Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

"Менің Қазақстаным" атты мерекелік іс-шара өтті 08.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Менің Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов және зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Мерекелік іс-шара барысында этно-мәдени орталықтар мен жас суретшілер көрмесі және мәдени-спорттық көрмелер ұйымдастырылып, қонақтар назарына ұсынылды. Аудан басшысы этно-мәдени бірлестік көрмесін тамашалап, көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.Салтанатты іс-шара театрландырылған қойылым мен аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты. Аудан әкімі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің маңызын ерекше атап өтті.– Баршаңызды бейбітшілік пен келісімнің, достық пен татулықтың үлгісіне айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – берекелі бірлік пен ырысты ынтымақты дәріптейтін, өзара құрмет пен сенімнің темірқазығы. Дана халқымыз «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» деген. Ауызбіршілік пен сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі» деп ерекше атап көрсетті. Сырдария ауданында еліміздегі 130-дан астам ұлт пен ұлыстың 16 этнос өкілдері мекен етеді. Аудандық Ассамблеяның құрамы – этно-мәдени бағыттағы бірлестік өкілдерінен, қоғамда өзіндік орны азаматтардан тұрады. Ассамблея қазіргі таңда, «Аналар кеңесі», «Қоғамдық келісім кеңесі» және «медиация» бойынша жұмыстар атқаруда. Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ырыс-несібесі арта берсін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.Мерекелік концерт барысында өнерпаздар әннен шашу шашып, халықтардың ұлттық билерін орындады. Сондай-ақ, түрлі этнос өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, халқымыздың бірлігін, достығын және мәдени ынтымақтастығын паш етті. Ұлттар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, сый-құрмет көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/989492?lang=kk
"Еңбек келдің-ертеңі" атты жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті 08.05.2025
«Руханият» орталығында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Еңбек елдің – ертеңі» атты жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, жас кәсіпкерлер мен аудан жастары қатысты.Фестиваль аясында түрлі бағытта іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, оқушылардың робототехника көрмесі, қолөнер шеберлері мен жас кәсіпкерлер көрмесі және жұмысшы мамандықтардың шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Жастар өздерін қызықтыратын мамандықтармен жақын танысып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат алды.Құрметті қонақтар заманауи техника тілін меңгерген оқушылардың жобаларымен, жас кәсіпкерлердің өндіріс тауарларымен және қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысып, оң бағасын берді.Аталған фестиваль аясында Димаш Серікбайұлы жастармен арнайы кездесіп, сұхбат құрды. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары қазіргі таңдағы жастар қозғалысының белсенділігіне ризашылығын білдіріп, білім мен кәсібиліктің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Кездесу соңында «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында өз саласында үздік шыққан белсенді жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, сый-құрмет көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/989502?lang=kk
Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесі Меңдіқара ауданының бюджетін атқару туралы мәселені қарастырылды 08.05.2025
Бюджетті орындау қарастырылғанМеңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында «Меңдіқара ауданының бюджетінің орындалуы туралы және 2024 жыл бойынша ауылдарының және ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы» сұрағы қарастырылған. Қоғамдық кеңесінің мүшелеріне қарастыруға «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы О.Ю. Азизовамен есеп ұсынылған болатын.Атап айтқанда аудандық бюджетінде барлық жоспарланған қаржылық көрсеткіштер табысты орындалған. 2024 жыл бойынша аудан бюджетінің кіріс бөлігі 101,6 пайызға орындалған, жоспарда 7 440 036,4 мың теңге, түсімдер 7 556 304,4 мың теңгені құрады. 