Қоғам
Құрметті әріптестер! 25.06.2025
Құрметті әріптестер!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілік, елге деген адалдық және қоғамға қызмет етуге деген дайындық.Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – елдің тұрақтылығы мен азаматтардың мемлекетке деген сенімінің негізі.Еңбектеріңіз табысты болсын, әріптестеріңіздің қолдауы мен қоғамның құрметі әрқашан жолдас болсын!Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1022149?lang=kk
Олжас Бектенов жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді 25.06.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің таяуда жасаған сапары барысындағы келіссөздері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Сыртқы істер министрлігі деректері бойынша, қазір Қазақстанда қытайлық инвесторлардың қатысуымен 50 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, жалпы құны $66,4 млрд болатын 224 индустриялық жоба жүзеге асырылуда. ҚХР Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді: 2005-2024 жылдар аралығында инвестиция көлемі $26,4 млрд-ты құрады.Премьер-министр ҚХР Төрағасының таяуда Қазақстанға жасаған сапары ынтымақтастыққа елеулі серпін бергенін атап өтті. Сондай-ақ Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастық форумының маңыздылығы атап өтілді. Форум аясында Қазақстан мен Қытай арасында жалпы құны $24 млрд-ты құрайтын 58 коммерциялық келісімге қол қойылды.«Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін кемінде $150 млрд көлемінде шетелдік инвестиция тарту міндетін қойды. Осы тұрғыда жетекші экономикалық державалардың бірі және біздің негізгі инвестициялық серіктесіміз Қытай елімен толыққанды кооперацияны одан әрі тереңдету – Қазақстанның аса маңызды басымдығы. Сондықтан инвестициялар көлемін арттыру, жаңа бірлескен жобаларды іске қосу, әсіресе шикізаттық емес әрі экспортқа бағдарланған өнімдерді өндіру бойынша жүйелі шаралар қажет. Мемлекет басшысының шақыруы бойынша ҚХР Төрағасының Қазақстанға таяуда жасаған кезекті сапары екі ел арасындағы экономикалық әріптестіктің жоғары деңгейін дәлелдеп, одан әрі нығайта түсті. Әрбір жобаның жүзеге асырылуы менің тікелей бақылауымда болады, толық қолдау көрсетіледі», — деп тапсырды Олжас Бектенов.Премьер-министр жаңа жобалары жоқ өңірлерде, оның ішінде Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жұмысты жандандыру қажеттігін баса айтты Олжас Бектенов аталған өңір басшылығына қысқа мерзімде серіктестермен өзара іс-қимыл орнатуды және нақты бастамалар ұсынуды тапсырды.Ұзақмерзімді серіктестік орнату және инвестиция тарту мақсатында аймақтық делегациялардың Қытай провинцияларына сапарларын жандандыру жөніндегі тапсырманы іске асыруға назар аударылды. Олжас Бектенов ҚХР Төрағасының сапары аясында келісімдерге қол қойып, алдын ала уағдаластықтарды қамтамасыз еткен Астана қаласындағы және Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары сияқты бірқатар өңірдегі оң динамиканы атап өтті. Қалған өңірлерге осы бағытта жұмыс істеу тапсырылды.Сондай-ақ кеңес барысында «Орталық Азия – Қытай» форумы аясында өңірлердің қытайлық серіктестермен жасасқан жаңа келісімдерін жүзеге асыру мәселелері қаралды. Мәселен, Алматы облысында «жасыл» энергетика, логистика, АӨК және өнеркәсіп саласындағы жобаларды қоса алғанда, $6 млрд-тан астам соманы құрайтын 7 құжатқа қол қойды. Астана қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары инфрақұрылым, агроөнеркәсіп және өнеркәсіп салаларында бастамалар ұсынды.Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қол қойылған келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыруды, әрбір кезеңде барлық жобаны сүйемелдеуді, сондай-ақ бірыңғай мемлекеттік инвестициялық саясат шеңберінде іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1021937?lang=kk
Балқашта шағын өнеркәсіптік аймақ құру мәселесі талқыланды 25.06.2025
