде, сондай-ақ заманауи жаһандық сын-қатерлерді шешуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.​VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Қазақстан астанасына әлемнің 60 елінен 700-ден астам адамды жинап, жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін растады. Анықтама: Эфиопия – әлемдегі ең көне елдердің бірі, бай мәдени және діни мұраға ие (христиан діні IV ғасырдан, ислам VII ғасырдан бері ұстанылады). Бүгінде ел халқы 125 миллионнан асады, оның 44%-ы христиандар (негізінен Эфиопия православие шіркеуінің өкілдері), 34%-ы мұсылмандар және 23%-ы евангелистер. Негізгі діни топтарды біріктіру мақсатында 2010 жылы Эфиопияның дінаралық кеңесі (IRCE) құрылды – діни бостандықты, үйлесімділікті және өркендеуді қолдау мақсатында елдің негізгі діни қауымдастықтарын біріктіретін ұйым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1070349?lang=kk
Қазақстан мен Вьетнам мәдени ынтымақтастықты нығайтуда 13.10.2025
2025 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Бас директоры Нгуен Фыонг Хоа ханыммен кездесті.Тараптар, 2025 жылғы 4-5 қазанда Ханой қ. өтетін 1-ші Дүниежүзілік мәдениет күндер туралы пікір алмасты, оның барысында Елшіліктер өздерінің ұлттық тағамдары, костюмдері, фильмдері, өнер және мәдениет заттарын көрсетуге мүмкіндік алады.Қазақстан Елшілігі осы маңызды іс-шараға қосылу құрметіне ие болып, қазақ мәдениетін насихаттауға және Қазақстан мен Вьетнам арасындағы мәдени алмасуды одан әрі нығайтуға бағытталған өзінің қатысуын ресми тіркеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1070351?lang=kk
Анонс: «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы» 13.10.2025
«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 02 қазаннан 03 қараша аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.Сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда берілген телефон нөмірлері немесе электронды пошта арқылы хабарласа аласыз: тел. 8(7232) 702-361, 8(7232) 702-362, эл. пошта bilim@akimvko.gov.kz  , Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 59/1Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:1) талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық  актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1070365?lang=kk
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Қазіргі қоғамдағы архивтердің рөлі» 13.10.2025
18-19 қыркүйек күндері  Астанада «Архив: Жаңа дәуір, Жаңа мүмкіндіктер» атты «ASTANA ARCHIVE FEST» халықаралық архившілер форумы және де ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Форумда қазіргі қоғамдағы архивтың рөлі, сонымен қатар қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында архив ісінің даму тенденциялары мен трансформациясы талқыланады.Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Жетісу өңірінен қатысушылар - облыстық мемлекеттік архивінің бас директоры Истанбекова Гүлжихан Жұмаханқызы мен архивист Айтбекова Гүлназ Сейкенқызы.Осы іс-шараның өзекті мәселелері электронды құжат айналымы жүйесінің бөлігі ретінде электрондық архивтерді құру және басқару, олардың қолжетімділігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін архивтік қорларды цифрлық форматқа көшіру, архив  деректерін талдау және өңдеу үшін жасанды интеллект, машиналық оқыту және басқа да озық технологияларды қолдану, сондай-ақ бизнес, ғылым және мемлекеттік басқарудағы өзекті мәселелерді шешу үшін архивтік деректерді пайдалану болып табылады.Конференция Ресей Федерация, Татарстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан архив саласының өкілдерінің қатысуымен өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1070398?lang=kk
Таиландтың жетекші оқу орны – Чулалонгкорн университеті Орталық Азияны зерттеу бөлімін ашады 13.10.2025