2024 жыл бойынша негізгі капиталды сатудан түсетін және салықтық, салықтық емес түсімдер бойынша жергілікті бюджетке кірістердің түсу жоспары 106,1 пайызға орындалған, жоспарда 1 898 489,5 мың теңге, шын мәніндегі 2 014 758,6 мың теңге түскен, бұл жоспарланғаннан 116 269,1 миллион теңгеге көп.2024 жыл бойынша бюджеттің шығыс бөлігі 100 пайызға орындалған, жоспарда 7 793 061,7 мың теңге, кассалық шығыстар 7 792 709,2 мың теңгені құрады. Игермеудің сомасы барлығы 352,5 мың теңге айналдыру есебінен.2024 жылдың ішінде аудан бюджеті жоғары тұрған бюджеттердің бастамасы бойынша 4 рет нақтыланды.Аудандық бюджетінің қаражаты есебінен 15 мемлекеттік мекемелер мен 1 қазыналық коммуналдық кәсіпорын - «Юбилейный» МҮ қаржыландырылады.Жалпы кассалық орындаудан 7 792 709,2 мың теңге қаржыландыруға жіберілген болатын:Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер - 2 286 801,1 мың теңге немесе 28,3 пайыз;қорғаныс - 6 381,8 мың теңге немесе 0,08 пайыз;әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру  - 314 893,3 мың теңге немесе 3,9 пайыз;тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық - 1 304 040,9 мың теңге немесе 16,2 пайыз;мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік - 594 791,0 мың теңге немесе 7.4 пайыз;ауыл шаруашылығы - 101 255,0 мың теңге немесе 1,3 пайыз;өнеркәсіп пен сәулет қызметі - 35 070,7 мың теңге немесе 0,4 пайыз;көлік және коммуникациялар - 1 799 631,8 мың теңге немесе 22,3 пайыз;басқалар - 613 112,4 мың теңге немесе 10,6 пайыз;борышына қызмет көрсету - 91 435,5 мың теңге немесе 1,1 пайыз;трансферттер - 645 295,7 мың теңге немесе 8,0 пайыз.Талқылау барысында Қоғамдық кеңестің мүшелері өткен жылы бюджет есебінен алғаш рет мұқтаж азаматтар үшін 24 пәтерлер сатып алынғандығын белгілеп айтты. Атап айтқанда елді мекендерде көшелерді асфальттеу, абаттандыру, жарықтандыру және басқалар бойынша жұмыстар жалғастырылды. Бюджеттік бағдарламалардың барлық басшыларымен 2024 жылда оларды алдында қойылған тапсырмалары орындалған болатын.Қоғамдық кеңес «Меңдіқара ауданының бюджетінің орындалуы туралы және 2024 жыл бойынша ауылдарының және ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы» ұсынылған есебін бекітті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/989505?lang=kk
Ермағанбет Бөлекпаев соғыс ардагерлерін келе жатқан Жеңістің мерейтойымен құттықтады 08.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, қоршаудағылар мен концлагерлер тұтқындарын мерекемен құттықтады.Жеңімпаздарды соғыс жылдарындағы әндерді орындаған үрмелі аспаптар оркестрі қарсы алды, ал Т. Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектептің тәрбиеленушілерінен құралған дәліз қонақтарды жабық дастарханға шығарып салды.Мұражай экспонаттары мен әскери жабдықтардың көрмесі де ұйымдастырылды.Бүгінде Қарағанды облысында 8 соғыс ардагері, 2634 тыл еңбеккері, 116 ардагердің жесірлері мен әйелдері, 29 концлагердің тұтқындары және 10 Ленинград қоршауында қалған адамдар тұрады.— Құрметті ардагерлер! Бұл жыл ерекше — Жеңістің 80 жылдығы. Сіздер Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқардыңыздар. Сіздердің өмірлік жолдарыңыз - жастарға үлгі, өткенмен болашақ арасындағы көпір. Біз сіздерге қарыздарымыз. Зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасыларыңызға бақыт тілеймін! — деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ардагерлерге, қоршаудағыларға, концлагерлер тұтқындарына және тыл еңбеккерлеріне алғыс ретінде «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік медальдары табыс етілді.Кездесуге қатысушылар соғыс жылдарын жылы сезіммен еске алды.100 жасар Григорий Петрович Степенко он сегізге толмаған кезде майданға шақырылған. Ауыр шайқастар болып, биыл Астанаға өңірден келген делегация құрамында Жеңіс шеруіне аттанады.— Мен тек бір нәрсені ғана қалаймын: қазіргі балалар соғыстың не екенін ешқашан білмеуі керек, — дейді ол күлімсіреп. — Өздеріңізді сүйіп, жерімізді сақтаңыздар!Анна Никоноровна Котова майданға шығу үшін әскери комиссариатқа үш рет барған. Кішкентай және нәзік қызды тіпті медсанбатқа алғысы келмеген, бірақ бойжеткеннің табандылығы үстем болды. 65-ші эвакуациялық госпитальдің құрамында ол Венаға дейін жетті.— Бас дәрігеріміздің бізге соғыстың аяқталғанын, жеңгенімізді айтқаны есімде. Досым екеуміз айқайлап, қуанғанбыз. Тіпті 80 жылдан кейін де бұл естелік қуаныш ұялатады, — деп еске алады ардагер. — Ал үйге біз 1946 жылы ғана оралдық. Баршаңызға денсаулық, бейбіт аспан тілеймін. Енді біздің еліміздің бірде-бір буыны соғыстың не екенін білмесін!