Қоғам
Қосшы қаласының қоғамдық мәдени - спорт кешені еліміздің 20 өңірінен келген мәдениет басқармаларының басшыларын қарсы алды 20.05.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Креативті Қазақстан: өңірлердегі креативті индустрияларды дамыту» атты оқыту бағдарламасына еліміздің 20 өңірінен келген креативті индустрияларды дамытуға жауапты басқарма басшыларына Қосшы қаласының креативті хабта экскурсия жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/995953?lang=kk
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары Сіздерді « Курчатов қаласы әкімінің аппараты» 20.05.2025
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары Сіздерді « Курчатов қаласы әкімінің аппараты» ММ Ашық бюджеттер порталында бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептің мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет:122 001Аудан (облыс мәніндегі қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметhttps://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogramgovAgencyId=3647268&budgetId=3868532&budgetState=PROJECT122 001Аудан (облыс мәніндегі қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметhttps://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogramgovAgencyId=3647268&budgetId=3868464&budgetState=PROJECАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/995925?lang=kk
15 мамырда Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі 20.05.2025
БҰҰ бастамасымен құрылған бұл күн әлемде 1994 жылдан бері тойланып келеді.Отбасы балаларды тәрбиелеуде, ұлттық құндылықтарды сақтау мен өскелең ұрпаққа тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Отбасында кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, қолдау, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды біледі.Халықаралық Отбасы күнімен құттықтаймыз! Әрбір Қазақстандық отбасына бақыт пен амандық, өзара түсіністік пен бірлік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/995927?lang=kk
«Бейнелеп би тілімен бар әлемді...» 20.05.2025
13 мамыр күні филармония төрінде «Гәкку» би ансамблінің «Бейнелеп би тілімен бар әлемді...» атты есептік концерті өтті.«Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаеваның жетекшілік етуімен талай асуларды бағындырып, сахна төрлерінде өнер көрсетіп жүрген Халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблі бүгінгі есептік концертінде қазақ халық билерінен бастап, басқа халықтардың билері мен заманауи би үлгілерімен толысқан бай репертуарын өнер сүйер қауымның назарына ұсынды.Концерттің шымылдығы К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында биыл 100 жылдығы атап өтіліп отырған композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні» негізінде қойылған «Аққу» биімен ашылды. Сонымен қатар өнер тарланының «Көш керуен» (қоюшы Меңтай Тілеубаев), «Көңілді бикештер» шығармалары ансамбльдің мың бұралған бишілері Айдана Нұрланова, Камила Бекмұхамбетованың жеке орындауында көпшіліктің назарына ұсынылды.Кеш барысында А.Жайымның «Сағыныш» (қоюшы Г.Ордабаева), «Аян» қырғыз биінің, «Парящие девушки» әзірбайжан биінің, «Думанды дала» биінің тұсауы кесілді.Көрермендер қазақ би өнерінің алтын қорына енген Шара Жиенқұлованың «Айжан қыз», Дәурен Әбіровтің «Қоштасу», Заурбек Райбаевтың «Қос алқа», Айгүл Татидің «Сылқылдақ» билерін бірегей бишілер Тұраханова Аружан мен Нұрғожина Динара, Жанабаева Елдананың және ансамбльдің орындауында тамашалады.Дәстүр мен жаңашылдық тоғысып, бір арнаға құйылып төгілген концерттік бағдарламаға ұлы өнерге нық қадам басып келе жатқан «Аманат» би мектебінің ізбасар бишілері де қатысып, өнерлерін ортаға салды.Әсемдік пен нәзіктік, үйлесім мен сұлулық шынайы көрініс тапқан концерт көптің көңілінен шыққаны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/995934?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті 20.05.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Танмай Лалмен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар Қазақстан-Үндістан стратегиялық серіктестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылады.Атап айтқанда, олар Нью-Делиде, соның ішінде «Орталық Азия-Үндістан» Диалогы аясында өтетін алдағы жоғары және жоғарғы деңгейдегі іс-шаралар Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын салыстыруға» тағы бір мүмкіндік беретінін атап өтті.Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында ҚР Елшісі үнді дипломатын Қазақстандағы әлеуетті инвестициялық жобалармен таныстырды. Т.