Enbekshi QazaQ

Қоғам

Шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану бойынша есептілікті ұсыну 11.06.2025
Кеден заңнамасына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, оларға қатысты:-осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер;-тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін;-ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) мөлшерлемелері қолданылған, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған болса, шартты түрде шығарылған деп саналады.Сонымен қатар, шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану бойынша есепті тіркеу есебінде тұрған Мемлекеттік кірістер органына ұсыну міндеттілігі көзделген. Есепті жылына екі рет 5 ақпаннан және 5 тамыздан кешіктірмей электрондық түрде ілеспе хатпен ұсынылуы керек.Есепті ұсыну тәртібі, оның нысаны мен толтыру қағидалары «Мемлекеттік кірістер органына есеп жүргізудің және есеп берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10.04.2020 ж. №374 бұйрығымен бекітілген.Есепті ұсынбағаны, дұрыс емес есептілік бергені немесе шартты түрде шығарылған тауарлардың есебін жүргізу тәртібін сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 539-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту маңызды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті барлық мүдделі тұлғаларға есептілікті уақтылы ұсыну қажеттігін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1015260?lang=kk
FocusEconomics: Экономикалық зерттеулер институты дәл болжам жасаушы институт ретінде марапатталды 11.06.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ беделді халықаралық FocusEconomics Analyst Forecast Awards 2024 премиясының жеңімпазы атанып, Kazakhstan Current Account номинациясы бойынша 1-орынға ие болды.Аталған премия жыл сайын әлемнің 130-дан астам елінен қатысатын макроэкономикалық болжам жасайтын ұйымдар арасында нақты болжам үшін беріледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Институт ондаған халықаралық сараптамалық орталық, инвестициялық банктер мен зерттеу агенттіктері арасында үздік нәтиже көрсетіп, көш бастады. Сондай-ақ, Институт Real and External Sector және Overall Categories секілді жиынтық санаттарда да үздіктер қатарынан көрініп, болжамдарының кең ауқымдылығы мен дәлдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.Институт 2023 жылы да Exchange Rate санатында 2-орын алғанын айта кеткен жөн. Бұл оның макроэкономикалық талдау саласындағы тұрақты кәсібилігі мен жүйелілігін көрсетеді.FocusEconomics – консенсус-болжамдар мен талдаулардың жетекші жаһандық провайдері ретінде – қазақстандық институттың халықаралық зерттеулерге белсенді қатысатынын, аналитиканың тереңдігін және ғылыми негізділігін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1015243?lang=kk
Ұлттық өнердің ұлы кеші Көкше төрінде 11.06.2025
Абылай хан орда тіккен, Арқада алты алаштан ән оздырған сал-серілер — Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайлар туған қасиетті Көкше жерінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі тағылымы терең, жүрекке жететін әсерлі концерттік бағдарламасын ұсынды.Көкшетау қаласындағы жаңа қоғамдық кеңістік — Қопа көлінің жағалауындағы «Амфитеатрда» өткен кешке 10 мыңнан астам қала тұрғыны жиналды. Тыңдарман көңілінен шыққан бұл өнер кешінің арнайы қонақтары — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі әнші Нұрлан Өнербаев және халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Аяжан Қуанышалиева өз өнерлерімен көрерменнің көзайымына айналды.Кеш барысында оркестр мен солистердің орындауында «Адай», «Саржайлау», «Шаңды жорық», «Сарыарқа» күйлері, «Қарағым-ай», «Ауылым» әндері, Бизе, Штраус, Ахмет Жұбанов сынды композиторлардың шығармалары шырқалды. Барлығы жиырмаға жуық туынды ұсынылды.Оркестрдің бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген концерт репертуары жайлы былай деп атап өтті:«Репертуарымыз дәстүрлі күйлерден бастап, шетел классиктеріне дейінгі кең ауқымды қамтиды. Құрманғазы, Дина, Тәттімбет күйлерімен қатар, әлемдік композиторлардың шығармаларын да орындаймыз. Бұл — ұлттық аспаптардың үлкен мүмкіндігін көрсетеді.Сонымен бірге қазіргі қазақ композиторларының күрделі, мазмұнды туындылары бар. Әр шығармада біздің тарихымыз, рухымыз, болмысымыз жатыр.