Қоғам
Оралда дарынды балаларға арналған жаңа мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салынып жатыр 08.05.2025
2025 жылы Орал қаласында Батыс Қазақстан облысында дарынды балаларға арналған жаңа мамандандырылған №8 мектеп-лицейінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба білім инфрақұрылымын қолдау қорының қаржысы есебінен жүзеге асырылып, қазіргі мектеп ғимаратының апаттық жағдайымен байланысты өзекті мәселені шешуге бағытталған.Соңғы төрт жыл ішінде №8 мектеп-лицейі Орал қаласындағы №37 орта мектеп ғимаратында уақытша орналасып, оқу үдерісі шектеулі жағдайларда жүргізілді. Себебі білім беру мекемесінде тек 10 сынып кабинеті болған және ол толық көлемде оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын еді."Құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталуы үшін барлық күш-жігерімізді салып отырмыз және құрылыс барысын үнемі бақылауда ұстап келеміз. Келесі қадам — бұл әрлеу жұмыстарын аяқтау және мектепті пайдалануға беру үшін дайындау.Біз оқушыларымыздың әлеуетін толық ашып, оларға жоғары деңгейде білім беру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға тырысамыз", — деді құрылыс басқармасының басшысы Әлибек Антазиев.Жаңа мектеп 400 оқушыға арналған және жалпы алаңы 8 262,5 м² болатын заманауи төрт қабатты ғимарат болып салынады. Мектепте қазіргі заманғы жабдықтар орнатылып, робототехника зертханалары ашылады, оның ішінде дрондарды басқару бойынша оқу бағдарламасы да қарастырылған. Осылайша, мектеп тек базалық білім беретін орталық қана емес, сонымен қатар техникалық және инженерлік ойлау қабілетін дамытуға арналған орталыққа айналатын болады.Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Фундаменттік жұмыстар аяқталып, ғимараттың екінші және үшінші қабаттарының сыртқы қабырғаларын тұрғызу, ішкі бөлмелерді орнату, бірінші қабатқа терезелерді орнату және жабын плиталарын қою жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жертөле мен бірінші қабаттың ішкі әрлеу жұмыстары да басталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының жалпы дайындық деңгейі 22%-ды құрайды.Барлық құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталып, жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Жаңа оқу кешені Батыс Қазақстан облысының білім инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып, дарынды балалардың білім алуына және дамуына оңтайлы жағдай жасайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/989055?lang=kk
СҚО әкімі мен ТЖМ басшысы басқа өңірлерден келген құтқарушыларға алғыс білдірді 08.05.2025
Бүгін облыс халқы ерекше алғыспен басқа өңірлерден келген ТЖМ бөлімшелерін шығарып салды. Бұл рәсімге ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, құқық қорғау органдарының, әскери құрылымдардың басшылары мен жұртшылық қатысты. "Құтқарушылар күрделі су тасқыны кезеңінде көмекке келіп, өңіріміз үшін сенімді тірек болды. Олар тәулік бойы, тізеден мұздай суда тұрып, дауыл мен суыққа қарамастан, бөгеттерді бекітіп, ауылдар мен адамдарды сақтап қалды. Солтүстікқазақстандықтардың атынан әрбір құтқарушыға ризашылығымды білдіремін",- деп атап өтті облыс әкімі.Сондай-ақ, өңір басшысы жігіттердің ата-аналары бен отбасыларына шын жүректен алғыс айтты. Олардың тәрбиесі арқасында елімізде осындай батыл, рухы мықты, нағыз қорғаушылар өсіп шықты. Облыс әкімі кәсібилік, төзімділік пен адамгершіліктері үшін рақмет айтып, ақ жол тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/989027?lang=kk
«БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек жолы – 2025» халықаралық конференциясы 08.05.2025
2025 жылғы 2 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен БҰҰ-ның 80 жылдығына орай өткен «БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек жолы – 2025» халықаралық конференциясына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің кеңесшісі Аселя Оралбаева қатысып, сөз сөйледі. Қазақстандық дипломат өз сөзінде 80 жылдық қызметі барысында БҰҰ-ның әлемдегі бейбітшілік пен негізгі халықаралық құндылықтарды қорғау, сондай-ақ жаһандық ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының «БҰҰ – баламасы жоқ әмбебап халықаралық ұйым» деген жоғары бағасын атай отырып, Қазақстанның дүниежүзіндегі бейбітшілікке қосқан үлесін, соның ішінде бітімгершілік бастамалары мен өңірлік қауіпсіздікке бағытталған платформаларды құрудағы рөліне тоқталды. Орта держава ретінде еліміздің жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік жолында БҰҰ жүйесінің қызметін жандандыру жолында одан әрі атсалысуға дайындығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/989008?lang=kk
Сарайшық қалашығына 100-ге жуық тал егілді 08.05.2025
