Enbekshi QazaQ

Қоғам

Бейнеуде «Душанбе-Волгоград» пойызының жолаушысынан 84 литр контрабандалық алкоголь тәркіленді 29.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь өнімдерінің ірі партиясын заңсыз әкелу әрекетінің жолын кескенін хабарлайды.2026 жылғы 20 сәуірде «Бейнеу» кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен бірлесіп, Бейнеу станциясында № 329 «Душанбе – Волгоград» жолаушылар пойызына кедендік бақылау жүргізу барысында шетелдік өндірістің 84 литр (168 бөтелке) декларацияланбаған алкоголь өнімдерін анықтап, тәркіледі.Тауар Өзбекстан азаматшасы Ю. (1994 жылы туған) жолаушының жеке заттарының арасында болған. Әйел алкогольді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы міндетті декларациялаусыз және кедендік төлемдерді төлемей, багажында жасырып өткізуге тырысқан.Іс материалдарын қарау нәтижесінде 2026 жылғы 24 сәуірде Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық соты Ю. азаматшасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 545-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған 64 875 теңге (15 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынып, тәркіленген тауарды конфискацияға алу тағайындалды.Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: акцизделетін тауарларды, оның ішінде алкоголь өнімдерін кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу әкімшілік жауапкершілікке, тауарды тәркілеуге және елеулі айыппұл салуға әкеп соғады, егер бұл әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтымаған жағдайда.Заңды түрде қанша алкоголь әкелуге болады? Еуразиялық экономикалық одақтың нормаларына сәйкес, 18 жастан асқан бір жеке тұлға жеке пайдалану үшін:- 3 литрге дейін алкогольдік сусындар мен сыраны — бажсыз;- 3-тен 5 литрге дейін — кедендік баж төлеу арқылы (3 литрден артық әр литрі үшін 10 еуро);- 5 литрден астам — тыйым салынған.Кедендік ережелерді сақтау — Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін әрбір азаматтың міндеті. Өңірдегі кеден бекеттерінің қызметкерлері мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау, контрабанданы болдырмау және сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларының заңнаманы қатаң сақтауын қамтамасыз ету бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1211555?lang=kk
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының басталуы туралы хабарландыру 29.04.2026
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының басталуы туралы хабарландыруҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады.Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Агенттіктің аумақтық департаменттеріне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес фотосурет; 3) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өмірбаяны; 4) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы бейнеролик.Конкурсты өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі ақпарат әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған.Құжаттарды қабылдау 04.05 - 14.05.2025ж. аралығында жүзеге асырылады.Құжаттарды жіберу үшін байланыстар: 8 708 7464299, ugu505@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1211577?lang=kk
Шығармашылық тандем 29.04.2026
Шығармашылық тандем           28 сәуір күні Федоров аудандық балалар кітапханасында аудан орталығының оқушыларына арнап шақырылған жазушы Алексей Васильевич Олексюк пен қостанайлық белгілі суретші-иллюстратор Нина Сергеевна Олексюк-Коровинаның қатысуымен «Шығармашылық тандем» кеш-портреті өткізілді. Қонақтар өздері туралы, өз шығармашылықтары туралы айтып берді, сондай-ақ иллюстрациялар жасау және поэзия бойынша қызықты шеберлік сыныптарын өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1211586?lang=kk
Мемлекеттік қаржыны басқару мәселелері бойынша IV Халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасы делегациясының сөз сөйлеуі туралы 29.04.2026
