Қоғам
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоныс аударушыларға беру 10.06.2025
«Халықтың көші – қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес, қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы.ҚР қолданыстағы жер заңнамасы негізінде, Қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері иеліктен шығару, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру құқығынсыз, осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден аспайтын мөлшерде конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі.Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайта беруге жол берілмейді.Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру Жер кодекстің 81-бабына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігі негізінде берілген жер пайдалану құқығын тоқтатуға алып келеді.Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде бес жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға Жер кодекстің 37-бабында көзделген тәртіппен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығының жаңа мерзіміне шарт жасасу құқығы беріледі.Баяндалғанның негізінде ҚР Үкіметі айқындаған өңірлердегі қоныс аударушылар шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен жүгінуге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1014347?lang=kk
Көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы 10.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы хабардар етеді.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мынадай төлемдер төленуге тиісКедендік декларациялау үшін кедендік алым – 6 айлық есептік көрсеткішті құрайды (ҚР Үкіметінің 05.04.18 ж. № 171 Қаулысымен бекітілген).Әкелу үшін төленетін кедендік алымдар – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес айқындалады. Салық мөлшерлемесі қозғалтқыштың шығарылған жылына, көлеміне және түріне байланысты және 0% - дан 18%-ға дейін өзгеруі немесе өлшем бірлігіне байланысты белгіленген мөлшерде белгіленуі мүмкін (ЕЭК Кеңесінің 14.09.21 г № 80 шешімі).Акциз – жеңіл автомобильдерге және негізінен адамдарды тасымалдауға арналған, қозғалтқыш көлемі 3 000 текше см-ден асатын өзге де моторлы көлік құралдарына қатысты төленеді, акциз ставкасы 1 куб см үшін 100 теңгені құрайды (Салық кодексінің 463-бабының 4-тармағы).Қосылған құн салығы (ҚҚС) – салық салынатын импорттың 12% (ҚР Салық кодексі).Көлік құралдарына қатысты ҚР-ның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жөніндегі міндеттемелері шеңберінде кедендік әкелу баждарының төмендетілген ставкаларын қолдануға болатынын қосымша хабарлаймыз.Бұл ретте ДСҰ ставкалары бойынша ресімделген көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілмейді.Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды белгіленген талаптарды сақтауға және көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді уақтылы төлеуге шақырады.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Сіз аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына хабарласа аласыз немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтына кіре аласыз: https://kgd.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1014309?lang=kk
Құрметті салымшылар! 10.06.2025
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Сізді қырағы болуға шақырып, дербес деректеріңізді мұқият қорғау қажеттілігі туралы ескертеді.Интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Ондай кезде қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың немесе қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады.Назар аударыңыз:* "БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері телефон арқылы қоңырау шалмайды.o ЖСН, жеке куәлік нөмірі;o банктік карталар немесе шоттар туралы мәліметтер;o SMS растау кодтары;o қолданбалар мен басқа қызметтердің құпия сөздерітуралы мәліметтерді беруіңізді өтінбейді.* "БЖЗҚ" АҚ телефон арқылы ықтимал күдікті әрекеттер немесе "қаражатты бұғаттау" туралы хабардар етпейді.