Қоғам
Мереке құтты болсын, құрметті ардагерлер! 12.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ардагерлеріне құрмет көрсету рәсімі өтті.Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин мекеменің ардагерлерін мерекемен құттықтап, соғыстан кейінгі мемлекетті қалпына келтірудегі жетістіктер олардың ерен еңбегінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.Ардагерлердің кәсіби шеберлігі мен үлесі арқасында салық жүйесі дамыды.Олардың жомарттықпен бөліскен басты мұрасы – даналық пен өмірлік тәжірибе.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбыраев ардагерлер ұйымына үлкен қолдау көрсеткені үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына алғысын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/992431?lang=kk
Қасым Қайсенов кентіндегі Батырлар аллеясы қайта жаңғыртылды 12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысындағы аты аңызға айналған партизан-жазушы Қасым Қайсенов кентінде жаңартылған Батырлар аллеясының салтанатты ашылуы өтті.Аллея осыдан он жыл бұрын Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ашылған болатын. Биылғы мерейтойға орай алты ескерткіш жаңартылып, аты аңызға айналған партизан Қасым Қайсеновке арналған мурал жасалды. Іс-шараға Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері белсенді қатысты.– Мұндай іс-шаралар жастардың жауынгерлік рухын көтеруде маңызды рөл атқарады. Батырлар аллеясы – өткеннің көрінісі ғана емес, тарихымызға деген құрметтің белгісі, – деп атап өтті 27943 әскери бөлімінің командирі полковник Азамат Әбікенов.Мерекеге Халық қаһарманы Қ. Қайсеновтың ұлы Болат Қайсеновтың қатысуы кент тұрғындары үшін маңызды оқиға болды.– Бүгінгі күн біз үшін өте маңызды. Әкемнің туған жерінде мурал мен оның есімімен аталатын жаңартылған аллеяның ашылуына қатысу үлкен мәртебе. Бұл жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу сабағы, – деді Б. Қайсенов.Салтанатты рәсімге қатысушылар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, батырлар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданынан есімі ел шежіресіне алтын әріптермен жазылған 9 Кеңес Одағының Батыры және 1 Халық қаһарманы шыққан. Олардың арасында аты аңызға айналған партизан-жазушы Қасым Қайсенов ерекше орын алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992435?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Минскіде болды 12.05.2025
Беларусь Республикасы Қарулы күштері Орталық офицерлер үйінде Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволары өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрінің Қарулы күштердегі идеологиялық жұмыс жөніндегі көмекшісі – Беларусь Қорғаныс министрлігі идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы генерал-майор Леонид Касинскиймен келіссөздер жүргізді.Тараптар ақпараттық және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Шайх-Хасан Жазықбаев пен Леонид Касинский екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға өзара қызығушылық білдіре отырып, жетекшілік ететін салада тәжірибе алмасуға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992441?lang=kk
Тыл ардагерлеріне тағзым: Жаңаөзенде ардагерлердің үйіне барып құрмет көрсетілді 12.05.2025
Жаңаөзен қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында тыл ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.Іс-шараға Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғалым Байжанов, «AMANAT» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының атқарушы хатшысы Темір Мусаев, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен мекеме қызметкерлері қатысты.Делегация мүшелері қаладағы тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізіп, «Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдары мен естелік сыйлықтар табыс етті. Қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев ардагерлерге ел үшін сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріп, салтанатты түрде медаль тапсырды.Құрмет көрсетілген ардагерлер қатарында 100 жасқа толған Биехан Қожағұлқызы (1925 ж.), 95 жастағы Жұмажан Сүйіндіков (1930 ж.), 90 жастағы Бектеген Аманов (1935 ж.), 88 жастағы Моқан Қожабергенов (1937 ж.), сондай-ақ Рейм Джайлыбаев, Қойлан Ибрашов, Сүгір Балғабайұлы сынды қадірлі ақсақалдар мен аналарымыз бар. Олар жас ұрпаққа ақ баталарын беріп, елге тыныштық пен амандық тіледі.— Бұл – ардагерлерімізге деген құрметіміздің бір ғана көрінісі. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру жолында мұндай тағылымды кездесулердің маңызы зор, – деді қала әкімі шара барысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/992395?lang=kk
