Қоғам
Айдарбек Сапаров: Қостанай облысында шегірткеге қарсы күрес белгіленген кесте бойынша жүргізілуде 11.06.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында Қостанай облысындағы егін алқаптарын үйірлі шегірткелерден қорғауға бағытталған фитосанитариялық іс-шаралардың барысымен танысты. Облыс басшылығымен бірге зиянкестерге қарсы күреске жұмылдырылған негізгі нысандарды аралап, шаруашылықтар мен мердігер ұйымдардың өкілдерімен алдын алу шараларын талқылады.Бүгінде облыстың бес ауданында өңдеу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр — 322,85 мың гектар жер өңделді, бұл жоспарланған көлемнің 49,7%-ын құрайды. Жұмысқа 59 арнайы техника, соның ішінде агродрондар, жеңіл авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған. Қолданылған препараттардың тиімділігі 82% деңгейінде бағалануда.Министр өңдеу сапасын әуеден бақылап, техникалық жарақтандырумен танысты және мониторингтен бастап өңдеуге дейінгі барлық кезеңдердің жедел орындалуының маңыздылығын атап өтті.«Қостанай облысында жұмыс нақты ұйымдастырылған: белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр, кешігу жоқ. Басты міндетіміз — зиянкестердің таралуына жол бермеу. Бұл – ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жүйелі жұмыс», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Шаруашылық өкілдері де өңдеуді белгіленген мерзімде аяқтауға толық дайын екендерін растады. «Бердыбаев» шаруа қожалығының басшысы Сәкен Бердібаевтың айтуынша, егінге тікелей қауіп болмаса да, алдын ала әрекет ету өте маңызды:«Иә, шегірткелер бар, бірақ ошақтары бірен-саран. Біз өз егістіктерімізді үнемі бақылап отырамыз, алғашқы белгілер байқалған сәтте бірден өңдеу жүргіземіз. Бұл — қалыпты жұмыс тәсілі», — деді ол.Сонымен қатар, министр сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысының сүтті мал шаруашылығын дамыту тәжірибесін кеңейту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Қостанай облысында қазіргі таңда үш жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылған, тағы үш жоба аяқталу сатысында. Бие сүтін терең өңдеу және оны жақын және алыс шетел нарығына шығару бағытындағы бастамалар да жүзеге асырылуда.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің негізгі бағыты – заманауи агротехнологиялар, өндірістік тәртіп және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы екенін атап өтті. Бұл жүйелі тәсіл өңірге тек жедел әрекет етіп қана қоймай, өндірістік әлеуетті сенімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1015698?lang=kk
Конституциялық Соттың талдаушысы Астана Халықаралық университетінің студенттеріне дәріс оқыды 11.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституцияның 30 жылдығына арналған шаралар аясында Конституциялық Соттың талдаушысы Денис Финк Астана Халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебінің студенттеріне қонақ дәріс өткізді.Дәріс барысында спикер Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын таныстырып, студенттерді адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі конституциялық кепілдіктерімен таныстырып, олардың іске асырылуын қамтамасыз етудегі Конституциялық Соттың шешуші рөлін атап өтті.Конституциялық Соттың жекелеген қорытынды шешімдерінің мысалдарында конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі конституциялық бақылау органы қызметінің практикалық аспектілерін түсіндірді.Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға мазмұнды және жан-жақты жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1015677?lang=kk
"Келешек мектептері" жобасы – білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі 11.06.2025
Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жою және оқушы орындарының тапшылығын шешу мақсатында "Келешек мектептері" жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2024-2025 оқу жылында облыстағы 437 мемлекеттік мектепте 352 856 оқушы білім алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 059 оқушыға артық.2024 жылы "Жайлы мектеп" жобасы шеңберінде 11 100 оқушыға арналған 9 мемлекеттік және 3 275 орындық 3 жекеменшік мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал 2023 жылы 14 400 орындық 14 мектеп салынған болатын. Нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 30-ға дейін азайған.Облыс аумағында 17 мектептің құрылысы жалғасуда. Соның ішінде, Қарасай ауданындағы "Асыл арман" тұрғын үй кешенінде жекеменшік инвестордың қаражаты есебінен 2 000 орындық мектеп салынып жатыр. Құрылыс 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.Сондай-ақ Іле ауданына қарасты Өтеген батыр, Байсерке және А.