Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Алматы қаласын абаттандыру ережелерін сақтау бойынша рейд 25.04.2025
Алмалы ауданының қоршаған орта және экология жай-күйінің мониторингі бөлімінің қызметкерлері табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп, Алматыны абаттандыру қағидалары шеңберінде рейд жүргізді.Не істелді:* Заңды тұлғаларға бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескерту берілді* Профилактикалық әңгіме жүргізілді* Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша бұзушылықтар тіркелді және хаттамалар жасалды Таза аумақ-әркімнің жауапкершілігінің нәтижесі!@akimat_almaly@ecology_monitoringАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/982084?lang=kk
Тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша жіктеу 25.04.2025
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлар номенклатурасы (әрі қарай — ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша тауарларды белгіленген ережелерге сәйкес белгілі бір тауарлық позицияға жатқызу рәсімін білдіреді.ЕАЭОСЭҚТНкодыныңдұрыстаңдалуыкедендіктөлемдердіңмөлшерін, тыйымдарменшектеулердісақтауқажеттілігін, сондай-ақтарифтікжәнетарифтікемесреттеушараларынқолданудыанықтайды.Жіктеупроцесітауардыңсипаттамаларын: оныңмақсатын, құрамын, функциясын, сондай-ақалынғанақпараттыЕАЭОСЭҚТНережелеріменсалыстырудықамтиды. Бұлреттекелесіқұралдарқолданылады:- ЕАЭОСЭҚТНинтерпретациясыбойыншажалпыережелер;- Бөлімдерментоптарғаарналғанескертпелер;- ЕАЭОСЭҚТНтүсіндірмелері;- ЕАЭОшеңберіндеқабылданғанжіктеупрактикасыжәнешешімдер.ЕАЭОСЭҚТНкодындербесанықтаудақиындықтартуындағанжағдайда, сыртқыэкономикалыққызметкеқатысушытауардыжіктеубойыншаалдыналашешімалуүшінөтінішбереалады. Мұндайшешімұсынылғанқұжаттарментауарсипаттамасынегізіндешығарылады.Тауарларды жіктеу — бұл жай ғана формалды рәсім емес, ол тауарларды кедендік шекара арқылы заңды және тиімді өткізуге мүмкіндік беретін маңызды тетік. ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша кодты сауатты айқындау тәуекелдерді азайтып, рәсімдерді жеңілдетеді және барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Жіктеуге мұқият қарау, ережелерді білу және алдын ала шешімдерді қолдану сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға құқықтық алаңда сенімді және болжамды әрекет етуге жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/982118?lang=kk
Шеңгелді ауылында күрделі жөндеуден өткен дәрігерлік амбулатория ашылды 25.04.2025
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жасалып, медициналық нысан қолданысқа берілді.Амбулаторияның ашылу салтанатына Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады.Медициналық нысан бір ауысымда 100 адамды қабылдай алады. Мекемеде медициналық және профилактикалық тексерулер және ерте диагностика бойынша қызметтер көрсетіледі. Енді Шеңгелді ауылдық округіне қарасты алты елдімекеннің 7 мыңға жуық тұрғыны қажетті медициналық көмекті алу үшін амбулаторияға жүгіне алады.Мұнда жалпы практика дәрігерлері, педиатр, балалар тіс дәрігері, мейірбикелер мен кіші мейірбикелер жұмыс істейді. Ал дәрігер-гинекологтар Қонаев қаласынан келіп, кестеге сай қызмет етеді. Шұғыл жағдайлар болса, науқастар бірден қалаға жөнелтіледі. Амбулатория УДЗ, лаборотория, рентген секілді озық техникалармен жабдықталған.Бұл Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам. Әрбір азаматтың заманауи медициналық көмекке қол жеткізуі үшін ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды одан әрі жалғастыру жоспарлануда.Сонымен қатар бұл күні халық Наурыз мерекесін тағы да атап өтіп, киіз үй тікті, ақ дастархан жайды. Олар бір-бірін жылдың жақсы басталуымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.«Бұрын осы жерде өзім де қызмет еткенмін. 1970 жылдары іргесі қаланған нысан бүгінде жаңғыртылып, елге қызмет ету үшін ашылды. Өте қуаныштымын. Ауылымызда жақсы жаңалық көп болып, қарыштап-дами берсін!» – деді тұрғын Қарлығаш Қосбаева.Ал Қонаев қаласының өнерпаздары халыққа шағын концерттік бағдарлама ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/982122?lang=kk
