Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жеңістің сексенінші көктемі жарқын да жаңа істермен есте қалды 12.05.2025
Алматы облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті.Алматы облысы аумағында тұратын соғыс ардагерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтаулар келіп түсті. Жеңісті жақындатқан ардагерлерге атаулы күнге орай ыстық лебізге толы хаттар, естелік сыйлықтар және Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар берілді. Бұл күнгі басты қуанышты жаңалықтың бірі - бейбіт өмір сыйлаған соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық пен құрмет ретінде Қонаев қаласында салынған тұрғын үйлерден демеушілердің атынан баспана кілтінің табыс етілуі болды. Сонымен бірге, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасымен аймақта тұратын көзі тірі бес соғыс ардагеріне бес миллион теңгеден әлеуметтік көмек берілді. Жеңіс күніндегі салтанатты шара облыс орталығындағы "Даңқ" мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Шараға облыс басшылығы мен әр деңгейдегі мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымы мен түрлі мекеме өкілдері қатысты.Салтанатты рәсімге соғыс ардагерлері арнайы көлікпен жеткізілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің оркестрі шараны музыкамен әрлеп, мереке көркін қыздырды. Шараға қатысқандардың арасында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері Солтанбай Жарықбасов пен Алым Кибиров та болды.Солтанбай ата шарада: "Жеңіс - біздің баршамызға ортақ тағылымды тарихымыз, біздің өміріміздің өзегі әрі даңқымыз, абырой-беделіміздің көрінісі!" - десе, ал А. Кибиров Жеңістің қадір-қасиетін кейінгі жас ұрпақ жадына тұтып, сезініп өссе деген тілегін жеткізді."Жеңістің 80 жылдық мерекесі тек ардагерлерге құрмет көрсетумен шектелмейді. Бұл күннің болашақ ұрпақ үшін де маңызы зор", - деді облыс әкімі.Мереке күні аймақ басшысы ардагер Оксана Бетебаеваға ҚР Президентінің атынан Құттықтау хат, естелікке сыйлық ұсынып, жаңа пәтер кілтін табыстады.Мерекелік іс-шаралар бүкіл облыстың бүкіл аймағын қамтыды. Облыс мұражайларында, кітапханаларда және Мәдениет үйлерінде көрмелер, еске алу кештері мен әдеби-танымдық кездесулер ұйымдастырылды.Мәселен, облыстық кітапханада қайсарлық пен батырлық тақырыбында игі шара өтсе, ал Қарасай ауданындағы "Атамекен" орталығында жиналған қауым Халық қаһарманы, генерал-полковник Сапарғали Тоқпақбаевтың тағылымды әңгімесін тыңдады.Жеңіс күнін мерекелеу 9 мамырмен шектелмесі анық. Облыс жастарының бастамасымен "80 жылға – 80 игі іс" акциясы қолға алынды. Бұл акция аясында 200-ден астам ардагерге көмек көрсетіледі. Еріктілер тыл еңбеккерлері мен жалғыз басты қариялардың шаңырақтарына бас сұғып, үй жинауға және ауласын абаттандыруға қол ұшын созуда. Мектеп оқушылары мен студенттер үшін де әскери бөлімдер мен шекара заставалары отаншылдық рухты көтеретін экскурсиялар өткізеді.Ал 10 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына орай "Ұлы дала жорығы" атты V халықаралық марафон өтеді. Ауқымды жарысқа 500-ден астам спортшы қатысып, 5 мың көрерменді қамтиды деп күтілуде. Сондай-ақ, Талғар ауданындағы Нұра ауылында бәйге өтіп, жарыста 100-ге жуық шабандоз өнер көрсетті. Жеңіс күніндегі игі шара Райымбек ауданы Талас ауылындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштің ашылуымен түйінделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/992664?lang=kk
Астанада Мәскеуді қорғауда қаза тапқан панфиловшы жауынгерлерге тағзым етті 12.05.2025
Іс-шара 316 атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткіші мен 28 гвардиялық-панфиловшылар мемориалы орналасқан «Жерұйық» саябағында өтті.Гүл шоқтарын қою рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, Қарулы күштердің ардагерлері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.1941 жылы 16 қарашада Панфилов дивизиясының жауынгерлері жиырмаға жуық неміс танкін жойып, фашистердің Мәскеуге жасаған шабуылын тоқтатты. Бұл Ұлы Отан соғысының алғашқы жылындағы шешуші шайқастардың бірі болды.Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам майданға аттанды. Оның тең жартысы соғыстан оралған жоқ. Бес жүз қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Гүл қою рәсімінде іс-шараға қатысушылар қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992671?lang=kk
