Enbekshi QazaQ

Қоғам

«День открытых дверей» в АО «ЕНПФ» на тему: «Ваши права в пенсионной системе: как не стать жертвой мошенников» 12.06.2025
11 июня 2025 года состоялся «День открытых дверей» в АО «ЕНПФ» на тему: «Ваши права в пенсионной системе: как не стать жертвой мошенников».11 июня 2025 года во всех филиалах АО «ЕНПФ» прошел традиционный «День открытых дверей» на тему «Ваши права в пенсионной системе: как не стать жертвой мошенников».В последнее время мошенники изобретают новые способы обмана населения. Они могут находиться в любой стране мира и зачастую находят номера телефонов в сети INTERNET, например, на сайтах бесплатных объявлений, узнают имя и социальное положение в социальных сетях, посредством различных мессенджеров и сервисов, чтобы ввести в заблуждение свои жертвы и воспользоваться их доверием. Для того, чтобы обезопасить себя и своих близких от мошенников, необходимо регулярно повышать уровень финансово-правовой грамотности в сфере пенсионных накоплений, осведомленности о способах защиты от мошеннических схем.На онлайн-встрече, посвященной важной теме защиты от мошенничества, специалисты Фонда подробно рассказали о мерах безопасности по обеспечению сохранности пенсионных накоплений, разъяснили, почему важно получать информацию из официальных источников и непосредственно в Фонде, как отличить законные предложения по оказанию услуг от мошеннических схем, какие угрозы могут исходить от сторонних лиц, предлагающих платные услуги по консультированию. Гостям встречи в качестве примеров были приведены некоторые случаи противоправных мошеннических действий в отношении граждан и даны рекомендации, как вести себя в подобных ситуациях.Также сотрудники ЕНПФ рассказали о порядке получения пенсионных выплат из Фонда, включая условия и способы их оформления, о том, как найти информацию о порядке оформления выплат на сайте enpf.kz.Помимо обсуждения основной темы ответственные работники подразделений ЕНПФ ответили на вопросы участников и провели с желающими индивидуальные консультации.Онлайн-встреча вызвала большой интерес и по отзывам участников была полезной и продуктивной. Напоминаем, что сведения о пенсионных накоплениях граждане Казахстана могут получить совершенно бесплатно в любом отделении Фонда, посредством почтовой связи, по адресу электронной почты либо в режиме онлайн на сайте ЕНПФ (www.enpf.kz) или в мобильном приложении ЕНПФ, а также на сайте электронного правительства (www.egov.kz).Любые консультации можно получить в отделениях ЕНПФ или дистанционно: через многоканальную бесплатную связь, позвонив на номер call-центра 1418, а также через официальные страницы в социальных сетях на таких популярных платформах, как Одноклассники, Telegram, Facebook, В контакте, X (Twitter) и Instagram, при помощи WhatsАрp по номеру +7 777 000 1418.Для вкладчиков (получателей), находящихся за пределами Республики Казахстан, есть возможность получения консультации по номеру +7 (727) 356-10-60 или посредством сервиса «Позвонить онлайн», размещенного на корпоративном сайте Фонда.ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, а также зачисление и учет добровольных пенсионных взносов, сформированных за счет невостребованной суммы гарантийного возмещения по гарантируемому депозиту, перечисленной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан", обеспечивает осуществление пенсионных выплат. Также Фонд осуществляет учет целевых активов и целевых требований, учет и зачисление целевых накоплений (ЦН) на целевые накопительные счета, выплат ЦН их получателю на банковские счета, учет возвратов ЦН в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан в рамках программы «Национальный фонд – детям». (Подробнее на www.enpf.kz).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1015835?lang=kk
2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті 12.06.2025
