Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Эфиопия патриоттарының Жеңіс күнін мерекелеу туралы 09.05.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі Эфиопия патриоттары Жеңісінің 84 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты рәсімге қатысты.Іс-шара Аддис-Абебадағы Патриоттар Жеңісінің мемориалдық монументінде ел басшылығының, ардагерлер қауымдастығының, Қорғаныс министрлігінің, дипломатиялық корпустың және қала жұртшылығының қатысуымен өтті.Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Тайе Атске Сеселассие өз сөзінде: «Патриоттардың жеңісі фашизм мен отаршылдыққа қарсы тарихи қарсылық болды және бүкіл әлемде фашизмге қарсы күреске жарқын үлгі мен шабыт берді», - деп атап өтті. Ол өз елінің жарқын болашағы үшін жандарын пида еткен батыр қорғаушылар – Эфиопия патриоттарының рухын қастерлеуге шақырды.Анықтама: 1935 жылы фашистік Италия Эфиопияға қарсы агрессиялық соғыс бастады. Оккупацияға қарамастан, Эфиопия халқы әскери қимылдар мен азаматтық қарсылықты қамтыған кең көлемді қарсылық қозғалысын ұйымдастырды. Партизан соғысы 1941 жылға дейін созылды, сол кезде эфиопиялық жасақтар Антигитлерлік коалицияның одақтас әскерлерімен бірге астана Аддис-Абебаны қайтадан басып алды. 1941 жылғы 5 мамырда император Хайле Селассие елге оралды және жыл сайын Эфиопияда 5 мамыр елдің азаттығы үшін жандарын қиғандарды еске алу күні – Патриоттар күні ретінде атап өтіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/989918?lang=kk
Алматыда Қорғаныс министрлігі ашық аспан астындағы әскери техника мұражайының тұсаукесерін өткізді 09.05.2025
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков әскери оркестрдің сүйемелдеуімен символдық лентаны салтанатты жағдайда кесті.Іс-шараға Алматы өңірлік гарнизонының, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметі академиясының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Жиынды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ашты.– Біздің ата-бабаларымыз осы қару-жарақ пен әскери техникамен Мәскеу мен Ленинградты қорғады, Сталинград пен Ржев маңындағы қанды шайқастарға қатысып, Украина мен Беларусьті, Балтық жағалауы мен Польшаны азат етті, біраз Еуропа елдеріндегі шайқастарға қатысты. Бұл мұражай бүгінгі буынға қазақстандық жауынгерлер – Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқа батырлардың сұрапыл соғыс жылдарынан қалған жәдігерлерін көрсететін орын, – деді ол.28 панфиловшылар саябағына және Армия үйіне келушілер Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері қаруланған әскери техниканы, яғни Т-34, Т-44, Т-55 танктерін, 1931 жылғы 230 мм гаубицаларын және «Катюша» реактивті артиллериясының әйгілі БМ-13 жауынгерлік машинасын көре алады.Биыл сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Армия үйі қалпына келтірілді. Оның алдыңғы жағында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үрдістерін көрсететін заманауи барельеф орнатылған.Армия үйінің ғимаратында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың филиалы бар.  Ашылғаннан кейін онда балалар әскери-патриоттық клубтары жұмыс істей бастайды. Концерттік және мәрмәр залдарда, Жауынгерлік даңқ мұражайында күрделі жөндеу жүргізілді. Балалардың әскери-патриоттық фильмдерін түсіру үшін үлкен заманауи кинопавильон құрылды.– Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Ғимарат сәулет ескерткіші ретінде белгілі. Біз қаланың және бүкіл Қазақстанның ең қасиетті көрікті жерлерінің бірі ретінде оның таза келбетін қастерлеп, сақтауға міндеттіміз, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989848?lang=kk