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында көне Сарайшық қалашығының аумағында кең көлемдегі сенбілік ұйымдастырылды. Шараға облыстағы мәдениет саласының 70-тен астам өкілі қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.«Сарайшық» сапар орталығының айналасына ондаған көшет екті. Игі іс-шара санитариялық тазалықпен шектеліп қоймай, ұлт тарихына тағзым, жас ұрпаққа қоршаған ортаны құрметтеудің жарқын үлгісін көрсетуге бағытталған.- Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болған шараға басқармаға қарасты он шақты мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысып, өздері дайындап әкелген көшеттерін екті. Басты мақсатымыз – туған жерді көгалдандыру арқылы оның көркіне үлес қосу. Сарайшыққа келетін туристер үшін орталықтың көрікті және жайлы болуы біз үшін өте маңызды,- деді облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев.Ал музей басшысы Әбілсейт Мұхтар алдағы уақытта бұл аймақтың толықтай көркейіп, туристерге жайлы жасыл орта ретінде қалыптасатынын айтты.- Қазірдің өзінде жайқалған жасыл желектің жағымды әсері сезіліп жатыр. Бұл бастама – айналамызды көгалдандырып, табиғатпен үйлесімді орта қалыптастыруға, сондай-ақ туристерге жайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам. Тал егу бір ерлік болса, оны күтіп-баптап өсіру – одан да үлкен жауапкершілік,- деді ол.Ұйымдастырушылардың сөзінше, “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы игі істер әрі қарай да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/988956?lang=kk
Отбасын қолдау орталығында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары көпбалалы аналармен кездесті 08.05.2025
Кездесу барысында аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысуы, кәсіпкер әйелдерге арналған гранттар мен жеңіл несиелер туралы мәселелер көтерілді.Мұндай кездесулер – қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, бірлесіп шешудің тиімді жолы.Кездесулерге Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері белсенді қатысады.Келесі кездесу мамыр айында өтеді.Қатысу үшін +7 707 779 07 08 нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/988933?lang=kk
Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды 08.05.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Абилхасимович Сулейменов 2025 жылғы 25 сәуірден бастап Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Ержан Абилхасимович 1979 жылы туылған, білімі жоғары, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын «дәрігер» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.Еңбек жолын 2003 жылы «Республикалық ЖИТС орталығы» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бас маманы болып бастағын. Әр жылдары медициналық ұйымдар мен осы бағыттағы білім беру орындарында бас маман, бөлімше басшысы, оқу бөлімшесінің меңгерушісі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен.2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Global Health Solutions» (Глоубэл Хэлс Сэлюшнз) ЖШС-ның бас медициналық кеңесші лауазымында қызмет етті.Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/988944?lang=kk
Төрт атаға жалғасқан дәстүр: Ұлттық ұланда әулетімен әскери қызмет атқаратын жанұя бар 08.05.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының курсанты Асқар Жалеловтың отбасы ұзақ жылдар бойы әскери қызметке адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.Асқардың арғы атасы – Төкеш Өтеғали Ұлы Отан соғысына қатысқан. Атасы – Жалел Төкешов Самарқан қаласында радиобайланыс саласында қызмет етіп, ел қорғанысына өз үлесін қосқан. Бүгінде Асқардың әкесі — Кенжебек Төкешов Ұлттық ұлан қатарында полковник шенінде қызмет етеді.- Әулетіміз үшін Отан алдындағы борыш қасиетті ұғым. Әкемнің де, атамның да жолы – мен үшін үлкен мақтаныш. Ал балам – Асқардың оқуды ойдағыдай аяқтап, мықты офицерлердің қатарынан табылатынына сенімім мол. Осылайша әскери династияға айналып отырмыз, – дейді полковник Кенжебек Төкешов.Ата жолын өмірлік бағыт-бағдар етіп ұстанған курсант Асқар Жалелов бала күнінен Отан қорғау ісіне құштар болған.- Әскери қызмет - ол тек мамандық емес, ол – өмір салты. Әкем мен аталарым секілді мен де Отанға адал қызмет еткім келеді. Сондықтан қазір атамның ізін жалғап, әскери саладағы радиобайланыс маманы ретінде білім алып жатырмын, – деді курсант А. Жалелов.Асқар Жалелов — Академиядағы үздік курсанттардың бірі. Қазіргі уақытта ол ішкі істер органдарының байланыс жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша инновациялық жоба дайындап жатыр.- Мұның бір артықшылығы – адам факторын болдырмайды. Жобада жүз пайызға дейін бет-әлпетті тану функциясын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жүйе Ұлттық ұланға енгізілген Hytalkpro кешені арқылы ұйымдастырылады, – дейді ол.Айта кетейік, қазіргі уақытта Академия қабырғасында 700-ге жуық курсант білім алады. Олардың арасында 🇹🇯Тәжікстан мемлекетінен келіп оқып жатқан курсанттар да бар. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/988945?lang=kk