Бангкок, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Таиланд астанасында Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Таиландтың Сыртқы істер министрлігінің бірлескен ұйымдастыруымен алғаш рет Орталық Азия күні өткізілді. Іс-шара елдің жетекші оқу орны – Чулалонгкорн Корольдік университетінде өтті.Басты жаңалық университет басшылығының Орталық Азияны зерттеу бөлімін ашатыны туралы мәлімдеуі болды. Өнер факультетінің деканы, профессор Сурадетч Чотиудомпанттың айтуынша, жаңа бөлім Таиланд пен Орталық Азия елдері арасындағы академиялық ынтымақтастыққа, ғылыми зерттеулерге және мәдени алмасуға арналған алаңға айналмақ.Таиланд СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Понгпрах Макчан Тай делегациясының Қазақстанға мақсатты сапарын дайындау туралы хабарлады, оның шеңберінде университеттер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен кездесулер жоспарланған.Мерекелік шарада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ұлттық павильондары жұмыс істеді. Қазақстан екі павильон ұсынды: біріншісі қонақтарды мәдени мұра, дәстүрлі кәдесыйлар және тұрмыс элементтерімен таныстырды, ал екіншісі, «Air Astana» әуе компаниясы мен «Pearl Vacation» туристік агенттігімен бірлесіп дайындалған, елдің туристік әлеуетін және жаңа саяхат мүмкіндіктерін таныстырды.Қонақтар қазақ халқының мәдениетімен, дәстүрлерімен жақынырақ танысып, ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік алды. Концерттік бағдарламада жергілікті халық шығармашылығы ансамблі «Катюша» орындаған «Аққу», «Арулар», «Көшбазар» билері және университет студенттері шырқаған Серік Мұсалимовтың «Менің Қазақстаным» әні ұсынылды.Орталық Азия күніне шамамен 300 адам қатысты. Олардың қатарында дипломаттар, Таиландтың мемлекеттік органдарының өкілдері, академиялық және іскер топтар, сондай-ақ кең жұртшылық болды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шара мәдени байланыстарды нығайтуға, ғылыми-білім беру жобаларын дамытуға, гуманитарлық және туристік ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңірінің Таиландтағы оң имиджін ілгерілетуге маңызды алаңға айналды.Анықтама үшін: Чулалонгкорн университеті (Chulalongkorn University) – Таиландтың ең көне әрі жетекші университеттерінің бірі. 1917 жылы король Рама VI әкесі, король Чулалонгкорнның (Рама V) құрметіне негізін қалаған. Бүгінде бұл елдегі ең ірі ұлттық зерттеу орталығы, халықаралық рейтингілерде тұрақты түрде жоғары орындарға ие. Университет білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсынып, халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытады, Таиландтың академиялық және ғылыми прогресінің флагманы болып саналады.2024 жылы Таиланд пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 237 млн. АҚШ долларын құрады, бұл Таиландтың Орталық Азия елдерімен жалпы сауда айналымының (шамамен 340 млн. АҚШ доллары) 70%-ына тең.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1070422?lang=kk
Облыс әкімдігінде жергілікті бюджеттің қосымша резервтерін қамтамасыз ету бойынша жол картасының орындалу барысы талқыланды 13.10.2025
2025 жылғы 11 қыркүйекте облыс Жамбыл облысының әкімі Е.Ш.Қарашөкеевтің төрағалығымен уәкілетті органдардың қатысуымен жергілікті бюджеттің қосымша резервтерін қамтамасыз ету жол картасының ағымдағы орындалу барысы туралы кеңес өтті.Жол картасының ағымдағы орындалу барысы туралы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Қ. Сарсембаев баяндады.Мемлекеттік бюджет бойынша 2025 жылдың 8 айының жоспары 102,7 пайызға орындалды, жоспар 188,2 млрд. теңге болса, нақты түскені 193,3 млрд. теңгені құрады, немесе 5,0 млрд. теңгеге артты. Өсу қарқыны 114,8 пайыз немесе  24,9 млрд. теңгеге артты.Жергілікті бюджет бойынша болжам 104,9 пайызға орындалды, жоспар 136,9 млрд. теңге болса, нақты түскені 143,6 млрд. теңгені құрады, немесе 6,7 млрд. теңгеге артты. Өсу қарқыны 118,7 пайыз немесе  22,7 млрд. теңгеге артты.Жеткізілген болжамды орындау мақсатында барлығы 8,9 млрд. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілген. Оның ішінде: камералдық бақылау шеңберінде -2,5 млрд.теңге, аудит бойынша-1,1 млрд. теңге, өндірістік емес төлемдер бойынша-1,5 млрд. теңге, басқа да бағыттар бойынша-0,9 млрд.теңге, сонымен қатар, уәкілетті органдармен іс-шаралар жоспары бойынша жол картасын іске асыру аясында оң нәтижеге қол жеткізіліп, бюджетке қосымша 2,9 млрд.теңге түсімдер қамтамасыз етілді.Баяндамамен келесі бағыттар қамтылды: берешектер, мемлекеттік сатып алу, басқа аумақтардың мердігерлері, инвестициялық жобалар, субсидиялар туралы ақпарат, берілген рұқсаттар, сауда қызметін бақылау, базар қызметі, сауда орындарын жалға алушылар, рейдтік іс-шаралар, мүліктік кіріс, еңбек мигранттарын анықтау және заңдастыру, жер, мүлік салығы, су пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер еткені және сыртқы жарнама орналастырғаны, жануарлар дүниесін ормандарды пайдалану үшін төлемақылар бойынша салық салынатын базаны ұлғайту шаралары, салық мөлшерлемелерің ұлғатуы, жер қойнауын пайдалану, акцизделетін өнімдерді бақылау және т.