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ 09.05.2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ  Уақыты: 11-00 сағат02.05.2025 жылы                                                                               Көкшетау қаласы Төрағалық етуші: Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Ақмола облысы бойынша МКД) басшысының орынбасары - Ақмола облысы бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - МКД) жүргізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Б. М. Шәйкенов.Қатысты:Ақмола облысы бойынша МКД басқармаларының басшылары, СЖТІТ  өткізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері.СЖТІТ нәтижелерін талқылауды Ақмола облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Б. М. Шәйкенов ашты.-Ақмола облысы бойынша МКД қызметінде ағымдағы жылы мамыр-маусым айлары аралығында СЖТІТ өткізілді. "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес СЖТІТ нәтижелерін жария талқылауды жүргізу қажет. Осыған байланысты бүгін біз СЖТІТ нәтижелерін көпшілік алдында талқылаймыз.Бұдан әрі сөз сөйлеу үшін Ақмола облысы бойынша МКД АРБ басшысы Г. Б. Жұмағұловаға берілді.- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) МКК 2025 жылғы 31 наурызынан №КГД-09-2-14/2652-И тапсырмасына сәйкес және Ақмола облысы бойынша МКД 2025 ж.19 наурызынан №115 бұйрығымен Ақмола облысы бойынша МКД қызметінде 2025 ж. 01 сәуірінен бастап СЖТІТ өткізілді.СЖТІТ негізінде жүргізілді:- "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 16.01.2023 жылғы №21 бұйрығы;–Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.12.2022 жылғы №488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі-әдістемелік ұсынымдар).ВАКР принциптері бойынша жүргізіледі:      1) объективтілік;      2) сенімділік;      3) ашықтық;      4) жан-жақтылық.Комитеттің нұсқауына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар барлық жұмыс процестері Комитеттің бейінді бөлімшелерімен келісілгеннен кейін ғана қалыптастырылсын.Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуға тиіс.СЖТІТ жүргізу кезінде процедуралық бұзушылықтар анықталған жоқ.Анықтамада көрсетілген ақпарат Ақмола облысы бойынша МКД қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша жұмысқа қабылданды. Хаттама жүргізді:АРБ бас маманы Қ.Ахметова.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/989850?lang=kk
Қазақстанның Швециядағы Елшісі Әлем чемпионаты алдында хоккейден Ұлттық құраманың менеджерімен кездесті 09.05.2025
Стокгольм, 2025 ж. 5 мамыр - 2025 жылғы шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының басталуына орай, Швеция мен Данияда өтіп жатқан турнир алдында, Қазақстанның Швециядағы Елшісі О.Сүлейменов Қазақстан Ұлттық құрамасының менеджері Н.Қайырбергеновамен кездесті.Кездесу барысында тараптар команданың турнирге дайындығын талқылады, спортшыларға сәттілік тіледі және құраманың халықаралық аренада лайықты өнер көрсететініне сенім білдірді. Елші жанкүйерлердің қолдауы мен Қазақстан құрамасының әлем біріншілігіне қатысу кезеңіндегі дипломатиялық қатысудың маңыздылығын атап өтті.Айта кету керек, Қазақстан құрамасы Швецияға келіп үлгерді, мұнда 6 мамырда Словения құрамасына қарсы бақылау матч өткізеді. 7 мамырда қазақстандық команда Хернингке (Дания) аттанады, онда әлем чемпионатының топтық кезеңіне қатысады.Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты 2025 жылғы 9-25 мамыр аралығында өтеді. Топтық кезең аясында Хернингте Қазақстан құрамасы Норвегия, Германия, Мажарстан, Дания, Чехия, Америка Құрама Штаттары және Швейцария ұлттық құрамаларымен ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/989851?lang=kk
Кеген ауылындағы орталық Райымбек көшесінің бойындағы аллея қошаулары округ әкімдігінің қаржы есебінен қалыпқа келтіріліп, сырлау және әктеу жұмыстары жүргізілді. Ерекше көрік беретін “Лайдбокстарда” жаңартылып, қайта орнатылды. 09.05.2025
Кеген ауылындағы орталық Райымбек көшесінің бойындағы аллея қошаулары округ әкімдігінің қаржы есебінен қалыпқа келтіріліп, сырлау және әктеу жұмыстары жүргізілді. Ерекше көрік беретін “Лайдбокстарда” жаңартылып, қайта орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989779?lang=kk