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 08.05.2025
Астана қаласының әкімінің өкімімен «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Берік Айтпаұлы Ахметов тағайындалды. Бұған дейін ол «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.Берік Ахметов 2012 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, ал 2015 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолы:«Қарағанды облысы Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ ішкі саясат бойынша маманы /2012–2013 жж.;«Қарағанды облысы Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ ішкі саясат бойынша бас маманы /2013–2014 жж.;«Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ инвесторлармен жұмыс істеу бөлімінің менеджері /2016–2017 жж.;«Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ инвесторларды тарту және сүйемелдеу бөлімінің басшысы /2017–2019 жж.;Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тіршілік ету және мемлекеттік қызметтер бойынша басшы орынбасары /2019–2021 жж.;«Astana Innovations» АҚ ақпараттық технологиялар орталығының басшысы /2021 ж.;«Astana Innovations» АҚ ақпараттық технологиялар және коммерцияландыру департаментінің директоры /2021–2022 жж.;«Astana Innovations» АҚ жобаларды коммерцияландыру департаментінің директоры /2022 ж.;«Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ МЖӘ жобаларын жүргізу және құқықтық сүйемелдеу бөлімінің басшысы /2022 ж.;«Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ басшысының орынбасары /2022–2024 жж.;«Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы /2024–2025 жж.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-urgsa/press/news/details/988947?lang=kk
Қазақстан Елшісі NSK Group Басшысы Нассер бен Кадасахпен кездесті 08.05.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков NSK Group Басшысы Нассер бен Кадасахпен кездесті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, олар бірлескен жобаларды қаржыландыру саласында екі елдің бизнес-қоғамдастықтары үшін жағдай жасау арқылы инвестициялар көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.Елші М. Меңілбеков сұхбат барысында Қазақстанның бүгінгі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы жайлы баяндап, NSK Group басшысын 2025 жылғы 29-30 мамырда елордамызда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.NSK Group басшысы Н. Кадасах қазақстандық тараппен іскерлік және экономикалық байланыстарды нығайтуға деген компанияның қызығушылығын растап, алдағы уақытта инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін зерделеу үшін Қазақстанға келуге ниетті екенін мәлімдеді.NSK Group компаниясы Сауд Арабиясы экономикасына, әсіресе қайта өңдеу, индустриялық және қаржы салаларына ірі инвесторларды тарту саласында кең ауқымды қызметтерді жүзеге асырады, сондай-ақ Сауд инвесторларына шетелдегі ірі инвестициялық жобаларға қатысуға қажетті көмек көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/988917?lang=kk
Ұландықтар дзюдодан өткен турнирдің жеңімпазы атанды 08.05.2025
2025 жылғы 2–4 мамыр аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында дзюдо жарыстары өтті. Генерал-майор Рафик Хайдаровты еске алуға арналған турнирді «Динамо» Дене шынықтыру және спорт қоғамы ұйымдастырды. Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда және 150-ден астам спортшы қатысты.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрама командасы тағы да өздерінің жоғары деңгейдегі физикалық және жауынгерлік даярлығын дәлелдеп, тамаша нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.Салмақ дәрежелері бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметшілер:▪️66 кг дейін — 2-орын: қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Нұрсейітов (6654 әскери бөлімі);74 кг дейін — 3-орын: қатардағы жауынгер Ерсұлтан Дүйсенхан (5573 әскери бөлімі);▪️81 кг дейін — 1-орын: қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынұлы (5573 әскери бөлімі);▪️90 кг дейін — 1-орын: қатардағы жауынгер Мәди Амангелді (5573 әскери бөлімі);▪️90 кг-нан жоғары — 1-орын: қатардағы жауынгер Санжар Джабборов (5573 әскери бөлімі).Сонымен қатар, «Үздік техника» жеке номинациясына қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынұлы лайық деп танылды.Жалпыкомандалық есеп қорытындысы:1 орын — ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрамасы;2 орын — Абай облысы Полиция департаменті;3 орын — Ақтөбе облысы Полиция департаменті.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрамасы бұл жарыста рухтың мықтылығын, ерлікті және жеңіске деген жігерді паш етіп, көпшілікке үлгі бола білді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/988876?lang=kk
