Қоғам
Алатау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобаның фронт-офисі ашылды 25.04.2025
Бүгін Алматы қаласының Алатау ауданындағы комьюнити орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының фронт-офисі ашылды. Жоба Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді.Ашылу рәсіміне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев, белсенді волонтерлер мен қоғам өкілдері қатысты.Салтанатты шара барысында Қанат Сәлімбаев жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, оның негізгі бағыттарын нақтылап өтті. Сонымен қатар, волонтерлерге тәжірибелік кеңестер беріп, бастамаларына сәттілік тіледі.«Бұл фронт-офистер жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға арналған маңызды алаң. Волонтерлер – қоғамдық сананы жаңартатын, өзгеріс әкелетін жаңа буын өкілдері», – деді Қанат Сәлімбаев.Айта кетейік, жоба іске қосылғаннан бері Алматы қаласындағы комьюнити орталықтарында, жоғары оқу орындарында 200-ден астам волонтер бірігіп, 10-нан астам семинар, дөңгелек үстел және ақпараттық кездесу өткізген. Аталған шаралар арқылы 1 000-нан астам азамат қамтылды. Волонтерлер қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеп, тек ақпараттық-ағартушылық шаралармен шектелмей, нақты нәтижелерге де қол жеткізуде.Мәселен, жоба басталғалы бері жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге бағаланған артық бағамен сатып алу әрекеттері анықталып, тиісті органдардың назарына ұсынылды. Бұл – волонтерлердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты үлесінің айқын көрінісі.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай фронт-офистер алдағы уақытта қаланың барлық ауданында ашылады. Бұл бастама жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, қоғамда әділдік, ашықтық пен сенім атмосферасын қалыптастыруға серпін бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/982376?lang=kk
«Алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру тәртібі» Баспасөз хабарламасы 25.04.2025
Өтініштерді қабылдау және лицензиялар беру www.egov.kz электронды үкімет веб-порталы, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы АЖ, http://internal.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия береді (беру мерзімі – 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей).Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия бергені үшін лицензиялық алымның мөлшерлемесі – 100 АЕК;аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда – 70 АЕК;ауылдық жерлерде – 30 АЕК.Алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудаға лицензия беру үшін лицензиялық алым мөлшерлемесі – 200 АЕК құрайды.Құжаттар тізбесі:- электронды құжат түріндегі өтініш;- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайлар (бөлшек саудада өткізу үшін), қойма үй-жайларын (көтерме саудада өткізу үшін) шартының электрондық көшірмесі;- біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны электрондық құжат нысанында толтырылады.Анықтама үшін: Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін немесе лицензияны алғанға дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді (БСК 105402).Алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу – алкоголь өнімін кейіннен тұтыну немесе коммерциялық емес пайдалану үшін фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалар, барлар мен дәмханалар аумағында, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойызының вагон-мейрамханаларында жүзеге асырылатын сату.Алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу – алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/982412?lang=kk
Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың ұлттық әдебиетінің майталманы» атты тарихи сағат өтті 25.04.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі – Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың ұлттық әдебиетінің майталманы» атты тарихи сағат өткізілді.Шара барысында бөлім меңгерушісі Гаухар Скабайқызы қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Сәбит Мұқанов – тек жазушы ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері. Оның шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихи оқиғалар мен заман тынысы кеңінен көрініс табады.Іс-шара барысында жазушының еңбектері, атап айтқанда «Ботагөз», «Сұлушаш», «Аққан жұлдыз» романдары мен өмірбаяндық жазбалары жөнінде мағлұматтар беріліп, қатысушылар оның шығармаларынан үзінділер тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/982417?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы серіктестіктің перспективалары талқыланды 25.04.2025
