Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қостанай қаласындағы абаттандыру және сәулет талаптарының сақталуы қаралды 10.06.2025
2024 жылдан бастап қалада 1 400-ден астам абаттандыру және сәулет талаптарының бұзылу фактілері анықталды. Анықталған барлық құқықбұзушылықтар бойынша ескерту берілді. Әсіресе қаланың орталық бөлігінде абаттандыру ережелерін қатаң сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.Қолжетімді орта құрудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл ретте заманауи талаптарға сай ыңғайлы пандустардың, кіреберіс топтардың және бекітілген Дизайн-кодқа сәйкес келетін көрнекі маңдайшалардың болуы міндетті екені айтылды.Оң тәжірибе ретінде келесі нысандар аталды: Абай және Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан «Перекрёсток» дәріханасы, «Fix Price» дүкендер желісі, Толстой көшесіндегі «Юпитер» фотосалоны, қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын қалған «Дастархан» базары және қасбеті жаңартылып жатқан «Айналайын» дүкені.Абаттандырудың маңызды элементтерінің бірі — түнгі уақытта ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік жарықтандырылуы. Мұндай шешімдер нысандардың сәулеттік келбетін айқындап қана қоймай, қала кеңістігінің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді.Қала аумағында, соның ішінде орталық бөлігінде де, жер учаскелерін өз бетінше иемдену фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Аталған құқықбұзушылықтардың алдын алу және жою бағытындағы шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.Сәулет бөліміне нысан иелерімен өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ қасбеттерді қолданыстағы Дизайн-код пен абаттандыру талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстарды жандандыру тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1014858?lang=kk
Павлодар облысының прокуратурасында "Салық және кеден даулары бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану" тақырыбында дөңгелек үстел өтті 10.06.2025
Павлодар облысының прокуратурасында "Салық және кеден даулары бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, прокуратура қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) қызметкерлері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты - салық және кеден органдарымен даулар туындаған кезде бизнес құқықтарын қорғаудың практикалық тетіктерін талқылау, негізгі проблемаларды анықтау, сондай-ақ шағымдану рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Іс-шараға Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (МАӘС) судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ прокуратура қызметкерлері қатысты. МКД заң басқармасының басшысы Әсем Дүйсембекова осы саладағы дауларды қарау кезінде туындайтын негізгі проблемаларды атап өтті. Баяндамада әкімшілік актілерді шығару кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасты, кәсіпкерлердің қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл кезінде кездесетін мәселелерін талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар шағымдану тетігінің тиімділігін арттыруға, құқықтық мәдениетті күшейтуге және уәкілетті органдар тарапынан бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар ұсыныстар тұжырымдады. Қатысушылар бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, осындай іс-шараларды жалғастыруға қызығушылық білдірді. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1014863?lang=kk
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініңTelegram арнасы 10.06.2025
Бүгін біз тек технологиялар ғана емес, сонымен қатар байланыс құралдары да керемет қарқынмен дамып жатқан динамикалық уақытта өмір сүріп жатырмыз.Ұялы телефонды пайдалану арқылы күнделікті мәселелерден алшақтамай, пайдалы ақпаратпен танысу ыңғайлы.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Telegram-арнада салық және кеден заңнамасы бойынша бейнероликтерді, пресс-релиздерді және басқа да пайдалы ақпаратты көре аласыз.Арна сілтемесі https://t.me/+erahiLRyGQE4NDFiЖазылыңыз және жаңалықтардан хабардар болыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1014837?lang=kk
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдер: қалай есептеледі, қайда жүгіну керек 10.06.2025
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдарБЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдер: қалай есептеледі, қайда жүгіну керек  Зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдерге кімдердің құқығы бар? Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес, БЖЗҚ-дан бекітілген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар:1) зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас);2) егер мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар;3) еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істеп, оның пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаты бар және осы зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатқан немесе денсаулыққа кері әсері жоқ басқа жұмысқа ауысқан, 55 жасқа толған азаматтарға (бұдан әрі - жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген 55 жасқа толғандар) беріледі.    