Тоқпанов ауылдарында әрқайсысы 1 500 орынға арналған мектептердің құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.Спикердің айтуынша, бұл бастама – елдің білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге арналған нақты қадам. "Келешек мектептері" жобасы өскелең ұрпаққа қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастырудағы маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.- "Келешек мектептері – бұл жай ғана мектеп ғимараттары емес, бұл – болашаққа жасалған берік инвестиция. Білім – ұлттың іргетасы, ал бұл мектептер сол іргетасты нығайтатын басты тірек болмақ," – деді Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015678?lang=kk
Қостанай облысында East Hope Group директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсин мырзамен кездесу өтті 11.06.2025
Қостанай облысында бокситті өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.Бүгін облыс әкімдігінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қытайдың East Hope Group корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, Forbes журналының нұсқасы бойынша Қытайдың ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі Лю Юнсин мырзамен кездесу өткізді.Екі күн бұрын Лю Юнсин мырза Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен келіссөздер жүргізіп, одан кейін келіссөздерді жергілікті жерде жалғастыру үшін Қостанай облысына келді.Кездесу барысында ауқымды инвестициялық жобаның негізгі параметрлері талқыланды. Жоба аясында мыналар қарастырылған:• алғашқы кезеңде жылына 2 миллион тоннаға дейін боксит өңдейтін кен байыту комбинатын салу;• қажетті инженерлік және логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру;• жаңартылатын энергия көздері мен циркулярлық экономика қағидаттарын қолдана отырып, өндірісті кезең-кезеңімен кеңейту.Жобаны үш кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.Қостанай облысы барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ете алады: су, газ және электр желілеріне қолжетімділік, сондай-ақ теміржол және автокөлік жолдары бар. Сонымен қатар, салықтық және әкімшілік жеңілдіктері бар арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұл жоба Қазақстанның солтүстігі үшін стратегиялық маңызға ие:«Бізде барлық қажетті алғышарттар бар — табиғи ресурстар, инфрақұрылым, көлік логистикасы және жобаны іске асыруға толық қолдау. Біз өндірістік кешенді орналастыруға және жобаны барлық кезеңдерінде қолдауға дайынбыз», – деді өңір басшысы.Жоба бойынша келіссөздер соңғы бір жыл бойы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қатысуымен жүргізілді. Бүгінгі таңда инвестициялық параметрлер бойынша айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді, тараптар нақты шешімдер мен іске асыру кезеңдерін талқылауда.Аталған жоба Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарға — әртараптандырылған, жоғары технологиялық және экологиялық тұрақты экономиканы қалыптастыруға толық сәйкес келеді. Оның жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және елдің өнеркәсіптік жүйесінде жаңа өсім нүктесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1015687?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 13,34 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 11.06.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 13,34 млн АҚШ долларына 108 694 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 7,95 млн АҚШ долларына 64 325 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,38 млн АҚШ долларына 44 369 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (7,77 млн АҚШ долларына 62 749 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 57,78 мың АҚШ долларына 496 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 44,69 мың АҚШ долларына 407 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (4,79 млн АҚШ долларына 39 065 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (437,15 мың АҚШ долларына 3 935 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (122,91 мың АҚШ долларына 1 113 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1022803?lang=kk
«KASE клиринг орталығы» АҚ-на лицензия беру туралы 11.06.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төраға орынбасарының 2025 жылғы 10 маусымдағы № Б-158 бұйрығына сәйкес «KASE клиринг орталығы» АҚ-на бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 2025 жылғы 10 маусымдағы № 3.2.257 лицензия берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1015664?lang=kk
