Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Үздік дойбышыларды құттықтаймыз 25.04.2025
Павлодарда XXIII облыстық Спартакиада бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында дойбыдан жарыс өтті. Жарыс "Ұлы ерікке мәңгілік тағзым: Туған өлкен-Отанға" республикалық акциясы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған. 11 әкімшілік мекеменің ішінде Павлодар облысы бойынша МКД командасы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының командасына ғана жол бере отырып, табанды күресте 2 орынға ие болды. Жарыстың кейіпкерлері: Сейлханов Азамат, Павлодар қаласы бойынша МКБ-ның ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, Увалиев Арман, МКД-ның уәкілетті органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы, Утенова Салтанат, Павлодар қаласы бойынша МКБ-ның жеке кәсіпкерлерді камералдық бақылау және әкімшілендіру бөлімінің бас маманы. Біздіңдойбышылардықұттықтаймыз, осындайқызықтыойындарменжарқынжеңістертілеймі! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/981343?lang=kk
Әскери полиция қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті 25.04.2025
Әскери полиция күніне орай Қорғаныс министрлігінде басшылық пен жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын өтті.     Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Руслан Құлымбетов құттықтау сөзінде ардагерлердің Қазақстан әскеріндегі құқық қорғау құрылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті.– Биылғы жылы кәсіби мереке Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықпен тұспа-тұс келді. Сондықтан қазір әскери полицияның құрама жасағы өздеріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындайды, көлік лектеріне ілесіп жүреді, далалық лагерь аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, – деді полковник Р.Құлымбетов. Басқарма басшысы Жеңіс парадына жалпы 300-ден аса әскери полиция қызметкері қатысатынын атап өтті. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, салтанатты есептоп құрамында да адымдап өтеді. Мерекелік шарада ерекше көзге түскен әскери қызметшілер Әскери полиция бас басқармасы бастығының атынан грамоталармен, алғыс хаттармен және ведомстволық төсбелгілермен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ мерзімінен бұрын берілді.   Шараның соңы ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдарының құрылғанына 28 жыл толуына арналған мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/981345?lang=kk
Глубокое ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың көшпелі акциясы өтті 25.04.2025
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына сапар өтті. Іс-шараның мақсаты халық арасында «Заң мен тәртіп» нарративін насихаттау, сондай-ақ азаматтарға заңгерлік көмек көрсету болды.Акцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті ұйымдастырды. Халыққа кеңес беруге түрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ өз еркімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылған кәсіби заңгерлер тартылды.Іс-шара барысында ауданның 85 тұрғынына заң көмегі көрсетілді. Өтініштердің ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және денсаулық сақтау саласындағы мәселелерге қатысты болды. Барлық өтініштер сол жерде қаралды, олар бойынша білікті мамандар түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесуге бағытталған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еске салады: егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына жүгіне аласыз. Желі тәулік бойы жұмыс істейді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/981131?lang=kk
БАҚ үшін ақпарат 25.04.2025
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті қызметкері А.Е. Кожабекованың «TIK TOK» әлеуметтік желісінде Департаменттің қызметтік мәселелеріне қатысты көпшілік алдында айтылған сөз сөйлеуі медиакеңістігінде таралуда.Ішкі қауіпсіздік басқармасы бейінді бөлімшемен бірлесіп, арызданушының уәждеріне қатысты тексеру жүргізді, нәтижесінде айтылған фактілер расталмады. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/981153?lang=kk
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Катонқарағай ауданының активімен кездесу өтті 25.04.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хусаинов ШҚО Катон-Қарағай ауданының активімен кездесу өткізді. Іс-шара мемлекеттік органдар басшыларының және ауданның квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының және «Заң мен тәртіп» нарративінің негізгі ережелерін түсіндіру болды.Кездесу барысында Роман Хусаинов қоғамда сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастырудың, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудың нақты мысалдары ұсынылды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.Аудан активі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз ынтымақтастыққа және қоғамдық өмірде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды қолдауға дайын екендігін білдірді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/981168?lang=kk