2026 жылғы 22–23 сәуір күндері Самарқанд қаласында ТМД-ның жекелеген елдерінің қаржы органдары өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қаржыны басқару саласында тәжірибе алмасуға арналған IV Халықаралық конференция өтті.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Тәуекелдерді басқару басқармасының басшысы Олжас Нұқаев «Бюджеттік тәуекелдерді басқару: цифрлық аудиттегі Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.Сөз сөйлеу барысында цифрлық аудитті және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу тәсілдері, оның ішінде онлайн бюджеттік мониторингте жасанды интеллект элементтерін пайдалану мәселелері таныстырылды. Аталған шешімдер бюджет процесінің бастапқы кезеңдерінде тәуекелдерді анықтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Ұсынылған тәжірибе Конференция қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Бірқатар елдердің делегациялары Қазақстанның цифрлық шешімдерінің практикалық маңыздылығын атап өтті.Конференция тәжірибе алмасу және бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдерін талқылау алаңына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1211594?lang=kk
Резидент еместердің табысын тану мерзіміне қойлатын талаптарды ұзақмерзімді жобалар үшін жұмсарту ұсынылды 29.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 13-ші отырысында Қазақстанның резидент еместерінің аванс бойынша міндеттемелері түріндегі кірістерін тану мерзімдері мен шарттары қаралды.Талқылау барысында салық органдары мерзімдерді ұзарту кезінде теріс пайдалану тәуекелдері бар екенін жеткізді. Жиын қорытындысында Салық кодексіне ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар үшін, сондай-ақ әуе кемелерін сатып алатын авиакомпаниялар үшін ерекшелік түрінде резидент еместердің кірістерін тану мерзімін ұзарту мүмкіндігін көздейтін өзгерістерді енгізу туралы шешім қабылданды. Мұндай ерекшеліктерді қолдану қажеттілігі бейінді салалық министрліктің қорытындысымен расталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1211607?lang=kk
Қазақстан мен Черногория цифрландыру және мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты талқылады 29.04.2026
Подгорица, 2026 жылғы 29 сәуір - Қазақстан Республикасының Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногорияның Мемлекеттік басқару министрі Мараш Дукаймен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар цифрлық трансформация саласындағы қазақстандық-черногориялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде мемлекеттік басқару, GovTech, мемлекеттік қызметті жаңғырту және жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады.Черногория тарапына Қазақстанның цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесі, оның ішінде E-Qyzmet жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау жөніндегі тәсілдері таныстырылды.Тараптар аталған бағыттар бойынша тәжірибе алмасу, сарапшылық байланыстарды дамыту және шарттық-құқықтық базаны нығайту арқылы өзара іс-қимылды кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтті.Министр Мараш Дукай Қазақстанмен цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық тәжірибені зерделеуге қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және белгіленген бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1211622?lang=kk
2026 жылғы салық реформасы: ҚҚС қайтару, төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу, сондай-ақ бизнестің банкроттығы 29.04.2026
2026 жылғы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында салық заңнамасының өзекті мәселелеріне арналған брифинг өтті. Кездесуде қосылған құн салығының (ҚҚС) артық сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібі, салықтар, төлемдер және (немесе) өсімпұлдар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың банкроттығы рәсімі қаралды.Іс-шара барысында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Асхат Жібітаев 2026 жылғы салық реформасы аясында енгізілген ҚҚС қайтару тетігіндегі негізгі өзгерістер туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне мәлімдеді. Жаңа Салық кодексі ҚҚС артық сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібін едәуір кеңейтті. Енді қайтару салықтық тексерулер жүргізілмей, салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүзеге асырылады.Жеңілдетілген тәртіпті қолдану құқығы салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілерге, сондай-ақ айналымының кемінде 50 пайызы нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын операциялардан тұратын компанияларға беріледі. Белгіленген талаптар сақталған жағдайда ҚҚС 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Бұл өзгерістер әкімшілік жүктемені азайтуға, экспорттаушыларды қолдауға және іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған.Сондай-ақ Салық кодексінің 132–134-баптарында көзделген салықтар, төлемдер және өсімпұлдар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу тәртібі түсіндірілді. Кейінге қалдыру 6 айға дейінгі мерзімге, ал бөліп төлеу 36 айға дейін беріледі. Бұл шаралар салық төлеушінің уақытша қаржылық қиындықтары болған жағдайда, оның ішінде төтенше жағдайлар, қызметтің маусымдық сипаты немесе өзге де дәлелденген негіздер болған кезде қолданылады. Белгілі бір талаптар сақталған жағдайда мұндай жеңілдіктер кепілсіз де берілуі мүмкін.Департаменттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова заңды тұлғалардың банкроттығы рәсімі туралы ақпарат берді. Банкроттық – сот шешімімен танылатын төлем қабілетсіздік, ол компанияны таратуға және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған. Оның негізі – міндеттемелер активтерден асып түсетін тұрақты төлем қабілетсіздік. Рәсім борышкердің өзі немесе кредиторлар бастамашы бола алады және банкроттық басқарушының қатысуымен орта есеппен 9 ай ішінде жүргізіледі. Заңнамада лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылған, оның ішінде әдейі банкроттық жағдайында – активтерді шығару, мүлікті жасыру немесе қаржылық есептілікті бұрмалау фактілері анықталған кезде субсидиарлық жауапкершілік көзделеді.Брифингті қорытындылай келе, Департамент өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап беріп, салық заңнамасын практикалық қолдану мәселелері бойынша қосымша түсіндірмелер ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1211645?lang=kk
2026 жылы артық төленген салықтарды есепке жатқызу және қайтару тәртібі 29.04.2026
2026 жылы артық төленген салықтарды есепке жатқызу және қайтару тәртібіҚазақстан Республикасының Салық кодексінің 120–123-баптарына сәйкес артық немесе қате төленген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және өсімпұлдарды есепке жатқызу және қайтару тәртібі белгіленген.Есепке жатқызу немесе қайтару мемлекеттік кірістер органдарымен салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүзеге асырылады.Артық төленген сома – тиісті салық, төлем немесе өсімпұл бойынша нақты төленген және есептелген сомалардың арасындағы, бұрын жүргізілген есепке жатқызулар мен қайтаруларды ескере отырып анықталатын оң айырма.Өтініш Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ұсынылады.Өтінішті келесі тәсілдермен беруге болады:«Салық төлеушінің кабинеті ИСНА» арқылы;eGov.kz порталы арқылы;e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (жеке тұлғалар үшін);«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз түрінде.Артық төленген сомаларды қайтару салық төлеушінің банктік шотына өтініш тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, салық берешегі болмаған жағдайда жүзеге асырылады.Қосымша ақпарат алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына немесе 1414 нөміріне хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1211646?lang=kk
Тұрғын үйді жалға беру: салық міндеттемелері және ҚР заңнамасының талаптары 29.04.2026
Камералдық мониторинг басқармасы жариялау үшін мақаланы жолдайды:«Қазақстан Республикасында тұрғын үйді жалға беру кең таралған табыс көзі болып табылады, алайда ол салық заңнамасының талаптарын сақтауды қажет етеді.Жеке тұлғалар қызметті келесі тәртіптермен жүзеге асыра алады:1. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей:- Жалдамалы жұмыскерлер болмаған және жылдық табыс 360 АЕК-тен аспаған жағдайда қолданылады.- Келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін 270.00 нысаны бойынша декларация тапсырып, 25 қыркүйекке дейін салық төлеу қажет. Ставка — табыстың 10%-ы.2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі:- Айлық табыс 300 АЕК-тен аспайды және жалдамалы жұмыскерлер жоқ.- E-Salyk Business қосымшасы пайдаланылады. ЖТС — 0%, әлеуметтік төлемдер — 4%.3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер:- Жылдық табыс 600 000 АЕК-тен аспайды.- 910.00 нысаны бойынша декларация тапсырылады (жылына екі рет — 15 тамызға дейін және 15 ақпанға дейін). Салық — 4% + әлеуметтік төлемдер».Осылайша, салық төлеушілер табыс деңгейіне және өзге де шарттарға байланысты қызметті жүзеге асырудың оңтайлы тәртібін дербес таңдауға құқылы, бұл ретте салық есептілігін уақтылы тапсыруды және бюджетке тиісті салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1211653?lang=kk