Экологиялық тазарту іс-шарасы өтті 11.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай жағажай аумағында тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, мекеме және бөлім, азаматтық қорғау саласы қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.Аудан басшысы экологиялық іс-шараның мән-маңызына тоқталды. – Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүргізілуде. Осы ретте, Сыр өңірінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен экологияны жақсарту бағытында үлкен шаралар қабылдануда. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында аймағымызда тазалық акциялары мен сенбіліктер тұрақты өткізіліп келеді. Соның нәтижесінде өңіріміз таза аймақтар қатарынан көрінуде. Бұл бағытта аудан тұрғындары үлкен үлес қосуда. Осы жылдың өзінде ауданымызда бірнеше экологиялық акциялар мен ағаш отырғызу шаралары ұйымдастырылып, сенбіліктер апта сайын өткізілуде. Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында аймақ басшысының қолдауымен аудан орталығында тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигон пайдалануға берілді. Қазіргі таңда полигонда тазалық шаралары нәтижесінде жиналған қалдықтар өңделуде. Біздің әрқайсымыз табиғатқа деген жауапкершілікті сезінуіміз қажет. Таза ауа, жасыл желек пен таза су – біздің келешегіміз. Осы байлықты сақтап қалу үшін бәріміз қоршаған ортаны қорғауымыз қажет. Сіздерді табиғатты қорғауға, оны аялауға, болашақ ұрпаққа таза және сау табиғат қалдыруға шақырамын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Экологиялық іс-шара барысында жағажай аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Арнайы техникалармен қоқыстар тазартылып, демалыс орнындағы жабдықтар сырланды. Арнайы қайықпен көлдегі қалдықтар да тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1015669?lang=kk
Қазақстан мен Эстония кедендік ынтымақтастықты талқылады 11.06.2025
Астана, 2025 жылғы 10 маусымда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Эстония делегациясының кездесуі өтті. Эстония делегациясы құрамында Эстония Сыртқы істер министрлігі, Салық және кеден департаменті мен Эстонияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері болды. Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Әңгіме барысында цифрландыру, тәуекелдерді басқарудың заманауи құралдарын қолдану, сондай-ақ кедендік рәсімдерді жеңілдету мен халықаралық сауданы дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қозғалды. Кездесу конструктивті және ашық форматта өтіп, тараптардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1015573?lang=kk
«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз жалғасуда 11.06.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз жалғасуда.11 маусым күні қаламыздың Бақтыбай Жолбарыс атындағы №18 орта мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсияның мақсаты: балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылып,қызықты ойындар ойнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1015518?lang=kk
Бейіндік комитет депутаттары Арнайы операциялар күштерінің қызметімен танысты 11.06.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері қолбасшысының басқармасында болды. Парламент Мәжілісінің бейінді комитетінің хатшысы Айдос Сарым өз сөзінде сапардың мақсаты мен Арнайы операциялар күштерінің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудағы және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.Заң шығарушы билік өкілдері басқару пунктінің жұмысымен танысты. Оларға қару-жарақ, техникалық құралдар, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жабдықтардың үлгілері ұсынылды.Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Айдос Мырзахметов депутаттарды сеніп тапсырылған әскери құрылымның қалыптасуы мен даму перспективалары туралы хабардар етті.Кездесу барысында жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда бұл жеке құрамды даярлау сапасына, заманауи технологияларды, оқыту құралдарын қолдануға және жеке құрамның идеологиялық тұрақтылығын дамытуға тікелей байланысты. Сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жетілдіру, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту туралы да сөз болды.Кездесу VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің үшінші сессияына арналған өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1015522?lang=kk
Қазақстан-Корея арасындағы парламенттік байланыстар нығаюда 11.06.2025