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге тәртібі 25.04.2025
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін Шелек ауылдық округінің әкімі көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті қызмет беруші арқылы не портал /«е-лицензия»/ арқылы жүзеге асырылады.          Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады.1)Нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш.2)Жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, оның қадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық  (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу.          Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі-13 жұмыс күні.          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.          Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:1)мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.2)көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.          Қосымша ақпарат алу үшін Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуға болады.Мекен-жайы: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі, 40Байланыс телефоны: 8 (72776) 2-14-30 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1223511?lang=kk
Қарағандыда субсидияларды жымқыру фактісі бойынша кінәлілер бас бостандығынан айырылды 25.04.2025
Қарағандыда «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияларды жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды.Аталған істі ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тергеді.«DIAS» шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринарлық дәрігермен сөз байласып, субсидия алу мақсатында ірі қара мал, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіру және сату туралы жалған құжаттар тапсырған.Алайда, іс жүзінде шаруа қожалығының қарамағында өндірістік қызмет жүргізуге жарамсыз шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған.Тиісінше, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеу іс жүзінде жүзеге асырылмаған.Күдіктілер жымқырылған субсидияның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсап, нәтижесінде 9 миллион теңге көлемінде субсидиялар түрінде қосымша қылмыстық табыс алынды.Сот үкімімен олар ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық), 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру) және 206-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.Сондай-ақ, сот Ауыл шаруашылығы басқармасының 339 миллион теңге сомасындағы азаматтық талабын қанағаттандырды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/981214?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Руанда дипломаты келді 25.04.2025
Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың Руанданың Түркиядағы және Қазақстандағы қоса атқарушы Елшісі Чарльз Кайонгпен жұмыс кездесуі өтті. Тараптар әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың сондай-ақ, бітімгерлік қызметтің ықтимал бағыттарын талқылады.Сапар аясында шетелдік мейман өзге де министрліктер мен ведомстволарда, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/981225?lang=kk
Әскери колледжге экскурсия: оқушылар Отан қорғаушы мамандығымен танысты 25.04.2025
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рақымов атындағы Әскери колледжде болды. Балаларды оқу орнының бастығы полковник Мақсат Ақшалов қарсы алды, колледждің тарихы, оқу жағдайы, бағдарламасы және әскери қызметші болудың перспективалары туралы айтты. – Біздің оқу орнына қабылдау 15 жастан басталады. Бірінші курста оқушылар 10-11 сынып бағдарламасының жалпы білім беру пәндері бойынша білім алады. Оқытумен қатар спортқа, дене шынықтыруға көп көңіл бөлінеді, – деп атап өтті полковник М. Ақшалов.Ол сондай-ақ екінші курстан бастап терең әскери дайындық жүріп жатқанын түсіндірді. Онда тактикалық, атыс, саптық, жарғылар мен әскери топография зерделенеді. Үшінші курста колледж тәрбиеленушілері таңдаған әскери мамандықты игеріп, әскери бөлімдерде оқу-далалық жиындар мен тағылымдамадан өтеді.Колледж түлектері техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, жүргізушілерді даярлау туралы куәлік, кіші сержант атағы берілген әскери билет алады. Бұл ретте озаттар қызмет орнын таңдау құқығын пайдалана алады, сондай-ақ жоғары әскери оқу орнының екінші курсына емтихансыз қабылдану мүмкіндігі бар.