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен.Мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік және байланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал етті.Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артты. Елдің 17 өңірінде өсім байқалды: ең жоғары өсім +22,9% көрсеткішімен кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің белсенді дамуының нәтижесінде Жамбыл облысында тіркелді. Түркістан және Жетісу облыстарында өндіріс 14,8%-ға, Алматы қаласында 14,1%-ға өсті. Шымкент қаласында өсім 18,9%-ға жетті.Ауыл шаруашылығындағы өсім 4,0%-ды құрады (қаңтар-сәуір айларындағы 3,9%-бен салыстырғанда). Ең айқын өсім Атырау облысында (+10,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (+7,5%) және Ақмола облысында (+6,5%) тіркелді, бұл негізінен мал мен құс сойымының артуы есебінен болды. Түркістан облысында өсім 6,3%-ды, Абай облысында – 3,6%-ды, ал Қостанай облысында – 4,8%-ды құрады.Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, 15,4%-ға өсті. Он сегіз өңірде өсім тіркелді, ал Маңғыстау облысында мектептер, тұщытқыш зауыт, мұнай және су құбырларын қайта жаңарту, аудандық аурухана және автожолдарды жөндеу сияқты ауқымды жобалардың арқасында жұмыс көлемі екі есеге артты. Қызылорда облысында өсім 64,5%-ды, Қостанайда – 57,8%-ды, Астанада – 51,8%-ды, Түркістан облысында – 46,6%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысы да қарқын алып келеді: бес айдың ішінде 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Ең белсенді құрылыс Түркістан облысында (+25,5%), Шымкент қаласында (+23,4%) және Алматы облысында (+20,4%) байқалды.Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,2%-ға артты. Бұл өсім көлік, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға, сондай-ақ жабдықтар мен жаңа өнеркәсіптік нысандарға бағытталған қаржы салымдарының есебінен қамтамасыз етілді.Сауда айналымы 7,8%-ға артты (қаңтар-сәуір айының қорытындысындағы 7,0%-бен салыстырғанда). Ішкі сауда құрылымында көтерме сауданың үлесі шамамен 68%-ды құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда 8,3%-ға, бөлшек сауда 6,5%-ға өсті.Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы (+66,2%), Ақмола облысы (+48,9%) және Шымкент қаласы (+23,1%) алдыңғы қатарда.Байланыс және телекоммуникация саласы 2,8%-ға өсті. Бұл Интернет желісі қызметтері есебінен (+13,9%).Көлік саласы 23,1%-дық өсім көрсетті — бұл көбінесе жүк теміржол көлігінің (+17%) және құбыр арқылы тасымалдаудың өсуіне байланысты (+13,8%). Ең жоғары өсім Жетісу облысында (+39,1%), Абай облысында (+17,7%) және Ақтөбе облысында (+11,3%) тіркелді.Үкімет елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды жалғастырып келеді.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1015837?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1016442?lang=kk
Busan Tourism Organization ұйымымен кездесу 12.06.2025
Пусан, 2025 жылғы 12 маусым – Busan Tourism Organization-мен кездесуҚазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Пусан қаласының туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған негізгі институт болып табылатын Busan Tourism Organization ұйымының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында атқарушы вице-президент Ким Ён Ракпен, сондай-ақ маркетингтік командалардың директорлары Чон Санхун, Сон Ёнхо және аға менеджер О Донггём мырзалармен бірлескен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен іс-шаралар өткізу және Қазақстанның корей азаматтары үшін тартымды туристік бағыт ретінде имиджін нығайту мәселелері талқыланды.Әсіресе мәдени алмасу, Қазақстанда фильм түсіру және жаңа туристік бағыттарды іске қосу мәселелеріне баса назар аударылды.BTO-мен жүргізілген диалог Қазақстан мен Пусан арасындағы тиімді жобаларға жол ашатынына сенімдіміз. 🤝Английский:Busan, June 12, 2025 – Meeting with Busan Tourism OrganizationThe Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan held a working meeting with representatives of the Busan Tourism Organization (BTO), the key institution responsible for promoting the tourism potential of Busan.During the meeting with Executive Vice President Mr. Kim Young Rak, as well as Marketing Directors Mr. Jeon Sanghoon, Mr. Son Youngho, and Senior Manager Mr. Oh Donggyum, the parties discussed opportunities to expand cooperation in the field of tourism, organize joint events, and strengthen the image of Kazakhstan as an attractive tourist destination for Korean citizens.Special attention was paid to issues of cultural exchange, filming in Kazakhstan, and the launch of new tourist routes.We are confident that this dialogue with BTO will serve as a starting point for productive projects between Kazakhstan and Busan. 🤝 Пусан, 12 июня 2025 года – Встреча с Busan Tourism Organization Генеральный консул Республики Казахстан в городе Пусан провёл рабочую встречу с представителями Busan Tourism Organization – ключевого института по продвижению туристического потенциала города Пусан.