Қоғам
109 ӨКІЛДЕРІ АСТАНАДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ 18.05.2025
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының «Цифрлық даму орталығы» КММ-де 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды.Call-орталықтың жұмысын жандандыру мақсатында мекеме басшысы Арман Асхатұлы Астана қаласына арнайы іссапармен барып, iKomek109-дың жұмысымен танысты. Ондағы мамандармен тәжірибе алмасып алдағы жоспарларды талқылады.– 2025 жылдың басынан бері 40 874 өтінім түсіп, 40 583-і дер кезінде жабылды. Ал 391-і орындалу барысында тұр. Облыс әкімінің хаттамасы негізінде «109 мониторинг» тобы өтініштердің сапалы орындалуын қадағалау үшін шалғай елді мекендерге барып, тұрғындармен кездесу өткізуде. Сондай-ақ насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта iKOMEK орталығымен бірлесе атқаратын жұмыстар ауқымды болмақ, – деді мекеме басшысы.Өтініштер 109 номерінен бөлек, Байланыс орталық turkistan_oblysy.109 инстаграм желісі, +7 701 13 13 109 whatsapp номері және «aikey-109» мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/985629?lang=kk
Қала тазалығын сақтауға үлес қосып, бүгін Ресурстық тіл орталығының мамандары сенбілікке шықты. 18.05.2025
Өздеріне бөлініп берілген Бауыржан Момышұлы атындағы көше бойына орналасқан 24, 26, 28 үйлердің маңын түрлі қалдықтан тазартты.Тазалықты сақтау — әрбір саналы азаматтың негізгі міндеті. Қоршаған ортамызды таза ұстайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/985666?lang=kk
Әдіскер-ғалымның мерейтойы тойланды 18.05.2025
Бүгін Назарбаев университетінде профессор Зейнехан Күзекованың 70 жылдық мерейтойына орай «Қазақ лингвистикасы: теория мен тәжірибе интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.Конференция жұмысына елімізге танымал Т.Аяпова, З.Ерназарова, Е.Оразалиева, М.Жолшаева, Г.Құрманбай сынды белгілі ғалымдар, Тіл комитетінің төрағасы Е.Тілешов; «Қазтест», Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы және «Қазтелеком» өкілдері, сондай-ақ онлайн түрде шетелдік ғалымдар қатысты. Қарағанды облысы атынан да бір топ делегация әдіскер-ғалымды арнайы құттықтап қайтты.Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығының Қарағандыдағы өкілдігінің басшысы ретінде қарағандылықтар атынан сөз алған Жұпар Рысқұлқызы басқарма басшысының құттықтау хатын табыстап, игі тілегін білдірді. Зейнехан апайдың әдістеме ғылымын дамытудағы еңбегін Қарағандыдағы мемлекеттік тілді оқыту үдерісімен байланыстыра отырып, сөзін сабақтады. Делегация өкілдері арнайы апарған сыйлығын, сондай-ақ Ж.Жақан апайдың әлеуметтік желідегі оқырманы екеніне ризалық білдіріп, «Чипси мен шибауырсақ» жинағын табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/985673?lang=kk
2025 жылы Электрондық еңбек биржасында 1 млн астам бос жұмыс орны жарияланады 18.05.2025
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары 2025 жылға арналған бос жұмыс орындарының қысқа мерзімді болжамын дайындады және жариялады, оған сәйкес Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1,09-дан 1,25 млн-ға дейін бос жұмыс орындары жарияланады, оның 243-350 мыңы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.2025 жылдарға арналған қысқа мерзімді болжам негізінде 2023-2024 жылдарға арналған Электрондық еңбек биржасының деректері пайдаланылды. Осы кезеңде Enbek.kz 2,1 млн бос жұмыс орны, оның ішінде білікті жұмысшылар үшін 1,5 млн бос жұмыс орны және жұмысшы мамандықтар үшін 524 мың бос жұмыс орны жарияланды.«Enbek.kz-тегі бос жұмыс орындарының ішінде Ұлттық кәсіптік жіктеуішіне енгізілген 2 232 мамандық қарастырылды. Бос жұмыс орындарының шамамен 40%-ы білім беру және денсаулық сақтау салаларына, 8%-ы өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және сауда салаларына, 7%-ы құрылыс салаларына жатады», – деді ЕРДО Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.Оның айтуынша, өңірлер арасында Алматы (бос жұмыс орындарының 10%) және Астана (9%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды (8%), Түркістан (7%), Павлодар және Қостанай (әр облыста 6%) облыстары көш бастады.«Егер біз тек білікті жұмысты ескеретін болсақ, онда білім беру және денсаулық сақтау салалары бос жұмыс орындарының 45%, өңдеу өнеркәсібі – 9%, ал құрылыс, мемлекеттік басқару және сауда-әрқайсысына 6% құрайды. Айта кету керек, білікті қызметкерлер арасында әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер, күтушілер, мейірбике қызметкерлері мен күзетшілер жиі ізделді», – деп бөлісті Шумеков.Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1745986986 сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/987757?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ ЖАЛАҒАШ КЕНТІНДЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ 18.05.2025
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ауданда ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Мереке аясында этнос өкілдерінің «Бір шаңырақ астында» атты тағам және мәдениет көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі көрмемен танысып, түрлі этнос өкілдерінің өнерін тамашалады. Мерекелік шара одан әрі спорттық сайыстармен, театрландырылған қойылыммен және концерттік бағдарламамен жалғасты. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Мерекелік шара одан әрі театрландырылған қойылыммен жалғасып, сахнада жергілікті өнерпаздардың және түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биі мен әндерімен өрнектелген концерттік бағдарлама ұсынылды. Жалағаш аспанын қуаныш пен шаттыққа бөлеген бұл күн аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/987828?lang=kk