Бізді ең қуантатыны — Көкшетау халқының ықыласы. Өңір көрермендері оркестр өнерін ерекше жылы қабылдап, зор қошеметпен қарсы алды. Бұл — өнерге деген құрметтің, ұлттық музыкаға деген шынайы махаббаттың айғағы».Ұлттық рухтың айнасы — күй мен дәстүрлі музыканың жауһарлары осы кеште көрерменге жаңа леппен ұсынылды.Бүгінгі кеш — көрерменнің аузынан әлі талай уақыт түспейтін, шынайы әсер қалдырған ерекше өнер оқиғасына айналды.10/06/2025Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1015149?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті. 11.06.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да  "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті.  2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) барлық филиалдарында "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында дәстүрлі "Ашық есік күні" өткізілді.Соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне INTERNET желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.Алаяқтардан қорғану тақырыбына арналған онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Кездесу қонақтарына азаматтарға қатысты жасалған кейбір заңсыз алаяқтық әрекеттер мысал ретінде келтіріліп, осындай жағдайларда қандай іс-қимылдар жасау керек екендігі жөнінде ұсыныстар берілді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етті.Негізгі тақырыпты талқылай отырып, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша ақыл-кеңес те беріп үлгерді.Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) онлайн режимде тегін ала алады.Кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтан: Facebook, Telegram, В контакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен, сондай-ақ  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көпарналы тегін байланыс арқылы алуға болады.  Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/1015157?lang=kk
МКК кеден қызметтерін алу барысында туындайтын мәселелерге жедел әрекет ету мақсатында" қызыл түйме" жүйесін енгізді 11.06.2025
       ҚР ҚМ МКК кері байланысты күшейтуде: кеден қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді.💠Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағытталған тәсілді енгізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.Осы мақсатта барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «қызыл түйме» орнатылды - QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК Төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады.💠Бұл құрал — кеден қызметтерін алу кезіндетуындайтын қиындыктарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлыктың алдын алуға бағытталған.Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар.💠Біз азаматтармен және бизнес-коғамдастықпен ашық, әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.💠Кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болган әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Сіздің дауысыңыз — тиімді, ашық әрі клиентке бағытталған кедендік әкімшілендіру жүйесін қалыптастырудың манызды бөлігі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күші ғана сервистін сапасы мен сенім деңгейін арттыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1015166?lang=kk
СӘИЖ СТК-де табыс етуге қол жетімді нысандар. 11.06.2025
    Құрметті салық төлеушілер!    Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.2025 жылғы 21 мамырдан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:* “Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;* “Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;* Тауарлармен электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан         Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар беретін ақпараттар жалпы мәлімет;* Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар беретін мәліметтер;* Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініші;* Декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебі (101.01 СЕН);* Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.02 СЕН);* Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есебі (101.03 СЕН);* Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510.00 СЕН);* Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация (560.00 СЕН);* Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00 СЕН);* Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация (590.00 СЕН);* Жер қойнауын пайдалануға баламалы салығы бойынша декларация ( 600.00 СЕН).      СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kzсілтеме арқылы өтуге болады.       СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылғанСұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:* knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы* 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71телефондары арқылы;* СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1015137?lang=kk