Қырғызстан Республикасы Түп ауданы әкімшілігінің басшылары «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесін көрді Қырғызстан Республикасы Түп ауданы әкімшілігінің басшылары аудан басшыларымен бірге Кеген ауылдық округі әкімінің аппаратының жұмыс барысын көріп, тәжірибе алмасты. «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі- 2022 жыл салынған. 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. 09.05.2025
Қырғызстан РеспубликасыТүп ауданы әкімшілігінің басшылары «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесін көрдіҚырғызстан Республикасы Түп ауданы әкімшілігінің басшылары аудан басшыларымен бірге Кеген ауылдық округі әкімінің аппаратының жұмыс барысын көріп, тәжірибе алмасты.«Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты»мемелекеттік мекемесі- 2022 жыл салынған. 25 адамды жұмыспен қамтып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989782?lang=kk
Кеген ауылдық округінде "Дүниежүзілік тал - терек отырғызу күні" акциясы аясында, Маслихат депутаттары мен аудандық мекемелердің қызметкелері Райымбек көшесінде орналасқан аллея мен округ аумағында әр түрлі тал-теректер мен шырша, арша және қарағайдың көшеттерін отырғызды. 09.05.2025
Кеген ауылдық округінде "Дүниежүзілік тал - терек отырғызу күні" акциясы аясында, Маслихат депутаттары мен аудандық мекемелердің қызметкелері Райымбек көшесінде орналасқан аллея мен округ аумағында әр түрлі тал-теректер мен шырша, арша және қарағайдың көшеттерін отырғызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989786?lang=kk
Кеген ауылдық округінде "Дүниежүзілік тал - терек отырғызу күні" акциясы аясында, Кеген ауылдық округ әкімдігінің аппараның қызметкелері Атыхан көшесінде белгіленген орынға әр түрлі тал-теректер мен шырша, арша және қарағайдың көшеттерін отырғызды. 09.05.2025
Кеген ауылдық округінде "Дүниежүзілік тал - терек отырғызу күні" акциясы аясында, Кеген ауылдық округ әкімдігінің аппараның қызметкелері Атыхан көшесінде белгіленген орынға әр түрлі тал-теректер мен шырша, арша және қарағайдың көшеттерін отырғызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989788?lang=kk
Қостанайда жағалау мен Триатлон саябағының жаңарту жұмыстары жалғасуда 08.05.2025
Қала әкімі жағалау мен Триатлон саябағы аумағындағы абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді.«Шағала» жағалауын дамыту жобасы жалғасып жатыр. Биыл орталық көпірдің астында екі жағаны байланыстыратын жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынатын болады.Триатлон саябағында да абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Қалған негізгі кезең — Фролов көшесі жағынан кіреберіс кешенінің құрылысы. Жоспарға сәйкес, бұл аумақта аркалы әкімшілік-тұрмыстық кешен, коммерциялық нысандар және субұрқақ орнатылады.Саябақтың қолданыстағы инфрақұрылымын кеңейту аясында йогаға арналған алаң, мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген спорт аймағы және тыныш демалысқа арналған жасыл кеңістік пайда болады.Жарықтандыру жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Бұл саябақты қазіргі таңда серуендеуге қауіпсіз әрі жайлы орынға айналдырды. Мамыр айының соңына дейін орнатылған 16 бейнебақылау камерасының барлығы іске қосылады. Сонымен қатар, автоматты суару және дыбыстық хабарлау жүйелерінің монтажы да аяқталуға жақын.Көгалдандыру бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде: биыл саябақ аумағына қарағай мен шырғанақ секілді ағаштар отырғызылып, 60 мыңнан астам біржылдық гүлдер егілмек. Сондай-ақ, 2 мың шаршы метр рокарий мен көгал төселеді.Мердігер ұйымдарға барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/989749?lang=kk
ҚХР азаматы қазақстандық полицейлерге алғыс айтты 08.05.2025
амбыл облысы Мойынқұм ауданы маңында Қытайдан келген турист түскі ас ішу кезінде жеке құжаттарын жоғалтып алған. Аталған аумақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полицейлер құжаттарды тауып алып, жедел түрде иесін іздеуге кіріскен.Тәртіп сақшылары шетелдік азаматты қуып жетіп, оның жеке құжаттарын толықтай өз қолына табыстады. Сонымен қатар шетелдік азаматтың көлігіне жанармай құйып беріп, сапарына сәттілік тілеп, шығарып салды. Шетелдік азамат көрсетілген шынайы көмек пен жанашырлық үшін алғысын білдіріп, Қазақстан полициясының кәсіби әрі адамгершілікке негізделген қызметіне жоғары баға берді. Кейінірек ол әлеуметтік желіде алғыс білдірген бейнежазба жариялап, мұндай ықыластың өзіне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/989731?lang=kk