Астана, 2025 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасының Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Сайед Асим Мунирмен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы серіктестіктің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екі ел арасындағы сауда-инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.Атап айтқанда, екіжақты іскерлік байланыстардың әлеуетін ашуға ықпал ететін транзит-көліктік өзара іс-қимылын кеңейту мүмкіндіктері және осы бағыттағы нақты жобалар қарастырылды.М.Нұртілеу ауыл шаруашылығы, логистика, денсаулық сақтау, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/982440?lang=kk
ИКАО жанындағы ҚР-дың Тұрақты өкілі FALC-2025 қатысты 25.04.2025
2025 жылғы 14-17 сәуір аралығында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов Формальдылықты оңайлату жөніндегі ИКАО конференциясына (FALC-2025) қатысу үшін Катар Мемлекетінің астанасы Доха қаласына жұмыс сапарымен барды.Іс-шараға ИКАО Кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано, ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар, Катар Көлік министрі шейх Мұхаммед бен Абдалла бен Мұхаммед Әл Тани, Катар Авиациялық билігінің президенті Мұхаммед Фалех Әл Хажри, сондай-ақ басқа мемлекеттердің авиациялық билік органдарының басшылары, көлік және азаматтық авиация министрлері мен вице-министрлері, ИКАО-ға мүше елдердің тұрақты өкілдері және ИКАО құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.Қазақстандық делегацияның құрамында министрлердің қатысуымен өткен жоғары деңгейлі отырысында баяндама жасаған Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ өкілдері болды.Конференция алаңында қазақстандық делегация ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесті.ИКАО басшысы өткен жылдың желтоқсан айында Ақтау қаласында Әзербайжан әуе көлігінің апатқа ұшырау себептері туралы алдын ала жарияланған баяндаманы және осы авиациялық оқиғаға тергеу жүргізу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жоғары бағалады. Қазақстанның азаматтық авиацияны дамытудағы өңірдегі көшбасшылығы аталып, Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытудың Мастер-жоспарын әзірлеу және Қазақстанда өңірлік ИКАО іс-шараларын өткізудегі ынтымақтастық талқыланды.Қазақстандық тарап ИКАО бастамаларын қолдауға өзінің бейілділігін растады.Сонымен қатар, Әуе көлік бюросының (ATB) директоры Мұхамед Рахмамен және Катар Мемлекетінің авиациялық билік органдарының басшысымен кездесулер өтті. Олардың барысында Әмбебап аудит бағдарламасы (USAP-CMA) аясында Қазақстандағы алдағы ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік бойынша аудит мәселелері мен халықаралық авиация саласындағы өзара қолдау және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.Конференция барысында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде әуежайдағы формальдылықты жеңілдету, жолаушыларды идентификациялау, төлқұжаттарды тексеру және т.б. кең ауқымды мәселелердің қарастырылғанын бөлек атап өткен жөн.Конференцияға қатысушылар формальдылықты жеңілдету жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша өздерінің ой-пікірлерімен және көзқарастармен бөлісті.Конференцияның қорытындысы бойынша Дохалық декларация қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/982453?lang=kk
Биыл өңір тұрғындарын газбен қамту деңгейі 82 пайызға жетеді 25.04.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде газ саласын дамыту және цифрландыру, ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан соң аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте газдандыру жобаларына, мәдени мұраларды сақтауға қатысты тапсырмалар жүктелді.«Газдандыру жобаларын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды қамтамасыз етіңіздер. «ҚазақГаз Аймақ» мекемесінің қолданыстағы инвестициялық бағдарламасының мерзімі аяқталады. Алдағы бесжылдыққа жаңа инвестициялық бағдарлама дайындалуы тиіс. Ескерткіштер аумағына ақпараттық тақтайшалар, жол белгілерін орнатып, ауласына санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру керек. «Руханият орталықтарындағы» аудан тарихы музейлерінің экспозицияларын ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енген тарихи жәдігерлермен толықтырыңыздар. Президентіміз бен Үкімет тарапынан экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға баса мән берілуде. Өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласында 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Өнеркәсіпті дамыту қоры сараптамасының екінші кезеңінен барлық жобаның өтуін қамтамасыз етіңіздер. Мамыр айында елімізде маңызды қоғамдық-саяси шаралар өтеді.1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, бұдан бөлек, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Мерекелерді негізгі идеологиялық бағыттар аясында жоғары деңгейде атап өтуіміз қажет. Президент Әкімшілігі бекіткен тұжырымдамаға, көрсетілген ұстанымдарға сәйкес жұмыс жүргізілуі тиіс», – деді Н.Нәлібаев.Айта кету керек, аймақта елді мекендерді газдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Өңірдегі қалалар мен аудан орталықтары түгелдей, оған қоса 45 ауыл табиғи газға қосылған. Өткен жылы газдандыру жобаларына 30 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, 11 елді мекеннің 40 мыңға жуық тұрғыны газ тұтынуға көшті. Жыл басынан бері тағы 5 елді мекен газдандырылып, өңір халқын газбен қамту деңгейі 80,8 пайызға жетті. Биыл газдандыру жобаларына 6 млрд. 100 млн. теңге қаржы бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/982224?lang=kk