Жаңаөзенде әлеуметтік аз қамтылған отбасылар баспаналы болды 12.05.2025
Жаңаөзен қаласында Жеңіс күні қарсаңында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған 10 азаматқа пәтер кілті берілді. Олардың қатарында жетім санатындағы 6 азамат, 2 көпбалалы ана, 1 зейнеткер және апатты үйде тұрған 1 азамат бар.Пәтер кілтін табыстау іс-шарасына Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғалым Байжанов, тұрғын үй кешенінің ақсақалы Сүймағанбет Бектілиев және қала тұрғындары қатысты. Арнайы безендірілген аумақта лента қию рәсімі өткізіліп, пәтер кілттері салтанатты түрде иелеріне табысталды.Баспаналы болғанның бірі – Райымбек Қалбеков. Өз ата-анасынан ерте айырылып, әжесінің қамқорлығында тәрбиеленіп келе жатқан Райымбек үшін бұл үлкен қуаныш. Оның әжесі Нұржамал Имашева да жүрекжарды алғысын білдірді.-Бүгін біздің отбасымыз үшін қуаныш пен көз жасы қатар келген күн. Немерем Райымбекті кішкентайынан өз қолыма алып өсірдім. Осы күнге жеткенімізге Аллаға шүкір. Мемлекетке, қала басшылығына, барша жанашыр азаматтарға алғысым шексіз, – деді Нұржамал Имашева.Тұрғын үй кешені заман талабына сай салынып, тұрғындарға қолайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.Іс-шара соңында жаңа үй иелері пәтерлерімен танысып, қала тұрғындары мен қонақтарға арналған мерекелік концерт өтті.Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/992377?lang=kk
«Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-қатерлер мен цифрлық шешімдер» 12.05.2025
2025 жылғы 28-29 сәуірде департамент басшысы Е.Т. Темірхан Астана қаласында өткен «Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-қатерлер мен цифрлық шешімдер» Форум-көрмесіне қатысты.Іс-шара жыл сайын 28 сәуірде әлемнің барлық елдерінде Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен өткізілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған.Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, кәсіподақтардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнестің өкілдерін біріктірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/992355?lang=kk
Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары! Ардақты Отан қорғаушылар! 12.05.2025
Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары!Ардақты Отан қорғаушылар!Сіздерді еліміздің ерлік пен елдікке толы айрықша мерекесі – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн – қайсарлықтың, елге адалдықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен отансүйгіштіктің символына айналған мерейлі мейрам.Бұл – мемлекетіміздің бейбіт тіршілігі мен тұрақтылығы үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген барлық азаматтарға, әскери сала мамандарына және ел тыныштығы жолында жан аямай еңбек етіп келе жатқан ардагерлерге көрсетілетін құрметтің көрінісі.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – егемендігіміздің кепілі, халқымыздың қорғаны. Қарулы Күштердің сапында қызмет атқару – үлкен жауапкершілік пен құрмет. Бүгінгі таңда еліміздің тыныштығын қорғап, шекарамыздың шебінде тұрған ер-азаматтарымыз – нағыз батырлар!Біздің Отан қорғаушыларымыздың қатарында – Жаңаөзеннің де талай ұл-қыздары бар. Олар әскери борышын адал атқарып, Тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздігін нығайту жолында абыройлы еңбек етіп келеді. Біз олардың ерлігі мен еңбегін әрдайым жоғары бағалаймыз.Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және әскери қызметін өткеріп, елге үлгі болып отырған зейнеткер сарбаздарымызға ерекше алғысымызды білдіреміз.Сіздердің ерліктеріңіз – елдің рухы, ұрпақтың үлгісі.Қымбатты жерлестер!Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасы амандығы мен еліміздің тыныштығын тілеймін.Отанға деген махаббат пен адалдық әр жүректен орын алсын!Мемлекетіміздің айбыны асқақ, туы биік, келешегі кемел болсын!Ізгі ниетпен, Жаңаөзен қаласының әкіміЖансейіт Исаханұлы ҚайнарбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/992366?lang=kk
Жаңаөзенде көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды 12.05.2025
27 мамыр күні Жаңаөзен қаласында ел демографиясын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды сақтауға зор үлес қосып жүрген көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды.Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі №829 Жарлығы негізінде Жаңаөзен қаласы бойынша 17 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік марапаттары тапсырылды.Қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов көпбалалы аналарды шын жүректен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті.- «Ана – отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тірегі. Сіздердің ел демографиясын нығайтуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге қосқан баға жетпес үлестеріңіз зор. Мемлекет сіздердің қажырлы еңбектеріңізді әрдайым жоғары бағалап, қолдау көрсететін болады,» - деді қала әкімінің орынбасары.Марапат иелері қала басшылығына көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында балаларды тәрбиелеуді абыройлы міндет деп санайтындарын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1005538?lang=kk