Көкшетауда «Сын» драмасының премьерасы өтті 08.05.2025
Наурыз айының басында Ақмола облыстық орыс драма театрында француз драматургі Флориан Зеллердің «Сын» пьесасы бойынша қойылған әсерлі де терең драма көрерменге жол тартты.Бұл қойылым өңірдің мәдени өмірінде ерекше оқиғаға айналып, көрермендер мен театр мамандарының үлкен ықыласына ие болды.Сахнадан көрініс тапқан оқиға – жай ғана драмалық сюжет емес, әр көрермен өзін танып, ішкі жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін эмоционалдық айна іспетті. Жасөспірімдік дағдарыс, жоғалту қайғысы, әке кінәсі, жалғыздық пен естілуге деген үміт – осының бәрі спектакль арқылы жүректі қозғайды. «Сын» – бұл тек пьеса емес, бұл – адам жанын тебірентетін сырлы әңгіме.Қойылымды Армениядан келген танымал театр режиссері, Ереван қаласындағы Халықаралық Шекспир фестивалінің директоры, Театр және кино мемлекеттік институтының оқытушысы Каро Балян сахналаған. Оның сезімтал режиссерлік көзқарасы спектакльге терең эмоциялық реңк пен көркемдік нақыш берген. Сценографияны Геворг Евангулян, костюмдерді Екатерина Пискунова әзірлеген. Музыкалық әрлеу де Каро Балянға тиесілі.Актерлік құрам шеберлігімен тәнті етті. Әсіресе жасөспірім Николяның бейнесі ерекше әсер қалдырды – оның ішкі арпалысы, күйзелісі мен өмір мағынасына ізденісі шынайы әрі жан тебірентерлік.Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 35 минут. Осы уақыт аралығында көрермендер толыққанды адам тағдырын бастан кешіргендей күй кешті. Ұйымдастырушылар театр арқылы маңызды мәселелерді көтеруді мақсат еткен: ата-аналық жауапкершілік, эмоционалдық сезімталдық, жасөспірім кезеңінің қиындығы мен жанашырлықтың маңыздылығы.Спектакльді көруге студенттер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен театр жанкүйерлері жиналды. Қойылымнан кейінгі пікірталастар «Сын» драмасының көрермендер санасында терең ой тудырғанын, әрі отбасы ішінде жиі үнсіздікпен жабылатын проблемалар туралы ашық әңгіме бастағанын көрсетті.Айта кетейік, «Сын» пьесасы Флориан Зеллердің «Әке» және «Ана» туындыларымен бірге драмалық трилогияның соңғы бөлімі болып табылады. 2018 жылы Париждегі алғашқы премьерасынан бастап, бұл пьеса Лондон мен Нью-Йорк сахналарында да жоғары бағаланды – оның шынайылығы мен психологиялық дәлдігі үшін.Көкшетауда қойылған «Сын» драмасы театрдың – қоғаммен ашық сөйлесе алатын, маңызды әлеуметтік және адами мәселелерді қозғайтын алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/988855?lang=kk
«Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты салтанатты жабылу рәсімі өтті 08.05.2025
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналған «Kitap Avenue» фестивалінің «Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты салтанатты жабылу рәсімі өтті.2025 жылы 23 сәуір күні Қазақстан Республикасында алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтілуде. Бұл жаңа мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына сәйкес енгізілді. Президент өз сөзінде кітапқа деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын атап өтіп: «Ең алдымен, жастарға оқуға деген махаббатты сіңіруіміз керек. Тек сонда ғана біз оқырман ұлтқа айналамыз» деген болатын.Ұлттық кітап күні – барлық жастағы адамдарды оқуға ынталандыру, елдегі мәдениетті дамыту және сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында белгіленді. Сондай-ақ бұл мереке кітапханалар мен кітаптарға назар аудартуға, халықты оқуға көбірек уақыт бөлуге ынталандыруға бағытталған.Осыған орай, 16 сәуірден бастап облыс кітапханаларында кітап оқу байқаулары, кітап керуендері, библиокафе, библиотүндер, библиофесттер, ашық есік күндері, әдеби кештер, ашық аспан астындағы әдеби алаңдар және басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.Облыстың ең ірі кітапханасы – Мағжан Жұмабаев Ақмола облыстық атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 14 – 23 сәуір аралығында «Kitap Avenue» фестивалі аясында декада өтті. Фестиваль бағдарламасына патриоттық оқулар, әдеби кештер мен сұхбаттар, әдеби дефиле, ұлттық дәстүрлер туралы кітаптарды насихаттау және дизайнермен танысу, «Lingva Room» жобасы аясындағы әдеби пікірталас, BIBLIO performance, кітап сүйер қауыммен бейне сұхбаттар және оқырмандар конференциясы кірді.Бүгін он күн бойы оқырмандарды қуантқан іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. «Үздік оқырман-2025» және «Онкүндік іс-шараларының белсенді қатысушысы» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтті.Шара екі бөлімнен тұрды: салтанатты рәсім және мерекелік концерт.Бірінші бөлімде «Үздік оқырман - 2025» және «Онкүндік іс-шараларының белсенді қатысушысы» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтті. Мәдениет басқармасының басшысы Сабитова Айгүл Баубекқызының атынан алғыс хаттар табысталды және шараның демеушілері – Caseshop.kokshetau дүкені мен «Жалғас» ЖК атынан бағалы сыйлықтар тарту етілді. Одан кейін шара қонақтарына Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының ұйымдастыруымен концерт ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/988857?lang=kk
