Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерге гүл шоқтарын қою 28.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ШҚО музей-қорығының қызметкерлері «Жеңіс» мемориалдық кешені мен Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи орындар мен ескерткіштерге экскурсия өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерімізді еске алды. Экскурсия тарихи жадыны сақтауға, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге,  сондай-ақ, батырлардың ерлік істерін қастерлеп, мақтан тұтуға арналған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/983899?lang=kk
Біздің ардагерлер 28.04.2025
9 мамыр – Жеңіс күніне орай біз Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті ақсақал Сеитов Зұлхарнай Сеитұлы ардагердің үйіне арнайы барып, мерекемен шын жүректен құттықтап қайттық.Ардагер атамызды құттықтап қана қоймай, үй ішін тазалап, тұрмыстық көмегімізді де көрсеттік. Үйін реттеп, терезесін сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргіздік. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе әрі азаматтық борышымыз деп білеміз.Атамыз бізді қуана қарсы алып, соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Оның ерлігі мен өмір жолы – біз үшін үлгі. Осындай ардагерлеріміздің арқасында бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек.Жеңіс күні – ұрпақтар арасындағы байланыстың, құрмет пен алғыстың мерекесі. Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің қасиетті міндетіміз.#Жеңіскүні #деньпобедыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/983903?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ШҚО-да Қасым Қайсенов туралы «Адалдық сағаты» өткізілді 28.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған «Адалдық сағаты» бейнесабағын дайындады. Қасым Қайсенов –Кеңес Одағының Батыры, көрнекті партизан және «Халық Қаһарманы» Шығыс Қазақстан облысының тумасы, еліміздің тарихында елеулі із қалдырды.Бұл бейне Сабақтың мақсаты-жастар арасында патриотизм, адалдық және парасаттылық сияқты құндылықтарды насихаттау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті студенттер мен оқушыларды осы қасиеттердің маңыздылығын түсінуге шабыттандыру үшін сабақты облыстың барлық білім беру мекемелеріне жіберді.Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің аға офицері Г.Бекбаева Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде бейнесабақ ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар Қасым Қайсеновтың өмірі мен ерлігі туралы біліп, оның ҰОС-дағы Жеңіске және еліміздің әдебиетіне қосқан үлесін талқылады. Бұл іс-шара жастар арасында патриотизм мен тарихты құрметтеуге тәрбиелеудегі маңызды қадам болды.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/983907?lang=kk
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ! 28.04.2025
Мессенджерлерде Қостанай облысының әкімі бейнеленген жалған видео таратылуда. Онда облыс әкіміне қауіп төніп тұрғаны жөнінде айтылған-мыс. Аталған видео жасанды интеллект көмегімен жасалған.Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша Қостанай облысы әкімдігі құқық қорғау органдарына ресми түрде өтініш жолдады.Зиянкестер анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.Азаматтарды жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауап беретінін ескертеміз және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырамыз.Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/983939?lang=kk
ЕКІГЕ БІР МЕРЕЙТОЙ 28.04.2025
2025 жылғы 22 сәуірде Рудный қалалық мемлекеттік архиві Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжімен бірлесіп, Ы. Алтынсарин атындағы колледжде 38 жыл, оның ішінде 25 жыл директор қызметінде жұмыс істеген Досмағұл Еслямұлы Сүймековтің 85 жылдығы мен Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің 85 жылдығына арналған жұртшылықпен кездесу өткізді. Кездесуге колледж түлектері, оқытушылар, колледж ардагерлері мен студенттері, журналистер мен Рудный қаласының ардагерлері қатысты.  Кездесу қонақтардың Рудный қалалық архивінің архившілері Д.