* Кез келген ресми ақпарат салымшының жеке кабинеті, Қордың ресми сайты арқылы немесе салымшы "БЖЗҚ"АҚ филиалына жеке өтініш жасаған кезде беріледі.Өзіңізді қалай қорғауға болады:* Өздерін "БЖЗҚ" АҚ немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкері ретінде таныстырса да, құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.* Түскен ақпараттың дұрыстығын ресми дереккөздер (www.enpf.kz сайты, 1418 байланыс орталығы) арқылы тексеріңіз.* Күмәнді қоңыраулар жасалып, хабарламалар алған жағдайда — қарым-қатынасты дереу тоқтатып, алаяқтық әрекет туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.Зейнетақы жинақтарыңыз бен жеке мәліметтеріңізге сақ болыңыз! Оларды сауатты қорғай біліңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1014294?lang=kk
Жыл басынан бері БЖЗҚ қызметтерінің 98%-ы цифрлық форматта ұсынылды 10.06.2025
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына қолдау көрсетуге және ақпараттандыруға бағытталған кең ауқымды қызметтерді белсенді түрде ұсынып келеді. 2025 жылғы 1 қаңтар мен 1 мамыр аралығында халыққа шамамен 19,4 млн қызмет көрсетілді.Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан:– 9,1 млн-нан астамы электрондық форматта,– 9,6 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді.Осылайша автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көлемнің 98,2%-ын құрады.Жүзбе-жүз форматта 343,0 мыңдай қызмет көрсетілді, оның ішінде 334,9 мыңнан астамы – Қор бөлімшелерінде.Еске салайық, зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушыларына арналған мақсатты талаптар мен мақсатты жинақтар автоматты түрде есептеледі.Есептік кезеңде шартты зейнетақы шоттары (ШЗШ, олар жұмыс беруші ЖМЗЖ аударғанда ашылады) мен мақсатты жинақ шоттарын (МЖШ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында) қоса есептегенде зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша 718,1 мың жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) автоматты түрде ашылды.Сұранысы жоғары қызметтердің бірі – ЖЗШ, ШЗШ және МЖШ бойынша шоттан үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері 10,1 млн үзінді берілді, оның ішінде:– 8,3 млн-нан астамы – электронды түрде,– 1,4 млн-нан астамы – автоматты түрде.БЖЗҚ жеке кабинет арқылы зейнетақы жинақтарын бақылаудың ең ыңғайлы әрі сенімді жолын ұсынады. Сервис 24/7 режимінде жұмыс істейді және ақпаратты Қордың сайтындағы жеке кабинеттен, egov.kz порталынан және электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасынан алуға болады.Сонымен қатар, салымшылар жеке кабинет пен мобильдік қосымша арқылы келесі қызметтерді әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде пайдалана алады:– жеке деректерін өзгерту,– шоттар туралы анықтама алу,– мүгедектігіне байланысты төлемдерге өтініш беру,– инвестициялық портфельді басқарушыға жинақтардың бір бөлігін аудару,– зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеу және т.б.2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында реквизиттерді өзгерту бойынша 50,1 мыңнан астам өтініш қабылданды, оның ішінде 46,8 мыңнан астамы Қор бөлімшелерінде.БЖЗҚ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да белсенді жүргізуде:– 15,8 мыңнан астам көшпелі презентация ұйымдастырылды,– оларға 332,5 мыңнан астам адам қатысты,– БАҚ-та 15,3 мыңнан астам материал жарияланды.Кері байланыс арналары арқылы салымшылардан 205,4 мыңға жуық өтініш түсті.📞 Кез келген компания жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге Қордың сайты мен мобильді қосымшасы арқылы өтінім бере алады және 1418 нөміріне қоңырау шалуға мүмкіндігі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1014296?lang=kk
Қазақстан мен Болгария сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге ниетті 10.06.2025