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Кеген ауылының қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орынына баратын жолдың аумағын тазалық жұмыстары жүргізілді. 08.05.2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Кеген ауылының қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орынына баратын жолдың аумағын тазалық жұмыстары жүргізілді.Тазалық акциясына Кеген ауылындағы мекемелер, басқарма мен мекемелердің қызметкерлері қатысты.Акция барысында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орынына баратын жолдың бойы мен аумағы тазаланып ретке, келтіріліп 1 тонна қалдықтар тазаланып жиналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989734?lang=kk
08.04.2025 Кеген ауылдық округінде пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде қайтарылып алынған 300 га суармалы жерді тұрғындарға үлестіріп беру жұмыстары толығымен аяқталды. Жер 5 га дан кезекте тұрған тұрғындарға егістік және көп жылдық шөп егу мақсатында беріліп, тұрғындар бірден жұмыстарды бастап кетті. 08.05.2025
08.04.2025 Кеген ауылдық округінде пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде қайтарылып алынған 300 га суармалы жерді тұрғындарға үлестіріп беру жұмыстары толығымен аяқталды. Жер 5 га дан кезекте тұрған тұрғындарға егістік және көп жылдық шөп егу мақсатында беріліп, тұрғындар бірден жұмыстарды бастап кетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989742?lang=kk
Дипломатия музыкасы: Қазақстан «Жібек жолы» турымен келген румындық «Мадригал» хорын қарсы алды 08.05.2025
Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Румынияның «Мадригал» ұлттық камералық хорының концерттік туры аясында Астанаға келген Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Джанина Ситарумен кездесу өткізді.Р.Василенко «Жібек жолы» турнесі шеңберінде Қазақстанның түрлі қалаларында, соның ішінде Астана мен Түркістанда бірқатар концерттер өткізетін әлемге әйгілі хордың келуіне орай қошеметін білдірді. Ол осындай мәдени іс-шаралардың халықтарды жақындастырудағы және мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-румын байланыстарын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Румыния арасындағы бұрыннан келе жатқан берік әрі достық қарым-қатынастарды ерекше атап өтіп, олардың бүгінгі күні қарқынды дамып, жаңа мазмұнды жобалармен толықтырылып келе жатқанын айтты.«Біз «Мадригал» хорының концерттері арқылы Румынияның бай мәдени мұрасымен танысу мүмкіндігі үшін алғысымызды айтамыз. Бұл мәдени шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр, осы тұста тарихи маңызға ие. Хордың орындауында тек Румынияның ғана емес, сонымен қатар Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдерінің әнұрандары бар. Сондай-ақ қазақтың сүйікті «Япырай» және «Әгугай» халық әндерінің ерекше аранжировкалары әсерлі», – деп атап өтті Р.Василенко.Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары, атап айтқанда, өңіраралық байланыстарды дамыту туралы пікір алмасты.Анықтама: Румынияның «Мадригал» ұлттық камералық хорын 1963 жылы көрнекті румын музыканты және дирижері Марин Константин құрды. Ұжымның репертуарында Ренессанс заманының, классикалық музыка, романтизм, Византия музыкасы, сондай-ақ румын және әлемдік композиторлардың заманауи туындылары бар. Қазақстандағы тур барысында ұжым көрермендерді румын мәдениетінің жан-жақтылығымен таныстырады. Бұл екі халық арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/989709?lang=kk
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ 08.05.2025