Сеул, 2025 жылғы 11 маусым – Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясында Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов «Қазақстан – Корея» парламентаралық достық тобының Төрағасы Пак Хон Гынмен кездесті. Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылық бар екенін растады.Қазақ дипломаты Пак Хон Гынды Корея Республикасының Президенті лауазымына Ли Чжэ Мённың сайлануымен құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен жаңа корей басшысы арасындағы саяси диалог екіжақты жан-жақты ынтымақтастықтың тұрақты дамуына серпін беретініне сенім білдірді.Кездесу барысында 2024 жылғы қазанда Спикер У Вон Шиктің Қазақстанға жасаған сапарына ерекше назар аударылды. Бұл іс-шараның парламенттік дипломатияны дамытудағы маңыздылығы атап өтілді. «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы Парламент спикерлерінің конференциясын жалғастыру өңірлік өзара іс-қимыл үшін маңызды екені айтылды.Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. Корея Республикасы – Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.Сонымен қатар, гуманитарлық саладағы, атап айтқанда білім беру және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды. Елші Арыстанов қазіргі уақытта Корея университеттерінде шамамен 1300 қазақстандық студент білім алып жатқанын айтты. Ауқымды бастамалар қатарында Қызылордада Жасанды интеллект мектебінің ашылуы, 2025 жылғы қыркүйекте Түркістанда Woosong университетінің филиалын ашу және Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Dong-Eui университетімен серіктестігі ерекше атап өтілді.Кездесу барысында Қазақстан мен Корея арасындағы көлік байланыстарын дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда екі ел арасында аптасына 19 тікелей әуе рейсі орындалады. Бұл көрсеткішті 40 рейске дейін ұлғайту жөнінде мақсат қойылған. Бұл іскерлік, туристік және гуманитарлық алмасуларды одан әрі жандандыруға ықпал етеді.Сонымен қатар, Пак Хон Гын генерал Хон Бом До мемориалдық қорының Төрағасы ретінде парламентаралық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға белсенді атсалысуға дайын екенін білдірді. Өз кезегінде Нұрғали Арыстанов корейлік депутатты Қазақстанға қолайлы уақытта келіп, қазақстандық әріптестерімен келіссөздер жүргізуге шақырды. Бұл шақыру ризашылықпен қабылданды.Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі парламентаралық достық топты депутат Айдос Сарым басқаратынын атап өткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1015475?lang=kk
Үлкен Нарын ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті 11.06.2025
2025 жылғы 11 маусым күні Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ережепов Б.К ашып өткізді. Отырыста мына мәселелер қаралды:1.Үлкен Нарын ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, әкетуді және полигон аймақтарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу туралы2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының орындалуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар туралы есебін тыңдау.3.Әртүрлі мәселелер.Барлық қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1015482?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 13,34 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланд 11.06.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 13,34 млн АҚШ долларына 108 694 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 7,95 млн АҚШ долларына 64 325 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,38 млн АҚШ долларына 44 369 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (7,77 млн АҚШ долларына 62 749 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 57,78 мың АҚШ долларына 496 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 44,69 мың АҚШ долларына 407 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (4,79 млн АҚШ долларына 39 065 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (437,15 мың АҚШ долларына 3 935 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (122,91 мың АҚШ долларына 1 113 өтініш орындалды).Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды.Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1015470?lang=kk
📲 Цифрлық дәуір – тіл үйретудің жаңа мүмкіндігі! 11.06.2025