Ресми хабарлама 12.05.2025
Желтоқсан айының басында Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдері дабыл бойынша жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады. Бұл жаңа оқу жылының басталуына байланысты. Әріқарай әскери бөлімдер оқу полигондары мен оқу-жаттығу орталықтарына жөнелтіледі. Кейбір әскери бөлімшелер кешенді сабақтар өтетін орынға әуе,темір жол және автомобиль көлігімен шоғырланады. Осы кезеңде қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін. Осыған байланысты азаматтардан және Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1115608?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығына арналған экошара 12.05.2025
Алмалы ауданы тұрғындары, жеңістің 80 жылдығана арналған ауқымды экошараға қатысты.Шараға студенттер, ауданның комьюнити орталығының өкілдері, «Жасыл ел» жасақтары, шоу-бизнес өкілдері, қалалық Мәслихат депутаттары, сондай-ақ әріптестеріміз және ауданның белсенді тұрғындары қатысты.Алмалы ауданында бұл шара Амангелді көшесінен (Төле би көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін) бастау алды. Экошараның басталғанын Қазақстан Республикасының халық әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов пен Секен Тұрысбеков жариялады.Айрықша оқиға ретінде Амангелді көшесіндегі аллеяда алма ағаштарының отырғызылу рәсімін атап өтсе болады. Аллеяға 20-дан астам ағашты Алматы қалалық Мәслихатының депутаттары, қалалық басқарма және әкімшілік қызметкерлері, өнер қайраткерлері мен спортшылар отырғызды.Амангелді көшесімен қатар Төле би көшесінде де тазалық жұмыстары жүргізілді. «Солтүстік» скверін Қазақстан Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері тазалады.Коммуналдық қызмет өкілдері және еліміздің ҰҚК қызметкерлері «Биокомбинат» сквері мен Қарасу өзенінің бойын ретке келтірді.«Жұлдыз», «Тастақ» базарларының, «Саламат» және «Арена» сауда үйлерінің жұмысшылары да шараны қолдап, өз аумақтарын ретке келтірді.Сондай-ақ, Розыбакиев көшесі мен Абай даңғылы бойындағы кәсіпкерлерлік ұйымдар да бұл бастаманы қолдады.Акцияға қатысушылар мен ауданның коммуналдық қызметкерлері - ауданымыздағы жаяу жүргінші жолдарын тазалап, қоршауларды бояды, ағаштың артық бұталарын қысқартты және де жасыл аймақтарды қалпына келтірдіБүгінгі ауқымды экошараға 35 техника жұмылдырылып, 550 м³-ден астам қоқыс шығарылды. Тек Амангелді көшесі мен Төле би көшесінің бойында өткен экошараға 500-ден астам адам қатысты.Іс-шараға белсене қатысқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз! Қаламызды бірлесе таза әрі жайлы етейік!#ТазаҚазақстан #АлматыНашОбщийДом #Субботник #80летПобедыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/992318?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 11,49 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 12.05.2025
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 11,49 млн аса АҚШ долларына 97 615 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 6,70 млн астам АҚШ долларына 56 937 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 4,79 млн АҚШ долларына 40 678 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (6,55 млн жуық АҚШ долларына 55 539 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 49,94 мың АҚШ долларына 442 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 38,57 мыңнан аса АҚШ долларына 370 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (шамамен 4,24 млн АҚШ долларына 35 617 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (412,21 мыңнан аса АҚШ долларына 3 789 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (114,96 мыңнан аса АҚШ долларына 1 067 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/992303?lang=kk
Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай гүл шоқтарын қою рәсімі 12.05.2025