В ходе встречи с исполнительным вице-президентом Ким Ён Раком, а также директорами маркетинговых команд господами Чон Санхуном, Сон Ёнхо и старшим менеджером О Донггёмом обсуждены возможности расширения сотрудничества в сфере туризма, проведения совместных мероприятий и укрепления имиджа Казахстана как перспективного туристического направления для корейских граждан.Особое внимание было уделено вопросам культурного обмена, съёмкам в Казахстане, а также запуску новых туристических маршрутов.Уверены, что диалог с BTO станет отправной точкой для продуктивных проектов между Казахстаном и Пусаном. 🤝 2025년 6월 12일, 부산 – 부산관광공사(Busan Tourism Organization)와의 면담카자흐스탄 공화국 부산 총영사는 부산의 관광 잠재력을 홍보하는 핵심 기관인 부산관광공사(Busan Tourism Organization) 관계자들과 업무 면담을 진행하였습니다.김영락(김 Ён 락) 부사장과 마케팅팀 전상훈(전 상훈), 손영호(손 영호) 이사 및 오동겸(오 동겸) 수석 매니저와의 회의에서 관광 분야 협력 확대, 공동 행사 개최, 그리고 카자흐스탄을 한국 국민들에게 매력적인 관광지로 홍보하는 방안에 대해 논의하였습니다.특히 문화 교류, 카자흐스탄 내 촬영 유치, 새로운 관광 노선 개설 등에 중점을 두었습니다.🤝 이번 부산관광공사(BTO)와의 대화가 카자흐스탄과 부산 간 실질적인 협력 프로젝트의 출발점이 될 것이라 확신합니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1015830?lang=kk
«International Electric Power Industry Expo Korea 2025» көрмесінің ашылу салтанаты 12.06.2025
Пусан, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы 11-13 маусым аралығында Тэгу қаласындағы EXCO көрме орталығында өтіп жатқан «2025 대한민국 전기산업엑스포 (International Electric Power Industry Expo Korea 2025)» халықаралық электр энергетика өнеркәсібі көрмесінің ресми ашылу рәсіміне қатысты.Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші энергетикалық компаниялар мен электр және энергетика өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі халықаралық серіктестер қатысты. Busan, June 11, 2025 – The Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan took part in the official opening ceremony of the "2025 대한민국 전기산업엑스포 (International Electric Power Industry Expo Korea 2025)", which is being held from June 11 to 13 at the EXCO Exhibition Center in Daegu.The event brought together representatives of government agencies, leading energy companies, and international partners interested in developing cooperation in the electric power and energy industry sectors. Пусан, 11 июня 2025 года – Генеральное консульство Республики Казахстан в городе Пусан приняло участие в официальной церемонии открытия выставки «2025 대한민국 전기산업엑스포 (International Electric Power Industry Expo Korea 2025)», которая проходит с 11 по 13 июня в выставочном центре EXCO в городе Тэгу. Мероприятие собрало представителей государственных органов, ведущих энергетических компаний и международных партнеров, заинтересованных в развитии сотрудничества в области электрической и энергетической промышленности. 2025년 6월 11일, 부산 —주부산 카자흐스탄 공화국 총영사관은 6월 11일부터 13일까지 대구 EXCO 전시장에서 개최되는 **「2025 대한민국 전기산업엑스포 (International Electric Power Industry Expo Korea 2025)」**의 공식 개막식에 참석하였습니다.이번 행사에는 전기 및 에너지 산업 분야의 협력 증진에 관심 있는 정부 기관 대표들, 주요 에너지 기업 관계자들 및 국제 파트너들이 한자리에 모였습니다. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1015831?lang=kk
Профилактикалық жұмыстар жүргізілді 12.06.2025
2025 жылғы 10 маусымда "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ және полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Қостанай мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытты мас күйінде пайда болуына, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес тұтынуына, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқаруға жол бермеу жөніндегі шаралар туралы профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне сәйкес мінез-құлық нормаларын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1015816?lang=kk
Ақын, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаш мұрасының адал шырақшысы» ғылыми-практикалық конференциясы 12.06.2025
2025  жылдың 10 маусымында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен Қостанай облыстық Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Алаш мұрасының адал шырақшысы» тақырыбындамқоғам қайраткері, ақын, жазушы, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.Шараға Қазақстан Республикасы жазушылар одағының Қостанай филиалының өкілдері мен мүшелері, шығармашылық зиялы қауым, Қостанай облысының көпшілік кітапханаларының кітапханашылары, сондай-ақ Алаш ғылыми-зерттеу институтының өкілдері (Астана қаласы), А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, М. Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, С. Мәуленов атындағы гимназия, Рудный қаласының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі және Торғайдағы Жангелдин музейлер кешені қатысты.