Қоғам
Ардагерлерді Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтау 12.05.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Қостанай қаласының барлық ардагерлері Отан қорғаушылар күні және келе жатқан Жеңіс күні мерекелерімен құттықтадық. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге құттықтау хаттар мен мерейтойлық медальдар табысталды.Бүгінде Қостанай қаласында жеті соғыс ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай жергілікті бюджеттен 5 миллион теңгеден бір реттік төлем жасалды. Биыл үш ардагеріміз 100 жасқа толады.Ардагерлер бізді көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, алғыстарын білдіріп, Қостанай қаласының тұрғындарына бейбіт өмір, амандық және молшылық тіледі.Барша қостанайлықтарды ұлы мерекелермен шын жүректен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/992049?lang=kk
Астанада Францияны азат етуге қатысқан қазақстандықтарды еске алды 12.05.2025
Францияның фашистік оккупациядан азат етілуінің 80 жылдығына арналған салтанатты рәсім генерал Шарль де Голль ескерткішінің жанында өтті. Оған Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, Қарулы күштердің ардагерлері мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Құрмет қарауылы ротасының сүйемелдеуімен генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов пен Елші Сильван Гиоге Француз қарсылығының символы болған генерал Шарль де Голль ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Митингте «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов Францияны азат етуге кеңес сарбаздары мен партизандарының қосқан үлесін ұмытпаудың маңыздылығын атап өтті.Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлеріне құрметі үшін қазақстандық тарапқа шын жүректен алғыс білдірген француз Елшісі Сильван Гиоге туыстық қатынастары бар үш отбасы мүшелеріне естелік медаль табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992066?lang=kk
Тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтау 12.05.2025
Жеңіс күні қарсаңында Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Сыдыкова Жанар Данелхановна тыл еңбеккері, алтын құрсақты анамыз Абишева Шарбан апамызға арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған медальды табыс етіп, мерекемен құттықтады. Апамыз өз кезегінде ақ батасын беріп, баршамызға бейбіт өмір тіледі.Сонымен қатар, ақ жаулықты аналарымыз, “Соғыс кезіндегі балалар” болған Балғын ауылының тұрғындары Қалиева Батима, Китакпаева Нурбағди, Беисекина Нұрсақ, Қалиева Жамкөш, Камиясова Сара, Журтпаева Каскен, Ережепова Нурзағила, Кадыргожина Кулзада, Слямова Бағжамал атты ақ жаулықты аналарымызды Ұлы мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлап қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/992010?lang=kk
"KazAID" серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды 12.05.2025
"KazAID "Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.Функционалдық міндеттері: -Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалардың дизайнын әзірлеу;- жергілікті және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу;- жобаларды сүйемелдеу, бақылау, іске асырылуын мониторингілеу және жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу;- қажетті жобалық құжаттаманы дайындау;- серіктес елдердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шетелдік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау.Үміткерлерге қойылатын талаптар: - Экономикадағы, халықаралық қатынастардағы, бизнес-басқарудағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (басқа мамандықтар да қарастырылуы мүмкін), магистратура артықшылықта.- Жұмыс тәжірибесі - 2 жыл.- Жобаларды басқарудағы тәжірибе міндетті болып табылады.- Жобалар бюджетімен жұмыс істеу дағдылары мен мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі құпталады.- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті.- Шет тілдерін білу құпталады. Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 20 мамыр. Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/991930?lang=kk
Қазақстанның Үндістандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 12.05.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 8 мамыр – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан СІМ Протокол қызметінің Бас директоры А.Гаурға сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.Кездесу барысында А.Гаур қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысын қызметке кірісуімен және Нью-Делиге келуімен құттықтап, Қазақстан мен Үндістанның өзара тиімді стратегиялық әріптестікке негізделген бұрыннан келе жатқан достық байланыстары бар екенін атап өтті. Осы тұрғыда ол Үндістан СІМ тарапынан А.Есқараевқа қызметінде болған кезінде және оған жүктелген міндеттемелерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.Қазақстан Елшісі өз кезегінде көрсетілген қонақжайлылыққа ризашылығы мен Қазақстан-Үндістан екіжақты ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге бар күш-жігерін салуға дайын екендігін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Елшілік мен Үндістан СІМ арасындағы, оның ішінде жоғары және жоғары деңгейдегі сапарларды дайындау және өткізу барысында жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/991908?lang=kk
