Enbekshi QazaQ

Қоғам

Самар ауданында жаңа балалар ойын алаңы бой көтеруде 16.10.2025
Самар ауданында балалардың шат күлкісі мен қуанышына толы жаңа ойын алаңының құрылысы басталды. Заманауи үлгіде салынатын бұл нысан жас бүлдіршіндердің қызықты уақыт өткізуіне, ал ата-аналардың отбасы болып серуендеп, тынығуына арналған жайлы орын болмақ.Алаңда түрлі ойын кешендері, әткеншектер мен сырғанақтар, сондай-ақ балалардың дене шынықтыруына арналған спорттық элементтер орнатылады. Құрылыста қауіпсіздік талаптары мен жабын сапасына айрықша мән берілуде.Жаңа ойын алаңының құрылысы алдағы уақытта толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тұрғындар көптен күткен бұл демалыс аймағы ауылдың ажарын ашып, балалардың жүзін қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1087648?lang=kk
«Ұлы дала таңы» Қазақстан мен Тайландтың мәдени жақындасуының нышанына айналды 16.10.2025
Бангкок, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының 35 жылдық Республика күні мен Егемендік декларациясының қабылдануына орай Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» тарихи фильмінің тұсаукесерін ұйымдастырды.Көрсетілім «Century The Movie Plaza» кинотеатрында өтіп, дипломатиялық корпус өкілдері, Таиланд Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, халықаралық ұйымдар, шығармашылық және ғылыми қауым өкілдері, тай кәсіпкерлері, сондай-ақ Елшіліктің достары мен серіктестері қатысты. Кештің атмосферасы жылы шыраймен және қазақстандық кино мен ел тарихына деген шынайы қызығушылықпен өрілді.«Ұлы дала таңы» фильмі Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – хан Жәнібектің ұлы Қасым ханның билігі туралы баяндайды. XV–XVI ғасырлардағы оқиғалар Қазақ хандығының қалыптасуы мен өркендеу кезеңін суреттейді. Қасым ханның даналығы мен ерлігі арқасында Ұлы дала біртұтас мемлекетке айналып, тәуелсіздігін нығайтты. Фильм тарихи тереңдігімен, кең құлашты оқиғаларымен және көркемдік эстетикасымен ерекшеленеді.Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан өз сөзінде мәдени ынтымақтастық халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту мен Қазақстан мен Таиланд арасындағы жан-жақты серіктестікті дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. «Кинематограф мәдени дипломатияның ажырамас бөлігі болып табылады. Кино өнері арқылы біз әлемге Қазақстанның тарихын, дәстүрлері мен рухани құндылықтарын таныстырып, жеріміздің сұлулығы мен халқымыздың рухының беріктігін көрсетеміз», – деді Елші.БҰҰ-ның АТАЭЖК халықаралық ұйымының өкілдері фильмге жоғары баға беріп, «Қасым ханның тарихы бізге Қазақстанның өткенін ғана емес, сонымен қатар бүгінгі мемлекеттік болмысын қалыптастыратын мәңгілік құндылықтарды – тұтастықты, төзімділікті және сенімді көруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті. Олардың айтуынша, режиссер дәуір рухын, көшпелі өркениеттің ұлылығын және қазақ мәдениетінің байлығын әсерлі түрде көрсете алған. Көрермендерді әсіресе кең ауқымды шайқас көріністері, көркем табиғат пейзаждары, ұлттық костюмдер мен әсерлі музыка тәнті етті.«Ұлы дала таңы» фильмінің көрсетілімі Бангкоктың мәдени өміріндегі айрықша оқиғаға айналып, Қазақстан мен Таиланд арасындағы өзара түсіністік пен көпқырлы ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1087630?lang=kk
Меңдіқара ауданында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың жұмыс сапары өтті 16.10.2025
Сапар барысында өңір басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен, тұрғын үй құрылысы мен агроөнеркәсіп кешенінің дамуы жағдайымен танысты.Мемлекет басшысы бастама көтерген «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – жайлы қоғамдық кеңістіктер құру. Боровской ауылында Михайленко көшесінде жаңа аллеяның құрылысы аяқталды.Жобаның жалпы құны – 44 млн теңге, оның 36 млн теңгесі облыстық бюджеттен, 8 млн теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді. Жаңа аллея аудан орталығының көркін келтіріп, тұрғындар үшін демалыс пен серуендеуге қолайлы орынға айналды.