Лал өз кезегінде Қазақстан экономикасына үнділік инвестицияларды, атап айтқанда, Үндістанның ірі компанияларын тартуға көмектесуге дайын екенін білдірді.Елдер арасындағы өзара тиімді жан-жақты әріптестікті кеңейтудегі шарттық-құқықтық базаның маңыздылығын айта отырып, әңгімелесушілер қол қоюға дайындау мақсатында қазіргі уақытта тараптар әзірлеп жатқан келісімдердің жобаларын қарауды жеделдету қажеттігі туралы келісті.Келіссөздер қорытындысы бойынша Елші А.Есқараев пен Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Т.Лал екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бар күш-жігерін салуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/995899?lang=kk
Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы 20.05.2025
2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Шараның мақсаты – халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық туралы білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтын нығайту. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.Апта бойы еліміздің әр өңірінде мектептер мен колледждерде ақпараттық кездесулер, жастар денсаулығы орталықтарында және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер мен тренингтер, сондай-ақ мамандардың қатысуымен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылуда. Аталған іс-шаралар жыныстық жетілу, жеке гигиена, контрацепция, қауіпсіз қарым-қатынас, отбасын жоспарлау және зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды.2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы — адам папилломавирусына (HPV) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцина егу басталды.Спикердің айтуынша, бұл – аурудың алдын алуға бағытталған маңызды қадам. Бүгінгі таңда Алматы облысында осы диагнозбен тіркелген әйелдердің саны 1100-ден асты. Бұл жағдай аурудың өзектілігін айғақтайды.Бедеулік мәселесіне тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған «Аңсаған сәби» бағдарламасы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) секілді заманауи емдеу әдістеріне қолжетімділікті қамтамасыз етіп, мыңдаған отбасыға үміт сыйлауда.«Репродуктивті денсаулық апталығы – бұл жастардың, ата-аналардың және бүкіл қоғамның назарын денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға бағыттайтын маңызды алаң. Бұл – тек ақпарат тарату емес, сонымен қатар алдын алу, ерте диагностика және сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыруды көздейтін бастама. Осындай кешенді жұмыс арқылы біз жастардың денсаулығын сақтап, болашақ ұрпақтың амандығына негіз қалаймыз», – деді спикер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/995841?lang=kk
«Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті 20.05.2025
Бүгін аудандық Жыраулар үйінде аудан әкімінің орынбасары Айдын Серікұлының төрағалығымен «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті.Конференцияға Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ербол Абдрахманов, бөлім басшысы Альсеит Иманқұлов, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Құрақбаев, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен есепшілері қатысты.Мемлекеттік қаржы жүйесінің ашықтығын арттыру, бюджет қаражатының жұмсалуын тиімді бақылау және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында өткізілген жиындаТексеру комиссиясының жоспарлау, есептілік және сапа бақылау бөлімінің басшысы Альсеит Аманжолұлы «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу мәселесі» туралы баяндама жасаса, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Амангелдіұлы «Мемлекеттік сатып алу Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді пайдалану салаларын атап өтті. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Әбдірахманқызы «Мемлекеттік мекемелердің төлемдер жүргізу кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында сөз қозғап, қаржы тәртібі мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын түсіндірді.Конференция қорытындысында әр баяндамашыларға ұсыныс-пікірлер айтылып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңы құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/995810?lang=kk