Қару-жарақ канонадасы тыйылғанына 80 жыл болды, ал Виктор Семенович Абраменков әлі күнге дейін бәрін кешегідей есінде сақтауда. Соғыс басталғанда ол алты жаста болды және ол Смоленск облысында тұрған, онда соғыс бойы партизандар белсенді әрекет етті. Үрейге толы төрт жылда кішкентай баланың көрмегені жоқ!— Мен әлі күнге дейін кейде жарылғыш бомбаның дыбысын түсімде естимін. Ол соншалық қорқынышты болғанда, бір жерге жасырынғым келеді, — деп еске алады тыл еңбеккері. — Ал жеңісті жариялаған кезде анам жылады: біздің отбасымыздың бәрі де майданнан оралмады.Ардагерлерді құттықтау концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті орындаушылар мен ансамбльдер өз өнерлерін ортаға салды. Қарағанды музыкалық комедия театры мен Қ. Байжанов атындағы Концерт бірлестігінің әртістері соғыс жылдарындағы әндер шырқалған «На привале» әдеби-музыкалық қойылымын көрсетті. Ал ардагерлер таныс әуендерін тыңдап, бірге ән айтты.Соғыс жылдары Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды. Тек Қарағанды облысынан – 60 мың, оның 25 мыңы қайтып оралмаған.Суретті түсірген: Жангелді Әбдіғалым Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/989455?lang=kk
Қазақстанның ДКҰ Еуропа аймағы кеден қызметтері басшыларының конференциясына қатысуы 08.05.2025
         2025 жылғы 29–30 сәуір күндері Брюссель қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Еуропа аймағы кеден қызметтері басшыларының конференциясы өтті. Бұл маңызды іс-шараға Еуропа аймағына мүше елдердің кеден қызметтерінің өкілдері, ДКҰ басшылығы, Еуропалық комиссия мен халықаралық серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан конференцияға Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы қатысты.       Конференция аясында халықаралық кедендік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Жиын ДКҰ Кеңесінің 2025 жылғы маусымда өтетін отырысына ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды және осы саладағы негізгі пікір алмасу алаңына айналды.      Іс-шараны ДКҰ Еуропа аймағының вице-төрағасы Эйстейн Бёрмер ашып, өңірдегі реформалар мен әлеуетті арттыру бағдарламаларының нәтижелеріне тоқталды. Бұдан кейін сөз алған ДКҰ Бас хатшысы Иан Сондерс ұйымның жаңғырту жоспары мен 2025–2028 жылдарға арналған стратегиялық құжаттың іске асырылуы жөнінде баяндама жасады.       Конференция барысында ДКҰ қызметінің негізгі бағыттары қаралды. Атап айтқанда, 2025–2026 жылдарға арналған бюджет жобасы, өңірлік оқу орталықтарын дамыту, «жасыл кеден» бастамасын қолдау, COP29 Баку декларациясын іске асыру және ұйымды институционалдық реформалау мәселелері көтерілді.       Еуропа аймағының ДКҰ басшылық органдарындағы өкілдігіне де ерекше назар аударылды. Қазақстанның Саяси комиссиядағы өкілеттігі аяқталып жатқанын ескере отырып, өңір елдері еліміздің кандидатурасын 2025–2026 жылдарға ДКҰ Қаржы комитетінің құрамына ұсыну бастамасын қолдады.        Қазақстан делегациясының бұл конференцияға қатысуы елдің халықаралық кедендік ынтымақтастықты дамытуға деген ниетін және цифрландыру, орнықтылық пен жаһандық сауданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қолдауға дайындығын көрсетті. Сонымен қатар, іс-шара аясында бірқатар елдердің кедендік әкімшіліктерімен екіжақты кездесулер өтіп, ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/989468?lang=kk
Тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы 08.05.2025
2025 жылғы 21 қаңтардан бастап, ҚР Премьер-Министрі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына қол қойғанын хабарлайды.Қаулыда азаматтарға бұрын берілген жалға берілетін сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді және азаматтар үшін жалғыз болып табылатын авариялық деп танылған жекешелендіру құқығын беру көзделген.Жекешелендірудің қолданыстағы тетіктеріне сәйкес, азаматтар қалдық құны бойынша тұрғын үйді сатып ала алады немесе артық төлемсіз бөліп төлеу мүмкіндігі бар.Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «бөліп төлеу» тетігін таңдау кезінде бастапқы жарна 30 %-дан, 10%-ға дейін төмендетілді. Сондай-ақ қалдық құны 15 млн. теңгеден асатын тұрғын үйлер үшін бөліп төлеу мерзімі 15 жылға дейін ұлғайтылды. Бөліп төлеу механизміндегі есептеу мысалдары:Тұрғын үйдің қалдық құны-9 млн. теңге, бастапқы жарна 900 мың теңге. Бөліп төлеу мерзімі 10 жылға дейін таңдаған кезде ай сайынғы төлем-67,5 мың теңгені құрайды.Тұрғын үйдің қалдық құны -16 млн. теңге, бастапқы жарна-1,6 млн.теңге. Бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін таңдаған кезде ай сайынғы төлем-80 мың теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/989391?lang=kk
ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру: жалпы тәсілдер мен айырмашылықтар 08.05.2025
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер — Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения арасында өзара сауда кезінде қосылған құн салығын (ҚҚС) алу бойынша бірыңғай қағидаттар қолданылады. Дегенмен, әрбір мемлекет ҚҚС әкімшілендіру мен цифрлық бақылау бойынша өз тетіктерін қолданады.Қазақстан Республикасы үшін негізгі құрал – электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) жүйесі және өзара сауда есебінің ақпараттық жүйесімен интеграциялану болып табылады. Бұл мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге және  салықтық бақылау рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы тауарлардың қадағалануы жүйесін қоса алғанда, неғұрлым жетілдірілген цифрлық шешімдерді қолданады. Қырғыз Республикасы мен Армения Республикасы өз ұлттық рәсімдерін ЕАЭО-ға мүше басқа елдердің тәжірибесіне жақындату кезеңінде тұр.Одақ елдерінде ҚҚС мөлшерлемелері әртүрлі: Қазақстан мен Қырғызстанда – 12%, Ресей, Беларусь және Арменияда – 20%.Әкімшілік кедергілерді жою және салықтық бақылау тиімділігін арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЕАЭО елдерінде ҚҚС есебін жүргізудің бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселесін қарастыруда. Бұл бастаманы іске асыру салық органдары арасындағы сенімді арттыруға, әкімшілендіруді біріздендіруге және одақ аумағында бизнес жүргізу шарттарын жақсартуға ықпал етеді.ШҚО бойынша МКДЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/989394?lang=kk
Волейбол турнирі 08.05.2025
   2025 жылдың 3 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған волейбол турниріне қатысты.   Турнирге полиция, сот, прокуратура, нотариат палатасы, адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушылары палатасының қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.   Бұл турнир жай ғана спорттық жарыс емес, сонымен қатар ардагерлердің ерлігіне деген құрметтің, бірлік пен рух күші, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын еске салатын іс-шараға айналды.   Турнир соңында ұйымдастырушылар жарыс қорытындыларын шығарып, қатысушыларға естелік марапаттар табыс етті. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/989398?lang=kk
Шахмат турнирі 08.05.2025
   2025 жылдың 4 мамырында саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, барлық деңгейдегі депутаттар, мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ өкілдері арасында шахматты насихаттау, сондай-ақ қазақстандық ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға белсенді қатысу мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының бастамасымен және Қазақстан Шахмат федерациясының қолдауымен «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Темирлан Нуртазенов Қостанай облыстық мәслихаты мен Қазақстан Шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырған «Senat Open» І Ашық кубогының іріктеу турына қатысты. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/989399?lang=kk
Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды 08.05.2025
Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналды. Былтыр су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толған болатын.Су қоймасының толуы облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді.Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің су ағынын реттеп отырады. Жыл басынан бері су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Ал былтыр осы кезеңде бұл көлем 2,9 млрд текше метр болған еді.Судың мол берілуінің арқасында бір жылдың ішінде Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге жетті. Ал көлдегі су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды.«Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық өзендерге, соның ішінде Іле өзеніне қатысты мәселелер бойынша қытайлық әріптестерімен тұрақты байланыста. Бірлескен жұмыстың арқасында қатарынан екінші жыл бойы Алматы облысының диқандары суармалы сумен толық қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар Балқаш көлі бассейніндегі экологиялық жағдай да жақсарып келеді», - деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы Серік Мейрамбеков.Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация МинистрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/989382?lang=kk