Сотта қаралады– өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледіШарт:- борыш мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайдыСауықтыру шаралары:- мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру - жаңа сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т. б.Артықшылықтары: -"банкрот"мәртебесі берілмейді - теріс салдарсыз (Қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)- қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін)- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі- қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.Қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша ақпарат алу үшін көрсетілген интернет-ресурстар бойынша хабарласа аласыз.Сотта қаралады– өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледіШарт:- борыш мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайдыСауықтыру шаралары:- мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру - жаңа сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т. б.Артықшылықтары: -"банкрот"мәртебесі берілмейді - теріс салдарсыз (Қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)- қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін)- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі- қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.Қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша ақпарат алу үшін көрсетілген интернет-ресурстар бойынша хабарласа аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/989686?lang=kk
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының отоларингологтарына мастер-класс өткізілді 08.05.2025
Әлемдегі ең үздік ЛОР-дәрігерлердің бірі Милан Профант Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының отоларингологтарына мастер-класс өткізді.Братислава университетінің ауруханасының медицина факультетінің Оториноларингология бас және мойын хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Милан Профант Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына келді. Бұл Алматы облысындағы медициналық практика үшін маңызды оқиғалардың бірі.Профессор Профант құлаққа күрделі операциялар жасаудағы шеберлігімен және кәсібилігімен танымал, есту қабілетінің төмендеуінен зардап шегетін науқастардың өміріне айтарлықтай әсер етіп, АККА-да бірқатар кохлеарлық имплантациялар жасады."Милан Профант-Словакияның отоларингология бас және мойын хирургиясы қоғамының бұрынғы президенті, бұл оның медицина саласындағы жоғары біліктілігі мен беделін көрсетеді. Оның тәжірибесі әртүрлі есту бұзылыстарынан зардап шегетін пациенттер үшін соңғы үміт болатын күрделі операцияларды қамтиды", - дейді отоларингология бөлімінің меңгерушісі Әсел Иманғалиева.Жалпы, есту қабілетінің төмендеуіне көптеген факторлар, соның ішінде генетикалық бейімділік себеп болуы мүмкін. Тұқым қуалайтын аурулар есту қабілетіне теріс әсер етіп жатады. Сондай-ақ, вирустық және бактериялық инфекциялар, соның ішінде отит, есту аппараттарына зақым келтіруі мүмкін. Дәрігердің бақылауынсыз қабылданған кейбір антибиотиктер мен басқа дәрілер есту қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуіне әкелуі мүмкін. Қартайған сайын дененің табиғи қартаюы есту қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, қатты дыбыстарға ұзақ уақыт әсер ету құлақтың сезімтал шаш жасушаларын зақымдауы мүмкін, бұл есту қабілетінің төмендеуіне әкеледі.Әрбір жағдай әртүрлі және нақты себебін анықтау үшін егжей-тегжейлі диагностика жүргізу маңызды."Кохлеарлық имплантация-бұл ауыр және терең есту қабілеті нашар адамдарда есту қабілетін қалпына келтіруге арналған медициналық процедура. Кохлеарлық имплант-бұл ішкі құлақтың зақымдалған жерлерін айналып өтіп, есту нервін тікелей ынталандыратын электронды құрылғы.Процедура мыналарды қамтиды:1. Хирургиялық араласу: операция кезінде имплант құлақтың ішіндегі сүйек кохлеясына (кохлея) орналастырылады.2. Құрылғыны орнату: емделгеннен кейін пациент құрылғының оңтайлы деңгейде жұмыс істеуі үшін бірнеше теңшеу сеанстарынан өтуі керек. Кохлеарлы имплантанттар көптеген пациенттерге есту қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі және олардың күнделікті өмірінің маңызды бөлігіне айналады", - деп қосты профессор Милан Профант.