Таза Қазақстан – таза болашақ 25.04.2025
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында 21-26 сәуір күндері аралығында «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде.Аталған науқан аясында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» бағыттарында еліміздің барлық өңірлерінде түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.Осы бастаманың жалғасы ретінде Қармақшы ауданында «Киелі мекен» акциясы өтті. Атап айтқанда, «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінің аумағында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылып, оған аудан ардагерлері, белгілі спортшылар, мәдениет саласының өкілдері және белсенді жастар қатысты.Сонымен қатар, аудан көлеміндегі Марал баба кесенесі мен басқа да тарихи-киелі орындарда, саябақтар мен қоғамдық демалыс аймақтарында санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Аталған жұмыстар ауданның барлық елді мекендерін қамтыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/982240?lang=kk
Қазақстанның Қорғаныс министрі Пәкістан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен кездесті 25.04.2025
Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Астанаға ресми сапармен келген Пәкістан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Сайед Асим Мунирмен келіссөздер жүргізді. Бұл соңғы он жылдағы осындай деңгейдегі алғашқы кездесу және бұл екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайтуға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.Тараптар бітімгерлік қызметті, әскери-техникалық ынтымақтастықты, медициналық қамтамасыз етуді, жауынгерлік даярлықты және арнайы операциялар күштерін оқытумен қатар, екіжақты өзара іс-әрекеттің негізгі бағыттарын талқылады. Қазақстан бітімгерлік жөніндегі халықаралық келісімге қол қоюға дайын екенін білдіріп, оның әріптестікті нығайтуға маңызды қадам болатынын атап өтті.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Пәкістанның бірқатар әскери салаларда айтарлықтай тәжірибесі барын және Қазақстанның білім мен тәжірибе алмасуды дамытуға мүдделі екенін айтты.Өз кезегінде генерал Сайед Асим Мунир жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Пәкістан тарапы келісілген барлық бағыттар бойынша ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.Сапар қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет ретінде «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/982264?lang=kk
Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады 25.04.2025
23 сәуір Ұлттық кітап күнінде және ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде ерекше шара өтті.Абай даңғылы бойындағы 500 метрлік гүлзар алаңы әдебиет пен өнердің, технология мен руханияттың тоғысқан алаңына айналды. Алғаш рет өткен «Кітап әлемі» атты book tourism форматындағы мерекелік шара қала жұртшылығын шынайы әдеби сапарға жетеледі.Рухани-танымдық шара «Кітаппен дос боламыз» атты жарқын флешмобпен ашылды. Қатысушылар арасында мектеп оқушылары, кітапхана қызметкерлері және жас өнерпаздар бар. Алаңда орнатылған LED экраннан кітап туралы бейнероликтер көрсетіліп, жиналған қауымға айырықша әсер қалдырды.Салтанатты ашылу сәтінде облыс әкімі Асхат Шахаров, өңіріміздің танымал ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, кітаптың адам өміріндегі маңызына мән берді.«Бүгін елімізде Ұлттық кітап күні аталып өтуде. Өздеріңізге мәлім, бұл күн Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамасы және үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында айтылған үндеу негізінде ресми түрде бекітілді. Облыс көлемінде кітапхана ісін жаңғырту, цифрлық ресурстарды дамыту, жас оқырмандардың қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні облыс кітапханаларының жалпы кітап қоры – 3 506 381 дананы құрайды. 2024 жылы кітапхана қызметін 297 837 адам пайдаланды. Сонымен қатар, биылғы жылы кітап қоры 64 353 жаңа басылыммен толықты. Біз кітапханаларды жаңғырту, цифрландыру бағытындағы жұмыстарды да жалғастырамыз», - деп атап өтті Асхат Шахаров.Мәдени шараның басты ерекшеліктерінің бірі – әдеби шығармалардың кейіпкерлерінің «тірілуінде». Т.