б.Т.Сарсембаев өз баяндамасында уәкілетті органдардың салықтық әкімшілендіруге қажетті мәліметтерді ұсынбауын және Жамбыл облысында қызметін (инвестициялық жобаларды) жүзеге асыратын салық төлеушілерді басқа өңірлерде тіркеуде тұрса да Жамбыл облысына тіркеуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Ол жол картасын жүзеге асырумен айналысатын барлық органдарды тиісті ақпаратты жедел және толық беруге, күш-жігерін күшейтуге және жол картасының белгіленген бағыттарын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.Облыстың мемлекеттік кірістер органдары жол картасын үнемі түрде жүзеге асыратындығын және алдағы уақытта да жалғасады.Жалпы алғанда, ағымдағы жағдай жол картасының белгіленген бағыттарын жүзеге асыруда оң нәтижелер көрсетіп отыр.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1070423?lang=kk
ШЫМКЕНТ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ, МАЖАРСТАН ЖӘНЕ ГЕРМАНИЯ ТУРОПЕРАТОРЛАРЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 13.10.2025
Оңтүстік Корея, Мажарстан және Германия туроператорлары іссапармен Шымкент қаласына келді. Сапар аясында Шымкенттің туроператорларымен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Құжаттың мақсаты – жаңа тікелей әуе рейстерінің ашылуына байланысты туристік байланысты дамыту және Шымкенттің халықаралық туристік әлеуетін арттыру.Қонақтарға қаланың басты туристік нысандары таныстырылды. Делегациялар «VisitShymkent» туристік ақпараттық орталығында, «Shymkent Creative Hub» алаңында, тарихи-мәдени кешен «Shym-Qala» цитаделінде, «Алтын Орда» галереясында және «Сейтжан Қари Есжанұлы» мешітінде болды. Сонымен қатар, Шымкент ипподромында ұлттық ойындар – «Көкпар» мен «Қыз қуу» ұсынылды.Бұл келісім Шымкенттің халықаралық серіктестіктерін кеңейтіп, туризм мен мәдени байланыстарды дамытуға тың серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1070064?lang=kk
«Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына дәріс оқылды. 13.10.2025
2025 ж.15.09. Солтүстік-Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі Аграрлық несие корпорациясы АҚ СҚО филиалында «Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына дәріс оқылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1070068?lang=kk
Қазақстан Елшісі Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің Бас директорына сенім грамоталарын табыстады 13.10.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің (IRENA) Бас директоры Франческо Ла Камераға сенім грамоталарын тапсырды.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде климаттың өзгеруімен бірлескен күресті және жаңартылатын энергетиканы адамзаттың орнықты болашағының аса маңызды факторы ретінде дамыту мәселелерін талқылады.Қазақ дипломаты IRENA жаңартылатын энергия көздерін ілгерілетуде мемлекеттерді біріктіретін беделді халықаралық алаң ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанның Агенттік жұмысына белсенді қатысуға, сондай-ақ екіжақты және көпжақты әріптестік байланыстарды нығайтуға дайындығын растады.Өз кезегінде Ф. Ла Камера ү.ж. 2–4 қазанда Астанада өтетін «KazEnergy Week – 2025» халықаралық форумының жұмысына қатысатынын растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екендіктерін білдірді.IRENA 2009 ж. 26 қаңтарда Бонн қаласында құрылған. Құрылтайшылар конференциясы барысында Агенттік Жарғысына әлемнің 75 мемлекетінің ресми өкілдері қол қойды. Бүгінде IRENA құрамына 169 мемлекет пен Еуропалық одақ мүше .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070121?lang=kk
«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізу басталғаны туралы хабарлайды 13.10.2025
«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізу басталғаны туралы хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1070124?lang=kk