Е. Сүймековтің құжаттары бойынша дайындаған тақырыптық фотоқұжаттық экспозицияны, Рудный қаласының еңбек сіңірген азаматтарының жеке тектік құжаттар жинағынан және Меңдіқара педагогикалық колледжінің 1958 жылғы түлегі болған Д. Е. Сүймеков туралы бейнефильмді, содан кейін 1963 жылы Қостанай педагогикалық институтын бітіргеннен кейін туған училищесіне жұмысқа жіберілуінен басталды.                                                       Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі директорының м.а. Т.О. Ибраева И.Алтынсарин колледжінің тарихы туралы айтып берді. Рудный қалалық мемлекеттік архивінің басшысы Е.И. Селянина колледж директорларының бірі - 22.04.1940 жылы туған, құжаттары қалалық архивте мемлекеттік сақтауда тұрған Д.Е. Сүймеков туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын жинақтау көздерінің қатарына кіретін колледждің өзі туралы айтты. Сондай-ақ, колледж түлектері мен колледж ардагерлері сөз сөйледі. Соңында колледж қонақтары, оқытушылары мен студенттері Ы. Алтынсарин ескерткішіне және Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің ғимаратына орнатылған Д. Е. Сүймековтің мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды. Іс-шараның мақсаты: жастарды туған өлкенің тарихын зерттеуге баулу, ұрпақтың еңбек жолы мысалында ұрпақтар сабақтастығын сақтау, сондай-ақ архивтік құжаттарды насихаттау. Іс-шараға 52 адам қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/984007?lang=kk
Жеке кабинет– зейнетақы жинағыңызды бақылаудың ең қолайлы тәсілі 28.04.2025
Бірыңғайжинақтаушызейнетақықорынан (БЖЗҚ) берілетін төлемдердіңмөлшерітұрақтыәрітолықкөлемде аударылатынжарналардың сомасына тікелейбайланысты. Жеке шоттарға ай сайын аударылып отыратын жарналаринвестициялықтабысесебіненкөбейеді. Соныменқатар, олар 1998 жылданбергіеңбекөтілінрастайтынмаңыздыкөрсеткішболыпсаналады. Бұлөтілзейнетақыжүйесінеқатысумерзімінің ұзақтығын, сондай-ақмемлекеттік бюджет есебінентөленетінбазалықзейнетақыныңмөлшерінесептеуүшінқажет.БЖЗҚ зейнетақыжарналарыныңдұрыс және толық аударылуын, әсіресе, жарналаржалақыданұсталыпотырғанжағдайда жіті қадағалаудың маңыздылығынескертеді.Мұндай бақылау азаматтарға өз жинақтарының дұрыс қалыптасып жатқандығына көз жеткізіп, болашақта лайықты зейнетақы алуға мүмкіндік береді.Бүгінде БЖЗҚ-да жеке шоты бар әрбір азаматқа enpf.kz ресми сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетке еш қиындықсыз кіруге болады. Қызметтің бұл түрі арқылы жинақтардың жай-күйін бақылап, жеке шот бойынша жасалатын барлық операциялар туралы өзекті ақпаратты жедел ала аласыз. Жеке кабинетке тіркелу үдерісі өте қарапайым және мұндай қызмет түрімен алғаш рет танысып отырған жандар үшін де қолайлы.Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға бейім азаматтар үшін қосымша қолайлылық туғызады.Статистика: 2025 жылдың басынан бастап 1 наурызға дейінгі аралықта БЖЗҚ шоттарынан 5,4 миллион үзінді көшірме берілген. Оның ішінде 4,4 млн астамы (немесе 82%) электронды түрде ұсынылған. Бұл сандық қызметтердің кеңінен қолданылып жатқанын және азаматтардың ақпаратты онлайн алуға деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.Электрондық платформаларды пайдалану ақпарат алу кезіндегі қателіктердің орын алу ықтималдығын едәуір төмендетіп, БЖЗҚ-мен өзара әрекеттесуді жеңілдетеді. Бұл салымшыларға жарналардың уақытылы аударылмауы немесе басқа да мәселелер туындаған жағдайда, шұғыл түрде қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының жағдайын нақты бағалап, зейнетақы жинағын көбейтуге бағытталған шараларды алдын-ала қабылдауға жол ашады.Бүгінгі бақылау –сенімді болашақкепілі! БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/984054?lang=kk