ШҚО бойынша МКД-нің командасы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық Спартакиадада жүзуден жеңіске жетті 29.04.2026
Шығыс Қазақстан облысында қалалар мен аудандардың, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметкерлері арасында XIX облыстық Спартакиада жалғасуда.Спорттық іс-шараны ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті және облыстың Дене шынықтыру және спорт басқармасы.Спартакиаданың негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру.Кезекті жүзу жарыстары кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірінші орынды иеленді.Қатысушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1211682?lang=kk
Алешин ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 29.04.2026
2026 жылғы 13 мамырда   Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Алешин ауылдық округінің  тұрғындармен  кездесуі  өткізіледі.Өткізілетін орны: Молодежное ауылы, мектеп ғимараты, сағат 10.00.Тұрғындрмен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87  нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1211715?lang=kk
*ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ…» ПОЭТИКАЛЫҚ ТОЛҒАУЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ* 29.04.2026
2026 жылғы 28–29 сәуір күндері Шымкент жастар театры сахнасында «Қалың елім, қазағым…» поэтикалық толғауының премьерасы өтті.Қойылымда Абай Құнанбайұлы мен Махамбет Өтемісұлы шығармашылық мұрасы тоғыстырылып, ұлттық рух, тарихи жады және қоғамдық сана мәселелері заманауи театр тілі арқылы көркем бейнеленеді.Бұл жоба – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің (Дариға Тұранқұлованың жетекшілігімен) дуалды оқыту аясындағы алғашқы сахналық жұмысы.Қоюшы режиссері – Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.*Аталған жоба Аида Балаева жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі айқындаған мәдени саясаттың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен заманауи театр өнерін дамытуға бағытталған.*«Қалың елім, қазағым…» қойылымы – театрдың шығармашылық ізденісін айқындайтын және жас көрерменнің рухани дүниесін байытуға бағытталған маңызды жоба.
Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында орналасқан Білім беру ұйымдарында оқушылар мен 29.04.2026
Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында орналасқан Білім беру ұйымдарында оқушылар мен ата-аналары арасында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ интернет ресурстары арқылы кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың профилактикасы жөнінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының орынбасары полиция полковнигі К.Миркасовпен мектептің ата-аналар комитетінің төрағалығы мен мектеп оқушыларының ата-аналары және мектеп директоры мен олардың орынбасарлары, сынып жетекшілері, психолог мамандардың қатысуымен қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жиналыс барысында ата-аналардың балаларға бақылауды күшейту, соның ішінде олардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін қадағалау қажеттілігі жеткізілді.Мектеп басшылығына оқушылармен сынып сағаттарын өткізу барысында жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілердегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, құқықбұзушылықты алдын алу, буллинг, сталкинг, нашақорлыққа жол жоқ тақырыптары бойыша түсіндіру жұмыстарын жиі ұйымдастыру айтылды.#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 сәуірде өтеді 29.04.2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 сәуірде өтедіҚала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 30 сәуірде Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».Акция Шымкент қаласында «Арбат» демалыс аймағы  (Бейбітшілік көшесі  №4-6) 2026 жылы 30 сәуірде сағат 16.00-де  басталады.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.