Облыстық мәслихаттың кезекті XXV сессиясы өтті 13.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті XXV сессиясы өтті. Басқосуға құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, қала және аудан әкімдері, мәслихат депутаттары қатысты. Күн тәртібінде 9 мәселе қаралды.Аймақ басшысы өңірде ауқымды жұмыстың жүзеге асырылуына қатысты мәселелерді қозғап, ұсыныстарын жеткізді.«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Ендігі кезекте Сіздермен бірлесіп, Президентіміздің Жолдауынан туындайтын міндеттерді сапалы әрі мерзімінде жүзеге асыруымыз қажет.Баршаңызды ел игілігі жолындағы жұмысты ауызбірлікпен, асқан жауапкершілікпен атқаруға шақырамын.Бүгінде аймағымызда Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің ерекше қолдауымен ауқымды инвестициялық жобалар қарқын алды. Өткен 8 айдың қорытындысымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді.Биыл облыс бюджеті 829 млрд. 200 млн. теңге болды, 2022 жылдан бері 228 пайызға өсті. Оның 477 млрд. 600 млн. теңгесі (58%-ы) әлеуметтік саланың үлесінде.Даму бюджетінің көлемі 2022 жылғы 62 млрд.теңгеден 214 млрд.теңгеге дейін артты (3,5 есе). Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.Бүгінде өңірде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ірі жобалар жүзеге асырылуда. Биылға 631 млрд. 400 млн. теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланса, жаңа жобаларды іске қосу есебінен жоспар 716 млрд. теңгеге дейін артығымен орындалады. Қазіргі таңда 408 млрд. 200 млн. теңге инвестиция тартылды.Биыл құны 302 млрд. 500 млн. теңге болатын 27 жоба іске қосылады. Облыста 166 млрд. 800 млн. теңгеге 96 жобаның құрылысы жүруде.Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаламыздағы 623 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін газдандыру деңгейін 83 пайызға жеткіземіз.Биыл 189 600 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 80 900 гектарға күріш егілді. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес су үнемдеу технологияларын қолдану, суды аз қажет ететін дақылдар көлемін ұлғайту үшін кешенді шаралар атқарылуда», – деді Н.Нәлібаев.Сессияда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бейнекамералар орнату, алдағы жылу беру маусымын іркіліссіз өткізу, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алу, Қызылорда қаласының архитектуралық-сәулеттік келбеті мен туристік әлеуетін арттыру, тұрғындарды ауыз сумен жабдықтау, кәріз желілерін жүргізу, «Сабалақ» елді мекенін газдандыру және басқа да ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыстық мәслихат сессиясының қарауына 2025 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы ұсыныс енгізілді.Бұл қаражат облыстық бюджеттің өз кірістерін ұлғайту, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржыны қысқарту есебінен қалыптасқан.Сондай-ақ, сессияда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов, облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов баяндама жасады.Мәслихат депутаттары ұсыныстарға қолдау білдіріп, олардың барлығы кезек күттірмейтін маңызды мәселе екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1070125?lang=kk
Қазақстанда цифрлық қаржы активтерін реттеу енгізіледі 13.10.2025
Банктер туралы жаңа заң қаржылық-технологиялық секторды одан әрі дамыту және цифрлық қаржы активтерін реттеу үшін жағдай жасайды.Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Парламент Мәжілісінде таныстыру барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы  Жолдауларын іске асыру мақсатында әзірленді.Қазіргі уақытта қаржылық қызметтерді ұсынудың жаңа модельдері, оның ішінде маркетплейстер арқылы қаржылық қызметтер көрсету және банктердің қаржылық-технологиялық компаниялармен өзара әрекеті белсенді дамып келеді.«Банктер туралы заңда банктердің цифрлық технологиялар, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік, биометрия, жасанды интеллект және телекоммуникация салаларында жұмыс істейтін қаржылық-технологиялық компаниялардың капиталына инвестициялау жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейту көзделген. Бұл ретте мұндай инвестициялар үшін банктердің көрсетілген компаниялардың капиталына қатысу мөлшері мен үлесі бойынша лимиттер белгіленетін болады», – деп хабарлады Агенттік Төрағасы.Оның айтуынша, банк өзінің технологиялық инфрақұрылымын өзге ұйымға беру жолымен банк қызметін жүзеге асыру кезінде осы ұйымның клиенттері алдында банк қызметтерін тиісінше көрсеткені үшін дербес жауапты болады.