«Қызғалдақ мұрасы»: Ғалымдар мен экологтар Жамбыл облысында бас қосты 08.05.2025
Жамбыл облысының Қаратау тауларында өткен «Қызғалдақ мұрасы» халықаралық фестивалі әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен экологтарды, сондай-ақ табиғат жанашырларын өңірдің бірегей қызғалдақ мұрасын сақтау мәселелерін талқылау үшін біріктірді.Көктем келген сайын Қаратау сан алуан түске боялған тірі кілемге айналып, ғалымдарды, туристерді және жергілікті тұрғындарды баурап алады. Жамбыл облысы қызғалдақтардың түрлік алуан түрлілігі бойынша Қазақстан өңірлері арасында көш бастап тұр. Бұл аймақта көктемнің көркі саналатын бұл гүлдің 18 түрі өседі, олардың 10 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Осы түрлердің негізінде нидерландтық ғалымдар ондаған жаңа сұрыпты шығарған, бүгінде олар әлемнің түрлі елдеріндегі саябақтар мен бақтарды безендіріп тұр.Өңірдің осы бірегей табиғи құндылығы «Қызғалдақ мұрасы» фестивалінің басты тақырыбына айналды.Іс-шара Жамбыл облысы тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар Германия, Украина, Қырғызстан, Нидерланд, Ресей, Қытай, Түркия және Үндістаннан келген қонақтарды да біріктірді. Фестивальге экожүйе мамандары, ЮНЕСКО өкілдері, консулдық және дипломатиялық корпус мүшелері, Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/989387?lang=kk
Салық органдары қандай тексерулер жүргізе алады? 08.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 145-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінетінін хабарлайды:1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер;2) жоспардан тыс салықтық тексерулер. Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер болып табылады.Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық график тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер тағайындауға негіз болып табылады.Жоспардан тыс салықтық тексерулер болып өтініштер, шағымдар бойынша, таратуға байланысты, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген және т.б. негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.Сондай-ақ ҚР Салық кодексінің 140-бабына сәйкес, салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1028182?lang=kk
Алматы облысындағы балық аулау, егіс, АЭА мен ядролық технология 08.05.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматы облысына жұмыс сапарындан өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Арнайы экономикалық аймақтағы ғылыми-инновациялық нысандарды аралап, Ядролық физика институтының жұмысымен танысты.Алматы облысында егіс науқаны белсенді жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылы 436,8 мың гектарға дейін жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық. «Кең дала» бағдарламасы бойынша биыл көктемгі егіс жұмысына облыс шаруаларына 15,7 млрд теңге жеңілдікпен қаржы бөлініп, 32 өндірушіге қаражат берілген.«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша екі жылда жалпы құны 10,8 млрд теңге болатын 1 361 қарыз алушы жеңілдікпен несие алған. 2025 жылы 2,5 млрд теңге көлемінде тағы 211 қарыз берілмек.Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірдегі АӨК секторына салынған инвестиция көлемі 13,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Биыл облыста жоспар бойынша 33,5 млрд теңге сомасына 17 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Оның 11-і шаруаларға 2,5%-дық жеңілдікпен, СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша іске асырылады. Бұл күнде 103 жаңа жұмыс орны құрылған алты жоба орындалып үлгерген.«Байсерке Агро» ЖШС оқу орталығында өткізілген вице-премьермен кездесуге 20-дан астам фермер қатысты. Кездесу барысында Серік Жұманғарин Үкіметтің диқандарды қолдауға айрықша назар аударуының нәтижесінде 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласы 3,7% экономикалық өсуді көрсеткенін атап өтті.