ТӨЛЕМ ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ ҚАТЕЛІКТЕР: ТАУАРДЫҢ БӨГЕЛУІНЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ? 29.04.2026
Қате толтырылған төлем құжаты — тауардың шекарада «тұрып қалуының» ең жиі кездесетін себептерінің бірі. Тіпті бір сандағы қателік төлемнің анықталмағандар санатына түсуіне, ал кедендік декларацияның уақтылы шығарылмауына әкеп соғуы мүмкін.106104, 106201 және 105102 КБК-лары бойынша төлем жасау кезіндегі ең көп тараған қателіктер:КБК-ларды шатастыруТөлеушілер қаражатты жиі басқа кодқа аударып жатады. Еске саламыз:106104 КБК — Әкелінетін кедендік баж (ЕАЭО елдері арасында бөлінеді).106201 КБК — Кедендік алымдар (ресімдеу қызметі үшін төлем, бекітілген сома).105102 КБК — Импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС (ЕАЭО-дан тыс елдерден келетін тауарлар үшін).Мемлекеттік кірістер органының (МКО) қате кодыҚаражат тауарды кедендік ресімдеу жүргізілетін басқармаға түсуі тиіс. Егер МКО кодынан қателессеңіз, төлем жеке шотта көрінбейді және жүйе декларация беру кезінде төлемді қабылдамайды.БСН/ЖСН қате көрсетуБұл филиалдары көп компаниялар үшін өзекті. Төлем декларацияда көрсетілген тұлғаның атынан жасалуы шарт.Соманың жетіспеуі (Валюта бағамы)Егер кедендік баждарды есептеу валютаға байланысты болса, декларация тіркелген күндегі бағамды ескеру маңызды. Бағам айырмашылығына байланысты бірнеше теңге жетпесе де, тауардың шығарылуы бұғатталуы мүмкін.✅ ТӨЛЕМДІ ЖІБЕРЕР АЛДЫНДАҒЫ ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ:КБК өзектілігін тексеріңіз.МКО кодын (тауар нақты қайда импортталады) нақтылаңыз.Төлеушінің БСН/ЖСН деректері құжаттармен сәйкес екеніне көз жеткізіңіз.Егер валюта бағамы тұрақсыз болса, бірнеше теңге артығымен төлеңіз.Уақытыңызды үнемдеңіз — «Төлеу» батырмасын баспай тұрып, деректерді тексеріңіз! 💻📱Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1211500?lang=kk
Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтілді. 29.04.2026
Назар аударыңыз! Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтілді. Құрметті аудан тұрғындары және қонақтар! Бүгін 29 сәуір 2026 жылы аудан орталығында орналасқан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өткізілуде. Оқу-жаттығу барысында Кеген аулының бірқатар аумағында жол қозғалыстары шектелуі мүмкін. Тұрғындар мен қонақтар үрейге бой алдырмай, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1211452?lang=kk
Республикалық «Шаңырақ» байқауының облыстық кезеңі 29.04.2026
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 29 сәуірінде мектеп жасына дейінгі балалармен «Шаңырақ» Республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 8 аудан/қалаларынан келіп түскен 8 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:1-орын – ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК;2-орын – Зайсан ауданы ЖШС «Бахытнұр» ЖМ «Балапан» бөбекжайы, ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Золотая рыбка» балабақша-бөбекжайы» КМҚК;3-орын – ШҚО ББ «Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Күншуақ» арнайы балабақшасы» КММ, ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ручеёк» балабақша-бөбекжайы» КМҚК, ШҚО ББ «Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Дәншік» балабақшасы-бөбекжайы» КМҚК;«Дәстүрін дәріптеген отбасы» аталымы - ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Катюша» балабақша бөбекжайы» КМҚК;- «Үлгілі отбасы» аталымы - ШҚО ББ «Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Марқакөл ауылының балабақшасы» КМҚК.Жеңімпаз ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК жұмысы байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама алды.Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1211420?lang=kk
Ағаш отырғызу бойынша республикалық челлендж 29.04.2026