Конференцияда қатысушылар алаш мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын атап өтіп, ұлы ақын әрі қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының мәдениет пен әдебиетті дамытудағы рөлін талқылады. Сонымен қатар, оның шығармашылығын  зерттеудің қазіргі заманғы әдістері мен бағыттары қарастырылды.Бұл іс-шара – тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды талқылау және түрлі сала мамандары арасында кәсіби байланыстар орнату үшін тамаша платформа болды. Конференция аясында ғылыми баяндамалар тыңдалып, «Халқын оятқан қаламгер» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Конференция соңында «Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Үздік әдістемелік құрал» кәсіби байқауының жеңімпаздары  марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1015817?lang=kk
Белградта қазақ-серб бизнес-клубы жұмысын бастады 12.06.2025
Белград, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық диалогты ілгерілету мақсатында Белград қаласында қазақ-серб бизнес-клубының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараны ашқан Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов сөз сөйлеп, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды. Клуб төрағасы, серб кәсіпкері Александр Вуковичтің айтуынша, бұл клуб Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, екіжақты тауар айналымын кеңейтуге арналған маңызды құрал болмақ. Іс-шараға өндірістік бизнес, фармацевтика компаниялары, ауыл шаруашылығы секторының өкілдері, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Бизнес-клубтың құрылуы диалог, ақпарат алмасу және жаңа іскерлік мүмкіндіктерді іздеу үшін тұрақты алаңға айналады. Ерекше назар Қазақстанға инвестиция тартуға бағытталмақ. Жақын арада бизнес-кездесулер, конференциялар мен тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Бұл бастамалар іскерлік байланыстарды нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1015819?lang=kk
Құрметті Қазақстан Республикасы азаматтары! 12.06.2025
АҚШ-тағы көші-қон саясатына қарсы жаппай наразылық акцияларының өткізілуіне байланысты демонстрациялар өтетін орындарға барудан бас тартуға, сондай-ақ рұқсат етілмеген іс-шараларға, тәртіпсіздіктерге және қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекеттерге қатысудан сақ болуға шақырамыз.Назар аударыңыз:Заңсыз акцияларға қатысу айыппұл, қамауға алу немесе иммиграциялық салдарға әкелуі мүмкін.Мұндай әрекеттер сіздің жеке қауіпсіздігіңізге қатер төндіреді.Заң бұзушылықтар консулдық қолдау көрсету мүмкіндігін шектеуі ықтимал.Төтенше жағдайларда Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығына шұғыл желі телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:+1-332-207-9632Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1015820?lang=kk
Қазақстан Польшамен фармацевтика саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтуда 12.06.2025
Варшава, 2025 жылғы 10 маусым -  Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев TZF Polfa поляк фармацевтикалық зауытында болып, Компания Президенті Максимилиан Щвинярскиймен кездесті. Кездесу ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ү. ж. мамыр айында Варшаваға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасында өтті.Қазақстандық дипломат компанияның Қазақстанда TZF Polfa қатысуын кеңейту жөніндегі жоспарларымен, сондай-ақ келісімшарттық өндіріс пен технологиялар трансфертін, оның ішінде инсулин, ОЖЖ үшін және т.б. препараттар өндіру саласындағы жолға қою перспективаларымен танысты.Сондай-ақ, дәрілік заттардың кең спектрін өндіру бойынша кешен құрылысының жобасы таныстырылды.Қорытындысы бойынша компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі кеңейтуге жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1015801?lang=kk
Алматыда «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында өзара іс-қимыл басымдықтары мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды 12.06.2025