Алматы облысында 1200 тұрғыны бар ауылда фельдшерлік пункт ашылды 25.04.2025
Енді жергілікті жұрт шалғайдағы қалаға, аудан орталығына сабылмайдыБалқаш ауданына қарасты Миялы ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт іске қосылды. Нысан «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында салынды.Мекеме 1200-ден астам ауыл тұрғынына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған. Құрылысына облыстық бюджеттен 220 млн теңге бөлінген. Ғимаратқа ауыз су құбыры мен кәріз жүйелері тартылған. Медициналық нысанның 15 бөлмесі бар. Олардың іші фельдшерлік-акушерлік пунктке қажетті құрал –жабдықтармен қамтамасыз етілген.Ал аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың айтуынша, 270 шаршы метр аумақта орналасқан нысан 15 адамға бір уақытта қызмет көрсете алады. Құрылыс жұмыстары 4 айда аяқталып, қазіргі таңда барлық медициналық жабдықтар мен жиһаздар орнатылған. Партия өкілдері бұл нысан ауыл халқына медициналық көмекті қолжетімді етудің нақты қадамы екенін айтады.«Анализ тапсыру үшін енді 55 шақырым қашықтағы аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Тіпті қажет болған жағдайда қаладағы ауруханаларға жолдама беріледі. Бұл – партияның шалғай ауылдарға медициналық көмекті жақындату бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі», – деді «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбай.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлімбек Тәжіков мәліметінше, бұл тек бір ауылға арналған жоба емес. Мұндай медициналық мекемелерді көбейту арқылы өңірдің барлық шалғай елді мекендерін дәрігерлік көмекпен қамту көзделіп отыр.«Біз үшін әр азаматтың заманауи медициналық көмекке қол жеткізуі маңызды. Сол үшін қазіргі уақытта ауылдық жерде денсаулық сақтау нысандарын салу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қолданысқа берілген фельдшерлік-акушерлік пункт осының дәлелі. Жыл аяғына дейін 30-дан астам медициналық мекеме қолданысқа берілмек», – дейді Әлімбек Тәжіков.Ауыл тұрғындары үшін ғимарат қана емес, дәрігердің тұрақты жұмысы да маңызды. Осы мәселені шешу үшін өңірде нақты шаралар қолға алынуда. Бұған дейін «AMANAT» партиясы ауылға келген жас мамандарға 10 млн теңге көлемінде жәрдемақы беру бастамасын көтерген еді. Соның нәтижесінде, аса тапшы мамандық иелеріне 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем беру қарастырылып отыр. Бұл қолдау тек белгілі бір мамандықтарға ғана тиесілі. Шарт бойынша дәрігерлер кемінде 5 жыл ауылда жұмыс істеуі тиіс.Айта кету керек, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде биыл 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт салу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/982128?lang=kk
ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰЖАТТЫҚ КӨРМЕ ЖАЛҒАСУДА 25.04.2025
       Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толуына орай, Ордабасы аудандық мәдениет сарайында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві кезекті «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты жылжымалы құжаттық көрмесін өткізді.       Зиялы қауымдар жылжымалы көрмеде 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан Ордабасылық жауынгерлердің ерлігі, майдандағы жорықтары мен алған марапаттары туралы архив қорында сақталған құжаттарға негізделіп жасақталған көрме мәліметтерімен танысты.       Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей сөз сөйледі. Осы орайда, танымдық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруда Ордабасы ауданы әкімдігіне, аудандық ардагерлер кеңесі және аудандық мәдениет үйінің басшылығына, сондай ақ білім мекемелеріне алғысын айтты.       Дәл осылай кезекті жылжымалы құжаттық көрме Бәйдібек ауданы, Жастар сарайында жалғасын тапты.       Шаралар барысында архив мекемесінің басшысы Гүлнар Сәдібекқызы мен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Баһрам Пазылов сөз сөйлеп, қасіретті жылдардың адам төзгісіз ауыр сәттері туралы айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/982137?lang=kk