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді 08.05.2025
2025-2027 жылдары "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара отырып, Қазақстанда оны белсенді іске асыруды жалғастырады. "AMANAT" партиясының 2003-2007 жылдарға арналған “Халықпен бірге” сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған. Бұл шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді."Дипломмен ауылға" мемлекеттік жобасы 2009 жылдан бері іске асырылуда. Ол ауылдағы кадр тапшылығы проблемасын шешуге арналған. Негізгі мақсат - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласына, сондай-ақ жергілікті жерлердегі мемлекеттік басқару органдарына дипломды мамандарды тарту.Жобаға қатысушыларға мынадай әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады:• 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;* тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында 2 500 АЕК, ауылдық елді мекенде 2 000 АЕК бюджеттік кредит бөлінеді.Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт - ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеу.2023 жылғы 1 сәуірден бері жобаны іске асыру жөніндегі агент "Отбасы банк" АҚ. Цифрландыру мақсатында өтінім беру мен кредит алудың барлық процесі Baspana Market — otbasybank.kz/programm-bank платформасында толықтай автоматтандырылған.Жобаны іске асырудың 2009-2024 жылдардағы нәтижесі мынадай:• 114 мыңнан астам маман 23,6 млрд теңгеге көтерме жәрдемақы алды;• 52 мыңнан астам маман 189,5 млрд теңге сомасына бюджеттік кредитті пайдаланды.Біржолғы көтерме жәрдемақы алушылардың құрылымы:* Білім беру саласындағы мамандар-78 мың адам (68,3%);* Денсаулық сақтау қызметкерлері — 24,4 мың адам (21,4%);* Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-6,9 мың адам (6%);* Ауыл шаруашылығы мамандары-4 мың адам (3,5%);* Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-900-ге жуық адам (0,8%).Тұрғын үй кредитін алушылардың құрылымы:* Білім беру саласындағы мамандар-35,1 мың адам (67,1%);* Денсаулық сақтау мамандары — 11,6 мың адам (22,2%);* Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-3,4 мың адам (6,4%);* Ауыл шаруашылығы мамандары-1,9 мың адам (3,6%);* Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-360-тан астам адам (0,7%).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/988860?lang=kk
Рудный индустриялық университеті Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үшін кадрлар даярлайтын шебер болып табылады. 08.05.2025
Тау-кен өнеркәсібі – адам қызметінің ең көне түрлерінің бірі және бүгінгі таңда ең сұранысқа ие. Еліміздің тау-кен металлургия кешені экономиканың локомотиві бола отырып, инвестиция мен технологияларды ғана емес, сонымен қатар жоғары білікті мамандарды да қажет етеді. Міне, Рудный индустриялық университеті тау-кен ісі және металлургия саласындағы жетекші жоғары оқу орны мәртебесін растап, таңғаларлық нәтижелер көрсетуде.РИУ студенттерінің Республикалық олимпиадада жеңіске жетуі – кадрлар дайындығының жоғары деңгейінің дәлелі. 2025 жылдың сәуір айында Рудный индустриялық университетінің металлургия және тау-кен ісі жоғары мектебінің студенттері Сәтбаев университеті (Алматы) ұйымдастырған «Тау-кен инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада тамаша өнер көрсетті. Нәтижелери:- 1 орын – Шарковский Данил (100 000 теңге ақшалай сыйлық),- 3 орын – Сүйінбек Арыстан (ақшалай сыйлық 50 000 теңге).Дәстүр бойынша 2026 жылы Рудный қаласында тау-кен ісі мамандықтары бойынша кезекті республикалық олимпиада өтеді. Кеншілердің жеңісі кездейсоқ емес,ол- заңдылық: «Пайдалы қазбаларды өңдіру» білім беру бағдарламасы төрт жылдан бері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингінде көш бастап келеді.Қазіргі уақытта РИУ түлектерді 100% жұмысқа орналастыру, тау-кен өнеркәсібіндегі жетекші компаниялармен ынтымақтастық және таланттарды дамыту үшін құрылған экожүйе арқасында болашақ тау-кен инженерлері үшін ең жақсы таңдау болды.РИУ студенттерінің жеңістері Казақстандық университеттердің әлемдік деңгейдегі мамандарды дайындайтынын растайды. Тау-кен өнеркәсібінің өсуі және оның технологиялық трансформациясы жағдайында мұндай кадрлар ел болашағының негізгі ресурсы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/988861?lang=kk
«Creative Open space - 2025» 08.05.2025