«Заң жобасының негізгі жаңалығы – активтердің жаңа класы ретінде цифрлық қаржы активтерін (ЦҚA) реттеуді енгізу. Заң жобасында цифрлық қаржы активтерінің үш түрі көзделген: біріншісі – ақшаға талап ету құқығын растайтын цифрлық активтер, яғни  –  стейблкоиндер, екіншісі –  базалық активпен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтері және үшіншісі –цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары», – деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.Стейблкоиндердің шығарылымын және айналысын Ұлттық Банк реттейді. Басқа цифрлық қаржы активтерінің түрлерін реттеу өкілеттіктері Агенттікке беріледі, онда базалық активпен қамтамасыз етілген цифрлық активтердің және цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының шығарылымы мен айналысына қойылатын талаптарды белгілеу көзделген.«Цифрлық қаржы активтерін қаржы нарығының жаңа субъектілері, яғни цифрлық платформалар операторлары шығаратын болады.  Бұл қаржы нарығының жаңа субъектілері, олардың қызметіне Ұлттық Банк лицензия береді», – деп толықтырды қаржы реттеушісінің басшысы. Цифрлық қаржы активтеріне қолданыстағы қаржы құралдары үшін белгіленген ұқсас талаптар, оның ішінде тәуекелдерді басқаруға, ақпаратты жария етуге және инвесторлардың құқықтарын қорғауға қатысты талаптар қойылатын болады. Бұл олардың айналысының ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.«Заң жобасына түзетулердің едәуір блогы ұлттық қаржы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Цифрлық теңгенің ұлттық валютаның жаңа нысаны ретіндегі мәртебесі заңнамалық түрде  бекітіледі. Цифрлық теңгенің айналысы және оны пайдалану тәртібін  Ұлттық Банк айқындайды», – деп мәлімдеді ҚНРДА Төрағасы. Бұдан басқа, төлем ұйымдарының қызметін реттеуді күшейту көзделеді. Олардың капиталы мен тәуекелдерді басқару жүйесіне қосымша талаптар белгілеу жоспарлануда.Банктер туралы жаңа заң жобасында технологиялық өзгерістер, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін арттыру, бәсекелестікті күшейту және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ қаржылық-технологияларды ілгерілету және цифрлық активтердің айналымын ырықтандыру мәселелері ескеріледі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1070131?lang=kk
Елбасының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру лекциясы 13.10.2025
Бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Елбасының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру лекциясы өтті. Бөлім қызметкерлері Жолдаудың негізгі ережелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1070152?lang=kk
Қазақстанда бизнеске әкімшілік жүктеме азайып келеді 13.10.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлік саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу жалғасуда.2024 жылғы 6 сәуірде мемлекеттік бақылауды жетілдіруді және 10 мыңнан астам артық және негізсіз талаптың күшін жоятын, Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Бас прокуратураның дерегінше, 2024 жылы бизнеске бақылау жүктемесі 2019 жылмен салыстырғанда 58% - ға төмендеген.Инвесторларды қорғау мақсатында 2024 жылғы 30 желтоқсанда Биржалық сауда және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі заң арқылы "прокурорлық сүзгі" тетігі енгізілді. Ол бойынша, шектеу және тыйым салу шараларын прокурормен міндетті түрде келісу қажет.Есептік міндеттеме айтарлықтай қысқарды. 381 ақпараттық құралдың 192-сі немесе есептіліктің барлық түрінің 49% - ы жойылды.Лицензиялау және рұқсат беру жүйесін жетілдіру жалғасуда. Жыл соңына дейін біліктілік талаптарын қайта қарау, сондай-ақ рұқсат құжатын беру рәсімі мен мерзімді оңтайландыру жоспарлануда.Сонымен қатар орта бизнесті дамыту бойынша бастамалар іске асырылуда. Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп, өндірістік саладағы кәсіпорындарды сервистік қолдау бағдарламасы іске қосылды. Ол жергілікті және халықаралық сарапшыларды тарту арқылы консультациялар, сондай-ақ компанияларды дамытудың жеке жоспарын әзірлеуді көздейді.Негізгі бағыттың бірі —қаржылық қолдау тетігін дамыту. Мәселен, кредиттеуге қол жеткізуді арттыру үшін портфельдік субсидиялау құралы қолданылады. Шағын және шағын кәсіпорындар 12,3% мөлшерлемемен және 3 жылға дейінгі мерзіммен 200 млн теңгеге дейінгі кредитке субсидия ала алады. Жобаларды қарауды екінші деңгейдегі банктер тікелей жүзеге асырады. Бұл процесті жылдамдатып, қаржыландыруға қол жеткізбек. 