Басқарма облыс тұрғындарының тіл үйрену сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында бірқатар заманауи жобаларды жүзеге асыруда. Тілдерді оқыту курстары тұрақты өтуде. Енді тіл үйренгісі келетін, бірақ курсқа бара алмайтындар үшін Telegram-бот іске қосу жоспарда.Бұл ботта: Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тесттер, Өз бетімен оқуға арналған электронды оқу құралдары, Кәсіби салаға бейімделген аудармасымен берілген тілшарлар, Түрлі деңгейге арналған бейнематериалдар орналастырылады. Сонымен қатар келер жылға подкаст жобасы жоспарланып отыр – тыңдарманға әлеуметтік, мәдени тақырыптарды қазақ тілінде жеткізу көзделуде. 10 жылдан астам шығып келе жатқан «Күншуақ» балалар журналының мазмұнын кеңейтіп, анимациялық фильм дайындау – басты жоспардың бірі. Бұл – балалардың тілдік дағдысын ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында: Әлеуметтік зерттеулер Бейнесабақтар Тіл заңнамасына арналған акциялар мен байқаулар жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін болады. Тілді цифрлық форматта үйрену – бүгінгі заман талабы. Біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз!#АқтөбеТілдері #МемлекеттікТіл #ЦифрлықТіл #ТілОрталығы #TelegramБот #ҚазақТілі #КүншуақЖурналы #Цифрландыру #TilOrtalygy #TilTanymАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1015376?lang=kk
Қазақ сөздеріндегі дыбыс тіркесімін жасанды интеллект арқылы түзететін Qazemle IT бағдарламасының таныстырылымы 11.06.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының конференц-залында мемлекеттік деңгейде маңызды инновациялық жоба – «Qazemle» IT бағдарламасының таныстырылымы өтті.Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешов қатысып, жобаға қатысты өз пікірін білдірді. Сонымен қатар таныстырылым жұмысына тіл жанашырлары, ғалымдар, ІТ мамандарды және журналистер қатысты.Qazemle – қазақ тіліндегі сөздердің дыбыстық құрамындағы үндестік заңдылығы мен емле нормаларына қайшы келетін тіркесімдерді автоматты түрде тануға және түзетуге бағытталған ІТ шешім. Бұл бағдарлама – қазақ тілінің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларын цифрлы кеңістікте сақтау мен нығайтуға бағытталған алғашқы отандық өнім. Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан гранттық негізде қаржыландырылып отыр.Іс-шара барысында IT платформаның жұмыс істеу принциптері мен интерфейсі көрсетіліп, жобаның негіздемесі мен ғылыми тұғыры талданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1015386?lang=kk
Бангкоктағы БҰҰ АзТМЭӘК-ның штаб-пәтерінде өркениеттер арасындағы Халықаралық Диалог күні атап өтілді 11.06.2025
Бангкок, 2025 жылғы 10 маусым – Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі Цивилизациялар арасындағы диалог халықаралық күніне арналған салтанатты іс-шара Бангкок қаласындағы БҰҰ АзТМЭӘК-ның штаб-пәтерінде өтті.Салтанатты жиынға Бангкоктағы дипломатиялық өкілдіктердің жоғары лауазымды тұлғалары, Таиланд Үкіметі, БҰҰ АзТМЭӘК хатшылығы, БҰҰ жүйесінің мекемелері мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңірінің сарапшылары мен жастар өкілдері қатысты.Іс-шараның басты мақсаты - елдер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ теңдік пен өзара құрмет рухындағы әріптестікті ілгерілету арқылы ортақ өркендеу мен прогреске жол ашу болды.Қазақстан Республикасының Елшісі, БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты Өкілі Арман Исетов өз сөзінде Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілетуге тұрақты бейілді екенін атап өтті. Бұл бағыт жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін негізгі фактор болып саналады. Қазақстанның осы бағыттағы негізгі бастамаларының бірі - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, ол халықаралық диалогты дамытуға 20 жылдан астам уақыт бойы үлес қосып келеді.Іс-шара аясындағы мәдени бағдарламада тайлық өнер ұжымы дәстүрлі қазақ билерін орындап, мәдени алмасу мен достықтың символына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1015389?lang=kk
Курчатов қаласы әкімдігінің Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы 11.06.2025
Бүгін қала әкімі Б.Әбдіралиев Курчатов қаласы әкімдігінін Жастар саясаты кеңесінің отырысын өткізді. Күн тәртібінде «Курчатов қаласында бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», «Қаланың білім беру ұйымдарында оқитын жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», «Курчатов қаласында жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, «Мәдениет және еңбек нарығындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және еңбек нарығының алдын алу жұмыстары туралы», «Курчатов қаласында жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы», «Курчатов қаласында жастардың азаматтық және патриоттық сана-сезімін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселелер қаралды. Барлық мәселелер қаралып, олар бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1015391?lang=kk
Қазақстан Елшісі Латвияның орман шаруашылық объектілерін аралады 11.06.2025