Дәрігерлерден көмек сұраған науқастардың бірі бала кезінен есту қабілетінің төмендеуінен зардап шеккен 27 жастағы қыз болды. Инфекциядан кейін және улы антибиотиктердің зияны туралы білмегеннен кейін оның есту қабілеті нашарлай бастады. Екі жоғары білімі бар және мектепті үздік бітірген қыз мансаптық өсу үшін жақсы есту қабілетінің қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Қолданыстағы есту аппараттары тиімді болмады және кохлеарлық имплантация туралы шешім қабылданды. Операция бір құлаққа сәтті жасалды және келесі жылы екінші құлаққа имплантациялау үшін қайта операция жоспарланған.Науқас, сондай-ақ оның жақындары Милан Профантқа және Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ұжымына кәсібилігі үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/989678?lang=kk
Әйелдердің құқықтары және Заңның үстемдігі: Мемлекет басшысының реформалары Лондонда талқыланды 08.05.2025
Лондон, 2025 жылғы 5 мамыр — Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінде «Қазақстандағы саяси реформалар: Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және Заңның үстемдігі» тақырыбында брифинг өтті.Іс-шарада ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко мен ҚР Сот жүйесі Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шакир Шаяхметов баяндама жасады. Брифингке Ұлыбританияның мемлекеттік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, сондай-ақ адам құқықтары мен гендерлік теңдікті қорғау салаларында жұмыс істейтін сараптамалық орталықтардың өкілдері қатысты.С.Василенко өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы жан-жақты баяндады. Атап айтқанда, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған институционалдық тетіктерді нығайтуға, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңның қабылдануына ерекше назар аударды — бұл әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам.Ш.Шаяхметов қазақстандық сот жүйесінде жүргізіліп жатқан негізгі реформаларға тоқталып, құқықтық үдерістерді цифрландыру, сот төрелігінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды таныстырды.Брифинг британдық сарапшылармен пікір алмасуға және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы заңның үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.Сонымен қатар сапар аясында С.Василенко Корольдік біріккен қорғаныс зерттеулер институтының (RUSI) және Лондондағы Корольдік колледж жанындағы Халықаралық радикализацияны зерттеу орталығының (ICSR) жетекші британ сарапшыларымен де кездесулер өткізді.Мазмұнды пікірталастар барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге қарсы күрес және радикалдануға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстанның әйелдер мен балаларды репатриациялау және қайта бейімдеу бойынша «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операциялары шеңберіндегі тәжірибесіне ерекше назар аударылды.Британдық әріптестер Қазақстанның осы бағыттағы тәжірибесін жоғары бағалап, оны жаһандық бастамалар аясында аса маңызды деп атап өтті. Олар бұл тәжірибені зерттеуге зор қызығушылық білдіріп, сараптамалық диалогты жалғастыруға және практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/989640?lang=kk
Солтүстіктің тыл ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды 08.05.2025
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тыл ардагерлерімен жылы әрі мағыналы кездесу өткізді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай оларға мерейтойлық медальдар табыс етілді — бұл соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен Жеңіске қосқан үлесі үшін құрмет белгісі. Ардагерлер сол ауыр кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті."Сіздердің төзімділіктеріңізге, рух күшіңізге және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңізге бас иеміз. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп келеміз. Сіздерге мың тағзым және мәңгілік алғыс!",- деп атап өтті өңір басшысы.Тыл ардагерлерінің еңбегі — бұл майдандағы ерлікпен тең. Соғыста жауынгерлер шайқасып жатқанда, балалар, жас жігіттер мен қыздарғ әйелдер егістікте, колхоздарда, зауыттарда, теміржолда тынымсыз еңбек етті. Күн-түн демей, тер төгіп, алғы шепті азық-түлік және қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп,  табандылықпен Жеңісті жақындатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/989625?lang=kk