– «Таза Қазақстан» бағдарламасы – туған жердің әр бұрышына деген қамқорлықтың көрінісі. Біз адамдарға ыңғайлы, таза әрі қауіпсіз орындар қалыптастырып жатырмыз. Мұндай жобалар тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де жүзеге асырылуы маңызды, – деді Құмар Ақсақалов.Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Боровской ауылындағы үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қарап шықты. Жоба мердігер ұйым – «СК KBS» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда, құрылыстың жалпы құны 826 млн теңгені құрайды.Құрылыс аяқталғаннан кейін әкімдік коммуналдық тұрғын үй қорын толықтыру мақсатында 45 пәтерді сатып алады. Үйде 32 бір бөлмелі, 10 екі бөлмелі және 6 үш бөлмелі пәтер болады. Жалпы ауданы – 2,6 мың шаршы метрден асады.Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов «Каменскуральское» серіктестігі қалпына келтірген Каменскуральское ауылындағы екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Жобаның құны – 90 млн теңге.Бұл тұрғын үй шаруашылық қызметкерлеріне арналған. Мұнда жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған: абаттандырылған аула, заманауи инженерлік желілер және түрлі жоспардағы ыңғайлы пәтерлер бар.– Ауылда еңбек ететін адамдардың жақсы жағдайда өмір сүруі маңызды. Мұндай мысалдар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және жұмыс берушілердің ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін сақтауға мүдделілігін көрсетеді, – деді облыс әкімі.Жұмыс сапарының маңызды нүктелерінің бірі Каменскуральское ауылында 1200 басқа арналған сүт-тауарлы ферманың ашылуы болды. Жоба «Каменскуральск» ЖШС тарапынан мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылды.Жалпы құны – 4,3 млрд теңге. Өндірістік қуаты – жылына 6,7 мың тонна сүт. 45 тұрақты жұмыс орны ашылды.Ферма заманауи технологиялармен салынған. Жаңа жабдық өнімнің сапасын арттыруға, шығындарды азайтуға және ресурстарды – жем-шөпті, суды және еңбекті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуына мемлекеттік қолдау үлкен рөл атқарды: төмен пайызбен жеңілдетілген несие берілді, инженерлік инфрақұрылым тартылды, сонымен қатар жабдық сатып алу шығындарының бір бөлігі мемлекет есебінен өтелді. – Сүт өндірісі – стратегиялық бағыт. Мемлекет ауылда қайта өңдеу қуаттарын және жаңа жұмыс орындарын ашатын инвесторларды қолдайды, – деді Құмар Ақсақалов. – Қазір облыста жылына 33 мың тонна сүт өндіретін 4 сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр, тағы 3 ферма құрылыста, ал бес жаңа ферма салуға 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.Боровской ауылында облыс әкімі биыл наурыз айында іске қосылған майлы дақылдардан май өндіретін цехтың жұмысымен танысты.Инвестиция көлемі – 286 млн теңге. Өндірістік қуаты – жылына 3 мың тонна май, 1,8 мың тонна күнжара және 1,2 мың тонна түйіршіктелген қабық өндіру. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға серпін беруде.Өңір басшысының жұмыс сапары Меңдіқара ауданы тұрғындарымен кездесумен аяқталды. Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, абаттандыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1087638?lang=kk
Алматы облысында әр екінші түлек грант иегері атанды, 27 түлек Қытайда оқуға мүмкіндік алды 16.10.2025
Алматы облысында 2025 жылғы бітірушілер науқанының қорытындысы шығарылды. Биыл өңір мектептерін 17 мың 940 оқушы тамамдады. Соның ішінде 7 681 түлек мемлекеттік білім грантының иегері атанды.Грант иегерлерінің ең көп бөлігі Талғар ауданында тіркелді — бұл аудан жоғары оқу орындарына түскендер саны бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласының көрсеткіштері де жоғары.Мамандықтар бойынша ең көп грант педагогикалық бағытқа — 1 440 адамға, медициналық салаға — 770 адамға, ал аграрлық мамандықтарға — 543 түлекке берілді. Қалған 4 928 түлек инженерлік, IT және әлеуметтік-экономикалық бағыттарды таңдаған.Бұдан бөлек, облыстың 27 түлегі Қытай Халық Республикасындағы Синьцзян университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Оның ішінде Талғар ауданынан — 6, Іле ауданынан — 7,  Еңбекшіқазақ пен Қарасай аудандарынан — 3-тен, Жамбыл аудандарынан — 2-ден және Қонаев қаласынан — 4 түлек бар.Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен жергілікті бюджеттен 30 грант бөлінді: оның 17-сі — медициналық бағытқа (соның ішінде 12-сі интерндерге), 7-сі — аграрлық, ал 6 грант — педагогикалық мамандықтарға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1087614?lang=kk