«Мемлекеттің шаруаларды қолдауын сезініп отырғандарыңыз даусыз. Егер 2022 жылы көктемгі егіс пен егін жинауға жеңілдікпен 70 млрд теңге берілсе, бүгінде 5%-бен 700 млрд теңге, соған ұқсас мөлшерлемемен техника лизингіне тағы 200 млрд теңге бөлінді», — деп атап өтті вице-премьер. «Qazaq Balyq» қауымдастығының Алматы филиалының төрағасы, «Балық мектебі» жастар арасында балық шаруашылығын танымал ету мектебінің негізін қалаушы Мәрлен Тұрсынәлі балық өсіру саласын дамыту бойынша өз ұсынысын айтты. Оның айтуынша, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы саланың дамуына айтарлықтай серпін берген. Сонымен қатар, су тапшылығы жағдайында балық өсіруді одан әрі тиімді дамыту үшін жем-шөп құнын субсидиялауда, бассейндерге жер асты суын пайдалану үшін ұңғыманы бұрғылау шығынын жабу мақсатымен суға жеңілдікті тариф енгізуде, өнімге ветеринариялық құжат алу процесін оңайлатуда, цифрландыруда мемлекеттің қолдауы қажет. Серік Жұманғарин АШМ-ге барлық ұсынысты егжей-тегжейлі қарап, балық шаруашылығын қолдау мүмкіндігін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ кездесуде фермерлер субсидия төлеу кешіктірілетінін жеткізді. Вице-премьер қазіргі уақытта барлық өңірде субсидия алуға өтінім осы мақсатқа бюджеттен жыл сайын бөлінетін қаражат көлемінен едәуір асып түсіп жатқанын айтты. Фермерлерді АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды 6% жеңілдікпен салалық қаржы институттары арқылы қаржыландыру мүмкіндігін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар Серік Жұманғарин фермерлерді көп пайда әкелетін дақыл егу арқылы әдеттегі бидай алқабын қысқарта отырып, егінді әртараптандыруға, дәнді дақыл өңдеуді дамытуға шақырды.Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапары шеңберінде «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА нысандарын аралады. Оның аумағында бүгінде АЭА құрылған сәттен бергі жалпы инвестиция көлемі 205 млрд теңге 182 компания орналасқан. Шамамен 7 мың жұмыс орны ашылып отыр. 820 жұмыс орны ашылатын 129,4 млрд теңге сомасындағы тағы 12 жоба салынуда.Сондай-ақ вице-премьер Қазақстандағы атом саласының іргелі технологиялары мен өнімдерін, оның ішінде өнеркәсіпке арналған радиоизотоптар мен радиофармпрепараттарды жасауға дейінгі зерттеу мен әзірлеменің толық циклін жүзеге асыратын жалғыз ғылыми ұйым – Ядролық физика институтының қызметімен танысты. Соңғысы, фтор-18, йод-131 және Мо-99 радиоизотопы негізінде жасалып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін қолданылады. Өнеркәсіпке арналған радиоизотоп Еуропаға экспортталады. Еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/989396?lang=kk
БКМ есебі СӘБЖ жаңа жүйесіне ауыстырылды: салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат 08.05.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық жүйесін цифрландыру аясында Салықтық әкімшілендірудің біріктірілген жүйесінің (СӘБЖ) модульдері мен қосалқы жүйелерінің кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын хабарлайды.СӘБЖ жүйесіне көшу шеңберінде бақылау-касса машиналарын (БКМ) тіркеу, мәліметтерді өзгерту және есептен шығару бойынша фискалдық деректер операторларымен (ФДО) өзара іс-қимыл функциялары жаңа жүйеге ауыстырылды. Бұл функция біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесінен (БСАЖ) шығарылып, келесі сегіз операторға қатысты тек СӘБЖ арқылы жүзеге асырылады:«Казахтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Бухта» ЖШС.Пилоттық жоба енгізілген сәттен бастап, БКМ-ды тіркеу, өзгерістер енгізу және есептен шығару бойынша барлық әрекеттер тек СӘБЖ жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл ретте деректер БСАЖ жүйесімен синхрондалмайды, сондықтан салық төлеушілер тарапынан назар аударуды талап етеді.Осыған байланысты, ФДО арқылы БКМ есептен шығарылғаннан кейін, оны БСАЖ жүйесінен есептен шығару үшін салық төлеуші БКМ тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) жүгінуі қажет.Департамент салық төлеушілерге БКМ есепке алу рәсімдеріндегі өзгерістерді дер кезінде ескеруге және қажет болған жағдайда тиісті МКБ-дан түсініктеме алуға кеңес береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/991685?lang=kk
2025 ж. мамыр айына маңызды салық есептіліктері мен төлемдер 08.05.2025