Алмалы ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шара Әди Шәріповтің ескерткіші жанында ұйымдастырылды.Іс-шараға біздің Алмалы ауданы әкімшілігінен әріптестер, Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы — Қабылов Батай Маманұлы, Әди Шәріповтің жұбайы — Мыңжасарова Клара Жәгіпарқызы, ҰОС ардагері — Сыдықбеков Оңғарбек, Ә. Шәріпов атындағы №16 мектептің оқушылары, Алмалы ауданының «Бақытты отбасы» орталығының тәрбиеленушілері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.Гүл шоқтары қойылғаннан кейін қатысушылар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Құттықтау сөздерде біз және сөз сөйлегендердің барлығы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерінің маңыздылығын, сондай-ақ олардың ұлы жеңістері мен жетістіктерін ұмытпай, жадымызда мәңгі сақтау қажеттігін атап өттік.#80летПобедыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/992307?lang=kk
Тауарларды сақтау бойынша қызметтердің сапасын арттыру 12.05.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймаларын кәсібилендіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.Шараға уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймаларының иелері мен өкілдері қатысты.Онда келесі мәселелер талқыланды - тауарларды сақтау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Үй-жайлар мен аумақтарды жарақтандыру және жайластыру, іргелес аумақты абаттандыру, персоналмен жұмыс істеу, логотипі бар арнайы киіммен, бейдждермен жабдықтау, тасымалданатын байланыс құралдарын пайдалану жөніндегі ұсынымдар. Сақтауда орналастырылған тауарлардың сақталуы мен сапасын қамтамасыз ету. Клиенттердің қызмет сапасына қанағаттануы.Кеден заңнамасын сақтау (тізілім қызметін жүзеге асыру шарттары, иесінің міндеттері мен жауапкершілігі, шарттық негіз, тауарларды есепке алу және оларды қоймадан шығару, есептілік, өткізу режимі).УСҚ және кеден қоймалары иелерінің қызметіндегі проблемалық мәселелер.Сондай-ақ шара барысында уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймалары иелерінің қызметіндегі мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/992311?lang=kk
Астана мен Любляна мәдени байланыстарды нығайтады: ынтымақтастықтың жаңа перспективалары 12.05.2025
2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Любляна фестивалінің Бас және көркемдік жетекшісі Дарко Брлекпен кездесіп, екі ел арасындағы мәдени диалогты тереңдету перспективаларын талқылады.1953 жылы құрылған Любляна фестивалі Еуропадағы ең көне және ең беделді музыкалық форумдардың бірі болып саналады. 2025 жылғы 20 маусым мен 12 қыркүйек аралығында 73-ші фестиваль Словения мен әлемнің көрнекті әртістерін біріктіретін симфониялық және камералық концерттерді, опера және балет қойылымдарын, сондай-ақ джаз, эстрада және театр жұлдыздарының қойылымдарын қамтитын мағыналы бағдарламаны ұсынады.Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті. Елші Д.Сарекенов пен Д.Брлек мырза ынтымақтастықты, оның ішінде қазақстандық әртістердің фестивальдар мен концерттерге қатысуын белсендіруге ортақ ниеттерін білдірді, бұл Қазақстан мен Словения халықтарын жақындастырудағы маңызды қадам болады.Директор Д.Брлек Қазақстанның мәдени жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарын – «Астана Опера» театрын, «Астана Балет» балет труппасын, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрін, сондай-ақ дәстүрлі және халық музыкасының орындаушыларын Любляна фестивалінің алдағы бағдарламаларына қатысуға ынтамен шақырды.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен мәдени бастамаларды жүзеге асыру үшін тұрақты өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. Бұл ынтымақтастық екі елдің бірегей мәдени дәстүрлерін біріктіретін және көрермендерге ұмытылмас әсер қалдыратын тәжірибе алмасу, шабыт пен шығармашылық, жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа көкжиектер ашуға уәде береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/992260?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 11,49 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 12.05.2025
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 11,49 млн аса АҚШ долларына 97 615 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 6,70 млн астам АҚШ долларына 56 937 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 4,79 млн АҚШ долларына 40 678 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (6,55 млн жуық АҚШ долларына 55 539 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 49,94 мың АҚШ долларына 442 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 38,57 мыңнан аса АҚШ долларына 370 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (шамамен 4,24 млн АҚШ долларына 35 617 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (412,21 мыңнан аса АҚШ долларына 3 789 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (114,96 мыңнан аса АҚШ долларына 1 067 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1002875?lang=kk