Атбасарда тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгерге арналған мемориал ашылды 16.10.2025
Ақмола облысының Атбасар қаласында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің 4-ші жеке атқыштар ротасында 1995 жылғы 7 сәуірде Тәжік-ауған шекарасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан 17 әскери қызметшіге арналған мемориалдың салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға 5510 әскери бөлімінің қолбасшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқықтық тәртіп әскерлерінің ардагерлері мен бөлімнің жеке құрамы қатысты.Мемориал бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өмір сыйлаған, Отан алдындағы әскери борышын адал атқарған батырлардың мәңгілік бейнесінің белгісіндей. Ол болашақ ұрпақ үшін батылдық пен адалдықтың үлгісі ретінде қызмет етпек.Салтанатты рәсім барысында жиналған қауым батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.Биыл Ішкі әскердің батырларының ерлігіне 30 жыл толды. Бұған дейін Астанадағы Ерлік аллеясында "Ер есімі – ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен болатын.Мемориалдың ашылуы Ұлттық ұланның жауынгерлік дәстүрлерін сақтаудағы және әскери-патриоттық тәрбиені нығайтудағы маңызды қадам болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1087616?lang=kk
Қарағандыда ұландықтар суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды 16.10.2025
«Орталық» өңірлік қолбасшылығының Әскери полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Берік Сүлейменов пен 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ефрейтор Әли Шакенов қызметтік міндетін орындау барысында ерлік көрсетті.Қарағанды қаласындағы Новорадская көшесі бойымен Бұқпа көлі маңынан өтіп бара жатқан кезде олар суға батып бара жатқан балықшыны байқап қалады — оның қайығы жарылып, көлдің ортасында бата бастаған еді. Ұландықтар еш ойланбастан көлікті тоқтатып, автокөліктің тросын суға суға лақтырып, ер адамды жағаға тартып шығарып алады.— Біз оны жағаға шығарып алған сәтте, ол әбден тоңып қалған еді. Сондықтан шұғыл түрде жылыту қажет болды. Дереу киімін шешуге көмектестік, көлікке отырғызып, жылытқышты қосып, жағдайын бақылай бастадық. Медициналық көмек көрсетуді ұсынғанымызда, ол өзін жақсы сезінетінін айтып, үйіне жеткізіп салуымызды сұрады, — деді Әли Шакенов.Құтқарылған ер адам ұландықтарға шын жүректен алғысын білдірді:— Мен айқайладым, бірақ ешкім келген жоқ. Егер сіздер болмағанда, мен тірі қалмас едім, — деп бірнеше рет ризашылығын білдірді ол.Бұл оқиға — Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздарының кез келген сәтте көмекке келуге және төтенше жағдайларда батыл әрекет етуге әрдайым дайын екенін көрсететін жарқын үлгі. Өз іс-әрекеттерімен олар батырлықты, кәсіби шеберлікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген адалдықты көрсетті. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1087628?lang=kk
Ереванда қазақ-армян қарым-қатынастары талқыланды 16.10.2025
Ереван, 2025 жылғы 14 қазан - Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорянмен кездесу өткізді. Кездесу барысында армян тарапына Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық даму үдерістері, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы Үкіметтің басымдықтары туралы ақпарат берілді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Қазіргі кезеңде қазақ-армян қатынастары сындарлы саяси диалогпен, сауда-экономикалық байланыстардың дәйекті кеңеюімен және мәдени-гуманитарлық қатынастардың орнықты дамуы арқылы сипатталатыны атап өтілді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдар бар екені айтылды.