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды 12.05.2025
Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Тараз гарнизоны әскери бөлімшелерінің әскери қызметшілері ардагерлер үшін "үй жағдайындағы" ерекше парад ұйымдастырды.Бұдан бірнеше жыл бұрын, ардагерлерге орталық алаңдарға бару қиындай бастағанда, Құрлық әскерлерінің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы олардың үйлерінің алдында шағын парадтар өткізуді бастаған болатын. Бұл дәстүр кейінгі жылдары тұрақты түрде жалғасын тауып келеді.Биыл бұл шара ауқымдырақ өтті. Оған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерімен қатар, Әуе қорғанысы күштерінің, атап айтқанда, Ұшқышсыз ұшу аппараттары мамандарын даярлау оқу орталығының әскери қызметшілері, ҰҚК Шекара қызметі департаменті мен Ұлттық ұлан өкілдері де қатысты.Қазіргі таңда Жамбыл облысында бар болғаны бес майдангер тұрады. Олардың барлығы Тараз қаласында тұрып жатыр. Жастары ұлғайғандықтан, бұқаралық іс-шараларға қатыса алмайды. Дегенмен ұрпақтардың алғысы мен құрметі оларды назардан тыс қалдырмады. Әскери шеру ардагерлер тұратын аулаларда өтті.Ардагерлер аулаға шығып, салтанатты шеруді өз көздерімен тамашалады. Бұл оларға ерекше әсер етті."Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ибраев майдангерлерді арнайы келіп құттықтады. Ол елордадағы парадқа қатысып, түнде Таразға келіп жеткен.– Біз батырларымыз өздерін қамқорлықта сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек", – деді қолбасшы.Қорғаныс министрінің атынан әр ардагерге естелік сыйлық пен құттықтау хаты табыс етілді. Сондай-ақ Тараз гарнизонындағы әскери бөлім командирлері де ардагерлерді құттықтады.Ардагерлерге облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, мектеп оқушылары, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері де келіп, гүлдер мен сыйлықтарын табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/991881?lang=kk
«Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі». 12.05.2025
Бүгін Қарасай ауданы, аудандық орталық кітапханасында «Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен академик, Ұмтыл ауылдық округінің «Ардагерлер ұйымының» төрағасы Хасенов Елтай Хамзинұлымен аудан жастары арасында «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге 30 жас қатысты.Басты мақсатымыз: Жеңіс жолында күрескен батырлардың қайтпас рухын жастар арасында насихаттап, ерліктерін дәріптеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almoblzhastary/press/news/details/991841?lang=kk
Қарақоға а.о. тұрғындарымен кездесуі 12.05.2025
2025 жылғы 20 маусымда Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Қаракоға ауылдық округінің тұрғындармен кездесуі өткізіледі.Өткізілетін орны: Ұзынағаш ауылы, мектеп ғимараты, сағат 10:00 Тұрғындармен кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде. Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87 нөмірі бойынша WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1017119?lang=kk
«Аңызға айналған Қасым Қайсенов» 12.05.2025
ШҚО музей-қорығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай жерлесіміз, ҰОС ардагері, «Халық Қаһарманы» Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Аңызға айналған Қасым Қайсенов» атты экспозиция ашылды. Экспозицияның тұсаукесеріне ұлы Болат Қайсенов пен туыстары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/991804?lang=kk
Тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтау 12.05.2025
2025 жылдың 8 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің «Ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалдарының басшылары жеке сот орындаушыларымен, нотариустармен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп ардагерлерді құттықтап, оларға азық-түлік себеттері мен мерейтойлық медальдар табысталды. Рудный қаласында тыл еңбеккері Зубов Анатолий Михайловичті құттықтады. Жітіқара ауданында соғыс жылдарында далада еңбек етіп, кейін ұзақ жылдар ішкі істер органдарында қызмет еткен Сергеев Василий Михайловичті құттықтады. Әулиекөл ауданында «Әулиекөл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік аға сот орындаушысы аудан нотариустарымен бірлесе отырып, тыл еңбеккерлеріне алғыс білдіріп, азық-түлік себеттерін тарту етті. Құрмет көрсетілген жандар қатарында Иванова Галина Ивановна, Лесняк Александра Сергеевна, Николенко Ольга Михайловна, Пупышева Лукия Евтихиевна, Власова Валентина Степановна және Черняева Ирина Николаевна бар. Бұл игі шара Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерге деген құрмет пен алғысымыздың жарқын көрінісі. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/991819?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс - ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті 12.05.2025