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 9 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ. 18.05.2025
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім ошақтарына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.https://www.facebook.com/share/r/1ALTuCXvc5/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/987848?lang=kk
Володар ауылдық округі әкімінің аппараты КММ 2025 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есепті талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. 18.05.2025
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Игілік» және «Продакшн» клубтарында «Бір шаңырақ астында» республикалық концерттік бағдарламасы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau-volodarskiy/press/news/details/987851?lang=kk
Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторларымен жұмыс істеу кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдары 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/987874?lang=kk
ҚАЖ қызметкерлері қоғамдық келісім мәселелері бойынша Ассамблея өкілдерімен кездесті 18.05.2025
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бейбітшілік пен ынтымақты ұлықтайтын, ел бірлігін паш ететін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ерекше мазмұнмен аталып өтуде.Осыған байланысты Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесті. Кездесудің мақсаты – мерекелік іс-шаралардың ақпараттық-идеологиялық мазмұнының біртұтастығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту.Іс-шара барысында “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Нұрмағамбетов Марғұлан Мұхтарұлы және Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, сессия делегаты Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы қызметкерлермен ашық форматта сұхбат жүргізіп, Ассамблеяның құрылу тарихы, 30 жылдық жетістіктері және қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде мазмұнды ақпараттармен бөлісті.Спикерлер өз сөздерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел ішіндегі бірлік пен келісімді сақтаудағы маңызды қызметіне тоқталды.Кездесу соңында тараптар қоғамдағы өзара түсіністік пен этностар арасындағы сыйластықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасқандығы туралы - Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы әділет подполковнигі Нуртазин Сабржан Бибитович айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/987895?lang=kk
ҚАЖ қызметкерлері Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Бірлік жүгірісі” атты спорттық жарысына қатысты 18.05.2025
2025 жылдың 1 мамыр күні — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған үлкен ауқымды іс-шаралар аясында Ақтөбе қаласында кең көлемді мерекелік бағдарламалар өтті.Солардың бірі — Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Бірлік жүгірісі” атты спорттық жарыс болды. Жарыстың басты мақсаты — көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен достығын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды нығайту.Аталған жарысқа түрлі сала өкілдерімен қатар Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты. Олар жоғары дайындықтарын көрсетіп, мәре сызығын сәтті кесіп өтті.Жарыс нәтижесінде ерекше көзге түскен ҚАЖ қызметкерлері медальдармен марапатталды. Бұл олардың тек қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып қана қоймай, қоғам өміріне де белсене араласатынын дәлелдеді.Іс-шара соңында халыққа арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, олар көтеріңкі көңіл күймен бір сергіп, мерекелік атмосфераның ләззатын сезінді. - Мұндай бастамалар қызметкерлердің рухын көтеріп, ұжымдық ауызбіршілікті арттырып қана қоймай, ел ішіндегі татулық пен қоғамдық келісім құндылықтарын бекемдей түсетіні сөзсіз, - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті әділет подполковнигі Нуртазин Сабржан Бибитович.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/987920?lang=kk
Қостанай облысындағы өрт қаупі бар кезең 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-zabelov/press/news/details/987940?lang=kk
Қаратал ауданында Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аталып өтілді 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/987951?lang=kk
Бір шаңырақ астында 18.05.2025
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, Игілік және Өндіріс клуб үйлерінде "Бір шаңырақ астында" атты мекелік концерттік бағдарлама өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-igilik/press/news/details/987979?lang=kk
1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. 18.05.2025
1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Көксу ауылының әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Көксу орта мектебінде іс-шара өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-koksu/press/news/details/988034?lang=kk
Қоғамдық кеңес отырысы өтті 18.05.2025
2025 жылғы 30 сәуірде Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Жылқышиевтың төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Күн тәртібіне сәйкес облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жалқұл Сұлтанғали Нұрғалиұлы Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне байланысты облыстық құрылыс басқармасының мемлекеттік саясатты жетілдіру және іске асыру жөніндегі есебі тыңдалды. Қосымша баяндаманы Қадырбеков Керімхан Жанысұлы Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық салалары жөніндегі комиссиясы төрағасы жасады. Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының офицері Нұрбеков Нұрболат Молдалыұлы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген ұзаққа созылған құрылыс нысандары құрылысының жай-күйі туралы» мәлімет берді. Құрылыс саласындағы мәселелер жан-жақты талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына сала басшылары жауаптар берді. Осы мәселені талқылау барысында айтылған ой-пікірлерді ескере отырып, ұсыным қабылданды. Күн тәртібіндегі басқа да 12 мәселелер қаралып, қажетті ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/988104?lang=kk