Одан әрі серіктестікті тереңдету мақсатында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері егжей-тегжейлі қарастырылды.Екі ел экономикасының әлеуетін толық қамтымайтын өзара сауда көлемін арттыру қажеттігі атап өтілді. Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар айқындалды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Арменияның іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Осы орайда тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін тиімді көлік-логистикалық бағыттарды қалыптастыруға өзара мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1087597?lang=kk
Райымбек ауданындағы полиция бөлімшелеріне жоспарлы мониторингтік сапар 16.10.2025
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі М.Ж. Мағжановтың, облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің 2025 жылдың II жартыжылдығына арналған бағынысты мекемелер мен басқа ұйымдарды бақылау жоспарын орындау аясында Райымбек ауданы полиция бөлімінің №1,2 учаскелік полиция пункті бөлімі мен кезекші бөлімше жанындағы арнайы бөлмесіне бақылауға бару жүзеге асырылды.Іс-сапар аясында арнайы бөлме, учаскелік полиция пунктінің қызметтік бөлмелері тексерілді, учаскелік полиция инспекторларының жұмысты ұйымдастыруы, құжат жүргізуі, профилактикалық бақылау және есепте тұрған тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуі зерделенді.Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1095 бұйрығына сәйкес барлық учаскелік инспекторлар әкімшілік учаскенің ерекшеліктері туралы хабардар болу мақсатында қызмет ететін әкімшілік учаскелеріне электрондық паспорттар, есепке алу мен бақылауға жататын тұлғалардың сәйкес тізімдері, жұмыс дәптері жүргізіледі.Тексеру барысында учаскелік инспекторлармен және полиция бөлімі қызметкерлерімен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау туралы әңгімелер өткізілді.Бару қорытындысы бойынша полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмысында туындайтын мәселелер талқыланды және сәйкес ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty-oblysy/press/news/details/1087522?lang=kk
Қазақстан мен Германия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 16.10.2025
Астана, 2025 жылғы 15 қазан – Неміс тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Федералдық сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар екіжақты серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара құрмет, сенім мен сындарлы диалогқа негізделген қазақ-герман қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ министрлер саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, тұрақты байланыстарды қолдауға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделілігін растады.Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Берлиннің екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1087411?lang=kk
Агенттік Қазақстандағы деректер нарығын дамыту жөніндегі талдау құжатын ұсынды 16.10.2025
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Шанхай деректер биржасының қолдауымен деректердің экономикалық әлеуетін ашуға арналған талдау құжатын ұсынды.Құжатта мемлекеттік органдар, бизнес пен цифрлық экожүйенің өзге де қатысушылары арасында деректермен қауіпсіз әрі ашық алмасуды, оларды бағалау мен монетизациялауды қамтамасыз ететін реттелетін деректер биржасын құру тәсілдері сипатталған.Деректер нарығын дамыту – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген цифрландырудың маңызды бағыты ретінде қарастырылған. Құжатты дайындаудағы мақсат – ашық диалог орнату және деректердің жаңа экономикалық ресурс ретіндегі рөлін талқылауға мүдделі тараптарды тарту.Аналитикалық материалда халықаралық тәжірибе, сондай-ақ мұндай платформаларды қалыптастырудың құқықтық және технологиялық қырлары қамтылған. Сондай-ақ экономикалық әсерлері – деректер сапасын арттыру, инновацияларды дамыту және өзара іс-қимылдың жаңа үлгілерін қалыптастыру атап көрсетілген.Шанхай деректер биржасымен бірлескен жұмыс деректер саудасы мен олардың алмасуын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі мен озық тәсілдерін ескеруге мүмкіндік берді.«Деректер биржасы – бұл нарық қатысушылары арасында тексерілген деректердің, ондағы өнімдердің қауіпсіз әрі реттеле отырып алмасуын қамтамасыз ететін платформа. Қазақстанда мұндай биржаны құру –деректермен заңды және қауіпсіз жұмыс істеудің институционалдық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда дерек иелерінің құқықтары мен жеке деректердің қорғалуы толық қамтамасыз етіледі», – деді Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиев.Қытай тәжірибесі деректер нарығы экономикалық өсудің жаңа драйверіне айнала алатынын көрсетіп отыр: 2022 жылы бұл елде деректер бойынша транзакциялар көлемі 42% артқан. ЭЫДҰ бағалауы бойынша, деректермен тиімді алмасу елдің ЖІӨ-ін 2,5% дейін ұлғайтуы мүмкін.Қазақстанда деректер биржасын құру өңірлік деректердің алмасуын және монетизация орталығын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болмақ. Бұл бастама цифрлық экожүйе қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.Талдамалық материалмен Агенттіктің және Бюроның ресми сайттарында танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1087428?lang=kk