«Жасыл кеңістік – болашаққа салынған жол» акция 28.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес апта көлемінде өтіп жатыр. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. 21-27 сәуір аралығында  «Жасыл аймақ» апталығы. Осыған орайда ағымдағы жылдың 24  сәуір күні   ШҚО мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  «Жасыл кеңістік – болашаққа салынған жол» акциясы  ұйымдастырылды.Кітапхана ауласында шырша және өзге де көшет отырғызылды. Көшет отырғызу рәсіміне кітапханамыздың оқырмандары және табиғат жаңашырлары, кітапхана қызметкерлері қатысты.Шара кітапхана қабырғасында құрылған «Керім-ай» би тобының бүлдіршіндерінің биімен ашылып,  жас кітапханашылардың флешмобымен жалғасты.«Жер ана» атты театрландырылған композициясы кітапхана аумағын абаттандыруға қатысушы оқырмандардың өз үлестерін қосуға ынталандырды. «Біз бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қатыстық. Егілген бұл ағаштар саялы баққа айналып, келешек ұрпаққа қызмет ететініне сенімдіміз» -деді белсенді кітапхана оқырманы Әли Ермекұлы.Экологияға  байланысты тақырыптық кітап көрмеде табиғатты, оның байлығы мен алуан түрлілігін сақтаудың өмірлік қажеттілігі  айтылды. Онда иллюстрацияланған энциклопедиялар мен басқа да ғылыми-көпшілік басылымдар ұсынылды.Көгалдандыру акциясы «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты танымдық ойынмен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/984083?lang=kk
«ХХ ғасырдың дәстүрлі халық өнерінің данышпаны» музыкалық қонақ бөлмесі Н. А.Тілендиевтің 100-на орай 28.04.2025
2025 жылғы 23 сәуірде  Риддер тарихи-өлкетану музейі Балалар музыка мектебімен бірлесіп, ЮНЕСКО қолдауымен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының шешімі бойынша Н. А.Тілендиевті еске алу жылы шеңберінде «ХХ ғасырдың дәстүрлі халық өнерінің данышпаны» атты музыкалық қонақ бөлмесін өткізді.Музыкалық қонақ бөлмесі есігін ашып, барлығын музыка мен өнердің әдемі әлеміне енуге шақырды. Музыкалық қонақ бөлмесінің тақырыбы Ұлы күйші, Ұлы Отан соғысының батыры, КСРО Халық әртісі, шебер музыкант, жанашыр басшы және педагог, биыл өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өткен композиторға арналды. Ол шығармалары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіліміне енгізілген алғашқы композитор болды.Іс-шарада қатысушылар маэстроның тағдыры мен шығармашылық мұрасымен танысты. Композитордың танымал шығармаларының концерттік бағдарламасын музыка мектебінің оқушылары мен педагогтары дайындады.Нұрғиса Тілендиевтің есімі отандық музыка тарихына алтын әріптермен жазылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/983441?lang=kk
Жұмыс кездесуі өтті 28.04.2025
   2025 жылдың 24 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаментінде алимент өндіру бойынша проблемалық атқарушылық іс жүргізулермен жұмыс істеу жөніндегі Іс-қимыл алгоритмі аясында жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті. Кездесу барысында берешек сомаларын өзектендіру және алимент өндіру бойынша атқарушылық істер санының азаюына бағытталған мәселелер қаралды.   Жұмыс тобы алиментке қатысты атқарушылық істерді әр бейсенбі сайын талдауды жоспарлап отыр: берешектің өзекті жағдайын тексеру, мерзімді орындалу туралы мәліметтерді қарау, сондай-ақ деректерді АІЖО ААЖ жүйесіне енгізу көзделген. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/983463?lang=kk
25 сәуір күні аудандық мәдениет үйінің сахнасында "Ах, қандай әйел!" сайысы өтті. 28.04.2025
25 сәуір күні аудандық мәдениет үйінің сахнасында "Ах, қандай әйел!" сайысы өтті. Бұл іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды. Сахнағы 60 және 80 жас аралығындағы 7 қатысушы шықты. Олардың барлығы ауданның түрлі ауылдық округтерінің тұрғындары. Іс-шара барысында байқауға қатысушылар өздері туралы айтып, түрлі таланттарын ұсынып, кешкі киімдерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар түрлі номинациялардың иегерлері атанды. Жеңімпаз дипломымен Байшуақ ауылының тұрғыны Раиса Маликовна Ижбульдина марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/983472?lang=kk
Жапония Парламентінде екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібі талқыланды 28.04.2025