Қазақстан мен Хорватияның сыртқы істер министрлері саяси диалогты дамыту және экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады 25.04.2025
Астана, 2025 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманмен Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында кездесу өткізді.Келіссөздердің басты тақырыптары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері болды. Ерекше назар Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленковичтің Қазақстанға алдағы сапарына және оның Астана халықаралық форумына қатысуына аударылды. Сонымен қатар тараптар 2024 жылғы қарашада М.Нұртілеудің Загребке жасаған сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтарды іске асырудың практикалық қырларын егжей-тегжейлі талқылады.«Хорватия – Қазақстанның Балқан аймағындағы және Еуропалық одақтағы негізгі серіктестерінің бірі. Экономикалық ынтымақтастық – қарым-қатынасымыздың басымдығы әрі оны ілгерілететін маңызды қозғаушы күш», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.Өткен жылы өзара сауда көлемі 282 млн АҚШ долларын құрап, Хорватияны Еуроодақ елдері арасында Қазақстанның ірі 15 сауда серіктесінің қатарына енді.Өз кезегінде Г.Грлич-Радман Хорватия Үкіметінің Қазақстанмен өзара қызығушылық тудыратын барлық салада жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға берік ниетін растады. Басты басымдық берілген бағыттар ретінде энергетика, көлік және логистика, фармацевтика, туризм және ауыл шаруашылығы аталып өтті.Министрлер сапар аясында ұйымдастырылған «Қазақстан-Хорватия» бизнес-форумы мен «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар паркіне жасалатын сапар екі елдің іскер топтары үшін байланыстарды кеңейтуге және қолайлы жағдай жасауға ықпал ететініне сенім білдірді.ҚР СІМ басшысы бүгінгі іс-шараны Қазақстан мен Хорватия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған саяси диалогты жандандырудың бастамасы болатынын баса айтты. Бұл кездесу дәстүрлі достық екіжақты қарым-қатынастардың дамуындағы өсіп келе жатқан динамиканы көрсететінін атап өтті.Мәдени-гуманитарлық салада екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары студенттерге өзара стипендиялар беру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.Өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау барысында Қазақстан тарапы БҰҰ Жарғысының қағидаттарына және еліміздің жанжалдарды тек бейбіт жолмен шешуге бағытталған теңгерімді әрі прагматикалық сыртқы саясатына берік бейілділігін растады.М.Нұртілеу Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын Алматы қаласында құру процесінде көрсеткен қолдауы үшін хорват тарапына алғысын білдірді.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.Ресми келіссөздермен қатар министрлер екі елдің іскер топтарының қатысуымен «Қазақстан-Хорватия» бизнес-форумын ашты. Іс-шара энергетика, құрылыс, ақпараттық технологиялар, туризм және ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылауға арналған алаңға айналды.Қазақстан мен Хорватия кәсіпкерлері сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ тұрақты серіктестікті дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін растады.Сапар аясында хорват министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/982157?lang=kk
KT&G компаниясының Алматы облысындағы жаңа зауыты: 70 млрд теңге инвестиция және жылына 25 млрд теңге салық 25.04.2025
Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында «KT&G Kazakhstan» ЖШС зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл — Оңтүстік Кореяның KT&G корпорациясының Қазақстандағы алғашқы жобасы және ол толығымен жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылды.Жаңа кәсіпорын өңірдегі ең ірі өндірістік нысандардың бірі болмақ. Жалпы инвестиция көлемі — 70 миллиард теңге, бұл қаржының барлығы компанияның жеке капиталы есебінен құйылған. Зауыт жобалық қуатына шыққан соң Еуразия мен ТМД нарығына сапалы өнім жеткізуді қолға алады. Зауыт арқылы Қазақстан бюджетіне жыл сайын шамамен 25 миллиард теңге салық түседі деп күтілуде.Қазіргі таңда зауытта 130 қызметкер жұмыс істейді. Алдағы уақытта кәсіпорын кеңейген сайын жұмыс орындарының саны артады.«Бұл зауыт — біз үшін маңызды қадам. Қазақстан — зор әлеуетке ие болашағы бар нарық. Біз бұл серіктестіктің табысты болатынына сенімдіміз», — деді «KT&G Kazakhstan» ЖШС бас директоры Пак Хён Ук.Зауыттағы өндіріс процесі толықтай автоматтандырылған және халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді. Шикізатты сатып алудан бастап, дайын өнімді орауға дейінгі барлық кезеңде қатаң бақылау жүйесі жұмыс істейді.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл жобаның өңір үшін маңыздылығын ерекше атап өтті:«KT&G зауытының ашылуы — бұл тек жаңа өндірісті іске қосу емес. Бұл — Қазақстан мен Корея арасындағы 33 жылдық серіктестіктің нәтижесі және Алматы облысының инвестициялық тартымдылығының жарқын дәлелі. Біз халықаралық серіктестік үшін барлық жағдайды жасап, біздің өңірді таңдайтын компанияларды әрдайым қолдаймыз», — деді әкім.Ашылу рәсіміне 100-ден астам құрметті қонақ қатысты. Олардың арасында Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик пен KT&G корпорациясының бас директоры Банг Кёнг Ман болды. Қонақтар үшін қазақ-корей мәдени бағдарламасы ұйымдастырылып, өндіріс цехтарына экскурсия өткізілді.Жаңа зауыттың іске қосылуымен KT&G Еуразия нарығындағы өз позициясын күшейтіп, Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосуда — жұмыс орындарын ашып, экспортты қолдап, жергілікті өндірісті дамытуға атсалысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/981386?lang=kk
ҰЭМ жанындағы Қоғамдық кеңеске жаңа мүшелер сайланды 25.04.2025
Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің төртінші жаңа құрамы бекітілді. Оған азаматтық қоғамнан 10 өкіл – экономика, құқық, кәсіпкерлік және қоғамдық сектор сарапшылары кірді.Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамында AERC бас директоры Жәнібек Айғазин, «Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы» ЖАҚ вице-президенті Арыстан Ақан, «DASCO Consulting Group» ЖШС әріптесі Эльдар Бейсімбеков, «Қазақстан теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» ЗТБ бас директорының орынбасары Асхат Жапсарбай, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының директоры Асқар Қысықов, «Оңалту және банкроттық рәсімдердегі басқарушылардың қазақстандық одағы» РҚБ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Айгүл Мұстафина, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС Бас директоры, Ұлттық факторингтік қауымдастықтың төрағасы Руслан Омаров, «Fortune Partners» ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Токмурзина, «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС әріптесі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Ербол Төлегенов, «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов бар.Кеңестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі адамдар мүшеліктен шыққан жағдайда азаматтық қоғам кандидаттарының резервтік тізімі де құрылды.Еске салсақ, Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Оның өкілеттігіне министрліктің бюджеттік бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларының жобасын талқылау, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен сараптамасына қатысу, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді.Жаңа құрамның бірінші отырысында ашық дауыс беру арқылы кеңестің төрағасы болып «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов сайланды. Бұған қоса, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Басым тақырыптардың қатарында кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, энергетиканы жаңғырту мен жаңа Бюджет кодексін іске асыру бар.Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес төралқасы құрылып, оның құрамына: ҰЭМ аппаратының басшысы Олжас Сыздықов, кеңес төрағасы Эльдар Шамсутдинов, «ҚР аудиторлар палатасы» ЖАҚ вице-президенті Арыстан Ақан, «TALAP» ҚЗО директоры Асқар Кысықов, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Токмурзина кірді.Отырыс соңында аппарат басшысы Олжас Сыздықов Эльдар Шамсутдиновты Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының төрағасы болып сайлануымен құттықтады.«Сіздің басшылығыңызбен Қоғамдық кеңес Министрлік қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға елеулі үлес қоса отырып, сындарлы диалог үшін маңызды платформа ретінде өз рөлін күшейтуді жалғастыратынына сенімдімін», - деп атап өтті ол. Аппарат басшысы Кеңестің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізілетінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/981394?lang=kk
Бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН көрсету керек пе? 25.04.2025
Кейбір сауда объектілерінде сатушылар сауда жасағаннан кейін  сатып алушылардан ЖСН-ді беруді талап етеді. Бұл заңды ма? Бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану кезінде тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады. Сонымен бірге БКМ чегінде көрсетілуі тиіс ақпарат тізбесі белгіленген (Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағы). Өз кезегінде, Салық кодексінің 166-бабы 7-тармағына сәйкес онлайн-БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілуі тиіс. Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және тек қана сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН нөмірін көрсетуге міндетті. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/981430?lang=kk
Қазақстан СІМ-де еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Алжир Елшісін қабылдады 25.04.2025
Астана, 2025 жылғы 22 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстандағы миссиясының аяқталуына орай Алжир Халық Демократиялық Республикасының Елшісі Камаль Финништі қабылдады.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап өтіп, екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге ортақ мүдделілік бар екенін растады.Елші Қазақстанда іске асырылып жатқан жүйелі саяси реформаларды атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістер Қазақстан халқының әділетті, ашық әрі тұрақты мемлекет құруға деген ұмтылысын көрсетеді.Өз кезегінде, министрдің орынбасары Астана мен Алжир арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға алжирлік дипломаттың қосқан үлесін ерекше атап өтті.Қазақ дипломаты Алжирдың Елшісіне алдағы кәсіби қызметіне табыс тілеп, Қазақстан мен Алжир арасындағы достық қарым-қатынастардың бұдан әрі де табысты дамитынына сенім білдірді.Кездесу соңында Алжир дипломатына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан алғыс хат пен естелік кәдесый табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/981456?lang=kk
Ынтымақтастық бағыты: ҚР ІІМ Еуропол штаб-пәтерінде 25.04.2025
Гаага, 2025 жылғы 22 сәуір – Еуропалық полиция басқармасының (Еуропол, Europol) штаб-пәтерінде Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бастаған қазақстандық делегация осы беделді халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөздер жүргізді.Еурополдың Атқарушы директорының орынбасары А. Линц жұмыс сапарында жүрген Еуропол басшысы К. Де Болле атынан жоғары мәртебелі мейманды қарсы алып, Еуропалық одақтың басты полиция қызметі жүргізіп отырған халықаралық ұйымдасқан қылмыспен күресте мүше мемлекеттер арасындағы үйлестіру жұмысы және ұлттық полиция қызметтері арасындағы ақпарат алмасу туралы мәлімет берді.Кездесуге қатысқан Еурополдың жедел бөлімшелерінің жоғары лауазымды өкілдері Қазақстан Ішкі істер министрлігінің әріптестеріне терроризмге, киберқылмысқа, адам саудасына және басқа да ауыр трансұлттық қылмыстарға қарсы іс-қимылға бағытталған қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды.Еурополдың өзара іс-қимылының тек Еуропалық одақ аясында ғана емес, сондай-ақ халықаралық әріптестермен, әсіресе азаматтардың қауіпсіздігі мен өміріне төнетін қатерлер жағдайында өзекті екені атап өтілді. Кездесудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Еуропол арасындағы байланыстарды, оның ішінде ақпарат алмасуды одан әрі дамыту ниеттері өзара расталды. Қазақстан тарапы киберқылмыспен күрес жөніндегі Еуропалық конвенцияға қосылу жұмыстарын жалғастырады.Фото: Europol баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/981485?lang=kk
Ескерткіштер күні 25.04.2025
Алмалы ауданында ардагерлердің, әскери бөлімшелердің, оқушылардың, студенттердің қатысуымен "Дүниежүзілік ескерткіштер күніне"орайластырылған гүл шоқтары қойылған салтанатты іс-шаралар өтті.Көрнекті мемлекет қайраткерлеріне, батырларға, Отан Қорғаушыларға арналған ескерткіштерде концерттер, әдеби оқулар, кездесулер және естелік іс-шаралар өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/981520?lang=kk
Сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 25.04.2025
 Бразилиа, 2025 жылғы 22 сәуір - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтың «Áthino Advisors» компаниясының негізін қалаушы, инвестор және Бразилиялық «SYG BioEnergia» компаниясының консультативтік кеңесінің мүшесі Густаво Хосе Пиментель Сардиньямен онлайн-кездесуі өтті.Келіссөздердің күн тәртібіне Рио-де-Жанейро штатымен жасыл энергетика, аспап жасау, ауыл шаруашылығы, экология, туризм және сауда саласында ынтымақтастық орнату мәселелері енді.Қазақстан Елшісі әңгімелесушіні Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, оны алдағы 28 сәуірде Рио-де-Жанейрода өтетін «Қазақстан және Бразилия: сауда, экономика және инвестициялар саласындағы кооперация мүмкіндіктері» тақырыбындағы Дөңгелек үстелге қатысуға шақырды. Густаво Сардинья өз кезегінде, Елшіні өз компаниясының өзара қызығушылық тудыруы ықтимал бірқатар экономикалық жобаларын жүзеге асыруы жайлы хабардар етті. Әңгімелесушінің Бразилиядағы «PwC» халықаралық компаниясының аудиторы ретіндегі 20 жылдық тәжірибесін және елдің бизнес-қоғамдастығындағы кең байланыстарының болуын ескере отырып, инвестициялық бағытта тығыз ынтымақтастық жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/981574?lang=kk
Қазақстан мен АҚШ екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады 25.04.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 22 сәуір – Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының дәстүрлі Көктемгі сессиясы аясында ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі мен АҚШ Сауда палатасы бірлесіп, екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге арналған дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараға Қазақстан Ұлттық банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, ҚР-АҚШ іскерлік кеңесінің мүшелері және америкалық бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.Кездесуді аша отырып, АҚШ Сауда палатасының өкілдері Қазақстанмен көпжылдық серіктестік қатынастарын атап өтіп, елдің цифрландыру, қаржылық қолжетімділікті арттыру және қолма-қол ақшасыз экономика құру бағытындағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Әсіресе қаржы институттарын жаңғырту және реттеу мен қызмет көрсету салаларына инновациялық шешімдерді белсенді енгізу ерекше атап өтілді.Өз сөзінде Ұлттық банктің төрағасы Қазақстандағы қазіргі макроэкономикалық жағдайды таныстырып, ЖІӨ-нің тұрақты өсіміне және салық-банк жүйелерін реформалау бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды. Сонымен қатар, цифрлық активтерге арналған теңгерімді реттеуші орта қалыптастыру жұмыстары мен инфрақұрылымдық және өндірістік секторлардағы бірқатар ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге дайындық барысы жеке баяндалды.Кездесу барысында өңірлік интеграциялық үдерістерге ерекше назар аударылып, Қазақстан АҚШ компанияларымен белсенді ынтымақтастық орнатып отырған бағыттар, сондай-ақ серіктестікті кеңейтудің әлеуетті салалары талқыланды.