Әрбір чек-жеңіске жету мүмкіндігі! 20.05.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бизнесті қолдауға және көлеңкелі экономикамен күресуге бағытталған 2 ауқымды акцияның іске қосылғаны туралы хабарлайды.1. "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!». 2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында еліміздің әрбір тұрғынының ақшалай және бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндігі бар! Тауарды сатып алу немесе қызметті алу кезінде фискалдық чекті "Amian"мобильді қосымшасында тіркеу жеткілікті.2. "Бәйге" жаңа акциясы! 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін-мүмкіндігінше көп чектерді сканерлеп, 100 000 теңге ұтып алуға мүмкіндік алыңыз!Жеңімпаздар тоқсан сайын анықталады: бүкіл ел бойынша 20 жеңімпаз.Сатып алыңыз-сканерлеңіз — жеңіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/995820?lang=kk
Тараз қаласында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сотталғанға телефон жеткізу әрекетінің жолын кесті 20.05.2025
Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің бірінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері режимдік нысан аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекетін дер кезінде тоқтатты.Қысқа мерзімді кездесу кезінде сәлемдемені тексеру барысында, жеткізу мен кездесулерді бақылау бөлмесінде (ЖКБ), Ұлттық ұланның кезекшіліктегі әскери қызметшілері мен ҚАЖ қызметкерлері бірлесіп, ылғал майлықтардың қаптамасынан 1 ұялы телефон мен 2 USB зарядтау шнурын тапты.Сәлемдемені сотталған азаматпен кездесуге келген тұрғын тапсыруға тырысқан.Тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.Айта кету керек, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының маңызды міндеттерінің бірі саналады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/995784?lang=kk
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов жұмыс сапарымен Бастаушы ауылына барып, жергілікті тұрғындармен есептік кездесу өткізді. 20.05.2025
Аудан әкімі Бастаушы ауылының тұрғындарымен кездесті.Ашық форматта өткен кездесуде ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.Кездесу барысында тұрғындар:• Ауыл ішіндегі апатты ескі тоғайларды анықтап кесу;• Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішті қоршауға қаражат бөлу қажеттігін;• Ауылдағы футбол алаңын қоршау мәселесін көтерді.Аудан әкімі көтерілген әрбір мәселе бойынша жауап беріп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныстары жергілікті бюджет пен алдағы жоспарларға сәйкес қарастырылатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/995785?lang=kk
Астанада қазақстандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты ірі көрмесі өткізіледі 20.05.2025
Ертең, 16 мамырда, Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің жылсайынғы VIII «Ulttyq ónim» көрмесі басталады. Іс-шара 18 мамырға дейін жалғасады. Қазақстанның барлық өңірінен 350 өндіруші өз өнімін ұсынады. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда Үкіметтің қолдауымен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы өндірілген тауарлардың алуан түрімен танысып, сатып ала алады.Көрмеде тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, жабдық, зергерлік бұйымға дейінгі түрлі өнім ұсынылады. Олардың ішінде «Гормолзавод» танымал бренді, «Аq Dam» ұлттық тәттісі, Galamilk, Altay Outwear белсенді демалыс пен туризмге арналған киім мен жабдық, «Balausa Jewelry» зергерлік бұйымы, «Қайнар АКБ» ЖШС аккумуляторлық батарея өндіруші, толықтай қазақстандық брендпен әзірленіп, жиналған алғашқы ирригациялық машина өндіруші «Su bereke», «Аврора» дезинфекциялық, косметикалық және жуғыш заттарды әзірлеу мен өндіру көшбасшысы, «Almaty Turmystyq Tehnika zavody» ЖШС тұрмыстық техника өндіру зауыты және тағы басқалар бар.Сонымен қатар, «Ulttyq ónim» шеңберінде отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне арналған панельдік сессиялар өтеді. Оларға жетекші қазақстандық және халықаралық спикерлер қатысады. Қатысушылар Қазақстандағы бизнес үшін өзекті трендтерді, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылайды.Сондай-ақ, көрме барысында «Халық Таңдауы» атты тәуелсіз, дәм тату байқауы, қазақстандық жетекші өндірушілердің әйелдер мен ерлердің киімдерінің топтамасын көрсету, кәсіпкерлердің шеберлік сыныбы, көрмеге қатысушылар ұсынатын күнсайынғы ұтыс ойыны мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.Айта кетсек, көрмеде кәсіпкерлерді қолдаудағы мемлекеттік саясатты табысты іске асырудың аз ғана бөлігі көрсетіледі. Тек 2024 жылы ғана «Даму» қоры арқылы мемлекеттің қолдауымен 1,7 трлн теңге несиемен 29,5 мың жоба қамтылған екен. Ол үшін 590 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 25,4 трлн теңгеге өнім шығарылып, 1,7 трлн теңге салық төленген. 