Қамқорлық – Жеңімпаздарға алғыс: Жеңіс мерейтойына орай ардагерлерге қолдау көрсетілді 12.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қостанай облысында ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр.Өңірде Ұлы Отан соғысының 10 қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ ардагерлерге теңестірілген 1949 адам тұрады. Олардың барлығы мерейтойлық жыл бойы әлеуметтік және медициналық қолдауға ие болуда.Жеңіс күніне орай соғысқа қатысушыларға 5 миллион теңгеден, фашистік концлагерь тұтқындарына – 100 мың теңгеден, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 50 мың теңгеден, қаза тапқан ардагерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.Бұл төлемдерге бюджеттен жалпы 164,7 миллион теңге бөлінді.Мамыр айының басынан бастап барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды – барлығы 1959 адам.Ардагерлерге ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі: соғысқа қатысушыларға – 39 320 теңге, теңестірілген санаттарға – 11 796 теңге.Санаторийлік-курорттық емдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 356 адамды сауықтыруға 108,7 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, санаторийді өз бетінше таңдаған азаматтардың шығындарын өтеуге 54,4 миллион теңге бағытталды.7 мамырда Қостанай облысынан делегация Астанада өткен Әскери парадқа қатысты. Делегация құрамына ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және еріп жүргендер кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/992623?lang=kk
Жылдар жаңғырығы: Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын Нью-Делиде атап өтті 12.05.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Есқараев пен Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Үндістан астанасындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Іс-шара Үндістандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің аумағындағы мемориалда өтіп, ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдерін бір арнаға тоғыстырды.Елші Азамат Есқараев Жеңіс күнінің тарихи маңызын атап өтіп, фашизмді жеңуде Кеңес Одағы халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да қосқан ерен үлесіне ерекше тоқталды. Соғыс жылдарында 1,2 миллионнан астам қазақстандық майданға аттанып, олардың жартысынан астамы елге оралмағаны, 500 қазақстандықтың Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғаны атап өтілді.Рәсім қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/992629?lang=kk
Жаңаөзен қаласына қарасты ауылдық округ әкімдерінің халықпен есептік кездесулерінің кестесі 12.05.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Жаңаөзен қаласына қарасты ауылдық елді-мекен әкімдері тұрғындармен есептік кездесулер өткізеді.Кездесу барысында ауыл әкімдері атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдайды.Есептік кездесулердің өткізілу кестесі төмендегідей:Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/992588?lang=kk
9 Мамыр – Жеңіс күні 12.05.2025
Құрметті Рудный қаласының тұрғындары!Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!Әрқайсымыз үшін бұл қасиетті күн - Отанымыздың бостандығы мен тәуелсізідігі үшін күрескендердің батырлығын, рухтың беріктігін және қажырлы ерік-жігерін білдіреді. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, соғыс балаларының ерлігі және Жеңісті жанқиярлықпен жақындатқан барша азаматтардың алдында шынайы құрметіміз бен ризашылығымды білдіре отырып, тағзым етеміз.Сіздердің ерліктеріңіз туралы естелік - қасиетті. Ол біздің жүрегімізде өмір сүреді, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жетеді және жастар үшін өнегелі бағдарға айналады. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, балаларды өсіріп, жарқын болашақты құрудамыз.Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарының қамқорлығы мен ықыласын тілейміз, ал барша қала тұрғындарына – бейбіт өмір, амандық және біздің даңқты өткеніміз үшін мақтаныш тілейміз! Құрметпен,Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат ИскаковРудный қалалық мәслихатының депутаттарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/992592?lang=kk