Алматы қаласында заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа қаладағы құқық қорғау органдарының, соның ішінде прокуратура, Экономикалық тергеу департаменті, полиция және Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші басшылары қатысты.Негізгі назар ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне аударылды.Бұл бағытта Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде.Жыл басынан бері 8 000-нан астам адамды қамтыған 100-ден астам іс-шара өткізілді. Қатысушылар қатарында – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, бизнес өкілдері, квазимемлекеттік сектор, жастар және жұртшылық бар.Ақпараттық сүйемелдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Іс-шаралар туралы материалдар тұрақты түрде жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктермен белсенді ынтымақтастық жүргізілуде.Осы жұмысты жалғастыру мақсатында 2025–2030 жылдарға арналған «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде іс-шаралар жүзеге асырылуда.Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жұмыстары жүйелі және жоспарлы түрде жалғасатын болады.#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1015802?lang=kk
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар 11.06.2025
«Заң мен Тәртіп» акциясы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да қор қызметкерлерімен кездесу өтті. Бұл кездесу пікір алмасу және өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Іс-шараға Департаменттің еріктісі Әділжан Ағжигитов қатысып, қолданыстағы заңнама мен мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау қағидаттары бойынша жан-жақты түсініктеме берді.Мемлекеттік құрылымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына, сондай-ақ басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен есептілікті арттырудың негізгі тетіктеріне ерекше назар аударылды.«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау, соның ішінде кірістер мен мүлікті декларациялау міндеттемелері бойынша құнды практикалық ұсыныстар алды.Семинардың маңызды бөлігі ұйым қызметі шеңберінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды азайтудың тиімді жолдары бойынша мазмұнды пікірталастар болды.  #ЗАҢ менТӘРТІП#заң мен тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1015777?lang=kk
Ағымдағы жылдың 10 маусымында облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдар басқармалары басшыларының қатысуымен Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының отырысы өтті. 11.06.2025
Күн тәртібінде қоғамды радикалдандыруға және экстремизмнің таралуына жол бермеуге бағытталған экстремизм мен терроризмнің алдын алуды жетілдіру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында, дене шынықтыру және спорт саласында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024 – 2026 жылдарға арналған жол карталарын іске асыру туралы мәселелер талқыланды.Өткізілген іс-шаралар бойынша мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ әкімдік басқармаларының басшылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1015782?lang=kk
Инженерлік инфрақұрылым қарқынды дамып келеді 11.06.2025
Алматы облысы соңғы жылдары халық санының күрт артуына және коммуналдық жүйелерге түсетін жүктеменің ұлғаюына байланысты инженерлік инфрақұрылымды белсенді түрде дамытуда. Соңғы он жылда Қарасай ауданында халық саны 221 мыңнан 342 мың адамға дейін өсті. Бұл жағдай электрмен және сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша жедел әрі ауқымды шешімдерді қабылдауды талап етті.Қарасай ауданында қазіргі таңда энергетикалық тапшылықты жоюға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ол Қаскелең, Шамалған, Елтай, Жандосов, Бекболат және Жамбыл ауылдарын қоса алғанда 16 елді мекенді қамтиды. Жоба тиісті комиссияның қарауына ұсынылып, республикалық және жергілікті бюджеттерге енгізу мәселесі қарастырылуда.Қазіргі уақытта Исаев, Бекболат, Батан және Елтай ауылдарында электр желілерін толық жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мыңдаған тұрғынды үздіксіз электрмен қамтуға мүмкіндік береді. Маңызды қадамдардың бірі – тұтынушыларды жекеменшік желілерден мемлекет теңгеріміне алынған жаңа желілерге көшіру. Бұл көлеңкелі монополистерге тәуелділікті жойып, көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейтеді.Кернеу тұрақтылығын қамтамасыз етіп, апаттық жағдайлардың алдын алу үшін жаңа қосалқы станцияларды салу жоспарланған. Аймақтық инвестициялық бағдарлама аясында жалпы құны 18 млрд теңге болатын «Көлді» және «Индустриалды» атты екі жоғары кернеулі қосалқы станцияның құрылысы көзделіп отыр. «Көлді» станциясы бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.Сонымен қатар, 2026–2030 жылдар аралығында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Қарасай ауданындағы тарату желілерін жаңғырту мен қайта құруға 7,2 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, Елтай ауылдық округінің электр желілерін дамытуға арналған жеке инвестициялық бағдарлама 2026–2027 жылдарға бекітілді.