Токио, 2025 жылғы 25 сәуір – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония Парламентінің Кеңесшілер палатасы мен Өкілдер палатасының депутаттары алдында екіжақты қатынастардың даму болашағы жөнінде сөз сөйледі.Е.Баударбек-Қожатаев Қазақстанмен достық жөніндегі Парламенттік лигасының бірлескен отырысына қатысушыларды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің 2025 жылғы 17-18 наурыз аралығында Токиоға жасаған ресми сапарының нәтижелері, сондай-ақ саяси және экономикалық салалардағы алдағы бірлескен іс-шаралар туралы хабардар етті. Елші сондай-ақ жапон тарапын Осакадағы ЭКСПО-2025 Дүниежүзілік көрмесінің ашылуымен құттықтап, оның «Өмірлерді біріктіру» аймағында орналасқан Қазақстан павильонында донорлық жүректі сақтау мен тасымалдауға арналған ALEM инновациялық құрылғысы ұсынылғанын атап өтті.Қазақстанмен достық жөніндегі Парламенттік лигасының Төрағасы Тошиаки Эндо Жапония депутаттарының Қазақстанмен өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге дайын екенін білдіріп, еліміздің Орталық Азиядағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.Іс-шараға қатысқан Жапония Премьер-министрінің Арнайы кеңесшісі Акихиса Нагашима цифрландыру мен жасыл энергетика салаларында жапондық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері туралы айта отырып, Қазақстанның демографиялық және көлік-транзиттік әлеуетін атап көрсетті.Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Масаки Ишикава еліміздің экономикалық әлеуетіне ерекше назар аудара отырып, Жапонияның Қазақстанға қатысты сыртқы саясатының негізгі бағыттары жөнінде ақпарат берді.Кездесу соңында түрлі саяси партиялар мен министрліктердің атынан шыққан Жапония Парламентінің депутаттары Қазақстан-жапон қарым-қатынастарының бірқатар аспектілері мен даму болашағы бойынша пікір алмасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/983523?lang=kk
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы патент зерттеушімен бірлесіп авторлық құқықты тіркеу мәселелері бойынша консультация өткізді. 28.04.2025
Qyzyljar Creative Center креативті орталығының базасында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы патент зерттеушімен бірлесіп авторлық құқықты тіркеу мәселелері бойынша консультация өткізді.Авторлық құқық туынды жасалған сәттен бастап туындайды және ешқандай тіркеуді және басқа формальдылықты қажет етпейтіні түсіндірілді. Алайда, құқықтар бұзылған жағдайда, тіркеу туралы куәлік автордың пайдасына қосымша дәлел болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/983540?lang=kk
«Жас сарбаз» шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері Түркиядағы халықаралық фестивальде Қазақстан атынан өнер көрсетті 28.04.2025
«Жас сарбаз» балалар студиясының бишілері Стамбулда өткен халықаралық балалар фестивалінде өнер көрсетті.Өнерпаздар байқауы Түркияның ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – ұлттық егемендік пен балалар күніне орайластырды.Студия тәрбиеленушілерінің фестивальге дайындығын ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының педагог-хореографы 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова басқарды.– «Жас сарбаз» студиясының бишілер мен домбырашылардан  тұратын 20 тәрбиеленушісі осындай керемет фестивальге қатысу мүмкіндігін алды. Түрік көрермені бізді өте жылы қабылдады. Қорғаныс министрлігінің басшылығына және балалардың шығармашылық дамуына ықпал еткен ата-аналарға рахмет, – деді А. Асылбекова.Түрік сахнасында домбырашылар ұжымы «Сарыарқа», «Адай», «Ата Тұран», «Балбырауын» күйлерін, ал бишілер «Ақ сауыт», «Домбыра», «Дәстүр», «Ат шабыс», «Қылықты қыздар» және «Самғау» композицияларын орындады.Альмира Асылбекова атап өткендей, «Жас сарбаз» би тобы өткен жылғы Дельфий ойындарының жеңімпазы және үздік балалар ұжымы ретінде халықаралық фестивальге қатысу үшін таңдап алынған болатын. Сондай-ақ, фестивальге Дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова қазақстандық делегация атынан қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/983572?lang=kk
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдер: қалай есептеледі, қайда жүгіну керек 28.04.2025