Қазақстан астанасында Қазақстан мен Болгария Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румен Радевтің қатысуымен қазақстан-болгар бизнес-форумы өтті. Іс-шара екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын, екі елдің іскер топтары арасындағы өзара әрекеттестікті кеңейтуді және бірлескен инвестициялық бастамаларды ілгерілетуді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.Форумның ашылуында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Болгариямен экономикалық ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтіп, серіктестік өзара инвестициялар мен практикалық өзара іс-қимылға негізделуі тиіс екенін жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан бірлескен өндірістерді іске қосуға және екі ел компанияларының жаңа нарықтарға шығуына мүдделі.Болгария тарапынан Болгарияның шағын және орта бизнесті қолдау агенттігінің атқарушы директоры Бойко Таков құттықтау сөз сөйлеп, елдер арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың жоғары әлеуетіне, әсіресе инновациялар, АКТ, туризм және агроөнеркәсіп салаларында сенім білдірді.Панельдік сессия барысында мемлекеттік органдардың, бизнес пен салалық бірлестіктердің өкілдері бірлесіп іске асыруға болатын нақты жобалар мен бағыттарды талқылады. Талқылауға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек, Болгария жұмыс берушілер мен инновациялық технологиялар қауымдастығының төрағасы Доброслав Димитров, София қаласы мэрінің орынбасары Иван Василев және форумның басқа да қатысушылары қатысты.Форумның маңызды сәттерінің бірі — екі келісімге қол қойылуы болды. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы мен болгарлық «Acta Climate» компаниясы Қазақстан аумағында заманауи климаттық технологияларды пайдалана отырып, орманды қалпына келтіру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыруға уағдаласты. Екінші құжат — «Шымкентмай» АҚ мен «Lekkerbek» компаниясы арасындағы келісім. Ол консервантсыз, ұзақ сақталатын азық-түлік өндіруге бағытталған заманауи тағам кешенінің құрылысын көздейді. Жобаға салынатын инвестиция көлемі $20 млн, іске асыру жақын арада басталады.Форум екі елдің іскер топтары арасындағы B2B кездесулер сериясымен аяқталды, онда серіктестіктің нақты форматтары, өндірістерді жергіліктендіру және технологиялармен алмасу мүмкіндіктері талқыланды. Бизнес-форум форматындағы диалог Қазақстан мен Болгария арасындағы жаңа инвестициялық жобаларды қалыптастыру мен сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Дереккөз: https://invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1014259?lang=kk
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мәліметтердің дұрыс емес беру үшін жауапкершілігі 10.06.2025
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 695-бабына сәйкес ӘҚБтК-нің 491-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәліметтер бергені үшін қарау құзыреті берілген.Жоғарыда аталған батың нормаларын бұзу бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуды көздейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1014220?lang=kk
Қостанай облысында жазғы демалыс: балаларға арналған пайдалы әрі жан-жақты қамқорлықтағы тынығу 10.06.2025
2025 жылы жазғы демалыспен 105 мыңға жуық бала, яғни балалардың 98,6%-і қамтылады.Бұл мақсаттарға 264,4 млн. теңге бөлініп отыр.Биыл облыстың қала сыртындағы лагерьлер желісі 12 нысанды (9 мемлекеттік, 3 жекеменшік) құрайды, онда 8 000-нан астам баланы сауықтыру жоспарлануда.3 мемлекеттік лагерьде (Бәкіров атындағы демалыс базасы, «Лесная сказка» және «Алтынгүл») жетім балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары демалады. Бірінші маусымның ашылуы 9-18 маусым аралығында жоспарланған. Жазғы лагерьлерде жұмыс істеу үшін 4 мыңнан астам педагог жұмылдырылады. «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының ауыл балаларына арналған «QH Жаздық жолдама» жобасын өткізуі игі дәстүрге айналған, соның арқасында ағымдағы жылы 246 оқушы облыстың қала сыртындағы «Балдәурен» және «Болашақ» 2 лагерінде тегін демалатын болады. Төртінші жыл қатарынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Хачико» оңалту орталығында жалпы сомасы 54,1 млн.теңгеге облыстың 13 өңірінен ерекше білім беру қажеттілігі бар 359 бала демалады. Осы орталықта болған уақытта балалар және олармен еріп жүретін адамдарға күніне бес мезгіл тамақ беріліп, психологтар қызметі көрсетіледі.