Балқашта ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың тапсырмасымен өсімнің жаңа нүктелерін қалыптастыруға кірісті. Бірінші қадам аясында Қазақмыстың өнеркәсіптік нысандарының бос алаңдарында шағын өнеркәсіптік аймақ құру көзделген. Болашақта ол индустриялық аймаққа айналуы тиіс. Жоба моноқаланың экономикасын әртараптандыруға, шикізаттық емес секторды дамытуға, жаңа өндірістер ашу үшін инвесторлар тартуға және қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етуге бағытталған.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Балқашқа жұмыс сапары барысында осы мәселе бойынша кеңес өткізді.Қала әкімі Сапар Сатаев қазір жұмыс Балқаштың бас өнеркәсіптік алыбы - «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесіп жүргізіліп жатқанын баяндады.Талдау негізінде басым бағыттар белгіленді: металл өңдеу және техникалық сервис, құрылыс және қаптама материалдарын өндіру, логистика және қойма кешендері, инженерлік және энергетикалық қызметтер. Бұл салалар оқшаулау және кооперациялау үшін жоғары әлеуетке ие, деп атап өтті Сапар Сатаев.Ермағанбет Бөлекпаев жедел іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.- Өсімнің жаңа нүктелері - бұл Балқаштың орнықты дамуы үшін стратегиялық міндет. Қазірдің өзінде инженерлік коммуникациялар жүргізуге кірісуді және бизнеспен жұмысты қарқындатуды тапсырамын. Әлеуетті инвесторларды тартып, оларға нақты учаскелер мен шарттарды ұсыну қажет, - деді облыс әкімі.Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Балқаш әуежайының қайта жөнделу барысын да тексерді. Жұмыс қызу жүріп жатыр. Бірінші кезең аяқталды. Аэровокзалды күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметіне арналған жаңа ғимараттың құрылысы жалғасуда. Аэровокзал кешені кеңейтіліп, ұшып келу және ұшу залдары кеңейтіледі. Бұл ретте ғимараттың тарихи келбеті толығымен сақталады.Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Басты мақсат - туризмді дамыту. Жаңғыртудан кейін әуежайдың өткізу қабілеті 30%-ға артады және ұшу географиясы кеңейеді.Ермағанбет Бөлекпаев әуе айлағының айналасын абаттандыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.Облыс әкімі сондай-ақ катодты мыс өндіретін «Сары Қазына» ЖШС зауытында болды. Компания қала мен «Қоңырат» шағын ауданындағы әлеуметтік жобаларды белсенді қолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1021876?lang=kk
Вегетациялық кезеңді өткізуге қатысты тапсырмалар берілді 25.06.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен вегетациялық кезеңнің барысы туралы Үкімет отырысы өтіп, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты бірқатар тапсырма берілді.Үкімет отырысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысып, аймақтағы жағдайды баяндады.«Биыл Қызылорда облысында 189 400 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Үкімет бекіткен Жол картасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күріш алқаптары 4 700 гектарға қысқартылды. Оның орнына суды аз қажет ететін малазықтық және майлы дақылдардың егіс көлемі ұлғайтылды.Егісті сумен қамтамасыз етуге 3 млрд. 900 млн. текше метр су лимиті бекітілген. Облыста егін егу жұмыстары аяқталып, күріш 80 900 гектарға себіліп, суға толық бастырылды. Суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында тиісті министрліктермен бірлесіп, бірқатар шара атқарылуда», – деді Н.Нәлібаев.Бүгінде лазерлік тегістелген күріш алқаптарының көлемі 60 мың гектарға, ал су үнемдеу технологияларын пайдалану екі есеге дейін артып, 8 100 гектарға жеткізілді.Барлық ауданда құрылған арнайы жұмыс топтары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, суды тиімді пайдалану қатаң бақылауға алынды. Магистральді және шаруашылықаралық каналдар арқылы суды кезектестіріп беру кестесі бекітілген, су осы кестеге сәйкес жіберілуде. Облыс бойынша 357 насос қондырғысы дайындалып, оның 180-і іске қосылған.Өткен жылы Үкіметтің қолдауының арқасында егіс алқаптарында су тапшылығы болған жоқ. Отырыста облыс әкімі «Шардара» су қоймасынан кемінде 1 млрд. 500 млн. текше метр су жіберуге ықпал жасауды сұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1021888?lang=kk