Кесте бойынша берілетін төлемдер қалай есептеледі? Кесте бойынша берілетін төлемдер былай есептеледі: зейнетақы төлемін ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері  республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ЕТК) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылы ЕТК деңгейі - 46 228 теңге). Тек 55 жасқа толған және жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген азаматтарға берілетін төлемнің есебі басқаша. Мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде 60 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады. Егер БЖЗҚ-дан төлем жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет бірақ беріледі.Түзету коэффициенттері 55 жасқа толған және олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген адамдарға қолданылмайды.БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін алу үшін қайда және қашан хабарласуға болады?             БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуға байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы хабарласуы қажет. Мұны зейнет жасына 10 күн қалғанда жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте өтініш берілген күн болып өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні есептеледі. Егер алушы зейнет жасына толғанға дейін ертерек жүгінген болса - зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Әсіресе, бюджеттен төлемдер алу үшін уақытылы жүгінген аса маңызды, себебі оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет.БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мүгедектік белгіленген жандарға қайда забарласу қажет?             Мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы не БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.          БЖЗҚ-да мүгедектігі бар адамдар үшін үйінде/жұмыс орнында қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын-ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкіндігі тексеріледі.55 жасқа толған, олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген тұлғаларға қайда хабарласу қажет?  55 жасқа толған, олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген тұлғаларға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау шеңберінде проактивті қызмет көрсету арқылы не жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ банк шоты туралы мәліметтерді ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінген кезде тағайындалады.Егер аталған адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болса, онда бұл тұлғаға оларды алуға келісімі болған кезде міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан қосымша зейнетақы төлемдері тағайындалуы мүмкін.БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне жүгінбеген зейнеткерлерге қатысты қандай іс-шараларды жүзеге асырады?         Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) зейнет жасына толғанға  дейін 2 ай қалғанда 1414 нөмірінен зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын жердегі бөлімшесіне уақытылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Онда egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізіміне сілтеме беріледі. Яғни, мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді. Себебі, өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.         Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, осындай азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығын жыл сайын салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде оларға зейнетақы төлемдерін өтінішсіз-ақ аударады.      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/1014815?lang=kk
Алматы облысының жазғы лагерьлері оқушылардың рекордтық санын қабылдайды 10.06.2025
2025 жылдың жазғы маусымында Алматы облысында балалардың демалысы мен сауықтырылуын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы білім басқармасының Қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Ізбасар Айжан мен Алматы облысы білім басқармасының Қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы басқарманың бас маманы Шарапов Мадияр мәлімдеді.Биылғы жазда өңірде барлығы 30 балалар лагері жұмысын бастайды. Оның ішінде 1 мемлекеттік, 1 республикалық және 28 жекеменшік лагерь бар. Жалпы алғанда бұл демалыс орындары 6 мыңнан астам баланы қабылдауға дайын. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының бұйрығымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижесінде, биыл облыстағы 335 мыңнан астам оқушының 92% жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады деп жоспарлануда.Айжан Ізбасардың айтуынша, мемлекет пен демеушілердің қолдауымен әлеуметтік осал топтағы балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, жетім балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін арнайы жолдамалар бөлініп, олардың толыққанды демалысы қамтамасыз етіледі және «Қазақстан халқына» қорының есебінен мыңнан астам балаға лагерлерге жолдама беріледі.Сонымен қатар, биыл өңірде «Ұлылар еліне саяхат» жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыру. Аталған жоба аясында әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін дарынды оқушылар еліміздің ұлы тұлғаларына арналған музейлер мен мемориалдық кешендерге саяхаттайды. Сапар барысында тарихи тұлғаларға арналған экспозициялармен танысып, танымдық экскурсияларға қатысады, – деді Шарапов Мадияр.Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда. Барлық лагерьлерде өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық талаптар және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары қатаң бақылауға алынған. Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, балалар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - деп қорытындылады спикерлер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1014802?lang=kk
