Халықпен есептік кездесу

Халықпен есептік кездесу

04.05.2026 16:19:23 272

   2026 жылдың 30 сәуірінде қала әкімі Абдралиев Б.Т. халықпен есептік кездесу өткізіп, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.
  Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы перспективаларына ерекше назар аударылды. Болат Тансықбаевич қаланың болашағы зор екенін атап өтті: бірлескен күш-жігердің арқасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қала көркейіп, тартымды бола түсуде, жаңа өндіріс орындары ашылып, қосымша жұмыс орындары құрылуда, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуда.
   Диалог барысында қаланы көгалдандыру, автомобиль жолдарын жөндеу және өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Кездесу конструктивті жағдайда өтіп, тұрғындардың қала дамуына деген жоғары қызығушылығы атап өтілді.
   Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі азаматтарды жеке қабылдап, қажетті түсіндірмелер берді, сондай-ақ тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, көтерілген мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1213690?lang=kk