Дүниежүзілік шығармашылық пен инновациялық қызмет күні аясында Көкшетау қаласының орталық саябағында «Creative Open space - 2025» оpen space өтті.Іс-шараға өңірдің креативті индустрия өкілдері қатысып көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды.Сондай-ақ, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынылды.Конценттік бағдарламада «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/988863?lang=kk
Қазақстандық офицерлер 312-ші атқыштар дивизиясы ұрыс жүргізген орындарға барды 08.05.2025
Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясында оқитын қазақстандық тыңдаушылар, адъюнкттер мен докторанттар соғыс жылдарында Ақтөбеде жасақталған 312-ші атқыштар дивизиясы шайқасқан орындарға барды.Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Калуга облысы Малоярославец ауданы Детчино ауылында болды. Александр Кусков басқаратын "Красная гвоздика" патриоттық клубының мүшелерімен бірге олар "Балалар мәдениет үйі" мұражай-көрме экспозициясына барды. Ауыл маңында 312-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлікпен шайқасқан Детчинск секторы қорғаныс шебінің шегінде әскери жерлеу орындары бар.1941 жылдың қазан айында Можай қорғаныс шебінің Детчинск секторында Ақтөбеде құрылған көпұлтты 312-ші атқыштар дивизиясы Мәскеуді қорғауға қатысты. Қазақстандықтар Боровск, Малоярославецк және Детчинск бағыттарында шайқасқа кірді. Қазақстандық құрама үлкен шығынға ұшырай отырып, жаудың моторлы күштерінің алға жылжуын кешіктірді. Жоғары тұрған қолбасшылықтың бұйрығымен өзінің жауынгерлік позициясын сақтап қалды. 312 атқыштар дивизиясының 10867 жауынгерінен 147 ғана адам тірі қалды.– Тарихтың Ұлы Отан соғысы туралы баяндайтын беттері тым алыс және шынайы емес сияқты көрінеді, - деп бөлісті әскери академияның докторанты полковник Әсет Аққозинов. - Бірақ бостандық пен тәуелсіздікті қорғаған жерлестеріміздің ерлігі ешқашан өшпейді.312-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен Подольск жаяу әскер училищесінің курсанттары жерленген бауырластар зиратында қазақстандық әскери қызметшілерді "Д. Березовка" ауылдық елді мекенінің әкімшілік басшысы Елена Андреева қарсы алды. Мұнда салтанатты митинг өтіп, шайқаста қаза тапқан қазақстандықтарды еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988866?lang=kk
Қарағанды облысында Qaisar әскери-патриоттық ойындары өтіп жатыр 08.05.2025
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған іс-шараға 300-ден аса жеткіншек қатысты. Олардың қатарында бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәндерінің және әскери кафедралардың оқытушылары, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» қозғалысының қатысушылары және еліміздің барлық өңірлерінен келген жоғары сынып оқушылары бар. Ойынның ұйымдастырушысы – Amanat партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты бұл шараны Отан қорғаушы күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырды. Ойынның ашылу салтанатына Мәжіліс спикері, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Парламент депутаттары, Қорғаныс министрлігінің, «Астана» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері мен қоғам өкілдері қатысты.– Qaisar ойыны пайда болғаннан бері бес мыңнан аса ұл-қызды бір арнаға тоғыстырған нағыз батылдықтың, отансүйгіштіктің, жауапкершілік пен тәртіптің ордасына айналды. Аталған қасиеттердің бәрі әр адамға өмірдің кез-келген саласында қажет. Бұндай шара адамның мінезін шыңдап, алға қойған мақсаттарға жетуге жөн сілтейді, борыштың не екенін ұқтырады, – деді партия төрағасы Еран Қошанов. Бұдан өзге ол мемлекет бүгінде қатысушыларға әскери қызметшілерді қолдауға және әскери қызметтің беделін көтеру мәселелеріне ерекше назар аударатынын да айта кетті. – Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін жастар ақысыз жоғары білім ала алады. Қазірдің өзінде 4500-ден аса жас осы мүмкіндікті пайдаланды, – деп нақтылай түсті Е. Қошанов.Qaisar ойын бағдарламасында ату, автоматты бөлшектеп, құрастыру, әскерилендірілген эстафета, зерделі жарыс пен тактикалық тапсырмалар бар. Биыл бағдарламаға алғаш рет ұлттық спорт түрлері мен заманауи технологиялармен байланысты пәндер енгізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай оқу-жаттығу орталығының аумағында ұйымдастырылған көрмені тамашалаған жастар қазақстандық жауынгерлердің соғыстағы ерлігін еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988776?lang=kk
Ақтау гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты 08.05.2025