Алматы облысында шегірткелерге қарсы ауқымды шаралар жүргізілуде 10.06.2025
Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын шегірткелерден қорғауға бағытталған кешенді іс-шаралар жалғасуда. 2025 жылы облыс аумағында аса қауіпті зиянды жәндіктерге қарсы күрес аясында 1 874 930 гектар жерге мониторинг жүргізу жоспарланған. Оның ішінде үйірлі шегірткелерге – 1 650 700 гектар, саяқ шегірткелерге – 150 990 гектар алқап қарастырылған.Ағымдағы маусымда 873 460 гектар жерге тексеру жүргізілуі тиіс, оның ішінде 799 000 гектар – үйірлі шегірткелердің, 74 460 гектар – саяқ шегірткелердің таралуы ықтимал аумақтар. Мониторинг нәтижесінде шегірткелердің жаппай таралуы мен экономикалық зияндылық шегінен асқан жағдайлар анықталған.Жалпы 113 997 гектар аумаққа химиялық өңдеу жүргізу көзделген. Үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеулер республикалық бюджет есебінен 63 438 гектарда жүргізілуде (итальяндық прус – 46 755 га, азиялық шегіртке – 16 683 га).Саяқ шегірткелерге қарсы шаралар үшін жергілікті бюджеттен 349,9 млн теңге бөлініп, 50 559 гектар алқапқа химиялық өңдеу жоспарланған. Оның ішінде аса жеңіл авиациямен – 28 027 га, жер үсті техникасымен – 22 532 га жер өңделуде.Химиялық өңдеу жұмыстарына «ЗаРаГранд» және «AVIASILA» ЖШС-тері тартылған:• 15 жер үсті бүріккіш техника,• 1 жеңіл ұшақ,• 5 аса жеңіл әуе кемесі,• 2 дрон,• «Фитосанитария» РММ-нің 4 арнайы техникасы бар.Барлық жұмыстарға 201 адам және 46 автокөлік жұмылдырылған. Мониторингке 74 маман қатысуда (53 – тұрақты, 21 – уақытша), сондай-ақ жергілікті әкімдіктер арқылы жұмыспен қамту орталықтарынан 103 адам тартылды.09 маусымға дейінгі мәліметтерге сәйкес:• 552 771 гектар жерге мониторинг жүргізілді;• Итальяндық прус – 377 149 га (таралғаны – 37 671 га, ЭЗШ асқаны – 24 316 га);• Азиялық шегіртке – 123 100 га (таралғаны – 8 850 га, ЭЗШ асқаны – 7 340 га);• Саяқ шегіртке – 52 522 га (таралғаны – 46 575 га, ЭЗШ асқаны – 43 038 га).Қазіргі таңда өңдеу жұмыстары 62 103 гектар жерде жүргізілді, бұл жоспардың 54,5%-ын құрайды. Оның ішінде:• Итальяндық прус – 21 129 га (45,2%);• Азиялық шегіртке – 6 198 га (37,2%);• Саяқ шегіртке – 34 776 га (68,8%).Аудандар тарапынан шегірткеге қарсы жүргізілген өңдеулер:• Еңбекшіқазақ ауданы: 6 755 га тексерілді, 5 955 га ЭЗШ асты. 5 955 га толық өңделді.• Жамбыл ауданы: 4 530 га тексеріліп, 4 000 га толық өңделді.• Талғар ауданы: 1 760 га тексеріліп, 1 220 га өңделді.• Ұйғыр ауданы: 5 253 га тексеріліп, 3 508 га ЭЗШ асты. 3 508 га өңделді.• Қонаев қаласы: 2 850 га тексеріліп, 2 450 га толық өңделді.• Балқаш ауданы: 7 930 га тексеріліп, 5 410 га ЭЗШ асты. 4 020 га өңделді.• Іле ауданы: 11 214 га тексеріліп, 9 014 га ЭЗШ асты. 8 300 га өңделді.• Қарасай ауданы: 2 010 га тексеріліп, 1 800 га өңделді.• Кеген ауданы: 2 240 га тексеріліп, 2 130 га ЭЗШ асты. Өңдеу 29 мамырдан басталды.• Райымбек ауданы: 7 730 га тексеріліп, 7 415 га ЭЗШ асты. 4 123 га өңделіп, қосымша дрондар мен техника жұмылдырылды.Аса қауіпті зиянкестерге қарсы күрес Алматы облысында жүйелі әрі қатаң бақылаумен жүргізілуде. Арнайы мамандар мен техника күшімен жүзеге асырылып жатқан бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғауға, өнім сапасы мен көлемін сақтауға бағытталған. Жұмыстар жалғасуда, жағдай күнделікті бақылауда ұсталып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1014761?lang=kk
Қостанай облысында денсаулық сақтау ұйымдарының 2025 жылдың 5 айындағы қызметінің қорытындысы шығарылды 10.06.2025
Қостанай облысында денсаулық сақтау саласының 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы жұмыс қорытындылары жарияланды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық отырыста атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер талқыланды.Инфрақұрылымды дамыту – басым бағытСоңғы екі жылда ауылдық елді мекендерде 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Бұл – амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер, олар УДЗ аппараттарымен, зертханалармен, физиотерапиялық және оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етілген.2024 жылы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған аутизм және басқа да менталдық ауытқулары бар балалар орталығы ашылды. Қазіргі уақытта Қостанай ауданының Тобыл қаласында ауысымына 250 қабылдауға арналған жаңа емхананың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Қостанай қаласының Юбилейный шағын ауданында және Рудный қаласында медициналық нысандардың құрылысы аяқталуға жақын.Заманауи жабдықтар – сапалы қызметтің негізіСоңғы үш жылда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 1,3 есеге өсіп, медициналық техника сатып алуға жұмсалатын шығындар 2 есеге артып, 7,2 млрд теңгеге жетті. 2023–2025 жылдар аралығында 46 жедел жәрдем көлігі, 1 реанимобиль, 100-ден астам наркоз-тыныс алу аппараттары, ЭКГ және УДЗ құрылғылары, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, ангиограф және маммографтар сатып алынды.Нәтижесінде медициналық жабдықтардың тозу деңгейі 2022 жылғы 49,2%-дан бүгінгі күні 27%-ға дейін төмендеді. Алайда, Жангелдин, Амангелді және Федоров аудандарында техникамен қамтылу облыстық деңгейден төмен қалып отыр.