Қармақшыда ардагерлерге арналған балық аулау сайысы өтті 16.10.2025
Бүгін Қармақшы топырағында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудан ардагерлері арасында балық аулау сайысы ұйымдастырылды.Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен бұл шара салауатты өмір салтын насихаттап, аға буын өкілдерінің қоғамдағы орнын арттыру мақсатында өткізілді.Тағалымды шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы қатысып, қатысушы ардагерлерге ізгі лебізін білдірді:«Біз ардагерлерімізді тек мерекелік күндерде ғана емес, күн сайын қолдап, оларға әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз. Бүгінгі шара да - сіздерге деген ерекше ықыласымыздың, алғысымыздың белгісі. «Қариясы бар ел – қазыналы ел» екенін ешқашан естен шығармай, сіздерге қамқорлық жасау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Сіздердің ақ баталарыңыз бен игі тілектеріңіз – біз үшін қашан да бағалы. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тілеймін!»,- деді Жандос Еркінбек.Сайыс барысында үздік нәтижеге қол жеткізген ардагерлерге аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттар табысталды. Олардың қатарында «Үздік балықшы», «Сабырлы балықшы» сынды марапаттармен бірге, «Ең қарт қатысушы» номинациясы да табылып, мерейлі жастағы қария көптің қошеметіне бөленді.Сондай-ақ, шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, мұндай шаралардың ардагерлер үшін маңызы зор екенін атап өтті.Айта кетейік, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында бұған дейін аудан ардагерлеріне арнайы тарихи-мәдени орындарға танымдық сапарлар ұйымдастырылған болатын. Ал бұл жолғы балық аулау сайысы – аталған жоба аясында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шаралардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1087366?lang=kk
Абаттандыру мен жол жөндеу жұмыстары бақылауда 16.10.2025
Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендердің жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында Қармақшы ауданында бірқатар жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Жосалы және Иіркөл ауылдық округтерінде болып, құрылыс нысандарын аралады.Алдымен аудан басшысы Жосалы ауылдық округінде орналасқан орталық алаңды абаттандыру жобасымен танысты. Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған. Қазіргі таңда алаң аумағына тас төсегіш (брусчатка) жұмыстарының 90%-ы жүргізіліп, қоршау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, орнатылатын құрал-жабдықтар алаңға толық жеткізілген. Жоспарға сәйкес, нысан қазан айының соңында толық пайдалануға беріледі.Келесі кезекте аудан әкімі Иіркөл ауылдық округіндегі аудандық маңызы бар «Самара–Шымкент–Иіркөл» автожолы бойындағы су өткізгіш құбырын күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Құрылыс барысында ұзындығы 0,3 шақырымдық айналма жол салынған. Су құбыры төселетін аумақтың жол табаны нығыздалып, су өткізгіш құбыры да орнатылды. Қазіргі таңда құбырдың үстіне құм төсеу жұмыстары жүргізілуде.Аудан әкімі әр нысандағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап, мердігер мекемелерге сапалы және белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына жұмыстардың барысын тұрақты бақылауда ұстауды жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1087385?lang=kk
14.10.2025 ж. «Жетісу» телеарнасы, «19-аймақ» бағдарламасы 16.10.2025
2025 жылғы 14 қазанда «Жетісу» телеарнасының «19-аймақ» бағдарламасының тікелей эфирінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары С.Шайкенов 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде күтілетін негізгі жаңашылдықтар бойынша түсіндірме берді.Алдағы реформаның негізгі мақсаты – қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сай келетін әділетті, қарапайым және ашық салық жүйесін құру.Толық эфир жазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=jTvFWdSDXNk  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1087343?lang=kk