Сумен қамту мәселелері де тұрақты бақылауда. Маусым айының басында Көктоган ауылындағы су айдау станциясында орын алған ақау салдарынан су беру уақытша тоқтатылды. Жедел түрде су автоцистерналар арқылы жеткізіліп, келесі күні жаңа су айдау қондырғысы орнатылды.10 маусымда 0,4 кВ желісінде болған апат салдарынан су беру тағы да уақытша тоқтатылды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандарының жедел әрекетінің арқасында ақау бірнеше сағат ішінде жойылып, су жүйесі қалыпты жұмыс режиміне оралды.Қазіргі таңда Көктоган ауылындағы су жүйесін қайта құру және салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, Жармұхамбет, Елтай, Қаратөбе, Қайрат және Шалқар ауылдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Бұл жобалар мыңдаған тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.Алматы облысында инфрақұрылымдық мәселелерге алдын ала ден қою принципі жүзеге асырылып келеді. Жергілікті атқарушы органдар жекелеген шешімдерден кешенді тәсілге көшіп, жаңа нысандар салып, ескі желілерді ауыстырып, коммуналдық инфрақұрылымды мемлекеттік балансқа біртіндеп енгізуде.«Біздің мақсатымыз – өңірдің әрбір тұрғыны, мейлі ол қалада болсын, мейлі ауылда болсын, жарық пен су тапшылығын сезінбеуі керек. Біз инфрақұрылымдық мәселелерді кешенді әрі нақты түрде шешуді жалғастырамыз – Кегеннен Қарасайға дейін», – деді Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.Халық санының артуына және коммуналдық жүйелерге түсетін қысымның күшеюіне қарамастан, облыс алдағы сын-қатерлерге дайын екенін көрсетіп, әрбір тұрғын үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ұмтылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015743?lang=kk
Қытай компаниясы Алматы облысында құбырлар зауытын салады 11.06.2025
Алматы облысында оқшаулағыш құбырлар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаны полиуретаннан, түрлі диаметрдегі пластик және коррозияға қарсы құбырлар өндіруге маманданған Қытайдың XINJIANG YIHONGFENG ENERGY TECHNOLOGY CO., LTD. компаниясы жүзеге асырады.Өңір делегациясының өкілдерінің айтуынша, компания қазірдің өзінде Алатау қаласынан жер телімін сатып алған. Қазіргі таңда «Alatau» арнайы экономикалық аймағына қатысу шарттары талқылануда.— «Бұл – өңір үшін маңызы зор өнеркәсіптік жобалардың бірі. Біз бизнестің қысқа мерзім ішінде өндірісті іске қосуына барынша қолайлы жағдай жасауды көздеп отырмыз», — деп атап өтті Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы өкілі.Жаңа зауыттың құрылысы өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның импортты алмастыратын өнімге деген сұранысын ішінара өтеуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015712?lang=kk
Еңбек қауіпсіздігі мен туризмді дамыту мәселелері қаралды 11.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс қарқыны мен сапасына баса назар аударды.Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды. Дәрігерлік амбулатория жаңарғаннан кейін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.Медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңарту, жылу жүйесін жетілдіру, есік-терезелерді ауыстыру, санитарлық тораптарды жөндеу сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1015714?lang=kk
«Бірлік. Белсенділік. Болашақ» атты облыстық үздік студенттер слеті 11.06.2025
2025 жылғы 10 маусымда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің базасында «Бірлік. Белсенділік. Болашақ» атты облыстық үздік студенттер слеті өтті.Слетке облыс көлемінде 35 колледжден 150 үздік студент қатысты. Шара барысында студенттер мен әлеуметтік серіктестерге Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Үздік студенттер слеты оқу үлгерімдері жоғары, халықаралық, республикалық және облыс деңгейіндегі түрлі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаз студенттерін марапаттау мақсатында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1015723?lang=kk
Дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтуде 11.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс қарқыны мен сапасына баса назар аударды.Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды. Дәрігерлік амбулатория жаңарғаннан кейін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.Медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңарту, жылу жүйесін жетілдіру, есік-терезелерді ауыстыру, санитарлық тораптарды жөндеу сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1015692?lang=kk
Қостанай жағажайларындағы рейд: алкоголь, қоқыс және қайғылы жағдайлардың алдын алу 11.06.2025