Мамыр айында салық төлеушілер бірқатар есептіліктерді тапсырып, төлемдерді белгіленген мерзімдерде төлеуі тиіс. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық міндеттемелердің мерзімдерімен танысып, өсімпұл мен басқа да салдардың алдын алу үшін оларды уақытылы орындауға кеңес береді. САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ:2025 ж. 15 мамыр:- 101.03 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына резиденттің табысынан төлем көзіне ұсталған КТС бойынша есеп;- 101.04 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына бейрезиденттің табысынан төлем көзіне ұсталған КТС бойынша есеп;- 200.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;- 300.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына ҚҚС бойынша декларация;- 400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. наурыз айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.- 500.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына роялти, өндіру бонусы бойынша декларация;- 570.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына экспортқа рента салығы бойынша декларация;- 590.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;- 710.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация;- 860.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация;- 870.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация;- 880.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;- 913.00 нысаны – 2025 ж. 1-тоқсанына бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.2025 ж. 20 мамыр:- 328.00 нысаны – 2025 ж. сәуір айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ТӨЛЕМДЕР:2025 ж. 20 мамыр:- 2025 ж. сәуір айына ЕАЭО-да ҚҚС;- 2025 ж. сәуір айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.2025 ж. 26 мамыр:- 2025 ж. мамыр айы үшін КТС бойынша аванстық төлемдер;- 2025 ж. сәуірде төленген табыстан төлем көзінде ұсталған сомалар бойынша КТС және ЖТС;- 2025 ж. сәуірде төленген табыстардан КТС және ЖТС;- 2025 ж. сәуірдегі арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;- 2025 ж. 1-тоқсандағы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін КТС, ЖТС;- 2025 ж. 1-тоқсан үшін ҚҚС, экспортқа рента салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салынатын салық, цифрлық майнинг үшін төлем;- Жер салығы және мүлік салығы бойынша заңды тұлғалардың ағымдағы төлемдері;- Жер учаскелерін пайдалану үшін, су ресурстарын пайдалану үшін, қоршаған ортаға теріс әсері үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін ағымдағы төлемдер;- 2025 ж. сәуір айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/989148?lang=kk
Құқық бұзушыдың мүлкін тәркілеу туралы 08.05.2025
2025 жылғы 12 қарашада ҚР Әділет министрлігі СҚО Әділет департаментінің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Ж. Исаканова жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, азамат К-тан алынған әкімшілік құқық бұзушылық заттарын тәркілеп, кейіннен жойды.Сот қаулысы орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1106164?lang=kk
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Бейжіңдегі BRITACOM Кеңесінің отырысына қатысты 08.05.2025
        Бейжің қаласында (Қытай Халық Республикасы). 2025 жылғы 24-25 сәуір аралығында  BRITA Beijing халықаралық салықтық оқу орталығының базасында "Бір белдеу — бір жол"бастамасы шеңберінде халықаралық салық ынтымақтастығының негізгі платформасы — BRITACOM Кеңесінің отырысы өтті.        Іс-шараға 20-дан астам салық әкімшілігінің, халықаралық ұйымдардың және академиялық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Отырысты BRITACOM Хатшылығының Атқарушы хатшысы және қытай мемлекеттік салық әкімшілігі төрағасының орынбасары Ван Даошу мырза ашты. BRITACOM кеңесінің төрағасы және Гонконг Салық департаментінің (ҚХР) комиссары Бенджамин Чан мырза britacom-тың жаһандық салықтық өзара іс-қимылды нығайту тетігі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.        Іс-шарада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы бөлім басшысының міндетін атқарушы Жунусбек Артурович Калиев қатысты. Ол BRITA Astana Өңірлік салық орталығының 2019-2025 жылдардағы қызметі туралы баяндама жасап, келесі бағыттар бойынша ұсыныстар енгізді:       - Өткізуді қоса алғанда, басқа BRITA-орталықтармен ынтымақтастықты дамыту;       - BRITA-орталықтар мен Britacom Хатшылығы арасындағы байланысты нығайту үшін тиімді коммуникациялар құру.       