9,7 мың жұмыс орны құрылған. Барлығы «Даму» қорының құралдары арқылы мемлекеттің қолдауына 225,3 мың адам ие болды. Берілген несиенің жалпы сомасы 14,1 трлн теңгелік жобалар. Осының арқасында 220 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 1,2 млн-нан астам жұмыс орны сақталды. Шамамен 130 трлн теңгеге өнім шығарылып, 9,0 трлн теңге салық түсті.«Ulttyq ónim» өткізу отандық тауарлар мен қызметтерді танымал етуге және ілгерілетуге ықпал ететін жақсы дәстүрге айналып отыр. Жыл сайын көрмеге қызығушылық артуда. 2022 жылы келушілер саны 20 мыңнан асса, 2023 жылы 22 мың. Сату көлемі де артып, 2022 жылы 70 млн теңгеден 2023 жылы 74,1 млн теңгеге жетті.Көрмеге кіру тегін. Тек сол көрмеде немесе «Ulttyq ónim» сайтында алдын ала онлайн-форматта тіркелу қажет. Тіркелу үшін сілтемеЕлорда тұрғындары мен қонақтарын «Ulttyq ónim» көрмесіне қатысып, отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз!Орны: EXPO халықаралық көрме орталығы (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1)Салтанатты ашылуы: 16 мамыр, сағат 09:00-де.Көрменің жұмыс уақыты: 2025 жылғы 16-18 мамыр, сағат 08:00-18:00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/995792?lang=kk
Қазақстанның бітімгерлік әлеуетін күшейту: БҰҰ конференциясында Руслан Жақсылықов контингенттің өкілеттігін кеңейту туралы мәлімдеді 20.05.2025
Біріккен Ұлттар Ұйымының Берлиндегі министрлік конференциясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов еліміздің бітімгерлік қызметі туралы баяндама жасады. Биылғы жылы Берлин министрлерінің кездесуі БҰҰ құрылғанына 80 жыл толуына және бейбітшілікті сақтау жөніндегі көшбасшылар саммитінің 10 жылдығына орай өтіп отыр.Оған БҰҰ Хатшылығының, халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшылығы мен лауазымды адамдары, сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттер сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысты.Кездесуде БҰҰ-ның маңызды, өміршең, сенімді және тиімді құралы ретіндегі бітімгерлік рөлін сақтау, оның қатаң қаржылық шектеулер жағдайындағы экономикалық тиімділігі және қақтығыстар динамикасының өзгеруіне байланысты бірқатар басқа да аспектілер талқыланды. Тараптар бейбіт тұрғындарды қорғау, стратегиялық коммуникациялар, бітімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әйелдердің бітімгерлік операцияларға қатысуы саласында пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстанның қазіргі мүмкіндіктері мен бітімгерлік әлеуеті туралы баяндама жасады. Ол кездесуге қатысушыларды географияны кеңейту және ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің ұйымның бітімгерлік миссияларына қатысуын әртараптандыру туралы хабардар етті. - Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан бейбітшілік, тату көршілік, барлық серіктестермен және халықаралық институттармен сындарлы диалог орнату саясатын ұстанады. Голан жоталарында дербес ұлттық бітімгерлік контингентін өрістету біздің еліміздің БҰҰ-мен бітімгерлік саласындағы өзара іс-қимыл деңгейін сапалы арттырды және Қазақстанның қорғаныс ведомствосы тарихындағы маңызды кезең болды, - деп атап өтті өз сөзінде генерал-полковник Руслан Жақсылықов.Қорғаныс ведомствосының басшысы сондай-ақ бүгінгі таңда Қазақстанның бітімгерлік операциялардың орталығын ғана емес, Қарулы күштердің басқа да оқу орталықтарын пайдалана отырып, бітімгерлерді даярлаудың толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екенін айтты.Қорғаныс министрі Қазақстан Қарулы күштерінің БҰҰ операцияларының қажеттіліктері үшін стратегиялық тасымалдау жөніндегі әлеуетін іске қосу туралы бастама көтерді, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығына осындай мүмкіндіктері бар елдермен авиациялық ғана емес, сонымен қатар әскери-теңіз, Құрлық компоненттерін де тиісті үлгілік ұзақ мерзімді келісімдерді (меморандумдарды) әзірлеудің орындылығын қарауды ұсынды.Бұл бірегей алаңда конференция тарихында БҰҰ-ның ресми тілдері: ағылшын, француз, испан, орыс, араб және қытай тілдерімен тең дәрежеде қазақ тіліндегі баяндама тұңғыш рет жасалғанын айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/995793?lang=kk
ҚАЗТЕСТ 20.05.2025
2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында Қостанай облысында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтеді.Толық ақпарат алу үшін 54-12-38 телефоны арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/995795?lang=kk
Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті отандастар! 20.05.2025
Сіздерді шын жүректен Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймыз!Жеңіс күні – халықтың қаһармандығының, ерлігі мен төзімділігінің символы, бұл әрбір отбасының жадында мұқият сақталатын естелік.Барша ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін, өшпес ұлы ерліктері мен қайсарлықтары үшін тағзым етеміз!Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен амандық тілейміз! Туыстарыңыз бен жақындарыңыз әрқашан қастарыңызда болып, әрбір жаңа күн тек қуаныш пен жан тыныштығын әкелсін.Жеңіс жолында құрбан болған ерлердің жарқын бейнесі мәңгі есте қалады! Үлкен Нарын ауданы мәслихатыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/995797?lang=kk
Әсет Cүлейменовті еске алуға арналған облыстық турнир басталды 20.05.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен спорт әлеміне өзіндік үлес қосқан талантты спортшы Әсет Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстық турнирдің ашылу рәсімі өтті.Аудан басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірдің спорт саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталды.- Жүз жыраудың мекені, түбі бір түркінің ортақ тұлғасы Қорқыт баба жатқан Қасиетті Қармақшыға қош келдіңіздер!Баршаңызды талантты спортшы Әсет Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдо күресінен облыстық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі», – деген болатын.Ауданымызда соңғы 2 жылда аймақ басшысының қолдауымен 4 спорт кешені салынып, іске қосылды. Өткен жылы Жосалы кенті, Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Ақжар, Иіркөл және Төребай би ауылдық округтерінде балаларға арналған спорт және ойын алаңдары салынса, биыл Жосалы, Төретам кенттері мен ІІІ Интернационал ауылында салу жоспарлануда.Спорт – мемлекетіміздің мерейін үстем ететін, тұрғындарды салауаттылыққа жетелейтін маңызды сала. Бүгінгі жарыс өздеріңізге қарап бой түзейтін жастарымызды елжандылыққа тәрбиелеп, спорттағы бәсекелестікті қалыптастыруға, татулықты нығайтуға септігін тигізетін дода болады деп сенеміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік, шын мықтыларға жеңіс тілеймін», – деді Ж.Еркінбек.Айта кетейік, Әсет Сүлейменов 1969 жылы дүниеге келген. Ол өзінің қайсарлығы мен дарындылығының арқасында көптеген республикалық додаларда жүлделі орыннан көрініп, «КСРО спорт шеберіне үміткер» спорттық атағына ие болған. 1986 жылы еңбек жолын аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған ол кейіннен ішкі істер органдарында абыройлы қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/995806?lang=kk
Италия СІМ-де Италия мен Орталық Азия арасындағы серіктестікке арналған семинар өтті 20.05.2025
Рим, 14 мамыр 2025 жыл, - Семинарды Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі «Vision and Global Trends» геосаяси зерттеулер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Оның жұмысына Италия СІМ басшылығы, Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елшілері, Италияның мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының, білім беру мекемелерінің өкілдері, дипломаттар, сарапшылар мен журналистер қатысты. Іс-шараның мақсаты - Италия мен Орталық Азия арасындағы өзара іс-қимылдың түрлі салаларындағы қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылау.Семинардың ашылуында сөз сөйлеген Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Э.Чириелли Орталық Азияның әлемдегі өсіп келе жатқан стратегиялық маңыздылығын және аймақты Италиямен біріктіретін терең байланыстарды атап өтті. Э.Чириеллидің айтуынша, аймақтық деңгейде Италия саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында «ОА+Италия» форматында Орталық Азияның бес елімен мерзімді консультациялар тетігін іске қосқан алғашқы еуропалық ел болды.Семинарда баяндама жасаған ҚР Италиядағы Елшісі Е.Сембаев Италия Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Біздің елдерімізді өзара құрметке, сенімге және ынтымақтастыққа прагматикалық тұрғыда негізделген берік қатынастар байланыстырады. Италия Қазақстанның аса ірі сауда-экономикалық серіктестерінің үштігіне кіреді. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы рекордтық 20 млрд долларға жетті.«Ең жоғары деңгейде қалыптасқан тығыз саяси диалог соңғы жылдары айтарлықтай жандана түсті. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың өткен жылғы Римге сапары, сондай-ақ Премьер-Министр Дж.Мелонидің Астанаға жауап сапары осы оң үрдісті айқын растайды. Еуропалық Одақтың жетекші саяси және экономикалық орталықтарының бірі – Италиямен ынтымақтастық Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие және серіктестікті одан әрі нығайту үшін кең перспективалар ашады», - деді Е.Сембаев.Елші Е.Сембаевтың айтуынша, Орталық Азия тұрақты даму саласында да, өзара тиімді халықаралық байланыстарды кеңейту тұрғысында да зор әлеуетке ие өңір болып табылады. Өңірдің бірегей геостратегиялық жағдайы, елеулі экономикалық әлеуеті және жас халқы бар, бұл әріптестіктің жаңа нысандарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.«Өңірдің барлық елдерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында Орталық Азия өзін халықаралық саясаттағы белсенді ойыншы ретінде танытуда. Бүгін біз геосаяси шиеленістің өсуіне, аймақтық қақтығыстардың өршуіне және жаһандық сауда бәсекелестігінің күшеюіне куә болып отырмыз. Серпінді геосаяси өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлер дәуірінде өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту стратегиялық маңызға ие болатынына мен кәміл сенімдімін», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.Елші Е.Сембаев Италияның Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы маңызды байланыстырушы буын ретіндегі рөлін атап өтті. Оның айтуынша, ЕО-дағы белсенді ұстанымының арқасында Италия диалогты дамытуға, өзара түсіністікті нығайтуға және өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде практикалық бастамаларды іске асыруға маңызды үлес қосуда.Семинарда Қырғызстан Елшісі Т.Базарбаев, Тәжікстан Елшісі Ж.Убайдулло, Түркіменстан Елшісі Т.Көмеков және Өзбекстан Елшісі А.Файзуллаев баяндама жасап, іс-шараға қатысушыларға өз елдерінің Италиямен қатынастарын дамыту жөнінде айтып берді.Семинар аясында іс-шараға қатысушыларға Италия Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі А.Таянидің құттықтау хаты оқылды.Сонымен қатар, іс-шарада халықаралық ұйымдардың итальяндық қоғамының президенті Р.Сесса, Италия СІМ жанындағы Италия-Орталық Азия министрлік кездесуінің үйлестірушісі Ф.Фаилла, білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі итальяндық агенттіктің директоры М.Рускони, сондай-ақ түрлі итальяндық мемлекеттік мекемелер мен жоғары оқу орындарының өкілдері сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/995758?lang=kk
Жандос Шаймарданов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды 20.05.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды. 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Йорк университетін (Ұлыбритания), IE университетін (Испания) бітірген.Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған. 2010–2013 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ менеджері. 2013–2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы.2014–2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.2016–2019 жылдары — Департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарушы директоры. 2019–2020 жылдары — «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы.2020–2022 жылдары — ҚР Ұлттық банкі Ақша-несие саясаты департаментінің директоры. 2022–2023 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.2023–2025 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/995732?lang=kk
Қазақстан мен ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық саладағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті 20.05.2025
Астана, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанға жұмыс сапары аясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Экономикалық және экологиялық қызмет жөніндегі үйлестірушісі Бақыт Жүсіповпен кездесу өткізді.Министрдің орынбасары ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық (екінші) өлшемі қазіргі геосаяси шиеленіс жағдайында диалог пен сенімді нығайтудың маңызды платформасы екенін атап өтті. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен барлық өзекті мәселелер бойынша белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.Тараптар ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшемі аясындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын, оның ішінде орнықты даму, көлік байланыстылығы, қоршаған ортаны қорғау, климат мәселелері, сыбайлас жемқорлықпен және заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстатумен күрес мәселелерін талқылады.