Ахтанов театрының әртістері Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Қадыр Мырза Әли мен Қуандық Шаңғытбаевтың бейнелерін сомдап, өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Пушкин мен Лермонтов бейнесі де бұл шарадан табылды. Балалар мен жасөспірімдер, жастар, үлкендер әдебиет алыптарымен естелік суретке түсті. Сондай-ақ, көпшілік назарына ұсынылған әдеби мюзикл – «Сезім мен сырдың ақыны – Мұқағали Мақатаев» қойылымы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі ақынның терең ойлы жырлары мен жүрек тебірентер сазды әуендерін үйлестіре отырып, сахнада шынайы рухани көріністі паш етті. «Алақай» қуыршақ театры, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Ahash Media Studio оқушылары әзірлеген әдеби монтаждар, «Ақтөбе – өлең өлкесі» атты поэтикалық композициялар әдебиеттің сан қырын аша білді.«Бүгінгі шара бізге кітап тек парақ емес, ол – өмірдің өзі екенін еске салды. Немереммен бірге келдім. Оған бәрі қызық, тіпті роботтар мен ертегілер көрмесіне кіріп, кітап оқуға деген құштарлығы оянғандай болды», – дейді зейнеткер Сара апай.Шараның тағы бір ерекшелігі – үш бағыттағы көрменің ұйымдастырылуында. «Абай мұрасы» көрмесінде ұлы ақынның еңбектері мен ұлттық әдеби мұралар таныстырылды. «Интернет кафе» бөлімінде заманауи технологиялар мен робототехника бұрышы жасақталып, балалар жаңа білім әлеміне үңілді. Ал «Ертегілер елінде» кеңістігі кішкентайларға арналған әдеби-танымдық әлемге айналды.Әрбір көрмені өңір басшысы жіті қарап шықты. Оқушылардың жатқа оқыған өлең жолдарын тыңдап, өнерлерін тамашалап, олармен кітап туралы әңгімелесті. Бірнеше кішкентай ақтөбелікке арнайылап сол жердегі кітап дүкендерінен кітап сатып алып беріп, үлестірді.Бүгінгі шараны өткізудегі басты мақсат – кітап оқуды насихаттау, жастар мен балалардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.Шара ұйымдастырушылары әр сенбінің кешінде сағат 18:00-20:00 аралығында қала тұрғындары үшін 5 алаңда (Абай даңғылындағы гүлзар, Н.Байғанин кітапханасы орналасқан алаң, Әдебиет алаңы, Триатлон және Астана саябақтары) жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/982283?lang=kk
101.04 салық есептілігі нысанын жасау қағидаларындағы өзгерістер 25.04.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 бұйрығымен және ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 783 бұйрығымен бекітілген «Бейрезиденттердің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04 нысаны)» салық есептілігін жасау Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.Редакция 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және салық агенттерімен Салық кодексінде көзделген жеңілдіктерді қолданудың негізділігін бақылауды жетілдіруге бағытталған.Негізгі өзгерістер:- 101.04-нысанда Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын кірістер көрсетілуі тиіс.- Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс болып табылмайтын төлемдер де есепке алынады.Әкімшілік жүктемені азайту мақсатында есептілікке тек жылдық жиынтық мөлшері 50 000 АҚШ долларынан асқан жағдайда ғана аталған төлемдер енгізіледі (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта). Сондай-ақ валюталық қайта есептеу Салық кодексінің 647-бабына сәйкес жүзеге асырылады.Бұл өзгерістер есептілікте толық ақпараттың көрсетілуіне және оның негізінде жіберілетін хабарламалар санының азаюына әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/982313?lang=kk
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» 25.04.2025
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ✓4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сәйкес 01.05.2025ж. – 01.06.2025 ж. аралығында «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ-сі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/981935?lang=kk
«АВИЦЕННА: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІРІНШІ ТОБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ 25.04.2025
«АВИЦЕННА: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІРІНШІ ТОБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ2025 жылғы 22 сәуір, Астана қ. – KazAID агенттігі жүзеге асыратын «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасының бірінші ағымының қатысушыларына салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Сертификаттарды KazAID төрағасы Аркен Арыстанов және Қазақстандағы Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігінің (TIKA) үйлестірушісі Фуат Ердоғмуш табыстады.«Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы Орталық Азия елдерінің медициналық жоғары оқу орындарының студенттерін Қазақстанда оқытуға бағытталған. Алғашқы топ Қырғызстаннан келген студенттер үшін ұйымдастырылып, олар Астана медицина университетінде теориялық және практикалық білім алып, қазақстандық студенттермен тәжірибе алмасты.Бағдарлама негізгі медициналық бағыттар бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарды, сондай-ақ Қазақстан астанасының көрнекті орындарына экскурсиялармен толықтырылған мәдени бағдарламаны қамтыды.Оқыту KazAID грантының арқасында қатысушыларға тегін ұсынылды.Қазақстан, медициналық білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы озық тәжірибесімен, өңірлік ынтымақтастықты нығайта отырып, болашақ мамандармен өз білімін және тәжірибесін бөлісуді мақсат етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/981970?lang=kk