Беспасөз-релизі 16.10.2025
Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша cеминар2025 жылғы 15 қазанда «Банк Центр Кредит» АҚ алаңында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған семинар өтті.Семинарға салық төлеушілер, іскер қоғамдастық өкілдері, консалтингтік компаниялар, қоғам қайраткерлері және салық салу саласындағы сарапшылар қатысты.Іс-шара барысында Департамент өкілдері негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі атап өтті:әділ салық салу қағидатын қамтамасыз ету;салықтық әкімшілендіруді жеңілдету;салықтық бақылауды цифрландыру.Келесі аспектілерге ерекше назар аударылды:корпоративтік табыс салығы бойынша сараланған мөлшерлемелер, жеке табыс салығының (ЖТС) үдемелі шкаласын енгізу, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер: мөлшерлемелер, шегерімдер, сондай-ақ әлеуметтік салық бойынша;қосылған құн салығы (ҚҚС) бөлігіндегі өзгерістер: мөлшерлемелер, есепке қою тәртібі, асып кеткен сомаларды қайтару рәсімі;камералдық мониторинг және арнаулы салық режимдерін реформалау мәселелері бойынша;бақылау-кассалық машиналар (БКМ) үшін жаңа 2.0.3 хаттамаға көшу.Семинар соңында қатысушылар тікелей салық органдарының өкілдеріне сұрақтар қоюға және өзекті тақырыптар бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлер арасында салық сауаттылығын арттыруға және бизнес пен мемлекет арасында ашық диалог қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1087353?lang=kk
2025 жылдың 15 қазан күні Бөрлі ауданы қоғамдық кеңесінің отырысы кеңес төрағасы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті 16.10.2025
2025 жылдың 15 қазан күні Бөрлі ауданы қоғамдық кеңесінің отырысы кеңес төрағасы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудан әкімінің орынбасары А.Тукжанов, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.             Қоғамдық кеңестің күні тәртібі бойынша    Кеңтүбек  және Приурал ауылдық округ әкімі аппараттарының атқарған жұмысы мен көрсететін      мемлекеттік қызметтері туралы мәселелері қаралып, есептері тыңдалды.           Сонымен қатар «2025 жылғы 9 айы бойынша Бөрлі аудандық бюджеттің орындалуы туралы» ақпараты талқыланды.            Бұдан соң қоғамдық кеңес мүшелері   Бөрлі аудандық әкімдігінің «Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы», “Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру  туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы қаулы мен шешім жобаларын  қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1087359?lang=kk
Елордалық оқушылар «Жас сарбаз» қозғалысының қатарына қосылды 16.10.2025
Астана қаласының №13 жалпы білім беретін мектебінде 15 жетінші сынып оқушысының «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қатарына қосылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шара отансүйгіштікке тәрбиелеуге және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған «Біртұтас ел – біртұтас жер» идеологиялық қағидатын іске асыру шеңберінде өтті.Салтанатты шара құрамында Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс, Әскери білім және ғылым департаменттері офицерлерінің, Ұлттық әскери-патриоттық орталық, Әскери-тарихи музейдің және осы мектепті қолдаушы Арнайы операциялар күштерінің өкілдері бар ақпараттық-түсіндіру тобының белсенді қолдауымен ұйымдастырылды.Оқушылар жас патриоттың ант сөздерін толқып, мақтанышпен айтты. Оларды 32039 әскери бөлімінің офицері подполковник Ризабек Еламанов айтулы күнмен құттықтап, балаларға Арнайы операциялар күштері қолбасшысының алғыс хаттарын табыс етті.– Бүгін сендердің алдарыңда үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр. Барлық күш-жігерлерің мен қабілеттеріңді биік мақсатқа – еліміздің лайықты азаматтары болуға жұмсаңдар. Отанымыздың көркею жолындағы сендердің әр жетістіктерің бізді қуантады, – деді подполковник Р. Еламанов.Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті басқармасының аға офицері полковник Талғат Құлманов жас патриоттарға арнаған сөзінде жастармен жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.– Патриотизм жәй сөз емес. Бұл еңбек ету, борышты өтеу және Отанға қорғауға дайын болу. «Жас сарбаз» қозғалысының арқасында біз еліміздің нағыз патриоттарының санасын оятып, рухын қалыптастырамыз, – деді ол.Әскери білім және ғылым департаментінің майоры Рүстем Төлегенов еліміздің жоғары әскери оқу орындарына түсу мәселелеріне қатысты оқушыларға түсіндірме әңгіме өткізіп, мерзімді әскери қызмет өткергендерге мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.