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдер: қалай есептеледі, қайда жүгіну керек   Зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдерге кімдердің құқығы бар?  Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес, БЖЗҚ-дан бекітілген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар:1) зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас);2) егер мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар;3) еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істеп, оның пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаты бар және осы зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатқан немесе денсаулыққа кері әсері жоқ басқа жұмысқа ауысқан, 55 жасқа толған азаматтарға (бұдан әрі - жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген 55 жасқа толғандар) беріледі.     Кесте бойынша берілетін төлемдер қалай есептеледі?  Кесте бойынша берілетін төлемдер былай есептеледі: зейнетақы төлемін ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері  республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ЕТК) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылы ЕТК деңгейі - 46 228 теңге). Тек 55 жасқа толған және жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген азаматтарға берілетін төлемнің есебі басқаша. Мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде 60 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады. Егер БЖЗҚ-дан төлем жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет бірақ беріледі.Түзету коэффициенттері 55 жасқа толған және олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген адамдарға қолданылмайды. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін алу үшін қайда және қашан хабарласуға болады?              БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуға байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы хабарласуы қажет. Мұны зейнет жасына 10 күн қалғанда жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте өтініш берілген күн болып өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні есептеледі. Егер алушы зейнет жасына толғанға дейін ертерек жүгінген болса - зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Әсіресе, бюджеттен төлемдер алу үшін уақытылы жүгінген аса маңызды, себебі оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет.БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мүгедектік белгіленген жандарға қайда забарласу қажет?             Мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы не БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.          БЖЗҚ-да мүгедектігі бар адамдар үшін үйінде/жұмыс орнында қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын-ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкіндігі тексеріледі.55 жасқа толған, олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген тұлғаларға қайда хабарласу қажет?   55 жасқа толған, олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген тұлғаларға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау шеңберінде проактивті қызмет көрсету арқылы не жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ банк шоты туралы мәліметтерді ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінген кезде тағайындалады.Егер аталған адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болса, онда бұл тұлғаға оларды алуға келісімі болған кезде міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан қосымша зейнетақы төлемдері тағайындалуы мүмкін. БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне жүгінбеген зейнеткерлерге қатысты қандай іс-шараларды жүзеге асырады?         Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) зейнет жасына толғанға  дейін 2 ай қалғанда 1414 нөмірінен зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын жердегі бөлімшесіне уақытылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Онда egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізіміне сілтеме беріледі. Яғни, мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді. Себебі, өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.         Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, осындай азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығын жыл сайын салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде оларға зейнетақы төлемдерін өтінішсіз-ақ аударады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/994382?lang=kk
Алматы облысында "Ауылға кітап" жобасы жалғасын тапты 28.04.2025