Еске аламыз. Құрметтейміз. Мақтан тұтамыз. 12.05.2025
       Ізгілікті жалғастыра отырып, облыс прокуратурасы органдарында Ұлы Отан соғысы, майдан даласында өмірін қиған және тылда еңбек еткен ерлердің ерліктері туралы естеліктерді қастерлеп сақтау жалғасуда.        Жеңістің 80 жылдығына орай облыс прокуроры А. Байшолақов, ардагерлер мен прокуратура қызметкерлері «Жеңіс» Мемориалдық кешені мен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы ғимаратында орнатылған, Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан кейін прокуратура саласында ұзақ жылдар қызмет еткен Фазыл Әділбаевтың құрметіне арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.       Майдангерлердің ерлігіне деген терең құрметтің белгісі ретінде рәсімге қатысушылар олардың рухына тағзым етіп, жүректерінде мұң мен алғыс сезімімен бір минут үнсіздік жариялады.        Отанды қорғау ісіне прокурорлық-тергеу кадрлары да баға жетпес үлес қосты.        Соғыс жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы органдарынан Қызыл Армия қатарына 23 қызметкер шақырылды. Олардың қатарында 1 аудан прокуроры, 3 облыстық аппарат қызметкері, 17 тергеуші, 2 аудан прокурорының көмекшісі болды.        Салтанатты жиында облыс прокуроры А. Байшолақов Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні мерекелерінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, бұл күндер отанға адал қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың ерлік шежіресін бейнелейтінін айтты.         Мінсіз қызметі мен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Бас Прокурордың бұйрықтарымен ведомстволық марапаттарға ие болды, сондай-ақ жұмыста қол жеткізген нәтижелері үшін жекелеген қызметкерлерге облыс прокурорының Құрмет грамоталары табысталды.        Іс-шара прокуратура қызметкерлерінің өз күшімен ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды.      Шара соңында ардагерлерге арналған дәстүрлі дала асханасы ұйымдастырылып, прокуратура ғимаратының аумағында орнатылған әскери шатырда солдат ботқасы ұсынылды.      Ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы ұжымына бейбіт өмір, жақсылық және заңдылықты нығайту жолындағы істеріне толағай табыс тіледі. Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/992573?lang=kk
Шымкентте соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді 12.05.2025
 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ардагерлерді, 101 жастағы Нина Мосунова мен 99 жастағы Мұраталы Төлепбергенұлын Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.  Майдангерлердің құрметіне шерулер ұйымдастырылды. Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысы мен Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хаттарын оқып, ардагерлерге "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдарын табыс етті. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен сол жан түршігерлік сұрапыл соғыстың соңғы куәгерлеріне гүлдер мен сыйлықтар табыс етілді.  Көптеген сыйлықтармен қатар, ризашылық сезімі пен құрмет белгісі ретінде кәсіпкерлердің бірі ардагерлерге жаңа көліктер сыйлады. Мұраталы ақсақал рөлге отырды да жиналғандарға қарап былай деді.– Сендер ешқашан соғыс көрмесін деп тілеймін. Біздің көргенімізді сендерге көрсетпесін. Ел шетіне жау келмесін. Аспанымыз әрқашан ашық, еліміз көркейіп гүлденіп, халқымыздың ынтымағы арта берсін, – деді Мұраталы Төлепбергенұлы.Іс-шара соңында Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж курсанттары ардагерлер алдында салтанатты маршпен жүріп өтті.Нина Егоровна Мосунова 1924 жылы 9 наурызда Татарстан Республикасының Урустамак ауылында дүниеге келген. 