Мәжілісте еңбек қауіпсіздігі және туристерге қолайлы жағдай жасау мәселесі қаралды 11.06.2025
 Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте қауіпсіз еңбек жағдайларын және еңбек саласын цифрландыру жөніндегі шаралар, сонымен бірге өңір халқы мен туристерге қолайлы жағдай жасау бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.Мәжілісте алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев жұмысшылардың құқықтарын қорғау, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және табысын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндады.Аудан әкімі күн тәртінбінде көтерілген бірінші мәселе бойынша ауданда еңбек ұжымдарында жазатайым оқиғалардың алдын алу, мекеме-кәсіпорындардың қызметкерлерге жалақыларын уақытылы берілуін қамтамасыз ету, қарапайым жұмысшылардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту және ұжымдағы және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті болдырмау бағытында дер кезінде тиісті шаралар қабылдап, кез келген жұмысшының еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу сынды өзекті мәселелерді көтеріп, осыған байланысты тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Ал, аудан басшысы мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе - өңір халқы мен туристерге қолайлы жағдай жасау бойынша аудандағы Республикалық дәрежедегі ескерткіштің бірі – көне «Жанкент» қалашығына туристерді тарту және аудан аумағында ашылып жатқан жаңа нысандар мен демалыс орындарына қонақтардың көптеп келуі мен оларға қолайлы жағдай қалыптастыру бойынша шараларды қолға алу керектігін айтты. Сонымен қатар тиісті сала басшысына аудан аумағында орналасқан тарихи нысандардың барлығында келген қонақтар мен туристерге ақпарат беретін виртуалды карта әзірленіп, оларға арнайы QR кодтарды қойылу керектігін ескертті.Мұнан бөлек жауапты орынбасары Мұрат Әбсұлтановқа аудандағы тарихи ғимараттардың бірі – Қазалы теміржол вокзалына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тезірек сапалы етіп аяқтауға жұмыс жасауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1015140?lang=kk
Интернет- алаяқтың алдын алу 11.06.2025
    Құрметті азаматтар!    Цифрлық технологиялардың жедел дамуына байланысты интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті.     Соңғы төрт айдың өзінде елімізде 8 000-нан астам интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді.     Алаяқтар өздерін банк қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, байланыс операторлары, курьерлік және медицина ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін және психологиялық қысымды пайдаланады.     Өкінішке қарай, мемлекеттік және қаржы ұйымдарының қызметкерлері де алаяқтардың құрбаны болуда. Көптеген жағдайда қаскөйлер мессенджерлер арқылы басшылықтың атынан хабарласып, адамдарды алдап, ақшаларын аударуға мәжбүрлеген.      Еске саламыз: Мемлекеттік органдардың және банктердің өкілдері ешқашан телефон арқылы: деректерді, банк картасының реквизиттерін, кодтарын немесе құпия сөздерді сұрамайды. жеке растау      Сізден бейтаныс адамдарға жеке ақпаратыңызды бермеуді және күмәнді қоңыраулар немесе хабарламалар түскен жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.       Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары мен қауіп-қатерлері туралы жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы азаматтарды хабардар етуге шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1015092?lang=kk
Дүниежүзілік буддистер бауырластығы VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысатынын растады 11.06.2025