Атырау облысында химия өнеркәсібі өнімдерінің көлемі үш айда 47,7 млрд теңгені құрап, 17,7%-ға өсті 08.05.2025
5 мамырда ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен химия және мұнай-химия саласын дамыту туралы Үкімет отырысы өтті. Жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов саладағы негізгі жобалар мен жетістіктер туралы баяндады.Аймақ басшысының айтуынша, арнайы экономикалық аймақта төрт ірі жоба іске асырылып жатыр:• KPI зауыты үш айда 97,8 мың тонна полипропилен өндірді. Жыл аяғына дейін зауыт 500 мың тонна толық жылдық қуатқа шығады деп күтіліп отыр. Былтыр мұнда 249 мың тонна өнім шығарылды.• «Силлено» полиэтилен өндіру зауытының құрылысы басталды. Жоба құны — 3,6 трлн теңге, қуаты — 1,25 млн тонна. Зауыт 2029 жылы іске қосылып, 800 жұмыс орны ашылады. • Бутадиен және одан шығарылатын өнімдер зауыты — «Татнефть» компаниясымен бірлескен жоба. Құрылысы 2025 жылдың екінші жартысында басталады. Құны — 408,4 млрд теңге, қуаты — 388 мың тонна. Іске қосылу мерзімі — 2027 жыл, құрылатын жұмыс орны — 800.• Терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіру зауыты — стратегиялық серіктес іздестірілуде. Жоба құны — 720 млрд теңге, қуаты — 620 мың тонна, іске қосу мерзімі — 2028 жыл, 800 жұмыс орны ашылады.Биылғы үш айда облыстың химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 47,7 млрд теңгені құрап, осы кезеңдегі былтырғы көрсеткіштен 17,7%-ға артты (2024 жыл — 5,9 млрд теңге).Полипропиленді қайта өңдеуге негізделген бірнеше өндіріс іске қосылып, 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Олар:• экструзиялық геосинтетикалық пленкалар (Intago ЖШС);• медициналық шприцтер (MedStarExport ЖШС);• тұрмыстық ыдыс-аяқ (Turan Plast West ЖШС);• полипропилен және полиэтилен қаптар (Kazchem ЖШС, Grand Materik ЖШС).Бұдан бөлек, стрейч-худ пленкасы, штапельді талшық, геотекстиль, геомембрана, геотор, пластик паллеттер мен канистрлер шығаратын жобалар жүзеге асырылуда. Бұл 500-дей жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Серік Шәпкеновтің айтуынша, жыл сайын жаңа әріптестік байланыс орнатуға және өткізу нарығын кеңейтуге бағытталған мұнай-газ химия өнімдерін өндірушілер форумы ұйымдастырылып келеді.Отандық полипропиленді қайта өңдеуді дамыту мақсатында «Форсаж» бағдарламасы енгізілді. Ол шикізатты жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама аясында KPI мен елдің 15 өңіріндегі 114 кәсіпорын арасында келісім жасалды. Олардың қатарында Шымкенттегі кілем шығару, Қызылорда облысындағы қорғаныс каскаларын жасау, Қостанай облысындағы өнеркәсіптік сүзгілер шығару, Ақмола облысындағы Big Bag қап шығару кәсіпорындары бар.Облыс әкімі сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, Атырау облысында жеке индустриялық аймақ құру мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Қытайлық инвестор Eurasia Construction Capital үшін 200 гектар жер телімі бөлінген. Сонымен қатар, Татарстанның «Химград» технополисінің операторымен де келіссөздер жүріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/989556?lang=kk
Көкшетауда тұңғыш рет республикалық тұлғалық музейлер фестивалі өтті 08.05.2025