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын 12.05.2025
2025 жылғы 8 мамырда Осакаров ауданының білім бөлімінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні мұғалімдері, Осакаров ауданының ардагер ұстазы В.Н. Кошевец, «Алау», «Ұлан» байқауларына қатысушылар, сондай-ақ А.Бөкейханов атындағы мектептің «Жас сарбаз» қозғалысының өкілдері қатысты.Салтанатты жағдайда әдістемелік кабинет меңгерушісі Тұрарбекова М.М. ҚР Білім министрлігінің «Еңбек Ардагері» медалін Абай атындағы тірек мектебі (п. Молодежный) алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғайфуллин С.Г.-ге табыстады. Бұл марапат жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі үшін берілді.Сондай-ақ, білім бөлімінің басшысы атынан алғыс хаттармен келесі алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері марапатталды:1. Семеничев С.В. (№2 ЖБМ)2. Матков А.В. (№6 ЖБМ)3. Веселов А.Р. (№7 ЖБМ)4. Васкан В.Н. (№13 ЖБМ)5. Маенков В.В. (№12 ЖБМ)6. Тұңғашбай Д. (№9 гимназия)7. Маурер С.Т. (А.Бөкейханов атындағы мектеп)Іс-шара – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және туған елге деген сүйіспеншілік рухын дарытатын ұстаздарға көрсетілген зор құрмет пен алғыстың белгісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/992246?lang=kk
«Абай облысы Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ ашық бюджеттер порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғанын хабарлайды. 12.05.2025
«Абай облысы Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ ашық бюджеттер порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғанын хабарлайды.Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептің мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет: 1) 459001 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38691662) 459003 «Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38691933) 459005 «Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38693594) 459007 «Бюджеттік алып қоюлар»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38694635) 459012 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=3869278 6) 459021 «Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=3869438Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/992144?lang=kk
Жеңіс күнімен құттықтау 12.05.2025
Құрметті отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр - күнтізбедегі жай ғана күн емес, бұл Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, ерлік пен табандылықтың символы. Біз бейбіт өмір мен бостандық жолында жанын қиған ардагерлердің ерлігін терең ризашылықпен еске аламыз, олардың жанқиярлық үлесін құрметпен еске сақтаймыз. Сіздерге және жақындарыңызға амандық, бақ-береке, мықты денсаулық және келешекке деген сенім тілейміз. Батыр бабаларымыздың ерлігі, игі істерге шабыт, жарқын болашаққа берік негіз бола берсін! Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/992105?lang=kk
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 12.05.2025
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы қаулысына сәйкес елімізде адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» конкурсы өткізіледі. Қатысуға Бейімбет Майлин ауданында тұратын, мүшелері жоғары еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік жетістіктері бар отбасылар шақырылады.Ағымдағы жылы «Мерейлі отбасы» екі кезеңде өтеді: аудандық / қалалық және облыстық деңгейлерде. Конкурстың аудандық кезеңіне қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін қажетті құжаттармен қоса нысан бойынша беріледі. Барлық сұрақтар бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-не мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Тәуелсіздік көшесі, 60, 28 кабинет, тел. 36293, e-mail: politika81@mail.kz .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/992101?lang=kk
«Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме 12.05.2025
2025 жылдың 5-12 мамыры аралығында «Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «1941-1945... жылдар, ғасырлар өтсе де – ұмытылмайды» атты ШҚО музей-қорығының көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде соғыс жылдарындағы тұрмысты шынайы көрсететін интерьер элементтері, яғни 40-шы жылдардағы тұрмыстық заттар, баян, патефон және жиһаз сияқты бірегей жәдігерлер қойылды. Дайындалған экспозиция – бұл халықтың жауынгерлік ерлігі туралы естелік. Батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және мақтан етеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/992084?lang=kk