Әлеуметтік осал санаттағы балалардың демалысын қамтамасыз ету басымдық болып табылады. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен шамамен 167 миллион теңге бөлініп, жекелеген санаттағы 38 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады.2 маусымнан бастап облыстың барлық білім беру ұйымдарында 773 мектеп жанындағы тегін лагерь жұмыс істейді, онда 1-10 сынып оқушыларының 91%-і, яғни 98 мыңға жуық бала демалатын болады.Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауға алынған.105 мыңнан астам бала туристік-өлкетану, экскурсиялық, дене шынықтыру-сауықтыру, табиғатты қорғау және экологиялық шаралармен қамтылады.Облыстың барлық білім беру ұйымдарында 19,5 мыңға жуық бала мен жасөспірімді қамтитын «Психологиялық қолдаудың жазғы алаңдары» жобасы жоспарланған.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында білім бөлімдері тарапынан 17,0 млн.теңгеге 850-ге жуық баланы түрлі іс-шарамен қамту жоспарланып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1014228?lang=kk
Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал! 10.06.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бизнесті қолдауға және көлеңкелі экономикаға қарсы күреске бағытталған 2 ауқымды акцияның іске қосылғанын еске салады.1. "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!». 2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында еліміздің әрбір тұрғынының ақшалай және бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндігі бар! Тауарды сатып алу немесе қызметті алу кезінде фискалдық чекті "Amian"мобильді қосымшасында тіркеу жеткілікті.2. "Бәйге" жаңа акциясы! 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін-мүмкіндігінше көп чектерді сканерлеп, 100 000 теңге ұтып алуға мүмкіндік алыңыз!Жеңімпаздар тоқсан сайын анықталады: бүкіл ел бойынша 20 жеңімпаз.Сатып алыңыз-сканерлеңіз — жеңіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1014213?lang=kk
Қазақстан және Солтүстік Македония сыртқы істер министрлері ынтымақтастық перспективаларын талқылады 10.06.2025
Астана, 2025 жылғы 9 маусым - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Астанаға келген Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесу өткізді.Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қамтитын кең ауқымды мәселелерді талқылады. Әсіресе инвестиция, көлік, азаматтардың мобильділігі сияқты және басқа келешегі зор салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды.«Солтүстік Македония – Балқан өңіріндегі Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Біз еліңізбен жан-жақты және көпқырлы қатынастарды дамытуға зор мән береміз. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылдың оң қарқыны сақталып келеді», – деп атап өтті М.Нұртілеу.Қазақстан СІМ басшысы Солтүстік Македонияға Президент Гордана Силяновска-Давкова бастаған өкілдік делегацияның Астана халықаралық форумының жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Бұл екіжақты диалогты нығайтудың және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылықтың нақты айғағы болды.Министрлер шарттық-құқықтық базаны тереңдету және барлық деңгейдегі сапарларды жандандыруға өзара дайындықты растады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Ұлттық паспорт иелеріне арналған екіжақты визасыз режимді енгізу перспективалары да қаралды.Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында 2025-2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Бұл құжат көпқырлы серіктестікті дамытудың жүйелі тәсілін айқындай отырып, сыртқы саяси ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылға жаңа серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1014558?lang=kk
Қазақстан мен Бельгия көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 10.06.2025