Колледж басшылығымен кездесуден кейін тәрбиеленушілер оқу роталарының командирлерімен бірге оқу сыныптарын, казармаларды, асхананы және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады.– Біздің тәрбиеленушілердің арасында өз өмірін әскермен байланыстыруды көптен армандайтындар бар. Колледжге барғаннан кейін балалар осы оқу орнына түсуге ниет білдірді, – деді өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы директорының орынбасары Сәрсенбек Алтенбаев.Кездесу соңында орталық басшылығы мен тәрбиеленушілері осындай іс-шаралар Отан қорғаушы мамандығына деген құрметті қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтіп, жылы қабылдағаны үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/980991?lang=kk
Мұқан Төлебаев атындағы VІІ халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер мен «Кестелі орамал» вокалистер байқауының Гала-концерті 25.04.2025
Мұқан Төлебаев атындағы VІІ халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер мен «Кестелі орамал» вокалистер байқауының Гала-концерті Өтетін орны: Б.Римова атындағы  Талдықорған  драма  театрыӨтетін уақыты: 2025 жыл, 25 сәуір, сағат 18:00Байланыс телефондары:8 (7282) 24-34-07Электронды почта: 7su.ocnt@mail.ruКІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/980995?lang=kk
Жетісуда WorldSkills Zhetysu – 2025 өз бастауын алды! 25.04.2025
 І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «WorldSkills Zhetysu – 2025» аймақтық чемпионаты салтанатты түрде ашылды!21-25 сәуір аралығында өтетін бұл ауқымды шара – жастардың шығармашылығын, еңбекке деген сүйіспеншілігін, заманауи дағдыларын көрсетуге арналған кәсіби алаң.Бүгінгі күні:– Қатысушылар тіркеліп, алғашқы кезеңдерге қатысты– Сарапшылар мен тәуелсіз эксперттер жұмысқа кірісті– Колледж базаларында түрлі құзыреттілік бойынша бәсекелер басталып кетті25 құзыреттілік, 155 қатысушы, 4 колледж базасы, еліміз бен шетелден келген мамандар – барлығы бір арнада:Болашақ мамандардың дамуы үшін!Қатысушылар IT, графикалық дизайн, инженерия, аспаздық, дрондар, видеомонтаж және басқа да бағыттарда өз шеберліктерін сынауда.Чемпионат жеңімпаздары Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатқа жолдама алады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/981008?lang=kk
Махамбет театры Талдықорғанда! 25.04.2025
Махамбет атындағы Атырау академиялық қазақ драма театры Талдықорған қаласына өнерсүйер қауымға арналған гастрольдік іссапармен келді. Күні кеше келген театр ұжымы Ә.Рахаттың «Қыр баласы» драмасын көрерменге ұсынды.Ендігі кезекте 22 сәуір  М.Отарбаевтың Өң мен түс шығармасының желісі бойынша «Баянды бақ» қойылымы, 23 сәуір Б.Сарыбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» әңгімелер жинағынан алынған қойылымы, 24 сәуір Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымы сахналанатын болады.Гастрольдік сапардың басты мақсаты – мәдени байланыстарды нығайтып, театр өнері арқылы өңір тұрғындарымен жақын танысу, сондай-ақ, Батыс Қазақстан мәдениетін басқа өңірлерде кеңінен таныту.Қала тұрғындарын және қонақтарын театр қойылымдарын тамашалауға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/981011?lang=kk
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында Миролюбовка ауылдық округінде Қайыңды өзенінің жағалау аймақтарын жинау бойынша "Мөлдір бұлақ" акциясы өткізілді 25.04.2025
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында Миролюбовка ауылдық округінде Қайыңды өзенінің жағалау аймақтарын жинау бойынша "Мөлдір бұлақ" акциясы өткізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/981024?lang=kk
Миролюбовка ауылында сенбілік өткізіліп, Самар ауылы тарапынан елді мекенге кіреберіс тазартылды. 25.04.2025
22.04.2025 жылы Миролюбовка ауылында сенбілік өткізіліп, Самар ауылы тарапынан елді мекенге кіреберіс тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/981030?lang=kk
«ШАМЫК – Орталық Азия елдері арасындағы стратегиялық қатынастардың жаңа көкжиектері» форумы 25.04.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 21 сәуір – Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі штаб-пәтерінде ШАМЫК Саяси мәселелер және келіссөздер жөніндегі хатшылығының ұйымдастырған «ШАМЫК – Орталық Азия елдері арасындағы стратегиялық қатынастардың жаңа көкжиектері» атты форум өтті.Іс-шараға ШАМЫК пен Орталық Азия елдерінің елшілері, сондай-ақ Түркия мен Әзербайжан елшілері қатысты. Форум барысында өңірлік ынтымақтастықты нығайту жолдары, өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков форумда сөйлеген сөзінде ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Кувейтте өткен «Орталық Азия – ШАМЫК» форматындағы 3-ші министрлік кездесудің маңыздылығын атап өтті. Ол аталған жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қатысып, жуырда ғана құрылған «ОА – ШАМЫК» алаңының перспективті өзара іс-қимыл механизмі ретінде қалыптасып келе жатқанын мәлімдегенін қоса жеткізді.Сонымен қатар, Елші саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттар бойынша нақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.Форум аясында қатысушылар өңіраралық әріптестіктің қазіргі жай-күйін, даму келешегін саралап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/981042?lang=kk