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Іс-шараға өткен жылдың көктемінде еліміздің жеті өңірінен шақырылған 120-дан астам әскери қызметші қатысты. Қонақтардың қатарында Қарулы күштердің ардагері отставкадағы полковник Сабыр Нәжекенов, Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы бойынша "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаева және әскери бөлімдердің командирлері бар.- Сіздер бригадада лайықты қызмет еттіңіздер. Бір жыл ішінде өмірлік тәжірибе жинап, нағыз ерлер мен патриоттарға тән қасиеттерді дамыта алдыңыздар. Болашақта өздеріңе пайдалы болатынына сенімдімін. Сіздерге сәттілік тілеймін, - деді бригада командирі полковник Марат Құдабаев.Әскери қызметке адалдығы және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны үшін сарбаздарға грамоталар, естелік сыйлықтар мен фотоальбомдар табыс етілді.Алғыс сөздер әскери қызметшілердің өздерінен де айтылды.- Әскери бөлім командирі полковник Марат Рашитұлы Құдабаевқа, бөлімше командирлері мен сержанттар құрамына біздің қалыптасу жолындағы білімі мен қолдауы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бүгін үйге оралғанда көпшілігіміз келісімшарт бойынша қызметін жалғастырып, тағдырымызды Қарулы күштермен байланыстыру туралы шешім қабылдадық, - деді Ержанат Болатбайұлы.Айта кетейік, көктемгі науқан қорытындысы бойынша Ақтау гарнизонынан 1500-ге жуық әскери қызметші запасқа шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988780?lang=kk
Арқалық стратегиялық рөлін қайта қайтарып жатыр: көлік, білім, инфрақұрылым 08.05.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары аясында Арқалық қаласына барып, көлік, білім, мәдениет, экология және кәсіпкерлікті қолдау салаларындағы негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арқалықта маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі — әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында терминал салынып, ұшу-қону жолағы, рулеж жолы мен перрон қайта жаңғыртылуда. Жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайды. Костанай – Арқалық – Қостанай, Астана – Арқалық – Астана, Алматы – Арқалық – Алматы бағыттарында әуе рейстерін ашу жоспарланған. Бұл өңірдің көлік байланысын едәуір арттырып, төтенше жағдайларда логистикалық дайындықты күшейтеді. Қостанай облысы аумағы арқылы өтетін Жезқазған – Петропавл стратегиялық автожолының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ақмола облысының шекарасынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі учаске биыл толықтай нормативтік жағдайға келтіріледі. Ұлттық маңызы бар бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінен Астанаға дейінгі жолды 600 км-ге, ал Қостанай мен Петропавлға дейінгі жолды 450 км-ге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы байланысты жылдам әрі қауіпсіз етеді. Бұдан бөлек, биыл Арқалық қаласында және жақын орналасқан елді мекендерде 42 шақырым автожол мен 51 көше жөнделеді. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге бөлінді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Арқалықта 300 оқушыға арналған заманауи мектеп салынып, пайдалануға берілді. Мектеп STEM-зертханамен, робототехника кабинетімен, спорт алаңымен және демалыс аймағымен жабдықталған. Жобаның жалпы құны — 2,6 млрд теңге. 61 жұмыс орны ашылды, оның 39-ы — педагогикалық. Мектеп қаладағы оқушы орындарының тапшылығын толық жапты. Биыл 540 адамға дейін күнделікті қызмет көрсетуге арналған Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаға 1,2 млрд теңге бөлінді. Нысанды мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңартылған Мәдениет үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің маңызды орталығына айналады. Экологиялық тәрбие мен көгалдандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылы Арқалықта 5000-нан астам ағаш пен 10 000 гүл көшеті отырғызу жоспарланған. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қаланың экологиясы мен тазалығы — баршаға ортақ жауапкершілік, бұл бағытта белсенді жастар маңызды рөл атқарады. Қоршаған ортаға деген қамқорлық олар үшін өмір салтына айналып келеді. Сапар аясында Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесінің берілуі де маңызды оқиға болды. Жаңа мәртебе магистратура, болашақта докторантура бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Журналистика, ақпараттық технологиялар, экономика, ауыл шаруашылығы сияқты жаңа білім беру бағыттарын ашу жоспарланған. Студенттер саны 5000 адамға дейін өседі деп күтілуде. Бұл қаланың ғылыми және білім беру әлеуетін айтарлықтай арттырады. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Арқалықта 1% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беретін «Бизнес-Көмек» өңірлік бағдарламасы табысты жұмыс істеуде. Бүгінге дейін жалпы сомасы 506 млн теңге болатын 11 жоба мақұлданды, оның ішінде 425 млн теңгеге 9 несие берілді. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында асфальтбетон зауытының іске қосылуы және ұсақтау кешенінің орнатылуы бар. Бұл нысандар жол құрылысын арзандатып, инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сапар барысында Құмар Ақсақалов: «Арқалық – бұл енді жай ғана картадағы нүкте емес, болашақ өсімнің, ғылымның, өндіріс пен мәдениеттің орталығы. Біз қаланың дамуына жаңа негіз қалыптастырып жатырмыз. Бұл – нақты әрі сезілетін жаңғыру», — деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988753?lang=kk