Отырыс барысында салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салық төлеушілерге арналған сервистерді дамыту және BRITACOM институционалдық базасын одан әрі нығайту сияқты негізгі тақырыптар талқыланды. Алжир, Камерун, Грузия, Непал, Тәжікстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Қытай, Индонезия, Моңғолия және басқа елдердің қатысушыларының презентацияларына, сондай-ақ халықаралық салық құжаттары бюросының (ibfd) жаһандық тәжірибе мәселелері бойынша сөйлеген сөзіне ерекше назар аударылды.      Іс-шара аясында Германия өнеркәсібі федерациясының (BDI) бақылаушы мәртебесіне өтінімі мақұлданды, бұл BRITACOM-тың халықаралық күн тәртібіндегі өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді.      Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Янци көліндегі конференция орталығына және Бейжіңдегі Чаоян ауданының бірінші салық инспекциясына барып, цифрлық салық салу практикасымен және e-invoicing жүйесімен танысты.      Кездесу соңында 2025 жылғы 18-24 мамыр аралығында аралас форматта өтетін "Tax Administration and Digitalization" тақырыбында өтетін Brita·Yangzhou оқыту семинары жарияланды. Қазақстандық тарап осы семинарға онлайн форматта қатысуға және BRITACOM қатысушы орыс тілді елдер үшін аударманы қамтамасыз етуге дайындықты жүргізіп жатыр.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/989122?lang=kk
«Әкімшілік сот ісін жүргізуде өкілдің қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 08.05.2025
2025 жылғы 2 мамырда «Заң және тәртіп» нарративасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Әділет департаментімен бірлесе отырып, «Әкімшілік сот ісін жүргізуде өкілдің қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Вьюхова Т. Ю. мен Масимова К. А. баяндама жасап, өз кезегінде адвокаттар мен заң кеңесшілері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/989128?lang=kk
Бүгін Қарағандыда спорттық гимнастикадан Александр Диденконы еске алуға арналған облыстың дәстүрлі чемпионаты басталды 08.05.2025
Бұл аймақтық біріншілікке гимнастикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алты және одан жоғары жастағы 90 оқушы қатысады. Қыздар өз шеберліктерін төрт снарядта, ал ұлдар алты снарядта  көрсетеді.- Турнир біздің тәрбиеленушілеріміз үшін өте маңызды, себебі біз барлық қойылымдарды көріп, құраманы одан әрі қалыптастыру үшін үздіктерді атап өтеміз. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша разрядтар беріледі, - деп, атап өтті гимнастика мектебінің басшысы Олжас Тұрсымбеков. Белгілі жаттықтырушы Александр Петрович Диденко Қарағанды облысында гимнастиканы дамытуға және насихаттауға үлкен үлес қосты. Оның есімімен Қазақстанның ең мықты гимнастшысы Горбачев Степан мен басқа да танымал спортшылардың жетістіктері байланысты. Айта кетейік, естелік чемпионат алғаш рет 2018 жылы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/989104?lang=kk
Онлайн-дәрістер 08.05.2025
         2025 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы ынтымақтастық аясында «Кеден қызметкерлерінің қызметінде туындайтын күйзелістер мәселесі және оларды еңсеру жолдары» тақырыбында онлайн-дәріс өтті.       Семинарға Өзбекстан Республикасының Кеден институтының курсанттары мен ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты.      Дәрістің мақсаты – кеден қызметкерлерінің кәсіби қызметінде туындайтын күйзелістердің табиғатын және негізгі себептерін ашу, олардың қызметтік тиімділікке әсерін талдау.      Семинарда дәріс оқығандар:     – Туракова Мадина Амантайқызы – ҚР ҚМ МКК ОӘО бас маманы;     – Файзуллаева Хуршида Анваровна – ӨР ЭҚМ КК КИ қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің психолог-сарапшысы.       Сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның бас маманы Асылтасова Анар Жексембайқызы «Мемлекеттік құрылымдардағы конструктивті кері байланыс» тақырыбында баяндама жасап, конструктивті кері байланыстың маңызын атап өтті. Қатысушылардың өтініші бойынша бұл тақырыпты басқару құрамына да арнап ұйымдастыру ұсынылды, бұл көтерілген мәселелердің өзектілігін көрсетті.      Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Лекция қатысушылары кәсіби қызметтегі күйзеліс жағдайларын тиімді жеңуге және эмоциялық жүктемеге төзімділікті арттыруға көмектесетін құнды білім алды.Осылайша, бұл дәріс қатысушылардың кәсіби білімін кеңейтіп қана қоймай, кеден қызметінде психологиялық төзімділік пен конструктивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/989094?lang=kk