2025 жылдың 23 маусымы мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді. Мемлекеттік қызметкердің жарқын үлгісі ретінде Елена Анатольевна Епихинаны айтуға болады. 25.06.2025
Елена Анатольевна Епихина, 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.Е.А. Епихина өз еңбек жолын 2008 жылдың караша айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Петропавл қ. Әділет басқармасының бас маманы ретінде жұмыс атқарған.2011 жылдың қантар айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.Әділет органдарында еңбек өтілі 16 жыл 7 ай.Әділет органдарында жұмыс атқарған кезеңінде өзiн білікті, жауапты маман ретінде және өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын қызметкер екенін байқатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1021889?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының кинологі Астанада көпір үстінде ер адамды құтқарып қалды 25.06.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің ефрейторы Достық Жақсылық (видеода – қара жейдеде) елордадағы көпір үстінде болған оқыс оқиғаның алдын алып, бір азаматтың өмірін сақтап қалды.Оқиға 21 маусымға қараған түні сағат 00:30 шамасында Көктал көшесінің бойындағы «Сарқырама» көпірінде болған. Жедел қызметтерге 1996 жылы туған ер адамның көпір қоршауынан асып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол ауыр күйзеліс жағдайында болған.Қызметтен кейін үйіне қайтып бара жатқан ефрейтор Д. Жақсылықтың батыл әрі жедел әрекетінің нәтижесінде полицейлер келгенге дейін жағдайдың ушығуына жол берілмеді. Адам өміріне қауіп төніп тұрғанын байқаған әскери қызметші ойланбастан ер адаммен диалог орнатып, назарын басқа жаққа аударуға тырысқан.«Басында таза ауаға шыққан біреу шығар деп ойладым, – дейді ефрейтор. – Бірақ жақындай бергенімде, оның жағдайы қалыпты еместігін түсіндім. Қоршаудан асып, бір қолымен ғана ұстап тұр екен. Мұндай сәтте ойланып тұруға уақыт жоқ – әрекет ету керек».Сабыр мен байыптылық танытқан жауынгер ер адаммен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысқан. Осы сәтте жанынан өтіп бара жатқан тағы бір азаматпен бірлесіп, ер адамды қоршаудың бергі жағына тартып шығарған. Осылайша қауіпті жағдайдың алдын алды.Құтқарылған азаматқа шұғыл түрде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазір ол мамандардың бақылауында. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1021904?lang=kk
23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күні! 25.06.2025
Бүгін әлемнің барлық мемлекеттік қызметкерлері үшін бірыңғай кәсіби мереке.2002 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясында 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылданды.2013 жылы Қазақстандағы тұңғыш Президенттің Жарлығымен бұл күн мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Мемлекеттік қызмет - бұл мемлекеттік жүйеде маңызды механизм, соның арқасында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру қалыптасады.Мемлекеттік қызмет ашықтық, құзыреттілік, әдептілік, тиімділік, сонымен қатар Қазақстан азаматтарының сұраныстарына бағдарлану сияқты негіздерде құрылатынын атап өту маңызды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді жұмысы мемлекеттілікті нығайтудың және еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторына айналуы тиіс екенін атап өтті.Барлық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсіби өсу және алға қойған міндеттеріңізге тиімділік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1021932?lang=kk