Бүгін,8 мамыр күні Сәкен Сейфцллин атындағы орталық кітапханасында 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс - ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті.Көрменің мақсаты – келешек ұрпаққа Жеңіс күнінің тарихи маңызын жеткізу, соғыс жылдарындағы халықтың жанқиярлық ерлігі мен отансүйгіштік рухын насихаттау, сондай-ақ Отан үшін жанын қиған жауынгерлердің есімін ұлықтап, олардың ерліктерін ұмытпай, мәңгі есте сақтау.Көрмеге Талдықорған қаласының №13орта мектеп, №17 орта мектеп, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп оқушылары мен "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Алматы Облысының және Жетісу Облысының Мамандандырылған Күзет Қызметі Басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, Кітапханашылар А.Жұмабекова, Қ.Садырбаева, А.Тұрсынханова оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның жағдайы туралы, соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлердің ерен ерліктері мен соғысқа аттанып, елге оралмай із- түссіз кеткен Боздақтар жайлы сонымен қатар Соғыс Ардагерлері туралы мәліметберді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/991746?lang=kk
Қаһармандардың рухына тағзым 12.05.2025
2025 жылдың 8 мамырында 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Әділет департаментінің қызметкерлері Отан үшін жанын қиған қаһармандардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл еліміздің бейбіт аспаны мен азаттығы үшін күрескен жандарға деген терең құрметі мен алғысының белгісі. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/991750?lang=kk
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының оныншы отырысының коммюникесі 12.05.2025
Мәскеу, 2025 жылғы 5-7 мамыр – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының оныншы отырысы өтті (ЖДЖТ).Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Алиреза Джахангири), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Михаил Петраков) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мурат Атаджанов) делегациялары қатысты. Отырысқа Ресей делегациясының басшысы М.Петраков төрағалық етті.Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды. Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуіне дайындық мәселелерін қарастырды.Делегациялар Ресей Федерациясына кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді.ЖДЖТ келесі отырысы Түрікменстанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/991755?lang=kk
Тіпті сонау қиын 90 - шы жылдары… 12.05.2025
Қарағандыда ITF таэквондодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Жеңіс кубогы мен Қазақстан чемпионаты өтуде. Оған еліміздің барлық өңірлерінен және қырғызстандық спортшылардың рекордтық саны – 600 мықты жас жауынгер қатысады. Барлығы жеңіске жетуге дәмелі, себебі дәл осы «Жастар» СК-дегі татамиде Италияда Әлем чемпионатында өнер көрсететін үздіктер таңдалады. - Биыл Қарағанды облысының ITF таэквондо федерациясы құрылғанына 35 жыл толады. Ол алғаш рет ұйымдастырылған кезде біз міндетті түрде Жеңіс күніне орай турнир өткіземіз деп шештік. Тіпті сонау 90-шы жылдары да, Қазақстанда таэквондодан жарыс мүлдем болмаған кезде, біз ерекше біріншілігіміздің өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Осының арқасында біз аман қалдық. Сондықтан, 2025 жылы Қазақстан чемпионатымен тұспа-тұс келген Жеңіс кубогы біз үшін тарихи деп айтуға болады. Біз мұны әрқашан шын жүректен жасаймыз, бұған деген көзқарасымыз өте ерекше, - деді Қарағанды облысы ITF таэквондо федерациясының президенті Валерий Когай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/991762?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Қасымхан Алдабергеновті Жеңіс күнімен Мемлекет басшысының атынан құттықтап, мерейтойлық медаль табыс етті 12.05.2025
9 Мамыр — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ардагер Қасымхан Алдабергеновтің үйіне барып, арнайы құттықтады.Кездесу барысында өңір басшысы құрметті ардагерді келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап, көрсеткен ерлігі үшін терең ризашылығын білдірді. Қазақстан Республикасының Президенті атынан құттықтау хатын оқып беріп, мерейтойлық медаль табыстады.— Сіз – халқымыздың тірі шежіресісіз. Ерлігіңіз ұрпаққа шабыт береді әрі бейбіт өмір мен еркіндіктің қаншалықты қымбат екенін еске салады. Соғыстан кейін Сіз мәдениет, білім және әдебиет салаларының дамуына үлкен үлес қостыңыз. Сіздің өмір жолыңыз – Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі, – деді Құмар Ақсақалов.Қасымхан Алдабергенов соғыс жылдарында майдан даласында жауға қарсы шайқасып, елге Жеңіспен оралды. Бейбіт өмірде ол гуманитарлық салада белсенді еңбек етіп, жастарды шығармашылық, поэзия және қоғамдық жұмыс арқылы тәрбиеледі. Оның есімі Қостанай облысында ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде де кеңінен танымал.Кездесу соңында облыс әкімі ардагерге көрсеткен ерлігі үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық, ұзақ öмір тіледі. Сондай-ақ жас ұрпақ аға буынның ерлігі мен үлгісін ұмытпай, әрдайым қастерлейтініне сенім білдірді.