Кадр мәселесі: басты назар – мамандар тартуМедициналық кадр тапшылығын шешу мақсатында арнайы қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде дәрігерлік бос орындар саны 251-ден 160-қа дейін қысқарды. Алтынсарин және Федоров аудандарында кадр тапшылығы толығымен жойылды, көптеген басқа аудандарда да оң динамика байқалады.Ауылдық жерге барған дәрігерлерге 5 млн теңгеге дейін, қалаларға – 3,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленеді. Арқалық, Амангелді және Жангелдин аудандарында бұл төлемдер 7–8,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.Халық денсаулығы – ұдайы назардаБірқатар аудандарда нәресте өлімі фактілері тіркелсе, Рудный қаласында бір ана өлімі орын алды. Қостанай және Қарабалық аудандарында жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім деңгейі жоғары.Облыс әкімі бұл көрсеткіштерді жақсарту үшін тек медицина саласының ғана емес, сонымен қатар халықтың да өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін атап өтті. Уақытылы дәрігерге қаралу және алдын ала тексеруден өту ауруларды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді.Медициналық көмек – адами қарым-қатынаспенОблыстағы медициналық ұйымдарда Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Азаматтардың басты шағымдары – қабылдауды ұйымдастыру, қызмет сапасы және этика нормаларын сақтау мәселелері. Медициналық мекеме басшыларына қызмет сапасына бақылауды күшейту және әрбір өтініш бойынша нақты әрекет ету тапсырылды.– Пациент келді – тыңдадыңдар, тексердіңдер, көмек көрсеттіңдер. Қызметтің үлгісі дәл осылай болуы керек, – деді Құмар Ақсақалов.Нақты тапсырмалар берілдіОтырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі Денсаулық сақтау басқармасына бірқатар тапсырмалар жүктеді:аурушаңдықтың өсуіне жол бермеу және алдын алу шараларын күшейту;барлық өңірлерде медициналық жабдықтармен қамтылуды облыстық деңгейге жеткізу;кадрларды тарту және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жалғастыру;медициналық қызмет сапасын жақсарту;медициналық ұйымдардың берешегін азайту;негізгі көрсеткіштер бойынша теріс динамикаға жол берген Қарабалық, Қостанай аудандарының, Қостанай қаласындағы №3 емхананың және Рудный қалалық емханасының басшыларын қатаң сөгіске тарту. 9 айдың қорытындысы бойынша оң өзгеріс болмаса, лауазымына сәйкестігі мәселесін қарау тапсырылды.Аймақта денсаулық сақтау жүйесі ары қарай да науқасқа бағдарланған тәсілге негізделе отырып, азаматтардың денсаулығы мен сенімін басты орынға қоятын бағытта дамитын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1014739?lang=kk
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады 10.06.2025
Президент ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтоненді қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымды аймақтық және жаһандық қауіпсіздік саласындағы күрделі кезеңде басқарып отырған Элина Валтоненнің қызметіне қолдау білдірді.– Биыл біз Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өтеміз. Жарты ғасыр өтсе де бұл құжат егемендік, аумақтық тұтастық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын бекіте отырып, еуропалық қауіпсіздіктің негізі болып қала бермек. Қазақстан осы құндылықтарды берік ұстанады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент қазақ-фин байланыстарының жай-күйіне жоғары баға берді. Финляндияны Астананың Скандинавия аймағындағы бұрыннан келе жатқан серіктесі деп атап, қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға әзір екенін мәлім етті.Өз кезегінде Элина Валтонен ЕҚЫҰ Қазақстанмен және Орталық Азиямен байланысты дамытуға баса мән беретініне тоқталды.– Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын бекітуге үлкен күш-жігер жұмсап отырсыз. Соның арқасында еліңіз өзін аймақта және әлемде ықпалды орта держава ретінде танытты. Қазақстан ЕҚЫҰ секілді ұйымдардың жұмысына белсенді атсалысу арқылы жаһандық деңгейдегі беделін нығайта береді. Біз Сіздің қазіргідей күрделі кезеңдегі, әсіресе, экономика және экология салаларындағы қызметіңізді жоғары бағалаймыз. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалық кеңсесімен ынтымақтастық айтарлықтай табысты дамып келеді, – деді ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббқа сәлем жолдап, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту үшін тығыз ықпалдастыққа дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1014583?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі әдеп пен адалдық 10.06.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов 2025 жылдың 05 маусым айында Зайсан ауданы және Күршім ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» туралы заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізді:Кездесу онлайн форматта өтті, онда мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сұрақтарына Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов жауап беріп, қажетті ақпарат берді.Кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1014589?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия СІМ басшылары конструктивті өзара іс-қимыл мен екіжақты серіктестік және ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайту бағытын растады 10.06.2025