Қармақшы ауданында әлеуметтік қолдаудың цифрлық моделін енгізу бойынша мәжіліс өтті 25.06.2025
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бірыңғай цифрлық платформасы арқылы әлеуметтік қолдау шараларының бизнес-процестерін цифрландыру бағытындағы мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің жаңа моделін енгізу туралы кеңейтілген мәжіліс өтті.Жиында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ашып, әлеуметтік саланы жетілдіру бағытында көрсетілетін қызметтердің халыққа тиімділігі жайында атап өтті.Мәжіліске Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан құрылған Отбасын қолдау орталықтарының жұмысын жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы – Фарида Сағындыққызы арнайы іссапармен келіп, негізгі мәселеге байланысты өткізілетін оқытудың мақсаттары мен жоспарлары бойынша баяндама жасады.Жиын барысында отбасылық және әлеуметтік саясатты жетілдіру, FSM Social және Socium ААЖ секілді заманауи цифрлық платформаларды енгізу арқылы мемлекеттік қолдау шараларын тиімді әрі нақты бағытта ұсыну мәселелері талқыланды.Мәжіліс соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1021872?lang=kk
Маңғыстауда сотталғандар арасында Ұлттық ойындар күніне орай спорттық-мәдени шара өтті 25.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде (қоныс-колониясы) жазасын өтеушілер арасында Ұлттық ойындар күніне орай спорттық-мәдени шара ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты — қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарын насихаттау, жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.Жазасын өтеушілер арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ сынды ата-бабадан жеткен ұлттық ойындар бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс тартысты әрі жоғары белсенділікпен өтті.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған қатысушыларды мекеме бастығы, әділет полковнигі Сансызбай Аминов арнайы марапаттап, I, II, III орын иелеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай шаралар жазасын өтеушілердің рухани-мәдени дамуына оң әсер етіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021697?lang=kk
2025 ж. 20.06. Солтүстік-Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысымен борышкерлерді мәжбүрлеп жеткізу мәселелері және әкімшілік хаттамаларды қарау мәселесі бойынша және, Петропавл қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы, Петропавл қаласының Полиция басқармасының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы жекеше сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысы өз-ара көмек көрсету меморандумға қол қойды. 25.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1021874?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Халықаралық йога күніне орай өткен шараға қатысты 25.06.2025
21 маусым күні Халықаралық йога күні аясында Ақтау қаласының жағалауында таңғы жаппай йога жаттығуы өтті. Іс-шараны “Сәлем Namaste” үнді этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.Йога жаттығуына Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де қатысып, физикалық әрі менталдық саулықты нығайтуға деген қызығушылықтарын және халықаралық мәдени бастамаларға ашықтықтарын көрсетті.«Мұндай шаралар адамдарды біріктіреді, өзін-өзі дамытуға шабыттандырады және ішкі үйлесімнің маңыздылығын еске салады. Біз әріптестерімізбен бірге сергектік пен жағымды көңіл-күй алдық, бұл — басқаларға үлгі боларлық жақсы бастама», — деп әсерлерімен бөлісті қызметкерлер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021700?lang=kk
Маңғыстауда "Қақпа алдындағы кездесу" жобасы аясында бостандыққа шыққан азаматқа жан-жақты қолдау көрсетілді 25.06.2025