«Құқық кабинеті» 25.04.2025
2025 жылдың 22 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп Мичурин ауылдық округінде «Құқық кабинетін» ашты. «Құқық кабинеті» - азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасын өз бетінше зерделеуіне арналған, құқықтық ақпараттық жүйеге қолжетімді жұмыс орны. Құқық кабинеттері - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпарат алып, заңнаманы өздігінен зерттеу дағдыларын қалыптастыра алатын орын. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/981989?lang=kk
ҚР Президентінің жанындағы МБА магистранттарымен кездесу 25.04.2025
Дубайдағы Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарымен кездесу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/981998?lang=kk
"Azizi Group" төрағасы Мируаис Азизимен кездесу 25.04.2025
Дубай Әмірлігіндегі жетекші құрылыс компанияларының бірі "Azizi Group" төрағасы Мируаис Азизи мырзамен екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында кездесу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/982002?lang=kk
Бұқтырма су қоймасын балықтандыру бойынша іс-шаралар өткізілді. 25.04.2025
"Қараөткел" Ш/Қ Бұқтырма су қоймасын балықтандыру бойынша іс-шаралар өткізілді. 950 мың дана рипус личинкалары әкелінді және шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/982024?lang=kk
"Стоп Кредит"құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 25.04.2025
ШҚО бойынша ВАК отырысының қорытындысы бойынша , құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша хаттамалық шешімге сәйкес округ әкімі аппаратында ұйымдардың қызметкерлерімен, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл және «Стоп-кредит» онлайн қызметі бойынша түсіндірме әңгіме өткізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/982045?lang=kk
Жеңіс күні – 9 мамыр мерекесіне әлеуметтік көмек төлеу 25.04.2025
Саран қалалық мәслихатының «Саран қаласы мен Ақтас кентінің әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай қайтыс болғандардың әйелдеріне және ҰОС мүгедектерінің отбасыларына, ҰОС қатысушыларының отбасыларына 50 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді, бейбіт уақытта әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқандарға – 50 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне 100 мың теңге. Барлығы 173 адам төлем алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/982061?lang=kk
Алматы қаласын абаттандыру ережелерін сақтау бойынша рейд 25.04.2025
Алмалы ауданының қоршаған орта және экология жай-күйінің мониторингі бөлімінің қызметкерлері табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп, Алматыны абаттандыру қағидалары шеңберінде рейд жүргізді.Не істелді:* Заңды тұлғаларға бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескерту берілді* Профилактикалық әңгіме жүргізілді* Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша бұзушылықтар тіркелді және хаттамалар жасалды Таза аумақ-әркімнің жауапкершілігінің нәтижесі!@akimat_almaly@ecology_monitoringАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/982084?lang=kk
Тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша жіктеу 25.04.2025
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлар номенклатурасы (әрі қарай — ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша тауарларды белгіленген ережелерге сәйкес белгілі бір тауарлық позицияға жатқызу рәсімін білдіреді.ЕАЭОСЭҚТНкодыныңдұрыстаңдалуыкедендіктөлемдердіңмөлшерін, тыйымдарменшектеулердісақтауқажеттілігін, сондай-ақтарифтікжәнетарифтікемесреттеушараларынқолданудыанықтайды.Жіктеупроцесітауардыңсипаттамаларын: оныңмақсатын, құрамын, функциясын, сондай-ақалынғанақпараттыЕАЭОСЭҚТНережелеріменсалыстырудықамтиды. Бұлреттекелесіқұралдарқолданылады:- ЕАЭОСЭҚТНинтерпретациясыбойыншажалпыережелер;- Бөлімдерментоптарғаарналғанескертпелер;- ЕАЭОСЭҚТНтүсіндірмелері;- ЕАЭОшеңберіндеқабылданғанжіктеупрактикасыжәнешешімдер.ЕАЭОСЭҚТНкодындербесанықтаудақиындықтартуындағанжағдайда, сыртқыэкономикалыққызметкеқатысушытауардыжіктеубойыншаалдыналашешімалуүшінөтінішбереалады. Мұндайшешімұсынылғанқұжаттарментауарсипаттамасынегізіндешығарылады.Тауарларды жіктеу — бұл жай ғана формалды рәсім емес, ол тауарларды кедендік шекара арқылы заңды және тиімді өткізуге мүмкіндік беретін маңызды тетік. ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша кодты сауатты айқындау тәуекелдерді азайтып, рәсімдерді жеңілдетеді және барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Жіктеуге мұқият қарау, ережелерді білу және алдын ала шешімдерді қолдану сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға құқықтық алаңда сенімді және болжамды әрекет етуге жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/982118?lang=kk