Азық – түлік қауіпсіздігі - ұлттық әл-ауқаттың негізгі құрамдас бөлігі» мақаласы 08.05.2025
1. 2025 жылғы егіс науқаны. Ағымдағы жылы облыста көктемгі егіс алқабы 5,1 млн. га құрайды.Дәнді дақылдарды 4,2 млн. гектарға, майлы дақылдарды 755 мың гектарға егу жоспарлануда.Халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқаптарының қажетті көлемі, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы картоп - 5,5 мың га, қарақұмық – 21 мың га көзделген.Ағымдағы жылы егуге 818,8 мың га өңделген парлар бар. Күзгі топырақты өңдеу 1 млн. 342 мың гектар алқапта жүргізілді, қар ұстау 843,5 мың гектарға жүргізілді.Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқыммен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Егіс техникасы жұмысқа дайын. 514,2 мың тонна тұқым бар. Облыста көктемгі дала жұмыстарына 72,8 мың тонна дизель отыны бөлінді.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге отын 1 литрі 254 теңгеден сатылады (2024 жылы – 79,6 мың тонна, 1 литрі 250 теңгеден).Егіс науқанына 19,2 мың трактор, 22,2 мың сепкіш, 1,3 мың егіс кешені қатысады.Аграрлық несие корпорациясы арқылы жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары бойынша облысқа 84,1 млрд. теңге («Кең Дала», «Кең Дала 2» бағдарламалары), Азық – түлік келісім шарт корпорациясы бойынша - 7 млрд. 350 млн. теңге (форвардтық сатып алу) бөлінді.Техниканың, агрегаттардың болуы және тұқыммен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі және жеңілдікті қаржыландыру егіс науқанын оңтайлы мерзімде, 15-16 күн ішінде жүргізуге мүмкіндік береді.2. Ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету.Облыстың ішкі нарығы өз өндірісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерімен толығымен дерлік қамтамасыз етілген.Жергілікті өндіріс есебінен 10 атау бойынша қажеттілік толығымен жабылады: ұн, макарон өнімдері, нан, сиыр еті, сүт, жұмыртқа (тауық еті), картоп, күнбағыс майы, құс еті, қарақұмық жармасы.6 атау бойынша ішінара жергілікті өндіріс және сырттан әкелу есебінен - сары май, ашытылған сүт өнімдері, ірімшіктер мен сүзбе, сәбіз, қырыққабат, пияз. 3 атау бойынша тұз, қант және күріш басқа облыстардан әкелінеді немесе импортталады.2024 жылы 429 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімі өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда жарма бойынша өнім өндірісінің өсуі 6,4 есеге (6,9 –дан 44,3 мың тоннаға дейін), қатты ірімшік өндірісінде – 34,6%–ға (107-ден 144 тоннаға дейін), ет консервілерінде - 27%-ға (744-тен 945 тоннаға дейін), өсімдік майында - 17,1%-ға (30,2-ден 35,4 мың тоннаға дейін), қоюландырылған сүт 5,7%-ға (2 106-дан 2 226 тоннаға дейін) байқалады.Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары 104,9 млрд. теңге сомасына азық-түлік өндірді (өсім 19,4%-ға). Азық-түліктің нақты көлем индексі 110,3% құрады.Ұн бойынша өндірістің 4,8%-ға (252,2 мың тоннадан 264,3 мың тоннаға дейін), өсімдік майы 49,6%-ға (7,6 мың тоннадан 11,4 мың тоннаға дейін), консервілер 14,4%-ға (278 мың тоннадан 318 тоннаға дейін), йогурттар 3,2%-ға (7,7 мың тоннадан 8 мың тоннаға дейін) балмұздақ 7,8% (410 тоннадан 442 тоннаға дейін) өсуі тіркелді.2024 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімінің импорты 397 млн. АҚШ долларын құрады (оның ішінде азық-түлік импорты 242 млн. АҚШ құрады).Сүт өнімдерін импорттық жеткізу 34%-ға, ет өнімдері 9%-ға, өсімдік майы 3%-ға, қант 6%-ға, дәнді дақылдар 29%-ға, жұмыртқа 80%-ға қысқарды.Статистика деректері бойынша 2024 жылы 645,7 млн. АҚШ долларынан астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды (оның ішінде 417,7 млн. АҚШ доллары өңдеу кәсіпорындарының өнімдері).Ауыл шаруашылығы өнімі экспортының негізгі үлесі бидай ұны 813,5 мың тоннаны, сүт өнімі 9,7 мың тоннаны, картоп 9,2 мың тоннаны, жарма 5,1 мың тоннаны, күнбағыс майы 7,5 мың тоннаны, ет 2,2 мың тоннаны, макарон өнімдері 3,2 мың тоннаны құрайды.Ағымдағы жылдың басынан бастап 56,1 млн. АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 40%-ға артық (оның ішінде 32,4 млн. АҚШ долларына азық-түлік өнімі жөнелтілді).Агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімі 23,2 млн. АҚШ доллар сомасына импортталды. Сүт өнімдерін жеткізу 22%- а, ет өнімдері 6%-ға, дәнді дақылдар 95%-ға, жұмыртқа 75%-ға қысқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988755?lang=kk