Астана, 2025 жылғы 10 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Іс басындағы төрайымы – Финляндия Республикасының Сыртқы істер министрі Элина Валтоненмен оның Астанаға ресми сапары аясында кездесу өткізді.Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттары, сондай-ақ Қазақстан мен Финляндия арасындағы өзара іс-қимылды барлық салалар бойынша кеңейту жөніндегі бірлескен қадамдар талқыланды.Биік және жоғары деңгейлердегі байланыстардың қарқынды дамуын атап өткен ҚР СІМ басшысы Финляндияның Солтүстік Еуропадағы және Еуропалық одақ аясындағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі екенін айтып, Астана мен Хельсинки арасындағы диалогты одан әрі тереңдетуге дайындығын растады.Сұхбаттастар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның өзара тиімді іскерлік байланыстарды дамытуға қосып отырған үлесін оң бағалады. Экономикалық серіктестіктің әлеуетін ашу мақсатында тараптар көлік және логистика, су ресурстарын және орман шаруашылығын басқару, инновациялар, энергетика және «жасыл» технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды.М.Нұртілеу фин бизнесін Қазақстандағы индустриялық-инновациялық жобаларға белсенді қатысуға шақырды.Министрлер барлық деңгейдегі өзара сапарлар алмасу мемлекетаралық байланыстарға қуатты серпін беріп, екі ел арасындағы серіктестікті сапалы жаңа деңгейге шығаруға ықпал етеді деген ортақ пікір білдірді.Келіссөздер барысында ЕҚЫҰ кеңістігіндегі және Ұйым ішіндегі қазіргі ахуал, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту және сындарлы диалогты қайта қалпына келтіру жолдары бойынша пікір алмасу өтті.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ұйымның негізін қалаушы құжат – Хельсинки Қорытынды актісінің қабылданғанына 50 жыл толуына орай Финляндияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.Сондай-ақ бұл жыл екі есе мерейтойлы екені аталып өтті, себебі 15 жыл бұрын, 2010 жылы Қазақстан елордасында өткен және Ұйым үшін тарихи маңызы бар Саммиттің қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары Астаналық декларацияны қабылдаған болатын. Аталған құжатта Хельсинки актісінің негізгі қағидаттары бекітілген.М.Нұртілеу өңірдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, ЕҚЫҰ-ның Ұйым кеңістігіндегі дағдарыстарды шешуге арналған маңызды келіссөз алаңы болып қала беретінін атап өтіп, Қазақстанның ЕҚЫҰ аясындағы өз міндеттемелерін орындауға бейілді екенін нақты айтты.Өз кезегінде, Э.Валтонен Финляндияның төрағалық кезеңіндегі басымдықтарымен таныстырып, олардың басты мақсаты – қатысушы мемлекеттер мен Ұйымның жалпы орнықтылығын, дағдарыстарға жауап беру және одан кейін қалпына келу қабілетін арттыру екенін атап өтті.Іс басындағы төрайым Финляндияның төрағалығын қолдағаны және ЕҚЫҰ аясындағы Қазақстанның белсенді рөлі үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Орталық Азия ЕҚЫҰ үшін маңызды өңір, ал ЕҚЫҰ-ның далалық миссиялары өңір елдерінде реформаларды жүзеге асыруға және қауіпсіздіктің үш өлшемі бойынша – әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуді жалғастыруда.Трансұлттық сын-қатерлерге және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі ынтымақтастық, шекара қауіпсіздігін және көлік байланыстылығын нығайту, сондай-ақ құқық үстемдігін және азаматтық қоғамды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Келіссөздердің қорытындысы бойынша министрлер екіжақты форматта да, өңірлік алаңдар шеңберінде де тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1014591?lang=kk
Жылжымалы медициналық кешен – ауыл тұрғындарына сапалы диагностика мен үміт сыйлайды 10.06.2025
Алматы облысында ауылдық елді мекендердегі халыққа жоғары сапалы диагностикалық қызметтерді қолжетімді ету мақсатында «QH Денсаулық жолы» қайырымдылық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2025 жылдың төрт айында Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 5 мыңнан астам шалғай елді мекен тұрғындарын тексеруден өткізді.Жыл басынан жылжымалы медициналық кешен Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле аудандары мен Шелек ауылында көмек көрсетті.«Жылжымалы кешеннің арқасында 4 айда 5 мыңнан астам ауыл тұрғындарын тексеріп, оларға уақыт пен қаражат үнемдеуге мүмкіндік бердік. Бұл шалғайдағы халық үшін аса маңызды», – деді Алматы аймақтық көпсалалы клиника директоры Саяхат Олжаев.2025 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейінгі аралықта 5 350 адам тексеруден өтті. Оның ішінде 1 648 әйелге маммография, 1 401 адам КТ текесеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 8 адамнан қатерлі ісік анықталса, 123 адамнан қатерлі ісіктің белгілері анықталды. 156 пациенттен обыр алды жағдайлар анықталды.«Ерте диагностика – сәтті емдеудің кілті. Жылжымалы кешендердің көмегімен біз қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл – адамдардың өмірін сақтап қалудың нақты жолы», – деп атап өтті Саяхат Олжаев.Жылжымалы медициналық кешен маусым айында Қарасай және Ұйғыр аудандарының тұрғындарын тексеруден өткізеді.Жылжымалы диагностикалық кешендерді пайдалану – денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен әрбір азаматқа медициналық көмекті жақындатудың тиімді құралына айналып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1014563?lang=kk
Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/е медициналық анықтамасын автоматты түрде тексеруді енгізді 10.06.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірді. Бұл жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/е үлгісіндегі жалған медициналық анықтама ұсыну мүмкіндігін жояды.Енді азаматтарға «Жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алу кезінде медициналық анықтаманы қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Медициналық тексерудің нәтижесі автоматты түрде ИАЖ ХҚКО-ға келіп түседі. Бұл жаңашылдық өтініштердің қарау мерзімін жеделдетуге, жалған құжаттарды ұсыну жағдайларын болдырмауға және жүргізуші куәлігін алу рәсімінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.Аталған бастама ауқымды цифрлық трансформацияның бір бөлігіне айналды және бұл мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.Айта кету керек, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып ауыстырылған жағдайда, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Сондай-ақ, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтама ұсыну қажеттілігі жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1018820?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөліміне жаңа командир тағайындалды 10.06.2025
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, полковник Ерлан Мырзалин ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінің командирі болып тағайындалды.Жеке құрамға жаңа командирді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков таныстырды.Құқықтық тәртіп әскерлерінің Бас қолбасшысы полковник Ерлан Мырзалин өзінің бай қызметтік тәжірибесін тиімді пайдалана отырып, жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.Ерлан Мырзалин қызмет жолын Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесінің курсанты болып бастап, кейіннен авиациялық базаның жауынгерлік даярлық жөніндегі командирінің орынбасарына дейін көтерілді.Ми-8, Ми-24, Ми-26 тікұшақтарын және өзге де әскери авиациялық техникаларды басқару ісін жетік меңгерген.Адал қызметі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және мерейтойлық, ведомстволық марапаттармен наградталған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1014502?lang=kk
2025 жылдың 13 мамырында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде оқыту іс-шарасы өтті 10.06.2025
Іс-шараға ШҚО әкімі аппаратының Терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Туткушев К.Т., сондай-ақ ҰҚК, ІІД және Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері қатысты.Террористік қауіп туындаған жағдайда осал нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің алғашқы әрекеттері бойынша оқыту жүргізілді.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы терроризмге осал нысандарды қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық өткізілді.Оқыту барысында террористік қауіп төнген жағдайда әрекет ету тәртібі және терроризмге қарсы іс-қимылды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың белгілері, иесіз заттарды анықтаған кезде мемлекеттік органдарға хабарлау тәртібі, сондай-ақ террористік қауіп туралы жалған хабарламаларға жауап беру рәсімдері мен эвакуация кезінде атқарылатын іс-әрекеттер мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1014509?lang=kk
Бақылау-кассалық машиналарды пайдаланудан кім босатылады 10.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып, міндетті есепке алынуға жататынын хабарлайды. Бұл ретте қолданылатын БКМ моделі Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс. Бақылау – касса машиналарын қолданудан кім босатылады?Кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар жүзеге асыратын есеп айырысулар.Жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлардың қызметі.Белгіленген нысандағы билеттерді міндетті түрде бере отырып қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операциялар.Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялық желі жоқ елді мекендерде жүзеге асырылатын салық төлеушілердің қызметі.Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін есеп айырысулар.Діни бірлестіктер.Ұлттық пошта операторы-байланыс желісіне қол жеткізусіз орындарда есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда.Уәкілетті органдар мақұлдаған арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар. Телекоммуникациясыз аумақтар үшін ерекше жағдайларКәсіпкерлік қызмет телекоммуникациялық желі жоқ аймақта жүргізілетін жағдайларда, осы модель Мемлекеттік тізілімге енгізілген жағдайда, деректерді беру функциясынсыз бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға жол беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1014405?lang=kk
AIF 2025 қорытындысы: AIF аясында жасалған инвестициялық келісімдердің жалпы сомасы 800 млн аса АҚШ долларын құрады 10.06.2025