-– Әскери мансап – жауапкершіліктің, тәртіптің және Отанға қызмет етудің жолы. Мемлекет жастардың еліміздің Қарулы күштерінде өз әлеуетін іске асыруы үшін барлық жағдай жасайды, – деді майор Р. Төлегенов.Іс-шара барысында балаларды дрондармен және роботтандырылған жүйелердің жұмысын, қоян-қолтық ұрыс элементтерін, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ жауынгерлік техниканың тұсаукесері ерекше қызықтырды.Аталмыш шара ел Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері мен абыройын бейнелейтін құрмет қарауыл ротасының дефилесімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1087309?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Италия СІМ басшысымен кездесу өткізді 16.10.2025
Рим, 2025 жылғы 15 қазан – Батыс Африка мәселелеріне арналған Акаба процесі саммиті аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италия Республикасының Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Антонио Таянимен кездесу өткізді.Е.Көшербаев Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі болып табылатын Италиямен көпжылдық қатынастарға зор мән беретінін атап өтті. Энергетика, «жасыл» технологиялар, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, білім және ғылым, сондай-ақ инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударылды.Өз кезегінде А.Таяни итальян тарапының Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін білдірді.Кездесу барысында Италияның Еуропалық одақтағы Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі және Оңтүстік Еуропа елдері арасындағы ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екені аталып өтті (2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 20 млрд АҚШ долларын құрады). Өз кезегінде Қазақстан да Орталық Азиядағы Италияның маңызды серіктесі болып қала береді және айтарлықтай энергетикалық әрі инвестициялық әлеуетке ие.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған сындарлы диалог пен бірлескен күш-жігерді жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1087273?lang=kk
Қаражатыңызды қайтарып алуға асығыңыз! 16.10.2025
Егер сіз Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдаланған болсаңыз және сол сомаға ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталса – сіз үшін маңызды жаңалық бар!Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жататын болсаңыз, ұсталған ЖТС қайтаруға құқығыңыз бар.Ең бастысы – өтініш беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды!(бұрын 3 жыл болатын – көп адам үлгермей қалған)Кімдер салықты қайтара алады?Егер сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз:•1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектігі бар адам•Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, қорғаншы немесе қамқоршы•Асырап алушы– Соғыс ардагері (толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген)Салықты қалай қайтаруға болады?•Жақын жердегі БЖЗҚ филиалына барыңыз;•Өтініш толтырыңыз;•Құжаттарыңызды өткізіңіз;•Егер салық бұрын ұсталған болса, ЖТС жеке зейнетақы шотыңызға қайтарылады.Ал егер салық кейінге қалдырылған болса, оны төлеудің қажеті болмайды.Мерзімі – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін2026 жылғы 1 қаңтАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1087235?lang=kk
Бразилиада PreCOP30 дайындық сессиясы өтті 16.10.2025
2025 жылғы 13–15 қазан - Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына (PreCOP) дайындық аясында Бразилиада өткізілген алдын ала сессияға қатысты.Дайындық министрлік кездесудің барысында Ғаламдық түгендеу, Әділетті өтпелі кезең және Бейімделу мәселелері бойынша тақырыптық сессиялар өтті. Аталған алаң тараптарға басым бағыттарды жан-жақты талқылауға, өзара ұқсас көзқарастарды айқындауға және мүдделі тараптар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен климат пен даму, бейімделу және энергетика салаларындағы негізгі тақырыптар бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді. Талқылаулардың негізгі мақсаты – климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі нақты шешімдер мен практикалық шараларды айқындау болды.Бұдан бөлек, COP30 төрағасы ретінде Бразилия негізгі бастамалардың іске асырылу барысын ұсынды. Олардың қатарында «Іс-қимыл күн тәртібі» және COP29 төрағалығымен бірлесіп әзірленген «Бакуден Беленге дейінгі 1,3 трлн» жол картасы бар.6–7 қарашада Белен қаласында өтетін СОР30 көшбасшылар саммитіне Қазақстан Республикасы делегациясын ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі бастап қатысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1087248?lang=kk