АҚШ компанияларының өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге, әсіресе инфрақұрылымдық жобалар, қаржылық қызметтер мен технологиялық әріптестік салаларында мүдделі екенін білдірді.Қатысушылар орнықты нарықтық механизмдердің, реттеу жүйесінің ашықтығы мен инвестициялық ахуалдың болжамдылығының маңыздылығын атап өтті.Іс-шара қорытындысы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтіп, оның барысында қатысушылар экономикалық өзара іс-қимылдың ағымдағы және келешектегі аспектілері бойынша пікір алмасты және өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/981584?lang=kk
Қазақстан мен Индонезия білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда 25.04.2025
Джакарта, 2025 жылғы 22 сәуір – Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Абдыкаримов жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты және студенттер алмасуын жандандыру аясында Индонезияның ірі жоғары оқу орындарының бірі – «President University» университетінде профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттерге кең ауқымды дәріс оқыды.Өз сөзінде қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының қазіргі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, еліміздің сыртқы саясаты, сондай-ақ Қазақстан мен Индонезия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Мемлекет басшысының қазіргі әлемдік турбулентті жағдайында Қазақстан қоғамының орнықты дамуы мен әл-ауқатына бағытталған экономикалық жағынан өркендеген, құқықтық және әділетті Қазақстанды құрудағы жасампаз және реформаторлық қызметі кеңінен қамтылды.Қазақстанның сыртқы саяси принциптері мен басымдықтарының қатарында өзара құрметке негізделген диалог, бейбітсүйгіштік, барлық мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу, ішкі істеріне араласпау, экономикалық дипломатия, ядролық қаруды таратпау және дінаралық диалог атап өтілді.Дипломат Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, білім беру және туристік ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін атап өтіп, бірлескен жоспарлар мен жобаларды іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Дәріс соңында Елші қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.Іс-шара барысында Қазақстанның көркем табиғи көріністерін бейнелейтін туристік бейнероликтер көрсетіліп, фотокөрме ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/981603?lang=kk
ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев «Qazaq radiosy» радиосындағы «Мінбер» бағдарламасына қатысты 25.04.2025
ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев «Qazaq radiosy» радиосындағы «Мінбер» бағдарламасына қатысты.Эфирде Сот төрелігі академиясының қызметі және Академияны дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру талқыланды.Биыл ақпан айында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың өкімімен сот білімін жетілдіруге, ғылыми, кадрлық және ұйымдастырушылық әлеуетті күшейтуге, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған Академияны дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.Тұжырымдаманы іске асыру Сот төрелігі академиясына сот жүйесінің заманауи талаптары мен сын-тегеуріндеріне сәйкес келетін жоғары білікті судьяларды даярлауда негізгі буын болып қалуға мүмкіндік береді.«Қазіргі заманғы білім беру саясаты мен қолданылатын оқыту технологияларының арқасында соңғы үш жылда Академия оң нәтижелер көрсетуде: оның түлектерінің 95% — дан астамы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, судьялыққа үміткер болуда», - деп атап өтті Ержан Егембердиев.Академия сот реформасының уақыт талаптары мен міндеттеріне жауап беретін жаңа буын судьяларын даярлау бойынша күш-жігерін жалғастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/981636?lang=kk
Алматының оқушылары Мәңгілік алаудың алдына құрмет көрсету күзетіне шықты 25.04.2025