Антверпен, 2025 жылғы 6 маусым – Антверпен-Брюгге портында «Қазақстанның көлік-логистика саласы: бельгиялық бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Еуропа – Орталық Азия көлік қауымдастығы (ECATA) Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі мен Антверпен-Брюгге портының қолдауымен ұйымдастырды.Іс-шараға Jan De Nul сияқты бельгиялық көлік-логистика компаниялары, Бенилюкс Сауда палатасының, Еуропалық комиссияның, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және ТМТМ қауымдастығының өкілдері қатысты.Талқылаудың негізгі тақырыптары: Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТМТМ) арқылы Еуразиялық көлік байланыстығын нығайтудағы Қазақстанның рөлі, Jan De Nul компаниясының Курык және Ақтау порттарындағы инфрақұрылымдық жобалары және ЕО-ның TAIEX Green Ports бастамасы аясындағы болашақ ынтымақтастық жоспарлары.Тараптар Орталық Азияда тұрақты логистикалық шешімдерді дамыту мақсатында стратегиялық әріптестікке дайын екендерін растады.Анықтама: Антверпен-Брюгге порты – Еуропадағы ең ірі және заманауи теңіз порттарының бірі, Бельгияда орналасқан. Бүгінгі таңда ол жүк айналымы бойынша Еуропада екінші орында. 2023 жылы порт шамамен 271 миллион тонна жүк және 13 миллионнан астам TEU контейнер өңдеді. Сондай-ақ, порт жылына 3 миллионнан астам автокөлік өңдеп, әлемдегі жетекші автокөлік ауыстырып тиеу порты болып саналады.Порт тұрақты даму және инновация саласында көшбасшы болып табылады. Ол жасыл энергетика, сутегі инфрақұрылымы және цифрлық шешімдерге белсенді инвестиция салып, 2050 жылға қарай әлемдегі алғашқы көміртегі бейтарап порты болуды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1014192?lang=kk
Варшава қазақ дәстүрлерімен танысты 10.06.2025
Варшава, 2025 жылғы 7 маусым - Варшава Азия және Тынық мұхиты мұражайында Қазақстан мәдениеті күні өтті. Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған іс-шара қазақ мәдениетінің, дәстүрлері мен заманауи өнерінің алуан түрлілігін көрсететін жарқын оқиға болды.Бағдарлама жас қонақтарды Қазақстанның халық аңыздарына батырған балаларға арналған қызықты ертегіден басталды. Іс-шара аясында киіз шеберлігі бойынша шеберлік сыныптары өтті, онда қонақтар жүн фильці мен сырмақ жасау техникасымен танысты.Сондай-ақ, тәңіршілдік философиясы тақырыбынан бастап қазақ эпостары мен олардың жасырын мағыналарына дейін Қазақстанның мәдени мұрасының байлығын ашатын дәрістер мен көрмелер ұйымдастырылды.«Дәстүрлердің заманауи келбеті» тұсаукесері аясында Қазақ дәстүрлері мен стилін үйлестіретін сән мен дизайн шешімдері көрсетілді.Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілдері аудиторияны елдің туристік әлеуетімен, Қазақстанның бірегей табиғи және мәдени нысандарымен, сондай-ақ «Born Bold» науқанының мақсаттарымен таныстырды. Іс – шара қонақтарына қазақтың дәстүрлі тәттілері-бауырсақ, чак-чак, самса, иримшик ұсынылды. Барлық тілек білдірушілер үшін «Асық» және «Тоғыз құмалақ» дәстүрлі қазақ ойындарының шеберлік сыныптары мен тұсаукесері өтті, ал бағдарламаның шығармашылық бөлігі «Алкиса», «Балбырауын» және «Аққу» қазақ күйлерін орындаумен домбырада виртуоздық ойынмен сүйемелденді.Іс-шараның қорытынды бөлігі қазақ эпосының поляк тілінде «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» көрсетілімімен аяқталды. Кеш аясында қобыз тарихы мен барлық түркі халықтарының ұлы ойшылы, жырау Қорқыт Ата ақыны туралы аңыз айтылды.Іс-шара поляк азаматтарын Қазақстанның бай мәдениеті мен тарихымен таныстыруға тамаша мүмкіндік болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1014194?lang=kk
«Хадж-2025» автоэкспедициясына қатысқан қазақстандықтар ұлы қажылық рәсімдерін сәтті аяқтап, Қазақстанға оралуда 10.06.2025