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасы аясында, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алматы облысында "Ауылға кітап" жобасы екінші жыл қатарынан іске асырылып жатыр.Жоба шеңберінде шалғайдағы ауыл мектептері мен жастар орталықтарына соңғы шыққан әдеби және танымдық туындылар демеушілер көмегімен тегін таратылуда.Өткен жылы демеушілік қолдаумен жалпы құны 10 миллион теңгеге 1000 дана кітап ауыл кітапханаларына жөнелтілсе, биыл 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, құны 2 миллион теңгеге бағаланған 600 кітап Балқаш, Кеген және Райымбек аудандарындағы жаңа ашылған жастар орталықтарына табысталды.Игі бастамаға қолдау көрсеткен – М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.Сыйға берілетін кітаптардың арасында қазақ руханияты мен мәдениеті үшін құнды еңбектер бар. Атап айтқанда, "Жыраулар поэзиясы", "Ұлы дала ойындары", "Алпамыс батыр", "Абай", "Мұхтар Әуезов", "Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор" сынды танымал еңбектер қамтылған.Салтанатты шараның негізгі мақсаты – ауыл жастарының кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық болмыс пен танымды қалыптастыруға жол ашу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almoblzhastary/press/news/details/983605?lang=kk
Шымкент қаласының мобильді желісін дамыту мақсатында екі мақсатты тіректер алғаш рет орнатылды. 28.04.2025
Шымкент қаласының мобильді желісін дамыту мақсатында екі мақсатты тіректер алғаш рет орнатылды. Аталған тіректер қаланың көркініне және байланыс желісін дамытуға әсерін беруде. Алдағы уақытта тірек қала аумағында ұлғаядыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/983614?lang=kk
Қазақстан мен Оман туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 28.04.2025
Маскат, 2025 жылғы 23 сәуір — Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов «Salam Air» авиакомпаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылдың 3 маусымынан бастап Масқат – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін аптасына 3 рет жиілікпен қайта жандандыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, туристік ағындарды арттыру, сондай-ақ екі елдің туристік компаниялары мен блогерлері үшін өзара жарнамалық турлар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.Кездесу қорытындысында Елші А.Тұматов «Salam Air» өкілдерін Қазақстанның туризм мен инвестиция саласында өзін жетекші халықаралық бағыт ретінде танытуға бағытталған бастамаларымен таныстырып, Қазақстан мен Оман арасындағы көлік қатынасы мен ынтымақтастықты нығайтудың өзара тиімді тұстарын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/983635?lang=kk
ХАБАРЛАМА! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізу туралы 28.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаменті «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ҮҮБ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2026 жылғы 4 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғалардан осы іс-шараға 2026 жылғы 4 мамырда сағат 11:00-де Көкшетау қ. Н.Назарбаев даңғылы 21а (акт залы) мекенжайы бойынша немесе ZOOM платформасы арқылы қатысуды сұраймыз.Қатысқысы келетіндер, сондай-ақ ZOOM сілтемесін алу үшін 8/7162/72-11-78, 87025251924 телефондары арқылы хабарласа алады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1209316?lang=kk
Қазақстан мен Латвия орман шаруашылығы саласында ынтымақтастықты нығайтуда 28.04.2025
Рига, 2025 жылғы 24 сәуір — Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвияның Мемлекеттік орман қызметінің Бас директоры Андис Пурспен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар орман шаруашылығы саласындағы қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстармен бөлісті. Озық технологиялар негізінде ормандарды жаңғырту, сондай-ақ орман өрттерімен күрес мәселелеріне баса назар аударылды.Осы орайда тараптар таяу арада сараптамалық делегациялармен алмасу мүмкіндігін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/983089?lang=kk
Баланы басқа балабақшаға ауыстыру тәртібі жөнінде туралы 28.04.2025
Сұрақтар туындаған жағдайда 54-36-14 нөмірі арқылы білім бөліміне хабарласа аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/983093?lang=kk