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылғы 29 сәуірде ағаш отырғызу бойынша республикалық челлендж ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын дамыту және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыру, сондай-ақ оны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау болды.Челленджге Шығыс Қазақстан облысының барлық мектептері қатыстып, 5205 ағаш отырғызылды. Жалпы қамтылған оқушылар саны 6247-ні құрады.Іс-шара барысында білім алушылар мектеп аумақтарын көгалдандыруға қатысып, әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, қатысушылармен табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие және қоршаған ортаны сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтер оқушыларға ағаш отырғызудың маңызы мен жасыл желектерді күтіп-баптау ережелері туралы айтып, олардың экологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.Челлендж тек ағаш отырғызумен шектеліп қана қоймай, оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың еңбекқорлық, жауапкершілік және табиғатқа ұқыпты қарау қасиеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.Ағаш отырғызу — болашаққа жасалған игі қадам. Табиғатты қорғау — әрбір адамның ортақ міндеті. #ТазаҚазақстан #Адалазамат #ЧелленджПосадкадеревьевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1211423?lang=kk
2026 жылдың 29 сәуірде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы болып өтті. 29.04.2026
 Депутаттар бірінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Н. О. Бажировтың «2025 жыл бойынша Меңдіқара ауданы бюджетінің орындалуы туралы» ақпаратын тыңдады.  Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі                Ренат Серікбайұлы Досаевтың баяндамасын тыңдады.   Екінші сұрақ бойынша «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а. А. К. Ахметбекованың «2025 жыл бойынша Меңдіқара ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы» ақпаратын тыңдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1211424?lang=kk
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда 29.04.2026
Қостанай қаласында жылдың ең ірі отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі — «QOSTANAI TECH» өз жұмысын жалғастыруда. Ауқымды іс-шараға облыс тұрғындары, еліміздің түрлі өңірлерінен келген қонақтар, бизнес, ғылым, ІТ саласының өкілдері мен жастар көптеп жиналды.Таңертеңнен бастап «Жастар сарайы» мен оған іргелес аумақ ғылымға, технологияға және цифрлық экономиканың болашағына қызығушылық танытқан жандардың бас қосатын орталығына айналды.Фестивальдің ашылуына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, бүгінде технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту өңірдің және тұтас елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты факторлардың біріне айналғанын атап өтті.— Бүгінде цифрландыру, роботтандыру және жасанды интеллект өндіріс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және қызмет көрсету салаларына кеңінен еніп отыр. Біздің басты міндетіміз — білім экономикасын қалыптастырып, жаңа буын мамандарын даярлау, — деді өңір басшысы.Фестивальдің іскерлік бағдарламасындағы ерекше оқиғалардың бірі — Нобель сыйлығының 2007 жылғы лауреаты, оңтүстіккореялық дипломат және ғалым Ра Квон Чунгтың онлайн байланыс арқылы қатысуы болды.Өз сөзінде ол технологиялық дамудың тұрақты даму және экологиялық жауапкершілікпен тығыз байланыста жүруі қажеттігін ерекше атап өтті.— Экономикалық өсім болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен қоршаған ортаға деген қамқорлықсыз мүмкін емес, — деді Нобель лауреаты фестиваль қатысушыларына арнаған үндеуінде.Осындай халықаралық деңгейдегі спикердің қатысуы форумның мәртебесін арттырып, оны технологиялар мен болашақ мәселелері жөніндегі жаһандық диалог алаңы ретінде айқындай түсті.Қазіргі уақытта фестиваль аясында интерактивті аймақтар, заманауи технологиялар көрмесі, VR және AI алаңдары, робототехника зертханалары, киберспорт аренасы, балалар мен ересектерге арналған ғылыми шоулар жұмыс істеуде.Қонақтардың ерекше қызығушылығын виртуалды шындық арқылы ауыл шаруашылығы техникасын басқару, электромобиль құрастыру желілерінің симуляциясы және инженерлік шеберлік сабақтары тудырып отыр.Сонымен қатар халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен TED форматындағы баяндамалар жалғасуда.Фестиваль әлі де жалғасуда. Алда қонақтарды өндірістік экскурсиялар, хакатон финалы және үлкен концерттік бағдарлама күтіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1211389?lang=kk