Қостанай облысында Жеңіс күні аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаттар мен мерейтойлық медальдар табыстау жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/991712?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы 2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады 12.05.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы 2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 723,37 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 333,29 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 327,30 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,78 млрд теңге.ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 сәуірге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%, ҚРҰБ депозиттері – 3,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%, МҚҰ - 1,38%.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,94%, АҚШ долларымен – 40,05%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 433,21 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,89 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік - 11,99%, инфляция мөлшері - 10,00%. 2025 жылғы 1 сәуірдегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 80,02%, РЕПО операциялары – 16,39%, ҚРҰБ депозиттері – 3,10%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,37% көрсетті.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,78 млрд теңгеден асады.01.04.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,40 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,90%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,37%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 19,14%, РЕПО – 8,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,04%, МҚҰ - 6,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,81%. Атап кетейік, портфельдің 66,49% теңгемен, 32,15% - АҚШ долларымен, 1,36% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,21% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,30 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,96%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,46%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,66%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,13%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,20%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,79%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,94%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,11%, АҚШ долларымен 30,89% тең.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,55% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,94 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,52%, ҚР ЕДБ облигациялары – 23,49%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,79%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,35%, РЕПО – 8,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,32%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 77,89%, АҚШ долларымен 22,11%. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,64% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,19 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 23,50% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 21,15%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,63%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,65%, РЕПО – 9,08%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,53%.Ұлттық валютада портфельдің 76,45%, АҚШ долларында – 23,55% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,85% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,95 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,51%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,27%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,76%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,49%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,31%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,06%, АҚШ долларында – 37,94% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,88% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/1014773?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы активтерінің 12 айдағы кірістілігі инфляциядан асып түсті 11.05.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАЗейнетақы активтерінің 12 айдағы кірістілігі инфляциядан асып түсті 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ басқаратын және міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген соңғы 12 айдағы кірістілігі 11,99% құрады, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен – 7,37%, ал инфляция мөлшері - 10,00%.Соңғы 3 жылдық динамикадағы инвестициялық кіріс тұрақты өсім көрсетіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.