Жидда, 2025 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулдығында «Хадж-2025» қазақстандық автоэкспедициясының қатысушыларын жылы қабылданды. Қажылық сапарын аяқтаған қажылар Ержан Слямбеков, Айдар Кұрманов, Қанат Саимов және Леонид Паязитов ҚР-ның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспановпен және дипломаттармен кездесті.Қазақстандық қажылар Семей қаласынан бастап, Астана, Ақтөбе, Атырау қалалары, әрі қарай Ресей Федерациясы, Грузия, Түркия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері арқылы өтіп, Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядтан қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына жеткен, ұзындығы шамамен 10 мың шақырым болатын сапарлары жайлы әсерлерімен бөлісті.Олар аталған мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктерге сапарларын ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін ерекше алғыстарын білдірді.Өз кезегінде Бас консулдықтың дипломаттары бұл бастаманы жоғары бағалап, қатысушылардың төзімділігі мен рухын ерекше атап өтіп, отанына аман-есен оралуға тілек білдірді.Бас консул Руслан Қоспановтың айтуынша, мұндай бастамалардың маңызы зор, себебі олар рухани құндылықтардың нығаюына және мәдениетаралық диалогтың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл экспедицияның сәтті өтуі шетелде Қазақстанның оң имиджін ілгерілетуге өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1014203?lang=kk
Қазақстан Прагада өткен Елшіліктер фестивалінде өз мәдениетін таныстырды 10.06.2025
Прага, 2025 жылғы 7 маусым – Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі Прагада өткен 8-ші Елшіліктер фестиваліне қатысты. Биыл бұл ірі халықаралық шараға 56 елдің дипломатиялық өкілдіктері қатысып, өз халқының мәдени дәстүрлерін, қолөнер бұйымдары мен аспаздық мұрасын ұсынды.Фестивальдің ресми ашылу салтанатына Чехия Сыртқы істер министрі Ян Липавский, Прага қаласының мэрі Богуслав Свобода, Прага 6 муниципалдық ауданының мэрі Якуб Старек, шет мемлекеттердің елшілері мен іскерлік қауым өкілдері қатысты.Қазақстан екінші жыл қатарынан дәстүрлі киіз үй тігіп, фестиваль қонақтарының басты назарын аударды. Күні бойы көптеген қонақтар оның ішкі көрінісі мен ұлттық нақыштағы безендірілуін тамашалап, қазақ халқының көшпелі мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.Іс-шараның құрметті қонақтары – Сыртқы істер министрі Я.Липавский мен Прага 6 мэрі Я.Старек қазақ дастарқанының қадірлі меймандары болып, ұлттық тағамдардан дәм татты.Прагадағы «Алматы» дүкенінің қолдауымен фестиваль қонақтары қазақ қонақжайлығының атмосферасын сезініп, ұлттық тағамдардың алуан түрінен дәм татты. Үлкен қазанда дәстүрлі палау дайындалып, ыстық күйінде ұсынылды. Сондай-ақ қонақтарға жаңа піскен мәнті, дәстүрлі нан өнімдері мен түрлі тәттілер ұсынылды. Қазақ асханасына тән сусындар – қымыз бен айран чех қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.Прага 6 муниципалдық ауданы мен «Фермерлік базарлар қауымдастығы» бірлесіп ұйымдастырған фестиваль чех бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, жергілікті қоғам тарапынан оң бағасын алды. Шара шетелде қазақ мәдениетін ілгерілетуге және екіжақты гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған тағы бір жарқын үлес болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1014207?lang=kk
Делиде қазақ-үнді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды 09.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Үндістанға жасаған ресми сапары аясында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Үндістанның ірі компанияларының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.«Reliance Industries Limited» компаниясының халықаралық директоры Тапас Мондалмен өткен келіссөздер барысында Қазақстан аумағындағы стратегиялық бастамаларға компанияның қатысу мүмкіндіктері қаралды. Тараптар бірлескен жобаларды қолдауға арналған инвестициялық қор құру перспективасын және «Reliance» компаниясының Орталық Азиядағы ең ірі арнаулы экономикалық аймақ – Алатау қаласын дамытуға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан тарапы барынша қолайлы жағдай мен мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға дайын екенін жеткізді.