Рига, 2025 жылғы 10 маусым – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Орман зерттеу станциясына және «Mežvidi» тәлімбағына барды.Орман станциясының директоры Мартиньш Лидумспен кездесу барысында ормандарды қалпына келтіру бойынша латвиялық тәжірибені Қазақстанға енгізу және мамандарды даярлау мәселелері талқыланды.«Латвия мемлекеттік ормандары» АҚ «Тұқымдар мен көшеттер» тәлімбағының директоры Марис Друваскалнспен әңгімелесу барысында латвиялық технологияларды, ғылыми әзірлемелер мен отырғызу материалын пайдалана отырып, Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген көшет өсіру саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі қарастырылды.Осыған байланысты бірлескен жобаларды жүзеге асыруды бастау үшін саладағы қазақстандық мамандардың сапары туралы келісімге қол жеткізілді.Анықтама: Орман ғылыми-зерттеу станциясы – Латвия Мемлекеттік орман ғылыми-зерттеу институты «Silava» және Ауыл шаруашылығы және технология университеті құрған мемлекеттік мекеме. Станция мемлекеттік меншігіндегі ғылыми-зерттеу ормандарын басқарады, ғылыми зерттеулер үшін инфрақұрылымды, ұзақ мерзімді ғылыми-зерттеу объектілерін, қоршаған орта мен орман мониторингін қамтамасыз етеді, орман шаруашылығындағы кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыруға қолдау көрсетеді.Қазіргі уақытта орман алқаптары республика аумағының 52 % құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1015353?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшісі өртеніп жатқан үйден әйел адамды құтқарып қалды 11.06.2025
Семей қаласында орналасқан әскери бөлімнің коменданттық взводының жүргізуші-электригі қатардағы жауынгер Қызыр Мұхаметжанов отқа оранған үйден әйелді құтқарып алып шықты.Оқыс оқиға 10 маусым күні кешкі уақытта әскери қызметші дүкенге бара жатқан уақытта орын алды. Ол қаланың тар көшелерінің бірінде өрт сөндіріп жатқан адамдар тобын көрді.Жанып жатқан ғимараттың терезелерінен жанұшыра шыққан айқайды естіген әскери қызметші еш ойланбастан көмекке жетті. Қоршауды айналып өткен ол терезе әйнегін сындырып, жанып жатқан бөлмеге кірді.Бұл кезде қалың түтіннің салдарынан үй ішінде ештеңе көрінбейтін. Сол себепті Қызыр Мұхаметжановқа айқайлаған дауысқа құлақ түруге тура келді. Соның арқасында ол үй ішінен әйел адамды тез тауып, сыртқа көтеріп алып шықты.Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды қаладағы ауруханаға жеткізді. Қазір ол ем қабылдап жатыр.Екі баланың әкесі қатардағы жауынгер Қызыр Мұхаметжанов он жылдан астам уақыттан Қарулы күштер сапында келісімшарт бойынша қызмет етіп келеді.Қызыр өзінің іс-әрекетін батырлық деп санамайды. Өйткені қиын сәтте көмек қолын созу ол әр азаматтың міндеті дейді. Әскерде қалыптасып қалған әдетінше ол жедел, әрі батыл әрекет етуге шешім қабылдауға әркез дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1015308?lang=kk
Қазақстан мен Люксембург белсенді диалогты жалғастыруда 11.06.2025
Люксембург, 2025 жылғы 10 маусым – Люксембургке жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Люксембург Премьер-Министрінің Дипломатиялық кеңесшісі Лорис Николеттимен, Сыртқы және еуропалық істер министрлігі Саяси директорының орынбасары Алан де Муйзермен, сондай-ақ Ұлы Герцогтік Сауда палатасының халықаралық департаментінің директоры Синди Теребамен жеке кездесулер өткізді.Л.Николеттимен кездесу барысында 2025 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люксембург Премьер-Министрі Люк Фриден арасындағы телефон арқылы сөйлесу нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы талқыланды. Люксембург саясаткері ел басшылығы Қазақстанмен көп жоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екеніне назар аударды. Саяси және экономикалық іс-шараларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ дипломаты Люксембург саясаткеріне Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстардың қарқынды дамуы туралы айтып, әсіресе критикалық шикізат материалдары, жасыл энергетика, цифрландыру және көлік-транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану салаларындағы ынтымақтастықтың кеңейгенін атап өтті.А.Де Муйзермен кездесуде екіжақты қатынастар, ЕО-ОА форматындағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Алдағы қазақстандық-люксембургтік іс-шаралар талқыланды.С.Теребамен кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі тереңдету перспективалары қарастырылды. С.Тереба Қазақстан мен Люксембургтің шаруашылық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтті. Сондай-ақ, 2025 жылғы 6 маусымда Люксембургке қазақстандық бизнес миссиясы сапарының нәтижелері жоғары бағаланды.2024 жылы Люксембургтен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 520 миллион АҚШ долларынан асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1015305?lang=kk