1942 жылы ол өз еркімен майданға аттанды. Қазан қаласында дайындықтан өткен соң Горькийде телеграфшы, содан кейін зениттік бригадада радио операторлары бөлімінің командирі болып қызмет етті. Можайск маңындағы шайқастарға қатысып, "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған. Соғыстан кейін кассир, кітапханашы, хатшы-машинист болып жұмыс істеді. Бүгінде ол екі немересі және бес шөбересі бар әже.Мұраталы Төлепбергенұлы 1925 жылы 20 мамырда Жаскешу ауылында дүниеге келген. 1943 жылы әскерге шақырылды, Брест, Варшава, Данциг, Висмарк, Биттенберг және Перлебергті азат етуге қатысты.  II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталған. Жеңісті Биттенбергте қарсы алып, 1950 жылы елге оралды. Соғыстан кейін ол бригадир, есепші, ферма менеджері болып жұмыс істеді. Сегіз бала тәрбиелеп өсіріп, олардан 19 немере және 10 шөбере сүйіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992575?lang=kk
Астанада қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алды 12.05.2025
"Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер" монументіне гүл себеттері қойылды.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Қарулы күштер жоғары қолбасшылығының және қаланың атқарушы билігінің өкілдері, әскери қызметшілер мен ардагерлер Екінші дүниежүзілік соғыстың ұрыс даласында қаза тапқан отандастарын еске алуға жиналды. Жиналғандар жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов атап өткендей, 1941 жылдың жазында Ақмолада 310-шы және 387-ші атқыштар дивизиялары құрылды, тағы екі жылдан кейін, 1943 жылдың наурызында мұнда 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы жасақталды. Соғыс майдандарында ерлік көрсеткен бұл құрамаларға Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әскерге шақырылушылары қосылды.  Естеріңізге сала кетейік, қола мен гранитте соғылған "Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге" монументі 1995 жылы қанды шайқастардың батырларына құрмет  ретінде орнатылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992553?lang=kk
Құрметті Жаңаөзендіктер! Ардақты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! 12.05.2025
Бүгін – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы! 9 мамыр – бейбіт күн мен қасіретті ұмытпас пен бастар шыңдалған батырлықтың мерекесі. Отан үшін майдан даласына аттанған, жүрегінде ерлік пен сенім оты маздап, жеңіске өз өмірлерін арнаған жауынгерлеріміздің ерліктері ешқашан өшпейді.Ескерусіз қалған бір ауыз да тарих жоқ: Рахымжан Қошқарбаевтар мен Сағадат Нұрмағамбетовтер көрсеткен асқан айбын мен адамгершілік, тылдағы қажырлы еңбек пен отбасы благополучиеі жолында жан аямай еңбек еткен әрбір ардагер мен тыл еңбеккерлеріне алғысымыз шексіз.Бүгінде қаламызда 20 тыл ардагері бар. Олардың өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі, тағзым етуге лайық шежіре.Бүгінгі бейбіт аспанымыз – сол батырлардың, тылдағы аналардың, еңбек майданының арқасы. Олардың ерлік пен табандылығын есте сақтай отырып, еліміздің келешегін бірліктің, татулық пен мейірімнің негізінде құрайық.Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы бақыты мен тыныштық тілеймін! Егемен елімізде бейбіт үміттеріміз бен абыройлы істеріміз жүре берсін!Ізгі тілекпен,Жаңаөзен қаласының әкіміЖансейіт Исаханұлы ҚайнарбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/992556?lang=kk
Ұлы Жеңістің құрметіне арналған Ұлы күн 12.05.2025
Баршаңызды осы шулы, мақтаншақ, батыл, естелік мерекемен құттықтаймын. Біздің батыл және жанқияр кейіпкерлеріміз үшін атақ пен ұлылықтың дауысы әрқайсыңыздың жүрегіңізде шырылдасын: біздің әлем үшін өмір сыйлағандар да, қазір мақтанышпен ардагерлер деп аталатындар да. Соғыс болмасын, қарт пен жас сол қорқынышты оқиғаларды, сол батыл батырларды еске алсын. Баршаңызға достық пен сүйіспеншілік, өзара түсіністік пен жақындарыңыздың қолдауын тілеймін. Отбасыларда, достарымен және әріптестерімен қарым-қатынаста, әр үйде, әр жүректе бейбітшілік тілеймін! Жеңіс Күні Құтты Болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/992515?lang=kk
Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! 12.05.2025
Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!Құрметті аудан тұрғындары!Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!Бұл ұлы күн — тек өткеннің ерлігі емес, сонымен қатар бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін еске салатын маңызды дата. Қазақстан халқы Ұлы Жеңіске баға жетпес үлес қосты: бір миллионнан астам жерлесіміз майданға аттанып, жүздеген мыңы оралмады. Қазақ жерінде ірі эвакуациялық пунктер мен тылдық кәсіпорындар жұмыс істеді. Бүгінде Қазақстан – тәуелсіз мемлекет ретінде бейбітшілік, достық және ұлтаралық келісім құндылықтарын берік ұстанып, бірлік пен патриотизмнің үздік дәстүрлерін жалғастырып келеді.Жеңістің 80 жылдығы — жай ғана мерейтой емес, бұл — тарихымыздағы маңызды кезең. Ол ұрпақтарды біріктіріп, еркіндік пен тәуелсіздіктің бағасын еске салады. Ел болашағы үшін өмірін қиғандардың алдында бас иеміз. Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.Бүгінгі таңда ауданымызда, өкінішке қарай, соғыс ардагерлері қалмады. Бірақ арамызда тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары — сол дәуірдің тірі куәгерлері бар. Олардың жанқиярлық еңбегі Жеңістің негізіне айналды. Олардың өмір жолы — рухтың беріктігінің, ерліктің және болашаққа деген сенімнің үлгісі.Біз бүгінгі жас ұрпаққа ерекше мақтанышпен қараймыз. Олар ата-бабалардың ерлігін қастерлеп, патриоттық және еріктілік жобаларға белсенді қатысуда, азаматтық жауапкершілік пен парасаттылық танытуда. Дәл солар — ұлы дәстүрлердің жалғастырушысы, бейбіт және қуатты Қазақстанның құрылысшылары.Жеңістің 80 жылдығы әрқайсымыз үшін естелік, алғыс және шабыт күні болсын. Қоғамымызда әрдайым бейбітшілік, татулық, келісім және тарихқа құрмет үстемдік етсін!Мереке құтты болсын! Ұлы Жеңіс күнімен! Аудан әкімі                                                                      Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/992521?lang=kk
Қазақстан ДСҰ-ның тұрақты ауыл шаруашылығы жөніндегі ретритіне белсенді қатысты 12.05.2025
Женева, 2025 жылғы 6 мамыр – 2025 жылғы 5-6 мамырда Женевада ДСҰ Бас кеңесінің төрағасы мен Бас директоры бастамасымен тұрақты ауыл шаруашылығына арналған екі күндік бейресми ретрит өтті.Шараға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері, халықаралық ұйым басшылары мен сарапшылар қатысты. Қатысушылар көпжақты сауда жүйесінің агроазық-түлік секторын тұрақты дамытудағы рөлін талқылады.Екінші күні Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев бір уақытта өткен төрт тақырыптық сессияның бірін жүргізді. Сессияда тұрақты ауыл шаруашылығының қозғаушы күштері мен кедергілері және ДСҰ-ның ықтимал рөлі талқыланды.Басты назар саясаттардың келісімділігіне, халықаралық ережелердің икемділігіне, стандарттарды өзара тануға және техникалық көмек көрсетуге аударылды. Дамушы елдер, теңізге шыға алмайтын мемлекеттер және шағын өндірушілердің мәселелері ерекше атап өтілді.Қазақстанның Тұрақты өкілі тұрақты даму жаңа кедергілер туғызбауы керек екенін айтты. Ол ДСҰ органдары арасындағы үйлестіруді күшейтуді және субсидиялардың әсерін бағалау құралдарын әзірлеуді ұсынды.Ретрит мазмұнды пікір алмасуға арналған маңызды алаң болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (БҰҰ ФАО), Халықаралық азық-түлік саясаты зерттеу институты (IFPRI), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) және БҰҰ Сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД) өкілдері тұрақтылықтың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік қырлары қатар ескерілуі тиіс екенін атап өтті.Қатысушылар стандарттар мен сертификаттау талаптарының дамушы елдерге ауыртпалығын атап өтті. Олар халықаралық тәсілдердің үйлестірілуін, қаржы мен технологияларға қолжетімділікті кеңейтуді, сауда және ауыл шаруашылығы органдары арасындағы түсіністікті арттыруды қолдады.Сессия модераторлары талқылау нәтижелерін ұсынды. ДСҰ Бас директоры мен Бас кеңес Төрағасы қатысушыларға алғыс айтып, қорытынды құжаттың дайындалатынын хабарлады. Қазақстан делегациясы тұрақты даму мәселелеріне прагматикалық әрі инклюзивті көзқарасты қолдайтынын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/992494?lang=kk