Бангкок, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Дүниежүзілік Буддистер Достығының президенті Фаллоп Тайиримен кездесті.Кездесу барысында тараптар 2025 жылдың 17-18 қыркүйегінде Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне Дүниежүзілік буддистер бауырластығының қатысуын талқылады.Елші А.Исетов бұл шараның конфессияаралық диалогты қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті. Жаһандық қауіп-қатерлер мен келіспеушіліктердің күшеюі жағдайында діни әлем көшбасшылары адамзатты біріктіре алатыны айтылды.Өз кезегінде, Ф.Тайири Дүниежүзілік буддистер бауырластығы көптеген жылдар бойы Дін лидерлерінің съезін Қазақстанда өткізуге қолдау білдіріп келе жатқанын, сондай-ақ биыл күзде Астанада өтетін дін қайраткерлерінің форумына қатысатынын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1015116?lang=kk
Маңғыстаулық делегация «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумына қатысты 11.06.2025
12 мамыр күні елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу-Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның қатысуымен «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумы өтті. Аталған шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов бастаған делегация да қатысты.Бизнес-форум аясында цифрлық технологиялар, қаржы, урбанистика және «жасыл» экономика бағыттарындағы заманауи трендтерді қамтыған бірқатар тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.Панельдік отырыс барысында Ербол Ізбергенов «Қалалық дамудың болашағын қалыптастыру: жаһандық үрдістер мен жаңа кезеңнің сын-қатерлері» тақырыбында баяндама жасады.Сондай-ақ, форумда екі елдің бизнес қауымдастықтары арасында B2B форматында кездесулер өткізіліп, бірқатар коммерциялық келісімдер жасалды.Оның ішінде, SEMURG INVEST ЖШС мен Abu Dhabi Ports Group арасында «Құрық» портында «Саржа» әмбебап терминалының құрылысын жүргізу және пайдалану жобасы бойынша мәміленің негізгі шарттары жөніндегі келісім және «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймағы АҚ мен Khalifa Economic Zones Abu Dhabi арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uiir/press/news/details/1015100?lang=kk
Конституциялық Сот: еңбек шартының талаптарына ерікті түрде келісім беру еңбек бостандығы құқығын жүзеге асыруды растайды 11.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 137-1-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтініші келіп түсті.Өтініште айтылған мән-жайлар белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасалған еңбек шартын тоқтатуға қатысты болды. Қызметкерді жұмыс беруші еңбек функциясын орындау үшін басқа ұйымға жіберді. Еңбек шартын тоқтату қабылдаушы тараптан Еңбек кодексінің дауланып отырған нормасында көзделгендей жазбаша хабарламаның түсуіне байланысты жүзеге асырылды.Өтініш беруші бұған дейін еңбек қатынастарының екі тарапынан да еңбек шартының тоқтатылуын заңсыз деп тануды талап етіп, орындалатын жұмыс мерзімі туралы нақты шарттардың жоқтығына сілтеме жасай отырып, соттарға жүгінген. Сот органдары талаптарды қанағаттандырудан бас тартты. Азамат еңбек заңнамасының бұл нормасы оның еңбек ету құқығын бұзады деп санайды.Конституциялық Сот дауланып отырған норма азаматтардың еңбекке конституциялық құқығын іске асыруына кедергі келтірмейтінін атап өтті. Еңбек шартын оның мерзімін қоса алғанда, шарттармен жасасу тараптардың ерікті келісімінің нәтижесі болып табылады. Осылайша, азамат шарттың талаптарын қабылдай отырып, өзінің еңбек бостандығына құқығын іске асырады.Баяндалғанның негізінде Конституциялық Сот конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау үшін негіздердің жоқтығы туралы қорытындыға келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1015101?lang=kk
Алматыда Португалияның Құрметті консулдығының ашылуы 11.06.2025
2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Португалияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Португалия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, Құрметті консулдықтың ашылуы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуға, туризмді дамытуға, академиялық алмасулар мен бизнес-бастамаларды қолдауға ықпал ететінін атап көрсетті.Соңында, Ж. Әбдрашов екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1015054?lang=kk
Астанада "Ұлттық ұлан — ел айбыны" патриоттық мұралы ашылды 11.06.2025