Бұған қоса, Астана қаласы әкімдігінің алдын ала бағалауынша, форум күндері елордаға 5 мыңнан астам шетелдік қонақтың келуі қонақ үйлер, мейрамханалар, көлік қызметтері және қаланың басқа да салалары үшін 2,6 млрд теңге көлемінде табыс әкелді.Астана халықаралық форумы қарсаңында өткен «Қазақстан–Франция» және «Қазақстан–Италия» бизнес-форумдарында, сондай-ақ AIF 2025 алаңдарында еліміз үшін маңызды бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойылды.Қазақстан–Франция бизнес-форумы аясында энергетика, денсаулық сақтау, логистика, агроөнеркәсіп, білім беру және орнықты даму салаларын қамтитын 15 келісім жасалды. Солардың ішіндегі ірісі — Павлодар қаласында сутегін өндіретін қондырғы салу жобасы. Бұл жобаға 90 миллион еуродан астам инвестиция тартылмақ.Қазақстан–Италия бизнес-форумы шеңберінде жалпы сомасы 180 миллион еуро болатын 10 келісімге қол қойылды. Олардың аясында логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, өнеркәсіпті цифрландыру және «жасыл» энергетика салаларындағы жобалар қамтылған.AIF 2025 алаңында да ірі келісімдер жасалды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «Kazak Protein» ЖШС Түркияның Tiryaki Agro, Катардың Hassad Food компанияларының қатысуымен және KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының қолдауымен Астана қаласында дәнді дақылдарды терең өңдейтін кешен салу жөнінде 320 миллион АҚШ доллары көлеміндегі инвестициялық келісімшартқа қол қойды.Сонымен қатар, KAZAKH INVEST италиялық серіктестермен тағы үш келісім жасасты. Олардың қатарында Түркістан облысында TRAMITE Group жүзеге асыратын 180 миллион долларлық агроөнеркәсіптік жоба бар. Жоба жылыжай кешені, қызанақ өңдеу зауыты, жоңышқа түйіршіктеу жүйесі және басқа да инфрақұрылымдарды қамтиды.Қаржылық құжаттармен қатар, AIF 2025 аясында еліміздің экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар келісімдерге де қол қойылды.Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру жөніндегі келісімге қол қойды. Құжат экономикалық реформаларды тиімді жүргізуге арналған сараптамалық қолдауды көздейді. Бұл бағдарлама ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, құқықтық және институционалдық ортаны жетілдіру, сондай-ақ өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпін береді.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Solana Foundation және Intebix компанияларымен Орталық Азиядағы алғашқы блокчейн аймағы — Solana Economic Zone Kazakhstan жобасын іске қосу туралы меморандумға қол қойды.Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Алматы облысында Қазақстандағы бірінші халықаралық аутлет-орталықты салу жөнінде келісімге қол қойылды. Жобаның бастамашысы - QSM тобы, серіктесі — Еуропаның коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында 60 жылдан астам тәжірибесі бар Ekazent Management GmbH (Австрия). Кешеннің жалпы аумағы 80 мыңнан 120 мың шаршы метрге дейін болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1014406?lang=kk
Хирошима префектурасының Губернаторы Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудың жаһандық үдерісіне қосқан үлесін жоғары бағалайды 10.06.2025
Токио, 2025 жылғы 9 маусым – Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев Хирошима префектурасының Губернаторы Хидэхико Юзакимен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар халықаралық ядролық қаруды таратпау режимінің қазіргі ахуалын талқылады.Жапония саясаткері Елшіні жаһандық бейбітшілік үшін Хирошима ұйымының (Hiroshima Organization for Global Peace – «HOPE») ағымдағы қызметімен таныстырып, гуманитарлық ынтымақтастық, қауіпсіздік және тұрақты даму салаларында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.Х.Юзаки Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамаларын және 2025 жылғы 3 наурызда Нью-Йоркте өткен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің 3-ші конференциясында Астананың төрағалығын жоғары бағалады. Ол сондай-ақ білім беру және халықты ақпараттандыру іс-шараларын жүзеге асыру арқылы «ядролық қарусыз әлем» құру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдірді.Өз тарапынан Елші Е.Баударбек-Қожатаев сұхбаттасты Қазақстан Республикасының қауіпсіздік саласындағы сыртқы саясатының негізгі аспектілері және Президент Қ.Тоқаевтың «The Hill» американдық басылымында жарияланған жаһандық ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі идеялары туралы хабардар етті.Тараптар Хирошима префектурасы мен Абай облысы арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету әлеуетін талқылады және ынтымақтастықты орнату, оның ішінде өзара сапарларды ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1014413?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 3000-НАН АСТАМ АУЫЛЫ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ 10.06.2025
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ 3000-нан астам ауылды интернетке қосу туралы инвестициялық келісім жасасты.Қол қойылған мәміленің арқасында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасын іске асыру жоспардан бір жыл ерте – 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал шалғай аудандардағы байланыс 2027 жылдың соңына дейін жерсеріктік байланыс арналарымен қамтамасыз етілмек.Осылайша, жоба 2027 жылдың соңына қарай елдегі ауылдардың 99%-ын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді таяу арада мектеп, аурухана, әкімшілік ғимарат, бюджеттік ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық кіру нүктелері мен мемлекеттік шекаралардағы 40-тан астам өткізу бекеттері желіге қол жеткізе алады. Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық (88%) және жерсеріктік арналар (12%) арқылы желіге қосады.Сондай-ақ, ауылдық жерлерде ұялы байланыс базалық станциялары үшін инфрақұрылым күшейтілмек. Бұл нысандарға дейін жеткізіп талшықты-оптикалық желіні төсеу мобильді интернет пен байланыстың сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/1014385?lang=kk
Бүгінгі таңда электр желілеріне қосылу процедурасы 10.06.2025
Электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым көппәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.Көппәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым кондоминиум объектісін басқару, МИБ, ПИТК органының уәкілетті өкіліне техникалық шарттар береді. Техникалық шарттарды алу үшін қажетті құжаттарЭлектр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар тұтынушыға электр энергиясын пайдалану қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру үшін еркін нысандағы өтініш және өтінішке сұрау парағы негізінде беріледі. Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары тұтынушылар сауалнама парағына жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Техникалық шарттарды алу мерзімдеріЭнергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысанда өтініш алғаннан кейін жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын Электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар:– техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін-5 (бес) жұмыс күні ішінде;– техникалық күрделі объектілер үшін - 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.Техникалық шарттар орындалғаннан кейін тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұтынушыны қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі жасалады.Көппәтерлі тұрғын үйлер үшін энергия беруші ұйым мен кондоминиум объектісін басқаратын орган арасында теңгерімдік тиесілігін ажырату актісі жасалады.Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезеңінде уақытша техникалық шарттар беріледі.«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7-1-тармағына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан астам асып кетсе, уақытша техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда құрылыс кезеңіне ұзартылады.Құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттарды берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін ұсынбаса техникалық шарттар жарамсыз болып саналады.Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.Жобаланатын желілерден техникалық шарттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды. Егер тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспесеТехникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама жасау ұйымына жүгінеді. Сараптама жасау ұйымы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады. Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізсіздігі туралы энергетикалық сараптаманың қорытындысы негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарды алуға еркін нысанда өтінішті қайта береді.Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымданады. Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдерінің жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылау«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі регламенттелетін электр энергиясын пайдалану ережелері сияқты нормативтік-құқықтық актілер бар. Қостанай облысы бойынша АЭҚБК департаменті Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жүргізеді. Бұдан басқа, «электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімі» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ДЭФ ЖБИ) рейтингінің индикаторларының бірі болып табылады — жаһандық зерттеу және оған ілеспе 103 индикатордан құралатын экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингі, олар жалпыға қолжетімді статистикалық деректердің және компания басшыларының жаһандық сауалнамасының нәтижелері бойынша есептеледі. ДЭФ ЖБИ рейтингісінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, сондай-ақ осы рейтингтегі индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде:- техникалық шарттарды беру және электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;— ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға және «электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бөлігінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі позициясын жақсартуға бағытталған шаралар туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда, қала және облыс тұрғындары (тұтынушылар) олардың әрекеттеріне Қостанай облысы бойынша АЭҚБК департаментінде шағымдана алады, ол: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75, 3 қабат, 320 кабинет, жұмыс телефоны 50-02-60, арқылы немесе "E - Otinish" ақпараттық жүйесі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1048615?lang=kk
"БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз 10.06.2025
"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 11 маусымда "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында өткізілетін "Ашық есік күні" онлайн-кездесуіне шақырады. Қатысуға ниетті барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін қуана күтеміз. Онлайн-кездесуде халықтың зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы хабардар болу мәселелері көтеріледі.Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Ақпаратты тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың маңыздылығын, қызмет көрсету бойынша заңды түрде жасалатын ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.Қонақтардың кездесу тақырыбы аясында ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар. Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mac5a974ec1de4cbfc571c8aba010ccd2 бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін  2512 663 5277 және event-кеңестің паролін 1234 енгізу қажет.       БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1014335?lang=kk