Инвестициялық кіріс мөлшері қаржы және валюта нарығындағы жағдайларға байланысты құбылып отырады. Инвестициялық кіріс мөлшеріне бірнеше факторлардың әсер етуі мүмкін: Қаржы нарығындағы жағдай: акциялардың, облигациялардың және басқа құралдардың бағасы құбылуы мүмкін, бұл инвестициялық кірістің мөлшеріне әсер етеді. Жекелеген құралдарды нарықтық қайта бағалау нәтижесінде біз бағалы қағаздар құнының бір жыл ішінде өзгеруін байқай аламыз. Тиісінше, нарықтық қайта бағалаудан түскен кіріс жеке кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Бағалы қағаздардың құнына көптеген сыртқы факторлар әсер етеді, мысалы, геосаяси тәуекелдердің өсуі, халықаралық саудадағы өзгерістер және қаржы ағындарының қайта бөлінуі, капитал нарықтарындағы жағдай мен белсенділіктің өзгеруі, макроэкономикалық көрсеткіштер.Валюта бағамдары: егер инвестициялар шетел валютасымен байланысты болса, онда валюта бағамындағы өзгерістер инвестициялық кіріс мөлшеріне әсер етеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланған. Инвестициялық кірістің ауытқуы нарықтардағы, соның ішінде валюта нарығындағы құбылмалылықтың жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Осының салдарынан апта сайын зейнетақы активтерін оң немесе теріс валюталық қайта бағалау қалыптасады, осыған байланысты салымшылар өздерінің жеке зейнетақы шоттарында инвестициялық табыстың өзгеруін байқайды.Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция. Олар, ең алдымен, еңбек ету мерзімі аяқталғаннан кейін алатын зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қордың зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекке ие және инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім инвестициялардың тиімділігін ұзақ мерзімді перспективада бағалауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола аламайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде орын алып тұратын өзгеруіне байланысты. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабуға мүмкіндік беретін инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді перспективада сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 сәуірге дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 958,64% болды, бүкіл кезеңдегі инфляция 863,96% көрсетті.2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша таза инвестициялық кіріс 11,38 трлн теңгеге жетті. Жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, 01.04.2025ж. жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 39,6% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің азаматтардың жинақтау құрылымында алатын рөлінің маңызды екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) ««Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/1014783?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс қырлары» көркемсурет көрмесі 11.05.2025
2025 жылдың 6 мамыры күні ШҚО музей-қорығының Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс қырлары» көркемсурет көрмесі ашылды. Экспозицияда белгілі суретшілердің, ШҚО Суретшілер одағының мүшелері Н.П. Аштеманың, Г.М. Бекбердинованың, сонымен қатар, «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігінің мүшелері, «Сурет» балалар бейнелеу өнері студиясының оқушылары мен жаңадан бастаған авторлардың жұмыстары жинақталған. Жеке топтамада музей-қорық қорынан алынған жұмыстар қойылған, бұл жұмыстарды 1980 жылдары КСРО Көркемөнер қоры берген. Көрмеде соғыс оқиғаларын, қазақстандықтардың майдандағы өмірі мен ерлігін бейнелейтін портреттер мен суреттер ұсынылған. Көрме өткенді естен шығармауға және өнер арқылы бейбітшілік пен патриотизм құндылықтарын жеткізуге арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/991629?lang=kk
Қызметтік этика мәдениеті: сенім мен кәсібиліктің негізі 11.05.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 06.05.2025 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалауға жол бермеу тақырыбында семинар өтті.Оны Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов Казыбек Кадесович өткізді.Өз сөзінде К.К. Койшинов этикалық мінез-құлық принциптерін, жыныстық белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеуді және жұмыс орнындағы бұзушылықтардың көріну формаларын түсіндірді.Қауіпсіз және құрметті жұмыс ортасын құруға, сондай-ақ қызметкердің құқықтары бұзылған жағдайда жасай алатын әрекеттеріне ерекше назар аударылады.Мұндай іс-шаралар ұжымда құрмет, сенім және жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/991598?lang=kk
ҚЫТАЙЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ КӨНЕ ШЫМКЕНТ ШАҺАРЫМЕН ТАНЫСТЫ 11.05.2025
Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь бастаған қытайлық делегация «Шым қала» тарихи-мәдени кешенін аралады. Делегация көне Шымкент шаһарының тарихымен танысып, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген орындарды, сондай-ақ жаңғыртылған мәдени нысанды көріп шықты.Қонақтарға қаланың ежелгі сауда жолындағы маңызы, мәдени және тарихи мұралары жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Өз кезегінде Елші мырза Хань Чуньлинь Шымкенттің бай тарихи-мәдени әлеуетіне жоғары баға беріп, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.Сапар соңында тараптар мәдени мұраларды сақтау және туризм саласында өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/991603?lang=kk