Триестте Қазақстан мен Италия арасындағы көлік және логистика саласындағы серіктестікті дамытуға арналған конференция өтті 12.05.2025
Триест, 8 мамыр 2025 жыл – Италияның аса ірі портты қаласы Триестте Қазақстан мен Италия арасындағы көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған «Орта дәліз: Еуропаны Триест және Монфальконе порттары арқылы Қазақстанмен байланыстыру мүмкіндігі» тақырыбында конференция өтті. Оған Еуропалық Парламент өкілдері, Италияның Триест және Монфальконе порттарының басшылығы, логистикалық компаниялардың басшылары қатысты.Қазақстандық тараптан іс-шараға ҚР Италиядағы Елшісі Е.Сембаев, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Ж.Тайжанов, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары И.Гончаров, сондай-ақ бірқатар қазақстандық көлік-логистикалық компаниялардың өкілдері қатысты.Конференцияға қатысушылардың басты назары қазіргі геосаяси жағдайда Азия мен Еуропа арасындағы баламалы сауда хабы ретінде қарастырылатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) негізгі серіктесі және орталық торабы ретінде Қазақстанмен көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне аударылды.Конференцияда сөз сөйлеген ҚР Италиядағы Елшісі Е.Сембаев Еуразия құрлығының ортасында орналасқан Қазақстан үшін халықаралық логистика мен тұрақты көлік дәліздерін дамыту стратегиялық басымдықтардың бірі екендігін атап өтті. Біздің еліміз Италияны сенімді саяси және экономикалық серіктес ретінде ғана емес, Еуразиялық интеграцияны кеңейтудегі маңызды буын ретінде де қарастырады.«Триест порты өзінің ерекше географиялық орналасуына және заманауи инфрақұрылымдық мүмкіндіктеріне байланысты Еуропалық Одақтың басты қақпасы ретінде қарастырылады. Осы тұрғыда Қазақстан Триест порты мен Каспий теңізіндегі қазақстандық порттар – Ақтау мен Құрық арасындағы тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі», - деп атап өтті Е.Сембаев.Сонымен бірге, Елші екі елдің логистикалық орталықтары арасындағы өзара іс-қимыл Еуропа мен Азия арасындағы саудаға, әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңыздылығының артуы аясында, сондай-ақ Триест жүк ағындарын қабылдау үшін ең перспективалы порт болып табылатын «Үндістан - Таяу Шығыс - Еуропа» жаңа Жаһандық инфрақұрылымдық бастамасы аясында тың серпін бере алатынын атап өтті.«Қазақстан қазірдің өзінде Қытай, Орталық Азия елдері мен Еуропа арасындағы сауда үшін транзиттік хаб болып табылады. Қытайдан Еуропаға құрлық транзитінің 80%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Біз итальяндық серіктестерге бірлескен жобаларды іске асыру үшін логистикалық инфрақұрылымды, инвестициялық мүмкіндіктер мен саяси тұрақтылықты ұсынуға дайынбыз», - деді қазақстандық дипломат. Өз кезегінде, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Ж.Тайжанов конференцияға қатысушыларды Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және көлік дәліздерін жаңғырту бойынша қабылдап жатқан шаралармен таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстан өкілі 2027 жылға дейінгі ТХКБ-ны дамытудың жол картасы, сондай-ақ еліміздің теміржол және теңіз инфрақұрылымдық жобалары туралы айтып берді.Конференция жұмысында сөз сөйлеген Еуропалық Парламент депутаты А.М.Чизинт ТХКБ-ның Қазақстан мен жалпы Азия үшін ғана емес, Еуропа үшін де маңыздылығын атап өтті.«Қазақстан «Орта дәліздің» негізгі серіктесі және орталық торабы Оның белсенділігі мен осы стратегиялық бағытты дамытуға салған инвестициялары Еуропада өз үндестігін табады. Біз Триест және Монфальконе порттары өздерінің бірегей ерекшеліктерінің арқасында еуропалық нарыққа бағытталған қазақстандық тасымалдар үшін басты қақпа болуға өте қолайлы екендігіне сенімдіміз», - деп атап өтті А. М. Чизинт.Еуропалық Парламент Көлік комитетінің кеңесшісі К.