2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім 25.04.2025
2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын ала деректер бойынша Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,8% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі – 35,4%, қызметтердікі – 58,4% құрады. Ең жоғары өсім Ауыл, орман және балық шаруашылығы (13,3%), Құрылыс (13,1%), Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (8,8%), Көлік және қойма (8,5%), Ақпарат және байланыс (6,3%), Өңдеу өнеркәсібі (5,9%) салалары есебінен болды.    ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/981044?lang=kk
«ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН» 25.04.2025
       Осындай атаумен «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» КММ Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толуына орай жылжымалы құжаттық көрменің алғашқы бағытын Қазығұрт ауданынан бастады.       Көрменің негізгі мақсаты Оңтүстік өлкесінен Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін үлгі ете отырып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, батыр ата-баба рухына тағзым ету, майдандағы және тылдағы теңдесі жоқ ерлік шежіресінің қайсарлығы мен қаһармандығының жарқын айғағы ретінде архив қорында сақталған құжаттар негізінде дайындалған құнды ақпараттарды насихаттау, Қазығұрт ауданы бойынша нақты мәліметтермен таныстыру.       Сондай-ақ жылжымалы құжаттық көрме жергілікті аудан тұрғындарына 1941-1945 жылдарда аталмыш аудандардан майданға аттанған жауынгерлердің жанкешті ерліктеріне арналған фотоқұжаттары мен жеке тектік құжаттарынан жинақталған көрме таныстырылды.       Дәл осылай кезекті жылжымалы құжаттық көрме Келес ауданында болып өтті.       Іс-шараға колледж студенттері, ауданның мемлекеттік мекеме қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, тарихи құнды құжаттармен танысты.       №13 колледжде ұйымдастырылған көрмеге Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві қорында сақталған қазақстандықтардың, оның ішінде Келес ауданынан Ұлы Отан соғысына қатысқан қаһарман тұлғалардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін көрсететін архивтік құжаттар, фотосуреттер, сонымен қатар Келес аудандық архиві қорындағы жеке тектік құжаттар мен аудандық кітапхана материалдарынан жасақталған көрме қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/981089?lang=kk
"Таза Қазақстан" акциясы. 25.04.2025
Бастаушы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстар жалғасудаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1072051?lang=kk
"Менің ауылымның тарихы"атты дөңгелек үстел дайындап, өткізді 25.04.2025
Туған жер-Сіз туылған, өскен және өмір сүрген ел. Онымен ең жылы естеліктер, көңілді әңгімелер, туыстары мен жақындарының қуанышты оқиғалары байланысты. Бүкіл әлемде туған және әдемі орын жоқ. Бұл менің Палатцы ауылы . Бұл іс-шараның басты мақсаты-отансүйгіштік сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, өз халқының тарихи өткені, бүгіні мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/980842?lang=kk
Бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і көрсетілуі керек пе? 25.04.2025
Әлеуметтік желілерде азаматтар кейбір дүкендерде сатушылар сауда жасағаннан кейін  сатып алушылардан ЖСН-ді беруді талап ететінін айтып, шағымдануда. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і қай кезде көрсетілуі керектігін түсіндірді.Бұрын деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Салық кодексінің 166-бабына).Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БКМ қолдану кезінде тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес БКМ чегінде көрсетілуі тиіс ақпарат тізбесі белгіленген.Өз кезегінде, Салық кодексінің 166-бабы 7-тармағына сәйкес онлайн-БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілуі тиіс.Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және тек қана сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН нөмірін көрсетуге міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/980848?lang=kk