Маңғыстау облысындағы №43 мекемесі - қоныс-колониясында мекеме бастығы Сансызбай Аминовтың жетекшілігімен «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында кездесу өтті. Іс-шараға Ақтау қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығының, «РАЙ» әлеуметтік көмек көрсету орталығының өкілдері және мекеме қызметкерлері қатысты.«Жоба аясында біз жазасын аяқтап, бостандыққа шығуға дайындалып жатқан азаматпен кездестік. Кездесудің мақсаты – оған әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан бейімделуге көмектесу», – деді мекеме өкілдері.Тұрақты баспанасы болмағандықтан, ол уақытша әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды. Орталық мамандары оған жұмыс табуға, кәсіптік білім алуға, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және психологиялық қолдау көрсетуге көмектеседі. Бұл шаралардың барлығы оның қоғамға сәтті бейімделуіне және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021701?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Донор күніне арналған акцияға қатысты 25.06.2025
Дүниежүзілік донор күніне орай Маңғыстау облысындағы №43 мекемесі - қоныс-колониясы мен №77 мекемесі - тергеу изоляторының қызметкерлері қан тапсырды. Іс-шара қайырымдылық акциясы аясында өтті. Оның мақсаты – донорлықтың маңыздылығына назар аударту, әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру және қан құюға мұқтаж жандарға көмек көрсету.Облыстық қан орталығының мамандары ҚАЖ қызметкерлеріне игі істері үшін алғыстарын білдірді. Олар бір реттік қан тапсыру үш адамның өмірін құтқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Акцияға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті:– Біз бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қарадық. Донор болу – жай ғана шара емес, бұл біреуге өмір сыйлау мүмкіндігі. Бұл – азаматтық ұстаным мен бірліктің көрінісі, – деді қызметкерлер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021703?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде цифрлық шешімдер енгізілуде 25.06.2025
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет полковнигі Жәнібек Баймағанбетов Маңғыстау облысына сапар аясында аймақтық ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Алтынбек Қалиевпен бірге №43 мекемеге (қоныс-колониясы) және №77 мекемеге (тергеу изоляторы) барды.Сапар кезінде мекемелердің техникалық базасы, кезекші бөлімдері, бейнебақылау операторларының посттары және өтініштер мен шағымдарды қабылдауға арналған электрондық терминалдардың жұмысы тексерілді.⠀Негізгі назар мекемелердің техникалық жабдықталуына, цифрландыру деңгейіне және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.⠀№77 мекеме базасында пилоттық жоба іске асырылуда — тергеу изоляторының ғимаратына ұялы байланысты толықтай бұғаттайтын арнайы құрылғылар орнатылған.⠀Осыған байланысты «Кар-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі), «Кселл» АҚ (Activ) және «Tele2» байланыс операторларының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сигналдарды бұғаттауға қатысты техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ ҚАЖ мекемелері мен байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.⠀Мекемелерге барғаннан кейін Жәнібек Сағындықұлы ҚАЖ департаментінің тарих музейіне барып, экспонаттармен танысты.⠀Кейіннен ол департаменттің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, Ішкі істер министрі мен оның орынбасарының тапсырмаларын жеткізді. Кеңес барысында нақты міндеттер жүктеліп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021706?lang=kk
Абай облысында әйелдер арасында волейболдан турнир өтті. 25.06.2025