Елордада Сарыарқа ауданы ғимараттарының бірінің қасбетінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетіне арналған "Ұлттық ұлан — ел айбыны" патриоттық муралының салтанатты ашылуы өтті.Муралды салтанатты түрде ашу құрметі қызмет барысында қырағылық пен жанқиярлық танытқан қос сарбаз — Даниял Сәрсенғалиев пен Нұржан Жұмабекұлына берілді. Даниял Сәрсенғалиев таяуда эпилепсиялық ұстамасы бар қызға жедел медициналық көмек көрсеткен болатын. Ал Нұржан Жұмабекұлы "Шарын" базарындағы өртті байқаған бойда тиісті қызметтерге уақытылы баяндап, оқиға орнына қосымша күш шақырып, қауіп аймағына дереу қоршау ұйымдастырған.Өнер нысаны Сейфуллин 9/1 және Кубрин 22/1 көшелерінің қиылысында орналасқан алаңдағы ғимарат сыртына ерекше рең берді. Ол ұландықтардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен адалдық рухында тәрбиелеуге қосқан үлесін мойындаудың символына айналды.Муралдың салынуына Сарыарқа ауданының әкімдігі бірлесіп, Ұлттық ұлан бастама көтерді.- Бұл туынды — біздің әскери қызметшілерімізге деген алғыстың белгісі. Өнер арқылы күндіз-түні тұрақтылық пен тәртіптің сақшысы, тыныштықтың қалқаны болған жандар туралы айтамыз. Мурал жастарды патриоттық тәрбиелеудің маңызды элементіне айналатынына және Отан алдындағы борышын еске салатынына сенімдімін, - деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов.Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Құлдашов өз сөзінде жобаның мәдени және тәрбиелік маңыздылығын атап өтті:"Біз қаланың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, оны терең мазмұнмен толтыруға тырысамыз. Бұл муралдың пайда болуы әскери қызметке және маңызды міндет атқаратындарға құрметпен қарауды қалыптастырудағы оң қадам деп білеміз. Сондай-ақ, қаламыздың өзіндік болмысының бір бөлігі және аудан тұрғындары үшін мақтаныш нысанына боларына күмән жоқ".Айта кету керек, мурал аудан архитектурасына үйлесімді түрде еніп, елорда көшесінің жарқын екпініне айналды.Графикалық сурет елорда тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды. Бұл — күн сайын ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер үшін үлкен мақтаныш. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1015016?lang=kk
Вашингтонда діни бостандығы мәселелері талқыланды 11.06.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 9 маусым – ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінде АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясының (USCIRF) мүшелерімен кездесу өтті.Кездесу USCIRF-тің жаңа Төрағасы Вики Хартцлердің алғашқы жұмыс күнінде өткендіктен, диалогқа ерекше символдық мән беріп, тараптардың сындарлы ынтымақтастықты дамытуға деген өзара мүдделілігін айқын көрсетті.Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев америкалық тарапты конфессияаралық және этносаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарымен таныстырды. Ол діни бостандыққа және мәдени алуандыққа құрмет Қазақстанда қоғамдық тұрақтылық пен орнықты дамудың маңызды негізі ретінде қарастырылатынын атап өтті.Екіжақты күн тәртібі аясында Е. Ашықбаев діни сенім бостандығы мәселелері бойынша АҚШ-пен арада қалыптасқан ынтымақтастық тетіктерінің бар екенін және америкалық үкіметтік емес ұйымдармен сәтті әріптестікке тоқтады.Сондай-ақ, Елші Қазақстанның мәдени және этникалық алуандылықты сақтаудағы рөлін ерекше атап өтіп, Комиссияның жыл сайынғы баяндамаларын дайындауда барынша байыпты әрі объективті көзқарас қажеттігін жеткізді.Кездесу барысында қазақстандық дипломат Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты ұлттық институттардың дінаралық диалог пен мәдениеттерді жақындастыруда орнықты алаң ретінде маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қыркүйек айында Астанада өтетін VIII Съезге дайындық барысы туралы хабардар етті.USCIRF өкілдері Қазақстанның діни бостандықты қамтамасыз ету бағытында қабылдап жатқан шараларын оң бағалап, прагматикалық ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендіктерін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1014998?lang=kk
Алматыда жастар арасында адалдық пен тәртіпті дамытуға бағытталған спорттық іс-шара өтті 11.06.2025