Қостанайда ыстық ауа райы орнады — термометр бағандары +29°C-қа дейін көтеріліп, қала тұрғындары жаппай жағажайларға ағылды.Осыған байланысты Қостанай облысы Полиция департаментінің бастамасымен су маңындағы демалыс орындарында бірлескен рейд ұйымдастырылды. Оған полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.Қостанай облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ғалымжан Мұстафиннің айтуынша, ресми шомылу маусымы 1 маусымнан 31 тамызға дейін созылады. Қалада шомылуға рұқсат етілген үш орын бар: қалалық жағажай, сондай-ақ Амангелді тұрғын ауданындағы «Мохито» және «Мишутка» демалыс аймақтары.Патрульдеу құрлықтан да, судан да жүргізілді — рейдке қатысушылар үш қайықпен шықты. Демалушыларға дауыс зорайтқыш арқылы қауіпсіздік ережелері еске салынды: буйлардан әрі жүзбеу, қоғамдық орындарда алкоголь ішпеу, балаларды қадағалау және қоқыс тастамау.Дереккөз: https://www.instagram.com/reel/DKuSKnFMLul/?igsh=MW51d2t5cXZzNnFncA Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1015693?lang=kk
Айдарбек Сапаров: Қостанай облысында шегірткеге қарсы күрес белгіленген кесте бойынша жүргізілуде 11.06.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында Қостанай облысындағы егін алқаптарын үйірлі шегірткелерден қорғауға бағытталған фитосанитариялық іс-шаралардың барысымен танысты. Облыс басшылығымен бірге зиянкестерге қарсы күреске жұмылдырылған негізгі нысандарды аралап, шаруашылықтар мен мердігер ұйымдардың өкілдерімен алдын алу шараларын талқылады.Бүгінде облыстың бес ауданында өңдеу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр — 322,85 мың гектар жер өңделді, бұл жоспарланған көлемнің 49,7%-ын құрайды. Жұмысқа 59 арнайы техника, соның ішінде агродрондар, жеңіл авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған. Қолданылған препараттардың тиімділігі 82% деңгейінде бағалануда.Министр өңдеу сапасын әуеден бақылап, техникалық жарақтандырумен танысты және мониторингтен бастап өңдеуге дейінгі барлық кезеңдердің жедел орындалуының маңыздылығын атап өтті.«Қостанай облысында жұмыс нақты ұйымдастырылған: белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр, кешігу жоқ. Басты міндетіміз — зиянкестердің таралуына жол бермеу. Бұл – ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жүйелі жұмыс», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Шаруашылық өкілдері де өңдеуді белгіленген мерзімде аяқтауға толық дайын екендерін растады. «Бердыбаев» шаруа қожалығының басшысы Сәкен Бердібаевтың айтуынша, егінге тікелей қауіп болмаса да, алдын ала әрекет ету өте маңызды:«Иә, шегірткелер бар, бірақ ошақтары бірен-саран. Біз өз егістіктерімізді үнемі бақылап отырамыз, алғашқы белгілер байқалған сәтте бірден өңдеу жүргіземіз. Бұл — қалыпты жұмыс тәсілі», — деді ол.Сонымен қатар, министр сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысының сүтті мал шаруашылығын дамыту тәжірибесін кеңейту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Қостанай облысында қазіргі таңда үш жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылған, тағы үш жоба аяқталу сатысында. Бие сүтін терең өңдеу және оны жақын және алыс шетел нарығына шығару бағытындағы бастамалар да жүзеге асырылуда.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің негізгі бағыты – заманауи агротехнологиялар, өндірістік тәртіп және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы екенін атап өтті. Бұл жүйелі тәсіл өңірге тек жедел әрекет етіп қана қоймай, өндірістік әлеуетті сенімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1015698?lang=kk
Конституциялық Соттың талдаушысы Астана Халықаралық университетінің студенттеріне дәріс оқыды 11.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  Конституцияның 30 жылдығына арналған шаралар аясында Конституциялық Соттың талдаушысы Денис Финк Астана Халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебінің студенттеріне қонақ дәріс өткізді.Дәріс барысында спикер Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын таныстырып, студенттерді адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі конституциялық кепілдіктерімен таныстырып, олардың іске асырылуын қамтамасыз етудегі Конституциялық Соттың шешуші рөлін атап өтті.Конституциялық Соттың жекелеген қорытынды шешімдерінің мысалдарында конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі конституциялық бақылау органы қызметінің практикалық аспектілерін түсіндірді.Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға мазмұнды және жан-жақты жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1015677?lang=kk