Абай облысында әйелдер арасында волейболдан турнир өткізілді. Турнирге ҚР Қорғаныс министрлігінің 47007 әскери бөлімінің, ҚР ҰҚК басқарма және жабдықтау РММ, Жаңғызтөбе кентінің, № 236 мектептің оқытушылары және Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінің қызметкерлері қатысты. Ойында барлығы 30 әйел бақ сынасты, әр командада алты қатысушы болды. Спорттық іс-шараның бастамашысы Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесі болды. Жарыс жас ұрпақты бірлік, патриотизм және салауатты өмір салты рухында тәрбиелеуге бағытталған. Ойын қорытындысы бойынша Жаңғызтөбе кентінің мектеп оқытушылары жеңіске жетті, екінші орын № 23 мекеме қызметкерлеріне берілді, үшінші орынды № 236 мектеп оқытушылары иеленді. Ойынға қатысушылар командалық жұмыс пен дене шынықтырудың жоғары деңгейін көрсетті. Турнирдің барлық қатысушыларына сыйлықтар табыс етілді, жеңімпаздар кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар алды. — Бүгінгі ойында біздің қатысушылар бізге тек ошақтың күзетшілері, үлгілі қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар спорт алаңында өз күштерін көрсете алатын әйелдер екенін көрсетті. Біз барлық әйелдерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз және зор денсаулық бақыт пен амандық тілейміз, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021714?lang=kk
Қауіпсіздігі орташа мекемесінің сотталушылары психологқа тосынсый жасады. 25.06.2025
Психологтардың жұмысы ҚАЖ мекемелерінде өте маңызды, олар сотталған адаммен түскен сәттен бастап жұмыс істейді. Олар сотталушының мінезі мен оның бейімділігі туралы бірінші болып біледі. Көптеген сотталғандар бас бостандығынан айырылып, адамдарға деген сенімін, туыстарымен байланысын жоғалтады және депрессиялық күйге түседі. Шәкәрімова Назгүл Алтайқызы, психолог қызметін 2013 жылы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/19 мекемесінде бастады. Осы уақыт ішінде ол көптеген сотталғандарға психолог ретінде көмектесті. Бүгін келесі кездесуге келген ол, кабинетке кірген кезде оны сотталушылар гүл шоқтарымен, өз қолымен жасалған сыйлықпен қарсы алған кезде қатты таң қалды. – Мен сотталған кезде 25 жаста едім, үйде жас әйелім мен екі кішкентай балам қалды. Мен осында келіп, әйеліммен ажырасқым келді, жас сұлу мені күтетініне сенбедім. Мекеме әкімшілігі маған жұмысқа шығуды ұсынды, осылай ғана жақындарына көмектесе аласын және сот процестерінің талаптарын төлей аласын деп ұсынды, бірақ бұған менің қалауым болмады.Назгүл Алтаевнамен әңгімелесу барысында, мен өмірмнің мәнін түсіне бастадым және өз бақытымның иесімін. Қазір мен сүйікті ісіммен айналысамын, әйелім маған үнемі келеді. Мен көп ұзамай босатыламын және менің ең жақсы өмірім бар екеніне сенемін. Мұндай жағдаймен сотталғандар көп, олардың көпшілігіне психологтың жұмысы көмектесті, – деп бөлісті сотталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021726?lang=kk
Абай облысында сотталған әйелдер жылыжайда қызғалдақ өсірді. 25.06.2025
Абай облысының әйелдер колониясында жаңадан жылыжай ашылған болатын. Сотталғандар жаңа жылыжайда қияр, қызанақ және жасыл көкшөптерді өсіреді. Ал өсірілген өнім сауда орындарына сатылады. Бүгінгі таңда жылыжайда бес сотталған әйел жұмыс істейді, бірақ келесі айда тағы бес адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Бірінші отырғызылған өнімдері — қызғалдақ бүршіктері болған. Орташа алғанда, гүлдердің өнуіне шамамен екі ай қажет болған, олардың әрқайсысы өз гүлдері үшін алаңдап, олардың ойларынша кейде бұл гүлдер "кенеттен өспей қалса" деген ой әрдайым ойларына келетінін жеткізген. Бірақ бәрі жақсы өсіп ,осындай мереке қарсаңында қызғалдақтар ойдағыдай мекен-жайларға жіберілді. — Мені үйде 13 және 10 жастағы екі ұлым күтіп жүр. Бас бостандығымнан айырылғаннан кейін анам балаларды өз қамқорлығына алған болатын, шамамен бес жылдай уақыт , анам менің балаларымды тәрбиелеп жатыр, оларды әр кезде менімен кездесуге әкеліп отырады, мені барлық жағынан қолдайтын осы- анам! 8-Наурыз мерекесі қарсаңында біз аналарымызды қуантуды шештік, өйткені кез-келген жастағы әрбір әйелге гүл алу ,үлкен қуанышты әрі жағымды сәттердің бірі. Әрине гүлдер өз қолдарымен өсірілсе, - деп бөлісті сотталған. — Мекемеде барлығы бес жеке кәсіпкерлік жұмыс істеуде - екі тігін цехы, кондитерлік цех, наубайхана және тұшпара цехы, - дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бойынша аға инспекторы Алтынай Ұлтамбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021729?lang=kk