«Lilavati Hospital & Research Centre» өкілі Прашант Мехтамен кездесу барысында Қазақстанда көпсалалы аурухана салу жобасы талқыланды. Үнді тарапы жалпы инвестиция көлемі 30 млн АҚШ долларына дейін жететін, 100 төсек-орынға арналған заманауи медициналық орталық құруға қызығушылық танытты. Бұл жоба елдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын едәуір күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жер телімдерін бөлу, салықтық жеңілдіктер мен инвесторлық визалар сияқты мемлекеттік қолдау тетіктері талқыланды.«Ashok Leyland» компаниясының басшылығымен өткен кездесуде тараптар Қазақстанда автобустар мен жүк көліктерінің өндірісін жергіліктендіру мүмкіндіктерін талқылады. Орталық Азия мен ТМД нарықтарына экспорт әлеуеті бар құрастыру кәсіпорнын ашу жобасы ерекше қызығушылық тудырды. Үнді тарапы машина жасау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады.Кездесулердің қорытындысы бойынша пікір білдірген Ғ.Оспанқұлов: «Үндістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Біз өзара қарым-қатынастарымызды саудадан бірлескен индустрияландыруға қарай жаңа деңгейге шығаруға мүдделіміз. Бүгін талқыланған жобалар денсаулық сақтау, көлік, энергетика және жаңа қалаларды дамыту сияқты аса маңызды салаларды қамтиды. ҚР СІМ Инвестициялар комитеті жобалаудан бастап іске қосу мен ауқымдауға дейінгі кезеңдерде инвесторларды толық сүйемелдеуге дайын», – деп атап өтті.Қазақ тарапы көрсетілген қызығушылық үшін алғыс айтып, талқыланған бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған конструктивті диалогты жалғастыруға әзірлік растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1014246?lang=kk
Қазақстан СІМ-де испан сенаторлары қабылданды 09.06.2025
Астана, 2025 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Испания Парламенті Сенатының Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Хосе Игнасио Ландалусе бастаған Испания Парламенті Сенатының делегациясымен кездесті.Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту перспективаларын, саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.Сұхбаттастар Астана мен Мадрид арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға ықпал ететін биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың маңыздылығын атап өтті.Р.Василенко Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды серіктестерінің бірі Испаниямен ынтымақтастықтың кең әлеуетін атап өтті. Оның пікірінше, Испания депутаттарының сапары парламентаралық байланыстарды дамытудың жаңа тарауын ашады.Өз кезегінде Х.Ландалусе Қазақстан-Испания қарым-қатынастарының стратегиялық сипатын қуаттап, алдағы уақытта Қазақстанмен ынтымақтастықты ілгерілетуге көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.Анықтама: 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 731,3 млн АҚШ долларын (экспорт – 584,7 млн, импорт – 146,5 млн) құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті. Қазақстанда испан капиталының қатысуымен 60 компания тіркелген. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына Испаниядан 333,5 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1014181?lang=kk
Талдықорғанда «BIG BAND» оркестрінің 1990–2000 жылдардағы хит әндер концерті өтті! 09.06.2025
Талдықорған қаласындағы Жастар саябағында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының III маусымының жабылуына арналған ерекше концерт өтті. «Big Band» эстрада-үрлемелі аспаптар оркестрі 1990–2000 жылдардағы отандық және шетелдік танымал хит әндерді жанды дауыста орындады. Филармонияның ең жарқын ұжымдарының бірі үрлемелі аспаптар оркестрі біздің облыста толық ұжымды, репертуарға бай, өзіндік даңқты дәстүрі бар ұжым.Концерт алғашқы дыбыстардан-ақ көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында келесі әндер орындалды:- «Знаешь ли ты»- «Жаулап алды махаббат»- «Тамшылар»- «Перекрёсток»- «Мадонна»- «Тополинный пух»- «Кукушка»- «Өкінбе сен»- «Ханшайым»- «Фантазёр»Бұл әндер көрермендерге ерекше әсер қалдырып, сол жылдардың естеліктерін жаңғыртты.Кешке келген Талдықорған тұрғындары мен қала қонақтары оркестрдің кәсіби шеберлігіне тәнті болып, орындалған әндерге бірге қосылып, шын жүректен қол соқты. Кештің атмосферасы жылы әрі достық көңіл күйде өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1014155?lang=kk