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған жыл сайынғы еске алу вахтасы басталды. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері кезекті мәрте 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Даңқ Мемориалының алдына құрмет қарауылы құрамында күзетке шықты.Мәңгілік алаудың №1 бекетінде құрмет қарауылында тұру дәстүрі биыл алтыншы жыл өткізіліп келеді. Бұл жолы оны бірінші болып №95 мектептің «Жас сарбаз» кадет сыныптарының оқушылары ашты. Алматының әртүрлі білім беру мекемелерінің оқушыларынан құралатын біріккен жасақ құрамында олар үш күн бойы күзетте тұрады.Құрмет қарауылы күн сайын сағат 9-дан 16-ға дейін қойылады. Қарауылды ауыстыру алдын ала бекітілген кестеге сай жүргізіледі. Әр ауысымның құрамына қарауыл бастығы, оның көмекшісі және ауысатындар кіреді.– Мәңгілік алаудың жанында құрмет қарауылы болу біз үшін үлкен мәртебе. Осылайша бейбіт өмір сүру мүмкіндігін сыйлағандарға тағзым етеміз. Болашаққа жауапкершілікпен қарауды сезініп, өткенімізді мақтан етеміз, – деді біріккен жасақ командирі, №102 мектептің 10 сынып оқушысы Лейла Пирматова.7 мамырға дейін құрмет күзетіне қаланың 12 мектебінен келген жассарбаздар қатысады. Балалар үшін бұл Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігіне құрмет көрсету ғана емес, әскери-патриоттық тәрбиенің, азаматтық жауапкершілік пен батылдықты қалыптастырудың маңызды кезеңі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/981638?lang=kk
МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ 25.04.2025
Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық «Fibonacci Robot Olympiad Turkey» робототехника чемпионатында Мақтаарал ауданының жас өрендері еліміздің абыройын асқақтатып, жүлдемен оралды.Бұл беделді додада әлемнің 19 елінен келген талантты жастар бақ сынасты. Олардың арасында ерекше дарынымен көзге түскен мақтааралдық оқушылар бірнеше аталым бойынша жүлдегер атанып, Қазақстанның атын халықаралық аренада таныта білді.Жас өнертапқыштарымыздың құрамын №5 Мақтаарал гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназиясы мен №7 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектептің үздік оқушылары құрады. Олар жарысқа ұзақ дайындалып, түрлі деңгейдегі іріктеулерден сүрінбей өткен. Чемпионат барысында жасөспірімдер түрлі күрделі тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің робот құрастыру, бағдарлама жазу және логикалық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.Команда жетекшілері мен жаттықтырушыларының айтуынша, бұл жеңіс – көп жылғы еңбектің, үздіксіз дайындықтың және оқушылардың үлкен қызығушылығы мен ынтасының жемісі. Сондай-ақ, бұл жетістік ауданымызда ғылым мен техниканы дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады.Айта кету керек, жарыс қорытындысы бойынша Мақтааралдық оқушылар қола медальға қол жеткізіп, түрлі сертфикаттарға ие болды және барлық қатысушылар Италияның Рим қаласында өтетін әлемдік чемпионатқа жолдамалар жеңіп алды.Бұл – халықаралық деңгейдегі үлкен табыс. Алдағы уақытта оларды тағы да бірнеше байқау мен олимпиада күтіп тұр. Команда мүшелері бұл жолғы жетістікпен тоқтап қалмай, білім мен тәжірибелерін одан әрі шыңдай түспек. (с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/981704?lang=kk
«Есірткіге жол жоқ» 25.04.2025
ШҚО музей-қорықтың мамандары ШҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткіге қарсы бағыттағы және салауатты өмір салты айлығы аясында «Есірткіге жол жоқ» қалалық акциясын өткізді. Іс-шараға №47 орта мектеп кадет сыныбы мен қала тұрғындары қатысты. Балалар есірткінің өсіп келе жатқан ағзаға әсері, сондай-ақ, халық арасында есірткінің қазіргі заманғы таралуы туралы ақпаратты тыңдап, тақырыптық бейнеролик көрді және сұхбатқа қатысты. Содан кейін музей және полиция қызметкерлері мен оқушылары қалалық саябақтарды және Арбатты аралап тақырыптық буклеттер таратып, жастарды денсаулық үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/981740?lang=kk