5 мамыр күні Көкшетау қаласындағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры алаңында ерекше рухани-мәдени шара – «Мәңгілік тұлғалар» атты I республикалық тұлғалық музейлер фестивалі салтанатты түрде өтті. Бұл айтулы фестиваль Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына және оның есімін иеленген музейдің 30 жылдығына, сондай-ақ 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылды.Фестивальді Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облыстық мәдениет басқармасы мен Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – еліміздегі тұлғалық музейлердің өзара байланысын нығайту, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ұлы қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, музейаралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ заманауи форматтағы музей ісін ілгерілету.Шара аясында театр алаңында арнайы көрме павильондары орнатылып, еліміздің әр өңірінен келген 11 тұлғалық музей өз жәдігерлерін ұсынды. Қатысушылар мен қонақтар үшін қызыл кілем төселіп, сахна арнайы безендірілді. Қазақтың ұлттық киіміндегі 20 қыз баспалдақ алаңында қонақтарды дәстүрлі нақышпен қарсы алды.Фестиваль шеруі барысында Жамбыл Жабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұқағали Мақатаев, Ілияс Есенберлин, Ыбырай Алтынсарин, Әлия Молдағұлова секілді ұлы тұлғаларға арналған музейлер өз көрмелерін ұсынып, жұртшылыққа рухани серпіліс сыйлады. Олардың қатарында:Алматы облысынан Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі,Ақтөбеден Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейі,Қостанайдан Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі мен Ахмет пен Міржақып музейлері,Алматы облысынан Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі,Астанадан Ілияс Есенберлиннің әдеби музейі,Солтүстік Қазақстаннан «Абылай хан резиденциясы» музей кешені,Ақмоладан облыстық тарихи-өлкетану музейі, әдебиет және өнер музейі және Көкшетау қаласының тарихы музейі.Фестивальдің шарықтау шегі – осы шараның басты ұйымдастырушысы – Мәлік Ғабдуллин музейінің экспозициясы болды. 1995 жылы ашылған бұл музей бүгінгі таңда «Рухани қазына – 2022» республикалық байқауында «Ең үздік тұлғалық музей» атанған. Музей директоры Кенжебай Жәнібекұлы Мұқышев басқаратын ұжым өздерінің экспозициялық залдары арқылы Мәлік Ғабдуллиннің ерлікке толы өмір жолын, шығармашылығын, ғылыми-педагогикалық мұрасын кеңінен насихаттады.Фестивальдің ашылуында қонақтар мен көрермендерге арнап театрландырылған көріністер ұсынылып, қазақтың дәстүрлі музыкасы орындалды. Бұл – тұлғалардың ұлт тарихындағы орны мен рөлін ұрпаққа жеткізудің әсерлі үлгісі болды.Мәлік Ғабдуллин қазақ халқы үшін тек соғыс қаһарманы емес, сонымен қатар ұлттық руханият пен білімнің шамшырағы. Ол – ерлік пен парасаттың символы. Осы фестиваль арқылы оның тұлғасына тағзым жасап, ұлы бабалардың жолын жалғайтын жаңа буынға үлгі боларлық дүние ұйымдастырылды.«Мәңгілік тұлғалар» фестивалі ұлт руханиятын жаңғыртудағы маңызды қадам. Бұл дәстүр алдағы жылдары жалғасын табарына сенім мол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/989560?lang=kk
Агенттік сақтандыру нарығының келесі басшы қызметкерлерін бекітті 08.05.2025
Агенттік сақтандыру нарығының келесі басшы қызметкерлерін бекітті*: Алдамберген А.Ө. – Басқару органы мүшесі – тәуелсіз директор (2025 жылғы 17 маусымдағы №250/СО Хаттама);Любимов В.В. – Атқарушы органның мүшесі (2025 жылғы 17 маусымдағы №251/СО Хаттама);Шаухымбердиева Г.А. – Бас бухгалтер (2025 жылғы 17 маусымдағы №252/СО Хаттама);Уткин А.С. – Атқарушы органның мүшесі (2025 жылғы 24 маусымдағы №253/СО/Т Хаттама);Шерматов Ш.Ж. – Басқару органы мүшесі (2025 жылғы 27 маусымдағы №254/СО/Т Хаттама);Тайтуголева Е.С. – Басқару органы мүшесі (2025 жылғы 30 маусымдағы №255/СО Хаттама).* «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті органның басшы лауазымға орналасуға келісімі бар басшы қызметкер қосымша келісімінсіз бір сектор шеңберінде ұқсас лауазымға ауыса алады.Басшы лауазымына орналасуға берілген келісімдермен Сіз «Сақтандыру секторы» -> «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімдері» -> «Басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімі» бөлімінде басшылық лауазымға орналасуға берілген келісімдермен таныса аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1028045?lang=kk