Золотой Кубок Шахрезады – 2025 09.06.2025
Ағымдағы жылдың 7 маусымында Өзбекстан республикасының астанасы Ташкентте өткен “Золотой Кубок Шахрезады 2025” атты байқауына “Балалар өнер мектебінің” хореография бөлімінің үлкен және кіші топтары, вокал бөлімі қатысып, жүлделі орындарға ие бола отырып, ақшалай 100000 сум қаржылай марапатталды. Сонымен қатар “Халықаралық ең үздік оқытушы” медалімен марапатталды. Үлкен хореографиялық “Еркетай” тобы -бас жүлде;Орта хореографиялық “Еркетай” тобы -бас жүлде оқытушысы Байжанова Гулбану Маркабаевна;Еркінқызы Аружан 11-13 жас санаты бойынша бас жүлде иегері атанды, оқытушысы Аманбала Сержан. Жеңімпаз оқушыларымызбен талапшыл оқытушыларымыз көп болғай! Жеңістеріңіз құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1014139?lang=kk
Ауыз суды уақытша өшіру 09.06.2025
Су құбыры желілерінде жапқыш арматураны жоспарлы ауыстыруға байланысты 2026 жылғы 28 қаңтар күні, сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша ауыз су беру уақытша тоқтатылады.Су беру тоқтатылатын мекенжайлар:Тұрғын үйлер:— Қайырбеков көшесі, 353/1— Киевская көшесі, 7МКК «Қостанай-Су» келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1148215?lang=kk
Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшісі самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды 09.06.2025
Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасы материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының өрттен қорғау және құтқару жұмыстары командасының өрт сөндіруші-құтқарушысы аға матрос Асылхан Әдиев Ақтауда өткен чемпионатта күміс медаль еншіледі.Әскери теңізші Асылхан Әдиев 23 жасқа дейінгі жастар арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлде олжалап, теңдессіз балуан Саламатұлы Қаралда атындағы жүлденің иегері атанды.Боз кілемдегі жекпе-жекте еліміздің бар өңірінің атынан 200 спортшы шықты. Аға матрос Асылхан Әдиев өнер көрсеткен 71 келіге дейінгі салмақта 25 спортшы бағын сынады.– Спорт – нағыз Отан қорғаушы тәрбиелеудің маңызды элементі, – деп атап өтті А. Әдиев. – Менің міндетім самбоны насихаттау ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның Әскери-теңіз күштерін халықаралық аренада таныту деп білемін.Спорт шеберіне үміткер Асылхан Әдиев 7 жасында дзюдо мен самбомен айналысқанын айта кетелік. Отбасында спортқа деген қызығушылық бұрыннан бар: атасы Әдиет қазақ күресімен айналысқан, ағасы Әлихан дзюдо мен самбодан жарыстарға қатысып жүр.Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық және жауынгерлік самбодан өткен жастар біріншілігі – елімізде спорттың осы түрін дамыту кезеңі. Ақтаудағы жарыстар біздің спортшыларымыздың халықаралық деңгейдегі болашақ жеңістерінің басы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1014094?lang=kk
Қазақстан мен Литва архивтік ынтымақтастықты кеңейтеді 09.06.2025
Вильнюс, 2025 жылғы 9 маусым – Халықаралық архивтер күніне орай Вильнюс қаласында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архиві мен Литваның Орталық мемлекеттік архиві арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Бұл оқиға Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Құжаттың мақсаты – тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және архив саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамыту.Салтанатты рәсім аясында «XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ даласының мәдениетіндегі әйел рөлі» атты фотокөрменің ашылуы өтті. Экспозиция Қазақстан тарапынан дайындалып, ұсынылды, ал оның техникалық ресімделуі мен көрсетілуі литвалық әріптестердің қолдауымен жүзеге асты.Салтанатты бөлімде Литваның Орталық мемлекеттік архивінің директоры Далиус Жижис пен Елшісі Тимур Оразаев құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан архивінің қызметі мен халықаралық жобалары туралы архив директорының орынбасары Сауле Сатаева баяндама жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1014081?lang=kk