2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім

2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім

25.04.2025 04:13:07 264

2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын ала деректер бойынша Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,8% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі – 35,4%, қызметтердікі – 58,4% құрады.

Ең жоғары өсім Ауыл, орман және балық шаруашылығы (13,3%), Құрылыс (13,1%), Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (8,8%), Көлік және қойма (8,5%), Ақпарат және байланыс (6,3%), Өңдеу өнеркәсібі (5,9%) салалары есебінен болды.

 
 

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/981044?lang=kk