Р.Василенко Экономикалық-экологиялық қызмет жөніндегі үйлестіруші кеңсесінің қазақстандық мемлекеттік органдармен, атап айтқанда, Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитетімен тығыз ынтымақтастығын жоғары бағалады. Өз кезегінде, Б.Жүсіпов Қазақстанның бұл саладағы жинақтаған тәжірибесін ерекше атап өтіп, мемлекетке қайтарылған қаражаттың әлеуметтік нысандар құрылысына бағытталуы ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің үлкен қызығушылығын тудырып отырғанын жеткізді.Министрдің орынбасары Астананың ЕҚЫҰ бастамаларына, соның ішінде Каспий өңірінде «жасыл» порттарды дамытуға бағытталған бюджеттен тыс жобаға одан әрі қатысуға дайын екенін растады. Осы жобаның арқасында Ақтау және Құрық порттары Еуропалық теңіз порттары ұйымының (ESPO) «EcoPorts» мәртебесін алып, олардың инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тартуда артықшылықтарға ие болғаны аталып өтті.Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің (ТХКД) маңызды рөлі аталып өтті. 2024 жылы бұл бағыт бойынша жүк тасымалының көлемі 62%-ға артып, 4,5 млн тоннаны құрады. Р.Василенко Қазақстанның Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілетін арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді инвестициялар тартып жатқанын айтып, 2027 жылға қарай ТХКД арқылы транзиттік жүк ағынын 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.Сонымен қатар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда трансшекаралық байланысты ілгерілетуге бағытталған жаңа ЕҚЫҰ жобасын жүзеге асыруға қызығушылық білдірілді. Бұл жоба Қазақстанның жаһандық сауда жолдарының транзиттік торабындағы рөлін нығайтуға ықпал етеді.Кездесу барысында климаттың өзгеруі мен экология мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат еліміздің климаттың өзгеруінен туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2021 жылғы Стокгольм шешімін қоса алғанда, халықаралық міндеттемелерді орындауға берік бейілділігін растады.Финляндияның ЕҚЫҰ-дағы қазіргі төрағалығының климаттық күн тәртібі қолдау тапты. Бұл Қазақстанның жоғары деңгейдегі өкілдерінің осы жылдың маусым айында Финляндияда өтетін ЕҚЫҰ-ның Климат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық конференциясына қатысуымен расталып отыр.Тараптар 2026 жылы БҰҰ аясында Қазақстанда өтетін Өңірлік климаттық саммитке дайындық барысын да талқылады. Осы тақырыптың ЕҚЫҰ үшін маңыздылығын атап өткен Б.Жүсіпов Ұйымның саммитті өткізуге белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.Кездесу барысында Арал теңізі алқабындағы ахуал мен Каспий теңізіндегі экологиялық қатерлерді қоса алғанда, су ресурстары мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Өңірдегі ірі су қоймаларын сақтау үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті.Сондай-ақ табиғи апаттар, әсіресе жер сілкіністері кезінде ерте ескерту және жедел ден қою мәселелері және Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар және табиғат апаттары қатерлерін азайту орталығымен одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығы қарастырылды.Кездесу соңында Б.Жүсіпов өз Кеңсесіне көрсетіліп отырған тұрақты қолдау үшін Қазақстанға алғысын білдіріп, қазақ тарапымен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/995712?lang=kk
Аустрия Парламентінде Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы аясындағы Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 20.05.2025
Вена, 2025 жылғы 13 мамыр – Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің бастамасымен Орталық Азия елдерінің Елшілері мен Аустрияның Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) делегациясы арасында кездесу өтті. Кездесу барысында өңір елдерінің ЕКПА аясында Аустриямен ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды.Кездесуді ашқан Аустрия делегациясының басшысы, Ұлттық кеңестің депутаты Мартин Граф Парламенттік Ассамблея аясында түрлі бағыттар бойынша бірлескен жұмысты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Аустрия мен Орталық Азия елдерін демократияны нығайтуға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді.Қазақстан Республикасының Елшісі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде қазақ-аустриялық қатынастардың даму перспективаларына тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған конституциялық реформа мен демократиялық өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берді. Елші Президенттің адам құқықтарын сақтау аясында қоғаммен ашық диалог орнатуға және азаматтардың сұраныстарына жедел ден қоюға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.Елші М.Тілеуберді сондай-ақ ЕКПА аясындағы парламентаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, Қазақстандағы демократиялық процестерге оң баға берген ЕКПА декларацияларын қолдағаны үшін аустриялық депутаттарға ризашылығын білдірді.Орталық Азия елдерінің Елшілері өз елдеріндегі реформалар барысы және Аустриямен екіжақты байланыстар туралы айтып, парламентаралық өзара іс-қимылды, соның ішінде ЕКПА, ЕҚЫҰ ПА және Парламентаралық одақ сияқты көпжақты құрылымдар шеңберінде тереңдетуге мүдделілік білдірді. Сонымен қатар, олар аустриялық әріптестерді өңірдегі өзгерістер жөнінде әрі қарай хабардар етуге дайын екендерін айтты. Осы тұрғыда ОА елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары Аустрияның ЕКПА делегациясын өңірге сапармен келуге шақырды.Аустрия Парламентінің депутаттары Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың табысты іске асырылып жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Кездесу соңында Мартин Граф әріптестері атынан Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін білдіріп, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша диалогты жалғастыру ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/995713?lang=kk
Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Халықаралық сауда орталығының Атқарушы директорымен кездесті 20.05.2025
Женева, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Халықаралық сауда орталығының (ХСО) Атқарушы директоры Памела Коук-Хамильтон ханыммен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Ready4Trade – Орталық Азия өңірлік жобасы аясындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен болашағын талқылады. Қ.Төребаев қол жеткізілген нәтижелер үшін алғысын білдіріп, сауданы, электрондық коммерцияны және шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты шеңберіндегі басымдық екенін атап өтті.Жобаның бірінші кезеңі аясында 80-нен астам тауар тобы бойынша ақпаратты қамтитын және 20 000-нан астам пайдаланушыны тартқан Қазақстанның Сауда порталы (tradeinfo.kz) іске қосылды. Шекара маңы саудасын басқару бойынша онлайн курстар мен тренингтер әзірленіп, 3 500-ден астам кәсіпкер қатысты. Электрондық коммерцияны дамытуға ерекше көңіл бөлінді – қазақстандық ШОБ субъектілері 500 мың АҚШ долларынан астам онлайн-сатылымдар жасады, ал ұлттық сарапшылар e-commerce кеңесшісі ретінде даярлықтан өтті. Жобада әйелдердің саудаға қатысуын кеңейту де маңызды орын алды.Жобаның екінші кезеңінің басталуымен Қазақстан мен ХСО болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады: Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, Инвестицияларды жеңілдету жөніндегі ДСҰ келісімі шеңберіндегі ынтымақтастық және Еуроодақ енгізіп жатқан Көміртекті түзету механизміне бейімделу.Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік органдары осы бағыттар бойынша ұлттық үйлестірушілерді айқындау процесінде. Қазақстан жақын арада тиісті компоненттер бойынша жұмысты бастауға дайын екенін растады.Өз кезегінде ХСО Атқарушы директоры Памела Коук-Хамильтон шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанды 2025 жылғы 22–24 шілде аралығында Оңтүстік Африкада, Йоханнесбург қаласында өтетін ШОБ мәселелері жөніндегі ғаламдық министрлік кездесуге қатысуға шақырды. Кездесу тақырыбы – «Жаңа бизнес көкжиектерін игеру», негізгі бағыттар: қаржыландыруға қолжетімділік, цифрлық трансформация және жасыл өткел – саудаға негізделген экономикалық жаңғыру драйверлері ретінде қарастырылады.Елші Қайрат Төребаев Қазақстанның бұл іс-шараға қатысуға мүдделілігін растап, халықаралық саудадағы ШОБ рөлін нығайту елдің орнықты даму күн тәртібінің маңызды элементі екенін атап өтті.Қазақстан тарапы ХСО-ның болашақ бастамаларына белсенді қатысуға мүдделілігін растап, сараптамалық әрі саяси деңгейдегі тұрақты диалог пен үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында Қайрат Төребаев Қазақстанның Халықаралық сауда орталығымен нәтижелі ынтымақтастықты жалғастыруға және елдің жаһандық сауда жүйесіне табысты интеграциялануына бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/995719?lang=kk