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» идеологиялық нарративі аясында «UWW грэпплинг спорттық күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп спорттық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға 400-ге жуық жас спортшы – балалар мен жасөспірімдер қатысты.Аталған шара бұқаралық спортты дамытумен қатар, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында негізгі адамгершілік қағидаттарды қалыптастыруға бағытталды. Спорт – бұл тек физикалық шынығу ғана емес, сонымен бірге ішкі тұрақтылықты, рухтың күшін, адалдықты және жауапкершілік сезімін тәрбиелеудің қуатты құралы.Іс-шара барысында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов қатысушыларға: күш үстемдік үшін емес, қорғау үшін қажет — Отанды, отбасын, әлсіздер мен көмекке мұқтаждарды қорғау үшін қажет екенін атап өтті. Спорт — бұл агрессия емес, бұл — өзін-өзі бақылау. Бұл жолда физикалық жағынан мықты емес, тәртіпті, адал және моральдық тұрғыдан төзімді адам жеңіске жетеді.Іс-шара соңында жарыс ұйымдастырушыларына, жаттықтырушыларға және белсенді қатысқан жас спортшыларға алғыс хаттар табысталды. Бұл – жарысты ұйымдастыруға қосқан үлесі, бастамашылдығы, адал күрес рухына беріктігі мен өз қатарластарына үлгі бола білгені үшін берілген марапат. Бұл – әділетті және тұрақты қоғам құра алатын ұрпақты тәрбиелеуге қосылған ортақ үлес.Ата-аналарға да ерекше алғыс білдірілді – балаларын тәрбиелеуге, оларға уақытын, күш-жігері мен қаражатын арнағандары үшін. Себебі болашақтың іргетасы – отбасында қаланады.Іс-шараға балалар үйінен келген тәрбиеленушілердің қатысуы ерекше мәнге ие болды. Мұндай шаралар олар үшін – өздерінің маңыздылығын сезініп, өз күшіне сенуге және ішкі әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік.Бұл оқиға жай ғана спорттық жарыстар жиынтығы емес, жаңа буынның мінезі қалай қалыптасатынын көрсеткен жарқын мысал болды. Тәртіп, адалдық, құрмет, дамуға ұмтылу және заңға бағыну – бұл қасиеттер спортта да, өмірде де бірдей маңызды.#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1014977?lang=kk
ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН КЕСТЕСІ 11.06.2025
«QH Денсаулық жолы» жобасы аясында Алматы облысында тұрғындарға қолжетімді, сапалы тексеру қызметін ұсынады.📍 Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы Іргелі ауылы 🗓 16 маусым – 20 маусым 2025 жыл📍 Ұйғыр ауданы Ава ауылы Кетпен ауылы 🗓 23 маусым – 27 маусым 2025 жыл🩺 ТЕГІН ҚЫЗМЕТТЕР Маммография Компьютерлік томография (КТ) УДЗ (онкологтың жолдамасы бойынша) Алдын ала кеңес және бағыттау 📌 Барлық тексерулер ТЕГІН жүргізіледі!🆔 Өзіңізбен бірге ЖСН мен жеке куәлігіңізді алыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1014983?lang=kk
Бразилиялық сараптамалық орталық Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтуде 11.06.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 10 маусым - Қазақстан Республикасының Елшілігінде Елші Болат Нүсіповтің Халықаралық сауда, инвестициялар және орнықты даму жөніндегі Бразилия институтының (IBCIS) президенті Велбер Бараллмен кездесуі өтті.Кездесу барысында екі елдің іскер топтарын басым және өзара тиімді жобаларға тарту арқылы Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, бірқатар бразилиялық компания тарапынан нақты жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.Анықтамалық: Халықаралық сауда, инвестициялар және орнықты даму жөніндегі Бразилия институты (IBCIS) – халықаралық сауданы орнықты дамытуға, шетелдік инвестицияларды тартуға және бразилиялық компаниялардың шетелдегі инвестицияларын кеңейтуге бағытталған қызмет пен жобаларға техникалық және операциялық қолдау көрсететін ұйым. Осы тұрғыда институт сапалы әрі қолжетімді контент жасауды көздейтін сараптамалық орталық (think tank) ретіндегі рөлін күшейтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1014994?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 13,34 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 10.06.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 13,34 млн АҚШ долларына 108 694 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 7,95 млн АҚШ долларына 64 325 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,38 млн АҚШ долларына 44 369 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (7,77 млн АҚШ долларына 62 749 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 57,78 мың АҚШ долларына 496 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 44,69 мың АҚШ долларына 407 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (4,79 млн АҚШ долларына 39 065 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (437,15 мың АҚШ долларына 3 935 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (122,91 мың АҚШ долларына 1 113 өтініш орындалды).Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1019125?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Иран арасында аграрлық саладағы екіжақты кооперацияның дамуы талқыланды 10.06.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астана қаласына Қазақстан мен Иран арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы ретінде келген Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы джихады министрі Голамреза Нури Гезельджемен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен келешегін, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Қазақстан СІМ басшысы бұл кездесуді жақында Тегеранға жасаған сапары аясында басталған мазмұнды диалогтың жалғасы ретінде бағалап, екіжақты серіктестіктің зор әлеуетін атап өтті және Қазақстанның Иранмен экономикалық және инфрақұрылымдық байланыстарды кеңейтуге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1015094?lang=kk
Фискалдық чек - әрбір адам нені білуі керек 10.06.2025
 Мемлекеттік кірістер Департаменті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысулар кезінде сатушы бақылау-кассалық машинаны (БКМ) пайдаланып, қағаз немесе электрондық форматта фискалдық чек беруі тиіс екенін еске салады. Фискалдық чек – бұл сатып алу фактісін растайтын заңды құжат. Чектің көмегімен заңда белгіленген мерзім ішінде тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады, осылайша өз құқықтарыңызды қорғай аласыз. Фискалдық чек бермей жатса, не істеу керек? Фискалдық чек берілмеген жағдайда азаматтар салық төлеуші орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына «e-Otinish» ресми сервисі арқылы шағым жолдай алады.Шағымға бұзушылықты дәлелдейтін бейнежазба, нақты мекенжайы мен уақыты, кәсіпкерлік субъектісінің атауы, сатып алынған тауар, жұмыс немесе қызмет туралы мәлімет, сондай-ақ мүмкін болған жағдайда басқа да қосымша ақпарат қоса берілуі қажет.Фискалдық чек берілмеген жағдайда салық төлеушіге алғаш рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанса, айыппұл салынады:- нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын бизнес субъектілеріне – 20 АЕК;- орта бизнес субъектілеріне – 30 АЕК;- ірі бизнес субъектілеріне – 40 АЕК.Сондай-ақ, қызмет барысында БКМ болмауы құқықбұзушылық болып саналады және алғаш рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанса, айыппұл салынады:- нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын бизнес субъектілеріне – 15 АЕК;- орта бизнес субъектілеріне – 30 АЕК;- ірі бизнес субъектілеріне – 50 АЕК. Сонымен қатар, салықтық мәдениетті арттыру мақсатында 2025 жылдың 3 сәуірінен бастап «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» Республикалық акциясы басталды!Енді сіздердің әрқайсысыңыз күнделікті сатып алулар жасай отырып немесе ақылы қызметтерді ала отырып, тек фискалдық түбіртек алып қана қоймай, бағалы сыйлықтарды, соның ішінде ақшалай сыйлықтарды ұтып ала аласыз. Алынған түбіртекті «Amian» мобильді қосымшасында тіркесеңіз болғаны.Сондай-ақ, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап «Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқан күшіне енеді.Осы науқан аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталатын болады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең үздік 50 пайдаланушының біріне беріледі - барлығы 20 жеңімпаз.Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады.  Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысады.Әрбір жүктеп салынған чек ұтып алудың бір мүмкіндігі.Ай сайын – 10 жеңімпазға дейін, әрқайсысы 100 000 бонус алады.Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз. Неғұрлым көп чектерді тіркесеңіз, ұтып алу мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары болады.Сондай-ақ, Ақмола облысының тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2% көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына аударуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1014843?lang=kk