Доннелли де Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуда Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.«Еуропалық Одақ Қазақстанның «Орта дәліздің» шынайы тірегі ретіндегі аса маңызды рөлін айқын мойындайды. Оның стратегиялық географиялық жағдайы оны Азия мен Еуропа арасындағы тауарлар транзиті үшін таптырмас көпірге айналдырады, ал ЕО осы тұрғыда Астанамен диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылуда», - деді К.Донелли.Конференция аясында қазақстандық және итальяндық көліктік-логистикалық компаниялар өкілдері де өздерінің презентацияларын өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/992501?lang=kk
Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев Италияның солтүстік өңірлерін азат ету кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды 12.05.2025
Триест, 8 мамыр 2025 жыл – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев соғыс кезінде Италияның солтүстік өңірлерін, соның ішінде Триест қаласын азат ету кезінде қаза тапқан Югославия халық-азаттық армиясының тоғызыншы корпусы 30-шы дивизиясының 36 қазақстандық жауынгеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.Іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Елші Е.Сембаев Қазақстанның фашистік басқыншыларды жеңуге қосқан зор үлесін атап өтті. Оның айтуынша, көптеген қазақстандықтар майданға өз еркімен аттанып, Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиды.«Бүгін Триест қаласындағы ескерткіштің арқасында біз жеңіс үшін жан тапсырған сарбаздардың есімдерін мақтанышпен еске аламыз. Италия жерінде қалған қазақстандық батырлардың есімдері мәңгі есте қалсын. Біздің жүздеген отандастарымыз өздерінің өлмес ерліктерімен Ұлы Жеңіс тарихына мәңгілікке өз есімдерін жазды. Триестті азат етуге қатысқан 36 қазақстандықтың және соғыстың басқа да батырларының есімдері біздің есімізде мәңгі сақталады», - деді Е.Сембаев.Ескерткіш 2010 жылғы 25 сәуірде ашылған. Оның авторы қазақстандық мүсінші А.Құтанов. Биылғы жылы ескерткіш Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Фриули-Венеция-Джулия аймағындағы Құрметті консулы Лука Беллинеллоның көмегімен қалпына келтірілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/992502?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі 12.05.2025
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Қиыр Шығыс өңірлік тобына Қазақстанды қабылдау бойынша Агенттіктің Басқарушылар кеңесінің бүгінгі отырысында жарияланған шешімді құптайды.Қазақстанның өңірлік топқа кіруі – Агенттіктің Жарғысына және еліміздің бастамасымен қабылданған АЭХА Бас конференциясының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі GC(67)/RES/15 қарарына сәйкес мемлекеттердің АЭХА-дағы егемендік теңдігін қалпына келтіру мәселесіндегі маңызды қадам. Сонымен бірге бұл Астананың бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікке қолдау көрсетуге, ядролық қарусыздану мен таратпау режимін нығайтуға бейілділігін растайды.Мүше мемлекеттердің АЭХА-дағы егеменді теңдікті қалпына келтірудегі іс-жігерін жоғары бағалаймыз және Қиыр Шығыс тобына қатысушы мемлекеттеріне қолдау мен жоғары сенім үшін ризашылығымызды білдіреміз.Бұл шешім Қазақстанға АЭХА басқарушы органдарының жұмысына толыққанды қатысуға мүмкіндік береді. Мемлекетіміз жаппай қырып-жою қаруы тәуекелдерінен азат әлем құруға бағытталған халықаралық іс-әрекеттердің белсенді қатысушысы ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға, ядролық технологияларды жауапкершілікпен қолдануға және сенім мен транспаренттіктің халықаралық механизмдерін нығайтуға өзінің конструктивтік үлесін әрі қарай ұсынуға әзірлігін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1110385?lang=kk