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін 309,8 млрд теңге кредит сомасына 2 238 жоба субсидияланып, 120 млрд теңгеге субсидия төленді.Сондай-ақ, "Даму" қорының базасында шағын және орта бизнес үшін (жобалар 7 млрд теңгеге дейін) және ірі инвестициялық жобалар үшін (7 млрд теңгеден бастап) екі кепілдік қоры құрылған. Олардың ерекшелігі қайтарылмайтын және сөзсіз кепілдіктер, сондай-ақ өтінімді қараудың жеделдетілген рәсімі. Бүгінгі таңда 228,1 млрд теңгеге 1 346 ШОБ жобасы және 7,1 млрд теңгеге бір ірі жоба қолдау тапты.Экономикалық өсуді жандандыру үшін "Өрлеу"жеңілдікті қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылды. Ол жылдық 12,6% белгіленген мөлшерлемені және бір қарыз алушыға 7 млрд теңгеге дейінгі лимитті көздейді. Қаржы бөлу қоса қаржыландыру шарты арқылы жүзеге асырылады: 60% – банк қаражаты, 40% – "Даму" қорынан. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, агроөнеркәсіптік кешенге, логистикаға, білім беру мен денсаулық сақтауға беріледі. Бағдарлама шеңберінде 284 млрд теңгеге 630 жоба қаржыландырылды.Ауылдық жерлерге ерекше назар аударылады. 2023 жылдан бастап өңірлердің әлеуетін арттырып, жергілікті бренд құруға арналған "Бір ауыл – бір өнім" жобасы іске асырылуда. Финалистер JICA қолдауымен Токиодағы "FOODEX JAPAN 2025" көрмесіне де, республикалық және халықаралық көрмелерге де белсенді қатысады. 2025 жылы Marvin желісімен финалистердің өнімдерін, соның ішінде домбыра, ұлттық кәдесыйлар мен патенттелген Арал сабынын сатудағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1070166?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1070993?lang=kk
«Автокөлік әуесқойлары интернет-алаяқтардың нысанасына айналды 13.10.2025
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алукомитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктіңтәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде қарқын алып жатқанжаңа киберқауіп туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздерге сәйкес («Department of Motor Vehicles» (АҚШ)https://www.dmv.ca.gov/portal/dmv-scam-alert/,«Комсомольскаяправда»https://www.yar.kp.ru/online/news/6556683/?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838,«Аргументы и Факты»https://yar.aif.ru/incidents/kriminal/v-yaroslavskoy-oblasti-moshenniki-prisylayut-feykovye-shtrafy-za-narusheniepdd?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd5b7d-88a2-cdfeb21a5838) зиянкестер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалғанқаулыларды жаппай жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондықпошта мен мессенджерлерге жіберіледі және жүргізуші, көлік нөмірі туралыдеректерді және «айыппұл төлеуге» сілтемені қамтиды.Шын мәнінде, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректеріненгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткізіледі және барлыққаражатты ұрлау мүмкін. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыданжеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.Бүгінгі күні, шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтанмұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар.Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқанөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды. Салынғанайыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильдіқосымшаларына да берілетінін естеріңізге саламыз.Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және ондатөлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндайхабарламаларды алаяқтар жібереді!Ұсынамыз: - сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардыңтіркемелерін ашпаңыз; - айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресмиресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеріңіз.Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген болсаңыз: - банк картасын шұғыл бұғаттаңыз; - ықтимал алаяқтық фактісі туралы банкке және полицияға 102телефоны арқылы хабарлаңыз; - құрылғыны вирустың бар-жоғына тексеріңіз.Сақ болыңыз. Жақындарыңызды ескертіңіз. Алаяқтарғамүмкіндік бермеңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/1071325?lang=kk
Автокөлік әуесқойлары интернет-алаяқтардың нысанасына айналды 13.10.2025
Под прицелом автолюбители  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1072811?lang=kk