2 мая 2025 года в с.Благовещенка и в с.Кладбинка был проведён мониторинг цен социально-значимых продовольственных товаров. 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-osh/press/news/details/988134?lang=kk
2024-2025 оқу жылы аяқталуда 18.05.2025
Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді.Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі.Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі.Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/988173?lang=kk
Ұлытау облысында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған екі жетекші оқу-әдістемелік орталық – «Тілтану» және «Тіл-құрал» – өз қызметін белсенді түрде жүргізіп келеді. 18.05.2025
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!🔊🔹Ұлытау облысындағы тегін түрде тіл үйрету курстары.🔹Ұлытау облысында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған екі жетекші оқу-әдістемелік орталық – «Тілтану» және «Тіл-құрал» – өз қызметін белсенді түрде жүргізіп келеді.🔹«Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы – Жезқазған қаласында орналасқан, директоры – Ошаганова Ақгүл Хамитовна. Орталық тіл үйрету бағытында әдістемелік материалдар әзірлеп, ересектер мен жастарға арналған курстарды ұйымдастырып отыр. Байланыс нөмірі: +7 705 443 58 98, электрондық пошта: tiltanu64@mail.kz.🔹«Тіл-құрал» оқу-әдістемелік орталығы – Сәтбаев қаласында орналасқан, директоры – Игенберлина Мадинат Балтина. Орталық мемлекеттік тілді меңгеруге арналған түрлі деңгейдегі курстарды ұсынып, әдістемелік қолдау көрсетуде. Байланыс нөмірлері: +7 71063 34140, +7 705 314 33 91, электрондық пошта: satpaev-til@mail.ru.🔹Аталған орталықтар – ана тілімізді дамыту жолында маңызды рөл атқарып отырған мекемелер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/988301?lang=kk
Қазақстанда экологиялық рұқсат беру ережесі өзгерді 18.05.2025
Экология және табиғи ресурстар министрі 2025 жылғы 25 сәуірдегі бұйрықпен экологиялық рұқсаттарды беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарына өзгерістер енгізді, деп жазады zakon.kz. Ережеде II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу атауы өзгерген, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат берілген объектінің операторы қайта ұйымдастырылған немесе ауысқан жағдайларда жүзеге асырылатыны нақтыланады. II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тізбе бойынша құжаттарды қоса бере отырып, II санаттағы әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш береді. Сондай-ақ түзетулермен әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңінде оператор жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бірінші күніне дейін осындай рұқсатты белгіленген нысан бойынша берген мемлекеттік органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп беретіні көзделген. Бұдан басқа, қағидаларда кешенді экологиялық рұқсат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер жаңартылды: көрсетілетін қызметті алушы кешенді экологиялық рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің анық еместігін анықтау; көрсетілетін қызметті алушы кешенді экологиялық рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындыны қамтитын көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтеу нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмеуі; көрсетілетін қызметті алушының Кодекстің 115-бабында көзделген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған кешенді экологиялық рұқсат шарттарымен келіспеуі; "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болып табылады: өтініште және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық емес болса; өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы қорытындыны қамтитын көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтеу нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмесе; "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. Бұйрық 2025 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/988366?lang=kk
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 18.05.2025
Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активінің отырысы өтті. Жиналысқа төрағалық еткен аудан басшысы Еркеғали Әлімқұлов жаңа аппарат басшысын таныстырды.Аудан әкімі аппаратының басшысы қызметіне Өміртай Амалбек Дәркенұлы тағайындалды.Амалбек Дәркенұлы 1994 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қазақ ұлттық университетін әлемдік экономика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінде, 2017 жылы магистратура дәрежесінде бітірген. Еңбек жолын «Петро Қазақстан» АҚ –ның кадр және құжат айналымы бойынша инспектор болып бастаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде директордың орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, ұстаздық еткен. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалында, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы, Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары қызметін атқарған. Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылым депутаты.Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы аппарат басшысының қызметіне сәттілік тілеп, ауданның өркендеуі мен қоғамдық саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету, түйінді мәселелерді анықтап, шешу жолдары жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/988380?lang=kk