Польшада Қазақстанның қаза тапқан жауынгерлерінің рухына тағзым етілді 12.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 8 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында Варшавадағы совет жауынгерлерінің мемориалдық зиратында қазақ жауынгерлерінің қабірлеріне гүл шоғын қою рәсімі өткізілді. Бұл салтанатты шараға Қазақстанның Елшілігі мен Әскери атташенің қызметкерлері қатысты. Дипломаттар қаза тапқан совет жауынгерлерінің рухына бір минуттық үнсіздікпен тағзым етті.Ақпарат үшін: Варшавадағы Жвирки және Вигуры көшелерінде орналасқан совет жауынгерлерінің зираты 1950 жылы ашылды. Бұл жерде 19,2 гектар аумақта Варшаваны азат ету кезінде қаза тапқан 22 мың совет жауынгері жерленген, олардың арасында қазақ жауынгерлері де бар. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада 27 мың қазақстандық қаза тапқаны белгілі. Аталған зират Польшадағы совет жауынгерлерінің ең үлкен жерленімі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/992474?lang=kk
Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймыз! 12.05.2025
Жеңіс күні - бұл бәріміз үшін ерекше мереке! Майданда және тылда жанқиярлықпен, батырлықпен өткен ардагерлеріміз үшін Ұлы Жеңіс күні - аса ерекше күн!Құрметті ардагерлер! Отбасыларыңыз қамқорлыққа, сүйіспеншілікке және ырыс-берекеге толы болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болып, бақыт пен отбасылық амандық тілейміз!Әрқашан ашық аспан, бейбітшілік болып, шаңырақтарыңыз мереке, қуаныш пен мейрімділікке толы болсын! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/992476?lang=kk
Қазақстан мен Испания тұрақты табиғат пайдалану бойынша бірлескен тәсілдерді талқылады 12.05.2025
Мадрид, 2025 ж. 6 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Уго Моранмен кездесу өткізді.Тараптар табиғатты қорғау саясаты саласындағы өзекті мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде климаттық сын-қатерлерді, биоәртүрлілікті сақтау және экожүйелерді қалпына келтіру мәселелерін талқылады.Елші Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, жануарлар әлемін қорғау шаралары, сондай-ақ халықаралық табиғат қорғау ұйымдарымен әріптестік туралы испан тарабына ақпарат берді.Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Қазақстанның күш-жігерін қолдайтынын білдіріп, экологиялық мәселелерді шешуде кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Испанияның табиғи аумақтарды қалпына келтіру және сирек кездесетін жануар түрлерін сақтау тәжірибесімен бөлісті.Келіссөздердің қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар осы салада практикалық тетіктерді дамытуға ниетті екендерін растап, бірлескен бастамаларды ілгерілету үшін жұмыс байланысын қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/992480?lang=kk
Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілетудегі жетістіктері Вена қаласында ЕҚЫҰ конференциясында ұсынылды 12.05.2025
Вена, 2025 жылғы 7 мамыр – ЕҚЫҰ-ның «Инклюзивтілік және құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту арқылы тұрақтылықты құру» конференциясына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Алуа Надирқұлова қатысып, Қазақстанның гендерлік теңдік пен адам құқықтарын ілгерілетудегі күш-жігерін таныстырды.Елші өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалардың қайтымсыздығын және олардың ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ және Еуропа кеңесін қоса алғанда, халықаралық серіктестер тарапынан қолдауын атап өтті.Негізгі жетістіктердің қатарында – 2023 жылы БҰҰ ұсынымдарына сәйкес әзірленген Адам құқықтары мен заң үстемдігі жөніндегі іс-қимыл жоспарының бекітілуі, 2024 жылы әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі, сондай-ақ 2025 жылғы наурызда Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарының қабылдануы атап өтуге тұрарлық. Сонымен қатар Мадина Жарбосынованың 2025-2028 жылдарға Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі БҰҰ комитетіне (CEDAW) сайлануы өңір үшін маңызды қадам болды.Сонымен қатар Н.Надирқұлова Қазақстанның Стамбул конвенциясына қосылуға дайындықты, БҰҰ-ның мүгедек балалар мен адамдардың құқықтары жөніндегі хаттамаларын ратификациялауды, сондай-ақ «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібіне белсенді қатысуды қоса алғанда, халықаралық міндеттемелерге бейілділігін атап өтті (БҰҰ ҚК 1325 қарары).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/992998?lang=kk