Абай облысында ҚАЖД қызметкерлеріне психологиялық тренинг өткізілді. 25.06.2025
Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның №21 мекемесінде “Әйел бақыты” атты психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараға Абай облысының 10 пенитенциарлық психологы және №21 мекеменің барлық бөлімшелерінің әйел қызметкерлері қатысты. Олар кәсіби және тұлғалық дамуға ұмтылды. Тренингті Семей қаласының практик-ойын психологы Жанна Маукенова мен мекеме психологы Әсем Оразбаева жүргізді. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің ішкі жағдайын үйлестіру жолдарын зерттеді, эмоционалды жеңілдік пен өзін-өзі қолдау әдістерін меңгерді, бұл олардың қиын кезеңдерінде өте маңызды.Әйелдердің әлеуетін ашуға, өзін-өзі алға жетелеуге және өзіне деген сенімді нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Практикалық жаттығулар мен ойын техникасы арқылы психологтар пайдалы білім алып қана қоймай, тәжірибе алмасып, шабыт пен әріптестер арасында қолдау таба алды. Қатысушылар әйел бақытын ішкі үйлесімділігі және психологиялық сауаттылық мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мұндай іс-шаралар мамандарға эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға, жұмыстағы тиімділікті арттыруға және кәсіби қызмет пен жеке өмір арасындағы теңгерімді табуға көмектеседі. Түрлі тренингтерді өткізу психологтар үшін кәсіби қоғамдастығын дамытуға және пенитенциарлық жүйедегі жағымды ахуалды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021732?lang=kk
Үндістандағы Қазақстан Елшілігі «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қосылды 25.06.2025
2025 жылғы 21 маусым, Үндістан Республикасы, Нью-Дели. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің дипломаттары мен қызметкерлері Елші А.Н. Ескараевтың басшылығымен Нью-Дели қаласындағы қазақ дипломатиялық мекеме аумағында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбілік өткізді.Таза Қазақстан» бастамасы іске қосылғаннан бері оған 6 миллионнан астам адам қатысты. Шамамен 1,6 миллион жасыл желек отырғызылып, 5,8 миллион шаршы метрден астам жағалау аумағы тазартылды, 1,1 миллион тонна қоқыс жиналды.«Біз шетелде жүргенімізге қарамастан, Елшілік аумағы –Қазақ Еліміздің бір бөлшегі. Елден тыс жерде болса да, ұлттық бастамаға өз үлесімізді қосу маңызды», – деді Елші А.Н. Ескараев.«Таза Қазақстан» аясында бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні экологиялық акциясы өткізілуде. Осыған байланысты Елшілік аумағын тазалаумен қатар, шара барысында таза және жасыл қоршаған ортаға деген ұмтылысты бейнелейтін шығыс аршасының (Thuja orientalis) көшеттері отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1021733?lang=kk
17 маусымда Бейімбет Майлин ауданында төсбелгілер мен «Алтын белгі» аттестатын және «Үздік» үздік аттестаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 25.06.2025
17 маусымда Бейімбет Майлин ауданында төсбелгілер мен «Алтын белгі» аттестатын және «Үздік» үздік аттестаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Биылғы жылы 21 түлек қол жеткізген жетістіктері үшін жоғары марапаттарға, төсбелгіге, «Алтын белгі» аттестатына және Қостанай облысы әкімінің атынан гравертонға ие болды. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің атынан 9 түлекке «Үздік» аттестат пен гравертон табыс етілсе, барлық түлектер материалдық ынталандыруларға ие болды. Балаларына қолдау көрсетіп, тәрбиелеп отырған ата-аналарға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1021761?lang=kk